Сайлаушылардың сайлау алдындағы көңіл күйлері


Электоральдық мінез - құлық
Жоспар
Кіріспе . . .
I. Электоральдық мінез - құлықты зерттеудің теориялық негіздері . . .
1. 1 Ғылыми тұжырымдамалардың негіздері . . .
1. 2. Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңының негіздері . . .
II . Қазақстандық электоральдық мінез-құлықты зерттеу негізіздері . . .
2. 1. Сайлаушылардың сайлау алдындағы көңіл күйлері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
I. Электоральдық мінез - құлықты зерттеудің теориялық негіздері
1. 1 Ғылыми тұжырымдамалардың негіздері
Демократия танымал зерттеуші Р. Даль демократиялық мемлекет, демократиялық басқару үшін қажетті демократиялық саяси институттар қатарында:
1. Лауазымды қызметкерлерді сайлау;
2. Еркін, әділ, жиі өткізілетін сайлаулар;
3. Өз ойын еркін өткізу;
4. Балама ақпарат көзінің болуы;
5. Бірлестіктер автономиясы;
6. Жалпы азаматтық құқты көрсеткен.
Бірінші орынға азаматтардың лауазымды қызметкерлерді сайлауы қойылған, бұл өз кезегінде өкімет қабылдайтын шешімдерге конститутциялық бақылауды жүзеге асыруға мүмкін береді. Жиі өткізілетін сайлауларда еркіндік және әділдік принциптерінің сақталуы азаматтарға өз таңдауларын жасауға жағдай жасайды.
Сайлаушылар дауыс беру үрдісі арқылы өздерінінң таңдауларын, яғни қандай саяси құрылыс вариантын қолдайтындығын білдіреді. Бұл сайлаушылардың мінез-құлқынан, яғни сайлаушылардың белгілі бір үміткерге сенім көрсету; қолдау жолындағы іс-әрекетінен көрініс табады.
Саяси ғылымда сайлаушылардың мінез-құлқын зерттеудің келесі бағыттары қалыптасқан: социологиялық, әлеуметтік-психологиялық, тиімді тандау және географиялық.
Мінеки, осы сайлаушылар мінез-құлқын зерттеу әдістерінің негізінде қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқына ықпал етуші факторларды анықтап көрелік.
Социлогиялық модельдің пайда болуы ХХғ. басындағы А. Зигфрид, П. Лазарсфильд, Б. Берельсон еңбектерімен байланысты. Бұл модель сайлаушылардың мінез-құлқының негізін әлеуметтік жіктелумен анықталатын белгілі бір топтың өкілі болуынан іздестіреді. Социологиялық бағыт өкілдері дауыс берудегі топтық ерекшеліктерді қоғамдағы осы топтың алып отырған жағдайымен және топтың саяси партиялармен байланысына ықпалымен түсіндіреді.
Бүгінгі күні дамыған демократиялық мемлекеттерде сайлаушылар мінез-құлқына бұл әлуметтік-топтық белгілердің ықпалы бірте-бірте төмендеуде. Бірақ демократиялық институттары әлі тұрақты емес, демократиялық саяси қатысу тәжірибесі аз Қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқын зерттеуде социологиялық модель, біздің ойымызша, өзекті болып табылады.
Социологиялық зерттеулер сайлаушылардың мінез-құлқына, оған ықпал ететін факторларға көп көңіл бөледі Сайлау нәтижесін болжау мақсатында зерттеушілер социологиялық зерттеулерді кеңінен пайдаланатыны белгілі.
Сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық зерттеу арқылы, сайлаушылар жасаған таңдау әлеуметтік мәртебесі негізінде түсіндіріледі. Әлеуметтік мәртебе білімі, кәсібә, кіріс деңгейі негізінде анықталады.
Сайлаушылар мінез-құлқының негізінде белгілі бір топ өкілі болуы алынады. Біз сайлаушылар арасында жүргізген социологиялық зерттеу арқылы олардың дауыс беруіне ықпал еткен факторларды анықтауға тырыстық. Сонымен нақты социологиялық зерттеу әдісін қолдану бізге сайлаушылар мен олардың мінез-құлқына білімі, жынысы, кәсібі, аймағы ықпал ететінің анықтауға мүмкіндік берді.
Сауалнамаға қатысқан барлық респонденттер сайлауда дацыс беруді саяси қатысу түрі ретінде бірінші орынға қойғанымен, ал іс-жүзінде сайлауға қатысу мәселесіне келгенде оладың арасында айырмащылықтар туындайды. 2004ж. Парламент Мәжілісіне сауалнамаға қатысқан респондеттердің 65% қатысқан. Ал жас мөлшері бойынша 2004ж сайлауға:
18-30 жастағылардың - 21%,
30-45 жастағылардың - 78%,
46-60 жастағылардың - 85%,
60 жоғары жастағылардың - 95% қатысқан.
Яғни сайлауда ең жоғары белсенділік танытқан орта жастағы топ пен карт адамдар. Саяси қатысу сипатына индивидтің білім деңгеі әсер етеді. Жоғары білімді Адамдардың орта білімді және прнпйы орта білім бар адамдармен салыстырғанда сайлаудағы белсенділігі жоғары.
Мұны келесі 1 - кестеден көруімізге болады.
Жоғары білімді
Орта білімді
Арнайы орта білімді
78%
54%
33%
22%
46%
67%
Саяси белсенділікке әсер ететін келесі фактор, ол сайлаушылардың жынысы. Кестеден сайлауға қатысқан әйелдер пайызыны төмендігін көреміз (2-кесте) .
Әйел
Еркек
58%
72%
42%
28%
Біздің ойымызша, мұның бірнеше себептері бар. Демократиялық үрдістерді басымыздан кешіріп отырғанымызға қарамастан, әйелдердің саяси белсенділігі туралы қазақстандық қоғамда дәстүрлі ұстанымдар сақталып отыр. Яғни әйелдерді екінші орынға қою. оларды ер адамның сенімді серігі ретінде ғана қарастыру.
Мінеки осы қағидалар әйелдердің саяси белсенділігіне кері әсер етуде. Білім деңгейіне, кәсібіне, қарамастан, қоғамда қалыптасқан қағида біздің әйелдердің саясаттың белсенді субьектісіне айналуына кедергі келтіруде. Ал олардың өздерінің саяси позициясын білдіруі рухани немесе интеллектуалдық талаптарының көрінісі ретінде бағаланудың орнына керісінше, қоғамдға түрпейдей тиеді.
Тағы бір дәлел кезіндегі Жоғарғы Кеңес пен парламент Мәжілісінің құрамындағы әйелдер саны;
1990ж - 26,
1994ж - 22,
1995ж - 13,
1999ж - 8,
2004 - 9.
Өкінішке орай еліміздегі жетекшісі әйел екі партияның бірі - Руханият париясы 2004ж. Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлауда бар болғаны 0. 44% ддауыс жинай алды. Қазақстандық әйелдерді саяси үрдістің белсенді акторы ретінде қарастырмайды. Мұның себебі қоғамдық пікірде үстемдік етіп отырған «жетекші рөлде тек ер адам болуы керек» деген ұстанымда.
Біздің қоғамның бір бөлігіне «Әйел бастаған көш онбас» деген ұстаным өте жақын. Біз қазақтың «Ұлықта анадан туған деген мақалын еске сала отырып сол ұлықты дүниеге әкелген әйел баласы неге ұлық болмасқа?» дер едік. Қазақстан тұрғындарының 51, 9% ын құрайтын әйелдердің мемлекеттік билік органдарында алатын орны айтарлықтай жоғары емес. Жалпы мемлекеттік қызметтің әртүрлі қабатындағы әйелдер үлесі баршылық болғанымен олардың екінші сатыдағы қызметкерлерді құрайды.
Үкімет құрамындағы бірінші позицияда тұрған әйелдер саны да саусақпен санарлық. Сондықтан тек екінші роында тұру әйелдер үшін саяси қаттысу бағасын көтере түсуде. Біздің қоғамымыздың әйелдерге деген қатынасының тағы бір көрсеткіші әйелдердің саяси қатысуы, олардың қоғамдағы алатын орны туралы мәселе төңірегінде зерттеу жүргізетін де тек әйелдерлің өзі. Елбасының қоғамдағы әйелдердің рөлін көтеру туралы бастамасына қарамастан, мұны әлі де болса мойындағысы келмей отыр.
Сайлаушылардың мінез-құлқын ықпал ететін келесі фактор - кәсібі немесе қандай салада қызмет атқаратынындығы. Социологиялық зерттеу нәтижесі белсенді топты зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласындағы (дәрігерлер, оқытушылар) құрайтының көрсетіп отыр.
Сонымен сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық зерттеулер негізінде қандай қорытынды жасауымызда болады? Сайлауда жас мөлшерде боцынша жастардың гөрі орта жастағы және зейнеткерлер, жынысы, бойынша әйелдерден гөрі ер адамдар, білім деңгейі бойынша жоғары білімді адамдар, кәсібі бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласында қызмет етушілер тұратын аймағы бойынша Солтүстік және Шығыс аймақтарының тұрғындары, ал ұлты бойынша Қазақстан халықтарының арасында орыстар көбірек белсенділік танытады.
Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі келесі әдіс - Әлеуметтік-психологиялық модель. Бұл бағыт өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің жеке партияларға сенімділігін өздерін олармен саяси ұқсатуын көрсететін құралы.
Осы бағыт негізін қалаушылар Мичиган мектебі зерттеушілерінің пікіренше сайлаушылар таңдауы өзара байланысты себептер жиынтығына негізделеді. Себептердің ең негізін әлеуметтік - саяси қарама- қайшылықтарды туындататын әлеуметтік-экономикалық жағдайлар құрайды.
Себептердің келесі деңгейі әлеуметтік - экономикалық факторлардың әлеуметтік - топтық шыдамдылығы мен құндылық бағытына ықпалы. Себептердің ең жоғары деңгейі дауыс беруге тікелей ықпал ететін факторлардан тұрады. Мұндай факторлар қатарында саяси үрдістің үш жағына: кандидатқа, саяси курсқа және топтық пайдаға қатысты ұстанымдар жатады.
Себептер деңгейінде анықталған факторлар жиынтығының арасынан партиялық идентификациялау басты орынды алады. Партиялық идентификация кандидатқа саяси курсқа, топтық пайдаға қатысты ақпараттты сүзгіден өткізу рөлін атқарады.
Әлеуметтік - психологиялық тұжырым өкілдері сайлаушылар таңдауы мен оның өзгеру механизмнін түсіндіретін бірнеше қағидаларды ұсынады; біріншіден, партиялық сайлаушылардың басым көпшілігіне өздерін қандай да бір партияға жақын сезіну тән.
Екіншіден партиялық идентификация қалыптастыратын жанұя. Үшіншіден партиялық идентификация маңызды қоғамдық - саяси мәселерге байланысты өзгеруі мүмкін.
Сонымен партиялық идентификацияның мәні ұзақтығы мен сипатының өзгеруі сияқты факторлар дауыс беру нәтижелері сайлауларды бірнеше топқа бөлуге мүмкіндік береді: сақтаушы сайлаушылар, күштер қарым- қатынасын өзгертуші сайлаулар, саяси күштердің қарым - қатынасын бұзұшы сайлаулар, «Сақтаушы сайлаулар» нәтижесінде партияларға қолдауды өздерінің дәстүрлі сайлаушылары көрсетеді.
Ал бұзұшы сайлаулар барысында майлаушылар мен партиялар арасындағы әлеуметтік - психологиялық байланыс үзіледі. Партиялық жүйедегі қарым - қатынас сақталуы мүмкін, бірақ оны болжау мүмкіндігі төмендейді.
Төртінші партиялық идентификациядағы өзгерістер тек жеке индивидтерге қатысты болуы мүмкін. Мичиган мектебінің өкілі Ф. Конверс «бір қалыпты дауыс беру» тұжырымын ұсынады. Бұл тұжырымға сәйкес сайлаушылар тандауына қысқа мерзімді факторлардан гөрі партиялық идентификациясы тұрақтылық ықпал етеді. Партиялық қолдаушыларды екі топқа бөлуді ұсынады: құбылмалы және бірқалыпты. Егер адамның өзін нақты партиямен ұқсатуы күшті болса, онда ол сайлауға белсенді әрі тұрақты қатысады. Сонымен бірге мұндай адам позициясына қысқа мерзімді факторлар әсер етпейді.
Сайлаушылардың мінез - құлқын зертеудің осы жолын яғни әлеуметтік - психологиялық әдісті басшылыққа ала отырып қазақстандық сайлаушылар өз таңдауларын қандай қандай негізде жасайды? - деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Әлеуметтік - психологиялық әдіс өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің партиялық идентификациялауын көрсету құралы.
Демократиялық жүйе жағдайындағы электроралдық мінез - құлық сипатының маңызды анықтаушысы қатарында бірінші кезекте партиялық идентификация айтылады. Сайлаушының өзін - өзі белгілі бір саяси партиямен идентификациялауы әртүрлі формада көрінеді. Бірақ барлық елдерге жағдай бірдей емес екнін айтуымыз керек.
АҚШ-та партиялық идентификация саяси әлеуметтендірудің маңызды бөліктерінң бірі болып табылады. Егер американдық зерттеушілер еңбегіне сүйенсек белгілі бір партияны қолдау сезімі американдық балаларда жас кезінен қалыптастырылады. Еуропада партиялық идентификация тұрақтылығы қай әлеуметтік тпқа жататындай байланысты. Партиялық бағытты таңдауда әлеуметтік топтық сана мен топтық ынтымақтастық сезімі себепкер болады.
Қазақстанда партиялық қатысу жүйесі әлі толық қалыптасып үлгерген жоқ. Сондықтан сайлаушылардың өздерін белгілі бірсаяси партиямен идентификациялауы туралы айтуы қиын. Себебі сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде.
Социологиялық зерттеулер нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба? - деген сұраққа сауалнамаға қатысқан респонденттердің тек 32% «Ия» - деп жауап берген.
Жалпы Қазақстан азаматтарында нақты бір саяси партиямен өзін идентификаялау әлі де болса қалыптаспаған. Мұның бірден - бір себебі, біздің ойымызша, партиялық жүйенің дамуындағы ерекшеліктермен байланысты. Қазақстан азаматтарының арасындағы жаңа партиялық құрылысты мойындамаушылық пен түсінбеушілік басым. Егер тарихымыз ортқ Ресей мен салыстаратын болсақ онда ресейлік сайлаушылардың(барлық жастағы топтарда) өздерінің партиялық идентификациялауын бірнеше рет өзгерткенін айтуымызға болады. Тіптен барлық партиялардан бас тартушылық та бар.
Бірақ Ресей Коммунистік партиясы басқа партилармен свалыстырғанда өз сайлаушыларының тұрақтылығымен ерекшеленеді. Мұны 2003ж сайлаудан кейін жүргізген социологиялық зерттеулер нәтижесінде де дәлелдеп отыр. мысалға респонденттерді басым көпшілігі қай партитяға дауыс беретінінің сайлау науқаның әлде қайда ерте анықталған:
35% - Единая Ресей,
77%, - КПРФ -,
50% - ЛДПР,
14% - РОДИНА,
53% - ЯБЛОКО,
39% - СПС.
Ал өз тандауларын сайлау күні тек респондеттердің 2-3 пайызы ғана анықталған.
Қазіргі заманғы өзгерістер сайлаушылар мінез- құлқына ықпал етуші факторлар қатарын көбейіп отыр. Сайлаушылар таңдауына ықпал етуші факторлар қатарында партиялық идентификациямен қатар тақырыптық бағдарды үміткерге бағдырды, үміткерге бағдарды және әкімшілік күшті анықтауымызға болады. Сайлаушы мінез-құлқы құрылымының келесі маңызды бөлігі - жеке тұлғалардың мемлекеттік және жергілікті басқару саласында реттелуге тиіс әлеуметтік және саяси өмірдің күнделікті мәселелеріне қатынасы.
Мінеки тақырыптық бағдарда әр елде әртүрлі болып келеді. АҚШ-да саяси өмірдің күнделікті мәселері тандалады. Сайлаушыларды толғантатын мәселер идеологиялық бағдарламалармен байланысты емес, олар нақты айқын оңтайлы түсініктермен берілетін мәселелер. Олар қызмет істеп отырған басқару жүйесі мен құндылықтар жүйесіне еш қауіп төндірмей ақылға сыйымды бітімгершілік саясаты негізінде іс - жүзіндегі дау - жанжалды реттеуге қатысты болуға тиіс. Сондықтан сайлаушылар да идеологиялық декларациялар мен уәделерді емес, қызмет бағдарламасын күтеді.
Саяси пікір - таластар тақырыбы өздігінен пайда болмайды. Тіптен ол қарапайым сайлаушы санасында туындамайды да. Маңызды мәселелерді көтеру бастамасы саяси элита қолында деуімізге болады. Саяси өмірдің маңызды және өзекті мәселесі ретінде ұсынылатын саяси маңыздылық әлемін қалыптастырып отыратын да саяси элита.
Кейбір жағдайларда сайлаушыларға талқылауға ұсынылатын мәселелер түсініксіз. Мұның бірден - бір себебі саяси элита қолданатын тілге байланысты яғни олардың ойын орташа сайлаушы бұрмаланған түрде қабылдауы мүмкін. Мінеки осы жағдай партиялық идентификацияны қиындата түседі.
Қазақстандық сайлаушылар арасында да мәселе мәнін түсіндіруге қиындықтар туындап отыр. Себебі қарама - қайшы әлеуметтік - экономикалық және саяси реформалар жағдайына қазіргі заманның мемлекеттік басқару жүйесін бағалау үшін арнайы білім, ақпаратты ой елегінен өткізу қабілеті, саяси өмір оқиғаларын әр кезде назарда ұстап, оны оңтайлы процедуралар негізінде талдай алу керек. Бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдай қазақстандық сайлаушылардан шыдамдылықты, интеллектуалдық ізденісті талап етеді.
Өкінішке орай қазақстандық сайлаушылардың басым көпшілігі бұл қасиеттер тән емес. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық, шетелдік қаржыландыру, мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару реформасы, мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі сияқты және т. б мәселелер сайлаушылар үшін түсініксіз болып отыр.
Бірақ саси мақсатта (спекуляция) кеңінен қолданылуда. Сайлаушы мінез - құлқы құрылымын қалыптастырушы факторлар қатарында үміткерлердебағдар ұстауды айтуымызға болады. Бұл факторды екі жақты қарастыруымызға болады. Бір жағынан адамның саясаткердің істеген ісіне немесе болашақта істейтін ісіне қарап дауыс беруі. Екінші жағынан саясаткерді құндылық тұрғысынан қабылдау. Мінеки дәл осы бөллік саясаткердің жеке харизмасы ретінде анықталады.
Харизма саясаткердің өмірбаянына оның отбасылық өміріне, біліміне, ғылыми немесе спорттағы жетістіктеріне сонымен бірге оның жеке сүйкімділігіне - келбеті, өзін - өзі ұстай алу, сөйлей алу қабілетіне байланысты.
Осы бөлікке қатысты сайлаушылар арасында қалыптасып қалған мынадай пікірді келтіруімізге болады «мен өзі дауысымды саясатты жақсы білетін, бірақ әйелінен ажырасқан адамға бергенше, күшті саясаткер болмаса да, үлгілі күйеу және әкеге бергенім дұрыс немесе жүзіжылыдан түңілме деген, бет - әлпеті өнді адамға бергенім дұрыс және т. б.
Майлаушылар таңдауын олардың түсінігіндегі теңдік принципі мен теңестіруге ұмтылушылық арасындағы қарама - қайшылық қиындатып отыр. Кеңестік заманның үйреншікті қалыптары сайлаушыларға тиімді шешу қабылдауға кедергі келтіруде.
Мысалға партиялық идентификациялық басқа партия үміткеріне деген жақсы қатынаспен қарама - қайшы келі мүмкін. Біздің қазақстандық сайлаушылар арасында партиялық идентификация мен тақырыптық бағдарламадан көрі, жеке үміткерге бағдар ұстану басымырақ.
Яғни сайлаушылар өз таңдауын саяси партия бағдарламасына немесе үміткер көтеріп отырған зекті мәселеге байланысты емес, үміткердің жеке қасиеттеріне оған деген қатынасына көзқарастарына, жеке таныстығына байланысты жасайды.
Сайлаушы мінез-құлқын қалыптастырушы фактор ретінде қазақстандық тәжірибеде тәнтағы бір бөлік - әкімгершілік күшті анықтауымызға болады.
Әкімгершілік ықпал әкімгершілік ресурс деп айқындалып жүр. Әкімгершілік рерурс - бүл сайлаушының өзінің саяси таңдауын жергілікті билік қолына беруге дайындығы, яғни сайлаушы таңдауын қалыптастыру. Патерналистік бағыттағы азаматтар - дәл осы әкімгершілік рерурс көзі негізі. Әрине бұл үрдіс екі жақтың өзара іс - әрекеті болуы керек.
Сайлаушыларға әкімгершілік ықпал келесі жолдармен жүзеге асырылады:
1. Нақты кандидатқа дауыс беруге сендіру;
2. Сайлау нақты кезінде жауапкершілікті кәсіпорын немесе жоғары оқу орындарының жетекшілеріне жіктеу;
3. Кімге дацыс беру қажеттігін айту арқылы көмектесу;
4. Дауыс беру нәтижелеріне заңсыз тәсілдерімен ықпал ету.
Жалпы сайлаушы мінез - құлқының бөліктері бір - біріне өзара әсер етелі.
1. 2. Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңының негіздері
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңының негіздері 50 - бабының 1 тармағына сәйкес:
І. Тұлға :
1. Сайлау комиссиясының жұмысына араласқан;
2. Дауыс беруге кедергі келтірген;
3. Кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге байланысты міндеттері орынадуға кедергі келтірген;
4. Дауыстарды санауға және сайдау қорытындыларының анықтауға байланысты міндеттерді орындауға кедергі келтірген;
5. Кандидатты саяси партияны сайлау мақсатында өзінің лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
6. Сайлау құжаттарын қолдан жасау;
7. Дауыстарды көріну қате санаған;
8. Сайлау нәтижелерін көрінеу қате айқындалған;
9. Дауыс беру құпиясын бұзған;
10. Республика азаматының өз сайлау құқығын еркін жүзеге асыруына зорлық - зомбылық жасау, алдау қорқыту, сатып алу жолымен кедергі келтірген жағдайда, заңмен белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
Қазіргі демократиялық мемлекет талабыңа сай, осы конституциалық негіздерді ұстанып, сайлау жүйесі Тәуелсіздік Қазақстанда бүгінгі күні іске асырылып жатыр.
II. Қазақстандық электоральдық мінез-құлықты зерттеу негізіздері
Бүгінгі қазақстандық тәжірибеге сүйенер болсақ сайлау алдында сыйлықтар жасау, тегің ойын - сауықтық шаралар ұйымдастырылатының біз жоққа шығара алмаймыз.
Бірақ бұл заң бабы іс - жүзінде бұзылып, сақталмай отыр. Әкімгершілік ресурстты пайдалану Қазақстандық тәжірибе үшін жаңалық емес. Бұл мәселеде біз отвндық зерттеуші М. С. Машанның «Сайлауды ұйымдастырудың», 1995ж саяси жүйедегі өзгерістерге байланысты үшінші кезеңі басталды.
Бұл сайлауды мемлекеттік аппаратқа сүйене отырып өткізу. Бұл кезеңінен ерекшелігі басқа технологиялармен салыстырғанда әкімгершілік ресурсты басымырақ пайдануында - деген пікірімен толығымен келісеміз.
Тіптен бұл кеңестік дәуірдегі тәжірибені басқа формада қалпына келтіру дер едік.
Бүгінгі күні сайлау науқанында әкімгершілік ресурсты пайдалану тәжірибесі заң бабына қарамастан одан әрі қарай кеңеюде. Мысалыға: 2004ж Парламент Мәжілісіне сайлаудағы саяси әкімгершілікті бағалау мақсатында жүргізілген сауалнамаға қатысқан респонденттердің 75, 8% нақты бір партия немесе кандидат үшін дауыс бергізу мақсатында өздеріне жұмыс орындарына, оқу орындары мен тұрғылықты жерлерінде қысымшылық жасалғанын көрсеткен.
Студенттерге мемлекеттік қызметкерлерге бюджет саласының қызметкерлеріне басқа сала өкілдерімен салыстырғанда көбірек қысым көрсетілген. Сонымен бірге сайлаушыларға қысымшылық көрсету келесі қалаларда:
Қызылорда - 43, 5%,
Оралда - 38, 7%,
Семейде - 30, 8% жоғары болған. ал қысым көрсету тәсілдеріне келетін болсақ олардың қатарында өтініш әңгімелесу келеңсіз салдарлары болу мүмкіндігін ескерту жазалаумен қорқыту (жұмыстан шығару жоғары оқу орнынан шығару) көрсетілген. Тіптен әкімгершілік күш пен сайлаушы арасындағы байланыста өзіндік лексика қалыптасты.
Егер оқудан шығып қалғың келмесе, «Нақты бір кандидатты қолдау керек, себебі оны жоғарыдағылар қолдап лтыр» деген сияқты талқылауға жатпайтын қарсылықты қабылдамайтын, жауапты күтпейтін монолог.
Әрине сайлау науқаныда әкімгершілік күшті кеңінен қолдану тек Қазақстанға ғана емес басқа ТМД елдеріне де тән. Әлемдік тәжірибе де «күштеп дауыс беруге қатыстыру - әлі де болса Италия, Греция, Бельгия, Венесуэла сияқты елдерге сақталып отыр. Осы мақсатта негізінен әртүрлі моральдық және материалдық күштеу шаралары қолданылады.
Мысалыға Италиядағы сайлауға себепсіз қатыспаушылық 5 жыл бойы сот органдарында тіркеледі, аал коммуна мэрлері себепсіз сайлауда дауыс
беруден бас тартқандар тізімін көпшілік жерге іліп қояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz