Мерзімдердің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы заң академиясы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері

Орындаған:___________________

Тексерген:___________________

Алматы 2004ж

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3б.

1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі ... ... ... ... ... .4-9 б.б.
2. Мерзімдердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-15 б.б
3. Талап
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..16-22 б.б

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..23 б.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .24
б.

Кіріспе.

Азаматтық құқықта, нақтырақ айтсақ азаматтық айналымда құқықтар
уақытында жүзеге асырылып, міндеттердің уақытылы орындалуы өте маңызды
рөлге ие болады. Бұлардың уақытылы орындалуы азаматтық қатынастардың
уақытылы орындалып, олардың әрі қарай дамуына негіз болады. Осыны жүзеге
асыру үшін азаматтық құқықта мерзімдер түсінігі бар. Мерзімдер азаматтық
қатынастар қатысушыларының әрекеттерін реттеуді жүзеге асырады. Яғни,
мерзімдер азаматтық құқытағы өте маңызды институт болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мерзімдерге түсінік беру, олардың
жіктелуіне назар аудару, сонымен қоса мерзімдер дегенде біздің ойымызға ең
бірінші келетін талап қою мерзімі мағынасының мәнін ашу. Азаматтық құқықта
талап қою мерзімі өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады, ол
азаматтық қатынастар қатысушыларының белсенді болуын талап етеді. Талап қою
мерзімі дегеніміз – бұл заңда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен
кейін ақы талап ету құқығы жойылады, басқаша айтқанда, құқықты еріксіз
жүзеге асыру құқығы жойылады. Мерзімдердің ішінде сонымен қатар азаматтық
құқықтарды жүзеге асыру мен азаматтық міндетемені жүзеге асыру мерзімін де
атап кетуді жөн санадым, себебі мұның теориялық, сонымен қатар практикалық
маңызы өте зор.
Жұмыстың негізгі бөлімінде, сонымен қатар осы азаматтық құқытағы
мерзімдерге байланысты қазіргі таңдағы өзекті мәселелер де айтылмай
қалмайды. Сондықтан да жұмыстың негізгі арқауы болған мәселелерді осы
тұстан көруге болады.

1. Азаматтық құқытағы мерзімдер түсінігі.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және оны қорғау уақыт факторымен
тығыз байланысты болып табылады. Азаматтық заң уақыттың не болмаса белгілі
бір моменттің келуі құқықтық қатынастардың тоқтатылуын, өзгертілуін, пайда
болуын, шартпен немесе заңда көрсетілген белгілі бір әрекеттерді жасау
қажеттілігін көрсетеді. Азаматтық құқықтық қатынастардың өзгертілуіне,
тоқтатылуына немесе пайда болуына алып келетін уақыт пен моменттер
азаматтық құқықта мерзімдер деген атқа ие болды.
Азаматтық айналымдарда және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуде
уақыт факторы үлкен рөлге ие болады. Заңдармен белгіленген, мәмілемен
немесе сот шешімімен белгіленген мерзімдер уақытылы немесе сол уақыт
моментінде азаматтарға құқытық қатынастарға түсу үшін құқықтар береді, осы
уақыт аралығында бұл құқықтар өзгереді немесе тоқтайды.
Азаматтық кодекстің 172-бабы бойынша заңдармен, мәмілемен белгіленген
немесе сот тағайындаған мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға
тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді. Мерзімдер жылдармен, айлармен,
апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде
де көрсетілуі мүмкін.
Азаматтық құқықта мерзімдер деп олардың пайда болуы (басталуы) мен
аяқталуы азаматтық құқықтық салдар туғызатын уақыт бөлігін немесе уақыт
моментін айтады.
Мерзімдердің басты мәні – олардың басталуы мен аяқталуы нақтылы
құқықтық салдарға әкеп соғады. Мысалы А деген азамат Б деген азаматқа 3 жыл
мерзімге өзінің автокөлігін пайдалануға сенімхат береді, яғни осы үш жыл
үшін Б деген азаматта А-ның көлігін пайдалануға құқығы пайда болады. Ал осы
үш жыл өткеннен соң Б бұл құқығынан айырылады.
Мерзімдер азаматтық айналымды ретке келтіреді, айналым қатысушыларын
тәртіпке келтіреді, шарттың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді, ал
шарттардың рөлі мен мағынасы бүгінгі күні өсіп отыр, сонымен қоса мерзімдер
азаматтық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің уақытылы
қорғалуын қамтамасыз етеді. Өзінің заңды табиғатына байланысты мерзімдер -
заңды фактілер болып табылады, өйткені оларды заң нақты құқықтық салдарлар
пайда болумен байланыстырады.[1]
Құқық теория курсының өтіп кеткеніміздей, заңды фактілер өз кезегінде
оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді.
Жалпы ереже бойынша мерзімдер оқиғалар категориясына жатады, өйткені
олардың пайда болуы мен аяқталуы объективтік сипатта болады, яғни азаматтық
қатынас субъектілері еркінен тыс басталады. Солай дегенмен, құқықтық
әдебиеттерде басқа жекелеген көзқарас бар, ол бойынша мерзімдер заңды
фактілердің ерекше категориясына жатады және олар оқиғаларға да,
әрекеттерге де жатпайды.[2]

Бұл көзқарас мынаған негізделеді: заңды мерзімдер уақыттың ағуының
объективтік заңдарына бағынады, сонда да олар ерікті болады, өйткені заң
шығарушы мен шарттағы тараптар еркіне тәуелді, сондықтан оларды екіжақты
қарастыруымыз керек. Бұл көзқараспен келісу қиын, өйткені біреудің еркімен
белгіленген уақыт, немесе уақыт бөлігі бәрібір объективті басталады, яғни
оны жақындатуға, алыстатуға, өзгертуге тоқтату мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі уақытты регламенттеу
тәртібін белгілеген. Заңдармен, мәмілемен белгіленетін немесе сот
тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиіс оқиға
көрсетіліп белгіленеді.
Күнтізбелік күн – ол нақты жылдың және айдың күні. Мысалға 1998
жылының желтоқсан айының он төртінші күні.
Оқиғалар – адамның еркінен тыс пайда болатын заңдық мәні бар факт
(адамның табиғи өнімі, уақыттың өтуі және т.б). Сот шешімі, заң актісі
немесе мәміледе негізделген пайда болуы сөзсіз оқиға міндетті түрде
басталуы керек. Белгілі бір мерзімді оқиға негіздеу дегенде біз ол оқиғаның
басталуын азаматтық қатынастар субъектілері білмейді деп түсінеміз.
Оқиға адам еркінен тыс пайда болады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 1042-
бабы бойынша мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп
жариялау салдарынан ашылады. Календарлық күнге сілтеме жасау көбінесе
мәмілелерде кездеседі, ол азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттерді
орындаудың нақты күнін белгілегенде қолданылады. Мысалға, тауарларды
жеткізу 1999 жылдың 31желтоқсанына дейін жүзеге асыру керек. Алайда мұндай
сілтемелер сот шешімінде болуы мүмкін, Заңдармен де белгіленуі мүмкін.
Мысалы, Азаматтық кодекстің 1042 бабының 2 тармағына сәйкес мұра
қалдырушының қайтыс болған күні, ол оны қайтыс болды деп жариялаған кезде,
егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп
жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып
табылады. Немесе Салық кодексінің нормасына сәйкес жылдық пайда туралы
декларацияны салық қызметі органдарына 31 наурызға дейін өткізуі керек.
Мерзімдер уақыт кезеңі де болуы мүмкін және ол жылдармен, айлармен,
апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептеледі. Мерзімдердің
есептелуін дұрыс жүзеге асыру үшін оның басталуы және аяқталу мерзімдері
анық белгіленеді. Азаматтық кодекстің 173-бабына сәйкес уақыт кезеңімен
белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімдердің басталуы
белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Егер, мысалы,
үйді жалға алу туралы шарт 1999 жылдың 23 қаңтарында жасалса, сәйкесінше
оның басталуы 1999 жылдың 24 қаңтарынан басталады. Жылдармен есептелетін
мерзім – мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Мысалға үш
жылдық талап қою мерзімі 1995 жылдың 1 желтоқсанынан басталса, ол 1998
жылдың 1 желтоқсанында бітеді.
Егер мерзімнің өтуінің аяқталуы туралы айтсақ, олар бір бірінен
қолданылатын уақыт мерзімін есепеу бірлігіне байланысты болып келеді.
Азаматтық кодекстің 174-бабына сәйкес, жылдармен есептелетін мерзім –
мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Мысалы, талап ету
мерзімінің 2001 жылы 1-сәуірде басталған мерзімі 2004 жылдың 1-сәуірінде
аяқталады.
Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің
ережелері қолданылады.
Жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің
ережелері қолданылады. Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп есептеледі, ал
тоқсанды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі.
Айлармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде
бітеді және жарты аймен белгіленетін мерзім ретінде қарастырылады да, он
бес күнге тең деп есептеледі. Егер келетін соңғы айда ол күн жоқ болса,
онда оның бітуі сол айдың соңғы күніне келеді. Мысалға, 1991 жылдың 31
қаңтарындағы 1 айлық шарт ақпан айында 31 күн болмағандықтан, ол шарт 28
(29) ақпанда аяқталады.
Апталармен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы аптасының тиісті
күнінде бітеді. Мысалы, мерзім бейсенбі күні басталса, ол келесі аптаның
бейсенбісінде бітеді. Егер апталық есептеудегі соңғы күн демалыс күні
болса, мерзімнің бітуі келесі жұмыс күніне келеді. Бұл орайда демалыс күні
деп мереке күні, сонымен қоса ұйымның жұмыс режимімен бекітілген демалыс
күнді айтамыз. Мысалға, 25 желтоқсан шетелдік неміс компанияларына демалыс
күні болып табылады. Бұл күні немістерде діни ұлттық мейрам – Рождество
христоваң мерекеленеді. Бұл жағдайда шарттың соңғы күні келесі жұмыс күні
болады.
Мерзімдерді сағаттармен есептеген кезде оның басталу, аяқталу моментін
анықтау керектігі туындамайды, өйткені бұл тәсілде оның мерзімінің басталуы
мен аяқталуы белгілі болып тұрады.
Егер мерзім нақты бір әрекетті жасауға белгіленсе, жалпы ереже бойынша
ол 24 сағат ішінде орындалады. Алайда бұл әрекеттер ұйымда жасалуы керек,
бұл жерде мерзім ұйымда операцияларда тоқтатылғанда бітеді. Бұндай
қатынастарда мерзімнің аяқталуы ұйымда жұмыстар ресми тоқтатылғанда болады.

Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан
кейін ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Ал, егер де мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол
әрекет мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін орындалуы
мүмкін. Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалған болса, онда мерзім осы
ұйымда белгіленген ережелер бойынша тиісті операциялар тоқтатылған сағата
бітеді. Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейінгі почтаға,
телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мен
хабарламалар мерзімінде жасалған болып саналады.
Шарттар бүгінгі күні азаматтық айналымды қамтамасыз етіп отыр, ол
шарттар белгілі бір мерзімге жасалатынын білеміз. Осы шарттарда оның
басталу және аяқталу күндерін анықтап алу үлкен практикалық мағынаға ие
болады.

2. Мерзімдер түрлері.

Азаматтық құқықта кездесетін көптеген мерзімдер бірқатар нақты
негіздер бойынша классификацияланады. Мерзімнің кіммен орнатылуына
байланысты олар заңды, шартты және соттық мерзім болып жіктеледі. Заңды
мерзімдер заңдарда және де басқа нормативтік құқықтық актілерде бекітілген.
Мысалы, мұраны қабылдау немесе одан бас тарту үшін заңмен алты айлық мерзім
орнатылған, толық азаматтық әрекет қабілеттілік, талап мерзімдер заңда
нақты өздерінің бекімін тапқан. Тараптардың келісімімен бекітілетін мерзім
шартты болып табылады. Соттық мерзімдер, бұл сотпен немесе арбитраждық
сотпен орнатылған мерзімдер болып табылады. Мысалы, сот мердігерге ақысыз
түрде өзінің жұмысындағы кемшіліктерді жоюға уақыт беруі мүмкін.

Мерзімдер өздерінің табиғаты мен сипатына байланысты бірнеше түрлерге
бөлінеді. Құқықтық салдарына байланысты мерзімдер құқық туындатушы, құқық
өзгертуші және құқық тоқтатушы болып бөлінеді.[3] Мәселен, мүлікті беру
моменті, жалпы ереже бойынша меншік құқығының пайда болуын білдіреді. Ал
құқық өзгертуші мерзімнің келіп жетуі азаматтық құқықтар мен міндеттердің
өзгеруіне алып келеді. Мысалы, мердігерлік шарты бойынша жұмыс нәтижесін
қабылдау мен беру мерзімін өткізіп алу кезінде мүліктің кездейсоқ жойылуы
мен бүлінуі қаупі сол мерзімді өткізіп алған тарапқа жүктеледі. Құқықты
тоқтататын мерзімдер құқық пен міндеттің тоқтатылуына алып келеді. Мысалы,
егер мұра қалдырушының несие берушілері мұраның ашылу сәтінен бастап алты
ай ішінде өздерінің талаптарын қоймайтын болса, онда бұл талаптар
қанағаттандырылған деп танылады.

Мерзімдерді анықтаудың сипаты бойынша олар: императивті, диспозитивті,
абсолютті анықталған, тиісінше анықталған және анықталмаған, жалпы және
арнайы, және басқа да болып бөлінеді. Императивті мерзімдер заңмен нақты
анықталған және тараптардың келісімімен өзгертуге жатпайтын мерзімдер.
Оларға талап қою және меншік құқығына ие болу мерзімдері жатады. Мерзімдер
диспозитивті болып, егер заңда көрсетілгендігіне қарамастан тараптардың
келісімі арқылы өзгертуге жататын мерзімдер табылады. Мысалы, борышқор
талап етілген уақытта жеті күн өткенге дейін талапты қанағаттандыруға тиіс,
бірақ тараптардың келісімімен нақ сол кезде орындауды немесе одан да көп
мерзім өткеннен кейін орындауды қарастыруы мүмкін.
Абсолютті анықталған мерзімдер құқықтық салдардың туындауымен
байланысты нақты бір моментті немесе уақыт кезеңін білдіреді. Оларға,
мысалы, календарлық датамен немесе уақыт кезеңімен белгіленген мерзімдер
жатады. Тиісінше анықталған уақыттар нақты анықталмағандығымен
ерекшеленеді, бірақ олар да өз кезегінде нақты бір моментпен немесе уақыт
кезеңімен байланысты болып табылады. Бұларға, тауар жеткізілім шарттарында
анықталған екінші квартал деп көрсеткен мерзімдер жатады. Анықталмаған
мерзімдер заңда немесе шартта мүлдем уақыт кезеңі көрсетілмеген уақытты
айтады, бірақ бұлардың өзі уақыт шекарасына ие деп саналады. Мысалы, мүлік
мерзімі көрсетілмей уақытша ақысыз пайдалануға немесе арендаға берілуі
мүмкін
‡здерінің құқытық табиғатына байланысты мерзімдер келесідей түрлерге
бөлінеді:
1. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері ретінде біз субъективтік
құқытарға ие тұлға осы мерзім ішінде өзінің субъективтік құқығына
байланысты әртүрлі әрекет жасауға мүмкіндік алуын айтамыз Жалпы ереже
бойынша ондай мерзімдер заң актілерімен, тараптар келісімімен
орнатылады (меншік құқығы, авторлық құқық және т.б). Сонымен қатар
олар тараптардың келісімімен де орнатылуы мүмкін.
2. Субъективтік құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері – бұл уақыт аралығында
азаматтар белгілі бір уақытқа белгіленген субъективтік құқықтарды
жүзеге асырылады (мысалы, сенімхат үш жылға дейін беріледі). Бұларды
белгілі бір топқа бөлудің қажеттілігі азаматтық құқықта уақытпен
шектелмеген құқықтармен (мысалы, меншік құқығы, авторлық құқық, т.б)
және әрекет ету мерзімі анықталмаған құқықтармен қатар (мысалы,
мерзімі анықталмаған мүлік жалдау шарты бойынша) әрекет ету шектері
заңмен белгіленген субъективтік құқықтардың болуынан көрініс табады.
Мысалы, белгілі бір жаңалыққа (открытие) патенттің әрекет етуі жиырма
жылмен шектелген, авторлық құқық автордың өмір бойы және ол қайтыс
болғаннан кейін елу жыл (егер ол мерзімсіз қорғалатын болмаса) әрекет
етеді және т.б. субъективтік құқықтардың әрекет етуінің мұндай
шектеулерінің болуы әртүрлі себептермен байланысты болады, бірақ бұл
көбіне тұлғаның мүддесі мен тұтастай алғандағы қоғамның мүдделері
сәйкес келуі үшін жасалған.
3. Тоқтатушы мерзімдер – бұл мерзімдер белгіленген құқықтарды тоқтату
үшін белгіленеді. Мысалға, Нотариат туралы заңда, егер нотариус болуға
рұқсат алған адам үш жыл ішінде нотариалдық әрекеттермен айналыспаса,
ол жұмысқа емтиханнан қайта өткеннен кейін ғана жіберіледі. Бұл
мерзімдерді біз субъективтік құқықтарды жүзеге асыру мерзімдерінен
ажырата білуіміз керек, өйткені бұл құқықты да белгілі бір мерзім
ішінде жүзеге асыру тиіс. Дегенмен, егер субъективтік құқықтарды
жүзеге асыру мерзімдері олардың нақты созылуын білдіретін болса, құқық
тоқтатушы мерзімдер егер олар қолданылмайтын болса, сол арада
тоқтатылуын білдіреді. Мысалы мүлік жалдау шартын тоқтатудың бір
негізі болып, егер шартта көрсетілсе, жалға алушының көп уақыт болмауы
жатады; кепілдік ету, егер несие беруші міндеттемен басталғаннан кейін
бір жыл ішінде кепіл берушіге талап-арыз қоймаса тоқтатылады.
4. Кепілдік мерзімдер – бұл мерзімдер сатып алушыға алған тауар ақауларын
анықтау үшін белгіленеді. Кепілдік мерзімдер мемлекеттік стандартпен
немесе тараптардың арасындағы келісіммен белгіленеді. Ұзақ уақыт
пайдаланатын не болмаса сақталатын тауарға қатысты алатын болсақ,
заңмен немесе шартпен несие берушіге тауардың кемшіліктерін анықтап,
талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою мерзімінің өтуі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Сағатпен есептелетін мерзімдер
Азаматтық құқық қабілеттілігі
Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі, есептелуі және түрлері
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Пәндер