Инвестициялық жобаға түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

І Тарау Инвестициялық жобаға түсінік

1.1 Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде

1.2. Инвестициялық жобалар түсінігі: инвестициялық жобаларды құру және
талдау механизмдері

3. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларды қолдау мәселелері

ІІ Тарау Инвестициялық жобаларға қаржылық талдау

2.1 Инвестиция жобаларға қаржы анализі

2.1 Жоба мен жобалық цикл түсініктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Инвестициялар – пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында
материалдық өндіріс және материалдық емес салалар объектілеріне материалдық
және интеллектуалдық ресурстар салымдары. Инвестициялық қызметтің объектісі
болып қайта құрылатын және жетілдірілетін негізгі қорлар, айналым қорлары,
бағалы қағаздар және тұтастай ақшалай салымдар, ғылыми-техникалық өнім,
меншіктің басқа да объектілері, сонымен қатар меншік құқығы және
интеллектуалдық меншік құқығы табылады.
Қазақстан Республикасының территориясында күші бар Заңнамаларға сәйкес
инвестициялардың, соның ішінде, меншік түріне тәуелсіз шетел
инвестицияларының қорғалатындығына кепіл беріледі.
Инвестициялық қызмет субъектілері арасындағы қарым-қатынасты реттейтін
басты құқықтық құжат келісімшарт болып табылады. Ұйым инвестицияның
көлемін,бағытын, өлшемін, тиімділігін өздігімен анықтайды. Сонымен,
инвестицияның экономикалық категория ретіндегі ұғымы өз алдына
инвестициялық ресуртарды қалыптастыру бойынша экономикалық жүйені танытады.
Нарықтық қатынастардың тереңдеуі және тұрақты экономикалық өсуді
қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы алдында өндіруші өнеркәсіп
саласынан жоғары технологиялық экономика секторын дамытуға мүмкіндік
беретін елдің инвестициялық потенциалын құру жөніндегі стратегиялық мақсат
тұр. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық
саясатты қалыптастыру индустриалды-инновациялық даму қағидалары негізінде
жүргізілуі қажет. Осындай мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкіметі Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын құрды. Мұндай актуалды
мәселелерді шешу сәйкес қаржылық даму институттарын құру және олардың
тиімді қызмет ету механизмдерін қарастыруды талап етеді.
Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық климатты құру қажет, ол
инвестициялық салымдар көлемімен ғана емес, ең алдымен, бұл салымдардың
нақты инвестициялық жобаларға құйылу тиімділігімен анықталуы тиіс.
Мемлекетте қолайла инвестициялық климатты құруда мемлекеттің реттеуші
қызметі өте маңызды. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобалар үшін басымды
экономика салалары анықталуы тиіс, отандық және шетел инвесторлары үшін
олардың инвестициялық салымдарын қорғайтын құқықтық база құрылуы және
инвестициялардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі қамтамасыз етілуі
қажет. Бұл инвестициялық жобалау механизмі негізінде жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобалау механизмінің актуалдығы экономика салаларына
инвестициялар ағымын басқару, инвестицияларды талдау және дайындау
процесінде бақылау жүйесін қолдану арқылы инвестициялардың тиімділігін
қамтамасыз етумен анықталады.
Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде
инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық
экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы
қалыптастырылды.
Инвестициялық жобалау мәселелерімен Ресей ғалымдары Канторович Л.В.,
Хачатуров Т.С., Шапиро В.Д. және басқалары айналысқан. Нарықтық экономикасы
дамыған елдерде инвестициялау және инвестициялық жобалау процесі жетік
зерттелген. Уильям Ф. Шарп, Гордон Дж. Александр еңбектерінде бұл мәселе
жан-жақты көрсетілген. Инвестициялар және Қазақстан экономикасындағы
инвестициялық салымдардың ролі Аубакиров Я.А., Кошанов А.К., Баймұратов
У.Б., Кенжегузин М.Б., Нұрланова Н.К., Карагусова Г., Есентүгелов А.,
Утебаев М.С және басқа ғалым-экономистердің еңбектерінде қарастырылған.
Дегенмен, бұл еңбектер экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық
жобалауды жетілдірудің негізгі мәселелерін ашпайды.
Отандық ғылымда инвестициялық жобалау мәселелерінің нақты және толық
қарастырылмауы осы саладағы методикалық және практикалық ұсыныстарды
дайындауды қажет етеді.
Берілген жұмыстың мақсаты экономикалық өсудің инвестициялық
тәуелділігін зерттеу арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы
және ішкі қарыздарды пайдалану механизмінің тиімділігіне негіздеме беру,
жобаларды бағалаудың халықаралық әдістемесін Қазақстан жағдайына
сәйкестендіру, тәуекел түсінігін ашып көрсету, инвестициялық жобалардың
Қазақстан экономикасын дамытудағы ролін анықтау және осының негізінде
инвестиялық жобалау механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:
1. әлемдік экономикалық ғылымда орын алған экономикалық өсу қарқынының
инвестициялық қызмет белсенділігіне тәуелділігі теориясына баға беру;
2. инвестиция ағымының негізгі бағыттарын және олардың көлемі мен мәнін
ашып көрсету;
3. инвестициялық жобаларды бағалаудың халықаралық әдістемесін және оны
Қазақстан жағдайына сәйкестендіруді интерпритациялау;
4. еліміздегі инвестициялық жобалау механизмін талдау және баға беру;
5. Қазқстан Республикасындағы инвестициялық жобалау жұмыстарын жетілдіру
бойынша ұсыныстар жасау;
6. Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктерін ескере отырып,
инвестициялық жобалау мониторингін жүргізу қажеттілігін талдау;
7. дамыған елдердегі инвестициялық жобалаудың жалпы заңдылықтарын зерттеу
негізінде инвестициялық жоба тиімділігін талдау және бағалау.

І Тарау Инвестициялық жобаға түсінік

1.1 Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде

Экономиканың тұрақты дамуының, құрылымдық жаңалықтар енгізудің, жаңа
ғылыми-техникалық негізде өндірістік потенциалды қалыптастырудың және
әлемдік нарықтағы тұрақты бәсекелік позицияларды бекітудің негізгі шарты
болып инвестициялық белсенділік табылады. Жаңа индустриалды Оңтүстік-
Шығыс Азия елдерінің феномені, ғылыми салалардың пайда болуы осы
мемлекеттердің экономикасына инвестициялардың көп мөлшерде құйылуымен
түсіндіріледі.
Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана
көңіл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан
қарағанда, инвестиция жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын табыстардың
маңызды бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және басқа да
еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және өндіріс
жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы
болып табылады.
Бірақ осы кезге дейін экономикалық тақырыптағы әдебиеттерде инвестиция
деген ұғымға алуан түрлі түсініктер беру орын алып келді. Көптеген авторлар
күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен айырмашалағы жоқ деп
көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланыссыз
салынған қаражаттың кез-келген түрі деп есептеді.
Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П. Журавлева және М.Ю. Малышева инвестицияны
жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды
өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын
шығындар деп есептейді. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары арасындағы
айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары
т.б. факторлар есепке алынбады. []
Инвестициялық қызметтің негізгі объектісі айналым қаражаты деп
түсінетін кейбір қазақстандық экономистер де осыған ұқсас пікірді
қабылдайды. Бұл экономистер инвестицияның күрделі қаржыдан басты
айырмашылығы инвестицияларды қамту негізгі капиталға салынған қаражат
салымдарымен қатар, айналым қаражаттарын толықтыруғу бағытталғандығында деп
есесптейді. Егер ағымдағы өндірістің белгілі-бір бөлігі негізгі капитал
көлемін көбейту ісінде пайдаланылатын болса, инвестициялау кеңінен орын
алады.
Инвестициялық қызметтің объектілерін және инвестициялаудың түрлерін
келесі суреттен көруге болады:

1 сурет. Инвестициялық қызмет объектілері

Шет елдерде теория және тәжірибе жүзінде кең танымал болғанындай,
инвестиция тиімділігіне баға беру кезінде оның тек қаржылық тиімділігі ғана
емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға
жұмсалатын қаражат шығындары (мәселен, денсаулық сақтау, білім беру,
ммамандық деңгейін жоғарылату, экологиялық жағдайды жақсарту, халықтың әл-
ауқатын көтеру және басқлары), сондай-ақ, қоғамның жалпы ұлттық мақсат-
мүдделерін көздеп, ескеріп отыратын тиімділік сияқты маңызды көрсеткіштері
де анықталады.
Инвестиция ұғымы күрделі қаржы ұғымына қарағанда анағұрлым терең.
Өйткені күрделі қаржы- негізгі капиталды қайта құру мақсатында жұмсалатын
шығындар, ал инвестициялар болса, материалдық активтерге, портфельдік
инвестицияларға, материалдық емес активтерге салынған қаражат салымдары.
Бұл салымдар, біріншіден, жанама түрде қаржылық аспаптар арқылы материалдық
байлықтарды молайтады, екіншіден, материалдық емес сипаттағы қоғамдық
құндылықтардың мейлінше өсе түсуіне ықпал етеді.
Инвестициялық процесс - қоғамдық қайта өндірістің негізгі құрамдас
бөлігі: ол инвестициялық игіліктердің қозғалысы тұрғысынан қайта өндіріс
процесінің барлық сатыларын бейнелейді.

2 сурет. Инвестициялардың қоғамдық өндірістегі орны

Нарықтық қатынастар жағдайында инвестициялық процесті екі жақты
қарастыруға болады: физикалық шамалар динамикасы тұрғысынан және қаржылық
шамалар динамикасы тұрғысынан. Осы көзқарастардың әрқайсысына белгілі
көрсеткіштер мен факторлар сай келеді:
Физикалық шамалар қозғалысы жағынан инвестициялық процесс келесі іс-
әрекеттер жиынтығын білдіреді:
1) Инвестициялық тауарларды өндіру (құрылыс объектілері, құрал-жабдықтар,
технологиялар, патенттер және ноу-хау);
2) Жаңа өндірістік қуаттарды игеру процесі;
3) Тауарларды (қызметтерді) өндіру мақсатында объектілерді пайдалану
процесі.
Қаржы шамалары тұрғысынан инвестициялық процесс- ақша салымдарын
салумен байланысты қосымша табыс алу процесі. Бұл процестің қатысушылары:
1) Ақша жинақтаушылар;
2) Инвесторлар;
3) Қаржылық делдалдар (банктер, қаржылық топтар, инвестициялық немесе
қаржы компаниялары).
Инвестициялау процесі келесідей жүзеге асырылады:
1. жоба көлемі бойынша (кіші және мегажобалар)
2. жобалардың бағытталуы бойынша (коммерциялық, әлеуметтік,
мемлекеттік мүдделермен байланысты, т.б.)
3. мемлекет қатысуының түрі бойынша (мемлекеттік капитал салымдары,
акциялар пакеті, салық жеңілдіктері, т.б.)
4. салынған қаражаттардың өтімділік дәрежесі бойынша.
Жалпы инвестицияладың екі негізгі тобы бар:
1. нақты;
2. қаржылық.
Нақты инвестициялар - жаңа кәсіпорындарды құруға немесе істегі
кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыруға және жөндеуге кеткен
салымдар, қаржылық инвестициялар- акциялар және бағалы қағаздарға салмдар.
Бірінші жағдайда кәсіпорын-инвестор өзінің өндірістік капиталын, яғни
негізгі өндірістік қорлар және олардың қызмет етуіне қажетті айналмалы
қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивидендтер
түрінде табыс алу арқылы өзінің қаржылық капиталын өсіреді. Ал өндірісті
құруға ақшалай салымдарды инвестициялық жобаларды қаржыландыруға
қаражаттарды тарту үшін акциялар шығарған кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, тікелей және жанама инвестицияларды бөліп көрсетуге
болады. ҚР-ң Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңында
тікелей инвестициялар- ҚР-ң тәуелсіз кепілдіктерін және ресми техникалық
көмектерді қоспағандағы барлық түрдегі инвестициялар, ал жанама
инвестициялар- бұл портфельге салымдар, басқаша айтқанда, бағалы қағаздар
және мүліктік құндылықтар жиынтығы.
Негізгі капиталдың көлемін ұлғайтуға және оны жаңартуға бағытталған
инвестициялар сомасы жалпы инвестициялар болып табылады.
Тұтынылған заттардың орнын толтыруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
қайта жарақтандыруға және олардың көлемін кеңейтуге, содай-ақ, өндірістік
және өндірістік емес негізгі қорларды иемденуге бағытталғанқаржыландыру
көзіне байланыссыз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларға жатқызады. Олар
келесі формада жүзеге асырылады: жер учаскелерін және табиғи қолданыстағы
объектілерді иемдену, материалды емес активтерді құру және иемдену,
кәсіпорындарды және өндірістік емес сфера объектілерін техникалық тұрғыдан
қайта жарақтандыру.
Коммерциялық тәжірибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына
байланысты төмендегі түрлерге бөліп қарайды:
1. заттай активтерге инвестициялар;
2. қаржылық активтерге инвестициялар;
3. материалдық емес активтерге инвестициялар.
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өндіріс ғимараттарын,
құрылғыларды, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болып келетін активтерге
қаражат жұмсалуын сипаттайды.
Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл басқадай заңды және
жеке тұлғалардың құрылтайшылық қызметіне араласу негізінде, яғни, үлесті
бағалы қағаздарды немесе қарызды міндеттемелерді сатып алу арқылы ақшалай
сома алй құқығын сипаттайды.
Материалды емес активтерге жұмсалғна инвестициялар - бұл қандай да бір
кәсіпкерлікпен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызмет етуіне, сондай-
ақ, сауда белгілерін даярлауға, лицензия алуға және т.б. жұмсалған
қаражаттарды білдіреді.
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өзінің пайдалану аясы бойынша
келесідей жіктеледі:
1. өндіріс тиімділігін арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндірістегі
құрал-жабдықтарды, құрылғыларды және т.б. ауыстыру нәтижесінде өндіріс
шығындарының төмендігін қамтамасыз етуді сипаттайды.
2. өндірісті кеңейтуге жұмсалған инвестициялар. Олардың басты міндеті-
тауарлар шығару, мүліктерін кеңейту болып табылады.
3. жаңа өндіріс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар
өндіруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған
кәсіпорындарды салуды қамтамасыз етуді сипаттайды;
4. зерттелер жүргізу және өндіріске жаңа инновациялық жаңалықтар енгізу.
Мұндай жіктемені енгізудің негізгі мақсаты - инвестициялау кезінде
болатын тәуекел деңгейін анықтау. Оны төмендегі 3-ші сурет түрінде
көрсетуге болады.[]
Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялардың
нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесі портфельдік
инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткішке ие болуын сипаттайды.
Әрине, бұл жағдай еліміздегі бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен
байланысты.
Сонымен қатар, инвестицияларды меншік нысанына байланысты келесідей
бөліп қарайды:
Мемлекеттік меншік нысанындағы инвестициялар мемлекеттік бюджет
есебінен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтік сала
болып табылады.
Жеке меншік капитал нысанындағы инвестициялар кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын ұлттық шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары мен тартылған
қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.
Шетелдік капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның
ішінде халықыаралық ұйымдарынан тартылатын қаражаттар болып табылады.
Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының мақсаттары мен
мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент болып табылады. Экономикалық
реформаларға сәйкес халықаралық капитал мен инвестицияларды тартудың
мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың
инвестициялық белсенділігін арттыруға және өндірістің құрылымдық өзгерісіне
барынша септігін тигізуі керек. Инвестициялар нәтижесінде мемлекеттік
табыстардың артуы мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік өсуіне,
тұрғындардың өмір сапасының артуына, жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін
құруға жағдай туғызады.

3 сурет. Инвестициялар бойынша тәуекел деңгейі

Шетел инвесторларының пікірі бойынша, Қазақстан инвестициялық салымдар
жасау үшін тартымды нарық болып табылады. Біздің ел пайдалы қазбалар,
ауылшаруашылығы жерлерінің қорларына және квалификациясы жоғары жұмыс
күшіне бай, сондай-ақ, үлкен өндірістік потенциалға ие, бірақ оларды тиімді
қолдану үшін инвестициялық салымдар жасалуы қажет.
Соңғы жылдары Қазақстан ТМД елдері арасында инвестициялық салымдар
көлемі жағынан алға шықты. 2003-2008 ж.ж. аралығындағы инвестициялар
көлемін төмендегі кесте мәліметтерінен көруге болады:

Кесте 1 - Қазақстан Республикасына 2003-2008 ж.ж. аралығындағы
инвестициялар ағымы (млн. АҚШ долл.)

Елдер 2003 2004 2005 2006 2007 2008
АҚШ 951,2 1460,4 1011,3 1105,5 2971,2 1125,5
Австрия 0,6 0,8 0,2 2,1 17,4 59,8
Германия 69,5 50,6 37,8 63,9 65,2 74,2
Италия 351,0 488,3 469,1 375,7 313,0 306,6
Ұлыбритания 481,8 600,6 622,7 591,4 924,6 -62,4
Франция 33,2 64,9 123,6 161,3 275,7 774,7
Япония 18,1 32,1 59,6 96,1 178,5 331,4

Инвестициялық климатқа әсер ететін факторларды екі топқа бөледі:
қолайлы және қолайсыз.
Қазақстанда инвестициялардың құюлуына қолайлы факторлар ретінде
шетелдік инвесторлар келесі факторларды атап көрсетеді:
1. табиғи ресурстардың ірі қорларына кіру мүмкіншілігі (мұнай, газ, түсті
және сирек металдар қоры 9 трлн. АҚШ долларына бағаланады);
2. 2 млрд.-тан астам халқы бар дамушы (Ресей, Қытай, Оңтүстік Азия)
елдердің нарығына еркін шығуды қамтамасыз ететін ортаазиялық
транспорттық қиылыс ретіндегі республиканың тиімді геостратегиялық
орналасуы;
3. нарықтың үлкен потенциалы;
4. мемлекет ішіндегі саяси тұрақтылық;
5. мемлекеттің тиімді сыртқы саясаты;
6. ТМД елдеріне қарағанда Қазақстан экономика және қоғам
трансформациясының іске асырылуы жөнінде алда болуы.
Инвесторлар арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, инвестициялау
процесін тежейтін факторларға шенеуніктер арасындағы парақорлық және өз
ісін жетік білмеуі – 51,3%, бюрократизм – 44,9% жатады. Сондықтан
инвестициялардың құюлуын ынталандыру үшін Қазақстан үкіметі бюрократияны
орнықтыру және парақорлықты жою жөнінде реформаларды әрі қарай жалғастыруы
тиіс.

1.2. Инвестициялық жобалар түсінігі: инвестициялық жобаларды
құру және талдау механизмдері.

Қазқстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік
инвестициялардың қаншалықты көп болуымен байланысты болып келеді.
Инвестицияларды әртүрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту жағдайы
бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық
климат өз әсерін тигізуде.
Инвестициялық жобаларды дайындай отырып, ссудалық қаражаттарды бизнеске
тарту соңғы жылдары қолға алынды.
Жобалық несиелеу – бұл отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын
жаңа нысаны болып табылады және оның банктік несиелеуден мынадай
артықшылықтары бар:
1. Инвестициялаудың стратегиясын даярлау;
2. Инвестициялаудың белгілі бір уақыт аясын белгілеу;
3. Инвестициялық басымдығын анықтау;
4. Баламалы нұсқауларды қарастыру;
5. Инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
6. Бір уақытта бірнеше қаржыландыру көздері арқылы қаражат тарта алу.
Инвестициялық жобалар арқылы несие алу экономиканың нақты секторларын
дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Инвестициялық жоба дегеніміз шектелген уақыт мерзімі ішінде белгілі бір
мақсаттарға жетуге бағытталған бір-бірімен тығыз байланысқан және үйлескен
ұйымдастырушылық, техникалық және инвестициялық іс-әрекеттер жиынтығы.
Жоба белгілі бір бастапқы мәліметтері бар нәтиженің (мақсаттың) болуын
талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреде.
08.01.2006 ж. ҚР Инвестиция туралы Заңында инвестициялық жоба
түсінігіне келесідей анықтама беріледі: Инвестициялық жобалар жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге және жаңартуға немесе жаңа кәсіпорындарды
құруға инвестицияларды көздейтін шаралар жиынтығы.[]
Жобалардың табыстылығы көптеген факторларға байланысты:
1. инвестициялық негіздеме деңгейінің жоғары болуы, сметалық құнын және
құрылыс ұзақтығын бағалаудың сенімділігі;
2. объектінің барлық функционалды талаптарға сай келуі, пайдалану
шығындарын минимизациялауды қамтамасыз ету деңгейінің жоғары болуы;
3. жобаны басқару жұмыстарын рационалды түрде ұйымдастыру;
4. жобаның жүзеге асырылу уақытында тапсырыс берушінің жобаға өзгерістер
енгізе алу мүмкіндігі.

Кесте 2 - Инвестициялық жобалардың жіктелуі

Қолданылатын ресурстар кіші жобалар
көлеміне байланысты орта жобалар
мегажобалар
Жүзеге асу мерзіміне қысқа мерзімді
байланысты орта мерзімді
ұзақ мерзімді
Ұлттық масштабына ұлттық жобалар
байланысты халықаралық жобалар
Тәуекел деңгейіне төмен тәуекелді
байланысты орташа тәуекелді
жоғары тәуекелді
Ұйымдастыру нысанына мультижоба
байланысты модульдік жоба

Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың
негізгі санаты жобаның өмір сүру циклы болып табылады. Өмір сүру циклы
деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын
айтамыз. Жалпы алғанда жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:
1. инвестициялық шешім қабылдау;
2. инвестициялау;
3. жаңадан құрылған объектілерді пайдалануға беру.
Төмендегі сурет жобалық циклді график түрінде бейнелеуге мүмкіндік
береді:

4 сурет. Инвестициялық жобалар циклі

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі мамандарының сатаптауы бойынша
жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:

1. жобаларды таңдау (identification);
2. жобаларды дайындау (preparation);
3. жобаларды бағалау (appraisal);
4. келіссөздер жүргізу және жобаны бекіту (negotiations and appraisal);
5. жобаны жүзеге асыру және оны бақылау (implementation and control);
6. жобаның нәтижелерін бақылау (evaluation).[]
Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер жобалық
құжаттар, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде
мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындайды. Мұндай нұсқаулар жобалардың
іске асуына асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады. әлемдік
банктің мәліметтеріне сүйенсек, инвестициялау алдындағы кезең шығындарын
былайша топтауға болады (жоба құнынан):
1. жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы (инветсицялық ұсыныс) – 0,2-
1%;
2. инвестициялық зерттеулер – 0,25-1,5%;
3. жобаның техникалық – экономикалық негіздемесі:
a) шағын жобалар үшін – 1,0-3,0%;
b) ірі жобалар үшін – 0,2-1,0%.[]
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әр түрлі формалары мен әдістері
бар. Солардың ішіндегі ең кең тараған түрлері келесілер:
1. акционерлік инвестициялар – акциялар сатып алу негізінде ақша
салымдарын жасау;
2. бюджеттік инвестициялау – иневестициялық бағдарламалар арқылы жүзеге
асырылатын тікелей субсидиялау;
3. инвестицияларды қаржыландыру ретіндегі лизингтік операциялар, яғни
меншік құқығын сақтай отырып, ұзақ мерзімге құрал-жабдықтарды, мүлікті
арендаға беру;
4. жеке және заңды тұлғалардың қарыздық міндеттемелері және банктік
несиелер негізінде қарыздық қаржыландыру.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері де әр түрлі болады:
1. шаруашылық субъектілердің жеке қаржы көздері – пайда, амортизациялық
аударымдар, тартылған қаражаттар (акция сатудан түскен түсім,
қаәтарымсыз негізде берілген қаражаттар, т.б.), сақтандыру ұйымдары
төлейтін өтем сомалары, басқа да активтер;
2. әр түрлі бюджет деңгейлері тарапынан, кәсіпкерлікті қолдау қорларынан,
бюджеттен тыс қорлардан қайтарымсыз немесе жеңілдіктер негізінде
берілетін бюджеттік ассигнованиялар;
3. шедел инвестициялары – біріккен кәсіпорындардың жарғылық капиталын
қаржыландыру формасындағы шетел жеке және заңды тұлғаларының капиталы,
халықаралық ұйымдардың, меншік түрлері әр түрлі қаржы ұйымдарының және
жеке тұлғалардың тікелей қаражат салымдары;
4. қарыз қаражаттары – қайтарым негізінде мемлекеттік және коммерциялық
банктермен, шетел инвестиорларымен (Әлемдік банк, Европа Қайта құру
және Даму Банкі, халықаралық қорлар, т.б.), зейнетақы қорларымен
берілетін несиелер.
Кулекеев Ж. өзінің Жобалық талдауға кіріспе атты еңбегінде
коммерциялық және инвестициялық жобаларды бөліп көрсетеді.[]
Коммерциялық жобаларда қоғам немесе жеке меншік кәсіпорын ресурстары
белгілі бір тауарлар мен қызметтерді алып-сату арқылы спекулятивті табыс
алуға бағытталады.
Инвестициялық жоба – бұл жобаның іске асуына қажетті және оның
мақсаттылығын көздейтін қаржылық-экономикалық, инжинерліөтехникалық
құжаттар жүйесі.
Инвестициялық жобалар негізінен ұзақ мерзімді инвестициялық салымдарды
көздейді. Мәселен, кәсіпорындар мен фирмалар тарапынан жиі ұсынылатын
жобалардың келесідей түрлерін келтіруге болады:
1. құрал-жабдықтарды ауыстыру немесе жаңартуға бағытталған жобалар;
2. өткізілім нарығын кеңейтуге және тауарлар өндірісін ұлғайтуға
бағытталған жобалар;
3. жаңа тауарлар шығарып, жаңа нарықтарға шығуды көздейтін жобалар;
4. өндіріс қауіпсіздігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға
бағытталған жобалар.
Инвестициялық жобаларды тәуелді және тәуелсіз инвестициялық жобалар деп
бөледі.
Егер екі жоба бойынша күтілетін шығындар мен нәтижелер екінші жобаның
сәйкес көрсеткіштеріне әсер етпейтін болса, онда екі жоба тәуелсіз деп
танылады. Бұл жобалар бойынша шешім қабылдау, оларды дайындау және жүзеге
асыру әр жоба бойынша жеке жүргізіледі.
Тәуелді инвестициялық жобалар өз кезегінде бірін-бірі жоятын және бірін-
бірі толықтыратын болып бөлінеді.
Бірін-бірі жоюшы жобалар екі жобаның бір мезгілде жүзеге асырылуының
техникалық жөнінен мүмкінсіздігімен және экономикалық тұрғыдан
тиімсіздігімен сипатталады.
Бірін-бірі толықтырушы жобаларда бір жобаның екінші жобадан бөлек іске
асырылуы екі жобаның параллельді түрде бірге жүргізілуіне қарағанда аз
көлемде табыс береді. Басқаша айтқанда, бірін-бірі толықтырушы жобаларды
бірге жүзеге асырудың нәтижесі осы екі жобаны жеке асырудың нәтижесінен
асып түседі.
Әрбір тез дамып келе жатқан коммерциялық ұйым қызметінің маңызды
аспектілерінің бірі – инвестициялау.
Инвестициялау туралы шешім - қабылдау өте күрделі процесс. Оған түрлі
факторлар әсер етуі мүмкін: инвестициялардың түрі, инвестициялық жоба құны,
қаржы ресурстарының шектеулілігі, инвестициялау процесінде болатын
тәуекелдер, т. б. Сондықтан, дұрыс инвестициялық шешім қабылдай білу өте
маңызды.[]
Әрбір шешім қабылдау процесі әр түрлі кезеңдерден тұрады.

5 сурет. Шешім қабылдау үрдісінің кезеңдері

Жоспарлау кезеңі 4 этаптан тұрады:
1. Мәселе қою кезеңі. Шешім қабылдау критерийлерін анықтап алу үшін
инвестор өзінің инвестициялық іс-әрекеттерің мақсаттарын анық білуі
қажет.
2. Ізденіс кезеңі. Бұл этапта инвестордың мүмкін іс-әрекеттерін және
олардың нәтижелерін анықтау қажет. Бұл мәселе жоспарлау әдістерін
қолдануды талап етеді.
3. Бағалау кезеңі инвестордың өз мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін
шешімдерді қабылдаудың алдындағы дайындық кезеңі болып табылады.
4. Шешім қабылдау кезеңі. Берілген кезеңде баламалы жобаларды салыстыра
отырып, болашақта іске асырылуы мүмкін жоба қабылданады.
Іске асыру кезеңі. Инвестициялау процесі қабылданған шешімге байланысты
жүзеге асырылады.
Бақылау кезеңі. Жоспарланған нәтижелер нақты нәтижелермен
салыстырылады.
Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын
бағалау, жобаның нәтижелілігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және
жобаны оңтайландыру жатады.
Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-
ақ, оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың
қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инжинер-
технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инжинер-экологтар және т.б. жатады.
Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен
кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді. Осыған сәйкес жобалық талдау
да бірнеше түрлерге бөлінеді:
1. жобаны экономикалық талдау;
2. жобаны техникалық талдау;
3. жобаны коммерциялық талдау;
4. жобаны ұйымдастырушылық талдау;
5. жобаны әлеуметтік талдау;
6. жобаны экологиялық талдау;
7. жобаны қаржылық талдау.
Соның ішінде жобаны коммерциялық талдау жүйесін төмендегі 6-шы суреттен
көруге болады:

6 сурет. Инвестициялық жобаны коммерциялық талдау

Таңдау нәтижесі ретіндегі кез келген шешім іс-әрекетке бастаманы
білдіреді.
Шешімдердің тиімділігін негіздеудің рационалды әдістерін таңдаудың
маңызды аспектілерінің бірі – осы шешімнің классификациялық белгілерін
білу. Классификациялық белгілер тізімін төмендегі кестеден көруге болады:

Кесте 2 - Жобалық шешімдер классификациясы

Классификация белгілері Жүйе мінездемесі
1. Экономика сферасы Позитивті
Нормативті
2. Мазмұны Экономикалық, технологиялық,
әлеуметтік, т.б.
3. Әрекет ету мерзімі Қысқа мерзімді (оперативті)
Орта мерзімді (тактикалық)
Ұзақ мерзімді (стратегиялық)
4. Шешім қабылдайтын Жеке
адамдар саны Коллективті
5. Шешім қабылдау ортасы Анықтық
Тәуекел
Анықсыздық
6. Мақсаттар саны Бір мақсатты
Көп мақсатты
7. Ақпараттық база Келесі мәліметтер негізінде
құрылған:
априорлы
апостериорлы
8. Бірегей деңгейі Күнделікті
Шығармашылық
9. Эксперимент жасау Бар
мүмкіндігі Жоқ


Нарықтық экономикаға өту кезеңінде жетіспейтін инвестициялар шет ел
несиелерімен толықтырылатын жағдайда қабылданатын инвестициялық шешімдердің
экономикалық негізділігіне талаптар күшейді. Жобаларды бағалау жұмыстары
әрдайым дұрыс жүргізілуі керек. Бағалаудың қателігі немесе инвестициялар
өтелу құнының асыра көрсетілуі қаржылық ұйымдар үшін біршама қиыншылықтар
туғызуы мүмкін, өйткені рентабельді, табыстылығы жағынан тиімді жобаларды
қабылдамауға алып келеді.

1.3. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларды қолдау мәселелері

Қазақстан Республикасының егемендігін алуы ел экономикасын тиімді
инвестициялау мәселесін алға қойды.
Кез келген мемлекет үшін әлеуметтік – экономикалық сферадағы ең маңызды
мақсаты – ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Экономикалық өсу
әлеуметтік және саяси тұрақтылықпен және қоғамның тиімді дамуымен сәйкес
келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының тұрақты өсуі байқалады.
Төмендегі суретте Қазақстан экономикасына инвестициялық салымдар, өнеркәсіп
өсу деңгейі және ЖҰӨ деңгейі көрсетілген.

Инвестициялардың экономикаға құйылуы әрдайым өнеркәсіп және ЖҰӨ
деңгейлерінің өсуімен сәйкес келеді.
Экономиканың басымды салаларындағы инвестициялық жобалардың тиімді іске
асу процесін жүргізу үшін қолайлы инвестициялық климатты қолдау арқылы
инвестициялық капитал салымдарын жұмылдыру мемлекеттің инвестициялық
саясаттарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Инвестицияларды
мемлекеттік қолдау, әсіресе, тікелей инвестицияларды тарту жолдарын
жетілдіру инвестициялар туралы заңнамаларда көрініс тапқан. 1997ж.
Қабылданған Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау Заңы материалды
өндіріс және қызмет көрсету салаларындағы инвестициялық жобаларды іске
асыруға негіз болды. Заңнамада айқындалған талаптар бойынша, мемлекет
жобаларды қолдауды мемлекеттік грант түріндежеңілдіктер мен преференциялар
беру, табыс және жер салығынан босату, 5 жыл мерзімге мүлік салығынан
босату және тауарларды импортын кеден салығынан босату арқылы қамтамасыз
етуге кірісті. Осы Заңға қосымша ретінде 1997ж. қабылданған Тікелей
отандық және шетел инвестицияларын экономиканың басымды салаларына
жұмылдыру туралы ҚР Президентінің Жарлығында экономиканың негізгі салалары
анықталды:
1. өндірістік инфрақұрылым;
2. өңдеу өнеркәсібі;
3. Астана қаласының объектілері;
4. тұрғын үй, әлеуметтік сфера және туризм объектілері;
5. ауыл шаруашылығы.
Осы заңнамалық актілер негізінде ҚР Үкіметі тарапынан инвестициялар
бойынша жауапты органдарға инвестициялық маңызы бар салалар тізімін
айқындау жұмысы тапсырылды. Төмендегі кесте мәліметтерінен көрініп
тұрғандай, инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қажетті инвестициялардың
көп бөлігі өңдеу салаларына тартылады жәнебұл тенденция ұзақ сақталуда.

Кесте 3 - Қазақстан Республикасының экономика салалары бойынша
инвестициялардың үлесі (2008 ж. мәліметтер)

Экономика секторы Қажетті инвестициялар Инвестициялық жобалар
көлемі саны
АҚШ долл. Пайызбен % Бірлікпен Пайызбен %
Өндірістік 2713414828 29,16% 27 9,78%
инфрақұрылым
Өңдеу өнеркәсібі 3747834916 40,28% 189 68,48%
Тұрғын үй, әлеуметтік153812003 1,65% 6 2,17% ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалық сараптау
Инвестициялық жобаның түсінігі және оны бағалау әдістері
Инвестициялық жобаның техникалық негізделгендігін және сатып алынуын бағалауға қойылатын талаптар
Инвестициялық жобаларды бағалаудың статистикалық әдістері
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Десерт-бар
Инвестициялық жобаны қаржыландыру жайлы
Инвестициялық жоба мәні, мақсаты жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындау
Инвестициялық жобаның өмірлік циклі
Пәндер