Текстік файлдарға қолданылатын процедуралар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Математика және модель құру кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Текстік файлдармен және жолдармен жұмыс

Жоспар .

Кіріспе:
I бөлім.
§1. Файлдық типтерге сипаттама
1.1. Текстік файлдар
1.2. Файлдарды анықтау
1.3. Текстік файлдарға қолданылатын процедуралар
1.4. Текстік файлдарға қолданылатын функциялар
§2. Жолдық типтерге сипаттама
II бөлім
§2.Текстік файл негізінде құрылған программалар
Программа құрылымы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

1985ж. дербес ЭЕМ стандартты Паскаль компеляторы бар , Турбо Паскаль
3.0 нұсқасы пайда болды.Сол кезден бастап , Паскаль жалпы білім беру
мектептерінде кәсіби технологиялық мектеп жоғары білім саласында "алғашқы"
программа тілі ретінде қолданылды .Турбо Паскаль қолданылуы қарапайым , ол
әуесқой арасында кеңінен қолданылды.
Турбо Паскаль4.0 компелятордың шектеулері түзетілді және жүйенің өнімділігі
жоғарлады.
Турбо Паскаль5.0 кәсібі қолданушылардың көлемнен шыққаны -еңбек
өнімділігін арттырған программа ортасына енгізілген , жинақталғанөндегіш.
Турбо Паскаль6.0 Таза теориялық объектілер бағыттылған программа
концепциясы қолданбалы программа шешуінде қолданушыға мүмкіндік береді
,толық объект жүйесі практикада жүзеге асты.
1992жылы Borlond Internation фирмасы қолданушыға пайдалануға программа
тілінің Турбо Паскаль 7.0 нұсқасын ұсынды.
Турбо Паскаль7.0 Күнделікті есеп шешуге мүмкіндік беретін программа түрінен
кең, компеляторы күштірек.
Турбо Паскальдың негізгі принциптері:
1.Структуралық программалау командалар тізбегін тұйық формалар немесе
процедура ретінде жазу және мағынасы байланысқан деректкрді құрамына
біріктіру.Осы арқылы текстің оқылуы жоғарылайды да , оның жөнделуі
жеңілдейді.
2.Жоғарыдан төменге жобалау. Пограммист есебін бірнеше қарапайым есептерге
бөлгеннен кейін , әрқайсысын жеке шығарады.Осыдан кейін есептердің
нәтижесін біріктіреді,жоғарыдан төменге жобалау есебі шығарылады.
3.Объектілі бағытталған программалар.Орындалатын операцияларына қарай
деректер объектіге бірігеді.
Стандартты Турбо Паскаль операторының жинағы көп емес және оны оңай
үйреніп алуға болады.Бірақ осы тілмен қосалқы жабдықтарды кеңейту
проблемасы туады.Қолдануға дайын қолданбалы программалар , әртүрлі
процедуралар библиотекасы көптеп қойылу арқасында Турбо Паскаль проблемасы
шешілді.

§1.Файлдық типтерге сипаттама.
Паскаль тілінде файлдардың 3 түрі бар: олар текстік, типтендірілген,
типтендірілмеген. Файл деп дербес компьютердің сыртқы жадысының атаулы
бөлігін айтуға болады, немесе логикалық құрылымы- потециалды информация
көзі немесе қабылдаушы деп түсінуге болады.
Файл дегеніміз мәліметтердің өзара байланысы . Ол байланыстағы
мәліметтердің барлығы бір типті болу керек.Әрбір файлды массив немесе кез-
келген жазу сияқты айнымалы ретінде қарастыруға болады.
Кез келген файлға тән 3 ерекшелік бар:
-біріншіден, белгілі атауы бар, яғни бір мезгілде бірнеше файлмен жұмыс
істеуге болады.
-екіншіден, ол бір типті компоненттерді қабылдайды. Компоненттердің типтері
файлдық типтен басқа кез келген Турбо Паскальдің типтері бола алады, яғни
файл ішінде файл құруға болмайды.
- үшіншіден, файл ұзындығы сыртқы жадының көлеміне байланысты шектеледі,
файлды сипаттағанда ұзындығын көрсетудің қажеті жоқ.
Файлдық типті немесе файлдық типті айнымалыны 3 әдістің біреуімен
беруге болады:
1. тип атауы = FILE OF тип ;
2. тип атауы = TEXT;
3. тип атауы = FILE;
Мұндағы тип атауы - файлдық тип атауы (идентификатор); FILE, OF-
резервтегі көмекші сөздер; TEXT- текстік файлдың стандартты типінің атауы;
тип - Турбо Паскальдің файлдық типтен басқа кез келген типі.
Мысалы:
text80 = file of string[80];
var
f1: file of char;
f2: text;
f3: file;
f4: text80;
f5: file of product;
Сипатталуына байланысты файлдың 3 түрі анықталады:
1. типтендірілген файлдар (FILE OF ... сөйлемімен беріледі );
2. текстік файлдар (TEXT типімен анықталады );
3. типтендірілмеген файлдар (FILE типімен анықталады ).
Жоғарыдағы мысалда f1,,f4 және f5- типтендірілген файлдар, f2- текстік
файл, f3- типтендірілмеген файл. Файл түрі, сол файлда информацияны сақтау
тәсілін анықтайды. Бірақ, Турбо Паскальда алдын ала құрылған файлдаррдың
түрін бақылау құралы жоқ.
Файлдық айнымалыны алдын ала сипаттау керек (файлды F деп белгілейік) .

мысал: var F :FILE OF INTEGER;

Файлдармен жұмыс істеу үшін RESET , GET , REWRITE , PUT , EOF
процедуралары қолданылады .

Текстік файлдар

Текстік файлдар стандартты TEXT типіне тиісті файлдық айнымалармен
байланысты. Текстік файлдар текстік информацияны сақтауға арналған.
Программаның тексті осы типті файлдарда сақталады. Текстік файлдың
компоненттерінің ұзындығы, онымен атқарылатын жұмыстың қасиетіне байланысты
, әр түрлі болып келеді.
Турбо Паскальда текстік файлдар ұзындықтары айнымалы болатын жолдар
жиыны ретінде қарастырылады. Әр жолға қатынас бірінші жолдан басталады.
Текстік файлды құру барысында әр жазу соңына арнаулы EOLN (End Of File-
файл соңы ) белгісі қойылады. Бұл белгілерді төмендегі логикалық
функциялармен тексеруге болады. Текстік файлды құру кезінде жүйелік
мақұлдаулар қолданылады:
EOLN – ASCII # 13 (CR ) және #10(LF ) кодтарының тізбегі;
EOF – ASCII стандартының #26 коды.
Текстік файл дегеніміз литерлік жолдардан тұратын файл. READ және READLN
процедуралары INPUT файлынан литерлік жолдардың мәндерін оқиды да , WRITE
және WRITELN литерлік жолдарды OUTPUT-қа орнатады .
Pascal тілінде екі стандартты тип қарастырылған TEXT және INTERACTIVE .
INTERACTIVE типі терминалдармен логикалық байланысқан файлдарға сәйкес
келеді . TEXT типі басқа құрылғылармен логикалық байланысқан файлдарға
сәйкес келеді . INPUT және OUTPUT файлдары INTERACTIVE типінде болады .
Сондықтан Pascal-дағы кез-келген программа , программалыушыға көрінбейтін
сипаттамаға ие :

INPUT, OUTPUT : INTERACTIVE ;

Текстік файл жолдардан болып үлестірілген символдар тізбегінен тұрады .
Жазулармен жұмыс жасау үшін READ, READLN, WRITE, WRITELN процедуралары
қолданылады. Олардың мүмкіндіктері іс жүзіндегі параметрлердің айнымалы
саны арқылы ерекшеленеді. Бұл процедуралардың бірінші параметрі файлдық
айнымалы болады.
Бұл жағдайда ASSIGN айнымалы процедурасымен байланысқан логикалық құрылғы
немесе дискілік файлға қатынас жасалады. Егер файлдық айнымалы
көрсетілмесе, стандартты INPUT және OUTPUT файлдарына қатынас жасалады.
INPUT - пернеліктен мәліметтерді оқу үшін;
OUTPUT- мәліметтерді экранға шығару үшін;
Стандартты Pascal тілінде бұл функцияларды программа басында жариялауды
міндетті қажет етеді.
Мысалы: program name(INPUT, OUTPUT);
Ал Турбо Паскальда бұл шарт міндетті емес. Кез келген басқа функциялар
және логикалық құрылғыларға кіруге рұқсат алу үшін оларды арнайы функциялар
ашу процедурасын орындағаннан кейін болады. Бұл процедуралар алдын ала
жарияланған функцияналдық процедура, айнымалымен құрылған немесе жаңадан
құрылған файл атымен байланыста тұрады. Сонымен бірге информация алмастыру
бағытын көрсетуден тұрады: файлға жазу, файлды оқу.
Егер файл аты бос жол ретінде берілсе, онда ол айнымалы алмасу
бағытына қарай INPUT немесе OUTPUT стандартты процедурасын файлдық
айнымалымен байланыстырады.
Байланыстыру процедурасы: ASSIGN(ф. а. ), ф. а. немесе логикалық
құрылғы
ф. а. - файлдық айнымалы;
ф. а. немесе логикалық құрылғы - файл атынан немесе логикалық
құрылғыдан тұратын текстік сөйлем.
Текстік файлдар үшін Pascal-да text стандартты файлдық тип болады .
Текстік файлдармен жұмыс істеу алдында оларды сипаттау керек :
var in_file : text ;

Assign процедурасы сыртқы файл атын in_file файлдық айнымалымен
байланыстырады :

Assign(in_file, 'C:\user\Kanatova \my_file') ;

Файлдық айнымалы программада файлдармен жұмыс істейтін процедуралар
параметрі ретінде қолданылады .
Сыртқы файлмен файлдық айнымалы арасында байланыс орнатқаннан кейін ,
сыртқы файлды оқу немесе жазу үшін ашу керек. Текстік файл my_file
RESET(my_file) процедурасы арқылы, тек оқу үшін , ал REWRITE(my_file)
арқылы , тек жазу үшін ашылады.
Файлмен жұмыс аяқталған соң , ол жабылуы керек . Файл жабылғаннан
кейін , онымен байланысқан сыртқы файл жаңарады , ал файлдық айнымалы
басқа да сыртқы файлмен байланысуы мүмкін . Файл CLOSE(my_file) процедурасы
арқылы жабылады .
Текстік файлға жазу енгізу немесе оны оқу үшін , WRITE , WRITELN ,
READ, READLN ПРОЦЕДУРАЛАРЫ қолданылады. Бұлар , жоғары айтылған , INPUT
және OUTPUT процедураларына қатысты .

Файлды анықтау

Файлды анықтау дегенді осы файл үшін деректерді беру бағытын көрсету деп
түсінуге болады. Турбо Паскальда файлды оқу үшін ашу, информацияны жазу
үшін ашу бір мезгілде оқу үшін ашып, информацияны жазуға болады.
Оқу үшін файлды анықтау стандартты RESET процедурасымен орындалады:
RESET ф. а. ;

Мұндағы ф. а. - файлдық айналымы, алдын ала ASSIGN процедурасы
көмегімен құрылған файлдық атауы.

Бұл процедураның орындалу барысында дискілік файл немесе логикалық
құрылғы информацияны оқуға дайындалады. Нәтижесінде бұл файлиен байланысқан
арнаулы айнымалы - көрсеткіш файл басын көрсетеді, яғни реттік нөмірі 0- ге
тең компонентті көрсетеді.
Мысалы, келесі программа бөлігі дискіде қажетті файлдың бар- жоқтығын
ажыратады:
var
f: file of char;
begin
assign (f,’ myfile. dat ‘);
{$!-} {енгізу- шығару қателерін бақылауды алып
тастау}
reset(f);
{$!+} { енгізу- шығару қателерін бақылауды іске
қосу }
if IOResult 0 then ... ... {файл құрылмаған }
else
... . {файл құрылған }
end.
Бұл фрагментте компиляторды {$!-} директивасы көмегімен автоматты түрде
енгізу- шығару қателерін бақылау алып тасталады. Егер оны алып тастамаса,
программа қатемен аяқталады.
Турбо Паскальда типтендірілген файлдарға RESET, яғни информацияны оқу
процедурасымен, WRITE, информацияны жазу процедурасымен қатынас жасауға
болады. Бұл мүмкіндік алдын ала құрылған типтендірілген файлды жаңартуға,
қажет болғанда оны кеңейтуге көмектеседі. RESET процедурасымен ашылған
текстік файл үшін WRITE немесе WRITELN процедурасын қолдануға болады.
Стандартты REWRITE (ф. а. ) процедурасы- информацияны алдын ала
құрылған файлдық айналыммен (ф. а. ) байланысқан файлға немесе
логикалық құрылғыға жазуды ұйымдастырады. REWRITE процедурасымен ертеден
бар дискілік файлға информацияны жазуды иницирлеуге болмайды: бұл
процедураны орындаса, ескі файл ешқандай хабарлаусыз өшіп қалады.
Жаңа файл информацияны қабылдауға дайындалғанда, көрсеткіш 0 мәнін
қабылдайды.
Стандартты APPENT(ф. а. ) процедурасы- алдын ала құрылған текстік
файлға оны кеңейту үшін жазуды ұйымдастырады, файл көрсеткіші бұл жағдайда
оның соңына орналасады. APPENT процедурасы текстік файлдарға ғана
қолданылады, яғни оның файлдық айналымдары TEXT типті болуы керек. APPENT
процедурасымен типтендірілген немесе типтендірілмеген файлдарға жазуды
ұйымдастыруға болмайды. Егер текстік файл алдын ала құрылған және RESET
немесе REWRITE процедурасымен ашылған болса, онда APPENT процедурасын
қолдану бұл файлды жабуға және оны жазулармен толықтыру үшін қайта ашуға
әкеледі.

Текстік файлдарға қолданылатын процедуралар

READ процедурасы. Символдарды, жолдарды, сандарды енгізуді орындайды.
Хабарлау форматы:
READ (файл аты , енгізу тізімі ) немесе
READ(енгізу тізімі )
Мұндағы енгізу тізімі - CHAR, STRING типті, сонымен қатар кез келген
бүтін бір немесе бірнеше айнымалылардан тұратын тізбек. CHAR типті
айнымалыларды енгізу барысында файлдан бір символ оқылып және айнымалыға
оқылған мәнді меншіктейді. Егер оқу кезінде файл көрсеткіші кезекті жолдың
соңына жетсе, оқудың нәтижесі CR (ASCII код #13 ) символы болады, ал файл
көрсеткіші файл соңына барса, онда EOF (код #26 ) символы болады.
Клавиатурадан енгізгенде CR символы Enter пернесін басу арқылы енгізіледі,
ал EOF символы CTRL және Z пернелерін басу арқылы енгізіледі.
Егер CR немесе EOF символдарының бірі кездеспесе, онда STRING типті
айнымалыларды енгізу барысында процедурамен және бір жолға орналастырылған
символдардың оқылған саны жолдың максималды ұзындығына тең болады. Бұл
жағдайда CR немесе EOF символдары жолға орналастырылмайды. Егер деректерді
енгізу ағынындағы символдар саны жолдың максималды ұзындығынан үлкен болса,
жол соңына дейінгі артық символдар алынып тасталады да, READ - ты қайтадан
шығаруға бос жол беріледі. Сонымен, READ процедурасы жол тізбегін оқитын
жағдайда емес: бірінші жол дұрыс оқылады. Қалған жолдар бос болып шығады.
Жол тізбегін енгізу үшін READLN ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Файлдарға қолданылатын функциялар мен процедуралар turbo pascal
Текстік файлдар
Типтелген файл
Turbo pascal ортасындағы файлдар
Қонақ үйдегі қонақтар туралы мәліметтер қорын құру
Файл құрылымы
Турбо паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Файлдар және оның түрлері
Турбо Паскалль тілінің негізгі элементтері
String типті айнымалыға қолданылатын стандартты функциялар мен процедуралар
Пәндер