Нарықтық экономика қатынастары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Ұлттық Университеті

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырып: Тәуелсiздiк жылдарындағы Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Орындаған: Кодарова Б.Б.

Тексерген:
т.ғ.к. профессор Қаражан Қуанышбек Сүлейменұлы.

Алматы 2005

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Нарықтық экономика қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

3. Халықтың әлеуметтік жағдайындағы қиындықтар мен
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 17

4. Тәуелсiздiк жылдарындағы Қазақстанның экономикалық
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .27

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29

Кiрiспе

XX ғасырдың 90-жылдарының басы адамзаттың даму тарихында үлкен бір
дүбірлі өзгеріспен басталды. Бүкіл Евразия материгінде ең күшті,ең қуатты
деген,саяси аренада социализм,коммунизм идеясын басшылыққа
алып,капиталистік жүйеге қарсы бағытта дамып келе жатқан біртұтас
республикалар жүйесі ыдырап, халықаралық аренада жаңадан жас тәуелсіз
мемлекеттердің пайда болуының өзі халықаралық қатынастардың даму тарихында
жаңа бір кезең туғанын көрсетті. Талай тарихтан белгiлi болғандай жалпы
адамзат пайда болғаннан бері қандай да болмасын мемлекет өзге елдермен
өзара байланыс жасамай,өзінің жер аймағы, даму деңгейі болғанымен,толық
саясат жүргізе алмайды. Бұл табиғи заңдылық. Осы ретте тәуелсіздігін алған
Қазақстан Республикасының өзiнiң ең таяу және стратегиялық көршiсi Ресеймен
және өзге де алыс шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орнатып,өзара
байланысты дамытуы осы заңдылықтан туындайды. 1991 жылы егемендігін алған
соң Қазақстан тәуелсiздiк Декларациясын қабылдап, демократиялық бағытты
ұстанып 1993-1995 жылдары жаңа конституциялар қабылданды.
Ендi мiне қазiр Қазақстан өзінің егемендігін алып сол тәуелсіздіктiң
тұғырын нығайтып мелекеттiң қауіпсіздігін сақтап халықаралық байланысын
нығайтып оны дамытуға, өзiнiң экономикалық дамуын одан әрi қарқынды
дамытуға күшін салуда. Оған нақты дәлел “Қазақстан - 2030” бағдарламасы
болып табылады.
Бүкіл экономикасы, саяси және әлеуметтік дамуы бір орталыққа
бағындырылған бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің бұдан былайғы кезеңде
өзіндік даму бағытын белгілеп, халықаралық қатынастар жүйесінде өзіндік
орнын табуы негізгі өзекті мәселелерге айналды. Осы ретте тәуелсіздігін
алған Қазақстан Республикасының алдында өзінің барлық экономикалық-
әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып сыртқы саясатта дұрыс
бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндеті тұрды.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігінiң негiзiнде егеменді
саяси тұрақтылығы аумақтық тұтастығымен және күшті президенттік мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясаты аса байымдылықпен жүргізілу арқасында дүние жүзіне
танылып, тарихы қысқа аз ғана мерзімде әлемдік аренаға шықты. 90 жылдардың
ортасында Қазақстан Республикасын әлемнің 117 мемлекеті танып, 100-ге жуығы
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

1. Нарықтық экономика қатынастары
Нарықтық экономиканы құрудың алғашқы қадамдары. Қайта құрудың алғашқы —
1990 жылының өзінде, КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-сессиясы нарықтық экономикаға
көшу туралы мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты республиканың өз
ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда нарықтық шаруашылыққа көшудің
концепциясын жасау қолға алына бастады. Дүниежүзілік экономиканың озық
тәжірибелерін ескере отырып, шаруашылықтың тиімділігіне қол жеткізу —
экономикалық реформаның мақсаты ретінде қаралды. Бұған жету үшін қатардағы
көптеген маңызды мәселелерді шешу қажет болды. Атап айтқанда, олар мыналар:
— экономикалық қарым-қатынастарды ырықтандыруды жүзеге асыру;
— мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінде жеке меншікті
трансформациялауды жүзеге асыру;
— кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;
— республикада инфрақұрылымды өрістетуге мүмкіндік туғызу;
— қаржылық-несиелік саланы реформалау;
— шетел капиталын кеңінен тарту арқылы ашық экономикалық жүйені
орнықтыру.
1990 жылдардағы Қазақстан экономикасының тоқырау жағдайы аталған
мәселелерді жүзеге асыруға кері әсерін тигізеді. Жас республиканың халық
шаруашылығы бұл уақытта мыналарды басынан өткізді: аграрлық сектор мен оның
қаржы көп жұмсалғанымен тиімділігі аз салаларының әркелкілігі; халық
тұтынатын тауарларды өндіретін өндірістер мен басқа да салалардың
жеткіліксіз дамуы; өнімнің күрт төмендеуі, гиперинфляция, тауар
тапшылығының ұлғая түсуі, қаржы жүйесінің бей-берекеттігі.
Тоқырау жағдайын тоқтату және нарықтық қатынасты орнықтыру мақсатында
бірқатар шаралар қолға алынды. Алғашқы әрекет — 1992 жылдың қаңтарындағы
ырықтандырудың бірінші кезеңі болып табылады. Нарықтық экономиканың бір
қыры — еркін баға. Ал баға сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады. Ендігі
жерде оны мемлекеттік тұрғыдан реттестірудің қажеті жоқ. Бағаны ырықтандыру
біркелкі жүргізілді, осыған орай, мемлекет тауар түрлерін біртіндеп
қысқартып отырды. Тұтынушылардың ынта-ықыласын қорғап, қолдап отыру
мақсатында баға және монополияға қарсы саясат жүргізетін мемлекет дүниеге
келді. Еркін бағаны орнықтырудың бірыңғай тәртібі ойластырылды. ҚР Ұлттық
банкі тәуелсіз статусқа ие болды.
Нарықтық экономиканың кідіріссіз дамуын жеделдету үшін заңдылық базаны
әзірлеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы бірінші Конституциясы бойынша жеке
меншік ресмилендірілді. Ендігіде жеке бизнесті дамытуға құқықтық негіз
жасалды. Дегенмен, соған қарамастан, елде өндірістің құлдырауы жалғаса
берді, тиімсіз, пайдасы аз өнімдердің іркілу үрдісі жалғасты, мекемелердің
жұмсалған қаржыны қайтару қауқары азайды, бюджетке ақша түсу азайды,
мемлекет шаруашылық субьектілеріне дотация беруді бірте-бірте азайтты,
құнсыздану бел алып, оның деңгейі ай бойына 50 пайызға дейін көтерілген
кездері болды.
Бұл кезеңдегі өндірістің құлдырау себептерін былайша түсіндіруге болады:
— технология мен басқа да құрал-жабдықтардың моральдық және физикалық
тұрғыдан ескіруі;
— бағаның ырықтандырылуына байланысты энергия көздеріндегі шығынның
көбейіп, өнімнің қымбаттауы;
— КСРО құлағаннан кейін іргелес республикалармен арадағы экономикалық
байланыстардың үзілуі;
— жеке мүмкіншіліктің жетіспеуі;
— заемдік айналым арқылы тығырықтан шығудың қиындығы.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 ж. маңызды-маңызды
деген екі шешім қабылданды:
1.Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993
жылдың сәуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық
бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
2. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы — теңге
айналымға кірді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік
жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық
дербестік жолына түсті.
“Ресей болса бұл кезде 1961—1992 жылғы ақшаны ауыстыру әрекетін жасап
жатты. Бұл 1993 жылдың 26 шілдесінде жүзеге асырылды.
Осыдан бастап іле-шала қазақстандық ақша күрт құнсыздана бастады.
Республикадан құнды тауарлар жан-жаққа тасылып, оның есесіне өз валютасы
бар Қытай, Балтық жағалауы және Ресей сияқты елдерден барынша құнсызданған
ақшалар мен тауарлар ағыла бастады. Дегенмен, рубльдік аймақтан толайымен
қол үзбеген бұл шақта, ТМД-ның бірқатар елдері, оның ішінде Қазақстан, осы
жылдың 7 қыркүйегінде Мәскеуде “Жаңа сипаттағы рубльдік аймақ құрудың
практикалық шаралары туралы” келісімге қол қойды. Бұдан екі апта өткен соң
ақша жүйесін біріктіру жөнінде келісім жасалды.
Бірақ валюталық бұл одақ Ресей үшін тиімді бола қойған жоқ. Ал
Қазақстанда жаңа ұлттық валютаны енгізу бағытында жұмыс жүргізілді. Ұлттық
банк тарапынан реформа барысын реттеп отыру үшін 18 құжат хаттамасы
әзірленді. Ескі ақшаның орнына жаңа теңгені енгізу 1993 жылдың 15
қарашасында сағат таңғы 8-де басталып, осы жылдың 20 қарашасы күні кешкі
сағат 20-да ойдағыдай аяқталды. Ескі үлгідегі, яғни 1961—1992 жылғы рубль
банкноты 950,6 млрд мөлшерде айналымнан біржола алынып тасталды”.
(“Казахстанская правда” 26 наурыз 2001 ж.)
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы. Мемлекет
меншігінен алу үрдісі 1992 ж. басталған. Ол алғашында сауда объектілерін,
қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және басқа қызмет көрсету
салаларын сату түрінде өтті. Алғашқы жылы 6200-дей негізінен ұсақ мекемелер
жекешелендірілді. Ірі кәсіпорындар, әсіресе, өнеркәсіп орындары сол кездегі
қолданыстағы заңға орай, еңбек ұжымдарына берілді. Бұлар негізінен жеңіл
өнеркәсіп мекемелері еді.
Нарықтың дамуы жеке меншіктің көптүрлілігіне тікелей байланысты.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы ең
алдымен осыны жүзеге асыруы тиіс болды.
Енді жекешелендірудің басты-басты үш кезеңін ұсынайық:
1. Жалпылай жекешелендіру. Мұндағы негізгі мақсат — қоғамның барлық
мүшелерін қатыстыра отырып, жекеменшіктік құқықты іс жүзінде дәйектеу.
Жекешелендіру барысында азаматтардың 97 пайызы тегін купондарға қол
жеткізіп қана қоймай, оларды өз қалауынша инвестициялық-жекешелендіру
қорларында (ИЖҚ) сақтауға мүмкіндік алды. Әйткенмен, республика тұрғындары
бұл жолы жекеменшіктік құқыққа емес, бар болғаны ИЖҚ-ның дивидендіне ғана
ие бола алды. Инвестициялық-жекешелендіру қорларының да бұл кезде өз
қиындығы бар еді. Өздерінің емін-еркін ақша айналымы болмағандықтан, олар
тұрғындардан келіп түскен купондарды дер кезінде ақшалай түрде қайтарып
отыра алмады.
ИЖҚ келіп түскен купондарды арнаулы аукциондарға салу арқылы жекелей
мекемелердің акцияларына ие болғанымен, ол мекемелердің дені, өкінішке
орай, жұмыссыз еді. Осы және басқа да себептерден инвестициялық қорлар өзін-
өзі ақтай алған жоқ. Акционерлік қоғамдар жұмысын басшылыққа алу үшін
оларға ең алдымен жеткілікті мөлшерде акциялар керек болатын. Әйткенмен,
құнды қағаздарға байланысты нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда
оларға ИЖҚ лайықты дәнекерлік қызмет атқарды.
Жекешелендіру үрдісі, өзіне халықтың қалың тобын тарту арқылы әлеуметтік
әділдік идеясын іс жүзіне асырды.
2.Шағын жекешелендіру жалпылай жекешелендіруге қарағанда халықты өзіне
көбірек тарту мақсатында жүргізілді. Шағын немесе ақшалай жекешелендіру
объектілері — көтерме және бөлшек сауда нүктелері, қоғамдық тамақтандыру
орындары, өндірістік мекемелер және басқа да қызмет түрлері болып табылады.
Орталық Азия биржа қоры аралық сауданы ұйымдастырудың ұйтқысы міндетін
атқарды. Шағын жекешелендіру үлкен мемлекеттік шығындарды қажет еткен жоқ,
керісінше, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасады.
3. Жеке жобаларға байланысты жекешелендірулер аса ірі (5000-нан аса
жұмысшылары бар) мекемелерді қамтыды. 1994 жылдан бастап мұндай мекемелер
шетелдік басқаруға беріле бастады.
Белгілі бір келісімге сәйкес мекемелер компания жетекшілеріне 5 жылдан —
10 жылға дейінгі мерзімге берілді. Бұл компаниялар өз дәрежесінде мекемелер
табысынан үлес алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге, шетел компаниялары
жетекшілерінің алдына бюджет пен ұйымдарға тиесілі қарызды дер кезінде
жауып отыру, ұзақ мерзімді инвестициялар тарту, мекеменің әлеуметтік және
экологиялық проблемаларын шешіп отыру міндеттері қойылды.
Мекемелерді шетелдік басқаруға беру жеке жекешелендірудің бастапқы
сатысы болып табылады. Үкімет мекеме мен оны басқаруға алған компанияның
жұмыс барысын бақылауға алып, ол компаниялар өз міндеттемелерін орындамаған
жағдайда аралықтағы келісім-шартты кез келген уақытта бұзуға құқылы.
1994 жылдың желтоқсанына дейін отандық және шетелдік компаниялармен 50-
ге жуық келісім-шарт жасалды. Оның ішінде дәл бүгін республиканың ең ірі
деген 45 мекемелерін қамтитын 30 келісім-шарт нақты іске асырылып отыр.
Олардың ішінде Павлодар алюминий зауыты — компанияны басқарушы “Уайтсвен
ЛТД”, “Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі — “Айведон”, Дон тау-
кен комбинаты, Жармақ және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты — “Джапан Хром
Корпорейшн”, т.б. бар.
Сөз жоқ, жеке меншікке айналдыру — өте-мөте күрделі үрдіс. Ол, ең
алдымен, заңдылық базасын мұқият қарастыруды, сондай-ақ, халықтың,
мемлекеттің және жеке меншік иелерінің мүддесіне сай болуды талап етеді.
Өнеркәсіп. Нарықтық қатынасқа көшу өнеркәсіп жағдайына да өз әсерін
тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада өнеркәсіп баяулап,
негізінен даяр өнімдер өндіру салаларында құлдырау байқалды. Бұл КСРО-ның
тарауы салдарынан бұрынғы серіктестерімен шаруашылық байланыстардың
үзілуінен, тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуінен, отандық
тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауынан белең алды. Алайда Қазақстанның
өндіруші салаларында керісінше, өндіріс көлемі ұлғайды. Бұл әсіресе 1999 ж.
соңында, үкімет кәсіпорындарды отандық және шетелдік компаниялар иелігіне
бере бастаған кезде байқалды. Өндіруші саланың дамуына түсті металдардың,
темір және хром рудаларының, газ, мұнай және көмір қорының молдығы әсерін
тигізді.
Тамақ өнеркәсібі мен қызмет көрсету салаларының жолға қойыла бастауы
кіші жекешелендіруге байланысты болды. Тамақ өнеркәсібінде әр түрлі
компаниялардың құрылуы рынокты отандық тағам өнімдерімен байытты. Бұл сүт,
нан-тоқаш, колбаса, макарон, арақ-шарап, кондитерлік бұйымдар еді. Жеңіл
өнеркәсіпте әлі де шетелдік тауарлар үрдісі басым. Жаппай пайдаланылатын
тауарлар өндіру (киім, трикотаж, аяқ киім, жиһаз, кеңсе тауарлары, т.б.)
негізінен шетелдік материалдарды, жинақ бөлшектерін, құрал-жабдықтарын,
т.б. пайдалану арқылы жасалады.
Аграрлық сектор. Аумағының кеңдігі, бірнеше табиғат, климаттық
зоналардың болуы республикада мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығына
мамандануына мүмкіндік береді. Аграрлық сектордың нарықтық қатынасқа көшуі
нәтижесінде мемлекеттік ауыл шаруашылығы шаруашылықтың өзге формасына, жеке
меншік, ұжымдық және аралас формалы меншікке негізделген. Бұл салада
акционерлік қоғам құру немесе кәсіпорынды еңбек ұжымының қолына беру
кеңінен қолданылады. Жер мемлекеттік меншік болып табылады. Ауыл
шаруашылығын жекешелендіру механизмі айналымдық қаржы, техника, малды
қамтиды. ҚР заңы бойынша жер 99 жылға дейін мұрагерлік құқығымен жалға
беріледі.
1995 ж. дейін жерді иелену және пайдалану құқығын сатуға байланысты
нарықтық қатынастарға рұқсат етілді, бірақ жерді сату, сатып алу акті
жүзеге асырылмады.
Президенттің 1995 ж. 25 желтоқсандағы “Жер туралы” жарлығына байланысты
бұдан былай жер мемлекеттік әрі жеке меншікке де берілетіні анықталды. Осы
жылы мемлекеттік тапсырыс жойылып, ауыл шаруашылығының өнімдері рынок
саласы арқылы таратыла бастады.
2001 ж. 24 қаңтарда “Жер туралы” Заң қабылданып, ауыл шаруашылығы
саласындағы барлық мемлекеттік емес пайдаланушылардың құқығы теңестіріліп,
жалға алу мүмкіндігін (49 жылға дейін) уақытша пайдаланушыларға айналды.
Дәнді дақыл өсіру негізінен Солтүстік және Орталық Қазақстанда
орналастырылған. Күріш өсіру Оңтүстік-Батыс Қазақстанның суармалы жерінде,
мақта — Оңтүстік Қазақстан аудандарында дамыған. Мал шаруашылығы
республиканың барлық аудандарында таралған. Ел тәуелсіздігінің алғашқы
жылдарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің құлдырауы байқалды. Бұл ауыл
өндірушілерінде қажетті қаржы қорының жеткіліксіздігі, қазіргі заманғы
техниканың жетіспеуі, кейде тіпті мүлдем жоқтығы, ауылшаруашылық шикізатын
өңдейтін озық технологияның жоқтығы, қолайсыз ауа райы жағдайы да
айтарлықтай әсерін тигізді. Соңғы жылдары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы
өнімдеріне қойылған бағаның салыстыруға келмейтін алшақтығына қарамастан,
республика рыногының түрлі тағамдарға лықа толып тұруы жергілікті өндіріс
есебінен жүзеге асуда. Қорыта айтқанда, елдің аграрлық-ресурстық қуаты ауыл
шаруашылығы өндірісін дамыту және өңдеуші өнеркәсіпке қажетті жағдай болған
кезде, сауда жүйесі дамыған және озық технология енгізілген жағдайда
тәуелсіз республиканы азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі мол.

2. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Қазақстанның әлеуметтік саясатының бағыттары. Мемлекеттің әлеуметтік
саясатындағы негізгі объект — адам. Адамның өмірі мен қызметіне
қатынастының бәрі әлеуметтік салаға жатады. Әлеуметтік сала тарихи
қалыптасқан институттар мен мекемелер жүйесін — білім беру, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек Заңдары жүйесін құрайды. Бұл
салаларды реттеу және қаржыландыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының
негізгі міндеттері болып табылады.
Қоғамдық және өндірістік қатынастарды реформалауға байланысты
мемлекеттік аппараттың әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы қызметі мен
мүмкіндіктері де өзгереді. Экономикалық дағдарыс жағдайында шаруашылық
жүргізуші субъектілерден және басқа көптеген мекемелерден түсетін бюджеттік
қаржы әсіресе егемен Қазақстанның алғашқы өмір сүру жылдарында азая түсті.
Қалып-тасқан жағдай мемлекеттің әлеуметтік саясатты бұрынғы деңгейінде
жүргізу мүмкіндіктерін айтарлықтай тарылтты. Қазақстанның әлеуметтік
саясатында өзгерістер байқалды. Енді бұл саладағы басты міндеттердің бірі —
жеке кәсіпкерлік әрекет мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету, оның
белсенді дамуы ақыр соңында мемлекетті бұрынғыша халықты кеңінен әлеуметтік
көтермелеу қажеттілігінен босатар еді.
Экономикалық қатынастар жүйесінің өзгеріске ұшырауы, сондай-ақ, нарықтың
дамуы Қазақстан өмірінде әлеуметтік салаға да өзгерістер енгізді.
Өзгерістің алғашқы белгісі жұмыссыздық десек болады. Қайта құру кезінде
жасырын сипат алған ол (өндірістердің тоқтап қалуы, ақысыз демалысқа шығу,
т.б.) өкімет ауысқаннан кейін ресми статусқа ие болды. Әлеуметтік көрініс
есебінде қабылданған жұмыcсыздық қоғамның экономикалық дамуына, жұмысшы
күшіне деген сұраныстың өзгермелі сипат алуына, оның деңгей-дәрежесі мен
біліктілігіне тікелей байланысты болды. Кеңестік жүйе кезінде мемлекет
жоспарлы әдіс арқылы халықты жұмыспен толық қамтамасыз етуге әрекеттенді.
Ал нарықтық жағдайда бұл проблеманы мемлекет емес, сұраныс пен ұсыныс
Заңдары шешетін болды. Бүгінде әр жұмыс күші иесінен жоғары мамандық, жан-
жақты іскерлік, шығармашылық ізденіс пен тапқырлық, кез келген проблеманы
шешудегі белсенділік талап етіледі. Қалыптасып отырған жағдайға байланысты
мемлекет қоғамның белгілі бір өкілдеріне ғана ардагерлер, зейнеткерлер,
жалғыз басты аналар, көп балалы отбасылар, балалар, мүгедектер, т.б.
тиесілі жәрдем бере алады.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында үкімет халықтың тұрақты өмір сүру
деңгейін сақтауға бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізуге тиіс. Алайда
елде болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекет әлеуметтік жәрдемді өмір
сүру деңгейі өте нашар азаматтарға ғана көрсете алады. Мемлекеттік арнайы
жәрдемді белгілеу үшін билік органдары кедейліктің ресми деңгейін
анықтайды. Әлеуметтік жәрдемнің саны арналу бағытына орай (бала тууға
берілетін, мүгедектікке байланысты, жұмыссыздыққа, асыраушысынан айырылған,
т.б. жағдайларға байланысты) жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне қарай
анықталады. Негізінен, біртіндеп азаю және одан кейін жеңілдіктер мен
мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек қысқаруы жүзеге асады.
Өндірістің құлдырауы мен құнсыздану (инфляция), сондай-ақ, ел бюджетіне
түсетін ақшаның кемуі бюджет қызметкерлері айлығын, зейнетақы мен
жәрдемақыны дер кезінде өтеп отыруды қиындатты. 1998—1999 жылдардағы
қаржылық дағдарыс республика Yкіметін бірқатар әлеуметтік жәрдемақыларды
қысқартуға мәжбүр етті. Алда халықты нормативті тұрғыда қамтамасыз ету мен
әлеуметтік кепілдік жүйесін қайта қарау міндеті тұрды. Осы себептен де
Қазақстанда бюджеттік қаржыландырудан әлеуметтік қамсыздандыруға көшу
саясаты таңдап алынды. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын қайта құрудың
негізгі бағыты зейнеткерлік реформаны жүзеге асыруға қажетті жағдай жасау,
салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім беру жүйесін нығайту,
жұмыссыздықпен, кедейлікпен күрес шараларын қарастырудан тұрады.
Зейнетақы реформасы. Кеңестік дәуірде жұмыс істейтіндердің есебінен
зейнеткерлік қордың толықтырылып келгендігі белгілі. Қазіргі кезде өндіріс
орындарының тоқтап тұруына, жұмыссыздыққа байланысты бұл жүйе мүмкін болмай
қалды. 1997 ж. 20 маусымында Қазақстан Республикасының “Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заңы өмірге енді. Осы
заңды орындау туралы республика Yкіметінің 1997 ж. 24 қыркүйектегі қаулысы
негізінде Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры (МЗЖҚ) құрылды. МЗЖҚ-ның
құрылу мақсаты және негізгі қызмет түрлері — салымшылардың міндетті
зейнетақы жарналарын жинау және алушыларға зейнетақы төлеу; зейнетақы
активін қалыптастыру және оларды мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік
банк депозиттері, Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына
айналдыру.
Нарықтық экономика жағдайында МЗЖҚ-мен қатар, мемлекеттік емес қорлардың
құрылуы да жаппай сипат алуда. Жартылай мемлекеттік қамтамасыз ету
жағдайында жаңа жинақтау жүйесіне көшу зейнетақы төлеудің мемлекеттік
орталығын (ЗТМО) құру қажеттігін көрсетті, ол бірыңғай нөмірлеу үшін
әлеуметтік жеке код (ӘЖК — СИК) үлестірумен айналысады.
Зейнетақымен қамтамасыз етуді реформалаудың басты мақсаты — мемлекеттік
зейнетақы жүйесін тұрақты қаржыландыруға қол жеткізу болып табылады.
Денсаулық сақтау жүйесі. Нарыққа өту кезеңінің денсаулық сақтау жүйесін
көтермелеуге арналған мүмкіндіктерінің бірі — міндетті медициналық
сақтандыру болды. 1996 ж. қаңтарынан бастап “Қазақстан Республикасы
азаматтарын медициналық сақтандыру туралы” заңының негізінде медициналық
сақтандыру жүйесі жұмыс істеді. Аталған жүйенің өмірге енуінің басынан оның
қызметіндегі қиын проблемалардың бірі — сақтандырушылар мен жергілікті
бюджет тарапынан бюджет қорына қаржының жеткіліксіз түсуі болды. Бұл
республикадағы жалпы дағдарыс жағдайына байланысты еді. Осындай жағдайдан
шығу үшін республикада медициналық сақтандырудың әр түрлі формалары: жеке,
мемлекеттік және қоғамдық түрлері енгізіле бастады.
Республикада сақтандыру медицинасын дамыту приоритетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономиканы дамытудың экономикалық қатынастары мен заңдылықтары
Нарықтық экономикадағы табыстары
Экономикалық жүйе типтері(дәстүрлі, әкімшіл-әміршілдік, нарықтық, аралас). Меншік қатынастары. ҚР-дағы жекешелендіру процесі
Капитал және пайда
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Кәсіпорынның миллиондаған пайдалары
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Мемлекеттік меншіктегі: қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Пәндер