Жазушының Өскен өркенде тебірене суреттеген сүйікті қаһармандары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Өскен-өркен романы. Кейіпкерлері. Оқиғалар
Орындаған: Айдаулет Б. Е.
Тобы: ИП-19-3к2
Қабылдаған: Халикова Н. С.
Шымкент
Мұхтар Әуезовтің әдеби мұрасы .
Жазушы, драматург, ғалым, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері ретінде Әуезовтің әдеби мұрасы аса мол әрі жан-жақты. Бұрын жазылып, кейін қайта айналып соғуға мүмкіндігі болмаған кейбір көркем шығармалары, ғылыми еңбектері мен мақалаларының жобалары, хаттары, жолжазбалары, ғылыми диссертациялық еңбектерге жазған пікірлері де әдеби мұраға жатады. Алғашқы туындысы - «Қазақтың өзгеше мінездерінен» бастап, бітпей қалған соңғы «Өскен өркен» романы, «Америка әсерлері» атты сапарнамасы мен «Есте болар сөздер» деген атпен жазып жүрген әр алуан ойлар, толғаныстар, бейнелі сөздер жиынтығынан тұратын жазбалары сияқты мұралары көпке мәлім. Мұралық құнын арттыра тұсетін «Еңлік - Кебек», «Қарагөз», «Хан Кене» пьесаларының 2-3 нұсқалары болса, одан кейінгі туындыларының көпшілігінде бұл жағдай жиі кездеседі. 30-жылдарға дейінгі жазғандарының қолжазбалары бізге жетпегендіктен, олардың ерекшеліктері туралы айту қиын. Одан бергі «Түнгі сарын», «Тартыс», «Абай» (трагедия), «Абай жолы», «Алуа», «Әйелжолы», «Түркістан солай туған», «Дос - Бедел дос», «Өскен өркеннің» нұсқалары да мұра ретінде саналады
«Өскен-өркен» романы
М. Әуезов өзінің әйгілі эпопеясын 1956 жылы толығымен аяқтап, сүйікті геройы Абайды туған халқына табыстағаннан кейін де жаңа белеске ұмтылды. Көргені, түйгені мол кемеңгер жазушы уақыт өте келесі бір үлкен суреткерлік жоспар жасады. Енді «Абай жолында» суреттелген дәуірге жалғастыра, XX ғасырдағы қазақ өмірін суреттейтін бес томдық эпопея жазуға кірісті. Оның, бірінші кітабы 1905-1917 жылдар аралығын, екіншісі - азамат соғысы жылдары, үшіншісі - алғашқы бесжылдықтар, төртіншісі - Ұлы Отан соғысы жылдары, бесіншісі - 50-60 жылдар аралығын қамтуға тиісті болатын. М. Әуезов эпопеяны бірінші кітаптан бастамай, соңғы кітаптан, бүгінгі күн тақырыбынан бастады. Заман солай талап етті, халық соны күтті. «Жазушының өз заманы алдындағы жауаптылығы, - деп жазды, М. Әуезов - ең алдыңғы қатардағы ең үлкен жай екенін ұмытуға болмайды. Заманымыздың жан түкпіріндегі, жүрек тереңіндегі сыры мен шынын ашу үшін өзіміздің де күресімізді соған үйлес ашу керек». Бірақ ажал оның дегеніне жеткізбей, жоспарланған көп туындының тек бір кітабының ғана нұсқасы жазылып қалды. Бұл кітап «Өскен өркен» деген атпен 1962 жылы жарияланды.
Романда суреттелетін Оңтүстік Қазақстан өмірі, тарихы, мәдениеті мен дәстүрі М. Әуезовтің ерекше ілтипатпен игерген тақырыбының бірі деуге болады. Отызыншы жылдары-ақ жазылған «Білекке білек», «Жуалы колхозшысы» секілді очерктері бұған дәлел. Өзінің ғылыми зерттеулерінде де («айтыс»т. б. ) М. Әуезов Қаратау, Сыр бойының ежелгі бай мәдениетін, тарихын, әдебиетін жан-жақты білетіндігін көрсеткен.
Жазушының «Өскен өркенде» тебірене суреттеген сүйікті қаһармандары: Нил Карпов, Жандос Асанов, Әсия Әлімова, Айсұлу, Ілиястар - мақсат-мұраттары биік, жан сезімдері терең, толғаныстары мол жаңа адамдар.
Бұлардың ішінде автор жүрегін кең ашып табысқан басты геройы Нил Карпов - облыстық партия комитетінің бірінші секретары. Бұл - М. Әуезовтің өзі көп уағыздаған, мұрат еткен, интеллектілі герой. Қайтыс боларының аз-ақ алдында М. Әуезов «Литературная газетада» жарияланған мақаласында: «Менің геройым биік интеллектінің адамы, орыс мәдениетінің өкілі. Оның қатысты емес ісі жоқ, қазақ халқының өнері мен әдебиеті болсын, жастардың тұрмыс құрған жаңа қоғамы болсын - осының бәрін ол білгісі келеді, махаббатты ескі әдет-ғұрыптардан қорғайды. Ол өзінің барлық күш-жігерін жұрт үшін бағыштап, адамның жақсы өмір сүруіне қызмет етеді», -деген еді.
Шынында да Карпов автордың өзі мінездегеніндей, нағыз «партия адамы», «ұлы адамгершіліктің үлгісі», «бүгінгі советтік қайраткер» болып шыққан. Ол өз айналасындағы қандай іс, оқиға болмасын, бәрі-бәріне қоян-қолтық аралысып, зер салып жүреді. Бас кейіпкер Карпов шопандар ортасына барады, адамдар тағдырына көмек етеді, керек кезінде қол ұшын береді. Ол халыққа үйретіп қана қоймайды, одан өзі де үйренеді. Қазақстандағы мал шаруашылығы мәселелеріне, шопандар тұрмысына, мәдениет мәселелеріне, әдет-ғұрыпқа деген автор мен кейіпкер көзқарасында ішкі бірлік, түсінушілік молынан кездеседі. Өзінің көп ойларын Әуезов осы сүйікті кейіпкерлерінің көкірегіне құйған. Мысалы, М. Әуезов шопандардың қазіргі күні де баяғы ескі тұрмыс-тіршілікпен өмір сүріп жатқанына турашылдық, төзбестікпен қарап, кейіпкер Карповтың аузына мынадай сөздер салады: «Кейбіреулер «қазақ үйренген, шопандар қыста да, аязда да киіз үйде тұра бере алады. Ондаған ұрпақтар осылай тұрған»-дейді . . . Өтірік, жан ашымастан туған өтірік», - деп шырылдайды.
Карпов адамның қоғамдағы орны биік болуын тілейді. Еңбек адамын ардақтау, оның жай-күйін ең алдымен ойлау - басты міндет деп ұғады. Егер бір жерден еңбек адамының тұрмыс-халіне немқұрайдылықпен қараушылықты көрсе төзбейді, зығырданы қайнайды, кемшіліктердің бәрі де Карповтың жанына аяздай батады, ол қиналады, терең толғанады.
Романдағы Жандос Асанов та - қоғамымыздағы жаңа типті адам. Ол ұзақ еңбек жолын кешкен, жауапты қызметтер атқарған, көргені, түйгені көп қарт. Бірақ уақыт екпінімен ілесіп, өмірдің келелі-келелі мәселелеріне араласып отырады. Карповты толғантқан проблемалар Асановты да терең ойға шомдыртады. Қоғамның саналы азаматы Асанов өзі өмір сүрген қоғамнан шет қалмау принципін ұстанады. Романдағы бұрын белгісіз, жаңа әдеби образдың бірі - обкомның екінші секретары Алмасбек Жайлыбеков. Ол теңізде, Балтық флотында қызмет істеп шыныққан қазақ, сондықтан да қазақ әдебиетіндегі тың образ. Ақылдылығы мен білімділігінің үстіне партия жұмысында мол тәжірибе алған адам. Карпов пен Жайлыбеков тек қана ортақ «тіл табысқан» адамдар емес, ұғымы, көзқарасы үйлескен, бірінің білмегенін бірі біліп, бірін-бірі толықтырып отыратын шын серік, түсініскен адамдар. Халық ортасында туып өскен Алмасбек еңбек адамдарымен сөйлесіп, тіл табыса біледі, адамдардың мұң-мұқтажын таниды. Сонымен қатар ол әдебиетті, өнерді, әсіресе халық ауыз әдебиетін жақсы біледі. Ол рухани өресі биік жан.
Жас интеллигент әйел Әсия - оқыған, білімді, өнегелі жаңа жас қауымның өкілі, ол - еңбекте іскер, тұрмыста инабатты, өмірінің ішкі, тысқы мәселелері жөнінде де терең ойлайтын қабілеті бар, мол білімді, биік мәдениетті адам. Жақсылыққа қуанып, кемшілікке күйзеледі. Б. Майлин бейнелеген Раушан мен Әсияның сипаттарын салыстырғанда, олардың бір бағытта алынған образдар бола тұра, интеллекті дәрежесі жөнінен көп айырма бар. Әсияның үлкен күрделі мәселелерді ұғынуға, тіпті мемлекеттік қорытынды жасауға да өресі жетеді. Ол Қазақстанға жаңадан келген Карповты Республика өмірінің сан алуан салаларымен таныстырып, кейде оған кеңес те беріп отырады. Мұндай әйелдер бұрын некен-саяқ болса, енді олар партия қызметінде, өнерде, ғылымда, медицинада жауапты роль атқарып жүргенін көрсетеді. Сәтті шыққан Әсия образы арқылы жазушы бүгінгі өскен қазақ әйелдерінің сипаттарын шебер жинақтай білген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz