Күкіртің қоршаған ортаға әсері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Биология факультеті

« Зоология және гистология » кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Экологиялық факторлардың әсер ету жағдайындағы бақа мүшелерінің морфологиялық өзгерістерін зерттеу.

Орындаған: Бектұрған Ә. А

4 курс, эколог

Ғылыми жетекші: б. ғ. к., доцент

Есимсиитова З. Б.

Кафедра меңгерушісі: б. ғ. д., профессор

Нуртазин С. Т.

Алматы, 2009

Мазмұны

Кіріспе

3
Кіріспе:
  1. Әдебиетке шолу
3: 5
Кіріспе:

1. 1. Тенгиз аумағының жалпы сипаттамасы

3: 6
Кіріспе:

1. 2. Жануар мен адамның организміне күкіртің әсері

3: 9
Кіріспе:

1. 3. Бақа мүшелерінің морфологиясы

3: 11
Кіріспе:

2. 1. Күкіртің қоршаған ортаға әсері

3: 12
Кіріспе:

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

3: 13

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстанда күкіртті шығаратын жалғыз ғана компанияның бірі Тенгизшевройл болып табылады. Батыс Қазақстанның Маңғыстау және Каспий маңы шөлейтті және шөлді даласы аймақтарында ірі табиғи қорлар мұнай, газ және минералды тұздар мен құрылыс материалдары ашылып, белсенді қолданылуда.

Теңгиздегі мұнай шығаратын орындағы мұнайдың маңызды ерекшелігі, ол қосалқы газда күкірттісутектің құрамы жоғары, сондықтан өндірілген шикізатты тауарлық күйге жеткізу үшін, оны тазалайды, соңында екінші бағалы өнім-элементарлы күкіртті алады.

Күкірттің көп бөлігін күкіртсутек, түрлі бояулар алу үшін, ауыл шаруашылығында ауру өсімдіктермен күресу негізінде медицинада түрлі ауруларының түрлі саңырауқұлақ ауруларын емдеуде пайдаланады. [1-3] .

Мұнай өндірілетін аймақтарда топырақ жамылғысына антропогендік ықпалдың белсенді өсуіне байланысты экологиялық жағдайы нашар аудандардың алдыңғы қатарында тұр. Қоршаған ортаның ауасы мұнай мен оның компоненттерімен ластануы олардың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері мен сипаттамаларының табиғи бұзылысына алып келеді.

Мұнай өндіру кезіндегі бөлінген күкірт және оның оксидтері атмосфера құрамына еніп кұкірт триоксидіне дейін тотығады. Түзілген оксид ауадағы су буымен әрекеттесіп нәтижесінде қышқыл жаңбырлар жаууына мүмкіндік туғызады. Теңгізде күкірттің ашық түрде кездесіп, 2 кв м.

Өкінішке орай жаңбыр құрамын зерттеуге бағытталған жұмыстар біздің елде жоқтың қасы. Бізден айырмашылығы Канадада ашық ауада сақталған күкіртің әсерін зерттеуде. Атырау қаласынан 30 км қашықтықтай Қарабутан елді мекенінде ірі химиялық комплекс салынбақшы. Яғни, таяу он-жүз жылдықта қалалықтар күкірттің және оның қосылыстарымен ластанған ауамен тыныс алады деген сөз. Көктемгі және жазғы зерттеулер блоктағы күкірттің фауна құрамына биотоптың жіктелуіне және жануарлар санына кері әсерін тигізбейді.

Дегенмен, тіршілік етуші жануарларға теріс факторлардың бірі олардың түрлі ортада тікелей жойылуын байқады.

«Тенгизшевройл» (ТШО) ЖШС 1993 жылы сәуір айында құрылған. Қазіргі таңда дүниежүзіндегі мұнай және газ өндіретін кәсіпорындар жыл сайын 50 млн. тоннаға жуық күкіртті өндіреді. Қазақстанның өзінде Теңгіз газ өңдейтін зауытта жылына 1 млн. тоннаға жуық күкіртті мұнайдың, бірінші тазалаудан кейін қосалқы компоненттерінен алады.

Қоршаған ортаға ашық қоймадағы элементарлы күкірттің әсерін бағалау, қоршаған ортаны қорғауда негізгі принциптерінің сақталуына негізделген. Күкірт жер қыртысында кең таралған элементтер қатарына жатады. Күкірт бос күйінде жеке зат түрінде де ұшырасады. Өзен, мұхит суларында, күкірт, сульфат ион түрінде ұшырасады. Күкірт мұнай, органикалық заттар құрамында кездеседі. [4-5] .

Осы аймақта кездесетін жануарлардың организмдеріндегі құрылымдық - функционалды патологиялық немесе адаптациялық сипаттағы өзгерістерді бөліп алу үшін, Тенгиз аймағында мекен ететін және одан қашық жерлерде мекендейтін жануралар алынды. Ол үшін кесірткелердің ішкі оргнадары алынған. Гистологиялық зерттеулер жасалу үшін жұқа кесінділерді жасау жалпы әдістемесі бойынша жасалынған.

  1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУТенгиз аумағының жалпы сипаттамасы

Теңгіз аймағындағы аудандардың климаты континентті антицикльді жағдай, жыл және сағат аралығында бірден температураның өзгеруі, жауын-шашын сирек болуы, қысы аязды . Қаңтар айында орташа ауа температурасы - 8, 0С Қыстың суық күндерінде - 36С, кейде -40 С дейін барады, Жылы-кездейсоқ жылы күндер +5С-дан, +15С-қа дейін. Шілде айындағы ауаның максимальді температурасы -10, 5С.

Шілде айындағы орташа максимальді температура +34С. Ауа температурасы +10С жоғары периодпен жалғасады, жылдың көрсеткіші 191-ден 215мм-ге дейін. Орташа жылдың көрсеткіші -18мм. Күндер саны шамамен ылғалдылығы 30% жазда айына 24, 5-ке дейін жетеді. Тұрақты қар қабаты желтоқсанның екінші жартысында қалыптасып және 65-95 күндер аралығына дейін сақталады. Қар қабатының орташа биіктігі 10-15см - ден аспайды, қардағы қосымша су 25-40мм. Жылдың суық күндері шығысқа бағытталған жел тұрады, Сібір антициклонына негізделген. Көктемде атмосферлі циркуляциясы аймақта ауа алмасуының күшеюімен түсіндіреді [6-7] .

Ашық карталардағы күкіртті сақтау кезіндегі қоршаған ортаның компоненттеріне тигізетін әсерлердің негізі факторларына келесілерді жатқызуға болады. Күкірт карталарынан қалдықтық газдардың шығуы. Ол негізінен күкіртсутегі мен күкірт диоксиді.

Сублимация мен шаңтүзілу. Ол негізінен элементарлы күкірттің күкірт карталыранан шағуымен байқалынады. Күкірттің сублимаццияланған бөлігі күкірт диоксидіне дейін тотыға алады. Ал басқа бөлігі шаң түзілумен агрегацияланады. Сонымен бірге желдету кезінде дисперсті шаң түзілу мүмкін, ал ол сонда жұмыс жасайтын адамдардың денсаулығына әсер етеді. Сонымен қатар күкірт шаңы топырақ қабатына отырып, грунттың және грунт суларының қышқылды сілтілі балансының өзгерістерін тудыра алады.

Нәтижесінде күкірт қышқылының пайда болуымен болатын күкірттің микробиологиялық тотығуы. Ол жауын -шашынның әсерінен қышқылды суларының көптеп пайда болуына әкеліп соқтырады.

Тенгиз кеңорнынан алынған үлгілерді зерттеген кезде көктемгі уақытта тек Thiocillus thioparus микроорганизмі ғана кездеседі. Оның пайда болуының негізгі себебі Thiocillus thioparus микроорганизмнің өсуі мен дамуы үшін орта ph сілтілі немесе бейтарап болу керек. Ол басқа микроорганизмдердің өсіп, дамуына кедергі болған ортаның қолайсыз жағдайлары. Thiocillus thioparus өсу үшін ph-3, 5-4, ал Th. ferrooxidans өсу үшін орта ph-3. Алынған үлгілерде анаэробты сульфат тотыктырушы микроорганизм топтарының кездеспеу себебі, олар өсіп дамуы үшін топырақта аноксигенді жағдайлар және органикалық заттар болуы керек. Бұл топ микроорганизмдерінің жоқ болуына тагы бір себеп, үлгі 5 см тереңдіктен ғана алынған.

Барлық мезгілде жел жылдамдығы 0-4м/с 500м биіктікке дейін қайталанады, 20-30% құрайды. Күзгі және көктемгі периодта атмосферада тұманды жағдай болады. “ Тенгизшевроиль ” әртүрлі факторлармен әсер етеді. Факторларға қысқаша тоқталып өтейік:

1. Атмосфера қабілеттілігі және желдің аз жылдамдығы 0-1м/с. Температура инверсиясы көктемгі - күзгі периодта пайда болады.

2. Атмосферада зиянды заттардың жинақтауға қабілеттілігі күн сәулесінің санына сағатпен байланысты. Ультрафиалетті күннің әсері фотохимиялық реакцияны тудырады көпшілігі ластаушы заттар.

3. Атмосфера зиянды заттардың жинақталуы жауын-шашын санымен байланысты. Атмосфера электрик түрінде күшті биік температуралы тізбектегі және жауын-шашынды найзағайды шығарып салушы атмосфераның төменгі қабаттарында заттардың ластануына әкеледі.

4. Атмосфераның жуылу қабылеті зиянды заттар және азықтық жайылуы жауын-шашының жылдық есебіне және күндер саны жауын-шашын 5мм көп.

5. Санымен, химиялық өзгеру күкірттісутек, күкірт оксиді және азот оксиді сульфаттарда және нитраттарда атмосферадан табиғи түрінде алынды нәтижесінде химиялық байланыс агрегатты күйі өзгерді, коагуляция, жауын-шашынмен жуылуы немесе жер үстіндегі құрғақ седиментация.

6. Өсімдік жамылғысы атмосфераның тазалуына әкеледі. Ауа атмосфера жағдайын қарағанда ТОО ИПЦ зерттеулері “ bidromet ltd” cтацинорлы посттарда, маршрутты посттарда байқалды. Стационарлы посттар Тенгизшевроиль территориясында орналасқан, Сары қамыс және Күмарыда.

Пробы күкіртті сутектен, күкірт оксид, азот оксид құрамынан алынды . Бұл алынған нәтижелер Кен Арал, Жаңа Каратон, Теңгіз аумағындағы жалпы маршрутты посттармен салыстырылды.

1. 2. Жануар мен адамның организміне күкіртің әсері

Теңгіз Каспий теңізінің батыс-шығыс аймағында, яғни Қазақстан Республикасының Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан. Теңгіз мекен жайы 1991 жылы мұнай зерттеулерімен байланысты Гипрошығысмұнай анықталды, Самара қаласы 1989ж. 1993 ж Тенгизшевроиль ашылды, ол мұнайды дайындайтын және газды өңдейтін мекеме. Тенгизшевройль құрамына мыналар кіреді: Теңгіз мұнайы Газөңдеуші зауыт. Газөңдеуші зауытқа түскен мұнай құрамында 10% жуық күкірттісутек болады [6-7] .

Күкірттің көп бөлігін күкірттісутек, түрлі бояулар алуда өңдейді. 17 кг целлюлоза алуда 100 кг жоғары күкірт қажет. Ауыл шаруашылығында күкірт элементарлы түрде қолданылады, сонымен қатар байланыс түрде. Күкірт өнімнің санына ғана емес, сапасына да әсер етеді. Олар органикалық заттарды өзгертуге қабілетті, құрамында сульфогидритті топ бар. Бұл жағаай белоктың құрылысун өзгертуге әкеледі [8] .

Қазір дүние жүзінде 10%-дан жоғары күкірт өндіріледі. Оларды жаңа облыстар қолдану негізінде іздеуде, құрылыста қолданамыз деген тұжырым бар. Канада да күкірттен пенопласт алынды, оны жол құрылысында пайдалануда. Монреалда бір қабатты үй салынды, оның 70% құм, 30 % күкірт болған [9-10] .

Шығыс Канада да 50 жылдан астам жыл бойы мұнайлы газ, яғни газды қайта өңдеу жұмысымен айналысуда. Өңдеуші зауыттарда Канадалық қажеттіліктерді қолдау негізінде газдан күкіртті алу технологиясын қолдану қоршаған ортаға және халыққа зиянды әсері зор болды. 2000-2003 жылдар аралығында күкірттің мөлшері 25 %-ға азайды. Қазіргі уақытта Канадалық компаниялар мұнайгаз жөнінен дүниежүзілік лидер қатарында; аминнің тазалануы; күкіртті регенерация; кететін газдың тазалануы; күкірттің сақталуы.

Қазіргі уақытта Қазақстанда күкіртті шығаратын жалғыз ғана компанияның бірі Тенгизшевройл болып табылады. Жыл сайын компания бір тоннадан астам күкірт шығарады, содан Қытай, Солтүстік Африка, Турция, Ресей сауда орталықтарында экспортты және басқада шетел қалаларына сұйық және түйіршікті күкірт түрінде тасымалданады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Тенгизшевройл ашық сақтау аймағында шамамен 7 млн. т. қатты элементарлы күкірт жинақталады, бұл жағдай қоғамды және мемлекеттік экологиялық ұйымды басқарушыларды қорықта бастады, дегенімен, компанияда 10 жыл уақыт бойы заңгер және табиғат қорғаушылар, экономикалық сапасын және сауда бағасына байланысты күкіртті ресурс тұрғысында қарастырады. 1990 жылға дейін жерде күкірттің сақталуы бұл периодта тауар тұрғысында бағасы төмен бағаланады [11-12] .

Мұнай өндіру кезінде түзілген күкірт көбінесе қолданған қажет етілмейді де соның нәтижесінде күкірттің жиналып қалуы байқалуда. Бұрынғы кездері күкіртті сутекті жағып жіберетін, ал бұл ауаны ластайтын болғандықтан қазіргі кезде заводттарда жаңа технология, яғни күкірт қосылыстарын утилизациялауды қолдануда. Күкірт өндіруден соңғы 100 жылда АҚШ пен Канада көшбасшы болып келеді, қазіргі кезде олар өздеріне сәйкес 21% және 17% элементарлы күкірт өндіреді.

Теңгіздегі күкіртті ашық блокта сақтау, қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі жолдары болып табылады; күкірттің микробиологиялық тотығып күкірт қышқылын түзу; Күкірттің сублимациясы; Элементарлы күкірттің шаң түзуі;

Күкіртті блок пен күкірттісутек қалдығының бөлінуі; Теңгіздегі күкіртте мышьяк, селен, сынап, марганец, мыс табылмады. Қосалқы күкірт күлдің төменгі дәрежесімен сипатталады, күкіртте технологиялық жабдықтардан түскен аз мөлшерде темір кездеседі. Сақтау мерзіміне тәуелді күкірттің қышқылдығы артады. Жыл сақталғанда күкірт қышқылы есе көбейіп, салмағының түзуі мүмкін. Бұл мәлімет күкірттің микробиологиялық тотығуының әсерін көрсетеді.

Теңгіздегі күкірттің құрамын органикалық заттардың салмағы құрайды.

ТШО күкіртті карталардағы күкірт төменгі микро- және мезотесікті, яғни ТШО-ғы күкіртті алу технологиясы газ түзетін қосындылардың күкірттісутек және күкірт диоксидінің көптеп қосылуына жол бермейді. Физика-химиялық әдістермен дәлелдегендей. ТШО-ң күкіртті карталарында ұшатын қосындылар кездеспейді [13-14] .

Көктемгі және жазғы зерттеулер мынаны дәлелдейді, блоктағы күкірттің топтары фауна құрамына биотоптың жіктелуіне және жануарлар санына кері әсерін тигізбейді. Дегенмен, тіршілік етуші жануарларға басты теріс факторлардың бірі және олардың түрлі ортада тікелей жойылуын байқады. Бұл уақыттағы ең басты теріс фактор болып кезекті күкіртті үю емес, жануарлардың мекен ететін жерінің бөлігін алып тастау және әртүрлі техникалық заттармен жою болып табылады. Уақыт өте келе, блоктағы күкірттің жанында және олардан фауна топтары тасымалдана бастады.

Жануарларға басқа маңызды кедергінің әсері және олардың тіршілік әрекетіне теріс әсер етуші факторлардың бірі (жұмыс істеуші техника, адамдардың қатысуы және т. б) бірақ факторлардың әсер ету нәтижесінде көптеген түрлер жақсарады, егер оларды тікелей аңдымайтын болсақ. Кейбір құстар түрлерінде блоктағы күкіртті ұясының салуына пайдаланады. Көктемгі периодта күкіртті блоктарға тығыз жанасып тұратын кезеңдік су қоймаларда, күкіртті блоктарға енгендерді, жасыл бақаларды уылдырығын шашуға және ұрпағын шығаруға пайдаланады [15] .

Территорияда шөлдің сипаттамасы жануар түрінің құрамы, организм ішінде факторға негізделген, дегенмен кемірушілер отряды кіреді. Соңғы жылдары түр құрамына әсері, саны және биотикалық сүтқоректілердің анықталуы антропогенді фактор. Дегенмен, бір түрлерге әсері оң болса, ал басқаларына -теріс әсер етеді. Әртүрлі жылдардағы жүргізілген оның талған зерттеулер фауна құрамында сүтқоректілер шамамен 30 түрі анықтады, бірақ қыс мезгілінде көпшілігі қысқы ұяда болады және Тенгизшовройль территориясында осы уақытта жануарлардың қоректенуі байқалады.

Қысқы жүргізілген зерттеу дәлелі бойынша биотоп территориясында Санитарлы-қорғаушы аймақта Теңгізшовройлге активті тіршілік ететін сүтқоректілердің 9 түрі, 3 отрядқа кіреді (жыртқыштар, қоянтәрізділер, кемірушілер) және 5 тұқымдас (қоядар, аламан, үлкен құмтышқан т. б)

Теңгізшевройль территориясында үлкен құмтышқан кең тараған, сүтқоректілер түріне жатады. Зерттеулер негізінде олар құмды, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Антропогенді ланшав аумағында тіркелген. Күкіртті блокқа жақын құмтышқандардың мекендегенін анықтаған шамамен 350-400м арақашықтықта.

Зерттелетін территорияда Каспий теңізінің Солтүстік Шығыс жағалауы, Каспий маңы ойпатының оңтүстік шығыс бөлігін алып жатыр. Дәл осы ауданның флорасы мен өсімдігінің түзілуі ерекше табиғат климат жағдайына байланысты, оның ішіндегі негізгілер ылғалдың жетіспеушілігі, ауа температурасының тәулік және жылдық ауытқулары, жетерліктей суық қыс және ұзақ ыстық жаз.

Шөлдің орталық аймағында галофитті түрлері кездеседі және олардың бірлігі псамофитті өсімдік болып табылады. Галофитті түр негізінен қатты тұзды топырақтарда таралған және солтүстік тұрандық шөлге жатады. Ал псалофитті өсімдік қатқан топырақтарда кездеседі және батыс солтүстік тұранда тараған[5-10] .

Күкіртті картадан оңтүстік бағытта қарай зерттелетін территорияда сор құмды және жабындық теңіз жағалауындағы ауыр сазды топырақта кедір бұдырлы сарсазан кездеседі. Сосын обьектен оңтүстікке қарай қозғалғанда бір жылдық сораңдардың көптеп кездесуі байқалады. Шабындық теңіз жағалауындағы өсімдік жабындысының сортаңды, құмдауытты, құмай топырақта жеңіл, орташа және ауыр сазды топырақта түзіледі, сонымен қатар сортаңды теңіз жағалауында бір жылдық сарсаздылар кездеседі.

1. 3. Бақа мүшелерінің морфологиясы

Үлкен жастағы бақаларға ұзын артқы аятары, қысқы дене, саусақ аралық жарғақшалары, көзінің шығыңқылығы және құйрығының жоқтығы тән. Бақалардың көп түрі жартылай суда өмір сүреді, дегенмен құұрлыққа секеңдеп, өрмелеп өте тез және жеңіл шығады. Олар негізінен көлшіктерде, лайларда және су қоймалары мен көлдерде жұмыртқалап, ал олардың итшабақ деп аталатын және желбезектері бар личинкалары суда дамиды.

Үлкен бақалар етқоректі болады. Олар негізінен arthropods сақина тәрізді құрттармен және gastropoda молюскаларымен қоректенеді. Шағылысу маусымында олардың айқайын түн мезгілінде, әртүрлі қашықтықтан естуге болады. Бақалардың таралу аймағы - тропиктен субарктикалық белдеуге қарай, дегенмен оның әртүрлілігі тропикалық ормандарда көп кездеседі. Омыртқалы жануарлардың көптүрлілігінің құрамына кіретін бақалардың анықталған түрінің саны 5000-нан астам. Бірақ қазіргі экологияның кері әсерінен аныөталған популяция саны айтарлықтай азаюда.

Anura түрінің әртүрлілігі 33 түрлі тұқымнан 5250 түрі кездессе, соның ішінде - Leptodactylidae - 1100 түрі, Hylidae - 800 түрі және Ranidae - 750 түрі әртүрлілікті құрайды. Қосмекенділердің әртүрлілігінің 88% бақалар. «Бақа» терминімен аталатын түрлер сулық және жартылай суда тіршілік етеді және де терісі тегіс, ылғалды болады.

Бақалар үш топқа классификацияланады:

  • Archaeobatrachia: 4 тұқымдастан тұрады;
  • Mesobatrachia: эволюциялық арада 5 үлкен тұқымдасынан тұратын бақалар;
  • Neobatrachia: ең үлкен және көп тұқымдастардан (24) құралады. Олар Hyloidea және Ranoidea болып екіге бөлініп қарастырылады.

Бақалардың классификациялануы, олардың морфологиялық ерекшеліктеріне, яғни, омыртқа санына, кеуде құрылысының түрлі болуына итшабақтарының құрылымының түрлілігіне негізделген.

2. 1. Күкіртің қоршаған ортаға әсері

Күкіртті ашық сақтаудың қоршаған ортаның компоненттеріне әсер ететін негізгі факторлардың ішінен келесілерінің бөліп айтуға болады:

күкірт картасынан қалдық газдардың бөлінуі - күкірттісутек немесе күкіртдиоксиді. Бұл, күкіртті технологиялық жағдайда күкірттісутекті ауамен тотықтыру арқылы алады, сондықтан күкірттісутек әрқашан балқытылған күкіртте кездеседі, сутектің полисульфиді түрінде. Сублимация немесе шаң түзу - элементарлы күкірттің күкіртті карталарда. Сублимацияланған күкірт жартылай күкірт күкірттің диоксидіне дейін тотығуы мүмкін, екінші жартысы агрегатталып жұқа дисперсионды шаң түзуі мүмкін, күкіртті шаң желдеткен кезде жұмысшылардың денсаулығына әсер етуі мүмкін, екінші жағынан ол топыраққа түсіп, топырақтың және жер асты сулардың қышқылды-сілтілік ортасын өзгертуі мүмкін.

Қазіргі кезде дүниежүзілік рынокта рудникт, күкірт өндіруден - АҚШ, Польша және Ирак алдыңғы қатарда, дегенмен Польшада өндіріс қысқаруда.

Әлемде энергоресурстарға сұраныстың артуы газ бен мұнайды өндірудің жоғарылауына яғни күкіртті шикізаттардың өсуіне де әсерін тигізуде 2005 жылы газды күкірттің мөлшері 36% (1990ж 24%) ал мұнай 26% (1990ж 16%) өсті. Күкіртті мұнайдан өндіру АҚШ, Жапония және Батыс Европа елдерінде шоғырланған. Дегенмен, күкірт өндірудің Таяу Шығыста, Латин Америкасында және Азияда қарқынды дамуына бай кенейген. 2005ж күкірт өндіру ол елдерде төмендеді. Күкіртті мұнайдан, газдан, металлургияда көмірден - алу нәтижесінде әр түрлі күкірт қосылыстары бар заттар ауаға тарап қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғуда. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын да есте сақтау қажет. Қоршаған ортаны қорғау жұмыстары АҚШ, Жапония, Рессеи, Чили және Перу мемлекеттерінде күшіне енуде.

Қазіргі кезде Теңгіз мұнай өңдіру орны Қазақстандағы күкіртті өндірудің басты көзі болып табылады. Оны эксплуатациялау 1993 жылдан 2006 жыл аралығында 7, 0 млн тоннаға жуық күкіртті блок түрінде ашық алаңдар - карталарда сақтауға әкелді.

Теңгіз Каспий теңізінің батыс-шығыс аймағында, яғни Қазақстан Республикасының Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан. Теңгіз мекен жайы 1991 жылы мұнай зерттеулерімен байланысты Гипрошығысмұнай анықталды, Самара қаласы 1989ж. 1993 ж. Тенгизшевроиль ашылды, ол мұнайды дайындайды және газды өңдейді.

Күкіртті күкірт қышқылын, тиосульфатты натрийді, күкіртті бояуларды, каучук вулканизациясында, резина жасау кезінде, кеуірт, дәрі алу негізінде, тері ауруларын емдеуде қолданылады. Күкіртті ауыл шаруашылығында пайдаланады. Күкіртті басты сұраныс ретінде химикалық жағдайдайда, шамамен жер жүзінде күкірт қышқылын алудың маңызы зор. 1 т. күкірт қышқылын алуда 300 кг күкіртті жағу қажет. [15-17] .

Нақты аймақтарда күкіртті тұтыну және өндіріс деңгейінің қатынасындағы айырмашылық, өнімді нетто - өндірушілер және нетто - тұтынушыларға бөлінуін анықтап береді. Күкірт Солтүстік Америка, Таяу Шығыс, ТМД - Балтық жағалауы - Батыс және Орталық Европа елдерінде артылып жатса, ал керісінше Африка, Азия, Латын Америка және мухиттағы елдер осы өнімнің жетіспеушілігін сезінуде. Өнімді шамадан тыс өндіру тенденциясы Солтүстік Америкада, Таяу Шығыста, ТМД елдерінде және де Батыс Европада белгілі болды. Металлургия, резинатехникалық, химиялық және мұнай өңдеу салаларындағы, кейбір Азия елдерінде тағы да өндіріс сферасында күкіртті тұтынудың өсуіне бірінші кезекте тыңайтқыш шығаруды ұлғайту Африка мен Азияда, керісінше күкірттің зәрулігін байқатты. Латын Америкада және Мұхит елдерінде күкірттің зәрулігін, түсті металлургияда ірі жобаларды іске асыру үшін қажетті өндіріс қажеттілігінің артуымен түсіндіріледі. Пайдалануға қарағанда күкірттің нарықта сұранyсының көбеюі өнімнің қорының өсуіне әкеліп соғады. [17-18] .

Теңгіздегі күкіртті ашық блокта сақтау, қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі жолдары болып табылады; күкірттің микробиологиялық тотығып күкірт қышқылын түзу; Күкірттің сублимациясы; Элементарлы күкірттің шаң түзуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға әсері
Күкірттің сутекті қосылыстары
Атырау табиғатының бүгіні және болашағы
Құрғақ тозаң ұстағыштар
Теңізшевройл және қоршаған орта
ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН ТАЛДАУ
Зиянды заттар
Қалдықтар туралы жалпы түсінік
Популяциялық экология – демэкология. Экожүйеге қышқыл жаңбырдың әсері
Экология және даму
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz