Тауарлы - материалдық қорлардың есебінің аудиті
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-бөлім. Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің
аудиті ... ... ... ... ... ..4
1. Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 4-9
1.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті..9-12
1.3.Тауарлы - материалдық қорлардың қозғалысының есебінің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-20
2-бөлім.Тауарлы-материалдық қорларды тексеру кезіндегі дәлелдеме
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.1. Ішкі бақылаулық жүйе түсінігіне жету
процедуралары ... ... ... ... ... .. . 21-25
2.2. Шаруашылық операцияларын істің мән-жайы бойынша тексеру ... ... 25-27
2.3. Сальдоның жекелеген элементтерін мән-жай бойынша тексеру ... ... 28-31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 33
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “ Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің
аудиті ” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста тауарлы –
материалдық қорлар есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін
анықталады.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші
бөлімінде “ Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және
түгендеудің аудиті, тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің
аудиті, тауарлы- материалдық қорлардың қозғалысының есебінің аудиті.
Аудитор материалдық құныдылықтарға аудит жүргізген кезде субъектінің есеп
жүргізу саясатында қарастырылған материалдарды бағалау әдістерімен
салыстырып тексеруі, сонымен қатар материалды аудиттеген кезде тасымалдау-
дайындау шығындарының нақты өзіндік құнының олардың есептік бағасы бойынша
құннан ауытқудың таратылу тәртібінің дұрыстығы тексеріледі. Тауарлы –
материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың нақтылы
барлығының жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұған аудитордың түгендеуге
қатысуы арқылы қол жеткізіледі.
Аудитор материалды құндылықтарды сату бойынша операцияларын тексерген
кезінде, келісім бағасының және қаржылық нәтиженің негізділігін қарауы
қажет, яғни төменгі бағамен қымбат материалдардың сатылмағандығын, бұндай
операциялардан шаруашылықтың зиян шеккендігін анықтайды.
Екінші бөлімінде тауарлы – материалдық қорларды тексеру кезіндегі
дәлелдеме көздері қарастырылады, аудиторлық дәлелдемелердің негізгі
көздері: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және
басқа да номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары,
қаржылық есеп стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар,
өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері
болып табылады, және бұл бөлімде ішкі бақылаулық жүйе түсінігіне жету
процедуралары, шаруашылық операцияларын істің мән-жайы бойынша тексеруі,
сальдоның жекелеген элементтерін мән-жай бойынша тексеруі қаралады. Аудитор
тауарлы – материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың
нақтылы барлығының жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұл аудитордың
түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.
Тауарлы- материалдық қорлардың қорытындыларының аудиті толығымен,
зерттеліп қарастырылды.
Бұл тақырыптың негізгі масаты болып жоғарыда айтылған мәселеледі жан-
жақты, мән мағынасын ашып көрсету табылады. Кейін аудиторлық қорытынды
жасалып, ұсыныстар айтылады..
1 - бөлім. ТАУАРЛЫ -МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
1.1 Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің, бағалаудың және түгендеудің
аудиті
Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өнірілген өнімнің өзіндік құнына
құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық
қорлардың алатын орны өте зор. Тауарлы-материалдық қорлар баланста
материалдар, дайын өнімдер, тауарлар және аяқталмаған өндіріс баптары
бойынша жинақталып, оалрға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып
алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру
бұйымдары,конструкциялар мн тетіктері, отындар,ыдыстар мен ыдыстық
материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-
ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер
түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар
және есепті кезеңде технологиялық үрдыс аяқталмаған өндірістік шығындар да
жатады .
Тауарлы- материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың
есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
• олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары ме нақты
қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
• олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
• өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
• өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстары табу, нықтау және оларды
сату;
Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасымынадай
басты мәселелерді қамтиды:
• Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып
тексеруді;
• тауарлы-материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің
дұыс жүргізілгендігін тексеруді;
• қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақтылы
түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
• қойма есебінің, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының бастапқы
құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру
күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін
тексереді.
• Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және
бухгалтерлік жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;
• Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық
құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік
жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитін тереңдетіп жүргізу
үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін
олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау
қажет.
Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап
ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес
аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Ұзақ мерзімді активтер сияқты ағымдағы активтерді баптары бойынша
мәліметтерін тексерген кезде қолда барлығын, баланстың, Бас кітаптың, есеп
регистрларының мәліметтерінің арасында тепе-теңдіктің сақталғандығын
анықтап, синтетикалық және аналитикалық ақпараттардың сәйкестігіне көз
жеткізудің маңызы зор.
Тауарлы-материалдық қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде
оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.
Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалды
құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді
талап етеді.
Аудиттің маңызды сұақтарының бірі өндіріске шығысқа шығарылған
материалдар ресурстарының дұрыс бағалануын тексерумен тығыз байланысты.
Өйткені материалдар әр түрлі көздерден келіп түсетіндіктен, оладың бастапқы
қалдығын сатып алу бағасымен салыстырғанда арасында айырмашылық болуы
мүмкін. Тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алу,
жеткізу, тасымалдау, дайындау, өнімді қайта өңдеу шығындарын қамтиды.
Өз кезегінде тауарлы-материалдық қорларды сатып алу бағасын, ауданнан,
аймақтан алып шығу баждарын, жабдықтау, делдалық ұйымдарға төлеген
комиссиондық сый ақыларын, тасымалдау-дайындау шығындарын және сатып алуға
тікелей байланысты басқа шығындарын қамтиды.
Тауар шегерімдерін, қайтарылған артық төлемдерді және басқадай осындай
түзетулерді, сатып алу шығындарын анықтаған кезде шығарып тастайды.
Шикізаттардың және материалдардың ( жұмыс, қызмет) шығындары, өндіріс
үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, отындардың, энергияның, еңбек
ресурстарының, ең негізгі құралдарының тозу құнының, сондай-ақ
технологиялық процесстен туындайтын басқа да өнім ( жұмыс, қызмет)
өндіруге байланысты шығындарының жиынтығын қамтып, өнімнің ( қызмет, жұмыс)
өзіндік құнын құрайды.
Есеп саясатында анықталғандай, өндіріс қорларының өзіндік құнын
бағалау, арнайы ( жалпылама) бірыңғай ұқсастық, орташа есептік құны, ФИФО,
ЛИФО әдістерінің бірін қолдану арқылы жүргізіледі.
Арнайы ( жалпылама) бірыңғай ұқсастық әдісі бойынша бағалау арнайы жобалар
және тапсырыстар үшін өндірілген, өзара айырбастау құралының қызметін
атқаратын тауарлы- материалдық қорлардың өзіндік құнын есептеп шығаруды
көздейді.
Өндіріс қорларының орташа есептік құнын, есепті кезеңнің басындағы
қолда бар және сатып алынған немесе осы кезеңнің ішінде өндірілген ұқсас
қорлардың орташа құнын анықтау арқылы есептеп шығарады.
Өндіріс қорларын ФИФО әдісі бойынша бағалаған кезде, бірінші кезекте
алғакшқы сатып алыңған немесе өндірілген қорлардың құнын шығысқа шығару
көзделеді.
Өндіріс қорларын ЛИФО әдісі бойынша бағалаған кезде, бірінше кезекте
соңғы сатып алынған партияның ( лектің) немесе өндірген қорлардың құнын
шығысқа шығаруды көздейді.
Аудитор материалдық құныдылықтарға аудит жүргізген кезде субъектінің
есеп жүргізу саясатында қарастырылған материалдарды бағалау әдістерімен
салыстырып тексеруге міндетті.
Материалды аудиттеген кезде тасымалдау-дайындау шығындарының нақты
өзіндік құнының олардың есептік бағасы бойынша құннан ауытқудың таратылу
тәртібінің дұрыстығына назар аудару қажет.
Материалдардың нақты өзіндік құнының олардың тұрақты есептік бағасы
бойынша құннан ауытқудан жұмсалған және қоймада тұрақты бағасы бойынша
қалдық материалдардың құндарының арасында пропорционалды таратады. Осы
мақсат үшін материалдардың нақты өзіндік құнымен тұрақты есептік бағасының
арасындағы ауытқу пайызының қатынасын тұрақты есептік бағасы бойынша
босатылған және қалдық материалдарының құнына көбейтеді.
Материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасынан
ауытқуының пайыздық қатынасын формула бойынша анықтайды.
( Аб+Ас)
Тб=----------------------100%
Ат+Ак
Бұнда, Тб материалдың нақты өзіндік құнының тұрақты есептік бағасына
ауытқу пайызы;
Аб- айдың басындағы материалдардың нақты өзіндік құнының тұрақты
есептік бағасы бойынша ауытқуы;
Ас - айдың ішінде келіп түскен материалдардың нақты өзіндік құнының тұракты
есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуы;
Ат - айдың басындағы материалдардың тұрақты есептік бағасы бойынша құны;
Ак - ай ішінде келіп түскен материалдардың тұрақты есептік бағасы бойынша
құны;
Осы пайыз бойынша жүмсалған материалдардың ауытқуын (тиісті шоттарға)
шығысқа шығару қажет. Бұл пайызды есептеп шығару мәліметтері
материалдардың қозғалысының есебінің ведомостінің бөлігінде
келтірілген. Материалдық қорларды бағалау және тасымалдау-дайындау
шығындарының (ауытқуы; +, -) сомалары сатылған өнімнің, жүмыстың, қызметтің
өзіндік құны арқылы жалпы табыстың көлеміне тікелей әсер етеді, демек
заңды тұлғаларға салынатын табыс салығының көлемінде. Сондықтан
материалдық қорларды бағалауды және оларды өндіріске шығысқа
шығаруды дұрыс қолдану салық органдарының бақылауында болатындықтан,
аудитор шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың бухгалтериясының бұл
бағыттағы жүмысын өте мүқият тексеруі қажет.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуде шикізаттарға,
материалдарға, отындарға, қосалқы болшектерге және басқа да материалды
құндылықтарға дер кезінде сапалы түгендеу жүргізудің маңызы зор. Аудитор,
нақты қолда бар материалды құңдылықтарға түгендеу жүргізу тәртібінің және
оның мерзімінің сақталғандығына толтырылған түгендеудің көшірмесіне
салыстыру ведомостіне түгелдеудің нәтижесіне оның шаруашылықтың басшысының
қатысуымен жіберген кемшіліктерге қолданылған әкімшілік шараларына тексеру
жургізіп жоне танысуға міндетті.
Түгендеу комиссиясының құрамына аудитормен материалды-жауапкершілікті
тұлғадан басқа, әдетте, әкімшілік өкілдері мамандар және бухгалтерия
қызметкерлері кіреді. Түгендеу жүргізген кезде материалды-жауапкершілікті
тұлғаның қатысуы міндетті.
Аудитордан қайтыс болудан басқа да әр түрлі себептермен материалды-
жауапкершілікті тұлғаның қатысуынсыз түгелдеу жүргізгенде өте сақ болуын
талап етеді.
Егер де түгендеу нәтижесінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі
анықталса, онда материалды-жауапкершілікті тұлға түгендеудің нәтижесіне
келіспеуі және кем шығу фактісін мойындамауы мүмкін.
Егер материалды-жауапкершілікті тұлға дәлелді себептермен болмай қалса,
онда қойманы жауып пломбирлеп, материалды-жауапкершілікті тұлға жүмысқа
шыққаннан кейін ғана түгендеуге кірісуге міндетті. Түгендеу жүргізудің
алдында материалды-жауапкершілікті тұлға түгендеу жүргізілетін күнге екі
дана кіріске алынған жөне шығыс жасалған материалды құндылықтардың
қорытынды есебін жасайды. Бірінші данасы шаруашылықтың бухгалтериясына
берілсе, екінші данасы аудиторға қалады. Комиссияның төрағасы материалды-
жауапкершілікті тұлғадан өндіріс қорларына қатысты кіріс және шығыс
құжаттарының барлығы түгелдей бухгалтерияға тапсырылды, ешқандай кіріске
алынбаған жөне шығыс жасалмаған материалдар жоқ деген қолхат алуға
міндетті. Дәл осындай қолхат сатып алынған материалдар сомасына өлі есеп
бермеген немесе оларды алуы сенімхат алып еткізбеген ,есеп беруге тиісті
тұлғалардан да алынады. Осыдан кейін комиссия қолда бар материалды
құндылықтарды таразыға тарту, өлшеу, санау немесе арнайы сыйымдылықтарға,
қаптарға салып елшеу жолымен тексеруге кіріседі. Аудитор материалдық-
құндылық-тарды таразыға тартып, өлшеп және санап жатқан уақытта аудитордың
көзін ала бере комиссия мүшелерінің бірі немесе материалды-жауапкершілікті
тұлға жетіспеушілікті білдірмей жіберетін кездері кездеседі. Аудитор бұндай
келеңсіз жағдайларға жол бермеу үшін жүмыстың дұрыс жүргізілуін қадағалап,
тексерудің нәтижесін бақылап түруға міндетті.
Келіспеушілік туғызбау үшін материалды-жауапкершілікті тұлға нәтижесін
жазып отырады. Аталған жазулар анда-санда салыстырылып отырады. Әрбір
материалдың түрі бойынша түгендеудің нәтижесі, материалды-құндылықтардың
түрған орны немесе құндылыктарды сақтау жэне олардың сақталуына
жауапкершілікті лауазымды тұлғалары бойынша жеке жасала-тын түгелдеу
көшірмесінде белгіленеді.
Материалды құндылықтарды кошірмеде есептеп қабылданған номенклатурада
және бірыңғай өлшем бойынша көрсетеді. Кейде аудитор материалды-
жауапкершілікті тұлғаның айтуымен тексерудегі шаруашылықтың меншігіне
жатпайтын уақытша сақталуға қойылған материалдық құндылықтарды
түгелдеу көшірмесіне қоспайтын кездері кездеседі. Бұндай
материалдар бойынша комиссия жеке көшірме жасап, содан кейін карама-
карсы тексеру жүргізіп, бұл құндылықтар кімнің меншігінде неге басқа
шаруашылықтың қоймасына сақталу себебін анықтау қажет. Түгендеу
жүргізген кезде материалдардың нөмірлеріне, маркаларына және аталуына
ерекше назар аударуды талап етеді. Өйткені төл құжаттарында көрсетілген
нөмірлерімен және маркаларымен кіріске алу құжаттарының мәліметтерімен
салыстырғанда жаңа жабдықтарды бүрын пайдалануда болған немесе өте
қымбат түратын материалдарға алмастыру фактілерінің кездесіп қалуы да
ықтимал.
Кейбір материалдық құндылықтарды тексерген кезде сапасын анықтау үшін
дәмін тату іріктеу жүргізу ұсынылады. Оларды теңдей екіге бөліп алып
қапшыктарға, арнайы ыдыстарға салып мөр басып сақтауы керек. Бір бөлігін
(данасын) сәйкес ыдыстарға салып лабораторияға сапасын анықтауға берсе,
екінші бөлігін (данасын) қолхат алып тексерушіге береді. Сапасын анықтау
үшін іріктеліп алынған бөлігіне акт жасалып субъектінің аталуы, бөліктің
салмағы, данасы (көлемі), іріктелген орны, ауаның қызуы және сақталу орны
көрсетіледі. Сапасын анықтауға жасалған актіге түгелдеу комиссиясының
мүшелері және материалды жауапкершілікті тұлға қолдарын қояды.
Түгелдеудің мәліметтері бойынша көшірме жасалады, оған түгелдеу
қомиссиясының мүшелері және материалды жауапкершілікті тұлғалар қолдарын
қояды. Материалды-жауапкершілікті тұлға әрбір көшірме бойынша жобамен
мынандай мағынада: осы түгелдеу көшірмесінде аталған барлық құндылықтарды
комиссия менің қатысуыммен натуралды күйінде көшірмеге ендірілді. Сондықтан
түгелдеу комиссиясына шағым талабым жоқ. Көшірмеде келтірілген
құндылықтардың сақталуы менің жауапкершілігімде болғанын растаймын деп
қолхат беріп, қол қойып, күнін жазады. Салыстыру ведомостын жасау үшін
бухгалтерияға береді. Салыстыру ведомості тек қана осы мәліметтерінен
ауытқулары анықталған құндылықтарға жасалады. Оларға бас (материалды)
бухгалтер және материалды- жауапкершілікті тұлға қолдарын қояды. Егер
кем немесе артық құндылықтар анықталса, онда материалды-жауапкершілікті
түлға жазбаша түсініктеме береді. Нормадан жоғары табиғи кемуден болған
жетіспейтін материалды құндылықтардың құнын кінәлі тұлғалардың мойнына
апарып, артық шыққанын кіріске алу керек. Артық шыққан, бұлінудің
нәтижесінде кем шыққан біртекті материалдарды сол тексеру жүріп жатқан
кезеңінде, тек қана сол материалды-жауапкершілікті тұлға бойынша
бірі-біріне жатқызуға рұқсат етілуі мүмкін. Материалды құндылықтардың
табиғи кему нормасының жоғарылауынан жөне бұлінген құндылықтарға нақты
кінәлі тұлға анықталмаса немесе оларды өндіру туралы шағым-талапты сот
органдары қараудан бас тартса, субъект қаржылық нәтижеге шығысқа
шығаруы мүмкін. Аудитор шаруашылықтың бухгалтериясында салыстыру
ведомостінің дұрыс жасалғандығын, бухгалтерияда қызметкер-лерінің оған
жазылған жазуларының мәліметтерімен сәйкестігін тексеруге міндетті.
1.2.Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті
Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің
бухгалтерлік есеп бас жоспарының 1300 Материалдар бөлімшесінің
синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттар-
дың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың, ыдыстардың
және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдарының,
қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың сақталуын, пайдалануын
және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын
тексеруден бастаудың маңызы зор.
Тауарлы-материалдық қорлардың сақталу орындары бойынша нақты қолда
барының есеп мөліметтеріне сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден жылдық
түгендеудің материалдарымен танысу қажет. Екіншіден сақталу орны бойынша
жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу : мысалы, оте қымбат
тұратын және сирек кездесетін және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды
анықтау қажет. Қоймаларда материалды құндылықтардың сақталу тәртібіне,
сақтау орындарының, қорлардың және түрлерінің сақталу ережелеріне
сәйкестігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Сондықтан қолда бар
материалды құндылықтардың сақталуына тексеруді аудитор қойма шаруашылығын
зерделеуден және қажет болған жағдайда оларға түгендеу жүргізуден бастаған
жөн.
Аудитор қойма шаруашылығына зер салып зерттеген кезде, қойма
ғимараттарының және өлшеу құралдарының жағдайына назар аударуы қажет,
сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысының тиімділігіне, өрттен
қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының
орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау
тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды
іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда
бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған
шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды
есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуға тиісті. Қоймаларды және
материалды құндылықтардың сақталу орнын зерттеу, олардың бағыты бойынша
қолдану үшін жарамдылығын анықтау мақсаттарында бағалардың сақталу төртібін
және ортке қарсы қауіпсіздікті, дыбыс беретін белгілерінің, өлшеу
шаруашылығының, басқа да өлшеу құралдарының және т.б. қолда барлығын
тексеру қажет.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты
дұрыс ұйымдастырылған күзет болып табылады. Аудитор субъектіге материалды
құндылықтарды кіргізу жене шығаруда ішкі бақылауды кенеттен тексеруден
бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу,
рұқсат куәлігін толтыру және тіркеу, олардың пайдаланылғанының
бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.
Бұндай кезде бір рұқсат қағазымен материалды құндылыктарды екі рет
әкету, қол қоюға қүқық берілмеген тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен
әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету ж.т.б. сияқты әр
түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.
Кіргізіп-шығару жүйесін тексеру жеке территорияларға бөлініп орналасқан
арнайы мамандандырылған өндірістік цехтардың озара байланысының арасын
ескеріп жүзеге асырылуға тиісті қоймадағы әр түрлі мақсатқа босатылған
материалдарды әкетуге толтыратын рұқсат қағазды мұқият тексеруді және
бақылауға алуды талап етеді.
Цехтың өндірістік қызметінде бұрмалаушылық, шектен шығып кету фактілері
анықталған кезде (өндірілген өнімді толық кіріске алмау, қосып жазу, ұрлау,
есепте дұрыс көрсетпеу) рұқсат қағаз бақылау көзі ретінде қолданылады.
Олардың мәліметтерін әкетілген материалды құндылықтардың түр-түрлері
бойынша сомасын және құнын шот-фактуралар, бұйрық фактуралар, бұйрық
накладнойлар, басқа да жолдама құжаттарымен салыстырады.
Шаруашылықтың қоймасындағы материалды құндылықтардың сақталуын
бақылаудың бөлінбейтін бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Жұмыс
практикасы корсеткендей, қойма есебін жүргізудің тәртібін бұзушылық.
негізінен материалдардың түрлері бойынша жалған қалдықтың (қызыл қалдық)
көрсетілуі, кейбір кіріс құжаттарындағы материалдардың кіріске алынғандығы
туралы жазуларының болмауы, қоймалық есеп карточкаларындағы және
бухгалтерлік есептегі мәліметтерінің арасындағы алшақтық, шығысқа шығару
құжаттарының санының шамадан тыс асып кетуі қалдықтарының дұрыс саналмауы
ж.т.б. сияқты фактілері кездесіп қалады. Қызыл қалдық келіп түскен
материалдық құндылықтарды толык немесе уақтылы кіріске алмаудың, өндіріске
босатылған материалдар санының шамадан тыс артық шығысқа шығарылуына,
құжаттары толтырылмай материалдарды босатуға, соңғы қалдықтардың дұрыс
анықталмауына ж.т.б. жол берілгендігін дәлелдейді.
Материалдар түрлерінің теріс өтпелі қалдығы осы түрге жататын кезекті
материалдар келіп түскен кезде уақытша жабылса, ал материалдық құндылықтар
саны осы шамаға кемиді. Теріс қалдық тек қана есепте жоқ материалдардың
көлемін көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ұрлаудың, талан-таражга салудың
резервін де көрсетеді.
Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен
материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды
анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.
Қоймадағы материалдар есебін, материалды жауапкершілікті тұлға болып
саналатын қойма меңгерушісі (қоймашы) жүзеге асырады. Бұл қызметке бұрынғы
қызметінде материалдарды талан-таражға салған материалдар үшін сотталған,
еңбек тәртібін бүзғаны үшін бұрын жұмыстан босатылған тұлғалардың
қабылданбауы тиіс. Қоймашыны жұмысқа шаруашылықтың бас бухгалтерінің
келісімі бойынша қабылдайды. Оны қызметінен босату тауарлы-құндылықтарға
жаппай түгелдеуден еткізіп жасаған қабылдау-өткізу актісін шаруашылықтың
басшысы қарап бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Аудитор қоймашылармен жеке материалды жауапкершілік, олардың жұмысын
бақылаудың жағдайы туралы келісім жасалғандығын, материалды сақталу
орындарында олардың түр-түрлері бағаларының ілінгендігін, қоймадағы жұмыс
режимінің сақталуын анықтауға тиісті.
Құндылықтарды тез қабылдап және босатуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ
нақты қолда барының бекітілген қор шектеу нормасына сәйкестігін бақылау
үшін тәртіп бойынша қоймадағы материалды құндылықтар секцияларға, ұяларға
орналастырылады. Секцияның ішінде топтары, тұрақты және сорты, көлемі
бойынша, қобдиларға, жәшіктерге, контейнерлерге, сөрелерге, текшелерге,
ұяларға орналастырылады.
Қоймашы материалдардың өрбір номенклатурасының нөміріне материалдық таңба
қағаз толтырып, оны материалдардың тұрған орнының тұсына жапсырып қояды.
Таңба қағаздары материалдардың аталуын, номенклатураның нөмірін, өлшем
бірлігін, бағасын және нақты қолда бар материалдарды көрсетеді.
Материалдардың қозғалыстарының және қалдығының есебі материалдардың
қоймалық есеп карточкаларында жүргізіледі. Әрбір номенклатуралық нөмірге
жеке карточка ашылады, сондықтан мұндай есепті сұрыптық есеп деп атап,
оларды натуралды түрде жүргізеді.
Карточканы бухгалтерияда немесе электронды есептеу техникаларында ашып,
оған қоймасын, нөмірін, материалдардың аталуын, маркасын, сортын, кескінін,
көлемін, өлшем бірлігін, номенклатураның нөмірін, есептік бағасын және
шектеуді жазады. Содан кейін карточка қоймаға беріліп, қоймашы
материалдардың кіріс, шығыс және қалдық бағаларын толтырады. Операциялардың
жасалған жұлдызына (күніне) қоймашы карточкаларға бастапқы құжаттарының
(кіріс ордерлерінің талап ету накладнойлардың және т.б.) негізінде
жазуларын жүргізеді.
Осының арқасында қоймадағы материалдық қорлардың жағдайы туралы жедел
мәлімет алуға болады. Егер материалдардың қалдықтары бекітілген қор
нормасынан жоғары немесе төмен болса, ол туралы қойма меңгерушісі жабдықтау
бөліміне хабарлауға міндетгі.
Бастапқы құжаттарының мәліметтерін қоймалық есеп карточкаларына
жазғаннан кейін, оларды бухгалтерияға береді. Шектеп жұмсау карталарын
қолдау тәртібіне қарай келесі айдың бірінші жұлдызынан кешіктірмей береді.
Құжаттарын тапсыруға тізімдеме толтырып, онда еткізілген құжаттардың
аталуын және нөмірі керсетіледі.
Шағын сақтау орындары бар цехтарда, сондай-ақ есеп беруге тиісті
субъектідегі (пункттер, бөлімдер, цехтар) материалды жауапкершілікті
тұлғалардың пункін және белімнің меңгерушілері, цехтың шеберлері
жауапкершілігіндегі материалдардың қалдықтары және қозғалыстары туралы
айлық қорытынды есеп жасап, оларды бухгалтерияға өткізеді. Бухгалтерияда
материалдардың жұмсалу нормасын есептеп шығарып және қорытынды есепті
бағалайды. Материалдық қорытынды есебін пайдаланған кезде, босатылған
материалдарға басқа құжаттарды жасаудың қажеті де болмайды. Материалды
жауапкершілікті тұлғаның қорытынды есебі аналитикалық есеп регистрлары
ретінде қолданылғандықтан, жауапкершіліктегі материалдардың есебі
жеңілдетіледі.
Шаруашылықтың қоймасындағы материалды құндылықтардың қозғалысының
есебінің жағдайын тексерген кезде, аудитор жазуларының дұрыстығына,
материалдарды қабылдау және босатудың бастапқы құжаттары бойынша
материалдардың қозғалысының есебінің ведомостінің жасалуына ерекше назар
аударып, материалдардың жедел-бухгалтерлік есеп жүргізу қалдықтау әдісін
қолданған кезінде қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсырған және
материалды жауапкершілікті тұлғалардың жасаған есебіне қоймалық есеп
карточкаларының жазуларының дұрыстығына бухгалтерия қызметкерлерінің
тарапынан қатаң бақылау жасалғандығын анықтауға міндетті.
Аудитордың жұмысының маңызды бағыттарының бірі -өндіріс қорларына
талдау жасап, шаруашылықтың кідіріссіз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті
материалдармен қамтамасыз етілуін анықтау.
Материалды құндылықтарға талдау жасау үшін, қоймалық есеп карточкаларын,
айналым (қалдық) ведомостарын және түгелдеу көшірмелерін, сонымен қатар
бастапқы құжаттарын қолданады.
1.3. Тауарлы- материалдық қорлардың қозғалысының есебінің аудиті.
Өндірістік қорларды кіріске алу және шығысқа шығарудың бастапқы
құжаттары материалдар есебін ұйымдастыруға, өндірістік қорларға аудит
жүргізуге негіз болатын есептік көрсет-кішті жинақтауда маңызды рөл
атқарады. Тікелей бастапқы құжаттары арқылы материалдар ресурстарының
қозғалысына, сақталуына, тиімді пайдалануына алдын ала, ағымдағы және
күнделікті бақылауды жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысының бастапқы құжаттары мұқият толтырылуы,
міндеті түрде операцияны жасаған тұлғаның қолы және тиісті есеп
объектілерінің кодтары болуға тиіс.
Материалдық ресурстар қозғалысының құжаттарының толтырылу тәртібінің
сақталуын бақылау шаруашылықтың бас бухгалтеріне және тиісті бөлімшелердің
жетекшілеріне жүктелген.
Соңғы жасалған қорытынды есеп жұлдызындағы материалдар қорларының
құрамына аудиторлық тексеру жүргізген кезінде, шаруашылықтың кідіріссіз
жұмыс істеуіне ықпал еткен өндірістік қорлардың түрлерімен қамтамасыз
етілгендігін анықтап, Материалдар бөлімшесінің шоттары бойынша материалды
құндылықтарының қалдықтары туралы мәліметтерінің дұрыстығын анықтау қажет.
Әрбір шот бойынша және жалпы 1300 Материалдар болімшесі бойынша
материалдардың және басқа да құңдылықтардың қалдықтары туралы осы
мәліметтерінің дұрыстығын, аналитикалық және синтетикалық есеп
мәліметтерімен сәйкестігін әрбір материалды жауапкершілікті тұлға
(қоймалар) бойынша жасалатын айналым немесе қалдық ведомостары бойынша, Бас
кітап және баланс бойынша тексеріп, қажет болған жағдайда тексерудегі
шаруашылық қызметкерлерінің қатысуынен материалдар ресурстарының жеке
түрлеріне түгендеу жүргізеді. Шаруашылық өзінің материалдық қорларын,
жабдықтаушылардан келісім-шарт бойынша несиеге немесе есеп беруге тиісті
тұлғалар арқылы нақты ақша-сына сатып алу, айырбастау, өз өндірісінде
дайындау тозығы жеткен немесе басқа да себептермен шығысқа шығарылғаи
негізгі құралдардан алынған төлем ақысыз теғін сыйға алу көздері арқылы
толықтырылып, жаңартылып отырады.
Бизнес жоспарындағы өндірістік бағдарламаны орындау үшін шаруашылық
қажетті материалдық ресурстарды анықтап, оларды сатып алады немесе
өндіреді. Материалдарды сатып алу үшін кәсіпорын жабдықтаушылармен шарт
жасасып, онда тараптардың құқықтары, міндеттері орындалу мерзімдері бойынша
жауапкершіліктерді анықтайды.
Шартта корсетілген материалды-техникалық қамтамасыз ету жоспарының
орындалуына бақылау жасауды, материалдардың дер кезінде келіп түсуін және
кіріске алынуын материалды техникалық жабдықтау болімі жүзеге асырады. Бұл
мақсат үшін бөлімде шарттағы қойылымның орындалуының жедел есебінің
ведомостын (машинажазбасын) жүргізеді. Ведомоста материалдардың
ассортименттері бойынша қойылуы, олардың саны бағасы, артылып,
жәнелтілу мерзімі ж.б. туралы шарттың орындалу жағдайын көрсетеді.
Бухгалтерияда жедел есептің ұйымдастырылуына бақылау жасайды.
Шаруашылыққа келіп түскен материалдарға мына төмендегі тәртіп бойынша
бухгалтерлік құжаттары толтырылады. Жабдықтаушы артып-жәнелткен
материалымен бірге сатып алушыға есеп айырысу және басқа да жолдама
құжаттарын тасымалдаушы ұйымдар тасымалдау құжаттарын жіберіп, қызмет
көрсететін банктері арқылы инкасса қойып төлемді талаптау құжаттары
төленуін талап етеді. Келіп түскен материалдардың есеп айырысу және басқа
да құжаттары бухгалтерияға келіп түсіп, олардың дұрыс толтырылғандығын
тексеріп, содан кейін, жабдықтау бөлімінің жауапты қызметкеріне беріледі.
Жабдықтау бөліміне келіп түскен құжаттар бойынша көлемінің,
ассортиментінің, түсу мерзімінің, бағасының сапасының шарттағы келісімге
сәйкестігін тексереді. Бұндай тексерудің нәтижесінде есеп айырысу немесе
басқа да құжаттарына толық немесе бөліп акцептеу (төлеу) туралы белгі
соғады. Бүдан басқа, жабдықтау белімі жүктің келіп түсуін, қажет болған
жағдайда, оларды іздестіруді, бақылауды жүзеге асырады.
Бұл мақсат үшін жабдықтау бөліміне келіп түскен жүктердің есебінің
журналын жүргізіп отырады. Журналда тіркеу нөмірі, жазылған күні,
жабдықтаушының аталуы тасымалдау құжатының күні және нөмірі, шоттың күні,
нөмірі және сомасы, жүкті іздестіру туралы қатынас ақпараттары жинақталады.
Журналдың ескертуінде шотты төлеу немесе акцептерден (төлеуден) бас
тартқаны туралы белгілер жасалады.
Тексерілген төлемді талаптауды жабдықтау бөлімінен бухгалтерияға береді, ал
тасымалдау ұйымының квитанциясы материалдарды алу және жеткізу үшін
экспедиторға беріледі.
Экспедитор (жабдықтау бөлімінің маманы) станцияға (айлаққа) келген
материалдарды күтіп алып, оларды саны және салмағы бойынша қабылдайды.
Қабылданған кезде толықтығына, сапасына күдік келтіретіндей жағдай
кездессе, экспедитор тасымалдау ұйымынан жүкті тексеруін талап етуіне
болады. Санынан және салмағынан кем шыққан, сыйымдылықтарының,
материалдардың бүлінген фактілері кездескен жағдайда тасымалдау ұйымдарына
және жабдықтаушыға шағым, талап ету үшін негіз болатын коммерциялық акт
жасалады.
Жабдықтаушының қоймасынан материалдарды алып шығу үшін экспедиторға алынуға
тиісті материалдардың тізімі келтірілген наряд және сөнімхат беріледі.
Экспедитор материалдардың тек қана санын емес, сонымен бірге олардың
сапасын тексеріп қабылдауды жүзеге асырады.
Экспедитор қабылдаған жүктерін шаруашылықтың қоймасына жеткізіп, қойма
меңгерушісіне өткізеді. Қоймашы жабдық-таушының шот-фактурасындағы
меліметтерге материалдардың санының сәйкестігін тексеріп. қабылдаған
материалдарға бір жолды немесе көп жолды кіріс ордерлерін толтырады.
Бір жолғы кіріс ордерлері материалдардың бір ғана түріне толтырылса, ал
көп жолды кіріс ордері барлық қабылданған материалдарды түгелдей қамтиды.
Кіріс ордеріне қойма меңгерушісі және экспедитор қолдарын қояды.
Материалды құндылықтар натуралды өлшем бірліктерінде кіріске алынып,
қоймада және бухгалтерияда ақшалай өлшем бірлігінде жүргізіледі.
Материалдарды, жабдықтаушылардың мәліметтері мен нақты мәліметтерінің
арасында айырмашылық болмаса, кіріс ордерінің көшірмесінсіз кіріске алуға
рұқсат етіледі. Бұндай жағдайда жабдықтаушының құжатына кіріс ордерінің
негізгі реквизиттерін қамтитын белгі (штамп) қойылады. Бұндай кезде
бастапқы құжаттардың саны кемиді.
Егер қоймаға келіп түскен материалдардың саны және сапасы
жабдықтаушының шот-фактурасындағы мөліметке сәйкес келмеген жағдайда,
жабдықтаушыға шағым-талап жасауға негіз болу үшін, материалдарды қабылдауды
комиссия жүргізіп материалдардың қабылданғандығы туралы акт толтырылады.
Комиссияның құрамына тасымалдау ұйымының өкілін және бейтарап ұйымның
өкілін қатыстырады.
Шаруашылыққа жабдықтаушының шот-фактурасынсыз келіп түскен
материалдарды қабылдаған кезде де акт жасалып, сақтау жауапкершілігіне
алады.
Егер материалдарды автокөлікпен тасымалдау жүзеге асырылса, онда
бастапқы құжат ретінде жүкті жөнелтуші терт дана етіп толтыратын тауарлы-
тасымалдау накладнойын қолданады. Олардын біріншісі - жүкті жөнелтушіден
материалдарды келіп түспеген жүктерді іздестіру туралы салынған сұраудың
нөмірі және күні көрсетілгендігін анықтайды.
Аудитор келіп түскен материалды құндылықтарды кіріске алудың толықтығын
өте мұқият тексеруі қажет. Ол үшін қабылдау актілеріндегі немесе
қоймалардағы кіріс ордерлеріндегі, қоймалық есеп карточкаларындағы
көрсетілген құжаттарын, күндерін және нөмірлерін, аталуын, өлшем бірлігін,
санын, бағасын және материалдардың құнын, шот-фактуралардағы, тауарлы-
тасымалдау накладнойларындағы және жабдық-таушының басқа да жолдама
құжаттарының кошірмесін сұрайды. Аудитор кіріске алынған материалды
құндылықтардың тиісті өлшем бірлігінде және колемде нақты қабылданған-
дығына ерекше назар аудару қажет. Мысалы, жабдықтаушы 100 тонна шақпақ
қантты төлеуге құжат талап еткен, ал нақты келіп түскені 85 тонна,
нәтижесінде 100 тонна емес, 85 тонна кіріске алынған.
Материалды жергілікті жабдықтаушылардан жеткізген кезде, аудитор
оларды тауарлы-тасымалдау накладнойы бойынша қабылдаудың дұрыс
толтырылғандығын тексереді, ал материалды құндылықтарды жабдықтаушының
қоймасынан сөнімхат арқылы алған жағдайда, олардың дер кезінде кіріске
алынғанын бағалап, сонымен қатар материалдарды алуға берілген сөнімхат
тіркелген журналдың дұрыс жүргізілгендігіне назар аударады.
Нарықтық бағасымен жеке тұлғалардан сатып алуға кассадан төленген
нақты ақшасына немесе есеп беруге тиісті сомадан төлеген материалды
құндылықтарға жасалған актілерді және басқа да құжаттарды тексерген кезде,
аудитор бұл операциялардың нақтылығын және толтырылған актілердің
дұрыстығын анықтап, оларда төл құжатының реквизиттерінің мекен-жайының және
азаматтардың ақша алуға сөнімхаттарының бар екендігін, нарықтық бағасы
бойынша сатып алынған материалдарды растайтын шаруашылықтың
қызметкерлерінің қолдарының нағыздығын, сатып алуға жасалған актісін
бекіткен шаруашылықтың жетекшісінің қолының бар екендігін, материалды
жауапкершілікті тұлғалар арқылы есеп беруге тиісті сатып алынған
құндылықтарды кіріске алудың толықтығын тексеру қажет. Бұл операциялар
бойынша сатып алынған материалдарды кіріске алмай, тиісті құжаттарын
толтырмай және бекітілген босату нормасын сақтамай, өндіріс шығындарына
немесе айналымға шығысқа шығаруға жол берілмегендігін анықтау қажет.
Аудитор фактурасыз келіп түскен материалдарды қабылдау актісінің
тәртібінің сақталғандығын, құндылықтар толық кіріске алынғандығын, бағасын
және олардың құнының дүрыс белгіленіп, №6 журнал-ордерге Төленуге
тиісті шотының кредиті бойынша жазылғандығын, сонымен қатар
жабдықтаушылардан шот-фактураларын және басқа да құжаттарын алғаннан кейін
жазуларына дұрыс түзетулер енгізілгендігін тексеруі қажет.
Есепті айда фактурасыз келіп түскен жабдықтаушылар шоттарын төлеуді талап
етпеген материалды құндылықтарды №6 журнал-ордерде шоттарының нөмірінің
орнына Фактурасыз деген белгі қойылып, әрбір келіп түскен лек жеке шартты
бағада көрсетіледі. Келесі айда шоттарының келіп түсуіне қарай бұл жазулар
стороно жасалып, сол сәтте жабдықтаушылардың есеп айрысу құжаттарының
негізінде нақты өзіндік құны бойынша материалдарды кіріске алады.
Есепті кезеңнің соңына дейін құны төленіп, әлі келіп түспеген жолдағы
материалдардың құнының бухгалтерлік есепте дұрыс корсетілуіне зер салуды
талап етеді. Бұл сұраққа жеткілікті дәрежеде назар аудару қажет, өйткені
материалдарды қабылдаған кезде кем шыққаны анықталған, жабдықтаушылармен
есеп айырысу бойынша әр түрлі шағым талап етілген сомалар төлеген
дебиторлық борыштар және ұзақ уақыттан бері кіріске алынбаған (үрланған)
құндылықтарды кейде кейбір субъектілер заңсыз жолдағы материалды
құндылықтардың құнын көрсетуге жол берген жағдайлары кездеседі. Сондықтан
аудиторлық бақылаудың нысаны құны төленіп, әлі келіл түспеген жолдағы
материалды құндылықтар үшін есеп айырысу болігін №6 журнал-ордердегі немесе
оны алмастыратын машинажазбалардағы есептік жазулар болып табылады.
Өндіріс қорларын аудиторлық тексеруде субъектінің қоймасынан дайын
өнімдерді дайындауға, шаруашылық қажетіне, қайта өңдеу үшін және артық
етімсіз қорларды сатуға босатылған материалды құндылықтардың
операцияларының негізділігін бақылау және оларды шығысқа шығарудың
дұрыстығын тексеру едәуір орын алады.
Шаруашылықтың материалдарының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету және
олардың құжаттарының дұрыс толтырылуы үшін тиісті ұйымдастыру шараларын
жүзеге асырады. Материалдардың тиімді пайдалануын бақылаудың маңызды шарты
- оларды нормамен шектеп босату болып табылады. Шектеулерді шығарылған
өнімнің көлемі және өнім бірлігіне материалдардың жұмсалу нормасы туралы
жоспарлау бөлімінің мәліметтерінің негізінде жабдықталу бөлімі есептеп
шығарады.
Субъектінің барлық қызмет бөлімдерінде қоймаға кіріске алынған және
босатылған материалдардың құжаттарына қол қоюға құқық берілген, сонымен
қатар материалдар субъектіден әкетуге рұқсат беретін лауазымды тұлғалардың
тізімдері болуға тиісті. Босатылған материалдар таразыға тартылуға және
өлшенуге тиісті. Босатылған материалдардың құжаттарын толтыру тәртібі
өндірісті ұйымдастыруға, жұмсалу бағытына және материалдардың босатылу
кезендеріне байланысты.
Күнделікті өндіріске және басқа қажеттерге босатылған материалдарға
шектеп жұмсау картасын толтырады. Оны бір немесе бірнеше материалдардың
түріне екі дана етіп жоспарлау бөлімі немесе жабдықтау бөлімі тәртіп
бойынша 10, 20 күнге немесе бір айлық мерзімге жазады. Нақты босатылған
материал-дарына жыртылып алынған бір айлық талондарымен шектеп жұмсау
карталары тоқсандық және жарты жылдық болып қолданылуы да мүмкін. Онда
операциялар түрлері, қоймадан босатылған материалдарының нөмірі, аталуы,
өлшем бірлігі, айлық өндіріс бағдарламасына және күшіндегі жұмсалу
нормасына сәйкес есептеп шығаратын айлық жұмсалу шегі корсетіледі.
Шектеп жұмсау картасының бір данасын дайындау цехына табыс етсе,
екіншісі қоймада қалады. Қоймашы картаның екі данасында босатылған
материалдардың санын және қалдығын жазып, алушы цехтың қартасына қолын
қояды. Цехтың өкілі материалдарды алғандығы жөнінде қоймада сақталатын
картаға қолын қояды. Қоймада материалдарды босату белгіленген шектеу
арқылы жүргізіледі. Шектен артық босату немесе
материалдардың бір түрін екіншісімен ауыстыру (қоймада талап етілген
материал болмаған жағдайда) шаруашылықтың немесе оған өкілетті тұлғалардың
рұқсатымен ғана, жеке талап актысын толтыру арқылы жүзеге асырады.
Ауыстырған кезде шектеп жұмсау картасына ауыстырылған материалдарға
Ауыстыру № -талап накладнойын қара деген жазу жасалып және шектің
қалдығын корсетеді. Өндіріске пайдаланылған. қоймаға қайтарылған
материалдарды шектеп-жұмсау картасына ешқандай да бір қосымша құжаттары
толтырылмай-ақ жазады.
Егер материалдар қоймадан сирек босатылса, онда бір жолды немесе көп
жолды талап-накладнойлары толтырылады. Талап-накладнойын екі дана етіп
алушы цех жазады. Бір данасы қоймашының қолы қойылып, цехта қалады,
екіншісі - алушының қолы қойылып, қоймашыға беріледі.
Материалдардың шаруашылықтың ішіндегі қозғалысының есебі үшін және ішкі
орын алмастыруына бір жолды немесе көп жолды накладнойлары қолданылады.
Накладнойларды құндылықтарды босатылған учаскенің материалды-
жауапкершілікті тұлғалары екі дана етіп толтырады, бір данасы алушының қолы
қойылып, орнында қалса, екіншісі босатушы тұлғаның қолы қойылып, құндылықты
алушыға табыс етіледі.
Шаруашылықтың аумағынан тыс жерде орналасқан еншілес шаруашылықтарына
немесе басқа да тиісті мекемелерге материалдарды босатқан кезде,
материалдарды сыртқа босату наклоднайларын толтырады. Накладнойлардың
бірінші данасы материалдар есебінің аналитикалық және синтетикалық есебін
жүргізу үшін қоймада қалады, ал екінші данасы материалдарды алушыға табыс
етіледі. Егер босатылған материалдардың құны кейін тәленетін болса,
бірінші данасы бухгалтерияда есеп айырысу төлем ведомостын жасап, толтыруға
негіз болады.
Материалдарды автокөлікпен тасымалдаған кезде, әдетте накладнойлардың
орнына тауарды тасымалдау накладнойы қолданылады. Жұмсалған материалдардың
бастапқы құжаттары ретінде қоймалық есеп карточкаларын қолдануға болады.
Бұл мақсат үшін алушы цехтың өкілдері алған материалдарына қоймалық есеп
карточкаларына қолдарын қойған кезде растаушы құжат болып танылады.
Шығысқа шығарылған материалды құндылықтардың дұрыстығын тексерген
кезде негізгі ақпарат көздерінің қызметін шектеп-жұмсау карталары,
накладнойлар, талап-накладнойлары және басқа да босатылған материалдарды
растайтын құжаттары, материалдардың қозғалысының есебінің ведомосты,
қоймалық есеп карточкалары, айналым және қабылдау ведмосты және басқа да
есеп регистрлары атқарады.
Аудитор дайын өнім шығаруға босатылған материалдардың операциялары
бойынша құжаттарын және есеп жазуларын зерттеудің нәтижесінде дайын бұйым
шығару үшін шикізат, материалдар, отындар және басқа да материалды
құндылықтар шығындарын шектеп жұмсау нормаларының сақталғандығын, күшіндегі
норма бойынша тұтынуға қажетті материалдардың дұрыс анықталғандығын, жаңа
жабдықтарды орнатуға және қалдықсыз технологияны қолдануға байланысты
материалдарды жұмсау нормаларына дер кезінде түзетулер енгізілгендігін,
субъектінің төрағасының материалдарды ауыстыруға рұқсатының бар екендігін
және шектеп жұмсау карталарына тиісті өзгерістер енгізілгендігін, шектеп
босатылған материалдар ақауды түзету үшін колданылғандығын анықтайды.
Аудитор, сонымен қатар шикізаттар мен материалдарды жұмсау
нормаларының сақталуын және бұл нормалардың қазіргі технологияның деңгейіне
және өндірісті ұйымдастыруға сәйкестігін тексеруге ерекше назар
аударуга міндетті. Бұл сұрақтарды зерттеу есепте жоқ өнім шығару үшін
артық шикізат жұмсауға жол берілмегендігіне кепілдік береді.
Есепте жоқ өнім - сол субъектінің бухгалтерлік есеп құжаттары бойынша
шығарылған және сауда нүктелеріне сатылған өнімдердің қатарында жоқ, нақты
шығарылған және сатылған өнім. Оны дайындау үшін артық шикізат кезі
жасалады. Бүны әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жасайды:
1) ет және сүт комбинаттарында, элеваторларда қабылдаушы мен жеткізушінің
келісімімен немесе өнім өткізушінің керсеткішін (малдардың қоңдылығын,
сүттің майлылығын, бидайдың ылғалдылығын ж.т.б.) қабылдаушы мен өнім
өткізушінің келісімінің немесе өнім өткізушінің ұқыпсыздығының нәтижесінде
орын алған төмендету;
2) шарап жасайтын зауыттарда - спирттің пайыздық құрамының ауытқуының
нәтижесінде (мысалы, шарапта 8,5 - (2%;)
3) онша бағалы емес тағам түрлеріне артық шикізаітарды шығысқа шығару
жолымен.
Бұдан да басқа да көптеген әдістері кездеседі. Бұндай жүгенсіздіктерді
тек қана ірі келемде ақша қаражаттары мен материалды құндылықтарды ұрлауға
әкеліп соқтырумен қатар, шығарылатын өнімнің сапасын да төмендетеді.
Кейбір шаруашылықтарда бұндай жүгенсіздіктер жиі кездеседі. Кейбір
теоретиктер мен практиктер нарықтық қатынасқа етуге байланысты әр түрлі
меншік нысандарының қалыптасуына байланысты есепте жоқ және сапасыз өнім
шығару жойылады деп түсіндіреді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі кезде есепте
жоқ және сапасыз өнім шығару жалғасуда, ейткені оларды сатудан түскен
табысты мүдделі топтардың арасында беліске түсіп мемлекетке салық,
акционерлерге дивидендтер төлеуден жалтарады. Аудитордың тергеу, сот және
прокуратура органдарының талап етуі бойынша еңдірістегі заңды бұзушылық
туралы істер мен материалды немесе акционерлік қоғамының жылдық жиналысының
шешіміне сәйкес олардың өтініштері бойынша тексеру жүргізген кезде, бұндай
заңсыздықтарды тексеру кездесуі мүмкін. Сондай-ақ, аудитор басқа
шаруашылықтарға қайта өндеуге берілген және сатылған материалды
құндылықтарға байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік есеп құжаттарының
дұрыс толтырылғандығын тексеру қажет.
Басқа шаруашылыққа өндеуге берілген материалдар шотында көрсетілген
операцияларды тексерген кезде, аудитор келісім-шартының бар екендігіне, Бас
кітапта және баланста соңғы есепті күнге көрсетілген материалды
құндылықтардың қалдықтарының нақтылығына, басқа субъектіге материалдарды
өңдеуге берудің орындылығына келісім-шартты және калькуляциялардың, тауарлы-
тасымалдау накладнойларының, сөнімхаттардың жене басқа да материалдарды
босату құжаттарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz