Көше 1990 жылдан бері Райымбек батыр атында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Қош келдіңіздер, құрметті саяхатшылар!

Сіздермен Алматы қаласы бойынша экскурсияны
“ АЗАТ ТУР ” турфирмасы жүргізеді.
Алдағы үш сағатта мен сіздерді әсем қаламыздың көрікті жерлерімен,
көшелерімен, ескерткіштермен назар аударарлық жерлермен таныстырып өтемін.
Ал автобусымыздың жүргізушісі – жоғарғы квалификационды жүргізуші, өз
ісінің білік маманы Аманғулов Нұрлан Кеңесович.
Құрметті жолаушылар, саяхатымызды бастаудан бұрын, сіздерді сақтандыру
ережелерін қатал орындауды және бұзбауды сұраймыз:
- автобус жүріп келе жатқанда ішінде жүрмеулеріңізді;
- автобус ішін ластамауларыңызды;
- автобус тоқтағанда, асықпай шығуларыңызды;
- ұялы телефонды пайдалануға;
- экскурсия кезінде сөйлеп,басқа тыңдаушыларға бөгет жасауға тыйым
салынады;
- тоқтаған кезде топтан ажырап қалмауларыңызды;
- ескертусіз кетіп қалмауларыңызды;
- автобус ішін ластамауларыңызды;
- автобус тоқтаған жағдайда, асықпай шығуларыңызды;
Саяхат аты “Алманың қаласы”. Маршрутымыз Алматы қаласының басты
көшелерінде жүргізіледі. Маршрут ұзақтығы 40 км, уақыты 3 сағ.
Енді, Қазақстан мемлекеті және Алматы қаласы туралы қысқаша мәліметке
құлақ түріңіздер:
Қазақстан жерінің көлемі ұлан-байтақ, үлкен болғандықтан оның табиғи
ландшафтары да алуан түрлі. Қ.Р. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып, 1991
жылы өз егемендігін алған тарихи кезіңде оның дербес мемлекет болып
қалыптасуына әрбір азамат үлес қосады. Ежелден-ақ көшпелі халықтар, соның
ішінде қазақ халқы, табиғатқа етене жақын, оның құбылмалы өзгерісіне
бейімделе білген.
Қазақстан мемлекеті Еуразия материгінің ортасында орналасқан. Жалпы
территориясы 2,7 млн. шаршы шақырым,халық саны 16 млн. Ауданы жағынан бүкіл
дүние жүзі бойынша 9 орын, ал Еуразия бойынша 4 орында. Ресей
Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркменстан мемлекеттерімен шектеседі. Қазақстан – демократиялық
Республика. Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Батыстан шығысқа дейін 3000 км, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км. Ең
биік жері Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі - Хан-Тәңірі (7000 м).
Ең төмен орналасқаен жер – Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы (-132
м). Жердің 10 пайызын таулы аймақтар алып жатыр. Қоныржай белдеуде
орналасқандықтан, қысы-суық, жазы- ыстық. өсімдіктің 500-ге тарта түрі бар,
соның ішінде 250- шипалы өсімдіктер. Орман қоры 21 млн. га. Орман - мол
өнімнің түрі, жануарлар мекені, адамдардың жанын сергітетін тынығу орны.
Қазақстан фаунағада бай: сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі,
балықтың 150 түрі бар. Қазіргі кезде 9 қорық, 24 табиғи ескерткіш, 62
қорықша бар. Биік тауларымыз, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Сауыр -
Тарбағатай, Алтай тауы т.б. Қазақстан аумағының табиғи аудандары, Шығыс
Европа жазығы, Батыс
Сібір жазығы, Тұран жазығы, Үстірт, Торғай үстірті, Бетпақдала, Сарыарқа,
Орал тауы және т.б. Пайдалы қазбағада, яғни рудалы және рудасыз пайдалы
қазбаларға бай.
Рекрациялық аудандарға Шығыс Қазақстандағы Рахманов бұлағы, Қапаларасан
жатады. Бурабай көлі, Барлықарасан бұлақтарының шипалы қасиеті бар жерлерді
де жатқызуға болады. Бурабай, Мойылы, Ауыл, Чор, Рахманов, Шымғай,
Жаңақорған курорттары ашылды. Тау мұздықтары, Талас Алатауы, Қырғыз
Алатауы, Сауыр және Алтай тауларында орналасқан. Мемлекетімізде 4 табиғи
зонасы бар: Орманды Дала 7%, Дала зонасы 26%, Шөлейт 23%, Шөл 44%. Ұзындығы
1000 км –ден асатын өзендері - Ертіс, Есіл, Жайық, Тобыл, Орал, Сырдария.
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Қазір 14 қала бар және 5
аймақтан тұрады. Астанамыз-Астана, орталық Қазақстанда орналасқан.
Мемлекеттік тіліміз-қазақша, ұлттық валютамыз-теңге.
Алматы қаласы - Оңтүстік Астана, деректер бойынша бұл жерде б.з.д. І
мыңжылдықта Алмату деген қалашық немесе қоныс болған, сондықтан қала
тарихы ерте кезден басталады, бірақ көшпенді елдер арасындағы
шапқыншылықтардан кейін бұл қалашық жойылып кеткен. Қазақ хандықтарының
Ресей империясына қосылуының нәтижесінде осы орында Верный бекінісі
салынды. Содан соң қаланың жаңа тарихы басталады. Ол 1929 жылдан 1997 жылға
дейін астана болып келген. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде, Тянь-Шань
тауының және Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Жалпы аумағы
– 190 шаршы шақырым, жергілікті халық саны 1,06 млн адам. Басқару органы –
қалалық әкімшілік. 1927 жылдан бері, Алматы әрі аса ірі саяси,
экономикалық, мәдени, қаржы орталыққа айналды. Қаламызда туризм саласы
жақсы дамыған, себебі, тау етегінде орналасқан, “Медеу” мұз айдыны,
“Шынбұлақ” турбазасы және “Жібек жолы” бойында орналасқан. 300 км -дей
қашықтықта туристік объектер орналасқан және 4,3 жұлдызды қонақүйлері бар.
“Анкара” және “Рахат-Палас” – 4 жұлдызды, ал “Отырар”, “Достық”,
“Астана”,- 3 жұлдызды. М. Әуезов атындағы драма театры, М. Лермонтов орыс
академиялық театры, Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық балалар және
жасөспірімдер театры, Бегалин атындағы оқушылар кітапханасы және т.б. бар.
Сондай-ақ жастарға арналған кинотеатрлар, түнгі клубтар, кафелер,
ресторандар және басқа да қызықты орталықтар бар. Республикамызда туристік
фирмалар саны жыл сайын артып келеді, сондықтан толығымен елімізде туризм
дамып келе жатыр деп толық сеніммен айта аламыз.
Қазақстан және Алматы қаласы туралы басқа да мәліметтерді саяхат
барысында айта жатармын. Экскурсиямызды ары қарай жалғастырсақ..
Енді саяхатымызды Алматы қаласының негізгі көшесінің бірі Райымбек
даңғылынан бастайық. Көшелерімізді таныстырудан бұрын не себепті ондай
атпен аталғаның атап өтейін.
Райымбек көшесі -1967 жылға дейін Ташкентская деп аталды, себебі Алматы
– Ташкент трассасының бөлігі болған. 1990 ж дейін Октябрьдің 50 ж атында
болды. Көше 1990 жылдан бері Райымбек батыр атында. Ұлы жүздің албан
руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батыр. Торайғыр тауынан
Айырлы асуына дейін ( 6 км) жерде батыр бұлағы бар. Бұл көшенің Райымбек
батыр берілуінің өзіндік мәні бар. Ол аңызбен байланысты. Дүниеден өтер
кезінде бәйбішесіне “Мен қайтыс болар күні киіз үйдің маңына ақ нар келеді
де, сол жерге шөгеді. Менің сүйегімді сол ақ нарға артыңдар. Сол ақ нардың
соңына ілесіп шөккен жеріне мені жерлеңдер”- деген екен. Айтқандай-ақ
Райымбек дүниеден өткен соң ақ нар келіпті. Шөккен жеріне жерлепті.
Батырдың сүйегі жатқан жер осы көше бойында. Мына кесене батырдікі. Ол
2004 жылы қайта жөндеуден өтті. Батырдың басына сиынуға жастар, жас
жұбайлар, қарттар тәу етіп келеді. Райымбек даңғылындағы батыр мәйітінің
(1992 ж) бетіне плитамен қаланған қалашық орналасқан. Көшенің ұзындығы
4650 м. Негізінен көшені Жетісу, Жангелдин, Нүсіпбеков, Пушкин, Қонаев,
Фурманов, Абылай хан, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Сейфуллин, Мұратбаев,
Байзақов, Ниязбеков, Гончаров, Крылов, Кудерин, Соқпақбаев, Түркебаев
көшелерімен қиылысады. Мына Сүйінбай мен Райымбек даңғылының қиылысында
“Саяхат” автобекеті орналасқан. “Саяхат” 1967 жылы құрылды. Алматы-Шелек-
Нарынқол-Қапшағай т.б. Алматы облысының аудандарынан автобустарды
қабылдайды. Қазірде бұл автобекет күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
1866 жылы пошта тракты болып ашылған. 1871-72 жылдары Верныйдың
сәулетшісі Зенков басшылығымен қарағайлар отырғызылған. Қазіргі таңда басты
көшелердің бірі. Абылайхан даңғылымен қиылысу жерінде Алматы-2 темір жол
станциясы орналасқан. Темір жолда 1880 жылдары, Ташкент көшесінде шикізат
шығару зауыттары, тұрғындарға арналған жаңармай шығару орталығы, жекеменшік
банялары және мола болған. Сол маңда жұмыс істейтін мамандар селолорда
тұрған. Түркісібті салу кезінде темір жолды салу тездете басталды. Алматы 1
және Алматы 2 станциялары қосылды. Жанындағы кейбір көшелер аты өзгертілді,
мысалы, Индустриалды-Фурманов, Бедняц-Мира, Түркімен-Абылай хан даңғылы,
Бессараб-Сейфуллин және т.б. көшелері ауысқан. Алматы – темір жол вокзалы
1939 жыл салынған. Архитекторы А.П. Галкин. 1977 жылы қайта жөндеуден
өткен. Классикалық турде және симметриялық композиция түрінде салынған.
Вокзал жанында газет сататын, аптека, сувенир сататын, почта, анықтама
бюросы және т.б. орналасқан. Шығыс бөлігінде билет сату кассасы, ресторан,
күту залы бар, ал батысында сол күні шығатын билеттер кассасы, уақытша
жүкті қоятын орын бар. Жазды күні 3,5-4 мың адамды, ал қыста 2,5-3 мың
жолаушыны тасымалдайды. Мынау, “Ақниет” жиһаз сатылатын дүкен. Ол оң
жақтарынызда болса, “Мерей” саудакешені сол жақтарынызда. “Тұлпар”
автобөлшектер сататын сауда дүкені бар. Ал, енді Райымбек көшесін тамашалап
болсаңыздар, қаламызда тағы негізгі көшесі Пушкинге бет алайық.
Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837) орыс халқының ұлы ақыны, жаңа
орыс әдебиетінің негізін қалаушы. Пушкиннің “Борис Годунов”, “Евгений
Онегин”, т.б. кітаптары бар. Пушкин шығармалары өткен ғасырдаң 2-ші
жартысында қазақ арасына тарала басталды. Абай оның шығармаларын өзі
аударып, әрі Татьяна сырын барша қазақ жұртшылығына таратты. “Капитан қызы”
тәржімаланып, 1903 ж. қазақ тілінде басылды. Пушкин еңбегі қазақ жазба
әдебиетінің дамуына, қазақ кеңес әдебиетінің туу мен қалыптасуына игі
әсерін тигізді. Алматыда көпшілік кітапханасы мен бір көше Пушкин есімімен
аталды. Пушкин көшесі , бұрын Соборный, Бульварный, ал 1899 жылдан Пушкин
көшесі деп аталған. Көшенің солтүстік бөлігі Жангелдин көшесінің
оңтүстігімен ұласады. Пушкин көшесін Райымбек батыр, Маметова, Жүргенов,
Мақатаев, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төле би, Бөгенбай батыр,
Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы, Абай даңғылы сияқты көшелері қиып өтеді.
Өздерінің көріп тұрғандай қаламыздың бас мешіті осы көшеде пайымдалады.
1899 ж дейін Ұзынағаш, бульвар деп аталған. Бұл көшеде биік
ғимараттар, көлеңкелі аллеялар бар. Көшеде, ғылыми институттар, Алматы
гиппротранс, Қашаубаев атындағы өнер мектебі, “Ақ бидай” нан дүкені,
“Алатау” мейрамханасы, орталық Көк базар, “Түркістан” сауда үйі бар.
Мақатаев көшесімен қиылысында трамвай-троллейбус жолдары жүргізілген.
Алматы транспортына қазір 60 жыл. Енді, құрметті қонақтар 28-ші
панфиловшылар паркінің алдына барып, сонда тоқталайық. Бұл парк Алматы
қаламыздың демалыс орталығының бірі. Паркке сипаттама берер алдында
Панфилов кім екенің айта кетейін.
Иван Васильевич Панфилов (1893, Ресей, Саратов обл.,Петровск қ., 1941-
Мәскеу) - әскери қайраткер, генерал- Майор (1940 ) Кенес одағының батыры
(1942). Бірінші Дүние Жүзілік,1918 –1920 ж-Азамат соғысына қатысып, 25-
атқыштар дивизиясында взвод , рота командирі болды. Киевтегі жоғары әскери
мектебін бітірді (1928), ботальон, полкті басқарды. 1937 ж қырғыз КСР –ң
әскери комиссары болды. 1941 ж соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласына
жергілікті ұлт өкілдерінен 316- атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді
қорғауға жіберілді.
1941 ж қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде
Панфилов басқарған 316 – атқыштар дивизиясын жауынгерлерінің Волоколомск
бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті. 17 –ші қарашада 316-шы атқыштар
дивизиясы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталды, Қызыл Ту
орденімен марапатталды.
Алматы облысында Панфиловтың есімімен бір көше, парк, генерал
ескерткіші орнатылған. Парктін аумағы 18 га., 70-ші жылдары салынған, онда
қара ағаш, емен, шырша т.б. талдары орналасқан. Панфилов дивизиясына
тоқталып өтсем, 2 дж соғыс кезінде 1941 ж шілде- тамыз айларында осы
Алматыда құрылған 316- атқ. див. құрметімен аталған. Парк ішіндегі
ғимараттарға тоқталсақ, ,халық музыкалық аспаптар мұражайы-1980 ж құрылған.
Онда 1000-наң астам әртүрлі қазақ ұлттық музыкалық аспаптардың алпыс түрі
жиналған. Бұл аспаптарды ақындар, композиторлар қолданған. Мұражайда ұлт-
аспаптар сазгер ансамбілі құрылған. Мұражай қазақтың оюларымен оюланған.
Сонымен бірге паркте офицерлер үйі (1908) салынған.
Архитекторы Зенков. Бұл үй мемлекеттік қорғауға алынған. Ал мына дәл
ортада тұрған кафедра соборы- Повослав деп аталады. Собор жанында кафелер
мен дүкендер орналасқан. Собор алдындағы алаңда кептерлер қоныстанады.
Собордың биіктігі 56 метр, түгелімен ағаштан салынған. 1911 ж болған жер
сілкінісі қаламыздың коп ғимараттарын киратты, еш сызат түспеген осы собор
архитектор Зенков, 1904-1907 ж аралығында салынды. Ал енді Қазыбек көшесіне
көтерілсек Панфиловқа арналған ескерткіш бар. Ескерткіш 1968 ж Б.А.Түленов
пен Т.К.Басеновтың еңбегімен салынған. Ескерткіш бронзадан құйылған,
биіктігі 2 м, асты 4 бұрышты, ол граниттен жасалынған. Бұл ескерткіш
Панфиловшылар ерлігіне тағзым мәңгілік алау салынған. Мұнда Т.Бокин,
С.Муқанов, Ж.Омаров т.б. атақты адамдардың мәйіті орналасқан. Сонымен
қатар Ауғыстан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш бар. Панфилов
паркін қоршаған көшелері Гоголь, жоғарыда Қазыбек би, оң жағы 8-ші март,
сол жағы Карл Маркс. Карл Маркс көшесімен қиылысу жерінде “Арасан” моншасы
бар.Моншаға қысқаша сипаттама берейін.
Ол 1982 ж салынған (сәлетші В.Т.Хван, инженер Қ.Р.Төлебаев. Қазақстан
мемлекеттік сыйлық 1984 ж.) Монша салу тарихында кездесе бермейтін шығыс,
орыс және фин моншаларын бір кешенге біріктіріп, шығыс сәулет өнері
үлгісінде жобалаған. Жобаның негізінде етіліп Қожа Ахмет Иасауи кесенесі
жанындағы орта ғасырлық моншаның үлгісі, сонымен бірге монша салудын
“мельниковтік”, Мәскеудегі “сандуновтық” тәсілдері пайдаланылған. Көлемі
100 мың км^2, 5 қабатты, 12 павильон мен 6 күмбес, 4 монолиттік
тағантіреуге орнатылған. Күніне 2,5-3 мың адамға қызмет етіледі. Үлкендер,
балалар бөлімі, шаштараз, космотология кабинеттері бар. Қазыбек би
көшесінде АлМУ орналасқан. Университет қасында Бегалин атындағы кітапхана
бар. Бұл университет түралы Достық даңғылын сипаттағанда айта кетемін. Парк
артында “Дом кино” кинотеатры, Гоголь көшесімен қиылысуында №1-ші емхана
орналасқан. Ал енді алдымыздағы үлкен көше –1919 жылға дейін Колпаковский,
одан кейін Ленин даңғылы деп аталған, ал мемлекетіміз егемендік алғаннан
кейін Достық даңғылы деп аталына бастады.
Достық даңғылы бұл көше қаламыздың солтүстігінде Алматы сауда
орталығынан басталып кіші Алматы өзеннің жағалап және осы өзен қиылысқан
жердегі демалыс үйлері мен санаторилер орналасқан жерге барып тоқталады.
Көше ұзындығы 8 шақырымға созылған. Достық даңғылы Төлеби, Бөгенбай батыр,
Қабанбай батыр, Жамбыл Жабаев, Тарас Шевченко, Құрманғазы, Абай, Академик,
Сәтбаев, Әл-фараби секілді көптеген көшелермен ққиылысып және ары қарай
көпшіліктің демалыс орнына айналған Көктөбеге, Медеу спорт кешеніне және
Шымбұлақ тау шаңғысы спорт базасына барар жолмен жалғасып жатыр. Достық
даңғылы салынғаннан кейін аз уақыт ішінде 30 мың тұрғыны бар сәулетті
адамдар қатарына қосылды. Ал қазіргі уақытта осы көше бойымен көптеген
зәулім ғимараттар, мейрам ханалар, ойын-сауық,кешендері, сауда орталықтары
бой көтерген және де қаламыздың көрікті әрі әдемі көшелердің біріне
айналған. Ендігі алдымыздағы достық даңғылын қиып өтіп жатқан көше қазақтың
ұлы ақыны Жамбыл Жабаев 1846 жылы оңтүстік Қазақстандағы жамбыл тауының
етегінде дүниеге келген. Қазақ халқымыздың бетке ұстар ұлы ақыны десек
қателеспейміз. Ол бала кезінен-ақ ұлы Сүйінбай ақынды піртұтқан және ұстаз
тұтқан, өнер жырға, қиса дастандарға құмар болып өскен.Ұлы отан соғысы
жылдарында өткір жырмен халықты ерлік күреске үндеген және де кедей
адамдардың қасіретін зорлық-зомбылықтарын ел арасында ашып жырлаған
болатын. Сүйімбайды ұстаз тұтқан. Соғыс туралы Жамбыл Жабаевтың Ленин
ордерімен марапатталған Москваға, Ленинграттық өнерім атты
шығармашылық туындылар бар.
Ал мына алдарыныздағы тұрған мүсінші Б.Әбішев суретшілер:
С.Баймағанбетов, С.Фазылов, Т.Ералиев, туындысы осы қазақ халқымыздың ұлы
ақыны Жамбыл Жабаевқа арналған. Қолдан құйылған биіктігі 3 метр, тұғырдың
биіктігі – 1 метр. Бұл жерде Искра атты кинотеатр орналасқан, ол жылына
230 мыңға жуық адам қабылдайды. Ал келесі танысатын танысатын көшеміз
Шевченко. Бұл көше 1814 жылы украйн жерінде дүниеге келген Т.Г.Шевченко
–украйн ақыны, суретші, ойшыл демократ. Ол 1847-1857 жылдары қазақ
өлкесінде айдауда болып, шығармаларын қазақ тақырыбына арнады: қазақ
шаңырағы, атқа мінген қазақ, байғұстар, суреттері және менің ойларым өлеңі.
Т.Шевченко орыс тілінде Катарина, Соқыр, Жетісу деген поэмалар және
350 ден аса пейзаж, портреттер салған және соның ішінде біраз суреттері
қазақ ауылының шыңдық өмірі бейнеленген. Ал енді көше тарихына тоқтала
кетсек: Бұрыңғы аты Лагерный, атына сәйкес жазды күндері әскери гарнизонның
лагерлері орналасып тұратын. Созылып жатқан трамвай жолы орталықты оңтүстік
батыспен байланыстыратын негізгі магистраль болатын. Келесі мынау бұрыңғы
Артеллерийская көшесі, ал қазіргі уақытта қазақ халқының бетке ұстар
сазгер, күйші, аспалы музыканың, күйдің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы
атына берілген. 1818-1889жж. Туған жері Бөкей ордасының Жиделі деген жері.
Алғашқы ұстазы Ханбазар, алғашқы күйшісі Ұзақ.Құрманғазының бүкіл өмірі мен
шығармашылығы әлеуметтік озбырлық пен әділетсісдікке қарсы күрес жолына
өтті. Алғашқы күйлерінің бірі Кішкентай – Исатайға арналды. Кісен ашқан,
Адай күйлерінде азаттықты аңсаған халықтың үміті, езушілерге қарсы
өшпенділігі суреттелген. Сарыарқа туындысы арқылы туған жерді, кең даланы,
халықтың қажымас күшін сипаттайды. Би күйлері – қызыл қайын, балбырауын.
Құрманғазының 60-тан астам күйлері сақталған. Шәкірттері – Диана,Ерғали
Есенжанұлы,Мендіғали Сүлейменұлы, Сүгірәлі Көкбал, Шора және т.б. енді көше
тарихынан айта кетсем: көше 1880-1890 жылдары қалыптасты. Көше кіші
Алматы өзенінен басталып өз жолымен достық даңғылын, Пушкин,Қонаев,
Фурманов, Байсеитова, Абылай хан, Желтоқсан,Наурызбай батыр, Сейфулин,
Масанчи, Ахмет
Байтұрсынов,Шарипов,Мұратбаева,Мука нова,Калачкова,Жарокова,Айманова,Га гарин
көшелерін қиып өтіп, Розабакиева көшесіне келіп шектеледі.
Ал мына алдымызда тұрған Ғылым академия компексі. Осы көшеміздің ірі
аумағын алып жатқан ғимартаттардың бірі. Бұл ғимарат 1957 жылы Ленин
мовзелейінін авторы Алексей Щусев проектісі бойынша салынған. 1932 жылы
СССР ғылым академиясының Қазақстандық базасы ретінде ұйымдастырылған
ғимарат. Ал кейіннен 1946 жылы қазақ ҚСР ғылым академиясы болып қалыптасты.
Тұңғыш президент – Қ.И.Сәтбаев сайланды. 1946-1949 жылдары академияның
ғылыми зерттеу мекемелері өндіріске енгізу үшін 900-ден астам ұсыныс
жасады. 1950 жылдың соңы – Академия жүйесінде 50 ғылыми –зерттеу мекемесі,
16 институт, 13 сектор, 2 мұражай, абсерватория, 3 ботаникалық бақ, 8
ғылыми база болды. 500-ге жуық аспирант оқыды.Ғимарат архитектурасында
класикалық үлгімен қазақтың ұлттық сәулет өнері ырғақтары бір-бірімен
үйлесім шапқан. Бұл архитектуралы шығарма үш осьті композициясын құрайды
ғимарат алдында Ш.Уалихановқа арналған ескерткіш тур, оның мүсіншісі – К.Е.
Наурызбаев, ал архитекторы болса Ш.Уалихановтың өзі. Мүсін қолдан құйылған,
биіктігі 8 метр. Тұғыр жылтырата өңделген қара түсті габбро тасымен
жасалған, және тұғырға Шоқанның өз сөзінен үзінді, салған суреттерінен
көшірме, қазақтың ұлттық ою-өнерімен көмкерілген. Ал мүсіндегі тұлғаның
өзіне келетін болсақ, Шоқанның шың есімі –Мұхамед Қанапия. 1835 жылы
қарашада құсмұрын бекінісінде туып, Сырымбетте өсті. Әкесі Шыңғыс – Абылай
ханның немересі. Оның жетіліп, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным
әсер етті. 1847 жылы күзде 12 жасында Орынбордағы Сібір кадет корпусына
оқуға түсті, 1853 жылы 18 жасында бітіріп, Корнет деген офицерлік атақ
алды.Кадет корпусында Г.Н.Потанинеммен танысып дос болды. Шоқанның орыс
ғалымы И.Н. Березинмен, ұстазыН.Ф.Костилециймен байланыста болуы, оның
ғылыми бағытын дұрыс анықтауға себеп болады. Ол Пушкин мен Лермоньов және
батыс Еуропа жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Ол 1856 жылы
Верныйға келіп (қазіргі Алматы), арнайы экспедициямен Ыстықкөлге аттанды.
Мында ол Ыстық көл аймағының картасын жасауға қатысып, сол өлкенің фаунасы
мен флорасын зерттеді. Сол жылдары құлжаға жіберіліп, өз кезіндегі
географиялық ашулар жасады. Оның жемісті еңбектері жонғария очкрктері,
қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы, ыстықкөлсапарының
күнделігі және т.б. 1857 жылы Шоқан орысв география қоғамының мүшесі болып
сайланды. 1857 жылы алатау қырғыздарына барып, қырғыз эпосы Манасты жазып
алған. 1865 жылы сәуірде алтынемел жотасы етегіндегі көшен тағаны деген
жерде сұлтан тезектің ауылында қайтыс болды. Ал мына көзтартарлық фонтан
шығыс календары деп аталады. Ол 1979 архитектор кацев, мүсінші
В.С.Твердохлебов, А.Б.Татаринов қолбасшылығымен салынды шығыс колендары
қоладан құйылған аллегориялық мүсін белгілері табақ қауыз жиегіне айнала
орналасқан. Қауыз ауданы 300 шаршы метр жерді алды.
Құрметті достар енді біз Абай алаңына да жетіп қалдық. Ең алдымен Абай
Құнанбаевқа біраз ақпарат берейін. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы қазақ
халқының жазба әдебиетінің негізін салушы,ұлы ойшыл,ақын,сазгер. Әкесі
тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін апасы Улжанның орны ерекше
болды. Абай Семейдегі Ахмет ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық
талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан
Құнанбай Абайдың оқуың аяақтатпады. Ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған
Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Семейде кездесіп кейінгі жылдары
байланысы үзілмеген орыс зиялы қауым өкілдері Абайдың ақындық
шығармашылығының демократтық бағытта қалыптасуына ереулі әсер етті.
Абай алаңы 1960 жылы Абай мен Достық даңғылдарының қиылысында Абайға
арналған ескерткіш орнатылды, және ашылу салтанатына Д.А.Конаев М.О.Әуезов,
Ғ.Ғұлам қатысып, сөз сөйледі. Авторы: мүсінші – Х.Е. Наурызбаев,
архитекторы – И.И. Белоцерковский. Ескерткіштің тұтас биіктігі 13,7 метр.
Мүсін қолдан құйылған. Тропециясы формалы тұғыр қызыл граниттен қоланған.
Мүсіннің кескін келбеті байыпты да байсалды. Бүйіріне тақай ұстаған сол
қолында қалың кітап, оң қолы желбегей жамылған шапанның шалғайында, мүсін
алға келешекке қарай жүріп келе жатқан қалпында құйыла салғандай әсер
тудырады.Қазақтың белгілі ақындары Абай ескерткішіне өлең,жыр арнаған.
Соңғы жылдары неке тұру тойы күні жас жұбайлардың Абай ескерткішіне гүл
шоғын қою салтқа айналды. Міне ендігі біздің алшдымыздағы – Республика
сарайы. Бұл ғимарат 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдық мерейтойының
құрметіне бой көтерген.Республика сарайы төңірегінде ғимараттар Абай алаңы
архитектуралық ансамбільді құрап тұр. Ғимарат архитекторы В.Ю.Алле,
В.И.Ким, Ю.Т.Ратушный, И.И.Рриженский, Л.Л.Ухоботов және тағы басқалардың
жобасы бойынша қазіргіархитектуралық үлгімен салынған. Оның көлемдік
композиция құрлымы 8 темір бетон тірекке иек орнатқан алып қайқы шатырдан
және астынғы шаршы бөлігінен тұрады. Вестибюль мен фойенің төсектес
баспалдақ арқылы ғимарат қасбетіндегі серуен алаңымен жалғасуы
перспективалық үйлесім туғызды. Республика сарайының негізгі композициялық
кіндігінде 3 мың орынды көрермендер залы орналасқан. Зал орындары тұтас
амфитеатр түрінде шешім тапқан. Сахнаның ені метр, төрі метр және залы
күрделі инжинерлік тетіктермен орналасқан. Қабырғаларының төбемен ұласар
жері ашыққабылдағандақтан шатыр еңсесікөте қалқып тұрғандай әсер береді.
Еңселі фойе төбесіне орнатылған ақшанқан люстра ғимарат интерьерін
көріктендіре түседі. Ғимарат астынан ағып өтетін табиғи өзен суы ауаны
тазартып тұратын қосымша желдеткішке арналған. Республика сарайында
қоғамдық ұйымдардың съездері, халықаралық , симпозиумдар, салтанатты
митингілер мен маңызды жиындар өтеді. Ал мынау Алматы-Көктөбе аспалы жолы –
Абай алаңы мен көктөбе демалыс комплексін байланыстыратын тіректі аспалы
жол.

Қаламыздың орталығындағы, негізгі көше - Абай ақынымыздын есімімен
аталған. Абайдың шын аты Ибрагим.
Абай даңғылы:
Абай Құнанбаев (1845-1904), қазақтың ұлы ақыны, ойлаушысы, классигі,
жаңа жазба әдебиетін қалаушы. Семей обл. Шыңғыз тауының, тобықты руынан
шыққан. Семейдегі Ахмет-Ризы мұғалімінде оқыған, одан араб, парсы,
әдебиеттерінен дәріс алған.Сурет салумен де шұғылданған. Орыстармен жақсы
тіл табыса білген. Абай творчествосына шығармалары, әңгімелері, суреттері,
орыс тілінен аударғандары, тақпақтары жатады. Олар, “Масғұт” (1887),
“Ескендір”, “Әзім әңгімесі”, және т. б. Жатқызылады. Ескендір әңгімесі
Александр Македонскиге арналған. Абай тематикалық жағынан Қазақ әдебиетін
байытты, ол оған эстетикалық сән берді, тақпақтарға терең философиялық ой
берді. Олар сегіз тақпақты,”серый туман”. Сонымен қатар, Абай композитор
және ұлттық музыканы дамытушы. Орыс тілін жақсы меңгергендіктен және орыс
ақындарымен жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, олардын кейбір шығармаларын
қазақ тіліне аударды. Олар, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонотов, И.А. Крылов.
Қазақтың көптеген жақсы ақындары, М. Ауэзов, С. Мұқанов, Ғ. мүсірепов, Г.
Мұстафин, Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Т. Жароқов және т.б. Абай әдебиетінен
үлгі алған. Өз өмірінде тек кейбір өлеңдерін ғана газет бетінен көріп
кеткен. Тек, 1909 жылы ғана (5 жыл өткен соң дүниеден қайтқанына)
Петербургкте Абайдың шығармашылық кітабы жарық көрді ,ол “Стихи
казахского поэта Ибрагима Кунанбаева” деп аталды. Ол тек бір ғана
экскизден тұрды. 1930 жылдан бері Алматыда Абай шығармалары арнай
газеттерде қазақ және орыс тілінде шыға басталды. Бағалы шығармалары 60
тілге аударылған. 1959 жылы М.Ауэзовтың әйгілі эпопеясы “Абай жолы”
Лениндік сыйлықпен марапатталған. “Абай” операсы(музыкасы А.Жұбанов,
Л.Хамида), “Абай” трагедиясы ( М.Ауэзов пен Л.Соболев) 40- жылдардан бері
театрларда қойылып, алғашқы орындарда тұрақталып тұр. Алматыда Абай
есімінде “Опера және балет театры”, Алғашқы Қазақстандық институт Қазпи
және көше берілген. Сонымен бірге Кіші Алматыда, Зайлы Алатаудың биік
нүктесі де Абай атында. Ол қызыл граниттен жасалынған, биіктігі 4010 м.
Мынау, үлкен көше Абай даңғылы деп аталады. 1960 жылға дейін Арычная
көшесі деп аталған. Достық көшесінің қиылысынан Саина көшесіне дейін
жалғасқан. Абай даңғылы Достық, Пушкин, Қонаев, Фурманова, Баисемиова,
Абылай хан, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Сейфуллин, Масанчи, Байтұрсынов,
Шарипов, Мұратбаев, Мұқанов, Байғанов, Манас, Ауэзов, Жароков, Гагарин,
Розыбақиев, Алтынсарин, Саина, көшелерімен қиылысады, одан соң 5-ші мкр.,
Алтынсарин көшесінен кейін 4,5-ші мкр., сайнадан кейін “Жетісу-3,2,1,”
тұрғын үйлері бар. Алматының батысы мен шығысын қосатын Абай жолында
автомобильдер көп жүреді. А.С. Пушкин атында мемлекеттік республикалық
кітапхана бар. Негізінен 1910 жылы құрылған, ал 1931 жылдан бері
қазақстанның ұлттық библиотекасы болып келеді. 1937 жылы Пушкин есімін
берді. 1940 жылы оқырмандар саны 9 мың, 1982 ж-55 мың. Библиотекада 20 оқу
залы бао және онда 1500 адам бір уақытта оқи алады. Мұқанов көшесімен
қиылысында М.Ауэзов атындағы театр бар. Мына, Ескерткіш М.Ауэзов. Ол 1967
жылы салынған, құрастырушы-Т.С. Досмағанбетов, арх- М.Мындықұлов.
постаменті граниттен жасалынған төртбұрышты. Мына әсем ғимарат М.Ауэзов
атындағы театр, ол 1925 жылы Қызыл-Ордада салынған. 1928 жылы Алматы
қаласына көшірілді. 1937 жылы академия атында, ал 1961 жылы Ауэзов атында
болды. Салушылар, Қуанышпаев, Қожамқұлов, Өмірзақов, Бадыров және т.б.
Мұнада көптеген көрмелер қойылады. 2 көрме залы бар- біреуі кіші зал-250
орын, екіншісі үлкен зал –1000 орын. “Қаракөз”, “Жаяу Мұса”, Еңлік-Кебек”,
“Бәйбіше-Тоқал” т.б. көрмелерін көрсетеді. Тағы бұл көшеде М.Ю. Лермонтов
атындағы драма театр бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы көшелері
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Алматы қаласының туристік фирмаларының экскурсиялық қызметін зерттей отырып, оны дамыту жолдарын ұсыну
Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ СОҒЫС ӨНЕРІ
ҚАБАНБАЙ, БӨГЕНБАЙ, РАЙЫМБЕК
Мұқағали поэзиясын мектепте оқыту жолдары
Жоңғар-Қазақ соғысындағы Қазақ батырлары
Қазақтың батыр қыздары
Пәндер