Инвестицияның қатысу сипаты бойынша инвестицияның түрлері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

20090516224137!Logotip_KBTU

Қаржы және менеджмент факультеті

Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасы

Пән: Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу

СӨЖ 1

Тақырып: Инвестицияның қатысу сипаты бойынша инвестицияның түрлері

Орындаған: Кошмурзаева Р. Е.

Тексерген: Ақпанов А. К.

Алматы 2012

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Инвестицияның қатысу сипаты бойынша инвестицияның түрлері
  1. Инвестициялардың маңызы, мәні
  2. Инвестициялардың түрлері
  3. Инвестицияның қатысу сипаты бойынша түрлері
  1. Қорытынды

Кіріспе

Инвестицияның ең алдымен не екеніне тоқталып кететін болсақ, инвестиция дегеніміз - латынның «invest» деген сөзінен «салым салу» деген мағынаны береді. Инвестициялық капиталды блашақта өсіру мақсатымен салым салуды көздейді. Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар жəне де басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кəсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады жəне осының бəрі - пайда табу мен əлеуметтік жақсы əсерлерге жету мақсатында.

Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңына сəйкес,

Инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай - ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері. Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына жəне табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма - қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін жəне ол ешқандай да табыс əкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын əр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тəуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей жəне жанама.

Сонымен қатар инвестициялардың сыныпталуын айта кететін болсақ:

  1. инвестицияның объектісі бойынша;
  2. инвестицияның облысы бойынша;
  3. инвестицияның меншік формасы бойынша;
  4. инвестицияға қатысу сипаты бойынша;
  5. инвестицияның кезеңі бойынша;
  6. инвестицияның аймақтық сипаты бойынша.

Инвестициялардың маңызы, мәні

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салынымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кəсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мəдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін еді.

Инвестициялардың негізгі жəне айқындаушы белгісі - олардың жеке тұтынуға емес, метериалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кəсіпкерлік

нысандарына немесе қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың мақсатты жұмсалуынан көрінеді. Мысалы, егер берілетін тауар құрал - жабдық немесе инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты басқадай қажеттіліктерге арналған материалдар болмаса, шетелдік тауар кредиттері инвестициялар санатынан шығарылуға тиіс; бұл жағдай ресми техникалық қызмет немесе біздің елімізге берілетін гранттар шегінде келіп түсетін қаражаттарға да қатысты.

Келесі белгілер инвестициялардың кəсіпкерлік маңызын ашады - олар, негізінен, пайда (табыс) табу мақсатында салынады жəне оларды инвестор өз атынан жəне өзі тəуекелге бара отырып жүзеге асырады. Бұл жерде инвестициялық қызмет, кəсіпкерлік қызмет сияқты, дербестігімен, яғни өз бетінше əрекет ететіндігімен жəне бастамашылығымен сипатталатынын айрықша атап өту қажет, бірақ қызметтің бұл түрлері бір - бірімен сəйкесуі де, сəйкеспеуі де мүмкін; тиісінше инвестордың кəсіпкер мəртебесін иеленуі де, иеленбеуі де мүмкін.

Ендігі жерде, инвестициялардың ерекше белгісі - дəстүрлі және үйреншікті түсінігінде қысқа мерзімге арналатыны да болғанмен, біржолғы сипатта еместігі мағынасында олардың ұзақ мерзімді болатыны. Уақыттың белгілі бір ұзақтығы инвестицияларды басқадай қаржы құралдарынан ажыратуға болады. Инвестициялар-кәсіпкерлік қызметінің және нәтиежесінде пайда құрылатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, құрылысқа және т. б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары-мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін-өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Әр бір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция. Коммерциялық тәжрибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
-табиғи активтерге инвестициялар;

-ақша активтеріне инвестициялар;

-материалдық емес активтерге инвестициялар.

Табиғи активтерге -өндірістік ғимараттармен құрылымдар, қызмет уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналармен жабдықтар және өндіріс процессінде қолданылатын басұа да мүліктер жатады. Ақша активтеріне-басқа да жеке тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде-депозиттер, облигациялар акциялар, несиелер қарыздар кепілдіктер. т. б. Материалдық емес активтерге-фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Инвестициялардың түрлері

Инвестицияның қатысу сипаты бойынша түрлері

Инвестициялардың əр түрлі түрлерінің ерекшеліктерін анықтаудың жəне оларды жіктеудің үлкен теориялық жəне практикалық маңызы бар, өйткені олар инвестициялық қатынастарды реттеуге жəне инвестициялық заңдарды ары қарай жетілдіруге себеп болады. Инвестицияларды бөлудің əртүрлі негіздері бар. Солардың ең кең тарағанына тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:

1) инвестициялардың түрлері;

2) ақша құралдарын салу объектілері;

3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;

4) инвестицияландыру кезеңі;

5) меншік түрлері;

6) инвестордың қатысу түрлері;

7) тəуекел дəрежесі;

8) ұдайы өндіріс түрлері;

9) субъектілік белгісі бойынша.

1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтаймыз:

- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар жəне басқа да құнды

қағаздар;

- жылжымайтын жəне жылжымалы мүлік;

- авторлық құқықпен, тəжірибемен жəне басқа да интеллектуалды

құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;

- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы жəне басқа да

мүліктік құқықтар;

- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу-хау” емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тəжірибе ретінде рəсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.

2. Құралдардың салыну объектілері бойынша:

- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы. Нақты инвестициялар - ол нақты активке салынған инвестицияларнемесе материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми - техникалық прогрестің дамуына, өндірістің тиімділігін көтеруге, құрал - жабдықтарды ауыстыруға жəне т. б. мақсаттарға бағытталуы мүмкін.

-материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға жəне кадрларды дайындауға кеткен шығындар;

- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар (оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпорациялық бағалы қағаздарға жəне т. с. с. ), банктық салынымдар.

Басқа əдебиеттерде, инвестициялардың мақсатына байланысты деп 2-ге

бөліп қарастырады:

1. Капитал тудырушы инвестициялар - ол материалдық жəне материалдық емес активтерді көбейтуге немесе оның өсіміне бағытталған инвестициялар. Басқаша айтқанда, бұл олардың дəстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, өйткені, əдетте, инвестициялар капитал тудырушы болып табылады, яғни пайда немесе табыс табудың тəсілі немесе құралы ретінде қолданылады.

2. Зияткерлік инвестициялар - ол əртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлауға, сондай -ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге жəне т. б. мақсаттарға бағытталған инвестициялар. Мысалы, қазіргі кезде зияткерлік инвестициялардың ең көп тараған түрлері жоғары білім алу үшін берілетін мемлекеттік жəне жеке кредиттер болып табылады. “Зияткерлік инвестициялар” ұғымын “əлеуметтік инвестициялар” ұғымына дейін кеңейтуге болады, өйткені екі жағдайда да инвестициялар нысаны əлеуметтік сала болып шығады жəне негізгі мақсат ретінде əлеуметтік оң пікірге қол жеткізу көзделеді. (бұл кезде бір мезгілде пайда немес табыс табу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды) .

3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

- тікелей (төте) инвестициялар , бұл кезде инвестицияландыру жəне ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, егер акционерлік қоғамның жарғылық капиталының кем дегенде 25%-ы шетел инвестордың меншігінде болса, онда шетелдік инвестициялар төте инвестициялар болып саналады. АҚШ, РФ заңдары бойынша жарғылық капиталдың шетелдік инвесторға тиесілі мөлшері 10% - дан кем емес, ЕО елдерінде - 20 - 25%, Канада, Австралия жəне Жаңа Зеландия елдерінің заңымен - 50%.

- жанама (қоржындық), бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын жəне аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар жəне компаниялар) жүзеге сырады.

Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледіұ. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.

4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мынадай 3 түрге бөлуге болады. Олар:

- қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар) ;

- орташа мерзімді 1жылдан 5 жылға дейін;

- ұзақ мерзімді 5 жылдан астам.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар əрекет ету мерзімі бойынша 1 жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді, 1жылдан 10 жылға дейінгісі орташа мерзімді, ал 10 жылдан астамы ұзақ мерзімді деп сараланады.

5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:

- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кəсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;

- мемлекеттік (бюджеттік), ол түрлі деңгейдегі кəсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.

Мемлекеттік инвестициялардың жеке инвестициялардан айырмашылығы мынада:1) мемлекеттік инвестициялар көздері бюджеттік қаражат болып табылады; 2) мемлекеттік инвестициялар қайтарымдық жəне ақылы түрде жүзеге асырылады; 3) мемлекеттік инвестициялароларды берудің негіздемесін жəне тəртібін мемлекет белгілейтіндігімен сипатталады; 4) мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен мөлшері мемлекеттік бюджеттің бекітілуіне байланысты; 5) мемлекеттік инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына мемлекет бақылау жасайды; 6) мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік қазына мүлкімен қамтамасыз етіледі. Ал, жеке инвестициялардың басты ерекшеліктері мынада: инвестициялардың көздерін, олардың көлемдері мен мөлшерлерін инвестордың өзі белгілейді, ал мемлекет инвестордың құқықтарын мүмкін болатын қолсұғушылықтан, оның ішінде мемлекеттік органдардың да қол сұғуынан қорғауды қамтамасыз етеді.

6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:

- қайта құрылып жатқан кəсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кəсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас) ;

- инвестор толық иеленетін кəсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кəсіпорындардыөз меншігіне алу;

- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түріне алу;

- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.

7. Тəуекел дəрежесі бойынша:

- тəуекелі аз инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің жоғары дəрежесін негізге ала отырып, қауіпсіз деп танылған инвестициялар, алайда өзінің айрықша кепілділігіне байланысты, инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда, олардың табыстылығы төмен (дамыған елдерде бұл- мемлекеттік бағалы қағаздарға, жетекші жəне беделді компаниялардың акцияларына салынған салымдар) .

- тəуекелі жоғары инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің төмен дəрежесін негізге ала отырып, алыпсатарлық деп танылған инвестициялар. Инвестициялау жəне алыпсатарлық - бұл, жалпы алғанда, инвестициялық қызметке деген бір- біріне қарама- қайшы екі кереғар түсінік. Халықаралық тəжірибеде олардың арасын ажырату инвестициялық табыстың қаншалықты жорамалды жəне күтілетін нəтижесіне байланысты болады: инвестициялау барысында сатып алынып жатқан бағалы қағаздардың құны орнықты болып қала береді жəне олар табыс əкеледі деген толық сенімділік сақталады, ал алып сатарлықта мұндай сенімділік жоқ. Алыпсатарлық инвестицияларды жүзеге асыру барысында тəуекелдік жоғары болып тұрғанда, көбірек табыс табу да көзделеді.

Инвестициялармен байланысты тəуекел немесе белгісіздік дəрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тəуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кəсіпорынның жұмыс істеу нəтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне жəне жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тəуелді, сондықтан қауіптіл іктің дəрежесі нарықтың мүмкін болатын əрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, емлекеттік тапсырыстарды орындау жəне т. б. ) . Дəрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:

- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тəуекелдің орын алуы мүмкін;

- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тəуекел дағдарысты болып табылады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық бизнес - жоспар
Қаржылық инвестиция есебі туралы ақпарат
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестициясының есебі
Таза инвестиция - негізгі капиталмен амортизация қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі
Ақшалай бағалы қағаз
Инвестиция есебі
Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы
Инвестицияландыруға қатысу сипаты
Инвестициялардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz