Ұңғымаларды жерасты жөндеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және
жоспарлау ... ... ... ... ...4
2. Энергетика шаруашылығын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Ұңғымаларды жерасты
жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.8
4. Қабат қысымын ұстау жөніндегі
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
5. Мұнайды әзірлеу және
айдау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..16

КІРІСПЕ

Зерттеу мақсаты. Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім,
жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық
өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және
біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа
экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын
өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады.
Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды
жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда –
материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен
құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді
кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің
жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді
көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды
қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға
берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы
кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға
мүмкіндік береді.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық
кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып
отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз
етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің
артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып
отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен
жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен
газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені
еліміздің халық шаруашлығының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Ол өз құрамында отын ресурстарының өндірісі мен өңделуін, оларды түрлендіру
мен тікелей жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы болатындай түрінде және
белгілі бір сапалық параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін
кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен технологиялық объектілерді
біріктіреді. Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отын-
энергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және отынды
республиканың аймағынан тыс шығару және электрқуатының берілісін жүзеге
асыра алады. Қазақстанның ресурстар мен энергия сыйымдылығының жоғары
дәрежесімен сипатталатын халық шаруашылығының қалыптасқан құрылымы отын-
энергетикалық шикізатын ұтымды пайдалануды қажет етеді.

1. Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау

Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік
процестің қалыпты жүрісі қосалқы өндіріс арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл
кәсіпорындарда қосалқы процестер сан-алуан түрлі болып келеді және оларға
мәні мен өндірістік-шаруашылық бағыты бойынша әртүрлі болып келетін
жұмыстар жатады. Бұрғылау мен қазуда қосалқы өндірістің аса маңызды
бағыттарына келесілер жатады:
• негізгі өндірістік қорларды күтімге алу және қалпына келтіру (сондай-
ақ жабдықты жөндеу);
• кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелерін бу-сумен қамту және энергиямен
қамту;
• көлік және қажетті шикізатты, материалдар мен дайын өнімді сақтау;
• ұңғымалардың, мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың сапасын техникалық
бақылау.
Құрал-жабдықты жөндеу, энергиямен қамту, мұнайдың, мұнай өнімдері мен
газдың сапасын техникалық бақылау тәрізді процестерді ұйымдастыру ісі
әртүрлі мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында көбінеки бірдей болып
келеді, алайда ол өндірістің ерекшелігімен негізделген кейбір
ерекшеліктерге ие.
Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында құрал-жабдықты, ғимараттар
мен құрылыстарды күтімге алу мен жөндеу жұмыстары үлкен көлемде орындалады.
Жоспарлы-алдын алу жөндеу деген атауға ие болған бұл жұмыстардың басты
мақсаты сол не өзге түрдегі объектілерді олардың ұзақ мерзімділігі мен
өнімділігін мүмкіндігінше арттырудың есебімен сенімді қызмет етуін
қамтамасыз етуге негізделген. Тәжірибеде жөндеудің негізгі үш түрі
қолданылады: қараудан кейінгі, жоспарлы-алдын алу (мерзімді) және жоспарлы-
мәжбүрлі (стандарттық).
Қараудан кейінгі жөндеу кезінде құрал-жабдық сол не өзге түрдегі
жабдықтың шамамен алынған қызмет ету мерзімдеріне негізделумен мерзімді
жөндеуге түсіп отырады.
Жоспарлы-алдын алу жөндеу ғимараттардың, құрылыстардың және т.б.
жоспарланған мерзімдерде жөнделуін ескереді. Бұл ретте жөндеу жұмыстарының
іс-жүзіндегі көлемі қараулар мен ақаулы ведомостерді құрастыруға
негізделумен анықталады.
Стандартты жөндеулер (мәжбүрлі) түзілімдер мен бөлшектерді олардың тозу
дәрежесіне байланыссыз ауыстырумен жүргізеді және олар алдын-ала қарауды
қажет етпейді.
Жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесіне келесідегідей жұмыс түрлері кіреді:
а) жөндеуаралық күтімге алу;
ә) техникалық қараулар;
б) мерзімді жоспарлы жөндеулер (ағымдағы, орташа, күрделі).
Жөндеуаралық қарау кезінде алдын-алу сипатындағы жұмыстар жүргізіледі.
Ол құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың күйін бақылаудан, құрал-
жабдықтар мен машиналарды дер кезінде реттеу, майлау және олардың жұмыс
режимін бақылап отырудан құралады. Бұл жұмыстарды операторлар, машинистер,
кезекші шеберлер мен жөндеушілер орындайды.
Техникалық қараулар орын алған ақаулылықтарды анықтауға және оларды дер
кезінде алдын-алуға арналған. Олар бұрғылау кәсіпорындарының, мұнай
шаруашылықтарының, құбырлық магистральдердің, мұнай базаларының, жерасты
қоймаларының және басқа объектілердің сенімді жұмысын қамтамасыз ететін
алдын алу шараларының кешені болып келеді. Техникалық қараулар екі түрге
бөлінеді: техникалық қараулар-1 және техникалық қараулар-2, олар
жұмыстардың көлемі мен құрамы бойынша айырмашылықтанады. Құрылыстардың,
құрал-жабдық пен машиналардың текке тұру уақыты техникалық қараулар мен
жөндеулерге арнап бекітілген нормаларға сәйкес анықталады.
Мерзімді жоспарлы жөндеулер ағымдағы (ұсақ), орташа және күрделі
жөндеуге бөлінеді.
Ағымдағы (ұсақ) жөндеу барысында қызмет ету мерзімі барынша қысқа
болатын бөлшектер ауыстырылуы мүмкін. Орташа жөндеу қызмет ету мерзімі екі
орташа жөндеудің арасындағы кезеңге тең болатын тозған бөлшектерді
ауыстыруға, қалпына келтіруге арналған. Орташа жөндеуге ағымдағы жөндеу
жұмыстары да енгізіледі. Күрделі жөндеу барлық құрылыстардың, құрал-жабдық
пен машиналардың оларды толықтай бөлшектеумен жөнделуін қамтамасыз етуі
тиіс. Күрделі жөндеу кезінде құрал-жабдықтың әрекеттілігі толығымен қалпына
келтірілуі тиіс. Барлық жұмыс түрлері белгілі түрдегі реттілікпен
жүргізіледі. Екі күрделі жөндеудің арасындағы кезең ішінде бірнеше рет
жоспарлы қараулар, ағымдағы және орташа жөндеулер жүргізіліп отырады. Бір
күрделі жөндеуден екінші күрделі жөндеуге дейінгі бұл кезең жөндеу циклы
деп аталады. Жөндеулер мен алдын-алу қарауларының саны мен тәртібі жөндеу
циклының құрылымын құрайды. Кез келген түрдегі екі іргелес жөндеулердің
арасындағы уақыт жөндеуаралық кезең деп аталады.

2. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру

Мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарында энергетика шаруашылығы қосалқы
өндірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіпорындар электр және жылу
қуатымен аудандық станциялардан, сондай-ақ меншікті электрстанциялары мен
қазандықтардан қамтамасыз етіліп отыруы мүмкін.
Мұнай өндірісінде электрқуатының шығыны 1 т. Мұнайға қатысты
есептеледі. Электрқуатының шығынын есептеу үшін орнатылған қозғалтқыштардың
қуаттылығы, агрегаттардың машиналық уақытының коэффициенті, қуаттылықты
пайдалану коэффициенті мен тәулігіне жұмысқа арнап жоспарланған сағаттардың
саны есептеледі. Жарықтандыру қажеттеріне қатысты электрқуатына деген
қажеттілікті жарықтандырылатын алаңды, жарықтандыру нормалары мен
жарықтандыру сағаттарының санына негізделумен анықтайды.
Жылумен қамту
Жылу қуаты бу мен ыстық су түрінде тұтынылады. Бу технологиялық және
қозғалту қажеттеріне арнап жұмсалады. Мұнай базалары, мұнай шаруашылықтары
мен МӨЗ-лардың тауарлық-шикізат парктерінде бу сорғыштардың жетегіне, мұнай
мен мұнай өнімдерін ыдыстар мен цистерналарда ысытуға және т.б. арнап
қолданылады. Аса қуатты жылу шаруашылығы өзіндегі бу құбырларының ұзындығы
ондаған километрді құрайтын мұнай өндіретін зауыттарда құрылады. Сатылып
алынатын электрқуатының ақысы тарифтер бойынша төленеді. Буды меншікті
қазандықта шығарған жағдайда тиісті калькуляция әзірленеді. Кәсіпорынның
шығындарына күтімге алушы қызметкерлердің еңбекақысы, отынның бағасы,
амортизация, цехтық және басқа шығындар жатады.
Мысалы, будың өзіндік құнының есебі төмендегідей болады: жылдық жұмсау
мөлшері – 1500 мың Гкал; будың бағасы 1 Гкалы үшін 4,8 ақш. Бірл., будың
шығындары – 5%; кәсіпорынның буды үлестіру мен пайдалануға жұмсайтын
шығындары – 380 000 ақш.бірл.
Шығындарды ескерумен тұтынылған будың мөлшерін анықтайық:
15 000 000 0,95 ≈ 1 579 000 Гкал бу.
ТЭО-дан сатылып алынатын будың бағасы келесі соманы құрайтын болады:
4,8 · 1 579 000 = 7 579 200 ақш.бірл.
Кәсіпорын үшін будың өзіндік құны келесі шамаға тең болады:
(7 579 + 380 000) 1 579 000 = 5,04 ақш.бірл. Гкал
Энергетика шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру барысында энергетикалық
құрал-жабдықты бұрынғысынан да тең түрде жүктемеленуіне, технологиялық
сұлбаларды жетілдіру, құбырларды жылыту сұлбаларын ұтымды ету және қуаттың
меншікті шығынын азайту мәселелеріне үлкен көңіл бөлініп отыруы тиіс. Мұнай
және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында жылу ресурстарын үнемдеудің аса
маңызды бағытына жылуды (түтін газдарының, судың жылуын және т.б.) қайталап
пайдалану айналуы мүмкін.

Сумен қамту
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының суға қатысты жоспарланып
отырған қажеттігі жүргізілетін жұмыстардың көлемі мен бір жұмыс бірлігіне
жұмсалатын судың нормаларына сәйкес анықталады. Жұмсалған судың ақысы
кубтық метрге қатысты есептеледі. Орталықтандырылған түрдегі сумен қамту
кезінде техникалық суға жұмсалатын шығындар Шс келесі формула бойынша
есептеледі:
Шс = С · t · Бс, (3)
мұндағы, С – судың сағатына куб.метрмен көрсетілген жұмсалуы;
t – объектінің сағ. Жұмыс істеу уақыты;
Бс – 1м3 судың ақш.бірлікпен көрсетілген прейскуранттық бағасы.
Объектіні жергілікті көздердегі (өзендердің, көлдер мен т.б.)
техникалық сумен немесе ұңғыманы қазу арқылы қамтамасыз еткен жағдайда 1м3
суға жұмсалатын шығындарды калькуляциялау арқылы біледі.

Көлік
Көлік шаруашылығының міндеттері – бұл өндірістік процеске сәйкес барлық
жүктерді үздіксіз түрде тасымалдау, көлік құралдарын жарамды және жұмысқа
қабілетті күйінде ұстау, көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарына жұмсалатын
шығындарды азайту.
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы көлік шаруашылығы жүктерді
өндіріс саласынан тұтыну саласына тасымалдайды (магистральдік көлік) немесе
жүктерді кәсіпорындардың арасында тасымалдайды (цехаралық көлік, шаруашылық
ішіндегі көлік және т.б.). Мұнайды, мұнай өнімдері мен газды сыртқы
тасымалдау әртүрлі құралдармен орындалады.
Кәсіпорынның көліктік қызметінің міндеттері, оларға төмендегілер
жатады:
• көлік қызметінде қолданылатын нормативтерді әзірлеу;
• жүк ағымдары мен жүк айналымын есептеуге негізделумен барлық көлік
түрлеріне қатысты қажеттерді жоспарлау;
• қосалқы бөлшектерге және оларды сатып алуға деген қажеттілікті
анықтау;
• кәсіпорынды барлық көлік түрлерімен қамтуды жедел түрде жоспарлау
және диспетчерлеу;
• өндірістік процестерді көліктік құралдармен қамту;
• көліктік құралдардың қараулары мен жөндеуін ұйымдастыру;
• қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• көліктік құралдарды күтімге алуды ұйымдастыру;
• жаңа көліктік құралдармен қамту, оларды мемлекеттік органдарда
тіркеу, жүктер мен адамдарды тасымалдауға лицензиялар алу, көліктік
құралдарды шығынға жазу және кәдеге жарату.
Көлік қызметіне деген қажеттерді тиімді жоспарлау үшін кәсіпорынның жүк
айналымы мен жүк ағымдары белгіленеді.
Жүк айналымы – бұл кәсіпорында белгілі бір уақыт аралығында
тасымалданатын барлық жүктердің жиынтығы (немесе кәсіпорынның барлық жүк
ағымдарының жиынтығы). Жүк ағымы – цехтар мен қоймалардың арасында белгілі
бір уақыт аралығында тасымалданатын жүктердің саны (т, дана, кг).
Жүк ағымдары тасымалданатын жүктердің түрлеріне, жөнелту мен жеткізу
пунктілеріне, пунктілердің арасындағы қашықтықтарға, тасымалданатын
жүктердің көлеміне, тасымалдаулардың жиілігі мен мерзімділігіне
негізделумен есептеледі. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы
мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау көлігі көбінеки бүкіл
өндірістік процесстің тиімділігін белгілейді. Сол себептен кәсіпорын
ұжымының маңызды міндетіне көліктің қызметін вагондардың текке тұрын
азайту, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру деңгейін арттырудың,
көліктің технологиялық процесін негізгі өндірістік цехтардың жұмысымен
тығыз байланыстырудың арқасында жақсарту жатады. Мұнай мен газды
тасымалдаумен қатар көлік шаруашылығы құрал-жабдықты, материалдарды, отын
мен басқа материалдарды жеткізу ісін жүзеге асырады.
Көліктің жұмысын зерттеу нақты және жоспарлы жүк айналымын, көліктік
құралдардың техникалық күйі мен оларды пайдалануды, пайдалануды, жөндеуді
ұйымдастыруды талдаудан және тағы басқа факторлардан құралады. Мысалы,
автомобиль көлігіне арнап автомобильдердің техникалық әзірлігін, жүрісін
пайдалануды, жүк көтерімділігін және т.б. сипаттайтын көрсеткіштер
белгілейді. Автомобильдердің техникалық әзірлігі кәсіпорынның көліктік
құралдарын пайдалану мүмкіндігі туралы айтады:
Кт.ә. = nт n (4)
мұндағы, Кт.ә- автомобиль паркінің техникалық әзірлігінің коэффициенті;
nт – техникалық тұрғыдан жарамды автомобильдердің саны;
n – паркте бар автомобильдер.
Жүрісті пайдаланудың тиімділігі жүктемеленген автомобильдердің жүрісі
мен бос күйіндегі жүрісінің (бос жүріс) арасындағы қатынасымен белгіленеді:
Кж.п. = L L + L0 (5)
мұндағы, Кж.п. – жүрісті пайдалану коэффициенті;
L – жүгі бар автомобильдің жолы, км;
L0 – автомобильдің бос жүрісі, км.
Жүк көтерімділігін пайдалану автомобильдің жүктемесін сипаттайды:
К жүк = Qq · m (6)
мұндағы, К жүк – автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану коэффициенті;
Q – тасымалданған жүктің салмағы, кг;
q – автомобтльдің оның паспортына сәйкес жүк көтерімділігі, т;
m – орындаған сапарлардың саны.
Көліктің жұмысын жақсартудың негізгі бағыттарына келесілер жатады:
тасымалдауларды көліктік құралдарды пайдалануды жоспарлау мен оны жақсы
пайдалану деңгейін арттырудың (орталықтандырылған тасымалдарды, жүріс
уақытын арттыру және т.б.) арқасында ұтымды ету, тиеу-түсіру жұмыстарын
және құю-ағызу әрекеттерін кешенді түрде механикаландыру және
автоматтандыру, жолдарды салу және жеткілікті дәрежедегі мықты жөндеу
базасын құру.

3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу

Шаруашылықтарда ұңғымалардың жерасты жабдықтарының ағымдағы және
күрделі жөндеулерін жүргізеді.
Ұңғымаларды ағымдағы жерасты жөндеу жерасты пайдалану жабдығын мұнайды
өндіру жоспарын орындауды қамтамасыз ететіндей жұмысқа қабілетті жағдайда
ұстауға арналған шаралар кешені болып келеді. Ағымдағы жерасты жөндеу
жоспарлы-алдын алу жөндеулерін тәртібімен жүргізіледі. Алайда тәжірибеде
ұңғымаларды қалыпты пайдаланудың немесе жоспарлы-алдын алу жөндеу
мерзімдерін өткізудің салдарынан болған кез-келген түрдегі бұзушылықтарын
жою мақсатында қалпына келтіру жөндеулері де жүргізіледі. Мұндай бұзушылық
дебиттердің төмендеуіне немесе мұнайдың берілуінің толық тоқтауына әкеп
соқтырады.
Ағымдағы жерасты жөндеулеріне келесілер жатады:
1. сорғыны немесе оның жекелеген бөлшектерін ауыстыру;
2. сорғылық қарнақтардың үзілуін немесе ағытылып бұралуларын жою;
3. сорғылық-сығымдағыш құбырларды немесе қанақтарды ауыстыру;
4. сорғыны жуу;
5. құмдық тығындарды тазалау және жуу;
6. көтергіш құбырлардағы ағып кетулерді жою;
7. жұмыстық жалғастырғыштарды, іске қосу айлабұйымдарын тексеру;
8. көтергіш құбырлардың батырылуын өзгерту;
9. сорғыш зәкірді тазарту және т.б.
Жерасты жөндеудің құрамына кіретін ұңғымаларды жерасты және күрделі
жөндеу цехы орындайды. Жұмыс барысында ұңғыманың сағасының жанында оператор
және оператордың көмекшісі, көтергіш трактордың қасында машинист тұрады.
Ұңғымалардың ағымдағы жөндеуін жүргізбес бұрын әзірлеу бригадасы
келесідегідей әзірлік жұмыстарын жүргізеді:
1. ұңғыманың жанына құбырларды, қарнақтарды, көтергіш блокты, ұршықты
(вертлюг), шлангіні, тарталдық арқанды және т.б. әкелу;
2. мұнараны немесе арқалықты ортаға орналастыру, олардың тартпасын
тексеру;
3. тальдерді жабдықтау;
4. алаңшаны тракторлардың жұмыс істеуіне арнап дайындау;
5. едендерді, көпіршелерді жөндеу;
6. арқалықтың мұнарасындағы шығыршықтарды немесе қалпақшаны орнату
немесе ауыстыру;
7. жалғастырғыштарды оларды жинақтаған кезде екі түтікшеге бекіту;
8. құбырларды көпіршелерге қатар-қатар етіп жатқызып қою, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағымдағы жер асты жөндеудің жобасы
Мұнай эмульсияларын қыздыруға арналған қыздыру блоктары
Мұнай газ өндіру компанияларының нарықтық жағдайы
Көмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері
Іңкәй уран кенорны
Ұңғымаларды жөндеу жұмыстарының классификаторы
Өзен кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу
Жерасты уран қазу жұмыстарының арнайы сұрақтары
Солтүстік Қарамұрын кен орны
Азаматтық құрылыстағы бұрғылау қондырғылары, жабдықтары
Пәндер