Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І. Экономикалық дамудың теориялық негізі.
1.1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары
1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың
ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың
өзгергермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының
алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар,
экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың күрделі стратегиялары ұлттық экономиканы алға
жетелеуде.
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына
шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты
түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр.
Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді
экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі,
адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл
құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып
отыр.
Тақырыптың өзектілігі: экономікалық өсу – экономикада нақты пайданың
өсуі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып
табылады. Қай кезде болмасын бұл тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу
өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Елбасының Қазақстан – 2030
стратегиясын орындау барысында экономикалық өсу мәселесін талқылау,
экономиканың қарқынды дамуына жол ашу аса маңызды жұмыс болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы экономикалық
дамудың ерекшеліктері мен даму стратегияларын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• экономикалық өсу түсінігіне теориялық сипаттама беру;
• Қазақстан Республикасының даму стратегияларындағы экономикалық
өсуді талдау;
• Даму стратегияларын жүзеге асыру мекемелері мен жолдары;
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының
бүгінгі таңдағы экономикалық өсу жағдайы, даму стратегиялары алынды.
Курстық жұмысты жазу барысында шетелдік және отандық әдебиеттер,
Б.Артыкованың, Я.Ә.Әубәкіровтың, К.Ш.Дүйсенбаевтың, А.Л.Руелдің,
Қ.Қ.Ілиясовтың, Я.С.Ядгаровтың, А.Қ.Мейірбековтың мерзімді
басылымдардағы мақалалары, статистикалық ақпарат көздері, стратегиялық
жаңа даму бағдарламалары қолданылды.

І. Экономикалық дамудың теориялық негізі
1.1 Экономикалық өсу түсінігі, түрлері мен факторлары
Өндіріс көлемінің ауьггқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндірі-
леді. Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен
ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-
теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруга тырысады.
Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі
экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін
ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық
ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім
көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және
зандылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының
біреуі болып табылады. Экономикада нақты пайданың өсуі "экономикалық өсу"
деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі
болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру
немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандагы
көрсеткіштер қолданылады.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса
және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті
болады. Интенсивті өсу технологиямен және өңдіріс факторларының жетілген
түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нөтижесінде ұлғайту
емес, олардың қайтымдылығы, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру.
Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті
типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе
экономиканың есуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен
топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал
интенсивтіге — технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және
маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның
қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық
сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің
дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады:
экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды
спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты. Экономика өсуінің
негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты,
экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі.
Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін
жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың
зандылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
фактор-ларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда
болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік
факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы
сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше,
инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе,
капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза
инвестиция есебінен кебейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы
деп айта алмаймыз, оның бағалылығы — халықтың жағдайын көтеруге негіз
болғанында. Соңдықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну
бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге
белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып
қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-тендігінің
шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады,
бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретіңде
қарастырылады.
Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл
бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың
Кейнстік өсу үлгісіне қатынасы Кейнстік өсу үлгісі және қор жинағы нормасы
тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады,
ол — капитал.
Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың
теңестірілуінің шартында пайда болады.
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың
тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы
қолданылады.
Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының
өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-тендік тұрақсыз болуы мүмкін.
Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа
мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе
жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.
Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод экономикалық
өсудің арнайы үлгісін құрады.
Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып,
кесіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.
Егерде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, сұраныс
ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.
Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар
өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса,
онда олар өндіріс көлемін азайтады.
Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай
қорьпынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында
айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.
Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод табиги өсу қарқынын енгізеді. Бұл
ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен
капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.
Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағаңда неоклассикалық өсу
үлгілері көптеген шектеулерден айырылып, макроэкономикалық үрдістердің
ерекшеліктерін дәл сипаттайды. Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдіктің
тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра
алмайтындығында екендігін Р. Солоу өзінің үлгісінде көрсетті. Ол үлгіде
Леонтьев функциясының орнына Кобб-Дугластың өндіріс функциясын пайдаланды.
Бұл функцияда өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыратын-дығы белгілі.
Р. Солоу үлгісіндегі алғышарттар төмендегідей:
- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі
- масштаб өсерінің тұрақтылығы
- ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы
- инвестициялық лагтардың болмауы. Факторлардың бірін-бірі алмастыруы
(капиталмен қаруланудың өзгерісі) технологиялық шарттармен ғана
түсіндіріліп қоймайды және өндіріс факторларындағы" таза бәсеке нарығындағы
неоклассикалық алғышарттарға байланысты болады. Экономика жүйесінің тепе-
теңдікте болуы үшін қажетті шарт ол жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі.
Бұл функция өнімділік пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті
көрсетеді. Бұл өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне
сәйкес келеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі
кеміп отырады. Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал
капиталдың жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды. Өнім
көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция
мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді,
ал ығысуды — азайтады.
Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс
қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты
табуға мүмкіндік береді. Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес. Үлгіде
тұрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады, бірақ өмір
деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезеңіндегі жағдайы
экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді
айнымалыларын үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа
параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.
Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық,
әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс
факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл
байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да
кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.
Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында
қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім қарқынымен өседі, демек
тұрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы
теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.
Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық,
институционалдық байланыстыруға тырысады.
"Ұсыныс экономикасының" тұжырымын ұстағандардың айтуынша, толық жұмыспен
қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді
қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.
Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестиция және тұтынумен анықталады:
y=i+c.
у

f(k)
MPK s
f(k)
y
i
к
1-сурет.
к - ның кез-келген мәні үшін, жинақ нормасы өнімді инвестиция мен
тұтынуға бөледі.

Тұрақты тепе-теңдік жағдайындағы Солоу үлгісіндегі негізгі
айнымалылардың сипаттамасы


Технологиялық Халық санының n Халық санының n
прогресс және халық қарқынмен өсу қарқынымен өсуі және
санының өсуі болмаған жағдайында Технологиялық
жағдайда прогресстің g қарқынымен
өсуі
Айнымалы Өсу Айнымалы Өсу Айнымалы Өсу
қарқыны қарқыны қарқыны

L 0 L n L
n
L *E n+gn+g
K 0 K n K
0
k=KL 0 k=KL 0 k'=KL*E

k=KL g

y 0 y n y n+g

y'=YL*E 0
y=YL 0 y=YL 0 y=YL 0
g

1.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамудың
ерекшеліктері
Экономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің
рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.
Айтылған көзқарастың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың
болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономиканың өсуінің қиындығынан пайда
болады, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.
Қазақстан Республикасы экономикасының өсуі. Республикадағы болып
жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір деңгейінде білінеді. Нарықтық
реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық
құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-
экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп
соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер,
жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.
Кеңес жүйесінде кедейшіліктің ресми түрі болған жоқ, бірақ жағдайы нашар
отбасылардың болғаны белгілі. Халыққа әлеуметтік ақша төлемдерін төлеу
жұмыссыздардың қажеттілігін қанағаттандырды.
Жалпы, КСРО бойынша 1975 жылы жұмысшылардың табысы 16% болды, ал
колхозшылар арасында — 39%, 1985 жылы - 16, 3% пен 27,6% болды. Халықтың
жалпы санының 16-25%-ы әр түрлі бағалаулар бойынша кедейлер тобына жатты.
Реформаға дейінгі жылдары кедейлерге демографиялық белгілері бойынша
адамдардың өте аз тобы ғана жатты. Төменгі квалификация едәуір рөл ойнады,
бірақ ол да тұрақты табысты бола алмады. Адамдардың әр түрлі жерлерде
тұруы, аймақтық экономикалық дамуы теңсіздікке әкеліп соқтырады. Кедейлік
көптүрлі жағдаймен түсіндіріледі, адамзат әлуеті дамуының көзқарасынан
қарағанда мүмкіндік пен тандаудың жоқтығын көрсетеді. Кедейліктің
анықтамасы жоқ, ал оның өлшемі концептуалды сипаттың қиыңдықтарымен, толық
мәліметтердің болмауымен және субъективті бағалаумен байланысты. Кедейлік
көрсеткішін құру үшін республикада "табалдырық" ретінде өмір сүру
минимумының көлемі пайдаланылады.
Өтпелі экономикалы мемлекеттерде жалақы мен әлеуметтік трансферттен
басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Экономикалық өсу қарқынының тұрақты экономикалық өсу ауытқымалылығы тұрақсыз экономикалық өсу
Экономикалық өсу жайында
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
Экономикалық өсу типтері мен факторлары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық цикл: түсінігі, түрлері, фазалары, себептері, факторлары
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Кредиттік оқу жүйесі
Пәндер