Телжан Шонанұлының сын мақалалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ-ПУБЛИЦИСТ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

1. 1 Телжан Шонанұлының өмірі . . . 10

1. 2 Телжан Шонанұлының шығармашылық қызметі . . . 11

1. 3 Телжан Шонанұлы - көп қырлы талант . . . 12

1. 4 Телжан Шонанұлы - майталман журналист . . . 13

ІІ ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ - КӨСЕМСӨЗ ШЕБЕРІ

2. 1 Телжан Шонанұлының публицистикалық шеберлігін танытатын

еңбектері . . . 15

а) Әліпби мәселесіне арналған мақалалары . . . 16

ә) Телжан Шонанұлының мектепке арналған

әдістемелік оқу - құралдары . . . 21

б) Телжан Шонанұлының жазған оқулықтары . . . 24

2. 2 Телжан Шонанұлының әдебиет туралы жазған мақалалары . . . 26

2. 3 Телжан Шонанұлының сын мақалалары . . . 28

ІІІ ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЕҢБЕКТЕРІ

3. 1 Телжан Шонанұлының қазақ жері мәселесіне арналған зерттеулері . . . 31

3. 2 Патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты туралы . . . 33

Қорытынды . . . 39

Сілтемелер . . . 42

Пайдаланған әдебиеттер . . . 44

КІРІСПЕСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Әр халық, әр ұлт туған топырағынан шыққан дарынды тұлғаларымен, дара таланттарымен мақтанып, солар арқылы ұлттық әлеуетін, халықтың болмысын танытып жатады. Алаш жұртынан да ел игілігіне қызмет еткен, ұлт мүддесі үшін күрескен бірегей дана перзенттер көп шыққан. Олардың есімдерін мемлекетіміздің қалыптасқан дәуірінен бастап тізбектеп шықсақ болады. Бірақ, біздің қарастырып отырған тақырыбымыз 20 ғасырға жататындықтан біз барлығына тоқталмай, тек осы дәуір тынысы төңірегінде ғана сөйлемекпіз.

XX ғасырда Ресей империясына қараған қазақ ұлысының тағдыр-талайына аса зор сыннан өту жазды. Қоғам өміріндегі қайнаған саяси жағдайдың бәрінен жол тауып, елді ілгері жылжыту қажет болды. Осы уақытта қазақ жері, қазақтың оқуы, әліпби мәселесі - ең күрделі мәселеге айналды. Ұлт көсемдері саяси жүйенің қаталдығына қарамай оны шешудің барлық амалдарын қарастырып, маңызды еңбектер, құнды пікірлер жазды.

Бүгінгі ұрпақтың мақсаты сол еңбектерді, сол есімдерді терең зерттеп, зерделеп тарих төріне қайта шығару. Ұлағатты шығармаларды ұрпақ санасына сіңдіріп, болашақтың жарқын үлгісіне айналдыру.

Қазіргі тәуелсіздік дәуірі әдебиетіміздің, мәдениетіміздің, ғылымымыздың тарихын жаңаша карастыруға үлкен, жан-жақты мүмкіндіктер тудырып отыр. Әсіресе, казақ руханиятының 1920-1930 жылдардағы жағдайы қалыптасу, даму ерекшеліктері кеңестік ғылыми әдебиеттерде теріс бағаланып, аталған кезең туралы мүлдем теріс пікірлердің орын алып келгені белгілі. Үстіміздегі ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдары казақ ғылымының қалыптасу дәуірі болып, оның жолында ондаған ғылым қайраткерлерінің аянбай тер төгіп, іргелі істер тындырғаны, ал олардың халық танымынан бүркемеленгені де мәлім. Айналып келгенде, мұның баршасы ұрпақ зердесінің халқының небір асыл рухани мұраларынан тыс тәрбиеленіп, оның ұлттық жадының таяздығына әкеліп соқты, әрі ұлттың сана-сезіміне, болмыс-бітіміне аз мерзімде айыға коймайтын жарықшақ түсірді. Сексенінші жылдардың соңын ала бере бірқатар ұлы тұлғаларымызды ақтап алдық. Олардың өмірі мен шығармашылығы жайында халқымыз азды-көпті хабардар болып жатыр. Қашанда халық-ақынын, жазушысын, саяси көсемдері мен коғам кайраткерлерін алдымен таниды. Ал ғылым қайраткерлерінің еңбектері арнайы ғылыми орта болмаса, жалпы халыққа танымал бола бермейді. Дегенмен, оларды білу, ғылыми еңбектерін тану - кейінгі ұрпақтың абыроймен орындауға тиісті парызынан саналмақ.

Бітіру жұмысының өзектілігі. 20 ғасыр тарихын зерттеп, зерделеу бүгінгі күннің басты талабы болып қана қоймай, өткенімізге үңілуге, бүгінгімізді саралап, болашағымызға бағыт-бағдар жасауымыз үшін қажет. Әсіресе, бұл міндеттің тәуелсіздік жағдайында өмір сүріп, әлемге танымал бола бастаған еліміз үшін маңызы ерекше. Себебі, бүгінгі жас буын күні кешегі коммунистік идеологиядан туындағын саясатты, оның тамыры тереңге тартқан зұлымдық тарихын жетік білуі керек. Ол үшін де жақсы мен жаманды айырып қана қоймай, биік зияткерлікті, ұлттық болмысты, руханият көрсеткішін анықтап алатын 20 ғасыр тарихын зерделеудің, зерттеп, саралаудың маңызы ерекше. Әділ айтылған сөз, шындықты жаңаша көзқарас, даулы пікірлер аясында айта алу, бүгінгі және болашақ ұрпақың зердесіне өткенді таразылап, қазақстандық патриотизмді бойына сіңіру үшін керек. Бұл орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тоталитарлық режим қазақ ұлты жөнінде таза экономикалық, таза таптық міндеттерден басқа ұлттық өсіп-өнудің негізінде тікелей қирату бағытын ұстады» деген пікірі империялық басымшылық табиғатын айқын танытады [1] .

Әрине, өткеннің барлығына топырақ шашудан аулақпыз. Қазақ руханиятының, білім-ғылымының өркендеуіне Ресей империясы тұсындағы ғылыми ошақтардың да ықпалының болғандығын айтуымыз керек. Алайда халықтың ауыр тағдыры, шыңғырған шындықтың айтылмай қалғаны да баршаға мәлім. Бұл жерде нақты бір немесе екі адамды кінәлауда болып отырған жоқ әңгіме, мәселе тұтас бір империяның ұстанған бағыт-бағдарында.

Дипломдық жұмыстың зерттелу нысаны болып отырған кезең, Алаш зиялылары туралы оқулықтар шығару қазіргі таңда мықтап қолға алынып отырғаны мәлім. Жоғары оқу орындарында, мектептерде аталған зиялыларымыздың өмірі, қызметі жеке пән ретінде оқытылып келеді, ғылыми еңбектер, әдеби шығармалар жарық көруде. Бұл туралы журналистеріміз де кеңінен қалам тартауда.

Қазақ тарихында 20 ғасырдың орны ерекше. Бұл дәуірде қазақ өмірінде, атап айтқанда ғылымында, өнерінде үлкен бетбұрыс болды. Ресей империясының қаталдығына қарамай жер тарихы, ел тарихы туралы құнды еңбектер жарияланды. Қазақтың әліпбиін талқылау мақсатында халықаралық мамандардың, оқымыстылардың қатысуымен жиындар, басқосулар болып тұрды. Мектептерге арналған оқу-құралдары, әдістемелік кітаптар шығарылды, бала тәрбиесіне арналған арнаулы сабақтар, бағдарламалар әзірленді. Бәрінен бұрын адам санасында серпіліс пен секіріс пайда болды. Өткенге оралу, олардың өзектеріндегі шындықтың бұрмалануына көңіл бөлу қолға алынды. Әрине, демократиялық үрдіс толыққанды деңгейде жүзеге аса қоймағанымен, үлкен өзгерістерге бастағаны аян.

20 ғасырдың 20 жылдары тарихқа жаңа буын, тың топ араласты. Олар қоғам дамуының өзектілігін сипаттайтын, ұлт дамуына үлес қосу мақсатында құнды еңбектер қалдырды. Соның бірі де, бірегейі, Алаш зиялыларының көш басында тұрған тұлғаларымыздың бірі - Телжан Шонанұлы. Ол империяның халық мойнына таққан бұғауын босатып, тұзағын шешу жолында шын еңбек етті.

Көріп отырғанымыздай 20 ғасырдың 20-шы жылы аса күрделі кезеңге жатады екен. Ерекше зерттеп, зерделеуді қажет етеді екен. Ал, бұның өзі біз сөз етіп отырған тақырыптың аса өзекті проблемаға, көкейкесті мәселеге жататынын көрсетсе керек.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Телжан Шонанұлы 1937 жылы тоталитарлық жүйе ұйымдастырған саяси террордың құрбаны болды. Оның өмірі мен шығармашылық мұрасы 60 жыл бойы зерттелмей, тасада қалып келді. Тек 80 жылдардан бастап қана Алаш ұлы туралы пікірлер қозғала бастады.

Ғалымның жекелеген еңбектері, олардың қатарында жер мәселесіне арналған кітабы « Жер тағдыры - ел тағдыры » деген атпен жарық көрді. Сонымен қатар Т. Шонанұлының өмірі мен қызметі турасында бірен-саран мақалалармен қатар екі (тіл жөне педагогика ғылымдары бойынша) кандидаттық диссертация жазылды.

Т. Шонанұлын алғашқылардың бірі болып зерттеген профессор Ә. Тәкенов пен Б. Байғалиев болды. Олар ізденуші Г. Жүгенбаеваның жәрдемімен үлкен істі жүзеге асырды: 1995 жылы ғалымның «Қазақ жері мәселесінің тарихы» зерттеуін «Жер тағдыры - ел тағдыры» деген атпен, ғылыми түсініктемемен оқырман қауымға ұсынды. Ә. Тәкенов пен Б. Байғалиев зерттеуі бойынша, Т. Шонанұлы 1894 жылы 17 желтоқсанда сол кездегі бөлініс бойынша Торғай облысы, Ырғыз уйезі, Аманкөл болысы, № 4 ауылда туылған. 1908-1912 жылдары орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде, 1912-1916 жылдары Орынборда қырғыз (қазақ) учительдер институтында оқыған. Төңкеріс жылдары Тоқырауын болысында, Семейде мұғалім, аудармашы қызметтерін атқарған. 1926-1928 жылдары Қызылордада, 1929 жылы Оқу комиссариятында жұмыс жасаған. ҚазПИ-дің әдебиет-лингвистика факулътетінде өздігінше емтихан тапсырып (экстерно), диплом алады. ҚазМУ-де ашылған күннен бастап қазақ тілінен дәріс оқиды. Әйелі Шахзада Аронқызы Бақытжан Қаратаевтың немере туысы. Осы үшін және Телжанға қатысы болғаны үшін ол тоталитаризм құрбаны болды. Т. Шонанұлы 1937 жылы 21 июльде нақақтан тұтқындалады. Оны «ұлтшыл, төңкеріске қарсы, Амангелді мен Таранның өліміне қатысы бар» деп айыптап, сол жылдың қарашасына дейін тергейді. Содан 4 айға жуық мерзімнен соң, 1938 жылы 27 ақпанда КСРО жоғарғы Сотының әскери коллегиясы жазасына үкім шығарды. Т. Шонанұлына катысты бұл құжаттар Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде сақталған.

Аталынған құжаттарды жеті жылдан соң орыс ғалымдары Ф. Д. Ашнин, В. М. Алпатов, Д. М. Насилов өз еңбектерінде атап өтеді [2] . Еңбекте ғалымдар Т. Шонанұлын Құдайберген Жұбановпен бірге тіл мамандары (лингвисты Шонанов и Жубанов) ретінде бағалай отырып, олар туралы тоталитарлық жүйе тарапынан жасалған істердің айғақтарын жариялайды. Олар Т. Шонанұлының әдебиет, тіл, терминология салаларында және оқулықтар жазу ісінде атқарған жұмыстарын жоғары бағалаған [3] .

Сонымен катар профессор Ә. Тәкенов пен Б. Байғалиев Т. Шонанұлына қатысты баспасөз беттерінде мақалалар жариялап отырды. Олар мақалаларында оқырман қауымға Т. Шонанұлының кім болғандығын көпшілікке түсіндірумен болды. Тек Телжан ғана емес, оның жары, қазақтың зиялы кыздарының бірі Шахзада Аронқызы турасында да жазып, Шахзаданьң ату жазасына кесілген жалғыз қазақ әйелі екендігін атап өтеді [4] .

Профессор Ә. Тәкеновтың жетекшілік етуімен ізденуші С. А. Баймұратова «Жалпы педагогика» бойынша «Педагогические наследие Т. Шонанова» атты кандидаттық диссертация жұмысын жазды. Зерттеуші Т. Шонанұлын педагог ретінде қарастыра отырып, ғалымның ғылыми педагогикалық ойларын, идеяларын зерттеуге тырысады. Т. Шонанұлының педагогикалық көзқарастары Ресейдің төңкеріске дейінгі орыс ғалымдарының алдыңғы қатарлы идеялары, сондай-ақ 20-30 жылдардағы кеңестік педагогикалық ой-пікірлердің де ықпалында қалыптасқандығын атап өтеді. Зерттеуші сонымен бірге Т. Шонанұльның педагогикальқ көзқарастарының қалыптасуы мен ғылыми-педагогикалык қызметіне мінездеме бере отырып,, ғалымның оқыту әдістері мен бала тәрбиесіне арналған еңбектерін талдайды. Сонымен бірге Т. Шонанұлын орыстың К. Д. Ушинский, Н. Ф. Бунаков, Н. А. Корф, одан бері карай ұлы қазақ ойшылдары - Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин еңбектеріне терең бойлай отырып, нағыз педагог ретінде шыңдалғанын да көрсетіп отырады [5] .

Ал тіл маманы Қ. С. Құлманов [6] өз зерттеу еңбегінде Т. Шонанұлын әдебиетші, көсемсөзші, ғалым ретінде бағалап, мәдени-ағарту істері турасында ғалымның ғылыми мұраларын зерттеген. Зерттеуші ғалым мұраларына жоғары баға бере отырып, еңбектерінің ұрпақ тәрбиесі үшін маңыздылығын да көрсетеді. Тіпті, бірнеше мақаласын (мәселен, «Бай баласы мен жарлы баласы») Ы. Алтынсарин еңбектерімен салыстырып, көркемдік ерекшеліктерін айқындап береді. Өкінішке орай, зерттеуші Ә. Тәкенов пен Б. Байғалиев еңбектерінен алынған деректерді ғана пайдаланып, тек Т. Шонанұлының әдебиет, тіл саласына қатысты жазылған еңбектерінің біразын ғана қарастырғаны байқалады.

Сондай-ақ Алаш зиялылары турасында қалам тартып жүрген ғалымдарымыздың бірі Д. Қамзабекұлы да Т. Шонанұлы турасында өзінің зерттеу еңбектерінде біраз мағлұматтар беріп өтеді. Д. Қамзабекұлы: «Әділін айту керек, Т. Шонанұлының жеке өмірбаянын бұрын шығармалардан таныдым, 1990 жылдан бастап Алаш зиялыларына қатысты ескі газеттерді, «жабық» басылымдарды, архив шкаптарын парақтағанымызда, Телжанның сауатты мақалалары, ғылыми еңбектері, танымдық оқулықтары, жалпы азаматтық ісі көзімізге оттай басылды» дей келе, Алаш кайраткерлері қатарында көзге түскен Т. Шонанұлын «азамат һәм ғалым» ретінде бағалап, оның мақалаларын бес топқа бөліп көрсетеді: 1) тіл туралы еңбектері, 2) тарих жөніндегі зерттеулері, 3) әдебиет хақындағы ғылыми жұмыстары, 4) жағрапия ғылымын меңгертуге арналған оқулықтары, 5) жалпы көсемсөздік туындылары [7] .

Д. Қамзабекұлы одан ары қарай ғалым мұрасы толығымен зерттеп, баға беру зертеушілердің парызы екенін де еске салып өтеді.

Әсіресе, Т. Шонанұлы мұраларының ішінде жер мәселесіне байланысты жазылған еңбегі өте кұнды. Ғалым «Қазақ жері мәселесінің тарихы» атты зерттеуін (Қызылорда-Ташкент, 1926 жыл) жазбастан бұрын, аталған тақырып бойынша 1923-1924 жылдар аралығында «Қызыл Қазақстан» журналында бірнеше мақалалар жариялаған болатын [8] . Зерттеуші еңбегін отандық ғылымымыздың 20-шы жылдардағы белесі десек қателеспейміз. Ол Ресей ғылымының зерттеу шарттарын жақсы меңгеріп, тарихи зерттеулер, ғылыми жинақтар, құжаттар топтамасын сауатты пайдаланған.

Мәселен, зерттеуші ғалым О. Мұқатова /11/ Т. Шонанұлы еңбегін Кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарындағы коныстандыру саясатына байланысты жазылған Ғ. Тоғжанов, С. Асфендияров, С. П. Щвецов, П. П. Галузо, Е. Федоров, Т. Рысқұлов, С. Садуақасов сияқты авторлардың құнды еңбектерінің катарына қосып карастырып, жер мәселесіне байланысты жазылған ойларын көрсетіп өтсе, ал зерттеуші Ү. Ысмағұлов [9] ғалымның аталған монографиясын қазақ жері мәселесі тарихындағы жазылған еңбектер ішіндегі баға жетпес сый ретінде көрсетіп, Телжан еңбегінің әлі де болса толық бағаланбай жатқандығын атап өтеді.

Сол сияқты, М. Есекешова Т. Шонанұлын М. Әуезов, А. Жұбанов сияқты қазақтың зиялы азаматтарымен салыстыра отырып, ғалымның жан-жақты ғылым салаларын меңгергендін айқындай түседі [10] .

Жалпы Т. Шонанұлы туралы жоғарыда аталынып өткен зерттеушілермен қатар Ш. Сарыбаев, Қ. Е. Тілешова, С. Иманбаева, Ш. Т. Омарбеков, Н. Құрманова еңбектерінде де ол зиялы қауым катарында кездеседі. Бұл күндері зерттеушілерге Т. Шонанұлының 100-ге тарта мақалалары мен 30-дан аса кітаптары белгілі болып отыр. Әйтсе де, ғалым мұраларының (әсіресе мақалалары) тізімін көрсету барысында біраз қателіктер кеткенін байқаймыз. Мысалы, «Театр және түрмыс» [10] (авторы Желкек), «Октябрь және халық ағарту жұмысы» [12] (авторы Сәкен), «Сызу мен сурет салудың оңай әдістері» [13] (авторы б елгісіз) сияқты өзге авторлар еңбегін Т. ІПонанұлы мақалаларымен шатастырулар кездеседі. Осы орайда атап өтетін тағы бір жағдай бүркеншік есімдер мәселесінің Телжан мұрасын зерттеумен де тікелей байланыстылығында. Себебі, кейбір зерттеу еңбектерінде Желкек деген атпен кол қойылған бірнеше мақалалар Т. Шонанұлының еңбектері ретінде аталып өткен. Бірақ қазіргі таңда зерттеушілердің алдында қиындық туғызып отырған нәрсе, Телжанның бүркеншік есімінің дәлелденбеуі болып табылады. Сондай-ақ, кейінгі зерттеушілер Телжан Шонанұлының жазған мақала, кітаптарын аударғанда өрескел қателіктерге бой алдырған және автордың жазғандарын өзгертіп берген. Бұл тарихи мұра болғандықтан және жеке автордың шығармасы болғандықтан оны өзгертуге ешкімнің құқы жоқ. Авторлық құқықты бұзған адам міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс деп ойлаймын.

Т. Шонанұлының артында калған мұраларын әлі де болса жинақтап, коғамдық-ағартушылық және ғылыми кызметін зерттеу XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның коғамдық-саяси және мәдени өмірін баяндауға, тарихнамамызда кенжелеп қалған өмірбаяндық жанрды дамытуда өз үлесін қосары сөзсіз деп білеміз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Телжан Шонанұлын, оның еңбектерін зерттеудегі мақсатымыз-қазақтың тарихындағы айтылмай кеткен, жазылмай жатқан жайттарды саралау болып табылады. Себебі, ұлттық әдебиетте, ғылымда, тарихта болсын әлі де дәлелденбеген, зерттеуді толық қажет ететін, ұрпаққа түсінікті етіп жеткізетін оқиғалар бар. Аталмыш, яғни біз қарастырып отырған тақырыптың ғылыми сипаттарын ашу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді: - Телжан Шонанұлының өзге ағартушы, тарихшы, аудармашыларға ұқсай бермейтін ерекшеліктерін, қасиеттерін ашып көрсету және 20 ғасырдың 20 жылдарындағы қазақ қоғамының даму бағыттарын, ұлттың рухани өркендеуін қарастыру: - Телжан Шонанұлы көтерген проблемаларының маңыздылығына, халыққа тигізген әсеріне саралау жүргізу, оның публицистикалық мақалаларын талдау: - Телжан Шонанұлы еңбектерінің өзге дәуірлерге қарағанда жаңаша сипатқа бой ұрдыруының негізгі заңдылықтарын, басты тұғырнамалық мәселелерін ашып көрсетіп, тоталитарлық жүйенің руханият саласына зардабы болғанына зерделеу жүргізу: - Сол тұстағы империяның қазақ жеріне қатысты ұстанған саясатын уақыт, қоғам, сана категориялары тұрғысынан зерттеп, қазақ жерінің тағдырын аталмыш кезеңнің талап, табиғатына сай талдау: - Телжан Шонанұлының мұраларын игерудің сабақтастық, жалғастық сипаттарын зерделеп, оқулық, монографияларды талдап, ғалымның аталмыш кезеңге сай тарихшылық, жазушылық, аудармашылық, ұстаздық қасиеттеріне баға беру.

Бітіру жұмысының зерттеу әдістері. Қазақ тарихының 20 ғасырдағы өрлеу, өркендеу бағыттарын, ғылыми жаңалықтарын, жетістіктерін ескере отырып, Телжан Шонанұлының еңбектеріне терең, әрі ауқымды зерделеу жүргізу үшін тарихи, тарихи-салыстырмалы, жинақтау мен жүйелеу сияқты әдістер кеңінен қолданылды.

Бітіру жұмысының нысаны. Дипломдық жұмыста Телжан Шонанұлының жазған сын мақалалары, публицистикалық шығармалары, оның мұраларын игеруге арналған проблемалық және сыни сипаттағы ірілі-ұсақты дүниелер, ғылыми ізденіс нәтижесінде туған еңбектер, монографиялар, ғылыми жұмыстар т. б. тұтастай дерлік тұрғыда сараланды.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу нысанасына алынған тақырыптың мәнін ашуда қолданылатын әдістердің маңызы зор. Біз қарастырған кезеңде қазақ тарихы Ресей сияқты елдің тарихына жатқызылғаны мәлім. Уақыт, қоғам, саясат ұғымдарының Телжан Шонанұлы еңбектеріне тигізген әсерін терең пайымдау мақсатымен, қазіргі таңдағы ұлы жетістігіміз - тәуелсіздік тұғыры салтанат құрып тұрған мезгіл биігінен зерттеу жүргізілді. Жұмысты жазу барысында гуманитарлық ғылымдардың отандық тарихы, тарихтағы жаңаша көзқарасқа негізделген озық ой-пікірлер мен тұжырымдар, сын-зерттеу еңбектері, сондай-ақ, ұлттық руханияттың өрістеуіндегі гуманистік сипаттағы дүниелер жетекшілікке алынды. Телжан Шонанұлы туралы зерттеу еңбектер жазған Ашнин Ф. Д., Алпатов., Насилов Д. М., Тәкенов Ә., Байғалиев Б., Баймұратова С. А., Құлманов Қ. С., Қамзабекұлы Д., Ысмағұлов Е., Есекешова М., Желкек ., Сәкен Г., т. б. зерттеуші-ғалымдарымыздың еңбектері, теориялық пікір, тұжырымдары және Телжан Шонанұлының «Жер тағдыры - ел тағдыры» деген кітабы басшылыққа алынды.

Бітіру жұмысының құрылысы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

1. 1. Телжан Шонанұлының өмірі

Т. Шонанұлының есімі көзі ашық жұртшылыққа саяси-оқиғаларға толы 1917 жылдан, осы жылы шақырылған жалпы қазақ съезі туралы материал жариялаған «Қазақ» газетінен белгілі [14] . 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен II съезд Телжанды Алаш Орда үкіметінің оқу комиссиясына мүше етіп сайлайды. («Қазақ» газеті, 1917 жыл, 23 желтоқсан) . Бұл дерек Алаш зиялылары Т. Шонанұлын білікті маман ретінде танығандығын көрсетеді.

«Телжан 20-жылдарға дейін не жазды?» деген сұраққа қолымызда мағлұмат жоқ болғандықтан жауап бере алмаймыз. Бүркеншік атпен жазбаса, біз қараған Алаш басылымдарынан оның қолы қойылып басылған мақала кезікпеді.

Әділін айту керек, Т. Шонанұлының жеке өмірбаянынан бұрын шығармаларын таныдық. 1990 жылдан бастап алаш зиялыларына қатысты ескі газеттерді, «жабық» басылымдарды, архив құжаттарын парактағанда, Телжанның сауатты мақалалары, ғылыми еңбектері, танымдық оқулықтары, жалпы азаматтық ісі бірден көзге түсті. Сондықтан ғалымдарымыз оларды қазіргі қаріпке түсіріп, жинап, жүйелеп жүрді. Ғалымдар Т. Шонанұлының есімі мен еңбегін алғаш естігенде, үлкен әріппен жазылатын Кеңестер Одағы бар еді. Содан бері талай өзгерістер болды. «Ояндық» дедік, «ойландық» дедік. Бірақ, XX ғасырдың 20 -жылдарындағы ірі ғалымдар санатына кіретін тілтанушы, тарихшы, әдістемеші Телжан Шонанұлы мұрасын зерттеуді не Ғылым академиясының Тіл білімі институты, не Тарих институты, тіпті, Білім министрлігінің Білім проблемалары институты әлі қолға алған да жоқ. Байқауымызша, бұл олардың жоспарларына да кірмеген.

Төрелігін айтыңызшы: ұлттың ғылыми тілін қалыптастырған сол шақта жиырмаға тарта қазақ тілі бойынша оқулық, әдістемелік еңбек, тіл проблемасы жөнінде сансыз мақала жазған ғалымды атаусыз қалдыруға бола ма? Сондай-ақ, XVIII ғасыр мен XX ғасырдың басы аралығындағы қазақтың жер мәселесі тарихын тыңғылықты жазған тарихшының зерттеуін айналып өту мүмкін бе?. .

1. 2 Телжан Шонанұлының шығармашылық қызметі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы және қоғамдық саяси қызметі
ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ (1894—1938)
Алаш әдебиеті-ұлт руханиятының негізі
Алаштың аруағы
Телжан Шонанұлы
Кадет партиясының мүшесі
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Ахметтанудың негізін салушылар
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz