Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Алматы заң академиясы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық
құқықтық тәсілдері
Орындаған: __________
Тексерген: __________
Алматы 2005 жыл.
Жоспар:
Кіріспе
1. Меншік құқығы мен өзге де заттық құықтарды қорғаудың азаматтық
құқықтық тәсілдерінің түсінігі мен жүйесі
2. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдері
3. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілінің өзге де заттық
құқықтарды қорғауға қолдануы
4. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік-
құқықтық тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Мемлекет және құқық теориясы курсынан оқығанымыздай мемлекет
азаматтарына субъективтік құқықтарды береді. Азамат өзіне тиесілі
субъективтік құқықтарды қолданады, жүзеге асырады және олар бұзылғанда
немесе ол құқықтарды жүзеге асыруға кедергі жасалғанда оны қорғауға құқығы
бар. Азаматтардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзғанда олар
оны заңда көрсетілген тәсілдермен қорғауға құқығы бар.
Азаматтық құқық теориясында меншік құқығы мен өзге де заттық
құқықтарын қорғаудың бірнеше тәсілдері бар. Осы курстық жұмыстың мақсаты
меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың азазматтық-құқықтық
тәсілдерін зерттеу. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің он бесінші
тарауы тікелей меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға
арналған. Осы курстық жұмыста Азаматтық кодекстің он бесінші тарауына
кеңінен талдау жасалынады.
Курстық жұмыстың жаңалығы ол Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының заңгерлерінің еңбектері қорытындыланып жазылуында.
1. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық-

Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың түсінігі.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың мүліктік құқықтары, сонымен қоса меншік
құқығы мен өзге де заттық құқықтың әртүрлі салаларымен қорғалады:
қылмыстық, әкімшілік, қаржылық құқық және басқалар. Мүліктік құқықтарды
қорғаудың жүйесінде азаматтық құқық шешуші орын алады. өйткені мүліктік
құқықтар құқықтың осы саласының тікелей объектісі болып табылдады. Сол
уақытта да азаматтық құқық меншік және өзге де заттық құқықтарды әртүрлі
тәсілдермен қорғайды.
Кең мағынада қарастырғанда меншік құқығын және өзге де заттық
құқықтарды меншік иесінің немесе өзге де заттық құқықтардың иесінің қорғауы
оны басқа да азаматтың субъективтік құқықтарын қорғаудың барлық
тәсілдерімен жүзеге асырылады. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар
азаматтың субъективті құқықтарына жататындықтан, басқа да азаматтың
субъективті құқықтарымен теңдей негізде қорғалады, азаматтық құқықтарды
қорғаудың жалпы азаматтық құқықтық қағидаларына бағынады және де жалпы
белгіленген азаматтық құқықтарды қорғау шектерінде қорғалады.[1]
Ал, тар мағынада, яғни азаматтық-құқықтық мағынада меншік құқығын және
өзге де заттық құқықтарды қорғау дегенде, азаматтық құқықпен белгіленген
нақты, ерекше, арнайы меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау
тәсілдерін түсінуіміз керек.
Азаматтық кодекстің он бесінші тарауында көрсетілген меншік құқығы мен
өзге де заттық құқықтарды қорғау шаралары өздерінің сипаты мен әрекеті
бойынша бір топты емес және ондағы меншік құқығын қорғаудың тәсілдері көп
жағдайларда басқа да заттық құқықтарды қорғауға қолдана бермейді. Сөйте
тұра, Азаматтық кодекстің он бесінші тарауында көрсетілген меншік құқығы
мен өзге де заттық құқықтарды қорғау шаралардың ұсынылуының жүйесі өзіндік
сипатқа ие болады. Мысалға, Азаматтық кодекстің 259-264 баптарында меншік
құқығы мен өзге де затық құқықтарды қорғау шараларының тізімі беріледі,
оларға меншік құқығын тану, меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз
иеленуінен мүлікті қайтарғанда оған байланысты шығындарды өтету, адал
иеленушіден мүлікті талап етіп алдыру жатады және осы баптарда жоғарыда
көрсетілген шараларды қолдану механизмдері де қарастырылған.
Ал, Азаматтық кодекстің 267-бабында меншік құқығы мен өзге де заттық
құқықтарды қорғауды өкімет, басқару органдары мен лауазымды адамдардың
заңға сәйкес келмейтін актілерінен қорғау шаралары мен ол құқықтар бұзылған
жағдайда шығындарды өтеу тәртіптері қарастырылған.
Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың жүйесі. Жалпы
меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың тәсілдері қорғау
сипатына қарай заттық-құқықтық және міндеттемелік-құқықтық тәсілдерге
жіктеледі.
Қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдері меншік құқығын немесе өзге де
заттық құқықтарды бұзған кез келген үшінші тараптарға қолданылады, олар
шарттық немесе шарттық емес міндеттемелермен байланысты емес. Заттық-
құқықтық тәсіл бұзылған құқықтарды келесідей жолдармен қалпына келтіруді
мақсат етеді:
1) Заңсыз алынған мүлікті қайтару;
2) Бұзылған затты қалпына келтіру;
3) Мүлікті пайдаланудағы кемшіліктерді жою.
Жоғарыда көрсетілгендер иелену пайдалану және билік ету құқығы қалпына
келгенде жүзеге асырылады, яғни абсолюттік құқық қалпына келу керек.
Ал, міндеттемелік құқықтық тәсіл барысында құқығы бұзылған меншік иесі
немесе өзге де заттық құқықтардың иесі өзінің мүддесін шартта көрсетілген
шаралар арқылы жүзеге асырады, яғни мүліктің құны өтеледі немесе мүліктің
бүлінуі компенсацияланады. Бұл тәсілдер, яғни тараптардың арасында жасалған
міндеттемелерге сәйкес қолданылады, меншік иесі мен өзге де затық
құқықтардың иесінсінің мүддесі бұзылған жағдайда және осы мүдделерді
қорғауға бағытталған шаралар шарт мазмұнында қарастырылмаған реттерде
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және өзге де заңдардың
мазмұнында көзделген азаматтық-құқықтық қорғау шараларын қорғауға жол
беріледі.
Сонымен бұдан көретініміз заттық-құқықтық қорғау тәсілімен мүлік бүтін
түрінде қалпына келтіріледі, мүліктік-құқықтық тәсіл бойынша мүлік
бұзылмаған бүтін түрінде болады немесе бұзылғанымен қайта қалпына
келтірілуі мүмкін, ал мұндай жағдайлар болмаса, меншік құқығы мен өзге де
заттық құқықтар міндеттемелік-құқықтық тәсілмен қорғалады.
Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың заттық құқықтық
тәсілдеріне келесілер жатады:
а) мүлік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды тану;
б) меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иелігінен талап етуі
(виндикациялық талап);
в) меншік иесі иелігінде қалған мүліктің бұзылуын қалпына куелтіру.
Ал, меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қораудың міндеттемелік-
құқықтық тәсілдеріне келесілер жатады:
а) заңға сәйкес емес нормативтік құқықтық шыққанда, мемлекеттік және
басқару органдары заңсыз нормативтік құқықтық акт шығарғанда, жергілікті
өкілді орган немесе лауазымды тұлға заңсыз нормативтік акт шығарғанда
меншік иесі мен өзге де заттық құқық иесінің меншік құқығы өзге де заттық
құқықтары бұзылуынан келген шығындарды өтету;
б) мемлекеттік басқару органдарының, өкілетті немесе атқарушы
органның, сондай-ақ лауазымды адамның актісін жарамсыз деп тану, ол актінің
қолданбауын талап ету;
в) заңдық актілердің негізінде тоқтатылған меншік құқығын қорғау.
Өзге де қатынастардан пайда болатын құқықтарды азаматтық құқықтың өзге
де бөлімдерінде қарастырылатын тәсілдерімен қорғалады.

Меншік құқығын тану. Меншік құқығын тану заттық-құқықтық тәсіл ретінде
Азаматтық кодекстің 259-бабында қарастырылған. Ол бойынша меншік иесі
өзгенің заңсыз иелігінен мүлкін талап етуге құқылы.
Құқықты тану, сонымен қатар меншік құқығын тану сот тәжірибесінде көп
кездесетін талап болып табылады. Бірақ та, барлық меншік құқығын тану
қорғаудың заттық-құқықтық тәсіліне жата бермейді. Меншік құқығын тану
шарттық келісімшарттармен байланысты тууы мүмкін. Мысалға сатып алу-сату
шарты бойынша сатып алушыда қашан меншік құқығы пайда болуына байланысты
даулардың тууы мүмкін, бұл жерде меншік құқығын тану туралы талап
мұрагерлік қатынастардан, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіне немесе
жекешелендірілген тұрғын үй ортақ меншігіне байланысты қатынастардан пайда
болуы мүмкін.
Заттық-құқықтық тәсіл ретінде меншік құқығын тануды талап етудің
ерекшелігі – ол шарттан тыс сипатта болады.[2]
Меншік құқығын тану туралы талап индивидуалды-нақты меншік иесі арқылы
қойылады, бұл жағдайда оның құқығына байланысты дау пайда болуы керек
немесе оның құқығы үшінші тұлғамен танылмауы керек. Бұл жағдайларда меншік
құқығын бұзбау туралы енжар міндетін меңзейтін абсолюттік құқық мәніне
негізделуі керек.
Меншік құқығын талап ету үшін негізгі шарт – ол құқық бұзушылықтың
жалғаспалы сипатта болуы. Егер құқық бұзушылық тоқтатылса, онда емншік
құқығын қорғау басқа тәсілдермен жүзеге асырылады, мысалға үшінші тұлғаның
заңсыз иеленуінен келген шығындарды өтетуді талап ету, сондықтан меншік
құқығын тануға талап етуге талап ету емрзімінің ескіруі әсер етпейді.
Меншік құқығын тану туралы талаптың пәні болып етушінің мүлікке деген
заңды құқығын растау болып табылады. Меншік құқығын тануды талап ету нақты
бір міндеттерді орындаумен байланысты емес. Өзінің мәні емн мазмұны бойынша
меншік құқығы, абсолюттік құқық ретінде, басқа үшінші тұлғаларды оны жүзеге
асыруға кедергі жасамауға енжар түрде міндеттейді.
Меншік құқығын танудың өзінің ерекшелігі меншік құқығын танығанда оны
жүзеге асырудағы кедергілердің барлығы жайылады, өйткені ол меншік құқығы
мәнінен пайда болады.
Меншік құқықғын тану түріндегі меншік құқығын қорғаудың заттық-
құқықтық тәсіліне мысал ретінде мына жағдайда келтіруге болады. Мүлік иесі
болып табылмайтын тұлға адал түрде, ашық және үздіксіз иеленсе, егер ол
онда меншік құқығын тануға керек мерзімге жетсе, ол меншік құқығын туралы
талап қоя алады.
Меншік құқығын қою туралы талап көптеген дәлелдемелерге негізделуі
мүмкін және меншік иесі өзінің заңды құқығын заңмен тыйым салынбаған кез
келген тәсілдер арқылы дәлелдей алады. Меншік құқығын тану туралы талап
құқық беруші құжаттарға, куәліктерге, төлем құжаттарына және басқа да
дәлелдемелерге негізделеді. Яғни қорыта келе, әр меншік иесі меншік құқығын
тануды талап етуге құқылы.
Мүлікті өзгенің заңсыз иелігінен талап ету. Меншік құұқығын қорғаудың
заттық-құқықтық тәсілінің бір түрі меншік иесінің өзгенің заңсыз иелігінен
мүлікті талап етуі болып табылады. Меншік құқығын қорғаудың бұл тәсілі заң
әдебиеттерінде виндикациялық талап (REІ VІNDІCATІO) деген атпен кеңінен
белгілі.
Виндикациялық талап дегенде меншік иесінің өз иелігінен шыққан
дараланған мүлікті заңсыз иеленушіден талап етуін түсінуіміз керек. Яғни,
меншік иесінен мүлік заңсыз негіз бойынша шығып қалуы оның мүлікке деген
меншік құқыығының тоқтатылуын білдірмейді, жалпы ереже бойынша меншік иесі
мүлікті өз иелігіне қайтарып беру туралы талап қоюға құқылы.
Сонымен, виндикациялық талап бойынша мүлікті талап ету құқығы меншік
иесінде болады және бұл жерде меншік иесі мүлік оның меншік құқығында
екенін дәлелдеуі керек.
Виндикациялық талап қою үшін негізгі талаптардың бірі меншік иесі
иелігінен мүлік шығып қалуы, яғни, иелену құқығынан айырылуы. Ал, егер
мүлік меншік иесі иелігінде қалып, ол мүлікке иелік етуге үшінші тұлғалар
ол мүлікпен пайдалануға не билік етуге кедергі жасаса, онда меншік құқығын
қорғаудың өзге де тәсілдері қолданылады, мысалы, меншік құқығын тану туралы
талап немесе меншік құқығын меншікке иеленуден айырмалағанда бұзылудан
қорғау туралы талап.
Виндикациялық талап бойынша жауапкер болып басқаның мүлкін заңсыз және
осы кезде иеленуші адам танылады. Мысалға, егер бір тұлға басқаның мүлкін
ұрлап алса, немесе олжаны өзіне алып қойса. Егер мүлік онымен билік етуге
құқығы жоқ адамнан алынса да ол заңсыз алынды деп есептеледі.
Өзгенің заңсыз иеленуінен виндикациялық талап бойынша тек нақты жеке
дараланған заттарды талап етуге болады, өйткені заттық құқық дегеніміз тек
нақты индивидуалды мүлікке деген құқық. Сонымен қоса, өзі сияқты заттардан
дараланған затты виндикациялық талаппен алуға болады. Мысалы, егер ол
заттар контейнерлерде болса, немесе өзі сияқты заттардан қораппенен
жекелендірілсе. Ал егер ол талап етілетін зат өзі сияқты заттармен араласып
кетіп, оны қайта бөліп алуға мүмкіндік болмаса, онда оған виндикациялық
талап қойылмайды. Бұл жерде меншік құқығы міндеттемелік-құқықтық тәсілмен
қорғалынады.
Виндикациялық талапты қою үшін талап етілетін мүлік бүтін сақталып
қалуы және басқа адамның иелігінде болуы керек. Егер мүлік жойылса,
қолданылып кетсе, өзінің бастапқы қасиетін жоғалтса немесе толық
пайдаланылып кетсе, оған меншік құқығы тоқтатылады және оны талап етуге
мүмкін емес. Бұл жағдайда меншік құқығы міндеттемелік талап бойынша
қорғалады, яғни шығын өтеледі. Кей жағдайларда мүлік пайдаланылып, бірақ
бастапқы қасиетін жоғалтпаса, оны виндикациялауға болады, бұл жерде меншік
иесіне мүлікті қалпына келтіруге байланысты шығындар өтеледі. Ал егер
мүліктің бір бөлігі пайдаланылып, ал қалған бөлігі бүтін қалса, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz