Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІ МЕН ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Тауарлы-материалдық қорлар, оның мәні және маңызы

1. 2 «ЕмбіМұнайГаз» кәсіпорынының экономикалық көрсеткіштерін талдау

2 «ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ -ДА ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Тауарлы-материалдық қорларды бағалау және түгендеу

2. 3 Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Қазіргі заман бухгалтерлері - бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс. Нарықтық қатынастар кезінде ұйымдардың өндірістік жұмыстарын басқару сол ұйым басшыларына байланысты. Қазақстан Республикасында болған жеке және әлеуметтік-экономикалық құрылымдық өзгерістер еліміздің есеп жүйесіне көптеген өзгерістер әкелді. Қаржылық жүйенің өзгеруі, экономиканың дамуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі кәсіпорында жаңа мәселелердің туындауына алып келді.

Тауарлы материалдық қорлар кәсіпорынның операциялық қызметінің бөлігі болып табылады, сондықтан тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнын дұрыс анықтау, сыныптау және сақтау өте маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта нарықтық экономика шарттарына сәйкес дайындықтың бастапқы кезеңінде материалды-өндірістік қорларды дайындаудың және сатып алудың маңызы зор. Тауарлы-материалдық қорларды ары қарай оңтайлы қолдану үшін, дайындау және тұтыну мақсатына қол жеткізу үшін, бухгалтерлік есеп қызметі тауарлы-материалдық қорларды сатып алу мен дайындау бойынша ай сайын талдау жүргізуге мүмкіндік беретін толық және айқын ақпарат ұстауы қажет. Тауарлы -материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Қазір кәсіпорындарда материалдарды дайындау және сатып алу есебін ұйымдастырудың түрлі тәсілдерін таңдау, ай соңында жолда қалып қойған немесе жабдықтаушылардың қоймасынан шығарылмаған материалдардың құнын көрсерту, материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнының есептік бағалардан ауытқуларын анықтау және оларды өндірістегі шығындалған материалдар мен олардың қоймадағы қалдықтары арасында кейінгі бөлу, пайдаланудағы арзан бағалы және тез тозатын заттардың құнын өтеу мүмкіндіктері пайда болуда. Экономиканың қай саласында болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдарының шикізат пен материалдарды ұтымды жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өндірістік өнімнің өзіндік құнын азайтуға, шығаратын өнімнің халықаралық нарықта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға тауарлы-материалдық қорлар есебінің атқаратын ролі өте зор.

Тауарлы-материалдық қорларды қолдануды бақылау мен есепті дұрыс ұйымдастырусыз қоймадағы қорлардың келіп түсуі мен шығындалуын, қалдықтарға бақылауды қамтамасыз ету мүмкін емес.

Қазіргі таңда кәсіпорынның тауарлы материалдық қорлар есебі мен оны талдау, тауарлы материалдық қорларды бағалау және түгендеу, тауарлы материалдық қорлардың әртүрлі әдістері бойынша есептеу маңызды болып табылады. Материалдық есепті ұйымдастыру - есептік жұмыстың күрделі бөлімдерінің бірі. Өнеркәсіптік материалдық құндылықтар номенклатурасы он мыңдаған атаулармен саналады. Сондықтан есепті ұйымдастыру және материалдық құндылықтарды сатып алуы, оның қозғалысы, сақталуы және қолдануы бойынша бақылау үлкен ауыртпалықтармен байланысты. Барлық есептік жұмыстың автоматтандырылуының орасан маңызы зор. Есеп пен тауарлы-материалдық қорларды бақылаудың ажырамас бөлігі - олардың қолданылуының экономикалық талдауы болып табылады. Осыған орай тауарлы - материалдық қорлар тақырыбы өзекті мәселе. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары - бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ - ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері :

- тауарлы-материалдық қорлардың мәнін ашып көрсету;

- тауарлы-материалдық қорлардың есебінің ұйымдастырылуын ашып көрсету;

- «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-на экономикалық сипаттама беру және көрсеткіштеріне талдау жасау;

- «ЕмбіМұнайГаз» АҚ - ның көрсеткіштері негізінде тауарлы-материалдық қорлар есебі мен талдауын зерделеу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны - «ЕмбіМұнайГаз» АҚ болып табылады, ал зерттеу пәні - осы кәсіпорында орын алатын тауарлы материалдық қорларға қатысты шаруашылық операциялар.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары пайдаланылды.

1 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІ МЕН ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Тауарлы-материалдық қорлар, оның мәні және маңызы

Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет кәрсету үшін керекті жағдайлардың бірі - еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан ерекшелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндіретін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өзінің бастапқы құнын түгелдей өндіретін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттары өндірістік қор болып саналады. Әдетте өндіріс процесінде қолма - қол ақша қаражаттарына және өзге де активтерге айналады.

Кәсіпорынның өндірістік циклы - бұл ТМҚ - ды иемдену мен олардың ақша қаражаттарына айналуы арасындағы орта уақыт мерзімі. Бухгалтерлік балансты дайындаған кезде ТМҚ былайша сыныпталады:

  • ТМҚ кәсіпорынның операциялық қызметінің бөлігі болып табылады және кәсіпорынның өндірістік циклында сатылады және тұтынылады;
  • сату мақсатымен қысқа уақыт аралығында сақталады немесе есепті күннен бастап 12 айдың ішінде сатылады.

Көптеген кәсіпорындардың тұрақты және сатып алынған қорлары болады. Белгілі бір тұтынушыларға қызмет ететін кәсіпорындарда қорлардың деңгейі төмен болады. Бұл кәсіпорындар тұтынушыларға дайын болуына қарай тауарларды жеткізеді. Егер қорлар тез ескіретін болса, онда кәсіпорындар қорлар деңгейін төмендетуге тырысады. Үлкен өндірістік циклы бар кәсіпорындар қомақты сомаларды аяқталмаған өндіріске салуы мүмкін. Қорларды сақтау (иемдену) қымбатқа шығады, қйткені қорларды сақтауға кететін шығындар, сақтандыру шығынадары, ұрлық немесе кәсіпорын құлдырауы мүмкін. Екінші жағынан қарастыратын болсақ, қорлардың болмауы да қымбатқа шығады, өйткені тұтынушыларды дер кезінде қанағаттандыру мүмкін болмайды.

ТМҚ - дың сомаларының өсуі, сату деңгейін тежейді, ТМҚ - көлемінің өсуі кәсіпорынның қиыншылықтарға тірелгендігін дәлелдейді. Мысалы, ақша қаражаттары ТМҚ - ды сатып алуға шығындалады, бірақ сату жүзеге асырылмауы мүмкін.

ТМҚ қозғалысы кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді. ТМҚ болып табылуы үшін активтер мынадай сипаттамаларға ие болуы қажет:

  • кәсіпорынның меншігі болып табылуы керек;
  • кәсіпорынмен бақылануы қажет;
  • сатуға және өндірісте пайдаланылуға арналған, олар әрдайым шығындалып, жаңа қорлармен ауыстырылып отырады.

Демек, ТМҚ - ға кәсіпорынның дәл сол уақытта иемденіп отырған қорлары кіреді. Обьектіні ТМҚ - ға жатқызудың басты критериі бұл осы обьектіге байланысты кәсіпорынның меншік құқығы болып табылады. Сатып алынған немесе жол үстіндегі қорлар сатып алушы кәсіпорынның ТМҚ - на кіреді, өйткені оларға меншік құқығы тапсырылады. Меншік құқығын тапсыру уақыты қорды сатып алу келісімшартында қарастырылады [5] .

Кәсіпорынның ТМҚ - ның құрамына жеткізушіден қабылданған, бірақ сатып алушымен бүлінген тауарлар енбейді. Кәсіпорынның ТМҚ - ның құрамына комиссия келісімшартының шегінде сауда агенттіктеріне тапсырылған ТМҚ енеді. Комиссия келісімшарты бойынша тауарлар дегеніміз - заң жүзінде комиссионерге тиесілі, бірақ комитенттегі тауарлар. Комитенттің тауарды қалыпты өндіріс процесінде сатуға және сатылмаған тауарларды заңды иесіне қайтаруға құқығы болады. Тауарлар комиссионердің қоймасында сақталуы мүмкін және мұндай келісімшарт екіжақты тиімді болып табылады.

ТМҚ келесідей негізгі үш топқа бөлінеді:

  • қорлар;
  • аяқталмаған өндіріс;
  • дайын өнім.

Саудамен айналысатын ұйымдарда қорлардың мынадай түрлері орын алады, олар шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер т. б ретінде танылатын тауарлар. Тауар дегеніміз алдағы кезеңде қайта сатуға арналған кәсіпорынның сатып алынған бұйымдары. Кәсіпорын тауарлардың физикалық қалпын елеулі өзгерістер енгізбейді, себебі сатып алған кезеде жеткізушілер тауарды дайын күйінде ұынады. Қорларға өндірісте қолданылатын шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер, конструкциялық бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бұйымдар және т. б жатқызылады. Бұл қорлар шығарылып жатқан тауардың құрамына кіріп, оның негізін қалайды немесе оның дайындалуына арналған керекті компоненті болып табылады. (мысалы, нан дайындауға қажетті ұн) .

Кәсіпорынның ТМҚ - ның есебін ұйымдастыру үшін қорларды сыныптау маңызды болып табылады. Шикізат құрамына негізінен ауылшаруашылық өнімдері (бидай, мақта) және өндіріс өнімдері (көмір, кен, мұнай) кіреді.

Материалдар дегеніміз - өңдеу, дайындау өнеркәсібінің өнімі болып табылады (мақта, қант, металл, цемент) . Материалдарды екіге бөліп қарастыруға болады:

  • негізігі материалдар;
  • қосалқы материалдар.

Негізігі материалдар өндірілген өнімнің заттық негізін қүрайды (мысалы: лак, бояу), ал қосалқы материалдар өнімнің құрылуына тікелей қатысады немесе шаруашылық қажеттіліктер үшін, техникалық мақсаттар үшін қолданылады. Қосалқы материалдардың негізгі материалдардан ерекшелігі, бұлар өнімнің заттық негізін құрай алмайды. Материалдарды негізігі және қосалқы материалдарға бөлу шартты болып табылады, бұл пайдаланылатын өнім көлеміне байланысты болып келеді. Мысалы бояу өнеркәсіптік ұйымдар үшін қосалқы материал болып есептелсе, ал мердігерлік құрылыс кәсіпорындары үшін ол негізгі материал болып табылады.

Қосалқы материалдарды мынадай топтарға бөліп көрсетуге болады:

  • отын;
  • ыдыс және ыдыстық материалдар;
  • қосалқы бөлшектер.

Отын былайша бөлінеді:

  • технологиялық (технологиялық мақсат үшін) ;
  • қозғалтқыш (жанар май) ;
  • шаруашылық (жылу үшін) .

Ыдыс және ыдыс материалдары-бұл әр түрлі материалдарды буып-түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланылатын заттар (қаптар, жәшіктер, қораптар) . Ыдыс және ыдыстық материалдар былайша жіктеледі:

  • қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;
  • өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес ыдыстар.

Жеткізу талаптарына сай ыдыстар қайтарымды (әдетте бірнеше рет пайдаланылатын) немесе кепілді болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады.

Қосалқы бөлшектер машиналар мен механизмдердің тозған бөлшектерін ауыстыруға қажетті болып табылады.

Сатып алынатын жарртылай фабрикаттар - бұл белгілі бір өңдеу кезеңдерінен өткен, бірақ дайын өнім болып табылмайтын материалдар. Өнімді дайындау кезінде олар негізігі материалдар сияқты өнімнің заттық негізін құрайды.

Өндіріс қалдықтары - бұл шикізаттар мен материалдарды дайын өнімге айналдыру кезінде, өзінің тұтыну құнын толықтай немесе жартылай жойған қалдықтар. Қайтарылатын қалдықтарға басқа цехтарға өзге де өнім түрлерін өндіруге берілетін шикізат және материал ретіндегі қалдықтар жатпайды. Қайтарылатын қалдықтарды бағалау келесідей жүргізіледі:

  • бастапқы материалдық ресурстың төмендетілген бағасымен, ал егер қалдықтардың негізігі өндісте пайдаланылуы мүмкін болатын болса, мүмкін болатын қолдану бағасымен бағаланады;
  • егер қалдықтар толық материалдық ресурс ретінде сатылатын болса, бастапқы материалдың толық құны бойынша бағаланады [11] .

Аяқталмаған өндіріс - алдағы кезеңде өңдеуді талап ететін тауарлар. Олардың құны сол уақытқа байланысты жүзеге асырылған шикізаттарға, жұмыс күшіне және аяқталмаған өндіріс бірлігіне таратылған үстеме шығындардың сомасымен анықталады. Технологиялық процеспен анықталған сынақтардан өтпеген, бірақ толық аяқталған өнім, аяқталмаған өндіріс болып табылады. Сондай - ақ аяқталмаған өндірістің қатарына дайындалған, бірақ тұтастай буып - түйілмеген немесе тапсырыс берушімен қабылданбаған өнімдер жатады.

Дайын өнім - түгелдей өңделген, бекітілген стандарттар мен тексерулерден өткен, қабылдау - тапсыру актісімен рәсімделген, сатуға арналған, және басқа ұйымдар үшін орындаоған жұмыстар мен қызмет көрсетулерге арналған өнімдер. Олардың құны тікелей және үстеме шығындардың сомасымен анықталады.

Үш қордың өзара байланысын келесідей көрсетуге болады:

Шикізат және материалдар + еңбек = аятқалмаған өндіріс +еңбек+

өндірістік үстеме шығындар= дайын өнім (1) .

ТМҚ - ды есепке алудың мақсаттары.

Қаржылық есеп беруді құрастыру мақсатында ТМҚ-лар есебінің басты міндеті өнімнің нақтылы өзіндік құнын анықтау емес, сәйкесінше кірістерді шығындармен сәйкестендіру жолымен таза табысты анықтау болып табылады. Бұл мәселелер (нақты таза табысты және қорлардың нақты өзіндік құнын анықтау) үйлесімсіз, бірақ олардың біріншісі қаржылық есептілікті пайдаланушылар үшін маңызды болып табылады (әсіресе акционерлер үшін) :

  • ағымдағы есептіліктегі ТМҚ-лардың құнын анықтау (өзіндік құнын) ;
  • баланс құрылған күнге активтер құрамында көрсетілетін ТМҚ - дың құнын анықтау;
  • ТМҚ-ды пайдалану немесе сату нәтижесінде шығындар ретінде есептен шығарылу кезіндегі құнын анықтау қажет.
  • ңайлатуға, материалдардың бүлінуін уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

Олар өз кезегінде мыналарды қажет етеді:

  • ТМҚ-ды сақтау қоймаларында қорларды уақытылы және толық қабылдауды бақылау жүйесін;
  • қорлардың қозғалысы жөніндегі операцияларға уақытылы және толық құжаттардың жүргізілуін;
  • қорларды дайындау кезіндегі нақты өзіндік құнды және тауарлы-транспорттық шығындарды уақытылы және толық анықтаулуын;
  • өнім шығысындағы тауарлы-транспорттық шығындарды уақытылы және толық есептен шығарудың бақылануын;
  • ішкі ресурстарды мобилизациялау мақсатында қажет емес материалдық қорлардың шығарылуын;
  • қоймаларда сақталатын қорлар қозғалысы жөнінде нақты мәліметтер алынуын.
  1. Материалдық құндылықтарға әрекеттік бақылаудың қажетті шарты болып табылатындар:жабдықталған қойма үй-жайларының болуы; материалдарды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың ішінде жекелеген топтар бойынша орналастыру; материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуға жауапты адамдар тобын белгілеу; тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату құжаттарына қол қою құқығы берілетін лауазымды адамдар тобын белгілеу [12] .

Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:

  1. Материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу.
  2. Құжат айналымының айқын жүйесі және тауарлы-материалдық құндылықтарды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау.
  3. Бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру.
  4. Тауарлы-материалдық қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу.
  5. Бухгалтерияға материалдардың есебі учаскесін компьютерлендіру.

1. 2 «ЕмбіМұнайГаз» кәсіпорынының экономикалық көрсеткіштерін талдау

Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты - кең байлықтарымызды игеру, оның ішінде мұнай мен газды өндіру.

40 миллиард баррельге бағаланатын мұнай қорына ие Қазақстан ОПЕК-ке кірмейтін елдердің арасында аталған көрсеткіш бойынша екінші орынға ие. Экспорттық жолдардың жеткілікті саны жағдайында Қазақстан алдағы он жылдықта әлемдегі мұнай өндірушілер мен экспортқа шығарушылардың біріне айналуы мүмкін. Мұнай өндіру мен оның экспортының болжамды өсуі халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін арттырудың негізгі факторларының бірі болып қалмақ.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) Қазақстандағы ірі мұнай және газ өндіруші компанияның бірі. ҚМГ БӨ бүгінде мұнай өндіру көлемі жағынан елімізде екінші орын алады. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «ҚМГ Ұлттық компаниясы» АҚның еншілес кәсіпорыны болып табылады және 2004 жылдың наурызында «ӨзенМұнайГаз» ААҚ (ӨМГ) мен «ЕмбіМұнайГаз» АҚ (ЕМГ) бірігуі жолымен құрылды.

ӨМГ және ЕМГ кен орындары 2Р категориясы бойынша 240 млн. тоннадан астам мұнай қорына ие. 2007 жылы жүзеге асырылған сатып алуларды есептегенде, компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының жалпы көлемі 296 млн. тоннаны құрайды. Бүгінде ҚМГ БӨнің жеке активінде (сатып алуларды есептемегенде) 44 кенорындары бар. Соның ішінде ЕМГ АҚ 39 кенорынын игерегді. 2007, 2008 жылдарда осы кенорындарында игерілген қорлар мөлшерін 1 кестеден көруге болады:

1 кесте

«ЕмбіМұнайГаз» АҚ-дағы тауарлы-материалдық қорлар (мың теңге)

ТМҚ
2007
2008
Ауытқу
№: 1
ТМҚ: Материалдар
2007: 10 053 765
2008: 7 666 214
Ауытқу: -2387551
№: 2
ТМҚ: Шикі мұнай
2007: 5 077 854
2008: 3 917 044
Ауытқу: -1160810
№: Барлығы:
ТМҚ: 15 131 619
2007: 11 583 258
2008: -3548361

«ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның негізігі қызметіне мыналарды жатады:

  • көмірсутекті өңдеумен байланысты қызмет;
  • көмірсутекті қайта өңдеумен байланысты қызмет;
  • басқа да қызмет түрлері [10] .

Кәсіпорын геологиялық зерттеу жұмыстарын да жүзеге асырады. Бұл жұмыстың негізігі мақсаты, компанияның шикізат базасын жетілдіру үшін мұнай және газ қорларын өндіру. Ресурстық базаны ұлғайту үшін геолгиялық барлау жұмыстары Атырау және Маңғыстау облыстарында жүргізілуде. Кәсіпорын болашақта жаңа технологияларды пайдалана отырып мұнай өндірудің жаңа механизмдерін ашуға мақсат қойды. Сонымен қатар кәсіпорын мұнайды өңдеуді идентификациялау үшін бірқатар іс шаралар жүргізуде. Кәсіпорын мұнай идентификациясының келесі тәсілдерін қолданады: пластты гидрожару, перфорация технологиясы, электро әсер. Өндірісті басқару үшін кәсіпорын ақпаратттық технологиялар базасын қолданады.

Кен орындар. Республикадағы мұнай газ өнеркәсібінің даму тарихы Өзен

мен Ембі кен орындарының игерілуімен бастау алады. Әлі күнге дейін осы аймақтардың кен орындарында жалпы еңбек өтімі жүздеген жылдарды құрайтын атақты мұнайшылар әулиеттерінің өкілдері еңбек етіп келеді.

Алғашқы мұнай шөгінділері 1899 жылы табылды және 1920 жылдан бастап мұнай кәсіпшіліктері Батыс Қазақстанды игеруде шешуші роль атқарады. Ұлы Отан соғысы кезінде жылына 700-750 мың тонна беріп тұрған Ембі кеніштері Кеңестер одағындағы маңызды мұнай өндірушілердің бірі болды. Содан бері мұнай кәсіпшіліктерінің аймақтағы маңызы тек арту үстінде. Бүгінде АҚ «ҚазМұнайГаз» БӨ (ҚМГ) - дің еншілес кәсіпорындары «ЕмбіМұгайГаз» (ЕМГ) және «ӨзенМұнайГаз» (ӨМГ) өндірістік филиалдары Атырау және Маңғыстау облыстарының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

ЕМГ кенорындарының бірқатары (Оңтүстік Батыс Қамысты, Жаңаталап Нуржанов) 60-шы жылдардың соңы мен 70-ші жылдардың басында, қалғандары 80-шы жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында (Кенбай, Забұрын, Ботахан, Мақат) ашылып, пайдалануға берілді.

«ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалында 39 кен орыны игеріледі.

2007 жылы компания «Қаражанбасмұнай» компанияларындағы акциялардың 50% сатып алудың нәтижесінде өзінің қызметін айтарлықтай кеңейтті. Бұл екі сатып алудың орташа тәуліктік өндіруге жалпы ықпалы тиді және ҚМГ БӨ-нің тәуліктік мұнай өндіруі шамамен алғанда 48 мың баррельді құрады.

Компанияның есепті кезеңдегі қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі факторларға: мұнайға арналған бағаның динамикасы, валюталық бағамдардың, атап айтқанда, теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамының ауытқуы және елдегі инфляция қарқыны жатады.

Мұнай сату компания кірісінің негізгі көзі болып табылады. Бизнес, келешек, қаржылық жағдай және қаржы -экономикалық қызметтің нәтижелері айтарлықтай дәрежеде мұнайға арналған бағаға қатысты. Өткен кезеңдерде мұнай бағасы құбылмалылықтың жоғары дәрежесін көрсетті. Компания кірістері мен таза пайдасы айтарлықтай дәрежеде мұнай бағасының өзгеруіне қарай ауытқиды. 2001жылдан бастап мұнайға арналған дүние жүзілік баға едәуір өскенімен, бұл өсу қазіргі баға деңгейі сияқты келешекте де сақталатындығына ешқандай кепілдік жоқ. Келешекте кез келген мұнай бағасының төмендеуі (тіпті салыстырмалы түрде көп емес) бизнеске, келешекке, қаржылық жағдайға және компания қызметінің нәтижелеріне жағымсыз әсер етуі мүмкін. 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда BRENT сортты мұнайға арналған баға орташа алғанда баррель үшін 7. 25 АҚШ долларына артты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймадағы материалдық қор есебі
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Материалдарды қабылдау туралы акті
Материалдардың номенклатурасы
Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері
Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорлардың есебі
Тауарлы-материалдық қорларды бағалау
Тауарлы материалдық қорлар есебі
Тауарлы Материалдық Қорлар есебі. №2-ші ХҚЕС
Қоймадағы қорлардың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz