Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АБАЙ ТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы – экономикалық факультеті.
Қаржы кафедрасы.

Тақырыбы:
Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталы – қаржылық механизмі

Тексер:
Алматы-2006жыл

Жоспар

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ----
----------- 3б

I Сыртқы экономикалық қатынастар және валюта-қаржылық жүйесінің

мазмұны мен мәні
1.1 Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі мен оны реттеу -------------- 5
б
1.2 Валюта-қаржылық жүйесі: түсінігі, мазмұны,эволюциясы----------- 9 б
1.3 Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат ----------------- 16
б

II ҚР-да валюта-қаржы механизмі
2.1 ҚР-да валюта-қаржы жүйесінің даму кезеңдері-------------------------
20 б
2.2 Валюта-қаржы жүйесіндегі төлем балансының орны------------------ 22
б
2.3 ҚР-да валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану----------- 25
б

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ----
------- 29 б

Пайдаланған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
---- 30 б

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Банктердегі валюталық операцияларды
ұйымдастыру принциптері. Бұл тақырыпқа жазу мақсатым: дүниежүзілік валюта
қатынастарының даму тарихын ҚР- да валюта жүйесі және оның қазіргі жағдайы,
банктерде жүргізілетін валюталық операциялар туралы мағлұмат алу.
Менің кеурстық жұмысым үш бөлімнен тұрады.
I бөлім. Халықаралық валюта қатынастарының қалыптасуы және дамуы деп
аталады. Бұл тарауда мен мынадай мәселерді талдадым.
Валюта дегеніміз – 1- ден сол елдің ақша бірлігін, 2-ден шетелдік
мемлекеттің ақша белгілерін, 3-ден халықаралық есептесу бірліктері және
төлем құралын айтамыз. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта
айналымын қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық
шаруашылықтың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта
қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде)
вексель және айырбастау істері ретінде пайда болды. Валюта қатынастарының
туындауына ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде,
өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше әсер етеді. Валюта
қатынастары құқықытық нормалармен және ережелермен реттеледі. Валюталық
қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына саяси
тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып
келеді. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі
пайда болды.
Валюта жүйесі дегеніміз ұлттық заңдылықтармен не мемлекетаралық
келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және
реттеу формасы. Тарихи үштүрлі: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюта
жүйесі қалыптасты.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық
қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды.
Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып, оның орнына
тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйенің ауысуына әкелді.Сөйтіп валюта
жүйесі бірнеше кезендерден өтті. Яғни, әр елдің өзінің валюта жүйесінің
қалыптасуына жағдай жасады.
Валюта бағамы – басқа валюталық ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық
валюта бірлігі құны. Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау
пропорциясын анықтауды валюталық котировка деп атайды. Валюта нарығында
валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Валюта
жүйесінің үш негізгі жүйесі бар: бекітілген бағам, еркін құбылмалы бағам,
басқарылатын құбылмалы бағам.
IIбөлім.Валюта-қаржы механизмі туралы тарау. Бұл тарауды валюта
қатынастарының реттеу, саясат , нарық түсінігінің мәнін аштым.
Нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу
екі түрде жүзеге асырылады.
- нарықтық реттеу
- мемлекет тарапынан реттеу
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс пен ұсыныс, сондай – ақ
олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына
бағынады. Нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері
болып табылады. Бірақ та, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға
араласып келген, бастапқыда ол жанама түрде араласып келген, кейіннен
тікелей араласа бастады. Нарықтық және мемлекеттік реттеу бірін – бірі
толықтырады. Біріншісі, бәсекеке негізделсе, яғни дамуды ынталандыра
түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс
салдарларды жоюға бағытталған. Нарық экономикасын реттеу жүйесінде
валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына
сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында
жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы. Валюталық саясатты іске асырудың басты
бір құралы валюталық реттеу болып табылады. Мемлекетаралық валюталық
реттеу ұйымы – Халықаралық Валюталық қор болып табылады. Валюталық
саясаттың мынадай формалары қолданылады:
- Дисконттық валюталық саясат
- Девиздік валюталық саясат.

Қорытынды бөлімде мен валюта жүйесінің қазіргі жағдайын, валюта жүйесі
туралы өзімнің ой пікірімді жаздым.

I. Сыртқы экономикалық қатынастар және валюта-қаржылық жүйесінің
мазмұны мен мәні
1.1 Сыртқы экономикалық қатынастар қызметі түсінігі мен оны реттеу.
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен
бәсекелестікте дамитын ашық түрдегі экономикамен бірге дүние жүзінің
көптеген елдерімен халық
-аралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды
тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-несие
институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт
және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең
шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл валюталық есеп-қисап жүйесі
ортақтастыратын резиденттердің резидент еместермен, елдің экономикалық
агенттерінің басқа дүниемен қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы
экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы үлкен роль атқарады. Ол шаруашылық
жүргізудің экономикалық құрал ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға
ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық
қатынастар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан
Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы
саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
(1.1 сызбаны қараңыз)

Сыртқы сауда Шетелдік Дамуға ХалықаралықМәдениет, Елшіліктер
инвестициялауресми ұйымдарға шығармашылықді,
көмек жарналар , туризм, консульдық
ғылым және -
техника тарды,
сфераларындаөкіл-
ғы діктерді
ынтымақтастыұстау
қ жөніндегі
есеп-қисап
тар
Тау
арл
ар
мен
қыз
мет
-
тер
дің
экс
пор
-
ты

Кредиттер, қарыздар, тауарлардың жеткізілімі және
қызметтер көрсету, гранттар, біріккен кәсіпорындарға
қатысу, конценссиялар, меншікті жалдау, валюталық
төлемдер
Ны-
сан
да-
ры

Жанама Тура
Ақш
а
кап
ита
лын
а

пай
ыз-
дық
мөл
-
шер
ле
мел
ер

Елдің төлем балансының жай-күйі
Мемлекеттің қаржы-экономикалық тұрақтылығы
әсе
-рі

Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің
қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ
шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Қаржы
қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және
халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе
отырып, оны жүзеге асырады. Халықаралық қатынастарды дамытудағы қаржының
ролі үш бағыт бойынша көрінеді:
1.Қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі
бағыт-
тарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
2.Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
3.Халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей
қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық қатынастарға мыналар
жатады:
1.сыртқы сауда;
2.шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды
тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік
қатысу;
3.концессиялар- елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге
асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әртүрлі объектілерді
пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
4.Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына
қатысуы: сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен
қарыздар-
ды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар
төленеді;
5.ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
6.шет елдерде еншіліктерді, консулдықтарды және қызметкерлерді ұстау
жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Сыртқы экономикалық қызметке, сонымен қатар шетелдік активтерге: бағалы
қағаздарға, шетелде өнеркәсіп және басқа объектілер салуға капитал жұмсау
нысан-ындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда қызметтің бұл түрі
Қазақстанда қар-
жылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен нашар
дам-ыған. Еркін экономикалық аймақтарды қалыптастыру- қызметтің ерекше түрі
болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту
үшін шет-елдік капиталды прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару
тәжірибесін тар-ту мақсатымен құрылады. Олар республиканың шетелдермен
валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне қойылған.(1.2
сызбаны қараңыз)

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әртүрлі нысандар мен
әдіс-терін қамтиды.Реттеудің негізгі нысандары мыналар:
1.Сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2.Салық салу;
3.Инвестициялау;
4.Сыртқы қарыз алу;
5.Сыртқы берешек;
6.Экспортты қаражаттандыру.
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, жанама
әдістерді кі-рістіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар
жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары
мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып,
тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және
дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға
салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға,
сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа
бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде
тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа
елдің бағаларымен байланыстырылады.Валюта бағамының ауытқуы отандық
тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және керісінше,
отандық тауарлар бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Бұл
өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта
бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт
дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды.
Валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, яғни қаржы
құралдары- экспорт пен импортқа салынатын салықтар, кеден баждары арқылы
алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де,
сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді өндірушілердің де немесе
оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.
Салықтар сыртқы экономикалық қатынастарының маңызды реттегіші болып
табылады. Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік тарифтік
реттеу жүргізіледі.
Кеден тарифі ішкі рыноктағы шетелдік бәсекені реттейді.Кеден тарифі кеден
баждары мөлшерлемелерінің жүйеленген жиынтығы болып табылады, оны республи
-каның кеден аумағына әкелетін және бұл аумақ шағынан әкетілетін тауар мен
қыз-
меттерге салынады.
Валюта қатынастарының жекелеген элементтері ерте Грецияда және ежелгі
Рим- де вексель түрінде пайда болды. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және
Батыс Еуропа елдерінің басқа да саудалық орталықтарында ортағасырлық
вексель жәрмеңкелері жатады. Бұл кезде аудармалы вексель бойынша (тратта)
бойынша есепайырысу жүр-гізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің
капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық
есепайырысу жүйелері дами түсті. Валю-ның дамуы саяси тұрақтылыққа елдер
арасындағы күштердің шекті қатынасыны тә-уелді болып табылады. Сыртқы
экономикалық қатынастарда, оның ішінде валюта-лық байланыстарда саясат пен
экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда өзара
бір-бірімен бітісуі валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік
шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.

1.2. Валюта-қаржылық жүйе: түсінігі, мазмұны, эволюциясы
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшала-рды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөліні-сін
интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды.
Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін
сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру- міне
осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті.
Әлемдік тауар айнлымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ
өнеркә
сібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернациона-
лдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы
кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз
тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік
айырбастың,жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі
елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және
несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс
процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады
және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық
ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті
деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа
кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және
керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есепайырысу және
несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтарының
нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған,
өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер
етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстарының дамуына қарай валюта жүйесі пайда
болды. Валюта жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-
экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол
белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық
түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас
бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайыөндірісті қалыптастыруға және
халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын
пайдаланатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық
валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық алюта – елдің ақша бірлігі. ол қолма-
қол формада (банкнота монета) және қолма-қол емес формада (банктік
шоттардағы ақша қалдығы) болады. оның эмитенттері ұлттық орталық банк және
коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері
төмендегілер:
• ұлттық валюта;
• ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)
Жарғысында еркін қолданылатын валюта деген ұғым енгізілген. Оған
американдық доллар, неміс маркасы, жапон иені, француздық франк,
ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта; б)
айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
• валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген
ондағы алтын паритеті алынып тасталды.ХВҚ-ң Жарғысы бойынша валюта
паритеті тек СДР – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық
валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта
шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады. Валюта
қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол
валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен
анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады;
• валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта
өзгермелі).Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен
бекітілмеген;
• валюталық шектеудің болуы немесе болмауы;
• төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР
есепшоттары, еуро), ХВҚ резервтік позициясы және елдің сыртқы қарызын
өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валютак
өтімділігін реттеу;
• халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есепайрысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
• валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;

• валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы.
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық
валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері
қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен
заңды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен
халықаралық – шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бұл ереже – шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық
процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып
тұратын әртүрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық әрекеттерді түп-
тамырымен құруға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады.
Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екуін біріктіретін
түйін - әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма
формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептеуде қолдану
үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды.
Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда
ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданныла бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүние жүзілік валюта жүйесінің негізгі
элементтері қалыптасты. Олар:
• әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық
өлшем);
• валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
• валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
• валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
• халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу;
• халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
• әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
• мемлекетаралық реттеу институтының статусы – 1944 жылдан Халықаралық
валюта қоры бекітілді.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ)-дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде
батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957
жылы Рим шарты бойынша құрылған Жалпы нарық одағындағы мемлекеттердің
экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы
құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық
саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс
Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің дүниежүзілік валюта
жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның
құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне,
әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне
сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе
дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен
және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері.
Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде
құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж
конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған
валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп
соқтырды. Ол 1922 ж. Генуэз халықарлық экономикалық конференциясында
қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуэз валюта жүйесі
конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді
стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар
алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз
деген кез келген формадағы шетел валютасы. Екі дүниежүзілік соғыстар
аралығында Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы
ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен
американдық доллар осы статусты бірінші болып алуға өзара шиеленіскен
бәсекелесте таласып жатты.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның
Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы
бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп девиздік валюта ретінде
американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды.Сонымен бірге алғашқы рет
резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен
Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне
мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-
ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған
АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік
соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз етті. Батыс
Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы , сондай-ақ
бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық)
олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни долларлық аштықта
көрініс тапты.
Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:
• доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусы
бекітілді;
• ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын
арқылы айырбастайды, онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы
бекітілді;
• шетел орталық банктерінің долларлық резервтері алтынға американдық
қазынашылық мекемесі арқылы ресми бағамен айырбасталады;
• алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді;
• мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган – Халықаралық
валюта қоры (ХВҚ) құрылды.
ХВҚ-ның негізгі қызметі – осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің
валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын
бақылауды қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт
аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың
қарқынды өсуіне ықпал етті.
Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере
алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен
әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта
жүйесінің қайшылығы ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты
және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені
әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді.
1971-1973 жж. валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін
жеделдетті.
Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында
ХВҚ-ға мүше-мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісіммен
дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп атлды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық
валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық
принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанымен, ол бұрынғыдай
роль атқармайды. Жаңа жүйе көпвалюталы стандарт болып табылады.
Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:
• алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-
бір валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына
сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есетеуге де
қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын поритетінің, алтынның ресми
бағасының, шетел орталық банктерімен үкімет орындары үшін
американдық қазынашылықтың долларлық резевтерді алтынға айырбастауы
жоғалғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта жүйесінен
алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде ығыстырғанға
қарамастан, іс жүзінде оның ақша ретінде қолдану мүмкіндіктері
таусыла қойған жоқ. Алтынның нақты бағасы болғандықтан ол
бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса сенімді резервтік
актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің орталық
банктері және тезавраторлар шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда.
• алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есеп айырысу
құралы – СДР енгізілді. Ол валюталық париететпен валюта бағамының
негізі деп жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған 30 жыл ішінде ол
құн эталонына, не басты халықаралық төлем және резерв құралына
айналған жоқ. Ол әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды.
Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайды. СДР
стандартының болашағы жоқ, оның қолдану аясы негізінен ХВҚ-ның
операцияларымен шектелуде. Доллардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми
резервтік валюта статусы алынып тасталса да, іс жүзінде долларлық
стандарт сақталуда. Әлемде 21 валюта долларға бекітілген, доллар
халықаралық төлем және резерв құралы ретінде алда келеді. СДР
стандарты көп валюталы стандартқа ауысты. Ол – үш әлемдік валюталық
орталықтың валюталарына, яғни американдық долларға, неміс маркасына
(1999 жылдан еуромен алмастырылған), жапондық иенге негізделген.
• ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта
бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды. Сөйтіп өзгермелі валюта
бағамының ережесі бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың
наурызынан бастап ауысты. Бұрынғы бекітілген валюта бағамына
қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен валюта курстарының
арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етуін ақтамады. Керісінше,
орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы
формасындағы жүргізетін валюталық интервенциясына шығындары
көбейді.
• Бреттон-Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті – мемлекетаралық
валюталық реттеуді күшейту, мүше-елдердің өзара тығыз қарым-
қатынастығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол
жеткізу үшін әр түрлі валюталық шектеулерді жою.
Қорыта айтқанда, Ямайка валюта жүйесі бұрынғы жүйемен салыстырғанда
өзінің икемділігімен төлем баланстары мен валюта бағамдарының
тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тез лайықтанды.
Сонымен қатар ол біраз қиындықтарды: СДР стандартының тиімсіздігіне
байланысты; алтын ды заңды түрде демонетизациялаумен оның іс жүзінде
әлемдік төтенше ақша статусын сақтауы арасындағы қарама-қайшылық; өзгермелі
валюталық бағам ережесінің жетіспестігі және с.с. мәселелерді шешу үшін,
әлемдік үш орталықтың валюта-экономикалық саясатын үйлестіруді күшейту үшін
және әлемдік валюта механизмін тұрақтандыру үшін Ямайка валюта жүйесін
жетілдіретін жолдар іздестірілуде.
1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа
елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа
валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге
кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта
жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай болғанмен
оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.
Екі валюта жүйесін салыстырғанда ЕВЖ-ге валюта бағамы сиректеу ауытқиды.
Ол жетістікке келесі факторлар себепші болды: экономикалық және валюталық
интеграцияның үдемелі дамуы; ұлттық органдардың дербес құқының бір бөлігін
басқаға беру; нақты бағдарламаға бейімделу; валюта қатынастарының бағытын
және әдісін таңдаудағы икемділік; қаулы қабылдау және оны орындау
механизмін дайындау.
Дегнмен, ЕВЖ-ге мүше-елдердің өзара қарама-қайшылығын біраз қиыншылық-
тарды басынан көшіруде. Олар сол елдегі экономиканың, инфляцияның,
жұмыссыздықтың, төлем балансы жағдайының, алтынвалюта резервтерінің әртүрлі
деңгейлілігі мен қарқындылығынан туындайды.
ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең – саяси, экономикалық және валюталық
одақ (во) құру жөнінде 1994 жылы қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-
ны құрудың бірінші кезеңі 1990 ж. шілдеде басталып (бұл шарт алдыңғы Делор
жоспары негізінде жасалған), мүше-елдерге 1992 ж. аяғында валюталық
шектеуді мүлдем жоюды қарастырған. Бұл кезеңде мемлекеттердің экономикалық
дамуының деңгейін жақындастыруға, инфляция қарқынын төмендетуге, бюджет
кемшілігін қысқартуға зор көңіл бөлінген.
Екінші кезеңде Еуропа валюталық институты (ЕВЫҚ-ның орнына) құрылып, оның
құрамына он екі орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты –
орталық банктердің Еуропалық жүйесін эмиссиялау. Бұнда ЕО-ның министрлер
Кеңесінің директивалары негізінде экономикалық үйлестікке және оған мүше-
елдердің Еуропарламентке берген есебінің орындалуына басты назар
аударылады. Экономикалық тәртіпті бұзушыларға Еуропалық инвестициялық
банктің несиесін шектеу, айыппұл төлеу, бюджет кемшілігін төмендеткенге
дейін ЕО-ның процентсіз депозитін шектеу формасында жазалау шаралары
қолданылады. Экономиканы сауықтыруға бірлескен қорлар есебінен және ЕИБ
несиесін ЕО-ның көмегі қарастырылған.
Үшінші кезең ЕО-ның бірнеше мемлекеті несие-ақша жүйесінің бірыңғай
үлгісі шеңберінде біржақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген 20-
ғасырдың аяғында басталды. Жоғарыда айтылғандай, ЕО-ға кірген 15 елдің 11-і
1999 жылдың қаңтарынан ұжымдық валюта – еуроны – алғашында қолма-қол
ақшасыз есеп айырысу үшін банктік шотқа жазу формасында енгізді, ал 2002
жылдан ол ұлттық ақша өлшемдерінің орнына қолма-қол ақша формасында
енгізілген болатын. Ақша-несиелік және валюталық реттеу үшін 1998 ж. 1
шілдеден Еуропа орталық банкі құрылды.

1.3. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екi түрде жүзеге асырылады(
- нарықтық реттеу.
- Мемлекет тарапынан реттеу.
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай –
ақ олардың бағамдық шектi қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу
құн заңына бағынады. Мұндай заңлардың валюталық мнарықтағы
бәсекелестiк жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты
баламалылығын, тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер, капиталдар, несиелер
қозғалысына байланысты әлемдiк шаруашылықтың қажеттiлiгiне валюталардың
халықаралық ағымының сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы туралы
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Экономикалық Одақ жайлы
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЕСЕБІ
Экономикалық қауіпсіздік
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын және сыртқы саясатын дамытудың жолдары
Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты
Президент Н.Ә. Назарбаев анықтаған Қазақстан Сыртқы саясатының негізгі бағыттары
Пәндер