Дәрілік заттарға жалпы сипаттама



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
.эЖосп
І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Дәрілік заттарға жалпы сипаттама

2.2. Дәрілік заттардың сақталу шаралары

2.3. Б тобына жататын дәрілік заттар тізімі

ІІІ. Қорытынды.

VI. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дәрі-дәрмек - емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында колланылатын заттар немесе олардың қоспасы, ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданатын шипалы заттар.
Дәрілік зат -бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі.
Дәрі-дәрмекті пайдалану емдеу процесінің басты бөлігінің бірі болып табылады. Дәрі-дәрмектер ағзаға жергілікті, сонымен қатар жалпылай әсер етеді. Дәрі-дәрмектер адам ағзасына әртүрлі жолдармен енгізіледі.

2.1. Дәрілік заттарға жалпы сипаттама
Дәрі-дәрмек адам баласына ертеден белгілі. Біздің жыл санауымыздан 4-5 ғ. бұрын грек дәрігері Гиппократ еңбегі жұртшылыққа кеңінен тараған. Бұдан кейінгі медиуиналық еңбектер Рим дәрігері Галеннің есімімен тығыз байланысты. Оның пікірінше, табиғатта дайын тұрған Дәрі-дәрмек жоқ, бірақ өсімдік пен жануар организмінде сол Дәрі-дәрмектерді жасауға өте қажетті заттар бар. Гален сол шипалы заттарды бөліп ала бастады. Сөйтіп Дәрі-дәрмек жасау технологиялық әдісі күрделене берді. Атақты азиялық ғалым-дәрігер Ибн Синаның ғылыми мұра еңбегінде Дәрі-дәрмек мәселелеріне зор мән берілген.
19 ғ-дың ортасында Фармокология ғылымы дамыды. Осыған байланысты аспирин, фенацитин, кокаин, ұйықтататын, сезімсіздендіретін Дәрі-дәрмектер т.б. шыға бастады.
Дәрі-дәрмектін алынуа байланысты 5 топқа бөлінеді:
химиялық синтез өнімі
тірі организмнен алынатын (антибиотиктер, кейбір витаминдер)
дәрілік өсімдіктерден
жануарлардан (гормональді, ферментті препараттар)
мұнай, минералды тұздар, тас көмір т.б. жасалатын.
Қолдануына байланысты Дәрі-дәрмек бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, антибиотиктер, антисептикалық Дәрі-дәрмектер, қызу басатын Дәрі-дәрмектер, наркоз дәрілер, т.б. Бұл жіктелуді фармокологиялық жіктелуідеп атайды.Бұдан басқа Дәрі-дәрмектер қолдану тәсіліне байланысты (ішке, сыртқа, тамырға құйылатын, бұлшық етке салынатын т.б.), шығару қалыпына байланысты (ұнтақ, таблетка, пилюля, микстура, тұнба, тұндырма, ерітінді, паста, крем, май тәрізді т.б.), т.б. жіктеледі.
Дәрі-дәрмектер фармацевтика зауыттарында жасалады, дәріханаларда дайындалады.Дәрі-дәрмектің науқас адамға әсер ету күші оның құрамына және науқастың жасына, жалпы жағдайына байланысты.Дәрі-дәрмектерді дәрігердің рұқсатымен белгілі мөлшерде тамақтану алдында немесе кейін пайдалану керек. Бір науқасқа белгіленген Дәрі-дәрмекті басқа адам пайдалануға болмайды. Дәрігерді рұқсатысыз пайдаланған Дәрі-дәрмек адам организміне зиян келтіреді. Дәрі-дәрмекті үйде сақтағанда, бабалар ала алмайтын жерге қою қажет. Пайдалану мерзімі өткен дәріні тастау керек.
Сот медицинасында дәрі-дәрмектер адамдарға психикалық немесе физикалық әсер ету кабілетіне ие болды. Өз-өзіне қол салу мен өлтіру кезіндегі өлім себебі сапасына дәрі-дәрмек үлесінің маңызы зор болғанымен, бірак барлық осындай жағдайларда денсаулыққа зиян келтіру немесе өлімге душар ету негізгі мақсат болып табылмайды. Негізгі сарын өзінікі сияқты, өзге біреудін мінез-құлқына,допинг немесе есірткіні пайдалана отырып, белгілі бір деңгейде әсер ету аркылы, оны психотропты немесе есірткілік заттардың көмегімен бағынышты, тәуелді немесе еркінен айыру көзделеді. Дәрі-дәрмектер тудырған әсерлер, көп жағдайда басқа қылмыстық әрекеттер кезінде, әсіресе автокөлік қылмыстарында маңызды рөл ойнайды. Бұл жағдайда дозаны асыра қолдану, не оның болмауы немесе шүғыл кажетдәрі-дәрмекті бермеу елеулі маңызға ие болады.
Дәрі-дәрмекпен улануды техникалық криминалистикалық дәлелдеуі көп қиындықтармен тығыз байланысты. Оқиға орнында табылған дәрі қораптары мен улану белгілері кұнды деректер бере алады. Әйтсе де көп жағдайларда, материалды соттық-химиялық зерттеу кезінде белсенді заттар мөлшерінің тым аз болатыны соншалықты, зиянын тигізген компонентті ұзақ уакытқа созылған, күрделі сараптаулар нәтижесінде ғана байқап, анықтау мүмкін болады.[1]

2.2.Дәрілік заттарды сақтауда қойылатын негізгі талаптар
Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның факторлары, атап айтқанда ауаның дымқылдылығы, жарық, температура, басқа да ауа қосындылары мен қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Аталған факторлар дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық тауарлардың физика-химиялық қасиеттеріне әсер ете отырып, сапасын төмендетеді.
Дәрілік заттарды сақтау үшін реттелуден жоғары температура дәрі-дәрмектердің сапасын төмендететін физикалық-химиялық үрдістерді жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда анықталып, айқындалған сақталу температураларын ескеру керек.Дәрілік заттарды сақтайтын құрғақ бөлмелерде ылғалдықтың мөлшері 60% аспауы қарастырылады, ал жоғарғы ылғалдылық бөлмелерінде-65%.
Дәрілік заттардың сақталу орындарында ауа алмасу жақсы болуы керек. Себебі, ауа алмасу үрдісі арқылы сақталатын тауарлардың, ыдыстардың, жабдықтардың т.б. газды заттарының иісі жойылып, ылғалды-температуралық режимі теңестіріліп отырады. Ауа алмасу үрдісін терезелерді ашу арқылы немесе арнайы желдеткіштерді қолданып жүргізеді.
Тауарлардың сақталу тәртібінің көрсеткіштерінің бірі жарық. Жарық, әсіресе ашық күн сәулесі дәрі-дәрмектерге көбіне теріс әсерін тигізеді, себебі тотығу үрдістерін жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың көбін қараңғы жерде сақтау ұсынылады, мүмкін болмаған жағдайда (дәріханалық сауда залында) тауарларға күн сәулесінің түспеуі қарастырылады. Ол үшін дәрі-дәрмектер сақталатын бөлмелердің терезесі күн түспейтін жақтарға қаратылады, дәріханалық сауда залының терезелері перделермен жабылады.
Дәрілік заттарды сақтауда компьютерлік, кітаптық, картотекалық т.б. тәсілдердің қолайлы түрімен тауарлардың жарамдылық мерзімдерінің есебі жүргізіліп, үнемі бақыланады.
Дәріханалық қойманың тауарларды сақтау бөлімдерінің ішкі қабырғаларында тұтанғыш аспаптар мен еденнен 1,5-1,7 м жоғары және есіктен 3м қашықтықта термометрлер мен гигрометрлер ілінеді.
Ауа тазалығын сақтау үшін тауарларды сақтау бөлмелері кондиционерлермен, арнайы желдеткіштермен жабдықталады.
Дәріханалық қойма, басқа да тауарлар сақтау бөлмелерінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында едендер күніне кемінде бір рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып, ылғалды түрде тазартылып отырылады.Атаулары үндес, ішу үшін қолданылатын күшті әсерлі жоғарғы дозаларымен ерекшеленетін дәрілік заттарды қатар және алфавитті тәртіпте орналастыруға болмайды.Сырқаттардың диагностикасы, алдын-алуы және емделуінде пайдаланылатын медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық тауарлар келесі топтарға бөлінеді:
резеңке бұйымдары;
пластмассадан жасалған бұйымдар;
байлау-таңу материалдары;
медициналық техника құралдары мен жабдықтары.
Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық тауарлар сақталатын қойма бөлмелерінде және олардың аумақтарында кеміргіш жәндіктермен, басқа да зиянкестерге қарсы күрес жүргізу шаралары үнемі жүргізіліп отыруы қажет.
Дәрілік заттарды сақтауда физикалық-химиялық қасиеттеріне және сыртқы ортаның әсер ету факторларына байланысты келесі топтарға анықталады:
жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін;
ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін;
ұшып кетуден қорғауды талап ететін;
жоғарғы температураның әсерінен қорғауды талап ететін;
төменгі температураның әсерінен қорғауды талап ететін;
қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін;
иісті, бояғыш заттар;
дезинфекциялау заттары;
улы заттарды бөліп шығаратын т.б.;
тұтанғыш және жарылғыш заттар.
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтау ерекшіліктері Жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға антибиотиктер, галенді препараттар, дәрілік өсімдіктер шикізаттары (өсімдік шикізаттарынан жасалған тұнбалар, экстрактілер, концентраттар), орган препараттары, витаминдер мен витаминді препараттар, кортикостероидтар, майлар, эфир майлары, йодты және бромды сутегі қышқылдары мен тұздары, галогенді ауыстырылу қосындылары, нитроқосындылар, нитраттар, нитридтер, аминді және аминоқосындылар, фенолды қосындылар т.б. жатады.
Жарықтың әсерінен сезінгіш дәрілік заттар қызғылт шыны ыдыстарда, алюминийден немесе полимер материалдарынан жасалған қара, қоңыр, қызғылт түстерге боялған металл ыдыстарда қараңғы бөлмелерде шкафтарда сақталады.Жарықты аса сезінгіш күміс нитраты, күміс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты сияқты дәрілік заттарды сақтауда, ыдыстарына жарық өткізбейтін қара қағаз жапсырылып, ішкі жағы қара бояумен боялып, тығыз жабылатын шкафтарда орналастырылады.Керісінше, жарықтың әсеріне мұқтаж темір препараттары, феррамидтер сияқты дәрілік заттарды сиымдылығы шағын, ашық түсті шыны ыдыстарда жарық жерде сақталынады.
Ылғалдан қорғауды талап ететін дәрілік заттарға калий ацетаты, құрғақ экстрактілер, дәрілік өсімдік шикізаттары, азот, азотты, галогенді сутегі және фосфор қышқылдары, тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар т.б. жатады.Судың атмосфералық буларының әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды құрғақ салқын жерлерде, судың буларын өткізбейтін материалдармен тығыз тығындалған шыны, металл, алюминий фольгасы, қалыңдатылған пластмасса ыдыстарында сақтайды.
Ұшып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттарды енгізу жолдары
Дәрілік заттардың жіктелуі
Дәрілік заттардың адсорбциясы
Дәрілік заттар дайындауда қосымша заттар
Таблеткаларды дайындау технологиясы
Суспензия түзетін дәрілік заттар
Дәріхана ішін қадағалау түрлері
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
Сұйық дәрілік формалар
Жиі кездесетін уланулардың (эфир майларымен) ерекшеліктері мен оларды емдеу әдістерін, сақтандыру шараларын көрсету
Пәндер