Дүние жүзіндегі мұнай қоры


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

  1. Дүниежүзілік мұнай және газ өндірісі.
  2. Дүниежүзі бойынша көмір өндіретін аймақтар.
  3. Қазақстандағы отын-энергетика кешені:мұнай және газ өнеркәсібі; көмір өндіру; электр энергетикасы.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Дүние жүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты.

Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халқаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер - шикізат ресурстарын өндіріші және экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда осы айтылғандай, дүниежүзілік экономикада «мамандану» бір жағынан дүние жүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік - экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердің аумақтарында орналасқан.

XIX ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалық ресурс түрі - ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп төмендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байқалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газды игеру және пайдалану келді. Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60% - ына дейін), мұнай мен газдан (шамамен 27%) тұрады. Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс басқадай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артық. 2000 жылы дүние жүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250-300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне 77%-ы тиесілі болды.

Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 млрд куб м деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ қорының 41% тиесілі.

Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200-300 жылға жетеді, ал шындығында қолда бар мұнай қоры қажеттілігін тек бірнеше онжылдыққа ғана жетуі мүмкін. өйткені мұнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мұнай мен газ конденсатын өндіру мөлшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ өндірісі 5 трлн куб м болған. Ал 2000 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 3, 5 млрд т және 23 трлн куб м-ге жеткен.

Мұнай өндірудің анықталған қоры қазіргі кезде дүние жүзі деңгейінде жалпы 40 жылға жетеді деп болжам жасалуда. Бұл көрсеткіш ОПЕК елдері бойынша орташа есеппен 77 жылды құрайды. Сонымен қатар аса ірі өндіргіш елдерде көрсеткіш қорлардың қамтамасыз етілуіндегі орташа деңгейінен жоғары. Мысалы, бұл көрсеткіш Сауд Арабиясында, шамамен, 80 жыл, Кувейт пен БАӘ 100 жылдан астам және т. б.

Бағалаулар өзгеде қазба отын түрлері бойынша беріледі. Табиғи газдың дүниежүзілік қоры, шамамен, 60 жылға, ал көмір 200 жылдан аса уақытқа жетеді.

Қазба байлықтардың ішінде отын және энергия көздері аса маңызды рөлге ие. Отын түрлерінің ішінде әлемде қоры өте молы - көмір. Қолда бар деректер бойынша, көмірдің жалпы геологиялық ресурсы 9-11 трлн т шартты отынға тең.

Әлемдік энергетикалық кеңесте көмірдің барлық түрінің қоры 1, 5 трлн т деп анықталған. Оның ішінде техникалық - экономикалық тұрғыдан тиімді деп анықталғаны негізгі қордың тек үштен екісін ғана құрайды. Алынатын тас көмірдің негізгі қоры бірнеше елдерде (АҚШ-та - ¼ ; ТМД елдерінде - 1/5-ден астамы; Қытайда 1/5 бөлігі, сондай-ақ Үндістан, ОАР және Аустралияда) шоғырланған.

Көмірдің сапалық құрамы айтарлықтай маңызға ие, оның ішінде кокстелетін көмір ерекше бағаланады. Мұндай көмірдің үлесі Аустралияда, Германияда, Қытайда және АҚШ-та аса мол. Көптеген елдердегі экологиялық проблемалардың шиеленісуіне және табиғат қорғау шараларының қатаңдануына байланысты көмірдің күкірттілігіне басты назар аударылуда.

Дүние жүзіндегі тас көмір өндіру, шамамен, 3, 5 млрд т деңгейінде. Сонғы жылдары бірқатар өндіріс жағдайы нашар және өндірілетін көмірдің айтарлықтай бөлігінің күкірттілігі жоғары елдерде тас көмір өндірісі күшті дағдарысқа ұшырады, соның нәтижесінде бұл елдер көмірді сырттан сатып алуға көшті. Аса ірі көмір экспорттаушы елдер қатарына Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия сияқты мемлекеттер кіреді.

Қоңыр көмірдің барланған қорының басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшілігі дамыған елдерде шоғырланған. Қоңыр көмір қоры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдыңғы орында. Қоңыр көмір өндірудің арзандығы(тек қана ашық әдіспен), оның калориясының төмендігіне қарамастан, салыстырмалы түрде арзан электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Тас көмір өндірісімен салыстырғанда қоңыр көмір өндіруде дағдарыс байқалған жоқ.

Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік - энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері есебінен қамтамасыз етіледі.

Энергетикалық ресурстардың шектеулілігі және өндіріске бақылаудың монополиялық сипат алуы XX ғасырдың 70-жылдарында энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігіне, әсіресе мұнайдың, оған деген бағаның шұғыл көтерілуіне, соның салдарынан әлемдік энергетикалық дағдарысқа алып келді. Дүниежүзілік экономика дамуының қарқынды факторлары айтарлықтай дәрежеде өзін - өзі жоғалтты. Энергетикалық шикізатты пайдалану олардың барланған қорларының өсімімен асып түсті, яғни ресурспен қамтамасыз етілу көрсеткіші төмендей бастады.

Экологиялық проблемалардың шиеленісуі де айтарлықтай деңгейге жетті. Дәл осы кезде алғашқы әлемдік ресурстардың сарқылуы жөнінде қорқынышты болжамдар өмірге келді. «Ресурстық жомарттық» дәуірінен энергияны тиімді пайдалану дәуіріне өту басталды.

Дүние жүзіндегі мұнай қоры

Аймақтар мен елдер

1. 01. 2000

ж. қоры, млрд т

Дүниежүзілік қордағы үлесі, %
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %

Қордың қазіргі кездегі

өндіруге

қатынасы

Аймақтар мен елдер: Солтүстік Америка
1. 01. 2000ж. қоры, млрд т: 4, 3
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 3, 5
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 13, 8
Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы: 9, 2
Аймақтар мен елдер: Латын Америкасы
1. 01. 2000ж. қоры, млрд т: 17, 0
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 11, 3
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 14, 7
Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы: 33, 6
Аймақтар мен елдер: Батыс Еуропа
1. 01. 2000ж. қоры, млрд т: 2, 5
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 1, 9
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 9, 4
Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы: 7, 7
Аймақтар мен елдер: Шығыс Еуропа
1. 01. 2000ж. қоры, млрд т: 0, 2
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 0, 1
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 0, 2
Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы: 31, 2
Аймақтар мен елдер: ТМД, оның ішінде Ресей
1. 01. 2000ж. қоры, млрд т:

9, 0

6, 7

Дүниежүзілік қордағы үлесі, %:

6, 3

4, 7

Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %:

10, 7

8, 8

Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы:

24, 3

22, 0

Аймақтар мен елдер:

Оңтүстік-Батыс Азия және Солтүстік Африка, оның ішінде

Сауд Арабиясы

1. 01. 2000ж. қоры, млрд т:

96, 9

36, 0

Дүниежүзілік қордағы үлесі, %:

69, 3

25, 5

Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %:

35, 4

11, 9

Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы:

79, 2

87, 5

Аймақтар мен елдер: Сахарадан оңтүстіктегі Африка
1. 01. 2000ж. қоры, млрд т: 4, 7
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 3, 3
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 5, 3
Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы: 25, 4
Аймақтар мен елдер: Оңтүстік - Шығыс Азия
1. 01. 2000ж. қоры, млрд т: 5, 4
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 4, 0
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 9, 7
Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы: 16, 0
Аймақтар мен елдер: Аустралия мен Мұхит аралдары
1. 01. 2000ж. қоры, млрд т: 0, 4
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 0, 3
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 0, 8
Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы: 13, 8
Аймақтар мен елдер:

Дүние жүзі,

Оның ішінде

ОПЕК елдері

1. 01. 2000ж. қоры, млрд т:

140, 4

109, 1

Дүниежүзілік қордағы үлесі, %:

100, 0

77, 6

Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %:

100, 0

40, 8

Қордың қазіргі кездегіөндіругеқатынасы:

41, 0

77, 4

Дүние жүзіндегі табиғи газдың қоры

Аймақтар мен елдер
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы
Аймақтар мен елдер: Солтүстік Америка
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %: 6, 46
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 4, 4
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 30, 2
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы: 1, 2
Аймақтар мен елдер: Латын Америкасы
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %: 7, 16
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 4, 9
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 5, 7
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы: 54, 7
Аймақтар мен елдер: Батыс Еуропа
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %: 4, 7
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 3, 2
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 11, 4
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы: 17, 7
Аймақтар мен елдер: Шығыс Еуропа
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %: 0, 45
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 0, 3
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 0, 7
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы: 26, 8
Аймақтар мен елдер: ТМД, оның ішінде Ресей
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %:

56, 7

48, 1

Дүниежүзілік қордағы үлесі, %:

38, 7

32, 9

Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %:

28, 2

23, 6

Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы:

86, 4

87, 4

Аймақтар мен елдер: Оңтүстік-Батыс Азия және Солтүстік Африка
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %: 56, 35
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 38, 5
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 12, 4
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы: 194, 3
Аймақтар мен елдер: Сахарадан оңтүстіктегі Африка
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %: 4, 33
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 3, 0
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 0, 5
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы: 397, 2
Аймақтар мен елдер: Оңтүстік-Шығыс Азия
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %: 8, 87
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 6, 1
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 9, 6
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы: 40, 2
Аймақтар мен елдер: Аустралия мен Мұхит аралдары
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %: 1, 41
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 0, 9
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 1, 3
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы: 41, 2
Аймақтар мен елдер: Дүние жүзі
1. 01. 2000 ж. қоры, трлн текше метр үлесі, %: 146, 4
Дүниежүзілік қордағы үлесі, %: 100, 0
Дүниежүзілік өндірудегі үлесі, %: 100, 0
Қордың қазіргі кездегі өндіруге қатынасы: 61, 9

Қазақстанның отын - энергетика кешені.

Отын - энергетика кешені - күрделі салаларалық отын мен энергия өндіру, оларды тасымалдау, энергияны тасымалдау тарату және пайдалану жүйесі. Оның құрамына халық шаруашылығының барлық салаларымен тығыз байланысты отын өнеркәсібі (мұнай, газ және көмір) мен электр энергетикасы енеді.

Қазақстан халық шаруашылығы негізінен өз энергетика қорына сүйенеді. Барлық салалар үшін отын қорыныңнегізгі көздері - көмір, мұнай, газ, тақтатас. Көмір республика энергетикасының негізгі қоры. Ол фабрика, зауыт, электр станциялары, көлік, металлургияда пайдаланылады. Қазіргі кездегі өнеркәсіпте көмір - химия өнеркәсібі үшін маңызды шикізат.

Жылу электр станциялары үшін калориялылығы төмен, күлі көп қоңыр көмір пайдаланылады. Оны негізінен ашық әдіспен Қарағанды және Екібастұз алаптарында өндіреді.

Қарағанда көмір алабы - республикадағы ең ірі көмір кен орны. Қазақстанда өндірілетін көмірдің 45 % - ін осы Қарағанды алабы береді. Бұл жердегі көмірдің геологиялық қоры 51 млрд тонна деп есептелінген.

Маңызы жағынан Еібастұз қоңыр көмір кен алабы екінші орын алады. Ол республика бойынша өндірілетін көмірдің жартысына жуыын береді. Жақсы энергетикалық көмір болғандықтан екібастұз көмірі республикаың отын - энергетика балансында үлкен рөл атқарады, Екібастұз көмірі электр станцияларында пайдаланылады. Бұл ьжерде ьірнеше ірі мемлекеттік аудандық электр станциялары салынып жатыр. Жылына 50 млн тоннадан астам көмір өндіретін «Богатырь», «Центральный» көмір кесінділері бұрынғы КСРО - да ғана емес, бүкіл дүние жүзі бойынша ең ірі кесінділер болып табылады. Обаған-Торғай алабында да қоңыр көмір өндіріледі. Бұл топ Құсмұрын, Приозер, Егінсай, Қызылтаң көмір кен орындарын қамтиды. Екібастұздан 40 км жерде кен қоры мол Майкубі қоңыр көмір алабы орналасқан. Республиканың оңтүстігінде Ленгір көмір кен орны орналасқан. Көмір әлі де көпке дейін Қазақстан өнеркәсібі үшін отынның негізгі көзі болып қалады. Бұл екі себепке : көмір қорының молдығына және оның құнын арзанға түсіретін ашық әдіспен өндіруге байланысты.

Мұнай мен газ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы
Қазіргі экономикалық дамудағы табиғи ресурстардың рөлі
Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу
Шетелдік Еуропаға жалпы сипаттама
Азияның географиялық табиғат зоналары
ШЕТЕЛДІК АЗИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Қазақстандағы жанармай кешенінің жағдайы мен келешегі
Ұлыбритания мемлекеті
Канада
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz