Тауарды тестілеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Тауар дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1-4
.
2.Тауарларды топтастырудың негізгі түрлері ... ... ... ... ... ..5-9

3.Маркетинг саласындағы тауарлар ... ... ... ... ... ... 10-13

4. Тауардың сапасы жене бәсекеге қабілеттілігі ... .14-17

5. Тауарды тестілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-19

6. Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .20

1.Тауар дегеніміз не?

Теннис ракеткасы, "Видаль сэссон" модалы шаш алдыру, "Роллинг стоунс"
концерті, дәрігер студенттердің клуб путевкасымен демалысы, екі тонналық
торлы шанав бар жүк машинасы, "ХЭД" және телефон анықтама қызметі — осының
бәрі тауар. Біздер тауарға былай деп аныктама береміз:
Тауар — мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару иелену,
пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат
физикалық объект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін.
Сонымен қатар біздер тауар бірлігінің анықтамасын да беруіміз керек.

Тауар бірлігі — мөлшерімен, бағасымен, сырт пішінімен және басқа
атрибуттарымен сипатталатын ерекшеленген бүтіндік. Мысалға, тіс пастасы —
тауар, ал "Колгейт" фирмасының бағасы 1,29 долл. "Уинтер-френ джель"
пастасының тюбигі — тауар бірлігі.
Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны кабылдауы керек. Сатып
алушы шынында не алды деген сұраққа жауап беруге негіз болатын деңгей
—ойланған тауар. Шын мәніне келетін болсақ, кез келген тауар — қайбір
проблеманы шешуге арналып орауышталған қызмет. Помада сатып алушы әйел тек
қана бояу иеленуші емес. Мүны әлдеқашан түсінген "Ревлон инк" фирмасының
басы Чарлз Ревсонның бірде мынаны айтқаны дәлел: "Біздер фабрикада
косметика жасаймыз, ал дүкенде үмітті сатамыз". Теодор Левит айтқандай,
сатып алушы агенттер ширек дюймде бүрғы сатып алмайды, олар сондай
диаметрлі тесік сатып алады. Ал көрнекті сатушы Элмер Уилер деп айтқан
болар еді: "Бифштексті сатпандар, оның табадағы тәбетті шыжығыралғанын
сатыңдар". Нарық кайраткерлерінің міндеті — әр тауарға деген мұқтаждықты
және осы тауардың касиетін сатпай, одан келетін пайданы сату керек.
49 суретте көрсетілгендей, ойланылған тауар — тауар деген толық түсініктің
өзегі. Дайындаушы ойланылған тауарды орындалған тауарға айналдыруға
тиіс.Ерін помадасы, компьютерлер, оку семинарлары және саяси партиялардың
кандидаттары – осының бәрі реальды орындалган тауарлар. Реальды орындалған
тауардың бес сипаттамасы болуы мүмкін: сапа деңгейі, қасиеттер жинағы,
арнайы көркемделуі, марканың аты және арнайы орауышы.
Соңында, дайындаушы тауарды нығайтушы қосымша қызметтер мен паидаларды
қарастыруы мүмкін. Егер үлкен фирмаларды алатын болсақ, нығайтылған тауар
құрамы сатып алушыға көрсетілетін ізеттілік, тауарды үйге жеткізу және
ақшаны қайтару кепілдігі, т.т.б. "ИБМ" корпорациясының табысында оның
тауары компьютерлерді ойланған түрде реальды нығайтуға бірқатар байланысты
деуге болады.

49 сур. Тауардың үш деңгейі

Оның бәсекелестері өз тауарларының қасиеттерін сатумен айналысып
жатқанда, 'ИБМ" клиенттерге машина қажет емес, оларға өз жеке проблемаларын
шешу қажет екенін түсінген. Тұтынушы нұсқауға, жүмыс программаларының
стандартты тасушысына, программалауға, бағдарламалау қызметтеріне, жедел
жөндеуге, кепілдікке, т.т.б. мұқтаж болатын. Демек, "ИБМ" корпорациясы жай
компьютер ғана емес, тұтас комплект сатады.
Тауарды нығайту идеясы нарық кайраткерінің клиенттің тұтас тутынушылық
жүйесіне,дДемек, "сатып алушы тауарды пайдалану арқылы өз проблемасын қалай
шешкісі келетіндігінің кешенді жолына көз салады. Осы жолды үстаған нарық
қайраткері өз тауар ұсынысын нығайтып, бәсекелестіктің тиімді әдістерін
табуға мүмкіншілік алады.
Фирма өзінің тауар ұсыныстарын нығайтудың тиімді жолдарын ұдайы
іздестірілген міндетті.

2.Тауарларды топтастырудың негізгі түрлері

Жеке тауарлар маркетингілік стратегиясын таңдау үшін нарық қайраткерлері
оларға тән сипаттамаларына байланысты бірқатар тауар топтастыруларын
дайындауға тура келеді.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар, қысқа уақыт пайдаланылатын тауарлар,
қызметтер
Өмірінің мәңгілігіне не материалдық сезілуіне байланысты тауарларды мынадай
үш топқа бөлуге болады:
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар — әдетте кайта-қайта пайдалануға шыдамды
материалдық бұйымдар. Мүндай тауарлардың мысалы ретінде мұздатқыштарды,
станоктарды, киімдерді келтіруге болады.
Қыска уақыт пайдаланылатын тауарлар — бір не бірнеше циклді пайдаланғанда
толық түрде тұтынылатын материалдық бұйымдар. Мұндай тауарлардың мысалдары:
сыра, сабын, тұз.
Қызметтер — әрекет, пайда не қанағаттандыру түрлерінде сатылатын
объектілер. Мүндай тауарлардың мысалдары ретінде шаштаразда шаш алдыру не
жөндеу жүмыстарын айтуға болады.
(Казіргі қоғамда қызмет көрсетудің маңызы арта түсуіне байланысты, олардың
маркетингі туралы жеке тарауда айтылады).

Көпшілік пайдаланатын тауарларды топтастыру

Сатып алушьшар неше алуан көптеген тауар түрлерін сатып алады.
Классификациялаудың ыңғайлы әдісінің бірі — тұтынушылардың сатып алу
әдеттері негіздеріне байланысты оларды топтарға бөлу.
Бұл нышан бойынша күнделікті сұранымдағы тауарлар, алдын ала тандалынатын
тауарлар, арнайы сүранымдағы тауарлар және пассивті сұранымдағы тауарлар
деп бөлуге болады (50 сур. қара).
Күнделікті сұранымдағы тауарлар — тұтынушы, әдетте, ойланбай және оларды
өзара салыстыруға минимальды әрекеттеніп, жиі сатып алатын тауарлар. Мұндай
тауарлардың мысалына темекі бұйымдары, сабын және газеттер жатады.

50 сур. Көпшілік тұтынатын тауарлар классификациясы
Күнделікті сұранымдағы тауарларды тұрақты сұранымдағы негізгі тауарлар,
импульсті түрде сатып алынатын тауарлар және төтенше жағдайға керекті
тауарлар деп қосымша түрде бөлектеуге болады. Тұрақты сұранымдағы негізгі
тауарларды адамдар жүйелі түрде сатып алады. Мысалға, "Хайнц" кетчупын,
"Крест" тіс пастасын және қытырлайтын "Ритц" печеньесін әдетті түрде сатып
ала береді. Импульсті түрде сатып алынатын тауарларды ешқандай алдын ала
ойланбай және іздемей сатып алады. Әдетте, мұндай тауарлар көптеген
жерлерде сатылатын болғандықтан, тұтынушы оларды арнайы іздемейді. Осылай
шоколад батончиктерін не журналдарды дүкен есептеу тораптары қатарына жайып
коймаса, түтынушы оларды сатып алу жөнінде ойланбаған да болар еді. Төтенше
жағдайға керекті тауарларды оларға деген өте мұқтаждық жағдай пайда
болғанда, мысалы, нөсер кезінде зонтикті, қар басып қалганда етікті жоне
күректі сатып алады. Төтенше жагдайға керекті тауарларды шығарушылар,
кенеттен тауар керек болған тұтынушыдан айрылып қалмау үшін, оларды
таратуды көптеген сауда орындары арқылы сатады.
Алдын ала таңдалынатын тауарлар — тұтынушы тауарды тандау және сатып
алу процесінде дағдылы түрде жарамдылық, баға, сапа және сырттай
әшекейленуі көрсеткіштеріне байланысты өзара салыстырады. Мұндай
тауарлар мысалдарына жиһаздар, киімдер, ұсталынған автомобильдер және
негізгі тұрмыстық электр тауарлары жатады.
Алдын ала таңдалынатын тауарларды үқсас, ұқсас емес деп қосымша бөлшектеуге
болады. Сатып алушы ұқсас тауарларды сапа жағынан бір-бірімен ұқсас
бұйымдар деп караса, сатып аларда олардың бір-бірінен баға жағынан
салыстырута болатындай айырмашылығы бар екенін ескереді. Мұндай тауарды
сатушы сатып алушымен сөйлескенде,"бағаны дәлелдеуі" керек. Бірақ
киімдерді, жиһазды және басқа бір-біріне ұксамайтын тауарларды сатып
аларда, олардың касиеті тұтынушылар үшін бағасынан гөрі мәндірек болады.
Егер сатып алушыға жолақ костюм керек болатын болса, онда оның
фасоны,денеге қонымдылығы және осы костюмнің түрі оның бағасындағы шамалы
айырмашылықка қарағанда мәндірек деп саналынады. Сондықтан алдын ала
тандалынатын үқсас тауарларды сатуда, жеке адамдардың жарасымдықты ұнату
түр-түрлерін қанағаттандыру үшін, олардың кеңейтілген ассортименттері болуы
керек және түтынушыларды қажетті ақпараттармен камтамасыз ететін, оларға
кеңес бере алатын жақсы дайындалган сатушылар штаты болуы керек.
Ерекше сұранымдағы тауарлар — оларды сатып алу үшін көпшілік сатып
алушылар қосымша күш жұмсауға дайын, өте сирек сипаттамалы не жеке
маркалы тауарлар. Мұндай тауарлардың мысалына модалы тауарлардың
нақтылы маркалары және түрлері, автомобильдер, стереоаппаратуралар
фотоқұрылғылары, ерлер костюмдері жатады.
Мысалға, "Мерседес" автомобилі арнайы сұранымдағы тауарға жататын себебі
оны сатып алу үшін сатып алушылар оны іздеуге біршама жол жүруте дайын.
Ерекше сұранымдағы тауарлар ешқандай салыстыруды қажет етпейді. Түтынушының
қосымша үлесіне оның іздеген тауарын сатушы дилерді табуға керекті уақыт
жатады. Ал дилердің ыңғайлы, ыңғайсыз орналасқанына аса мән беріле
қоймайды, тек ол потенциалды сатып алушыларды өзінің қайда орналасқаны
жөнінде хабардар етуі керек.
Пассивті сұранымдағы тауарлар — тұтынушы білмейтін не білсе де, әдетте
оны сатып алуды ойланбайтын тауарлар. Түтін индикаторы және тамақ
өнімдерінің өңдеуге керекті ас үй машинелері сияқты жаңалықгар,
тұтынушыларды олар туралы жарнама арқылы хабарлар еткенше, пассивті
сұры-нымдағы тауар разрядтарына жатады. Жұрттың бәріне әйгілі жөне
сұранымы онша емес тауарлардың классикалық мысалына өмірді
қамсыздандыру, зират учаскелері, құлыптастар және энциклопедиялар
жатады.
Мұндай тауарлар өзінің табиғатына байланысты, оларды өткізу үшін жарнама
және жеке сату әдістері сияқты, әжептәуір маркетингілік әрекеттерді талап
етеді. Кейбір жеке сату әдістерінің жетік түрлерінің дүниеге келуі осындай
пассивті сүранымдағы тауарларды өткізуді қамтамасыз ету нәтижесі болып
саналады.

3.Маркетинг саласындағы тауарлар
Маркетинг жүйесіндегі басқару обьектісі негізгі төрт элементті
біріктіреді: тауар, тұтынушы ( сатып алушы) , өткізу , жарнама. Бұл
элементтер бір-бірімен байланысты , яғни әр – бір элементті басқару жеке –
дара емес , өзара байланысты өтеді.Бірақ әрбір элементтердің өз мағынасы
бар.
Біздің білімізше тауар сатуға өндірілген еңбек нәтижесі. Тауар –
заттың пайдалы қасиеттерінің жиынтығы. Ф. Котлер тауарды қолданылуы арқылы
белгілі қажеттікті қанағаттандыра алатын құрал деп анықтайды.
Тауардың мағынасы – имидж , тұтыну қасиеттері , сапа , ассортимент
екенін түсіну маркетингте өте маңызды.
Басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг тауар
Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі
МАРКЕТИНГТЕГІ ТАУАР САЯСАТЫ
Жарнаманы зерделеу әдістері
Сатып алынғаннан кейінгі сервистің сапасы
Жаңа тауарларды өндіру және әзірлеу
Маркетингтік зерттеулер жайлы
Жаңа өнімді жобалау
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Интернет дүкендердің жетістіктері мен кемшіліктері
Пәндер