Қазақстан Хрущевтың жылымығы жылдарында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   

1-дәріс. Кіріспе. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы.

1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті.

2. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи кезеңдері

Дәрістің мақсаты: студентерге «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың, мәнін, міндеті мен мақсатын ұғындыру; Қазақстан жеріндегі тас және қола дәуірінің өзіндік ерекшеліктеріне сиппатама беру.

Негізгі терминдер : жазба деректер, археологиялық деректер, палеолит, мезолит, неолит, энеолит, рулық қауым, патриархат, матриархат, «неолиттік төңкеріс», андронов мәдениеті.

1. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз өте күрделі кезең кешіп отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, құқылы мемлекет екендігі жариялады. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Кеңестер Одағының құрамында болып келді. Жасыратын жоқ, осы жылдары біздің тарихымыз көптеген бұрмалау мен қателерге тап болды. Сол себепті, тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды мәселенің бірі - ұлттық тарихын қайта дамыту, жаңарту болып табылады.

Белгілі бір сөз бар ғой: «Тарихсыз халық жоқ». Тарих - әр халықтың есі. Ол болып кеткен нәрсе, оны түзеуге, қайтадан көшіріп жазуға мүмкін емес. Сондықтан осыған байланысты, біз өзіміздің тарихымызды біртұтас ретінде, бүкіл оның қайшылықтарымен, қайғылы және қаһарман кезеңдерімен қабылдауымыз керек.

Тарих дегеніміз тек қана өткен-кеткен туралы баяндау, немесе өткен уақытты зерттейтін ғылым емес. Сонымен бірге, өткен-кеткен әрқашан жеке адамда, әр халықта, жалпы адамзатта өшпес ықылас оятады. Осымен байланысты, біз әрқашан өткенді түсінуге, білуге ыңталанамыз. Сонымен қатар, өзін сыйлайтын әр адам, өзінің елінің, жерінің тарихын білуге міндетті. Тек ғана тарихи күндердің, оқиғалардың тізімін емес, тарихи 1. Дүние жүзінде мыңнан аста халық тұрады. Олардың халық болып қалыптасуының өзіндік жолдары бар. Ал халық болып қалыптасу бір ғасырдың ғана емес, бірнеше мыңдаған жылдардың жемісі. Қазақ халқының қалыптасу процесі қалай ұзақ болса, оны зерттеу оданда күрделі. Бұл мәселені зерттеуде археология, антропология, этнология, тіл білімі сияқты ғылым саласындағы құнды дерек тер береді. Ал тарих ғылымы сол деректерді жинақтап қандай халықтың өмір сүргендігін нақтылайды. Жалпы тарихи тұрғыдан алғанда, қазіргі адамзат өсуінің кез келген этномәдени тұтас ортақтық қоғамы нақты географиялық мекендеу ортасындағы сан ғасырлық табиғи-тарихи даму процесінің нәтижесі болып табылады. Осы сан қырлы құбылысты объективті түрде зерделеу көптеген білім салалары мен ғалымдардың талай ұрпақтарының міндеті болып табылады . Қазақ халқының қалыптасуы. Ғылыми әдебиетте этнос (яғни халық-тайпа, жұрт, ұлт) ұғымы жалпыға ортақ сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениетті мен мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің біріңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөліктігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен бекітілген, адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығын білдіреді. Этностың құрылуын және оның тұтастығын бұдан былай да сақтап қала беруі үшін ол жайлаған территорияның біріңғай тұтастығы және қажет. Адамдарды өзге этностардан бөліп ерекше етіп көрсететін жалпыға ортақ кескін-кейпі пайда болуы үшін олар ұзақ уақыт бойы бір-бірімен ұдайы аралас-құралас тұруға тиіс, ал мұндай жағдай олар тек біріңғай тұрақты бір территория шебінде қоныстанғанда ғана болуы мүмкін, бұл әсіресе этностың құрылуы, бас қосып бірігуі кезіндегі өте-мөте қажет болады

XV-XVI ғғ. қазақ халқы мен оның этникалық аумағының құрылып, қалыптасуынан сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады.

Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процестердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан - алғашқы қауым қоғамның ыдырау дәуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі. Антропологиялық мәліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да, кейінірек жүре келе азды көпті монғол текті түрге қарай өзгере бастады. Тілдік хал-ахуал да өзгермей тұрмайды, ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушылрының тілі түрік тілінде орын береді. Қола дәуірінде мал өсірумен, егіншілікпен шұғылданған, бет-бейнесі эуропатектес болып келетін андроновтық үнді-иран тайпаларының орнын ерте темір кезінде оңтүстік мен шығыс солтүстік пен батыс облыстарында-савромат тайпалары басады.

Әр бір халықтың этногенез процесінің жалпы схемасы төмендегідей болды: жеке рулар, тайпалар, тайпалық одақтар, халықтар, ұлттар - осылармен қатар тілдер де дамыды. Қазақ халқының қалыптасу үрдісінде бір неше кезеңдерді атап айтуға болады. Қазақстан аумағында және бүкіл Орта Азиядағы этногенетикалық процестердің түп тамыры қола дәуірінен басталады. Қазақ даласын қола дәуірінде мекендеген андронов тайпалары өздерінің нәсілдік типті жөнінен европеидтер (европотекті) болған. Антрополог О. Смағұловтың пікірі бойынша, олардан кейінгі сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андрондықтарға ұқсас болған. Ерте темір дәуірінде қазіргі Қазақстан территориясын сақ, үйсін, қаңлы тайпалары мекендеген. Сақ тайпаларын да антропологиялық жағынан европеоидтық нәсілге жатқызуға болады. Үйсіндер мен қаңлыларда да европеоидтық нәсілге тән белгілері болды, дегенмен олардың бет пішінінде монғолоидтық элементтер біршама күшейе бастады, мұның өзі ғұндардың қоныс аударуына байланысты болды. Қазақстан антропологтардың жинаған деректері бойынша, ғұндар басып кіргеннен кейін жергілікті тайпалардың арасындағы монғол антропологиялық компоненттері бір шама өседі. Келесі кезең «түрік» кезеңі деп аталады. Евразияның далалық өңірлерінде VI-XII ғғ. бір-қатар этникалық-саяси және мемлекеттік құрылымдар өмір сүреді, атап айтқанда, Түрік, Батыс-Түрік қағанаттары, түргештер, қарлұқтар, Қарахан мемлекеті, оғыздар, кимақтар, кыпшақтар. Сонымен, түрік дәуіріндегі этномәдени пішіні түрік, дүниетанымы түрік, европеоидтық-монғолоидтық белгілері бар тайпаларды қазақ халқының физикалық жағынан бірден-бір жақын тікелей алдынғы ата-бабасының түріне жатқызуға мүмкіндік берді. Осы кезде монғол элементтері 50 % өсе түсті.

XIII ғасырда болған монғол шапқыншылығы түрік халқының құрамы мен антропологиялық типіне белгілі ықпал жасап, монғолоидтық белгілерді күшейте түсті (70%) . Шыңғыс-хан жорығына дейін-ақ Қазақстан территориясына Монғолияны мекендеген көптеген тайпалар, атап айтқанда, найман, керей, меркіт, жалайырлар қоныс аударды. Алайда монғолдар саны көп түрік халқының арасына бірте-бірте сіңісіп, олардың тілі мен әдет-ғұрпын қабылдайды.

Түрік тайпаларының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын едәуір өзгерте отырып, монғолдардың үстемдігі Евразия аймағындағы этникалық процестердің дамуын да жаңа арнаға түсірді, бұл аумақтағы тұрақты этникалық құрылымдардың - соңғы ортағасырлар халықтарының қалыптасуын тездетуге ықпал жасады.

XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағының тұрғындарына байланысты деректемелерде: «өзбек», «өзбек-қазақ», «моғолдар», «ноғайлар» деген ұғымдары аталды. Бұл атаулар осы кезеңде Қазақстан аумағында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттерінің тұрғындарына қатысты айтылады. Олар халықты емес, этносаяси қауымдастықты құрады.

XV ғасырдағы осы этносаяси қауымдастықтардың этникалық құрамы іс жүзінде бірдей болды. Деректемелерде қыпшақ, найман, қоңырат, қарлұқ, үйсін, керей, маңғыт сияқты ірі тайпалардың өкілдері жие аталады.

Қазақ халқының қалыптасуының маңызды кезеңі Қазақ хандығының құрылуымен байланысты. Қазақ хандығы дәуірінде, XV-XVII ғғ. Қазақстанның кең-байтақ аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ, негізгі белгілері мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді.

Халықтың құрылуы - ұзақ процесс, оның түпкілікті құрылу мерзімін белгілі бір нақты уақыт кезеңімен дәл байланыстыру қиын. Дегенмен тарихи, археологиялық-этнографиялық, антропологиялық және лингвистикалық деректемелер жиынтығы, қазақ халқының құрылу процессі XV-XVI ғғ. негізінен аяқталды деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді .

кейіпкерлерді ғана емес, нағыз Ата-бабалардың жерінің тарихын, оның негізгі мағынасын түсіну керек.

Қоғамда тарих ғылымы бір неше мәселерді, немесе бір неше қызмет атқарады: гносеологиялық (танымдық) - жеке адамға, халыққа әр халықтың өткен-кеткен туралы білім береді; аксеологиялық - ә р адамның халқына, тарихына ортақтастық сезімін қалыптастырады; праксеологиялық - күрделі, әртүрлі құбылыстарға өз алдына бағалау, талдау қабілетін шынықтырады; прогностикалық - тарих болашаққа үмтылған ғылым, ол ешқашанда, еш уақытта аяқталмайды.

2-дәріс. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар

1. Ұлт-зиялыларының қалыптасуы және өлкенің саяси өміріндегі ролі (1905-1917ж)

2. Тәуелсіздік тарихындағы Алаш қозғалысының алатын орны

ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, әсіресе, олардың ірі әкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халықтың шаруашылығында және мәдени, қоғамдық өмірінде үлкен роль атқаруымен сипатталды. XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы - Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары - Дала генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.

Сонымен, XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық ахуалға талдау жасаған кезде, жалпы өлкедегі патшаның отарлау саясатының кең белең алғандығын еркін аңғаруға болады: біріншіден, өлкедегі халықтың көп ұлтты құрамының қалыптасу үрдісі күшейе түсті; екіншіден, байырғы халықтың үлес салмағы кеміді де, келімсек халықтың, негізінен алғанда, орыстар мен украиндардың үлесі өсті; үшіншіден, қалалар мен олардағы халықтың біршама өсуі байқалып, оның құрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген қоныс аударушылар мен отаршылдық әкімшілік пен кәсіпкерлікке байланысты әлеуметтік жіктер мен топтардың басымдылығы толық аңғарылады.

XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, яғни тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылды. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір жөне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-кен кәсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мысалы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спаск-Успенск мыс кені мен заводын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін және рудниктерін түгелдей сатып алып, пайдаланды.

Осындай себептерге байланысты, Қазақстанның кен өнеркәсібі бұл кезеңде жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс және шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге әкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты. Осының бәрі кен өнеркәсібінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті.

Тек теміржол мен су жолдарында 25 мыңнан астам жұмысшы еңбекпен қамтылды. Ал, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жұмысшылар саны ірі өнеркәсіп орындары мен транспортта өсе түсті. Сөйтіп, 1917 жылғы Қазан төңкерісі тұсында Қазақстандағы жұмысшылардың жалпы саны 90 мыңға жетті.

Соған қарамастан, әлеуметтік тұрғыдан өлкенің өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайы Ресейдің өнеркәсібі дамыған аудандарымен салыстырғанда әлдеқайда ауыр болды. Оған кәсіпорын қожайындарының Ембінің мұнай кәсіпорындарында 12 сағатқа дейін, алтын өктемдігімен белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы себеп болды. Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси және экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа да қалалардың кәсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады.

Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей, "бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді". Сол кезеңдегі әкімшілік орындарына түскен мәліметтердің бірінде: "Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Отарлық тәуелдіктегі қазақ елінің мұң-мұқтажын білдірген петицияларды жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі 1905 ж. көктем айларында-ақ қолға алынған болатын.

Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын - Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат - 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді. Осыған байланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі өткізілдіОлардың басында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Шоқаев, М. Дулатов, Б. Қаратаев және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді.

Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстан халқының саяси ой-өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді.

Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов және Б. Құлманов сайланды. Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш. Қосшығұлов - Ақмола облысынан, би Х. Нұрекенов - Семей облысынан, адвокат Б. Қаратаев - Орал облысынан, сот тергеушісі А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т. Алдабергенов - Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М. Тынышбаев - Жетісу облысынан сайланды. Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан болсын, күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болған-ды. Негізгі пікір тартысын тудырған мәселелердің бастысы аграрлық және қоныс аудару мәселесі болды. Әсіресе, депутаттар Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Ш. Қосшығұлов, Х. Нұрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал етуге тырысты. Сонымен қатар, Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары А. Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми "Қазақ" газеті болды.

3- дәріс. Кеңестік Қазақстанның қалыптасуының тарихи негіздері: қазақыландыру қиыншылықтары.

1. Қазақстандағы Кеңес өкіметін орнатудың қиыншылықтары мен қайшылықтары

2. Кеңес өкіметінің мәдениет саласындағы саясаты: жетістіктері мен кемшіліктері. 1920-30 жж.

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.

1917 жылы 28 ақпанда М. В. Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.

Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады.

Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары қалыптаса бастайды.

Батыс майдан штабы жанынан земскі және қалалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә. Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім. Империяның басқару жүйесінде қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын.

1917 жылы сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысы бойынша Түркістан өлкесінде нақты тәртіп орнатып, күнделікті туындап отыратын мәселелерді сол жерде шешіп, өлкені басқару үшін Түркістан уақытша комитеті құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік Дума мүшесі Н. Н. Щепкин, бірінші Дума мүшесі Ә. Бөкейханов, екінші Дума мүшесі М. Тынышпаев, үшінші Дума мүшелері С. Мақсудов, В. С. Елпатовский, А. А. Липовский, П. И. Преображенский, О. А. Шкапский және генерал-майор А. Дәулетшин енді. Комитеттің төрағасы болып Н. Н. Щепкин тағайындалды.

1917 жылы мамырда Петроградта бірінші Жалпы ресейлік мұсылмандар съезі болып өтті. Съезде ұлттық-территориялық федеративті негіздегі демократиялық республика ұлттық автономия құру мәселелері қаралды.

Қазақстанда алғашқы Кеңестер 1917 жылы наурызда пайда бола бастады. Жұмысшы және солдаттарға қарағанда шаруа депутаттарының Кеңесі кейінірек, яғни мамыр және маусым айларында құрыла бастады. Кеңестердің көпшілігін алғашқы кезде эсерлер мен меньшевиктердің ұсақ буржуазиялық партиясы өкілдері басқарды. Бұған большевиктердің әлсіздігі мен аздығы, жергілікті жұмысшылар ұйымшылдығының жеткіліксіздігі мен саяси жетілмегендігі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесінің төмендігі себеп болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 1917 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанда 25-тен астам Кеңестер, оның ішінде 8 жұмысшы, 9 шаруа, 7 солдат депутаттарының Кеңестері жұмыс істеген. Орталық Азияда және Қазақстанның оңтүстігінде мұсылман депутаттарының Кеңестері құрылды. 1917 жылғы 16-21 сәуірде Ташкентте мұсылман депутаттары Кеңестерінің І өлкелік (Түркістандық) съезі өтіп, ол Уақытша үкіметті қолдады және Ресейді басқарудың ең жақсы нысаны Түркістанға және басқа да ұлттық аймақтарға кең көлемде автономия берілетін жағдайдағы Федеративтік демократиялық республика деп таныды. Съезд Құрылтай съезіне дайындалуға және «Шура-и Ислам» мұсылмандар партиясының бағдарламасын тануға шақырды.

Осы жерде айтып кететін жағдай 1917 жылы көктемде мұсылмандар қозғалысы негізінде «Шура-и Ислам

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары (1945-1964 жж. )
Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі
Соғыстан кейінгі жылдарда Кеңестер мемлекетінде идеология саласында бірталай саяси қуғын - қудалау болып отді
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Хрущев жылымығы жылдарында
Бекмаханов ісі
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі
Хрущевтың жылылығы жылдарындағы Қазақстан
Көкшетау облысының Ұлы Отан соғысынан кейінгі дамуы. Тың жерлерді игеру және оның нәтижесі мен зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz