Экологиялық қылмыстардың түрлеі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I-тарау Экологиялық қылмыстарға түсінік.

1. Экологиялық қылмыстардың түсінігі және басқа да қылмыстық құрамдардан
айырмашылығы

2. Экологиялық қылмыстардың түрлеі

1.3 Экологиялық қылмыстардың объектісі және объективтік жағын анықтаудың
кейбір құқықтық мәселесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Елімізде экологияны қорғау тек біз ғана емес сонымен қатар
көрші шет елдерге де ерекше маңыз болып отыр. Экологияны қорғау
туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 2008 жылғы халыққа жолдауында атап көрсеткен.
Бүгінде қоғамымызда жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуы,
мемлекетімізде қылмыс құралдарының пайда болуына әкеп соқтырып
отыр. Жиырмасыншы жүзжылдықта халық санының өсуі , ғылыми -
техникалық жаңалықтардың ашылуы, өз кезегінде табиғи байлықтардың
жойылуына, қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтырып отыр.
Табиғи ресурстар материалдық өндірістің өсуіне, нарықтық
қатынастардың одан әрі дамуына және жетілдіріле түсуіне ықпал
жасайтын өндірістік күштердің құрамды бөлігі болып табылады.
Табиғатпен өзара қарым – қатынас жасап, сан – алуан іс - әрекетке
бара отырып, адамдар бір жағынан оған ықпал етеді, яғни басқаша
сөзбен айтқанда, оны өзгертеді, сондай – ақ оны қайта өзгерту
барысында өзі де өзгерістерге ұшырайды. Қоғам мен табиғаттың
бір – біріне деген өзара әсер ету процесі жүреді.
Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстармен қамтамасыз етілген
әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Алайда біздің еліміздің
табиғи ресурстарының соншама молдығына қарамастан , оған
қамқорлықпен қарау қажеттілігі әрқашан туындап отырады. Әрине,
қоғамның қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық
мұқтаждықтарына белсенді түрде пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс
нарықтық қатынастар дами түскен сайын одан әрі күрделене береді.
Көрініп отырғандай, судың тапшылығы ұзақ уақыт бойы өзекті болып
қала береді.
Қазіргі таңда адамдарға тиесілі ресурстардың көбісі
толығымен қолданысқа алынған, өмір сүру ортасының нашарлауы,
құрлықтардың химиялық және радиоактивті заттармен улануы,
климаттың өзгеруі, өсімдіктер мен жануарлардың азаюы орын алып
отыр. Осы туындап отырған жағдайдың арқасында жер бетінде
табиғи реакцияның бұзылуына, адамдар арасында түрлі – түрлі
аурулардың пайда болуына апарып отыр. 1 ,с.1
Бұл жағдай біздің елімізге де қатысты болып отыр.
1992 жылы 18 қаңтардың № 1162 – XII Жоғарғы кеңестің қаулысы
бойынша Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып
жарияланды. Аталған аймақ қалпына келтіруге келмейтін, Арал
теңізі және ондағы аймақта тұратын халықты әлеуметтік қорғау
үлкен проблема болып отыр.
Аймақтың тағдыры аса күрделі экологиялық ақуалмен
анықталатын болады. Табиғи, оның ішінде, энергетикалық ресурстар үшін
өршіп тұрған күрес жағдайында Орталық Азия ерекше ынта туғызып
отыр.

І-тарау. Экологиялық қылмыстар туралы жалпы түсінік және әртүрлі ғылыми
көзқарастар.

1. Экологиялық қылмыстардың ұғымы және басқа да қылмыстық
құрамдарының айырмашылығы.

Экологиялық қылмыстар өзіндік мазмұны мен арнайы белгілері бар
құқыққа қайшы іс-әрекет болып табылады. Алғаш рет экология түсігін
ғылыми айналысқа өзінің 1866жылы Жалпы морфология деген еңбегінде
Э.Геккель енгізген болатын. 3, с.5 Экология сөзі ұзақ уақыт бойы ғылыми
пән тірі организмдермен қоршаған ортаның ара-қатынасын реттейтін
биологиялық бөлімі ретінде қолданады.
Соңғы үш онжылдықта экология ұғымы әлеуметтік ұғымға айнала
бастады. Бұның себебі адамдардың өмір сүру ортасының өздерінің жеке
қызметтердің арқасында нашарлануы, өндірістік өндірістік қызметінің
сипаттының өзгерімен, табиғи ресурстарды пайдаланудың жаңа жолдарының
пайда болумен тікелей байланысты. Қазіргі жаңа ұғымы бойынша
экология қоғам мен қоршаған табиғи ортаның байланысын реттейтін
ғылым болып табылады.
Сонымен қатар көптеген экологиядан туынды ұғымдар пайда бола
бастады. Олар: адам экологиясы, экологиялық қағидалар, экологиялық
кризис, экологиялық саясат және т.б. 4,с.6. Осыған орай әлеуметтік
экология қоғамда ерекше орынға ие бола бастады. Адамдар арасында
сұранысты, моральдік аспектілері бар ұғымға айналып, осыдан
экологиялық этика, экологиялық мәдениет, экологиялық-құқықтық сана,
тіпті экологиялық наным-сенім концепциялары пайда болды.
Юриспруденция саласында экология термині алғаш рет 1972 жылы
КСРО-ның Жоғарғы Сотының Пленумындағы табиғатты қорғау жөніндегі
заңдардың қолдану тәжірибесі жөнінде талқылауда О.С.Кольасовпен
қолданылады. Ал экологиялық құқықбұзушылықтар жөніндегі мәселелер КСРО
– ның Жоғарғы Кеңесінің “ О неотложных мерах экологического
оздоровления страны” ( 1989г.) деген қаулысында қарастырылды.
Заң шығару деңгейінде бұл ұғым “ Основах уголовного
законодательства Союза ССР и Республик” ( 1991г.) шықты. Оның 3
бабында : екі не одан көп республикалардың экологиялық құқықтары
мен мүдделері жайлы, ал 27 бабында – экологиялық қауіптің төнуі
туралы жазылған.
1992 жылғы Ресейдің жаңа Қылмыстық Кодексінде экологиялық
қылмыстарға арналып арнайы тарау берілген. Қазақстан Республикасының
Жаңа қылмыстық Кодексінде де экологиялық қылмыстарға арнайы тарау
бар.
Экологиялық қылмыс жөнінде бірнеше Кеңес дәуіріндегі заңгер
ғалымдардың берген анықтамалары айтарлықтай бар. Соның бірі В.В. Петров
былай деген: экологиялық құқық бұзушылық – ол айыпты, құқыққа қайшы,
адам денсаулығына нақты қауіп төндіретін әрекет болып табылады.5.с.13..
Бұл жерде экологиялық құқықтық тәртіп деп табиғат қорғау
заңдарының қызмет істеу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды
түсінеміз.
1998 жылы бұл мәселе алғашқы орынға ие болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі
құқық қорғау органдарына “ экологиялық құқық бұзушылық” ұғымын енгізу
жөнінде бірнеше тапсырмалар берді. Онымен қоса лауазымды тұлғалардың
болған апаттардың экологиялық зардаптарын, тұрғылықты халықтың денсаулығы
және өмір сүру ортасының ластануы жайлы ақпараттарды қасақана
жасырғаны үшін жауаптылық мәселесі жөнінде ұсыныстар берілді.
Заң шығару органының бұл шешімі қылмыстық құқық теориясына “
экологиялық қылмыстар” түсінігін енгізу арқылы, басқа экологиялық құқық
бұзушылықтардан айырмашылықтарын, сол сияқты қоғамдық қауіпсіздікке қарсы
бағытталған қылмыстардан, адамның жеке басына және денсаулығына қарсы
қылмыстардан, меншікке қарсы қылмыстардан, меншікке қарсы бағытталған
қылмыстардан ажыратып алуға үлкен септігін тигізді.
Заң әдебиеттерінде табиғатты қорғау саласында экологиялық қылмыстарды
анықтау жөнінде бірнеше көзқарастар бар. В.И. Андрейцев экологиялық
қылмыстар деп – қоршаған табиғи ортаның табиғи ресурстарынпайдалану және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңмен белгіленген режимді
бұзуға бағытталған әрекеттерді түсінуді айтады.6.с.23.
Э.Н. Жевлаковтың айтуынша экологиялық қылмыстар – адамдардың өмір
сүруінің биологиялық негізінде, өміріне, денсаулығына және шаруашылық
қызметіне қол сұғушылық болып табылады. Экологиялық қылмыстар – бұл табиғат
арқылы, оған әсер ету негізінде адамға қарсы бағытталған қылмыс деп
түсіндіреді.7.с.38.
Табиғатты қорғау саласындағы қылмыстар туралы Ю.И. Ляпунов былай
дейді: табиғи ресурстарға қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті,
айыпты іс - әрекет арқылы әсер ету, яғни оны басып алу ( билік ету),
жою ( құрту), бұзу ( жарамсыз ету) 8.с.41.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстар – бұл қоғамға
қауіпті, құқыққа қайшылығымен қоршаған ортаны қорғау немесе табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалануды қауіп – қатерге төндіру не оған зиян келтіру
деп есептейді И.М. Тяжкова. 9.с.18.
О.Л. Дубовик пен А.Э. Жалинский экологиялық қылмыс деп заңмен
белгіленген қоғамға қауіпті әрекет ( әрекет және әрекетсіздік) арқылы
қоршаған ортаға, оның компоненттеріне, адам өміріне қажетті және әлеуметтік
құндылық ретінде саналатын табиғи объектілерге, оны қорғауға, ұтымды
пайдалануға тигізетін қолсұғушылықты айтады. 10.с.21.
Табиғат қорғау саласындағы және оны ұтымды пайдалануға қарсы
бағытталған қылмыстардың құрамдарын талдау арқылы мынадай анықтама
жасауға болады дейді – П.Ф. Повелицына. Яғни экологиялық қылмыстар – бұл
қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін сақтауға
және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қарсы қарсы бағытталған
қоғамға қауіпті заңмен белгіленген қолсұғушылықтар болып табылады.
В.В. Петровтың ойы бойынша, экологиялық қылмыстар деп – белгіленген
экологиялық құқықтық тәртіпке және табиғи ортаға, адам денсаулығына қол
сұғатын қоғамға қауіпті іс - әрекет немесе осындай қауіп төндіруді айтады.
Экологиялық қылмыстардың түсінігі Қазақ ССР – нің Заңы “ Қазақ ССР
– ғы қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы” заңында да берілген.
Ондағы 72 бапта: экологиялық қылмыс деп қоршаған табиғи ортаны қорғау
заңда көрсетілген республикадағы экологиялық құқық тәртіпке, адамдардың
денсаулығына немесе қоршаған ортаға, не нақты қауіп төндіретін экологиялық
зардап тудыратын қылмыстық заңмен белгіленген қоғамға қауіпті іс -
әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік) түсіндіріледі.
Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына
халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық
заңға қайшы іс - әрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты – нақты табиғат ресурстары; жер,
су, ауа, жануарлар дүниесі, орман – тоғай, мал т.б. болады.
Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі қоршаған ортаны қорғау,
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи
жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі
экологиялық қылмыстарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар. Тікелей
объектісінің ерекшеліктеріне байланысты. Қылмыстық кодекстің 11 –
тарауындағы экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар шаруашылық және өзге де
қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы ( 277 - бап); ықтимал
экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды
өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы ( 278 - бап);
микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен
жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы ( 279 - бап); мал
дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы
күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы ( 280 - бап); экологиялық
ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау ( 294 - бап); Су және
атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар; суларды
ластау, бітеу және сарқу ( 281 - бап); атмосфераны ластау (282 – бап);
теңіз аясын ластау ( 283 - бап);
Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне
қол сұғатын қылмыстар. Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы
және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың
бұзылуы ( 284 - бап); жерді бүлдіру; жер қойнауын қорғау және пайдалану
ережелерін бұзу( 286 - бап);
Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне
қарсы қылмыстар: су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу( 287 -
бап); жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу( 289 - бап); заңсыз
аңшылық ( 288 - бап);
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы
қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу ( 291 - бап); ормандарды жою
немесе зақымдау ( 292 - бап);
Ерекше табиғи – биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне
қарсы қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып
кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс - әрекеттер ( 290 - бап); ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы ( 293 - бап); Шаруашылық
және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы ( 277
- бап);
Қылмыстық кодекстің 277 – бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей
объектісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар,
табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қатынастар болып
табылады. 17.с.37.
Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану,
кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жобалау, орналастыру
салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп,
энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық
мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да
елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне,
әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы
үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір
ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе
өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға
әкеп соғуы арқылы сипатталады.
Заңда көрсетілген шаруашылық немесе өзге де қызметті жургізу
үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптарын сақтау қажет:
жобаны техникалық-экологиялық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны
зиянды қалдықтармен ластауды жою шараларын қатыстырумен қоршаған
ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді
орналастыруға табиғат ресусрстарын тиімді пайдалану жақтары,
экологиялық, экономикалық, демографиялық процесстердің даму
ерекшеліктері еске алынуы, сондай-ақ объектілердің құрлысы құзіретті
мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рұқсатын
алынғаннан кейін жүргізілуі керек. 6,с.131
Объектілер барлық талаптар орындалғаннан кейін ғана пайдалануға
беріледі; әскери және қорғаныс объектілері, әскери және ғарыш
қызметіне қойылатын барлық талаптар орындалған соң іске қосылады.
Осы қылмыстың объективтік жағы ҚК-нің 277-бабының
диспозициясында көрсетілген шаруашылық және өзге де жұмыстарды
жүргізуге қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы, қылмыстардың
зардабы және олардың арасындағы себепті байланыс арқылы көрініс
табады.
Талаптардың бұзылуын анықтау үшін арнаулы нормативті – құқықтық
актілерге жүгінуге талап етеді: яғни бұл баптың диспозициясы бланкеттік.
Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама. Олардың
қатарына: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы “ Экологиялық
сараптама туралы”; Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 15 шілдедегі “ Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы”; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15
шілдедегі “ Қоршаған ортаны қорғау туралы”; Қазақстан Республикасының 1993
жылғы 21 қарашадағы “ Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және
пайдалану туралы”; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы “
Өсімдіктер карантині туралы” заңдары, сондай- ақ жер қатынастары,
атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б. заңдар жатады.
Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы Қазақстан
Республикасының “ Экологиялық сараптама туралы” арнаулы заңымен реттеледі.
Экологиялық қылмыстардың негізін бір ғана заң категориясымен
түсіну мүмкін емес. Бұл мәселеге кешенді жүйелі түрде келген жөн. Ол үшін
қоғам мен табиғаттың ара – қатынасының негізін, адамның табиғатта алатын
ролі мен орнын анықтау қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде экологиялық құқық дегеніміз
қоршаған ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғатын
кінәлі әрекет болып табылады. 4.с.17.
Қылмыс туралы сөз болған жерде қылмыстық құрам туралы сұрақ қойылады.
Қылмыстық құрам қылмыстық құқық теориясындағы даулы мәселелердің бірі
болып табылады.
Соның ішінде экологиялық қылмыстық құрам қылмыстық құқық теориясында
ең күрделі шиелінескен мәселелердің негізгісі болып табылады.
Бұл мәселе жөнінде бірнеше авторлардың айтқан пікірлері жеткілікті.
Экологиялық қылмыстық құрамдар туралы әртүрлі көзқарастардың экологиялық
қылмыстардың объектісі, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың ішкі
құрылысы және оның элементтерінің мазмұны туралы қарама – қайшы
көзқарастардың орын алуында.
Қылмыстық құрамды дұрыс анықтау теориялық және практикалық мәнге
ие. Құрамды дұрыс анықтау қылмыстың әлеуметтік – саяси мәнін және оның
қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ашуға көмектеседі. 8.с.11.
Экологиялық қылмыстық құрамдарды заң әдебиеттерінде басқа қылмыстық
құрамдармен алмастыру бірнеше заңгер ғалымдардың еңбектерінде айтылған.
Ғалымдардың көзқарастары бойынша экологиялық қылмыстардың құрамдарын
шаруашылық қылмыстардың құрамдарымен меншіктік қылмыстардың құрамдарымен
алмастырып айтады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдарын
талдай келе шаруашылық қылмыстардың қылмыстық құрамдарынан өзіндік
айырмашылықтары бар. Себебі қоршаған ортаны қорғау саласындағы қылмыстардың
негізінде зардап тек халық шаруашылығы емес, қоршаған ортаға да келеді.
Мысалы: Экологиялық жүйенің өзгеруі, энергетикалық, жылу, радияциялық
баланстың өзгеруі, климаттың өзгеруі және т.б. Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдарын шаруашылық қылмыстардың
қылмыстық құрамдарымен ғана айырмашылығын көрсету жеткіліксіз.
Басқа ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық қылмыстардың
қылмыстық құрамдарын меншіктік қылмыстардың қылмыстық құрамдарымен орын
ауыстырады. Меншіктік қылмыстардың қатынастарын мемлекеттік меншік,
яғни табиғи байлықтардың материалданған мемлекеттің меншігінде деп
түсіндіреді. 10.с.21.
Бұл туралы көзқарас Ю.И. Ляпуновтың еңбегінде толық жетілдірілген
нысанда көрініс тапқан. Ляпуновтың қарастырған концепциясының негізінде
табиғи ресурстарға қарсы бағытталған қолсұғушылық, ол мемлекеттік меншіктің
қоғамдық өндірістік қатынастардың материалдық негізіне қолсұғушылық деген
қорытынды жатыр. Дәлірек айтқанда, оның пікірі бойынша қоршаған ортаны
қорғау саласындағы қылмыстардың қылмыстық құрамдары, мемлекеттің
меншігіндегі табиғи байлықтардың заттандырылған түріндегі қатынастар
болып табылады. 11.с.13.
Бұл жерде Ю.И. Ляпуновтың көзқарасымен қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қылмыстардың құрамын меншікпен мағыналастыру қылмыстың мәнін
экологиялық тұрғыдан қажетті деңгейде ашып көрсетпейді, ол таза
экономикалық категория ретінде қарастырады.
Сонымен қатар меншікте тек қана табиғаттың белгілі бір заттай
нысанға айналған және адамдардың билігінде орналасқан объектілер ғана
болды. Бірақ қылмыстық құқық табиғи ортаның ешкімнің меншігінде болмайтын
элементтерін де қорғайды. Мысалы: атмосфералық ауа, ашық теңіз суы.
Жоғарыда қарастырылып жатқан көзқарас бойынша аталған элементтер
қылмыстық қүқықпен қорғалу мүмкіндегі жоқ, себебі ол элементтер мемлекет
меншігінің пәні болып табылмайды.
Меншікке қарсы қылмыстардың пәні болып мүлік, тауар, құнға ие
материалданған құндылықтар табылады. Экологиялық қылмыстардың пәні –
табиғат ресурстары, яғни табиғаттан белгілі бір адам еңбегі арқылы бөлініп
алынған кезде ғана тауар – ақшаны санына айналады.
Әрқашанда қоршаған орта тығыз байланысын тоқтатпай тұратын табиғат,
табиғи объектінің болуы экологиялық қылмыстық құрамдардың басқа ұқсас, сол
сияқты табиғи объектінің байланысты қылмыстық құрамдардан айырмашылығын
көрсететін арнайы белгілеріне жатады. Табиғат объектілерімен байланысты
қылмыстың барлығы экологиялық қылмыстар болып табылмайды. Табиғат
объектілерімен байланысты қылмыстарды экологиялық деп тану үшін
қолсұғушылық болған сәтте объект экологиялық байланыс жүйесінде болуы
қажет. 13.с.99.
Аталған белгіге байланысты экологиялық қылмыстық құрамдарға мынадай
құрамдарды, ұрлау, жою, жабайы аңдармен құстарды, еріксіз ұстаудағы
зоопарктердегі және т.б. жануарлар, құстарды, аквариумдегі балықтарды,
балық шаруашылығындағы сату, пайдалану мақсатындағы балықтарға зиян
келтіруді жатқызуға болмайды. Жоғарыдағы көрсетілген қолсұғушылық
объектілер табиғи жаратылысқа ие болғанмен, олар біріңғай экологиялық
жүйеде болмағандықтан және қоршаған орта және оны қорғауға әсерін
тигізбегендіктен бір топқа жатқызылмайды.
Осыған байланысты В.В. Петров былай деген: табиғат объектілері үш
титулға ие, табиғат объектісі, меншік және шаруашылық меншіктері. Расында
да табиғатты қорғай отырып, біз табиғат объектісінің иесінің
пайдаланушылық, жалға берушінің құқықтарын қорғаймыз. 6.с.19.

1.2 Экологиялық қылмыстардың жүйесі.

Арнайы экологиялық қылмыстардың түрлерін жүйеге айналдыру жөнінде
бірнеше рет байқау жасады. Олар арнайы экологиялық қылмыстық
субъектіні сапалы көрсеткіші бойынша топтастырады.
Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу ( 289 - бап). Қылмыстың
тікелей объектісі жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар. Қылмыстың заты жануарлар дүниесі.
Жануарлар дүниесі мемлекетіміздің табиғи байлықтарының, ең басты
бөлігі, оған Республика аумағында құрғақта, суда, аспанда және жер
астындағы еркін өмір сүретін жануарлардың барлығы жатады. Жануарлар
түріне: сүтқоректілер, құстар бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер
жатады.
Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының
Конституциясында, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 21 қазанда
қабылданған “ Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы”, “ Жануарлар дүниесін
қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” заңдарында баян етілген.
Осыған орай жануарлар дүниесін құқықтық қорғау, өсімін молайту,
оларды сақтауға мемлекет айрықша мән беріп, оларды қорғау ережелерін
елеулі түрде бұзған жағдайда кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту
шаралары көзделген.15.с.22.
Қылмыстық кодекстің 289 – бабында көрсетілген қылмыс ( Жануарлар
дүниесін қорғау ережелерін бұзу ) объективтік жағынан : а) өндіріс
процестерін жүзеге асыру мен көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді
қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды
қолдану кезіндегі жануарлар дүниесін қорғау ережелерінің бұзылуы.
Бұларға: қазылған шұңқырларға жаппай жөңкілген жануарлардың құлап
мертігуі, өлуі, көлік құралдарын жүргізушілерінің жануарларды қағып, басып
өлтіруі, зақымдауы, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық
тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қауіпсіз қалдырудан оны
жануарлардың пайдаланып, ауруға, өлім – жітімге ұшырауы сияқты фактілер
жатады. б) аңшылық алқаптарымен балық шаруашылығы тоғандарын
пайдалануымен қорғау тәртібін бұзу. Бұл жерде жануарлардың осы түрін
қорғау ережелерін бұзу туралы сөз болып отыр. Арнаулы нормативті
актілерде ол туралы нақты көрсетілген.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың зардабы
– ірі шығынға соқтырған жануарлар дүниесінің жойылуы немесе қырылуы
болып табылады. Жойылу деп жануарлардың жеке түрінің мүлде жоқ болып
кетуі, ол қырылуы деп оның белгілі бір бөлігінің өлім – жітімге
ұшырауы болып табылады. Жойылуы немесе қырылуы ірі залал көлемінде
болуы керек. Ірі көлемдегі залалдың түсінігі Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 288 – бабының ескертуінше берілген.
Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзумен одан болған
зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет. Қылмыс материалдық
құрамға жатады және ол заңда көрсетілген зардап көрініс алған уақыттан
бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан алғанда
қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істелуі мүмкін. Қылмыстың субъектісі 16
– ға толған жай немесе лауазымды адам.
Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кетуі қауіп
төнген түрлерімен заңсыз айналысу(290 - бап).
Қылмыстың объектісі құрып кету қаупі төнген жануарлар мен
өсімдіктердің қорғалуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты – Қазақстан Республикасының қызыл кітабына негізілген
жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері және олар
мекендейтін жерлер. Қылмыс объективтік жағынан алғанда Қазақстан
Республикасының қызыл кітабына негізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек
кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін немесе олар мекендейтін
орындарды заңсыз олжалап алу, өткізу, сондай – ақ оларды жою арқылы
сипатталады. 17.с.51.
Қазақстан Республикасының қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктердің
сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген түрлері жазылады. Оларды
заңсыз олжалауға, алуға, өткізуге, сондай – ақ жоюға заң мүлдем тыйым
салады. Қызыл кітапқа жазылған жануарлар мен өсімдіктердің мекендейтін
орындарына – жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерінің
өсіп - өнуіне бөлінген жер, су үсті бөліктері жатады. мысалы Қорғалжын
аумағы аққулар мекендейтін орын. Каспий жағалауы ерекше сирек құстар мен
балықтар өсетін орын. Өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері өсетін –
Тянь – Шань шыңы т.б.
Қылмыс құрамы құрылысы жөнінен материалдық. Ол заңда көрсетілген
зардаптың сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесін заңсыз
олжалау, алу, өткізу немесе жою әрекеттерінің біреуін істеген уақыттан
аяқталған деп танылған.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі 16 – ға толған кез келген адам.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы ( 293 - бап).
Қылмыстың тікелей объектісі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің
қорғалуы мен сақталуын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыстардың белгілерінің құқықтық сипаттамасы
Жастардың нашақорлығы әлеуметтік мәселе ретінде және оны шешу жолдары туралы
Көркем қолөнер қазақ шеберлері
Электрохимиялық коррозия
Тұтынушыларды зерттеу туралы
Бірінші кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарын
Африка халықтары жайлы
Жануарлар денесіндегі кенелерді жою
Экологиялық қылмыстар туралы
Қаратау таулы аймағына туризмді дамыту
Пәндер