Төлемдерді жою



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ТАРАУ БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА
ПАЙДА БОЛУЫ
1.1. Банкаралық несиенің мәні және түрлері

Банкаралық несиенің ерекшелігі шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландыру
үшін емес, өздерінің – қарыз алушы клиенттеріне несие беруге арналған
банкілік операциялардың жеке түрлері жүзеге асыратын банк немесе ұйым несие
бойынша қарыз алушы болып табылады[1]. Банк аралық несие беру шартты түрде
мынадай несиелерге: орталық банк беретін (Қазақстан жағдайында-
Қазақстанның Ұлттық Банкі) және банктердің бір-біріне беретін несиелерге
бөлуге болады. Қазақстан орталық банкі орталықтандырылған несиелерінің
екінші деңгейдегі банктерге беретін көлемі шамалы, себебі біркелкі
Қазақстанның Ұлттық Банкі қатаң монетарлық ақша-несие саясатын жүргізеді.
Банкаралық несие беру сонымен қатар банк аралық несиелер арқылы жүзеге
асырылады. Банкаралық несиелерге беру тәртібі Ұлттық Банк Басқармасы
бекіткен (1994 жылғы 28 желтоқсандағы №26 хаттама) Онкольдық қарыздарды
беру және өтеу операцияларын жүргізу туралы ережемен реттелетін онкольдық
қарыздарға жатады. Осы Ереже бойынша онкольдық қарыз-қайтарымдылық, ақысы
төленетін, кепілі қамтамасыз етілетін және мақсатына қарай қолданылатын,
бір күннен отыз күнге дейінгі мерзімде берілетін банкаралық қарыз. Қарыз
қарыз алушы немесе қарыз беруші қарызды айтылған мерзімінен ертерек
қайтарғысы немесе кері алғысы келетіні туралы мәлімдемесе, шартта
көрсетілген мерзімге дейін қайтарылады.
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін
несиелері. Банкаралық несие басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат
ресурс болып табылады.
Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге
қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай
несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында
дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура
келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма
күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте
ашқан корреспондеттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін
несие.
Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.
Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі.
Еліміздің орталық банкісінің екінші деңгейдегі банктерді банкаралық
несиелеуін толығырақ қарап шығайық. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы Заңының негізінде банктерге заемдарды беру мен өтеудің тәртібін,
шарттарын, түрлерін, мерзімдері мен лимиттерін Қазақстанның Ұлттық Банкі
анықтайды. Қазақстанның Ұлттық Банкі заемдары өтімділігі жоғары қамтамасыз
ету және тәуекелсіз бағалы қағаздар және басқа активтер арқылы, сондай-ақ
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы ұзарта алатын бір жылдан асатын мерзімге
қамтамасыз етусіз беріледі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Банкілік
заемдарды беруі, олар бойынша қамтамасыз етуді қабылдауы және Қазақстанның
Ұлттық Банкі Басқармасының 1999жылғы 15 қарашада №404 қаулысымен бекітілген
тиісті құжаттаманы жүргізу туралы ережелеріне сәйкс елдің бас банкі:
күндізгі заемдарды; овернайт заемдарын; соңғы сатыдағы несие беруші
ретінде берілетін заемдарды, арнайы мақсттағы заемдарды бере алатыны
белгіленген.
Қазақстан Ұлттық Банкі күндізгі заемдарды екінші деңгейдегі
банктердің төлемдерді және аударымдарды жүзеге асыруы мақсатында
Қазақстанның Ұлттық Банкінде ашылған теңгеде банктің корреспонденттік
шотында ақша уақытша жоқ немесе жеткіліксіз болатын кезде белгіленген лимит
шектерінде және операциялық күн ішінде, бірақ 18.00 сағаттан кешіктірмей
өтеу шартымен береді. Күндізгі заем лимиттің мөлшерін Директорлар кеңесі,
ал сыйақы ставкасын Қазақстан Ұлттық Банкі басшылары белгілейді. Күндізгі
заемды өтеуге банктің ақшасы жетпеген кезде 18.00 сағаттан бастап заем
сомасы овернайт қайта рәсімделеді, ол бойынша сыйақы овернайт
заемындағыдай есептеледі. Овернайт заемы Қазақстанның Ұлттық Банкінде
банктің корреспонденттік шотында уақытша жоқ немесе жеткіліксіз болатын
кезде клиенттердің төлемдері бойынша түпкілікті есептесу аяқталуы үшін
орындалмаған міндеттемелері жоқ ҚБЕО ақша аударымдарының банк аралық
жүйесін пайдаланушылар болып табылатындар банктерге беріледі. Овернайт
заемдарының лимиті Қазақстанның Ұлттық Банкі банкінде банктің
корреспонденттік шоты бойынша банктердің орташа күндізгі дебет айналымы
пайыздарымен анықталады.Сыйақы ставкасын күн сайын овернайт заемдары
бойынша ставка белгілейтін комиссия анықтайды және өтінімдерде және
отырғанда банк және Қазақстанның Ұлттық Банкі арасында жасалатын овернайт
заемдарын беру туралы Бас келісімде көрсетіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы заем беруші ретінде банкілік
заемдарды ұлттық және шетелдік валютада беруге құқылы. Заемдар аса ірі
банкілерге қамтамасыз ету арқылы және онсыз беріледі. Ұлттық Банк
Басқармасының соңғы сатыдағы несие беруші ретінде қаржылық көмек көрсету
туралы мәселені қарауына шығаруға банктің қаржылық күй-жағдайының
нашарлауы, Қазақстан экономикасы үшін банктің маңыздылығы, банктің
Директорлары кеңесі бекіткен банкте қаржылық сауықтыру бағдарламасының бар
болуы банктің заем беру туралы өтініші негіздеме болып табылады.
Кепілге борыш қағаздардың ұсынуымен қатар Орталық Депозиттарийге қарыз
алушы деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы ақпаратты жөнелтеді.
Банкілік заем бойынша берешекті өтеу кезінде Қазақстанның Ұлттық Банкі
келесі күні Орталық Депозиттарийге деректерді берудің электрондық жүйесі
арқылы борыш қағаздарын есепке алу үшін қарыз алушы банктің кепіл
операциялары бойынша борыш қағаздарын есепке алу бойынша депо шотынан
қарыз алушының негізгі депо шотына борыш қағаздарын аудару туралы
тапсырымды жөнелтеді.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының қарыз алушы − резиденттеріне
сапалы Лондон жеткізілімі мәртебесі бар, Қазақстан Ұлттық Банкінің
аясында жатқан немесе Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге
әкетілген және Қазақстан Ұлттық Банкінің шетелдердегі металл шоттарындағы
орналастырылған алтынды кепілге салу арқылы береді. Бұл орайда қарыз
алушының Қазақстан Ұлттық Банкінде метелл шоты болуы тиіс және осы шотта
кепілге қойылған алтынды ұстауы керек.
Берілетін банкілік заем тазартылған алтынмен қамтамасыз етіледі, оның
құны бір үштік унцияға АҚШ долларында ЛБМА таңертеңгі фиксингі бағасымен
есептелінеді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі банкілік заемдар және рейтингісі АА− дан
төмен емес халықаралық стандарттарға сай келетін шетел банкі кепілдіктерін
қамтамасыз ету арқылы беріледі.
Сөздікке сәйкес рейтинг сөзі ағылшын тіліндегі rating − бағалау, бедел
дәрежесі, әйгілілік. Кепілдеме банкілік заем бойынша борышқордың
берешектерінің өтеуінің міндеттемесі болып табылады. Шетел тілінде
ұсынылған шетел банкі кепілдігі мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылуы,
сонымен қатар белгілеген тәртіппен заңдастырылуы тиіс. Банкілік кепілдіктің
міндетті түрдегі деректемелері мыналар: нөмірі және күні; кепілдің атауы,
орналасқан жері және банкілік деректемелері; Қазақстан Ұлттық Банкінің
атауы, орналасқан жері және банкілік деректемелері; кепілдік мәні;
кепілділіктің қолданылу мерзімі; кепілдің қарыз алушы үшін заем сомасын
және ол бойынша есептелген сыйақыны өтеу міндеттемесі; Қазақстан Ұлттық
банкіне банкілік заемды қайтару мерзімі басталғанда және қарыз алушы оны
өтемегенде есептелген сыйақымен бірге банкілік заемды өтеу мерзімі
басталған соң келесі күннен бастап Қазақстан Ұлттық Банкінде шоттар бар
болатын кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдің
шотынан инкассалық өкім арқылы ақшаларды даусыз алып қоюға құқық беру;
кепілдің уәкілетті адамдардың, банкілік мөрі қойылған қолдары.

1.2. Қазақстан Республикасында банкаралық несиенің пайда болуы

Банктер арасындағы төлем айналымдары бойынша қатынастар қазіргі кезде
Қазақстанда Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі банктері
арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер
мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
арасындағы Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2000жылғы 25 қарашадағы
№428 қаулысымен бекітілген корреспонденттік қатынастар ережелерімен
реттеледі. Аталған ережелермен Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің
және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
корреспонденттік шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ерекшеліктері,
сондай-ақ банк пен банктік емес ұйымдардың төлем айналымдары бойынша
лимиттің есеп айырсу тәртібі белгіленеді.
Банктердің және банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын
ашуға және жабу құқығына тек корреспонденттік шоттарды ашуға және жабуға
Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктер мен банктік емес ұйымдар
ғана ие болады.

ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫ

2.1 Қазақстан Республикасында банкаралық несиелеудің қазiргi даму келешегі

БААЖ əрбір төлемді жеке өңдеу қағидатымен жəне бұл ретте туындайтын
қаржы тəуекелдерін барынша азайтумен сипатталатын елдегі неғұрлым ірі жəне
басымдылығы жоғары төлемдер жүргізуге арналған нақты уақыт режиміндегі
жалпы есеп айырысу жүйесі болып табылады.
Банкаралық ақша аудару жүйесі (бұдан əрі – БААЖ) 2003 жылдан бастап
жүйедегі төлемдердің жалпы көлемдерінің жəне олардың орташа күндік
көрсеткіштерінің жоспарлы өсу үрдісі байқалады. Мысалы, 2006 жылы 2003
жылмен салыстырғанда екі көрсеткіштің де өсімі 5,2 есені құрады. 2007
жылдың 9 айында жүйедегі төлемдердің жалпы көлемі жəне олардың орташа
күндік айналымы 2006 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тиісінше 80,1%-
ға жəне 71,6%-ға ұлғайған.
Төлемдер мен ақша аударымдарын (пайдаланушылардың жеке қаражатын)
жүзеге асыру үшін жүйенің операциялық күнінің басында пайдаланушылардың
аударатын жеке қаражат сомасы да талдау кезеңі бойы өсу үрдісіне ие болған.
2006 жылы 2003 жылмен салыстырғанда олардың өсімі 3,2 есені құраса, онда
2007 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында пайдаланушылардың жеке қаражаты 2,6
есе ұлғайған.

Бес ірі пайдаланушы төлемдерінің БААЖ-дегі жəне клирингтегі төлемдердің
жалпы көлеміндегі жəне санындағы үлесі

2003 2003 2004 2005 2006 2007
Пайдаланушылардың жүйедегі 9 708,614 21 29 50 64
айналымдары, млрд. теңге 786,2 595,2 101,2 257,6 660,3
Кезеңдегі өсімі, %-бен 52,3% 46,1% 34,8% 72,7% 80,1%64
Пайдаланушылардың бір күндегі38,5 58,7 86,0 115,5 201,0 345,8
орташа айналымы, млрд. теңге
Кезеңдегі өсімі, %-бен 51,3% 45,8% 33,7% 74,8% 71,6%
Пайдаланушылардың жеке 44,9 49,0 67,0 83,4 143,0 324,2
қаражаты (бір күнде кіретін
орташа алғандағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің салықтық қызмет
Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері туралы ақпарат
ҚР салықтық құрылысы
Салықтық тексеруді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Кеден қызметі ақпараттық жүйесін құру. Кедендік пост ішкі жүйесі
Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдері
Кедендік төлемдер
Кәсіпорын қаржысының банкроттық жағдайы
Салық комитетінің төлемдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және автоматтандыру
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2013 жылдың 10 қаңтардағы жобаның жай-күйі
Пәндер