Экологиялық қылмыстарға түсінік


Жоспар:
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім . . .
Экологиялық қылмыстарға түсінік.
1. Экологиялық қылмыстардың түсінігі және басқа да қылмыстық құрамдардан айырмашылығы . . .
2. Экологиялық қылмыстардың түрлері . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгiнгi таңда Қазақстан халқы үшін үлкен мәселе, ол қоршаған ортаны қорғау. Келер ұрпаққа таза ауа мен су қалдыру. Ғылыми-техникалық прогрестiң дамып тұрған кезiнде, табиғаттың пайдасы мен зиянкестi мәселелерiн ұмытпаған жөн. Өндiрiсi дамып келе жатқан мемлекетiмiздiң қоршаған ортасының ластануына да жол бермеуiмiз керек.
Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент Н. Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.
Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз»/1/.
Ғылыми-техникалық прогрестің екпінді дамуы соңғы жүз жылдықтың ішінде қоғамның өміріне көптеген игіліктерді әкелді, олар өмір сүрудің деңгейі мен жайлығын көтеруге, адамдардың ауқаттылығын жақсартуына болысты. Бірақ бұл дамуының ар жағы да бар, ол табиғи байлықтарды өндірудің қарқындауымен және ластаушы заттар көлемінің артуымен қатар жүреді. Осы жағдайлар қоршаған орта күйінің нашарлауына әкеліп соқтырды.
Адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасы өзінің критикалық шекарасына жетті. В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам «мықты геологиялық күшке» айналды, ол өзінің еңбегі мен ойы арқылы табиғатты одан әрі басып, өз өмірінің болмысын позитивті қайта құру мүмкіншілігіне ие, бірақта табиғи процестердің заңды өтуін бұзып, өзіне лайықсыз өзгерістерді тудыруы мүмкін. Адам өзін табиғаттың заңдарына бағынатын, оның бір бөлігі екендігін, оның дамуы басқа тірі организмдерінің дамуымен параллельді жүретінін ұмытып барады.
Экологиялық қылмыстарға түсінік.
- Экологиялық қылмыстардың ұғымы және басқа да қылмыстық құрамдарының айырмашылығы.
Экологиялық қылмыстар өзіндік мазмұны мен арнайы белгілері бар құқыққа қайшы іс-әрекет болып табылады. Алғаш рет «экология» түсігін ғылыми айналысқа өзінің 1866жылы «Жалпы морфология» деген еңбегінде Э. Геккель енгізген болатын. /3, с. 5/ Экология сөзі ұзақ уақыт бойы ғылыми пән тірі организмдермен қоршаған ортаның ара-қатынасын реттейтін биологиялық бөлімі ретінде қолданады.
Соңғы үш онжылдықта «экология» ұғымы әлеуметтік ұғымға айнала бастады. Бұның себебі адамдардың өмір сүру ортасының өздерінің жеке қызметтердің арқасында нашарлануы, өндірістік өндірістік қызметінің сипаттының өзгерімен, табиғи ресурстарды пайдаланудың жаңа жолдарының пайда болумен тікелей байланысты. Қазіргі жаңа ұғымы бойынша экология қоғам мен қоршаған табиғи ортаның байланысын реттейтін ғылым болып табылады.
Сонымен қатар көптеген экологиядан туынды ұғымдар пайда бола бастады. Олар: адам экологиясы, экологиялық қағидалар, экологиялық кризис, экологиялық саясат және т. б. /4, с. 6/. Осыған орай әлеуметтік экология қоғамда ерекше орынға ие бола бастады. Адамдар арасында сұранысты, моральдік аспектілері бар ұғымға айналып, осыдан «экологиялық этика», «экологиялық мәдениет», «экологиялық-құқықтық сана», тіпті «экологиялық наным-сенім» концепциялары пайда болды.
Юриспруденция саласында «экология» термині алғаш рет 1972 жылы КСРО-ның Жоғарғы Сотының Пленумындағы табиғатты қорғау жөніндегі заңдардың қолдану тәжірибесі жөнінде талқылауда О. С. Кольасовпен қолданылады. Ал экологиялық құқықбұзушылықтар жөніндегі мәселелер КСРО - ның Жоғарғы Кеңесінің “ О неотложных мерах экологического оздоровления страны” ( 1989г. ) деген қаулысында қарастырылды.
Заң шығару деңгейінде бұл ұғым “ Основах уголовного законодательства Союза ССР и Республик” ( 1991г. ) шықты. Оның 3 бабында : екі не одан көп республикалардың экологиялық құқықтары мен мүдделері жайлы, ал 27 бабында - экологиялық қауіптің төнуі туралы жазылған.
1992 жылғы Ресейдің жаңа Қылмыстық Кодексінде экологиялық қылмыстарға арналып арнайы тарау берілген. Қазақстан Республикасының Жаңа қылмыстық Кодексінде де экологиялық қылмыстарға арнайы тарау бар.
Экологиялық қылмыс жөнінде бірнеше Кеңес дәуіріндегі заңгер ғалымдардың берген анықтамалары айтарлықтай бар. Соның бірі В. В. Петров былай деген: экологиялық құқық бұзушылық - ол айыпты, құқыққа қайшы, адам денсаулығына нақты қауіп төндіретін әрекет болып табылады. /5. с. 13. /.
Бұл жерде экологиялық құқықтық тәртіп деп табиғат қорғау заңдарының қызмет істеу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды түсінеміз.
1998 жылы бұл мәселе алғашқы орынға ие болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі құқық қорғау органдарына “ экологиялық құқық бұзушылық” ұғымын енгізу жөнінде бірнеше тапсырмалар берді. Онымен қоса лауазымды тұлғалардың болған апаттардың экологиялық зардаптарын, тұрғылықты халықтың денсаулығы және өмір сүру ортасының ластануы жайлы ақпараттарды қасақана жасырғаны үшін жауаптылық мәселесі жөнінде ұсыныстар берілді.
Заң шығару органының бұл шешімі қылмыстық құқық теориясына “ экологиялық қылмыстар” түсінігін енгізу арқылы, басқа экологиялық құқық бұзушылықтардан айырмашылықтарын, сол сияқты қоғамдық қауіпсіздікке қарсы бағытталған қылмыстардан, адамның жеке басына және денсаулығына қарсы қылмыстардан, меншікке қарсы қылмыстардан, меншікке қарсы бағытталған қылмыстардан ажыратып алуға үлкен септігін тигізді.
Заң әдебиеттерінде табиғатты қорғау саласында экологиялық қылмыстарды анықтау жөнінде бірнеше көзқарастар бар. В. И. Андрейцев экологиялық қылмыстар деп - қоршаған табиғи ортаның табиғи ресурстарынпайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңмен белгіленген режимді бұзуға бағытталған әрекеттерді түсінуді айтады. /6. с. 23/.
Э. Н. Жевлаковтың айтуынша экологиялық қылмыстар - адамдардың өмір сүруінің биологиялық негізінде, өміріне, денсаулығына және шаруашылық қызметіне қол сұғушылық болып табылады. Экологиялық қылмыстар - бұл табиғат арқылы, оған әсер ету негізінде адамға қарсы бағытталған қылмыс деп түсіндіреді. /7. с. 38/.
Табиғатты қорғау саласындағы қылмыстар туралы Ю. И. Ляпунов былай дейді: табиғи ресурстарға қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті, айыпты іс - әрекет арқылы әсер ету, яғни оны басып алу ( билік ету), жою ( құрту), бұзу ( жарамсыз ету) /8. с. 41/.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстар - бұл қоғамға қауіпті, құқыққа қайшылығымен қоршаған ортаны қорғау немесе табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қауіп - қатерге төндіру не оған зиян келтіру деп есептейді И. М. Тяжкова. /9. с. 18/.
О. Л. Дубовик пен А. Э. Жалинский экологиялық қылмыс деп заңмен белгіленген қоғамға қауіпті әрекет ( әрекет және әрекетсіздік) арқылы қоршаған ортаға, оның компоненттеріне, адам өміріне қажетті және әлеуметтік құндылық ретінде саналатын табиғи объектілерге, оны қорғауға, ұтымды пайдалануға тигізетін қолсұғушылықты айтады. /10. с. 21/.
Табиғат қорғау саласындағы және оны ұтымды пайдалануға қарсы бағытталған қылмыстардың құрамдарын талдау арқылы мынадай анықтама жасауға болады дейді - П. Ф. Повелицына. Яғни экологиялық қылмыстар - бұл қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін сақтауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қарсы қарсы бағытталған қоғамға қауіпті заңмен белгіленген қолсұғушылықтар болып табылады.
В. В. Петровтың ойы бойынша, экологиялық қылмыстар деп - белгіленген экологиялық құқықтық тәртіпке және табиғи ортаға, адам денсаулығына қол сұғатын қоғамға қауіпті іс - әрекет немесе осындай қауіп төндіруді айтады.
Экологиялық қылмыстардың түсінігі Қазақ ССР - нің Заңы “ Қазақ ССР - ғы қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы” заңында да берілген. Ондағы 72 бапта: экологиялық қылмыс деп қоршаған табиғи ортаны қорғау заңда көрсетілген республикадағы экологиялық құқық тәртіпке, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға, не нақты қауіп төндіретін экологиялық зардап тудыратын қылмыстық заңмен белгіленген қоғамға қауіпті іс - әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік) түсіндіріледі.
Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс - әрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты - нақты табиғат ресурстары; жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман - тоғай, мал т. б. болады.
Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі экологиялық қылмыстарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар. Тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты. Қылмыстық кодекстің 11 - тарауындағы экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді: экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы ( 277 - бап) ; ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы ( 278 - бап) ; микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы ( 279 - бап) ; мал дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы ( 280 - бап) ; экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау ( 294 - бап) ; Су және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар; суларды ластау, бітеу және сарқу ( 281 - бап) ; атмосфераны ластау (282 - бап) ; теңіз аясын ластау ( 283 - бап) ;
Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар. Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы ( 284 - бап) ; жерді бүлдіру; жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу( 286 - бап) ;
Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу( 287 - бап) ; жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу( 289 - бап) ; заңсыз аңшылық ( 288 - бап) ;
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу ( 291 - бап) ; ормандарды жою немесе зақымдау ( 292 - бап) ;
Ерекше табиғи - биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс - әрекеттер ( 290 - бап) ; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы ( 293 - бап) ; Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы ( 277 - бап) ;
Қылмыстық кодекстің 277 - бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей объектісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар, табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қатынастар болып табылады. /17. с. 37/.
Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, орналастыру салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы арқылы сипатталады.
Заңда көрсетілген шаруашылық немесе өзге де қызметті жургізу үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптарын сақтау қажет: жобаны техникалық-экологиялық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластауды жою шараларын қатыстырумен қоршаған ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді орналастыруға табиғат ресусрстарын тиімді пайдалану жақтары, экологиялық, экономикалық, демографиялық процесстердің даму ерекшеліктері еске алынуы, сондай-ақ объектілердің құрлысы құзіретті мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рұқсатын алынғаннан кейін жүргізілуі керек. /6, с. 131/
Объектілер барлық талаптар орындалғаннан кейін ғана пайдалануға беріледі; әскери және қорғаныс объектілері, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын барлық талаптар орындалған соң іске қосылады.
Осы қылмыстың объективтік жағы ҚК-нің 277-бабының диспозициясында көрсетілген шаруашылық және өзге де жұмыстарды жүргізуге қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы, қылмыстардың зардабы және олардың арасындағы себепті байланыс арқылы көрініс табады.
Талаптардың бұзылуын анықтау үшін арнаулы нормативті - құқықтық актілерге жүгінуге талап етеді: яғни бұл баптың диспозициясы бланкеттік. Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы “ Экологиялық сараптама туралы”; Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 15 шілдедегі “ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы”; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі “ Қоршаған ортаны қорғау туралы”; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қарашадағы “ Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы”; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы “ Өсімдіктер карантині туралы” заңдары, сондай- ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т. б. заңдар жатады.
Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы Қазақстан Республикасының “ Экологиялық сараптама туралы” арнаулы заңымен реттеледі.
Экологиялық қылмыстардың негізін бір ғана заң категориясымен түсіну мүмкін емес. Бұл мәселеге кешенді жүйелі түрде келген жөн. Ол үшін қоғам мен табиғаттың ара - қатынасының негізін, адамның табиғатта алатын ролі мен орнын анықтау қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде экологиялық құқық дегеніміз қоршаған ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғатын кінәлі әрекет болып табылады. /4. с. 17/.
Қылмыс туралы сөз болған жерде қылмыстық құрам туралы сұрақ қойылады. Қылмыстық құрам қылмыстық құқық теориясындағы даулы мәселелердің бірі болып табылады.
Соның ішінде экологиялық қылмыстық құрам қылмыстық құқық теориясында ең күрделі шиелінескен мәселелердің негізгісі болып табылады.
Бұл мәселе жөнінде бірнеше авторлардың айтқан пікірлері жеткілікті. Экологиялық қылмыстық құрамдар туралы әртүрлі көзқарастардың экологиялық қылмыстардың объектісі, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың ішкі құрылысы және оның элементтерінің мазмұны туралы қарама - қайшы көзқарастардың орын алуында.
Қылмыстық құрамды дұрыс анықтау теориялық және практикалық мәнге ие. Құрамды дұрыс анықтау қылмыстың әлеуметтік - саяси мәнін және оның қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ашуға көмектеседі. /8. с. 11/.
Экологиялық қылмыстық құрамдарды заң әдебиеттерінде басқа қылмыстық құрамдармен алмастыру бірнеше заңгер ғалымдардың еңбектерінде айтылған.
Ғалымдардың көзқарастары бойынша экологиялық қылмыстардың құрамдарын шаруашылық қылмыстардың құрамдарымен меншіктік қылмыстардың құрамдарымен алмастырып айтады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдарын талдай келе шаруашылық қылмыстардың қылмыстық құрамдарынан өзіндік айырмашылықтары бар. Себебі қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың негізінде зардап тек халық шаруашылығы емес, қоршаған ортаға да келеді. Мысалы: Экологиялық жүйенің өзгеруі, энергетикалық, жылу, радияциялық баланстың өзгеруі, климаттың өзгеруі және т. б. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдарын шаруашылық қылмыстардың қылмыстық құрамдарымен ғана айырмашылығын көрсету жеткіліксіз.
Басқа ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық қылмыстардың қылмыстық құрамдарын меншіктік қылмыстардың қылмыстық құрамдарымен орын ауыстырады. Меншіктік қылмыстардың қатынастарын мемлекеттік меншік, яғни табиғи байлықтардың материалданған мемлекеттің меншігінде деп түсіндіреді. /10. с. 21/.
Бұл туралы көзқарас Ю. И. Ляпуновтың еңбегінде толық жетілдірілген нысанда көрініс тапқан. Ляпуновтың қарастырған концепциясының негізінде табиғи ресурстарға қарсы бағытталған қолсұғушылық, ол мемлекеттік меншіктің қоғамдық өндірістік қатынастардың материалдық негізіне қолсұғушылық деген қорытынды жатыр. Дәлірек айтқанда, оның пікірі бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдары, мемлекеттің меншігіндегі табиғи байлықтардың заттандырылған түріндегі қатынастар болып табылады. /11. с. 13/.
Бұл жерде Ю. И. Ляпуновтың көзқарасымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың құрамын меншікпен мағыналастыру қылмыстың мәнін экологиялық тұрғыдан қажетті деңгейде ашып көрсетпейді, ол таза экономикалық категория ретінде қарастырады.
Сонымен қатар меншікте тек қана табиғаттың белгілі бір заттай нысанға айналған және адамдардың билігінде орналасқан объектілер ғана болды. Бірақ қылмыстық құқық табиғи ортаның ешкімнің меншігінде болмайтын элементтерін де қорғайды. Мысалы: атмосфералық ауа, ашық теңіз суы.
Жоғарыда қарастырылып жатқан көзқарас бойынша аталған элементтер қылмыстық қүқықпен қорғалу мүмкіндегі жоқ, себебі ол элементтер мемлекет меншігінің пәні болып табылмайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың пәні болып мүлік, тауар, құнға ие материалданған құндылықтар табылады. Экологиялық қылмыстардың пәні - табиғат ресурстары, яғни табиғаттан белгілі бір адам еңбегі арқылы бөлініп алынған кезде ғана тауар - ақшаны санына айналады.
Әрқашанда қоршаған орта тығыз байланысын тоқтатпай тұратын табиғат, табиғи объектінің болуы экологиялық қылмыстық құрамдардың басқа ұқсас, сол сияқты табиғи объектінің байланысты қылмыстық құрамдардан айырмашылығын көрсететін арнайы белгілеріне жатады. Табиғат объектілерімен байланысты қылмыстың барлығы экологиялық қылмыстар болып табылмайды. Табиғат объектілерімен байланысты қылмыстарды экологиялық деп тану үшін қолсұғушылық болған сәтте объект экологиялық байланыс жүйесінде болуы қажет. /13. с. 99/.
Аталған белгіге байланысты экологиялық қылмыстық құрамдарға мынадай құрамдарды, ұрлау, жою, жабайы аңдармен құстарды, еріксіз ұстаудағы зоопарктердегі және т. б. жануарлар, құстарды, аквариумдегі балықтарды, балық шаруашылығындағы сату, пайдалану мақсатындағы балықтарға зиян келтіруді жатқызуға болмайды. Жоғарыдағы көрсетілген қолсұғушылық объектілер табиғи жаратылысқа ие болғанмен, олар біріңғай экологиялық жүйеде болмағандықтан және қоршаған орта және оны қорғауға әсерін тигізбегендіктен бір топқа жатқызылмайды.
Осыған байланысты В. В. Петров былай деген: табиғат объектілері үш титулға ие, табиғат объектісі, меншік және шаруашылық меншіктері. Расында да табиғатты қорғай отырып, біз табиғат объектісінің иесінің пайдаланушылық, жалға берушінің құқықтарын қорғаймыз. /6. с. 19/.
2. Экологиялық қылмыстардың жүйесі.
Арнайы экологиялық қылмыстардың түрлерін жүйеге айналдыру жөнінде бірнеше рет байқау жасады. Олар арнайы экологиялық қылмыстық субъектіні сапалы көрсеткіші бойынша топтастырады.
Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу ( 289 - бап) . Қылмыстың тікелей объектісі жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты жануарлар дүниесі.
Жануарлар дүниесі мемлекетіміздің табиғи байлықтарының, ең басты бөлігі, оған Республика аумағында құрғақта, суда, аспанда және жер астындағы еркін өмір сүретін жануарлардың барлығы жатады. Жануарлар түріне: сүтқоректілер, құстар бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер жатады.
Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 21 қазанда қабылданған “ Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы”, “ Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” заңдарында баян етілген.
Осыған орай жануарлар дүниесін құқықтық қорғау, өсімін молайту, оларды сақтауға мемлекет айрықша мән беріп, оларды қорғау ережелерін елеулі түрде бұзған жағдайда кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту шаралары көзделген. /15. с. 22/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz