Ақша - кең қолданылатын төлем құралы
Тақырып:
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері. ҚР ақша жүйесі.
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТАРАУ. Ақша туралы түсiнiк
1.1. Ақша тауар өндiрiсiнiң категориясы: пайда болуы және мәнi.
Ақша
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...4
1.2. Ақшаның
қызметтерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.7
1.3. Негiзгi ақша
агрегаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ ТАРАУ. Ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
3.1. Ақша жүйесінiң түсінігі, оның негізгі элементтері ... ... ... ... .17
3.2. Басқа елдердің ақша жүйесінің ерекшелігі (АҚШ, Ресей) ... ..19
ІІІ ТАРАУ. ҚР ақша
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. 21
3.1. ҚР ақша эмиссиясының мәні,
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.2. Нарықтық экономикада ақша жүйесінің нақты және
нақты ақшасыз
эмиссиясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 28
Қолданған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 29
Кіріспе
Ақша – кең қолданылатын төлем құралы. Қазiргi экономиканы ақшасыз көзге
елестету қиын. Экономикада ақша жоқ жағдайда әрбiр келiсiм екi жақты
келiсушiлiк бойынша тауар айырбасы арқылы жүзеге асады. Ақша айырбас құралы
бола тура, айырбастағы қажеттiлiктiң екi жақты үйлесуiн жояды.
Ақша және несие теориясы бiр орталықтан жоспарлау жүйесiнен – нарықтық
қатынастарға өту кезеңiндегi ақша айналымы және несиелеудi ұйымдастыру
тәжiрибелерiмен тығыз байланысты. Ақша және ақша жүйесiнiң өзiндiк ерекше
белгiлерiн, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлi мен қызметiн,
сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетiн танып
бiлудiң өзi қаржы-несие мекемелерiнiң ақша-несеие саясаттарының ғылыми
енiгiзiн анықтайды.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие-ақша және қаржы
шаруашылығы: ақша-несие жүйесiн реформалау; катаң инфляция жағдайында бiзде
бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; жоғары дәрежеде
монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк
басқару жүйесiнен – пайда табуға, коммерциялық жетiстiктерге қол жеткiзуге
бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке енгiзделген несиелiк мекемелерге өту
тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.
Берiлген жұмыста ақша және ақша айналымы, ақша жүйесi қарастырылады.
Ақша және несиенiң теориялық мәселелерi, олардың нарықтық қатынастар
жағдайында қызмет етуiнiң заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономиканың
нарықтық тұрғыдан түрлендiрiлуiндегi ақша жүйесiнiң рөлi мен алатын орны
қамтылады.
1 ТАРАУ. Ақша туралы түсiнiк
1.1. Ақша тауар өндiрiсiнiң категориясы: пайда болуы және мәнi. Ақша
теориялары
Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі,
құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.
Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан
бөлініп шықкан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ
балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады.
Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билiгін де,
қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен
сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі
айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де
ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну кұны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал
екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының
біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші
жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша
түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен
ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын
алуға мүмкіндік туады.
Ақшаның ролі әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Ағылшын У.Гладсонның
айтуы бойынша адамзатты "қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат та
соншалықты аздырған жоқ".
Әр түрлі халықтарда ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары
қолданылды. Олардың құны тұрақты деп есептеледі. Олар мал, қолөнер
бұйымдары, балық аулайтын қармақ, маталар, әр түрлі терілер, жүндер,
пышақтар, қылыштар, найзалар, оқтар және т.б. болды. Бұндай әр түрлі
пікірлер көптеген экономистердің "ақша - бұл тауар мен қызмет көрсетуге
айырбастайтынның бәрі" – деген тұжырымдауына себепші болды. Бірақ бұл
ғылыми аныктама болып табылмайды. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі
көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді
келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша - бұл жалпы эквивалент
рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша
қатынастарының дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына
байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ
сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай
бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына
теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын нарық
көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген
тауардың құнымен салыстыруға мүмкiндік туады.
Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы,
мүйізді ірі кара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда
басқа тауарлардың құны белгіленді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының
нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды
ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Ақша – бұл жалпы эквивалент рөлiн атқаратын ерекше тауар.
Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі
қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның
мынадай қасиеттері әсер етті:
1) сапалық біртектілік;
2) сандық (еркін) бөлінуі;
3) қолайлылығы (алтынның аз мөлшерiне көп жұмыс күшi кетедi)
4) сақталуы.
Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі
кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.
Әдеттегі тауар ретінде алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның
тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және
т.б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен
коғамдық қажетті еңбекпен аныкталады.
Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны
мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың
құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының
ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталу формасына
ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциялары ХVII-ХVІІІ ғасырларда пайда болған
теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және
сандық теорияларына байланысты.
Бірақ алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер
бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына
бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың нарықтық
экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда
болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және
т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде
абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестрiді.
Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар
емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер
(заңгерлер) болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж.Стюарт
(Шотландия) дамытты. "Металлистерге" сын айта отырып, олар ақшаның басқа
қызметтерін - айналыс құралы мен төлем кұралын абсолюттеді. "Номиналистер"
ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде
көрсеттi және ол мемлекеттiк билiктiң өнiмi болып табылады деп есептедi.
Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж. Локк (ХVІІ ғ. соңы),
Ш. Монтескье, Д. Юм, Д. Рикардо (ХVIII ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық
негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігiнiң
құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен
байланысты анықталады деп есептеді. Сандық теорияның модернизациясына
И.Фишер (XX ғ. басы), АС.Пигу (XX ғ. ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты.
Олардың көзқарастары келесі сұрактарда қарастырылады.
1.2. Ақшаның қызметтерi
Ақша бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономия бес
қызметін көрсетті: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану
(жинау) құралы (қазына), әлемдік ақша.
Осы заманғы экономикалық ғылым негізгі екі топқа көңіл бөледі: құн
өлшемі мен айырбас құралы.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі ақшаның барлық тауарлардың кұнын
өлшеу қабілетінен тұрады.
Бұл үшін қолдағы ақшаның қажеті жок, яғни құн өлшемі қызметін санадан
ойлы ақшалар да атқара алады. Басында ақшаның бұл қызметті атқаруы үшін
өзінің құны болу керек болды. Бұл қызмет алтынға бекітілді.
Алтынның құнында көрсетілген тауардың құнын баға деп аталады. Тауардың
құны неғұрлым көп болса, солғүрлым ол алтынның көп мөлшеріне теңестіріледі.
Яғни, тауардың бағасы тауардың құнына тура тәуелді болады. Тауардың
бағасына тауардың құны ғана емес, алтынның құны да әсер етеді: егер ол
көтерілсе, тауардың бағасы түсуі керек және керісінше. Еңбек құн
теориясының бастапқы жағдайлары осындай шиленіскен көптеген факторлардың
көрсетілген категориялармен тікелей байланыста қарастырылады.
Ақша - айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды
айырбастауда делдалдық рөлін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі
актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың иесі оны сатып, ал
сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаны өзінде ұстай тұруына
болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Яғни бұл қызметтің
орындалуына байланысты ұдайы өндіріс дағдарысының формальді мүмкіндігі
туындайды.
Айналыс құралы ретіндегі ақша монета және қағаз ақша формасында болады.
Монета - бұл ерекше формасы мен пробасы бар металдың кесегі. Монета
деген сөздің пайда болуы б.э.д. ІV ғасырдағы Ежелгі Римнің ақша белгілері
басылып шығарылған Юнона-Монета деген храмның атымен байланысты.
Алтын - жұмсақ металл және айналыстағы алтын монеталар салмағын
жоғалтады. 2600 ж. iшіндегі алтын монетаның айналыстағы жалпы жойылу шамасы
20 мың тонна алтын болды. Тозып қалатын монеталар сапасы және өлшемі кеми
бастайды, ал ақша айналыс құрал қызметін үздіксіз атқаратындықтан, алтын
ақшаларды арзан металл, қағаз ақшаларға ауыстыру қажеттігі туады.
Қағаз ақшаның өзінің құны болмайды, сондықтан құн өлшемі қызметін
атқармайды, тек алтынның баламасы болып табылады.
Қағаз ақша ең бірінші XII ғасырда-ақ Қытайда, Ресейде Екатерина ІІ-ң
кезінде 1769 жылы пайда болды. Қалыпты тауар айналысын қамтамасыз ету үшін
айналыстағы қағаз ақшаның саны айналысқа қажетті алтын ақшаның санына
сәйкес келуі керек. Егер айналыстағы қағаз ақшаның саны алтыннан көп болса,
онда ол құнсызданады, оның сатып алу қабілеті төмендейді, ал тауарларға
баға көтеріледі.
Тауарларға бағаның көтерілуіне себепкер ақшаның құнсыздануы инфляция
деп аталады.
Жалпы түрде айналысқа қажетті ақшаның саны тауарлардың бағаларының
қосындысын біртекті ақша бірлігінің айналысының санына бөлу арқылы
анықталады. Қалыпты жағдайларда, ақша байлықтың абсолютті көрінісі болып
табылады және үлкен өтімділікке ие, яғни тез өтелу қабілетіне ие.
Егер бір тауарды сатқаннан кейін уақытша айналыс тоқтаса, алтын-ақша
айналыс сферасын біртіндеп тастап шығады және қазынаның құрылуы артады.
Алтын жеке қолдарға жинақталды. Алтын қазына қызметін алтын кесек,
монеталар, алтын немесе күмістен жасалған әшекей-бұйымдар формасында
атқарады.
Қазынаның жаппай артуы тауарлы-ақша айналысының бұзылуы кезінде және
қоғамдық толқулар кезеңінде көрінеді. Керісінше, тауарлы-ақша
қатынастарының жандануы кезеңiнде қазына айналыс құралына қайта айналады -
осылай қозғалыстар арқылы тауарлы-ақшалы катынастар стихиялы реттелді.
Қазіргі кезде алтын айналыстағы ақша массасын стихиялы реттеуші рөлін
атқаруын қоя бастады. Себебі, ақша белгілерін алтынға еркін айырбастау жоқ.
Бүгінгі күні алтын қазыналық қызметін атқаруды шектелген масштабта
мемлекет пен жеке тұлғалардың сақтандыру қоры ретінде басқа да қымбат
бағалы игіліктермен қатар жалғастыруда.
Мемлекеттік және жеке адамдардың алтын қорлары жалпы байлықты құрайды.
Қағаз ақшалар қазына бола алмайды. Себебі, өзінің кұны жоқ, бірақ қорлану
құралы қызметінде көрінеді.
Тауарлы өндірістің дамуына байланысты тауарларды кредитке сатудың
қажеттілігі туындайды. Әр түрлі мерзімде тауарларды дайындау мен өткізу
құбылысы бұған себепші болады. "Несие ақша" - ақша төлем құралы ретінде
өмір сүрудің жаңа формасына ие болуда. Оларға вексельдер, банкноттар,
чектер, карточкалар жатады.
Вексель – бұл мерзiмi жеткен соң вексель иесiне (вексель ұстаушыға)
вексельде көрсетiлген соманы қарыз алушыдан (вексель берушiден) төлеудi
талап ету құқын беретiн жазбаша түрдегi қарыз мiндеттемесi.
Вексель айналымның қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол ақшаның
орнына айналысқа түсуге бейiм болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды
иелендi.
Вексель несиеге сату негiзiнде, яғни коммерциялық несиелеудiң пайда
болуымен дүниеге келдi. Коммерциялық несиелеу дегенiмiз – кәсiпорындардың
бiр-бiрiн банктердi жанай өтуi арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу
төлеу мерзiмiн ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады.
Вексельдi қолдану ақна айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкiндiк
бередi. Бiрақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы
болады:
- вексельдiң пайда болуына ықпал ететiн коммерциялық несие, тек тауар
айналымының бiр бөлiгiн, әсiресе көтерме сауданы ғана қамтиды;
- вексельдiк мiндеттемелер талаптарын өзара есепке алу бойынша сальдо
қолма-қол ақшамен төленедi;
- борыштық мiндеттеме ретiндегi вексельдер тек төлем қабiлетi бар
субъектiлер арасында ғана шектеулi айналыс сферасына ие болады;
- вексельдер айналымы олардың белгiленген мерзiмi арқылы шектеулi
болады.
Несие ақшалардың бiр түрi болып банкнота саналады. Ол ХVII соңында
пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесi бұл қазынаны банкте
сақтай алды. Құрамын анықтағаннан кейiн және оны өлшеген соң банк алтынды
сақтауға қабылдағаны туралы қолхат бердi. Бұл "банктiк хат" банкнота
(банкирге арналған нота) деп атады және ол пайдалануға өте ыңғайлы болып
келдi. Ол алтынмен пара-пар болды, себебi кез келген уақытта сақталып
жатқан металға айырбасталды.
Банкнота өзiнiң мәнi жағынан – бұл банкирге арналған вексель болып
табылады. Яғни, классикалық банкнота екi жақты қамтамасыз етiлген:
вексельдiк (тауарлық) және алтындық (банктiң алтын қоры). Алтынмен
қамтамасыз етiлмеген бөлiгi фидуциарлы деп аталады (сенiмге негiзделген).
Вексельдiң банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялары
тәртiбiнде жүзеге асады. Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртiбiмен
вексельдер негiзiнде шығару банкноталардың банкке керi қозғалысые тудырады.
Несие бойынша төлем мерзiмi жеткен соң банкноталар орталық банкке
қайтарылып отырылады.
Чек – бұл шот иесiнiң чек ұсынушының шотына чекте көрсетiлген ақша
сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйырығы.
Клиент есеп айырысу чек кiтапшасын алу үшiн банкке өтiнiш және тапсырма
бередi. Төлем тапсырмасы негiзiнде банк есеп айырысу шотынан ақша
қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар
(қызметтер) сомасына чек жазып беру арқылы есептеседi, бiрақ депонирлеген
сома шегiнде ғана. Жабдықтаушы-кәсiпорын осы чектi өз банкiне ұсынады,
осындан барып көрсетiлген сома өзiнiң есеп айырысу шотына бiрден жазылады.
Содан соң осы чек төлеушiнiң банкiне жiберiледi, онда жеке шоттан чекте
көрсетiлген сома алынады. Сөйтiп чек – несие ақша ретiнде қолданады.
Несие карточкалары - ақшаның төлем құралы қызметін атқарады.
Чектердiң жаппай таралуы банктердiң оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады.
Сондықтан чектермег қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Несие
карточканың түрлері:
1. Жаңаратын карточкалар. Дүкендер, мейрамханаларда қолданылады.
Карточкалардың қарыздары жабылғаннан кейін қайтадан жаңартылады.
2. Бір айлық карточкалар. Туристік фирмалармен есеп айырысу үшін
қолданылады. Қарыздар айдың соңында жабылуы керек.
3. Фирмалық карточкалар. Фирмалар әр түрлі қызмет жөніндегі шығындарды
төлеу үшін шығарылады.
4. Сыйлықтық немесе алтын несиелік карточкалар. Олар тек жоғары жылдық
табысы бар клиенттерге беріледі.
Ақша эволюциясының осы заманғы кезеңіне электронды ақшалар жүйесі сай
келді. Олардың көмегімен ақша операциялары жүргізіледі: банк есебінен ақша
алу, салымдарды қабылдау, төлемдер, чектік кітапшалар беру және т.б.
Электронды чектік кітапша болып табылатын смат-карточкалар пайда болды.
Қазақстанда электронды ақшалар жүйесі қалыптасу сатысында. Бірінші
пластикалық ”ақшалар„ шектелген көлемде 1989 ж. Сыртқы экономбанктен
шығарылды. Қазіргі кезде оларды елдің ірі банктері шығара бастады.
Ақшаның елдер арасындағы айналыста барлық қызметiн атқаруы - әлемдік
ақша деп аталады. Әлемдік ақша ролін салмағы бойынша алынатын алтын
атқарады. Бір елден екінші елге қозғала отырып, әлемдік ақша қоғамдық
байлықтың жаллы іске асуына қызмет етеді.
1.3. Негiзгi ақша агрегаттары
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін
негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:
М1 - айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір
мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы
шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
М2 - оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық
банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;
М3 - оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ
салымдары кіреді;
L - оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік
сертификатnары қосылады.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық
элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша жиынын құрайды. Бірақ оның
алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.
Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымына төмендегі ақша
агрегаттары кіреді:
М1 - айналыстағы қолма-кол ақша;
М2 - құрамына М1 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есепшоттары
мен басқа депозиттердің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының
ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және
аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметгік емес ұйымдар
шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын
салымдарын біріктіреді.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
- банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;
- Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
- мемлекетгік бюджеттің кемшілігін жабу үшін;
- Орталық банктің үкіметке несие беруімен;
- Орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатып алуымен;
- чек шығаруымен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде қарыз
беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).
Ақша жиыны көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша жиынының өзгермелігімен
қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы
жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне,
экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза
монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік
операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы пайыз
деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.
Ақша жиыны айналымының баяулауы - ұлттық жиынтық өнімді орналастыру
коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының
жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша
қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы
айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғүрлым
көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажетгілігі азаяды.
Ақша айналысының баяулауы шаруашылық субъектілердің акша қорын жинауға
ұмтылысын және ақша жиынының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді
салымдардың ұлғаюын көрсетеді. Айта кететін жайт, "ақша айналысының
жылдамдығы" және "төлемдердің жүру жылдамдығы" деген үғымдардың бір-бірінен
ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын
факторларға: өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды
есептегіш техниканы және электронды ақша жүйесін енгізу жатады.
ІІ ТАРАУ. Ақша жүйесі
Бұл тарауда ақшаның, ақшаның айнылымының және ақша жүйесiнiң дамуының
тарихын қарастырамыз.
Ақшаның өзі мен ақша айналысының эволюциясы бұл тауар өндірісінің
дамуындағы обьективті тарихи процесс. Ақша роліндегі алтынды несие-қағаз
ақшамен алмастыру мынандай себептерге байланысты болуы мүмкін болды:
тауарды айырбастауда қажеттіліктен пайда болуындағы тауардың қандай құны
бекітілгенін анықтау емес, айырбасқа ұсынылған тауардың қанша көп немесе аз
құн бекітілгенін айқындауда. Құндарды өлшеу үшін зат формасындағы нақты
тауардың құнын пайдалану міндетті емес. Маңыздысы - айналыстағы ақшалардың
айырбасталатын тауарлардың эквивалентті құны болуы керек, ал олардың өз
құны болуы міндетті емес.
Оның белгілері: айналыстан алтынның кетуі (алтынның демонстизациялауы),
банкнотты алтынға айырбастаудан бастарту және олардың алтындық мәнінің
жойылуы, несие ақшалардың жағдайын күшейту, қолма-қол ақшасыз айналысты
кеңейту; ақша массасын көбейту мақсатымен мемлекеттің ақша эмиссиясын
жасауы.
Ақша жүйесiнiң типi ақша қандай нысанда жұмыс iстейтiндiгiне
байланысты: тауар – жалпылама эквивалент ретiнде немесе баға белгiлерi
ретiнде екендiгiне байланысты болады. Осыған байланысты келесiдей ақша
жүйелерiнiң типтерiн атайды:
металл айналымына негiзделген ақша жүйесi. Онда ақша тауары тiкелей
айналымға түседi және ақшаның барлық функцияларын орындайды, ал кредиттiк
ақшалар металлға айырбасталады;
кредиттiк және қағаз ақшалар айналымы. Онда нағыз ақшалар айналымнан алынып
тасталған.
Металл айналымында мемлекетте жалпы эквивалент ретiнде қабылданған
металлға және ақша айналымының базасына байланысты биметаллизм және
монометаллизм деп бөледi.
Биметаллизм – мемлекет жалпы эквивалент ретiнде екi қасиеттi металлды
заң арқылы бекiтетiн, екi металлдан да монеталарды еркiн дайындауды және
олардың еркiн айналымын көрсететiн ақша жүйесi болып табылады.
Биметаллизмнiң үш түрi белгiлi:
1. Қатар валюталар жүйесi. Ол жүйеде алтын және күмiс монеталар
арасындағы арақатынастық рынокта стихиялы түрде анықталады.
2. Қос валюта жүйесi. Ол жүйеде алтынмен күмiс арасындағы арақатынастық
мемлекетпен металлға деген ұсынысқа байланысты, мемлекеттегi және
әлемдегi экономикалық және саяси жағдайға байланысты анықталады.
3. “Ақсақтаушы” валюта жүйесi. Мұндай жүйеде алтын және күмiс монеталар
заңды төлем құралдары болып табылған, бiрақ бiрдей негiзде емес,
себебi, күмiс монеталарды дайындау алтын сияқты еркiн емес, жабық
тәртiпте жүргiзiлдi. Бұл шын мәнiнде қос валюта жүйесi, бiрақ күмiске
байланысты ақсақтап отырды, яғни алтын күмiске қарағанда еркiнiрек
айналымда болды.
Биметаллизм 16-17 ғасырларда, Батыс Европаның бiраз елдерiнде - 19
ғасырда кеңiнен тарады. Англияда биметаллизм 14 ғасырдың ортасынан 18
ғасырға дейiн болды. Бiрақ, екi металлды ақша ретiнде пайдалануда көптеген
қиыншылықтар кездесiп отырды. Биметаллистiк ақша жүйесi қарама-қайшылықтары
көп, тұрақсыз жүйе болды. Ол дамыған тауарлы шаруашылық қажеттiлiктерiне
сәйкес келмедi. Бағаның жалпылама өлшемi ретiнде тек бiр ғана тауар болуы
керек. Тауарлы шаруашылықтың дамуы тұрақты ақшаларды, бiрыңғай жалпылама
эквиваленттi талап еттi, сондықтан биметаллизм өз орнын монометаллизмге
бердi.
Монометаллизм – бiр ақша металлы жалпылама эквивалент ретiнде қызмет
ететiн және бiр мезгiлде айналымда осы металлға ауыстырылатын басқа да баға
белгiлерi (банкноталар, қазыналық билеттер, ұсақтаушы монеталар) жүретiн
ақша жүйесi.
Күмiс монометаллизмi Ресейде - 1843-1852 жылдары, Индияда – 1852-1893
жылдары, Голландияда – 1847-1875 жылдары болды. Ресейде, олай болса
Қазқақстан да, күмiс монометаллизмi сол жылдары II Николай патша тұсында
енгiзiлдi. Түрiкше "акче" сөзi, қазақша "ақша", яғни "ақ" сөзiнен күмiс
монетаның түсiне қарап шыққан.
Алтын монометаллизмi Ұлыбританияда 18 ғасырдың аяғына дейiн болды. 19
ғасырдың үшiншi бөлiгiнде барлық мемлекеттер дерлiк алтынға негiзделген
монометаллизмге көштi. Алтын монометаллизмнiң үш түрi болған:
- алтынның металдық стандарты (1821 жылдан бірінші д.ж соғысқа дейін). Ол
алтын монеталардың айналысымен және қағаз және несие ақшаларды алтынға
еркін айырбасталуымен еркін сипатталады.
- алтын - құйма стандарт (Англия және Франция бірінші д.ж. соғыс жылдары)
Ол құн белгілерін алтынға айырбастауды қарастырды, егер олар алтынның
стандарт құймасының бағасына сәйкес болса (мысалы, егер сурет бағасы
бойынша 1 кг алтынның құнына сәйкес келсе, ол оған айырбасталады);
- алтын девиздік стандарт (XXғ.20-30ж) Ол алтынға ұсақталатын банкноттардың
шетелдік валютаға (девиздік) айырбасталуын қарастырады.
1929-1933 ж.ж. дағдарыстан кейін банкноттардың алтынға еркін айырбасы
тоқтатылды, яғни монометализм дәуірі аяқталды.
Алтынды несие ақшамен ығыстыру ары қарай дамуын ақша қызметтерін
(банкнот, вексель, чектер) атқарушы тұлғалардан несиелік карточкаларға
айырбастау қарқыны күшейе түсті.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде
ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн емес, сондықтан да олармен қатар несиелiк
ақшалар жүйесi жүредi.
Несие ақшалар – бұл несие негiзiнде алтының орнына келген құнның
қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы
қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және "төлем құралы формасы ретiнде
өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады". Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне:
вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.

Клиент есеп айырысу чек кiтапшасын алу үшiн банкке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz