Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

І.Қазақстанның мерзімді баспасөзі

1.1 Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары

1.2 Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы

II. ХХ ғасырдың басындағы баспасөз
2.1.XX ғасырдың басындағы ұлттық мерзімді баспасөз

2.2. ХХ ғасырдың басында мерзімді баспасөз беттерінде
көтерілген мәселелер

ІІІ. Ұлттық баспасөз және қазақ зиялылары

Қорытынды

Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе

ХIХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің
толықтай жаулап алуына байланысты Қазақстанның Ташкент,Орынбор, Омбы, Орал,
Астрахан сияқты кейбір ірі қалаларда патша үкіметі жергілікті әкімшілік
орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы
газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ
халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік- шаруашылық және мәдени- ағарту
тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, қайта патша үкіметінің отарлау
саясатын күшейте түсу, оның бұйрық- жарлықтары жергілікті халықтың санасын
оятып, мол рухани байлыққа ие болуларына елеулі түрде әсер етті.
ХХ ғасырдың басына қарай Қазақстанда ұлттық қазақ зиялыларының
қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың бір бөлігі еуропалық білім алғандар
еді. Олар Шығыстың ұлттық қозғалысының ғана емес, сонымен қатар Батыстың
буржуазиялық революцияларының да ықпалын, патша режиміне оппозициялық
пиғылдағы өз отандастарының үдей түскен қысымын бастан кешірді. 1905- 1907
жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түрік
халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда болуы
мен дамуына капитализмнің, тауар- ақша қатынастарының, көлікпен байланыстың
дамуы да, үлкені одан әрі отарлау да себепші болды. Туып келе жатқан ұлттық
буржуазияның үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел
капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі реформасының
қажеттігін туғызды.
1905 жылы Ресейде баспасөз бостандығы жолындағы күрес жеңіске жетті.
Орыс тарихында революциялық газеттер тұңғыш рет өзін еркін сезіне бастады.
1900 жылға қарай Ресейдегі баспасөз жүйесі 1002 аталымнан тұрса, ал 1905
жылдың өзінде-ақ 1350 газет пен журнал шықты, пошта арқылы 372 миллион
дана газет таратылды.

І.Қазақстанның мерзімді баспасөзі

1.1 Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары

1908 жылы 2028 мерзімді басылым шықты, ал оқырмандардың жалпы саны 30-
35 миллионға жетті. Әсіресе газеттер саны өсті.Мәселен, 1891 жылы
күнделікті газеттер саны 70 болатын, 1912 жылы олардың саны 417- ге, ал
1913 жылға қарай 649- ға дейін өсті, 1915 жылы газеттердің тағы да 200- ге
жуық жаңа аталымы шықты. Мерзімді басылымдардың жартысы Мәскеу мен
Петербургте шыққанын атап көрсеткен жөн.
Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары Түркістан
уалаятының газетін (1870- 1882),
Дала уалаятының газетін (1888- 1902) отаршылдық үкмет органдары
құрды. Біріншісі Ташкентте шығып тұрды және Түркістан генерал-
губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Омбыда Дала генерал –
губернаторлығы шығарды (1902 жылдан кейін олар Ақмола және Жетісу
облыстарының Ведомостарына қосымша ретінде шығарылды). Өкімет
орындарының өкімі бойынша бұл басылымдар отарлық басып алуды нығайту және
Шығыстағы бодандарды рухани жағынан бағындыру мақсатымен шығарылды.
Отаршылдық әкімшілдік мұнда патша жарлықтарын, үкімет ұйымдарының
өкімдерін басшы, отарлық шет аймақтарды игеру үрдісін жазды,
бұратаналарға көзқарас жөнінде өркениеттілік миссияны жүзеге
асырған империялық саясаттың мәнін түсіндірді. Сондай –ақ бұл
басылымдар ақпараттық – анықтамалық сипатта болды. Сонымен қатар
газет ұйымдарына империяның қамқорлығындағы өлкенің тұрмыс салтын
насихаттау миссиясы жүктелді. Осы мақсатпен ресми емес бөлімде
түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі
материалдар жарияланды.
Бұл газеттердің беттерінде А.С.Пушкиннің, Л.Н.Толстойдың,
И.А.Крыловтың, М.Ю.Лермонтовтың, Г.И.Успенскийдің туындылары, ғылым мен
техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат аударылып басылды,
өлкені шаруашылық жағынан игеру тәжірибесі қорытылды. Қазақ
халқының тарихы жөніндегі, мақалдар мен мәтелдер туралы, халықтың
ауызша шығармашылығы, айтыстар туралы жарияланымдар қазақ
оқырмандарының зор ынта- ықыласын туғызды. Жергілікті халық
арасында бұл газеттер беделінің өсуіне шығыс әдебиеті классиктері
шығармаларының үлгілерін ( Шахнама, Фархат -Шырын, Мың бір түн
және тағы басқа) жариялау жәрдемдесті. Түркістан уәлаяты газеті
беттерінде 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Ш.Уалиханов туралы
мақала жарияланды. Орыс оқырмандары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың,
М.Ж.Көпеевтің орыс тіліне аударылып берілген туындылармен бірінші
рет танысты. М.Ж.Көпеев, Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, О.Әлжанов,
С.Шорманов, М.Жанайдаров, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, Ж.Айманов, А.Айтбакин
және басқалар Дала уәлаятының газетінің белсенді авторлары болды.
Көріп отырғанымыздай, қазақ даласы ағартушыларының жаңа ұрпағы
өздерінің шығармашылық ізденістерінің басында өзінше бір тыңдалудан
өткен.
Алайда отаршылдық өкімет орындарының бұл ресми басылымдарын
қазақ халқының рухани тәлімгерлері, оны оқу – ағартудың тірегі болды
деп санау орасан әсірелеп айтқандық болар еді. Олар негізінен
империяның отаршылдық саясатын жүргізушілер болды. Түркістан уәлаяты
газетінің 323 нөмірінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі
Ресейдің көрші мемлекеттермен қатынастарына, империялық сыртқы
саясатты айтса да жеткілікті.

1.2 Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы

Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы ХХ ғасырдың
басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907
жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар
дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда ІІ
Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қасшығұловтың
бастамасымен Улфат газетінде қосымша ретінде Серке газетінің
бірінші нөмірі шықты. Ш.Қасшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі
шығарылған. Цензура оны қауыпты деп тауып, газет жабылып қалған.
1907жылғы наурызда Троицкіде Қазақ газетінің бірінші нөмірі
шықты.( Ш.Қасшығұловтың айтуынша) Тыйым салынған екінші нөміріндегі
Біздің мақсаттарымыз деген бас мақаланың авторы М.Дулатов еді. Нақ
сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында Дала газетін шығаруды
жалға қоймақ болған әрекетті де табысқа жеткізбеді.
Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын
құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал
(Теке) қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемде
Қазақстан газеті шықты. 1911-1913 жылдарда (Қаңтар-ақпан) небәрі
16 нөмірі шығарылды. Газет кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету ізгі
мақсат деп санады. Профессор Ү.Субханбердинаның пайымдауынша, газет
прогресшіл- демократияшыл түсінікте болып, отандастарын орыстың озық
мәдениетін меңгеруге шақырған. Ол оқырмандарына кітап шығару
жаңалықтары туралы хабарлар беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев
уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып
жарияланды. 1913жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда Ешім
даласы газеті шығып тұрды[1].
Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың
түрлі топтарының өскелең талап тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпы
ұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпы ұлттық
проблема болып қала берді.
Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында
М.Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды.
Қостанай уезінің Шұбар болысын №5 ауылының қазағы М.Сералинге,-
делінген құжатта,-Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай
бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар
өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография
және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар
бағдарламасымен ай сайынғы Әйкафв журналын шығаруға рұқсат
берілді. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы
аңсаған арманы орындалды: 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ
халқының тарихындағы тұңғыш Айқап ұлттық журналының бірінші нөмірі
шықты. Нақ соның, ал кейініректе 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор
қаласында шыққан Қазақ газетінің де тағдырына жалпыұлттық
басылымдар болу жазылған еді.
Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы
М.Сералин (1872-1929) бұрын педагогтік және журналистік қызметпен
айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетшіл, қоғам
қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде
көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М.Сералинді ХХ ғасырдың
басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социал-демократтарының шеңберіне
кіргізуге тырысты. Мұның бәрі Айқап журналының кеңес өкіметі
контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған Қазақ гзетіне қарсы қою
мақсатымен жасалған еді. М.Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал
еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол белгілі бір
таптық, саяси және экономикалық бағдар ұстанбады.
Айқап журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке
дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды.
Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті.
Оқиғалар айдарынан көрініп отырғандай жер-жерден Ташкент,
Верный, Шымкент, Әулиеата, Орал, Қостанай, Торғай, Ақтөбе,
Маңғыстау, Бөкей ордасы, Омбы, Қапал, Семей, Аягөз және басқа
жерлерден хабарлар түсіп тұрған.
М.Сералиннің сіңірген атап өте келіп, зерттеушілер ол
Қазақстанда демократиялық бағыттағы ұлттық журнал шығаруды бірінші
болып жолға қойды. Айқап журналы білім әлеміне ашылған бір
терезе болды деп атап көрсетеді. М.Дулатов Оян деп қазаққа
дабыл қаққаннан кейін М.Сералиннің демократияшыл зиялыларды, либерал-
революциялық ниеттегі студент жастарды іс жүзінде топтастырып,
олардың назары мен жігерін жалпыұлттық проблемаларды шешуге
шоғырландыра білгенін айту керек. Айқап өкіметінің реакциясынан
кейін қазақ қоғамын оятты, Қазақ газеті оның жақсы дәстүрлерін
жалғастырып жаңа биікке көтерілді.

II. ХХ ғасырдың басындағы баспасөз

2.1.XX ғасырдың басындағы ұлттық мерзімді баспасөз
ХХ ғасырда жоғарыда аталған М.Сералинмен қатар, Б.Қаратаев,
Ж.Сейдалин, С.Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды.
Айқап төңірегіне әртекті қазақ демократияшыл зиялыларының, талантты
студент жастардың өкілдері топтасты. Журналға А.Ғалымов,
М.Жолдыбаев, Т.Жомартбаев, М.Кашимов, Қ.Кемеңгеров, М.Ж.Көпеев,
А.Мұсағалиев, Б.Сыртанов, С.Ланин, Н.Манаев және басқалар белсене
қатысып тұрды. Журнал беделінің өсуіне бастапқы кезеңде оның
жұмысына А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың қатысуы себепші болды. Дала
өлкесінің демократияшыл қалың жұртшылығы кейіннен қазақ мәдениетінің,
әдебиетінің аса көрнекті қайраткерлеріне айналған дарынды тұлғалар:
С.Сейфуллин, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, С.Дөнентаев, С.Торайғыров, М.
Жұмабаевтардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды. Журнал
беттеріне қырғыз И.Арабаев, ноғай С.Ғаббасов, түркімен Ш.Назари және
басқалар көрінді. Қазақ әйелдері Сақыпжамал Тілеубайқызы, Мариям
Сейдалина, Гүлайым Өтегенқызы, Нәзипа Құлжанова журнал беттерінде
әйелдердің тең құқықтығы, қазақ әйелдерін азат ету, балалар мен
аналарды қорғау проблемасын көтерді.
Айқап журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды.
М.Сералин біздің ғасырымыз- ғылымның ғасыры деп санады. Ол Ш.
Морджанидың, Ы.Алтынсариннің ізбасары болды. (М.Сералин) Жәдидшілдіктің,
жаңа әдіспен дауыстап оқытудың атасы И.Гаспринскийді өзінің ұстазы
және тәлімгері деп білді.
М.Сералин қазақ ағартушылары жас буынының жарқын өкілі болды,
халық ағарту мен қазақтардың тұтас ұрпағын тәрбиелеу саласында да
өте көп іс тындырды.
Сонымен бірге М.Сералин Айқап беттерінде мұсылмандардың
қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті нысанда баяндауға
тырысқан авторлардың мақалаларын жариялап отырды.
Қазақ газеті апталық басылым болып шықты. 1913жылғы ақпаннан
1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішіндегі 3000 дана таралыммен 265
нөмірі жарық көрді.
Қазақ газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде
сол кезге қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы болған,
аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, М.Дулатовтың
анықтауынша, Қазақ әдеби тілінің мектебін жасаушы, бірақ ең
алдымен – ой өрісі аса кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген
жалынды қоғам қайраткері А.Байтұрсынов болды. 1914 жылғы 19 мамырда
Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың кеңсесі М.Дулатовқа Қазақ
газетінің екінші жауапты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті.
Құлшынған қызба қанды, әсте ымырасыз, жалынды көсемсөзші, топ көрсе
қыранша түлейтін ақын М.Дулатов өзінің ерлік және қайғылы
тағдырмен көп жағынан ХІХғасырдағы М.Өтемісовты еске салатын.
Қазақ газеті 1918 жылы (№№261-265) Жанұзақ Жәнібековтың
редакциялауымен шықты.
ХХ ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының бүкіл
азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші бағытын
белгілеуде қазақ халқының бостандығы жолындағы аса көрнекті
күрескер, саясатшы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы,
апатистик-социолог, көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама
Ә.Бөкейханов зор рөл атқарды.

2.2. ХХ ғасырдың басында мерзімді баспасөз беттерінде көтерілген
мәселелер

ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерін
негізінен үш мәселе ойландырды: жер мәселесі, оқу-ағарту ісі, қазақ
еліндегі басқару жүйесі. Өйткені жаңа ғасыр табалдырығын қазақ
халқы жерінен айырылып, мемлекеттік қалпын жоғалтып, дауыл алдындағы
тымырсықтай түнеріп аттады.
Сондықтан да Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Сералин, Ш.Қасшығұлов
тағы басқа қазақтың біртуар азаматтары сөз болып отырған жылдары
халықтың ой –санасын оятуда ұлттық баспасөздің атқаратын рөлінің
зор екендігін түсініп, ұлт баспасөзі, ұлт әдебиеті мен тілі үшін
жан аямай күресті.
Біртұтас болып біріккен ғажайып үштік - А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Ә.Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы
болған ғасырдың ұлттық газетін құра білді. Олар Қазақ газетігің
төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының бүкіл бетке ұстарларын,
соның ішінде Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ғ. Қаранов, С.Торайғыров, Ж.
Аймауытов, Б.Майлин, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов, С.Дөнентаев, М.Шоқай,
М.Тынышбаев және басқа да көптеген адамдар сияқты көрнекті
қайраткерлерді топтастыра алды. Дегенмен де, негізгі идеялық-
теориялық салмақты А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов көтерді.
Зерттеуші К.Атабаевтың деректері көрсетіп отырғандай, Қазақ
газетінің беттерінде жарияланған, бүгінгі күні қолда бар және
Қазақ басылымы жинағында келтірілген материалдардың жартысынан
астамын солар жазған. Тек Әлейхан Бөкейхановтың өзі Қазақ үшін
екі жүздей мақала жазыпты.
Газетті оның негізін қалаушылар Қазақ деп атады. Халықтың өз
атын қалпына келтіріп, олар сол арқылы отаршылар тарапынан
бұратаналарға менсінбей қарауға қарсы наразылық білдірді, қазақтар
арасына ұлтжандылық мақтаныш және бірлік идеясын таратты.
Газеттің бірінші нөмірінде басылған бағдарламалық мақаласында
А.Байтұрсынов отаршылдық режим жағдайларындағы ұлттың тағдыры туралы
мәселені ашық қойды. Ол былай деп жазды: Өзіміздің өзіндік
ерекшелігімізді сақтап қалуымыз үшін біздің бар күш пен құралды
жұмсап, оқу – ағартуға және ортақ мәдениетке ұмтылуымыз қажет; бұл
үшін біз әдебиетті ана тілінде танытумен айналысуды бірінші борыш
деуге міндеттіміз. Өз тілінде сөйлейтін және өз әдебиеті бар
халықтың ғана дербес өмірге үміттенуге құқылы екенін ешқашан
ұмытпау керек.
Қазақ газеті ХХ ғасырдың басындағы азаттық қозғалысының
стратегиясын анықтап берді. Ә.Бөкейханов былай деп атап өтті: Жуық
арада далада, бәлкім, қазақ арасында белең алып келе жатқан екі
саяси бағытқа сәйкес екі саяси партия ұйымдастырылатын сыңайлы.
Олардың бірі ұлттық-діни партия деп аталуы мүмкін және де
қазақтарды басқа мұсылман халықтарымен біріктіру оның мұраты болып
табылады. Басқа бір батыстық бағыт қырғыз даласының болашағы-осы
сөздің кең мағынасында-батыс мәдениетін саналы түрде іс жүзіне
асыруда деп біледі[2].
Қазақ газеті екінші бағыттың ой –пиғылын көрсетті. Ол
тұжырымдамалық проблемаларды көрсеткен кезде соны негізге ала отырып
жазды. Ең алдымен Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов қазақ халқының
өркениет, түрік дүниесі тарихында алатын орнын анықтап берді.
Халықты тпотастыру, оның ежелгі мәдениетін және демократиялық Ресей
құрамындағы қазақ ұлттық мемлекеттігін қайта түлету проблемалары
газет қызметінің өзегіне айналдй. Шаруашылықтағы өзгерістер деген
сериялы мақалаларында А.Байтұрсынов қазақ халқының эволюциялық даму
жолын қорғап, адамзат өркениетінің эволюциясын және мәдениет тарихын
көрсетті.
Қазақ газеті өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару
мәселелеріне басымдық берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлы
ағартушылардың дәстүрлерінде тәрбиеленген қазақ демократияшыл
зиялылары Шығыс пен Батыс ағартушыларының тәжірибесін жинақтап,
тұтас доктрина жасады. Мысалы, И. Гаспринскийдің жаңа әдіспен оқыту
туралы идеясының өзін қабылдай отырып, олар оны түрік-татар
үстемдігі идеологиясынан, оқытуды дінмен қосудан тазартты. Егер
И.Гаспринскийдің ізбасарлары жаңа әдіспен дауыстап оқытудан татар
мәдениеті мен жазуының үстемдігін тарауға қарай жүрсе, қазақ
демократтары Абай, Шоқан және Ыбырай ағартушылығынан отаршылдық
режимді қирату, қазақ мемлекеттігін қайта туғызу идеясына бет алды.
Бұл эволюцияда А.Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық ізденістері ерекше
рөл атқарды, соның арқасында ұлт қазақ әліпбиін алды, қазақ
тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сөз өнері теориясы мен
мәдениет тарихы дамытылды. Осы тынымсыз еңбегімен,-деп жазды ХХ
ғасырдағы ұлы ойшылдың елу жасқа толған күнінде М.Дулатов,-
А.Байтұрсынов қазақтың сөз өнерін жоғары сатыға көтеріп, ұлттық
мектеп пен туған әдебиет үшін берік іргетас қалады.
Қазақ газетінің беттерінде аграрлық проблеманың Ә.Бөкейханов
бастаған көрнекті білгірлері отаршылдықтың мәнін, қазақ шаруаларын
құнарлы жерлерін алып қою арқылы қоныс аудару қоры құрылуының,
шаруалардың жерсіз қалуы үрдісінің мәнін ашып көрсетті. Қазақ
газеті Ә.Бөкейхановтың жер мәселесі жөніндегі тұжырымдамасын
қорғады, онда егіншілікпен ұштастырылған көшпелі мал шаруашылығын,
қауымдық жер пайдалану негізінде жер алқаптарының тұтастығын,
олардың құнарлығын сақтау көзделген еді. Жер үлесінің болмашы
жағдайында отырықшылыққа көшу, егіншілік, агрономия тәжірибесі,
диқанның күнделікті титықтататын еңбегінің қанына сіңген етенелігі
болмаған жағдайда орыс деревнясы үлгісіндегі ауылдар құру қазақ
шаруаларына мал шаруашылығы кәсібінен біржола айырылу, Башқұртстан
мен Қостанай уезінде болғанындай, мұқтаждықтан жерді қоныс
аударушыларға сату қатерін төндірер еді.
Қазақ газеті мұсылман діні мәселесі бойынша ғылыми
негізделген тактика ұстанды. Ол қазақ халқының артта қалған
бөлігінің діншіл екеніне, Алланы және оның жердегі өкілдері
молдаларды шын жүректен қадірлейтініне көңіл бөлді. Газет редакциясы
мұсылмандар одағының кәдеттік бағдар ұстанатынын
ескерді.Ә.Бөкейханов пен басқа да авторлар 1905-1907 жылдардағы
революциядан кейін бүкіл Ресейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдағы саяси газет
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі қазақ әдебиетінің тарихы, журналистика бойынша монографиялар және оқулықтар
Онлайн қазақ басылымдары
Қазақ баспасөзiнiң дерекнамасы мен тарихнамасы
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Франция баспасөзінің тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Әлем журналистикасының тарихы
Шетел журналистикасы
Пәндер