Сыртқы сауда саясатының мақсаттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Сыртқы сауда саясатының мақсаттары және негiзгi бағыттары.

МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 бөлiм. Сыртқы сауда
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Сыртқы сауда туралы ғылыми
iлiмдер ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Сыртқы сауда саясатын жүргiзудегi бөгеттер ... ... ... ... ... ..8
1.3. Сыртқы сауда саясатының
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ...10

2 бөлiм. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты ... .11
2.1. ҚР сыртқы сауда
айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. ҚР сыртқы сауда жүргізудегі негізгі проблемалары ... ... ...20
2.3. Дүниежүзiлiк сауда ұйымы және Қазақстан ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...25

Қолданылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .26

Кiрiспе

Қазақстан Республикасының қазiргi кездегi дамуы өзара бағыныштылық және
өзара араласу процесiнiң күшейген кезеңiнде жүрiп жатыр. Қазақстан
Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс
жасайтын көлiк қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндiрiстiк
өнеркәсiптi кооперациялауға, бiрiккен кәсiпорындар ұйымдастыруға,
агроөнеркәсiптiк кешендердiң қызметiнiң дамуына алғы шарттар жасайды.
Айта кететiн жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерiнiң
арақатынасындағы стиль де өзгердi. Қазақстан ТМД елдерi мен сауда-
экономикалық байланыстарында дүниежүзiнде белгiленген сауда-құқықтық
негiздерiне, сауда және тариф жөнiндегi бас ассоциация ұйымының
принциптерiне сүйенедi. Саудадағы әр түрлi лицензия түрiнде квота, баж
салығы, т.б. кедергiлерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
ТМД шеңберінде бірінші қатарға еркін сауда аймағы - интеграцияның
алғашқы сатысы қалыптасып, шыға бастады. Орталық Азия экономикалық
қауымдастығы да жемісті жұмыс істеуде. Достастық елдері 1998- жыл бойы 12
мемлекет шеңберінде еркін сауда аймағының перспективалары туралы таласумен
жүргенде, бұлардың төртеуі еркін сауда аймағы пайдалы деген шешімге келген
болатын. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның бірлескен
мәлімдемесінде еркін сауда аймағын кезең-кезеңімен ортақ экономикалық
кеңістік қалыптастырудың жанды тетігі ретінде бағаланады. Енді олар ортақ
қызмет көрсету, тауарлар және капитал рыногын құратын болады.
Қазiргi кезде жалпы экономикалық бiрiгудiң әр түрлi жолдары бар екенi
белгiлi болды: ТМД елдерiмен екi жақты келiсiмдер негiзiнде, көпжақты
келiсiмдердi тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды iске қосу.
(Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либеризациялау және оның
еркiн iс-әрекетiне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал
етедi.
Кеңес Одағының құлауы, қиын жағдайлар мен сыртқы-экономикалық
дағдарысқа әкелiп соқтырды. Осыған қарсы бағдарламаны жасап шығаруға
үкiметке негiз болды. Оның негiзгi мақсаты: нақты рыноктық механизмнiң және
әлеуметтiк бағытталған экономиканың қалыптасуы.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
- макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткiзу және инфляциямен күрес;
- меншiк қатынастарының өзгеруiн тездету;
- бәсекелестiк нарықтық ортаны және нарықтық инфрақұрылымды құру,
кәсiпкерлiктi белсендендiру;
- тиiмдi сыртқы сауда саясатын жүргiзу;
- экономикадағы құрылымдық өзгерiстер және оларды мемлекеттiң қолдауы;
- қоғамның кедей тұрғындарына бағытталған әлеуметтiк саясат;
- шаруашылық мiндеттердi шешу, сонымен қатар, болжау, есепке алу және
бақылау функцияларының нығаюында мемлекеттiк реттеудiң қосымша
әдiстерiнiң күшеюiне мемлекеттiң тiкелей араласуының әлсiреуi.

Сыртқы сауда саясаты – мемлекеттің басқа елдермен сауда қарым-
қатынасына мақсатты түрде әсер етуі. Оның мақсаты :
- Экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
- Елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
- Экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.
Сыртқы сауда саясатының құралдары дегеніміз – нарықтық
қатынастардың дамуы жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және
шығынын азайту мақсатында әсер ету тәсілдері.
Оларға:
- Тарифтік кедергілер;
- Тарифтік емес кедергілер жатады.

1 бөлiм. Сыртқы сауда саясаты

Капитализм тұсында сыртқы сауданың қажеттiгi және оның өсуi мынадай
факторларға байланысты болып отыр.
1. Қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң және ұлттық мемлекеттердiң шекарасынан
шығып кеткен тауар өндiрiсiнiң дамуы;
2. Капиталистiк экономика дамуының әркелкiлiгi, осының салдарынан жедел
дамып отырған салалар мен кәсiпорындардың өнiмдерiн өткiзу үшiн зат
өткiзетiн қосымша рыноктар қажет болады;
3. Неғұрлым көп тауар массаларын едәуiр қашықтыққа тасымалдауды
экономикалық жағынан тиiмдi еткен транспорттағы техникалық прогресс
т.б.
Сыртқы сауда, тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және
тауарды басқа елдерден әкелуден импорттан құралады. Белгiлi кезеңде
тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас
сауда балансы деп аталады. Егер экспортталатын тауарлардың құны
импортталатын тауарлардың құнынан асып кетсе, ел активтi сауда балансына ие
болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивтi сауда балансының жай-күйi
сол елдiң дүниежүзiлiк рыноктағы бәсекелестiк қабiлеттiлiгiнiң белгiлi
мағынада сол ел экономикасы жай-күйiнiң маңызды көрсеткiшi.
Сыртқы сауда операцияларының төрт негiзгi түрi бар:
• Экспорттық операция – шетке шығару арқылы елдiк контрагентке тауарды
сату;
• Импорттық операция – шеттен әкелу арқылы елдiк контрагенттен тауарды
сатып алу;
• Реэкспорттық операция – бұрын импортталған және қайта өңдеуден
өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;
• Реимпорттық операция - бұрын импортталған және қайта өңдеуден
өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.

1.1. Сыртқы сауда туралы ғылыми iлiмдер

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан
басталады, өйткенi халықаралық экономикалық қатынастардың негiзiн сыртқы
сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнiм деңгейiне, жұмысбастылыққа,
баға және басқа айнымалыларға әсерi макроэкономика тұрғысынан және
халықаралық саудада үлесi бар жеке тауарлардың, экономикалық агенттердiң
пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бiр-бiрiмен тығыз
байланысты.
Халықаралық сауда теориясы ХIХ ғасырдың басында Давид Рикаржо айтып
өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негiзiнде құрылды. Д.Рикардодан
бұрын бұл проблемаларды А.Смит зерттеген едi. А.Смит халықаралық сауданың
пайда болуын түсiндiрдi және әр түрлi мемлекеттерде тауар өндiруге кететiн
абсолюттi шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсеттi.
Халықаралық еңбектi бөлiсу және мамандыққа бөлi тиiмдi деп есептеледi.
Өйткенi әр түрлi мемлекеттерде ресурстар көлемi мен еңбек жағдайлары әр
түрлi, бұл ерекшелiктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады.
Мысалы, белгiлi бiр тауарды аз шығынмен өндiру. А.Смиттiң абсолюттiк
артықшылық теориясы, шаруашылықпен айналысатын субъектiлердiң iс-әрекеттерi
принципi халықаралық сауда теориясына да таралады.
Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетiне қарағанда төмен
бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өндiретiн мемлекеттен
сатып алған жөн.
Еңбектi бөлiсу және мемлекеттердiң тауар өндiруге мамандануы, өндiрiсте
абсолюттiк артықшылыққа ие бола алатындығы – iшкi тұтынуды
қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа
тауарлармен айырбастауға болады – мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкiндiк
бередi.
Д.Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы бiр қадам жасады. Бұл
теорияның негiзiнде салыстырмалы артықшылық принципi жатыр.
Сауда көмегiмен мемлекеттер мамандануды дамытатындығын, өзiнiң
ресурстарын тиiмдi пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемiн өсiре
алатынын көремiз. Жеке мемлекеттер салыстырмалы артықшылықпен өндiрiлетiн
тауарлғарға мамандану арқылы ұтады.
Мемлекеттер неге сауда жасайды деген сұраққа төмендегiдей жауап беруге
болады:
1. Экономикалық ресурстар (табиғи, еңбек, капитал) әр мемлекеттерде әр
түрлi. Бiр ел капиталсыйымды болса, екiншi ел еңбексыйымды болады.
2. Әр түрлi тауарды тиiмдi өндiру әр түрлi технология мен ресурстарды
қажет етедi.
Мысалы, Жапонияда жоғары және орта бiлiмдi мамандар күшi көп және
арзан. Сондықтан Жапония жоғары бiлiмдi маман күшiн қажет ететiн тауарларды
салыстырмалы артықшылықпен шығара алады. Оларға фотокамера, радио, т.б.
жатқызуға болады. Бұлар еңбексыйымды тауарлар.
Австралия, керiсiнше, жер ресурстарына бай, бiрақ еңбек күшi тапшы.
Сондықтан олар көп жердi қажет ететiн тауарларды салыстырмалы артықшылықпен
шығара алады. Оларға – бидай, жүн, ет бұйымдарын жатқызуға болады.
Бразилияның жерi құнарлы, климаты тропикалық, жауын-шашын жиi жауады,
қарапайым жұмыс күшi өте көп және арзан. Сондықтан олар кофе өндiруде
салыстырмалы артықшылыққа ие болады.

1.2. Сыртқы сауда саясатын жүргiзудегi бөгеттер
Сауда экспорттық жағынан тиiмдi болғанымен оған көп бөгеттер қойылады.
Олар:
1. Импорт тауарына акциз салығы.
2. Қазыналық баж салығы – мемлекет iшiнде өндiрiлмеген тауарға
салынады. (Мысалы, АҚШ-та банан, кофе) Қазыналық салымның мөлшерi үлкен
емес, оны мемлекет бюджетiн толықтыру үшiн салады.
3. Қолдампаздық салым. Олар жергiлiктi өндiрушiлердi шетел
өндiрушiлерiнiң бәсекелестiгiнен қорғау үшiн салынады, мөлшерi көп
болмағанымен шетел өндiрушiлерiн сауда кезiнде қолайсыз жағдайда қалдырады.
Осы салымды қою себептерi:
1) қорғаныс қажетiн қанағаттандыру. Бұл себеп әскери саясат үшiн
маңызды. Қолдампаздық баж салымдары соғыс жүргiзу немесе қорғаныс үшiн
стратегиялық тауар мен материалдар шығару үшiн салынады.
2) мемлекеттегi жұмыс орнын көбейту. Оның бастауы макроталдауға
байланысты. Ашық экономикада жиынтық шығын тұтыну шығынынан (С),
инвестициядан (I), мемлекеттiк шығыннан (G), таза экспорттан (Xn) құралады.
Импорт мөлшерiн қысқарту арқылы жиынтық шығынның өсуi экономиканың дамуын
ынталандырады. Өйткенi соның арқасында пайда және жұмыс орны көбейедi.
Бiрақ бұл саясаттың кемшiлiгi көп:
а) импорт кезiндегi жұмыс орнының қысқаруы. Импорт көлемiнiң өсуi жұмыс
орнын қысқартады, бiрақ басқа елдерде жұмыс орны көбейедi. Кейiнгi кезде
импорттың көбеюi болат балқыту және тоқыма өнеркәсiбiнде жұмыс орнының
азаюына әкелдi. Бiрақ басқа салаларда жұмыс орны көбейдi. Мысалы, "Хонда"
машиналарын сату және электронды құрал-жабдықтарды импорттаудан Жапонияда
жұмыс орны көбейедi. Сондықтан импорт жұмыс орны мөлшерiне онша әсер
етпейдi.
ә) импорттық шектеу енгiзген кезде барлық мемлекеттер жетiстiктерге
жете бермейдi. Бiр мемлекеттiң экспортты басқа мемлекет үшiн импорт,
экспорт импорттан үлкен болса, ол мемлекеттiң экономикасы жақсы дамиды, ал
экспорт импорттан кiшi болса, онда ол мемлекет экономикасы құлдырап,
жұмыссыздық көбейедi. Сондықтан баж салымын және импорттық квотаны енгiзу
саясаты көршi елдiң экономикасын құлдырату да, оның негiзi: iшкi проблеманы
шешу үшiн сауда бәсекелестерiнiң экономикасын құлдырату.
б) баж немесе квотадан ауыртпашылық көрген мемлекет оған жауап ретiнде
сауда бөгеттерiн жоғарылатады.Соңында барлық мемлекет экономикасы
құлдырайды. Америкадағы ең жоғары баж салымы туралы Смут-Хоули заңы (1930).
Америка экономикасының дамуын ынталандырудың орнына күйзелттi. Өйткенi
басқа елдер осы заңға қарсы көптеген сауда шектеулерiн орнатты. Бұл "сауда
соғысы" салдарынан халықаралық сауда құлдырап, табыс және жұмыс орны
азайды.
в) ұзақ уақытты керi байланыс. Ұзақ уақыт жоспары бойынша экспорт
импорттан үлкен болу арқылы iшкi жұмыс орнының өсуiн ынталандыру
жетiстiктерге әкелмейдi. Өйткенi шетелдер Америкаға импорттау арқылы ақша
табады да, Америка тауарын импорттатады. Ұзақ уақыт жоспары бойынша
мемлекет экспорттау үшiн импорттау керек. Сонымен баж салымы арқылы таза
экспортты өсiруге және жұмыс орнын көбейтуге болады деген экономистер
қателеседi.
3) тұрақтылық үшiн диверсификация. Жоғары маманданған экономика (мұнай
өндiрiсiне маманданған Сауд Арабиясы және қант өсiруге маманданған Куба)
халықаралық нарыққа тәуелдi. Соғыс, циклдiк тұрақсыздық, өндiрiс жүйесiнiң
жағымсыз өзгеруi осындай жүйенi өзгертуге ауыртпашылықтар әкеледi.
Сондықтан өндiрiс диверсификациясын ынталандыру үшiн баж салымын квотаны
енгiзедi, соның нәтижесiнде халықаралық нарықтағы 1 немесе 2 тауар
тәуелдiлiгi кемидi. Ол iшкi экономиканы халықаралық саясаттан, шетелдегi
өндiрiстiң төмендегiдей кемшiлiктерi бар:
а) бұл келтiрiлген мысал дамыған мемлекетке әсерiн тигiзбейдi
ә) диверсияның экономикалық шығындары көп мөлшерде болады.
4) арзан шетелдiк жұмыс күшiнен қорғау. Қазақстан фирмаларын және
жұмысшыларды шетелдiк арзан жұмыс күшiнен қорғау керек. Егер қорғамаса,
Қазақстан нарығында шетелдiк арзан тауарлар қаптап, ұлттық тауар мөлшерi
және жұмысшылар айлығы төмендейдi. Осындай пiкiрдегi экономистер
қателеседi. Оған дәлел: жоғарыда айтылғаннан шығатын қорытынды – бай мен
кедей арасындағы сауда тиiмсiз. Бiрақ ол олай емес. Мысалы, Қазақстан
шаруашылығындағы арзан жұмысшы күшi бай жер иеленушiлердiң иелiгiнде өсетiн
көкөнiс-жемiстердi жинайды. Осындай байланыстан екi жақ та ұтады.
4. Импорттық квота – оның көмегiмен белгiлi бiр уақыт iшiнде
импортталатын тауардың ең жоғарғы шегiн белгiлейдi. Халықаралық саудаға
салымдардан гөрi импортық квота көп әсерiн тигiзедi.
5. Тарифсiз бөгет – лицензиялық жүйе.
6. Экспортқа еркiн шектеу – сауда бөгеттерiнiң жаңа түрi. Шетел
фирмаларының белгiлi бiр мемлекетке экспорттайтын тауарға өз еркiмен шек
қоюы, қатал сауда бөгеттерiнен қорыққан экспорттаушылар экспорт көлемiн өз
еркiмен шектеуге келiседi.
1.3. Сыртқы сауда саясатының мақсаттары

Халықаралық сауда жүйесiндегi қауымдастық процесiнде сауда саясатының
негiзгi мақсаттарының аспекттерi төмендегiдей:
• Орта Азия мемлекеттерiнiң халқының гүлденуiне жету мақсатында өзара
пайда және тең құқықты сақтау және ашықтықты қамтамасыз ету;
• Сауда тәртiбiнiң мейлiнше бейтараптығына қол жеткiзу;
• Республикалардың халықаралық сауда ұйымына толық құқықты мүше болуына
жетуi.
Осы жетiстiктерге жетуде республикалар алдына сауда саясатын ұстауда
мынадай мiндеттер жүктейдi:
• Сыртқы және iшкi сауданы одан әрi либеризациялау (босату);
• Халықаралық нарықтың жан-жақты дамыған аймақтық сауда жүйесiне
кiргiзудегi белсендiлiгiн арттыру;
• Экспорттық салалардың даму жолында экономиканың құрылымын қайта
құруды мүлде жетiлдiру;
• Сауданы реттеуде қолданылып жүрген халықаралық құқық нормаларын ары
қарай жетiлдiру;
• Сыртқы және iшкi сауданы дамытуда шетел инвестициясын және несиесiн
кiргiзу;
• Сауда инфрақұрылымының негiзгi элементтерiн қалыптастыру;
• Экспорттық қадағалауды күшейту.
Халықаралық саудадағы мемлекеттiң рөлi сауда барысындағы тиiмдi және
ашық үш жағдайға байланысты:
• ұлттық экономиканың дамуы және оны басқару;
• күнделiктi ресми қадағалауды жүргiзу;
• өнiм мен қызмет көрсетуде iрi кәсiпорындарды басқару.
Қай елдің болмасын экономикасы үшін экспорттың сомасы импорттың
сомасынан көп болып, сыртқы сауданың сальдосы оң таңбалы болғаны тиімді
екені белгілі.
Экспорт пен импорттың заттай да, ақшадай да құрамын, оның әр өнімнің
бірлік өлшемінің бағасын үнемі сараптап, талдау жасап, импортты алмастыру
бағдарламасын үнемі жетілдіріп отырсақ және оны табандылықпен жүзеге
асырсақ, ел экономикасы одан көп ұтатыны күмәнсіз.
2 бөлiм. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты
      Сауда саласы индустриялық-инновациялық даму жүргiзiлетiн басты алаң
болуы тиiс. Осының әсерiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сауда саясаты
нарық экономикасын өздiгiнен реттеудiң басты тетiгi - бәсекелестiктi дамыту
үшiн жағдай жасауға бағытталатын болады.
      Ішкi рынокты импорттан одан әрi қорғау отандық өңдеу өнеркәсiбi
тауарларының шетел кәсiпорындарының бағасы әрi тұтыну сипаттары жағынан да
ұқсас түрлерінен мүлдем артта қалуына әкелiп соғады.
      Ғаламдану кезеңiндегi жабық та шағын экономика ол капитализмнiң ерте
сатысында бiржола қалып қоюы мүмкiн (Бұл Орталық Азия елдерi арасында орын
алып отыр). Жабық экономика саясатының зардабы Қазақстанның тоқсаныншы
жылдар басынан өткергенiнен де әлдеқайда ауыр болуы мүмкiн.
      Бәсекелестiктi және экспортты ынталандыру саясаты импорт алмастыру
саясатының орнын басатын болады.
      ТМД бойынша жақын әрiптестермен еуразия өңiрiнде бiртұтас
экономикалық кеңiстiк құру Үкiметтiң сауда саясатының басты мiндетi болып
айқындалады. Бұл ретте елдi өңiрдегi жоғары технологиялы, экспорт-импорт,
инвестиция, қаржы және сауда орталығына айналдыру бағыты көзделедi. Әлемде
экономиканың экспортқа бағдарланған модельдерiн құрудың бай тәжiрибесi
жинақталған.
     Экспорттық бағдарланудың бес түрiн бөлiп алуға болады: шикiзат
ресурстарының экспорты, экспорттық-өңдеушi аймақтар, құрамдас бөлiктер
экспорты, толығымен дайын тұтыну өнiмдерiнiң экспорты және меншiктi сауда
маркалары (брендтер) бар өнiмдер экспорты.
      Шикiзат тауарларының экспорты дамушы елдер экспортының негiзгi түрi
болып табылады. Африка елдерi, ОАР-ды қоспағанда экспорттың бұл түрi барлық
экспорттың 90 процентiн құрайды, Латын Америкасы және Оңтүстiк-Шығыс Азия
үшiн 30-60 процент шамасында. Қытай, Оңтүстiк Корея, Сингапур сияқты
бiрнеше елдерде ғана шикiзат экспорт үлесiнiң орны азғана.
      Экспорттық-өңдеушi өңiрлер (ЭӨӨ) арзан жұмыс күшi бар елдерде және
қарапайым өнiмдi жинау кезiнде едәуiр еңбек шығындарының қажет ететiн
салаларда қалыптасады. Мұндай өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындар әдетте шетел
инвесторлары иелiгiнде болады. Мемлекеттер жергiлiктi халықты жұмыспен
қамту және шетел валюталарын алу проблемаларын шешу мақсатында
инвестицияларды көтермелеу үшiн мұндай аймақтарға белгiлі бiр жеңiлдiктердi
бередi.
      Экспорттық-өңдеушi өңiрлер дамушы елдердiң экспортты индустриялаудағы
бiрiншi кезең болып табылады. Мұндай аймақтар бiрiншi 60-жылдары Азияда
және Мексикада пайда болды. Қазiргi кезде ЭӨӨ жалақы өте төмен елдерде -
Қытай мен Оңтүстiк Шығыс Азияда басымдыққа ие болып отыр. Африка ЭӨӨ-ның
болуы тұрғысынан шетел инвестицияларына мәдениеттегi бар кедергiлер мен
шоғырланған арзан адам ресурстарының жетiспеушiлiгiнен, дамымаған
инфрақұрылым (әсiресе көлiкте) салдарынан әлемнiң үшiншi сатыдағы
мемлекеттерiнен тұтастай кейiндеп қалып отыр. Латын Америкасында ЭӨӨ жұмыс
күшiнiң арзандығынан және iрi өткiзу рыногы - АҚШ-тың жақындығынан
айтарлықтай таралып отыр.
      Құрамдас бөлiктерiнiң экспорты (ҚБЭ) автомобиль жасау және
электроника секiлдi жоғары технологиялы салалар өнiмдерiнің құрамдас
бөлiктерiнiң өндiрiсi мен экспортын бiлдiредi. ҚБЭ негiзiнен жаңа
индустриялы елдерде жүзеге асырылады (Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань).
Өнiмдi түпкiлiктi жинау дамушы елдерде жүзеге асырылады. Жаңа индустриялық
елдердегi кәсiпорындарды трансұлттық компаниялардың бақылауы ҚБЭ-ның
ерекшелiгi болып табылады.
      Толығымен дайын тұтыну өнiмдерiнiң экспортын (ТӨЭ) жергiлiктi
компаниялар жүзеге асырады, ал дизайн, маркетинг, көтерме және бөлшек
сауданы дамыған елдердiң ipi шетел компаниялары бақылайды. ТӨЭ-дегi жетекшi
рөлдi жаңа индустриялық елдер иеленiп отыр. Мысалы, 1980 жылы Гонконгтың,
Оңтүстiк Корея және Тайваньның экспорттық үлесi дамушы елдерде өндiрiлген
барлық ТӨЭ-нiң 72 процентiн құрады. ТӨЭ-нiң өмiршең түрлерi үшiн қажеттi
қосымша көмекшi салаларды Шығыс Азия елдері ғана құрғанын айта кету қажет.
      Меншiктi сауда маркалары (брендтер) бар дайын өнiмнiң экспорты (ММЭ)
ТӨЭ-ден де асатын өнiм экспортының түпкi өнiм түрi болып табылады.
Компанияларды шетелдiк рынокқа меншiктi брендтерiмен енуi ММЭ-нiң
ерекшелiгi болып табылады. Оңтүстiк Корея ММЭ-нiң жарқын мысалы болып
табылады: осы елдiң компаниялары шетелдiк рыноктарға автомобиль жасау және
электроникадағы меншiктi брендтерiмен қатысады.
      ММЭ тұтастай қарасақ, оны жеке алынған елдiң экспорттық саясатының
жемiсiн бағалау мүмкiн болатын стандарт болып табылады. әлемдегi экспорттық
бағдар түрлерiне шолу кестеде көрсетiлген. Дамушы елдердiң экспорттық
бағытының көп түрлiлiгiне қарамастан оның соңғы төрт түрiнiң пайда болуына
әкелетiн нақты тетiгi бар.
      Iрi трансұлттық компаниялар арзан жұмыс күшiн іздеп коммерциялық
тапсырыстарды шығыс-азия елдерiне орналастырды, ал олар өз кезегiнде елдегi
жұмыс күшiнiң қымбаттауына байланысты жұмыс күшi арзан болып тұрған елдерге
тапсырыстарды қайта орналастырып отырды. Бұл процесте Шығыс Азияның дамушы
елдерi дамыған елдердiң компанияларынан түскен коммерциялық тапсырыстар
арқылы өзiнiң индустриялық әлеуетiн дамытуға мүмкiндiк алды. Өзiнiң
индустриялық әлеуетiн жетiлдiре келе дамушы елдер өз тұғыр-шебiн нығайтып,
экспорттың жаңа түрлерiне iлгерiледi.
      Әлемнiң көптеген елдерi коммерциялық тапсырыстар арқылы жаңа
индустрияларды негiздеу мүмкiндiгiне белгiлi жағдайларға байланысты ие
болған жоқ. Басқаша айтқанда, трансұлттық компаниялар кейбiр Шығыс Азия
елдерiнiң әлемдiк экономикаға кiруiне және дамыған елдердiң бай рыноктарына
одан әрi қол жеткiзуiне көмектестi.
      Бәсекелестiк жағдайларды жасау мақсатында заңнамалық база сындарлы
талданатын болады және Қазақстан рыногында салауатты бәсекелестiктi
орнатуға кедергi жасайтын тауарлар мен қызмет көрсету жолындағы барлық
кедергiлер жойылатын болады.
      Сауда режимiн кезең-кезеңiмен ырықтандыру сауда саясатының
стратегиялық бағыты болуы тиiс. Бұл саясатты қосылған құн тiзбегiн одан әрi
дамыту пайдасына шикiзат салалары кiрiстерiн бөлшектеп қайта бөлу, сондай-
ақ ғылыми және инновациялық әзiрлемелерге негiзделетiн жаңа өндiрiстердi
ұйымдастыру арқылы, мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмдерде жүргiзу қажет
Қай елдің болмасын экономикасы үшін экспорттың сомасы импорттың
сомасынан көп болып, сыртқы сауданың сальдосы оң таңбалы болғаны тиімді
екені белгілі.
Сыртқы сауданы талдау жасағанда, көңіл бөлерлік мәселенің бірі –
Қазақстан қандай елдермен көбірек сауда қатынасын дамытып отырғаны жайлы.
Бұл тұрғыдан алып қарағанда, Ресей Федерациясының орны бөлек. 1995 жылы
экспорттың жалпы сомасының 45,1 проценті Ресейдің үлесіне келсе, ол жыл
сайын төмендей келіп, 2004 жылы 19,8 процентке дейін кеміді. Сондай-ақ,
импорттың жалпы сомасының 1995 жылы оның үлесіне 49,9 пайызы келсе, 2004
жылы 36,7 пайызға дейін төмендеді. Бірақ әлі де Ресейден импорттың үлкен
бөлігі әкелінеді.
Экспорт бойынша алып қарағанда, біздің Ресейден кейінгі тауарды көп
шығаратын еліміз Қытай болып саналады, оның үлесі үнемі және тұрақты өсіп
келеді және 2004 жылы 9,5 пайызға жетті. Үшінші орында Италия, одан кейін
Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды, Украина, Эстония. Міне осы
аталған 10 мемлекеттің басқалармен салыстырғанда үлес салмағы жоғары, 2004
жылы олардың үлесі 57,4 пайыз құрады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы сауда саясаты
Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
Еркін сауда саясаты
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Кеден органдарының қызметін реттейтін алғашқы үкіметтік құжаттар
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат
Пәндер