Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті
Педагогикалық факультет
Бастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі
Кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Математика сабақтарында оқу үдерісінде ойын технологияларын қолдану
Автор_ Дүйсенғали Ф. Ж. __
(аты-жөні) (қолы, күні)
Жетекші Жунусова А. Ж
(аты-жөні) (қолы, күні)
Петропавл қ., 2020 ж.
Мазмұны
Kipicпе3
1. Ойын технологиясының теориялық негіздері5
1. 1. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері5
1. 2 Ойын технологиясының негіздері7
1. 3 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар10
2. Бастауыш сынып математикасында қолданылатын ойындар14
2. 1 Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану14
2. 2 «Қарапайым түсініктер» тақырыбына арналған дидактикалық ойындар17
2. 3 «Он көлеміндегі сандар» тақырыбына арналған ойындар25
Қopытынды31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі33
Зepттey өзeктiлігi. Oйындарды қолдану арқылы бала дағдысын қалыптастыру кeзіндe ойын арқылы, эмoциясы мен жaғдaйын, баланың сөйлeyін жaқсартyмен қатap пәнгe дегeн ынтacын қaлыптаcтыру: оларды демалдыра, көңіл-күйін отырып, белсенді әрекетке ұмтылдыру, ойын таңдаудағы мақсатын жүзеге асырудағы дербестігінарттыру, ойындар қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Oйын apқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Oйын oқyшының oйлay қaбiлетін арттырады. Өзге де пәндермен байланысып білім - білік дағдылары артып, пәнге дeгeн қызығушылығы артып, білім сапасының артуына көмегін тигізеді. Oқyшының дамуында ойынның маңызы туралы әрқашан да педагогика ғылымының мықтылары үнемі көрсетіп отырған. Ойын көмегімен балалар өзге бір дүние есігін ашып, шығармашылық қабілеттері артады. Aтaқты ұлы педагог Cухoмлинcкий ойынсыз бала толықтай дамымайды деп атап өтті. Oйынға бacқа оқыту түрлері ceкілді apнайы қағидалар тaлaп етіледі. Бacқa дa кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, eң бacтысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Нeгізгi рөл оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Oйын барысында көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ecкеруі керек. Oйынның мaзмұны қaтысyшылар үшiн қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әp бaлaның ойын ic-әрекеті caбақ баpысындa алғaн білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.
Oқyшылардың мaтематикaлық oй өрiсiн дaмытy, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әp сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Kүнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың қызығушылығын, жігерін жоғалтады. Coндықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі. Ceбебі, ойын oқушы бoйындағы жaқсы қaсиеттерді қaлыптacтыруға, әлеуметтік өмірдегі үдерістерді өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйрeтіп, адамдармен қарым-қатынаста болуға тәрбиелейді, зейіні тұрақтала түседі, есте сақтауы дамиды. [11]
Зepттеy мәceлесi.
-бaлaлaрдың мaтематикa пәніне ынтасының, танымдық белсенділігінің төмендеуі.
-oйын технoлогияларын оoу үдepісінде жүйелі қолданбаудан оқушы құзыреттілігі анықталмайды, жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмағаннан қарама-қарсылықтар туындайды.
-матемaтикa пәні cағaттарының қыcқaруы.
Курстық жұмыстың мақсаты : Mатематика caбaғында ойынды қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Курстық жұмыстың нысаны: Бастауыш сыныптардағы қолданылатын дидактикалық ойындарды қарастыру.
Курстық жұмыстың пәні: 3-сынып математика пәні сабақтарындағы дидактикалық ойындар.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-математика пәндерінде ойын элементтерімен танысу;
-бағдарламаны сараптап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды таңдау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және , қалыптасуына жағдай туғызу;
-өз пікірін, ойын білдіруге, екінші адамның айтқанын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен қателіктерін айта білуге дағдыландыру;
-оқушылардың математикаға деген қызығушылығының көлемін сезінуге, оны меңгеруде, өз мүмкіншілігін бағалай білуіне көмектесу;
-оқушылардың қызығушылық әрекетін ұйымдастыру.
Қурстық жұмыстың әдісі: Тестілеу, сауалнама, сұхбат, нормативтік-құқықтық базасын талдау, классификация, салыстыру-таладу, әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық тәжірибені жүйелеу.
1. Ойын технологиясының теориялық негіздері 1. 1. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктеріЕліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Басқа да ғылым салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол - оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару. [3]
Қазіргі кезеңде математика пәнін оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемеліктер, әдістер мен тәсілдер математика пәнін оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері», «Блум таксономиясы» т. б [19]
Қазіргі заманғы білім беру саласының алдына қойылған талаптар - балаларға білімді тереңірек оқыту. Мұны соңғы жылдардағы шыққан оқулықтардан да көре аламыз. . Мұндай жағдайларда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша жалықтырмай, енжарлыққа жол бермей терең білім беруге болады деген сұрақ туындайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту процесінде ойынды қолдану- бұл бірқатар мәселені шешудің бірден-бір амалы болып отыр. Сыныптардағы математика пәнін ойын көмегімен оқыту жұмыстары келесідей бірнеше маңызды проблемаларды шешеді: біріншіден, оқушылар ойын барысында бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл балалардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден, оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, балалардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады. Сондықтан математика пәнін ойын тәсілімен өткізу - математиканы сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі. Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л. Выготский, С. Рубинштейн, Д. Эльконин, Б. Ананьев, А. Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С. Л. Рубинштейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.
К. Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық әрекеті деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік - мотив -мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады:
б) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
в) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
г) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді. [7]
Педагог ғалым-зерттеушілер ойынның оқыту үдерісінде оң пайдасын тигізетініне келісіп, төмендегідей ойларын айтып өтті.
Атақты педагог Ю. Бабанский ойын "как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся" - деп көрсетіп өтсе, педагогтардың аралығынды ойын әрекетін педагогикалық құбылыстардың қайдай типіне жататыны туралы бірде болсын пікір жоқ болып отыр. А. Гуревич, А. Килиниюктер ойын оқытудың белсенді түрі деп атап айтса, Н. Скатова, Р. Половникова, В. Роман оқытудың ойын әдісі деп қарастырды. Басқа да зерттеушілер оқытуду ойын элементтерін белгілі бір әдіс деп таныды. «Ойын - әдіс түрі. Өйткені әдіс сияқты ойын барысында оқушымен мұғалім арасында байланыс пайда болып, оқыту үрдісінде тактика емес, стратегияны айқындайды. Ойынды іштей дұрыстай отырып оның элементтерінің өзара тығыз байланыста болатынын атап өткіміз келеді. Ойын бөліктері ойынның толықтай құрылымын береді. Ойын құрылымында ең бірінші оқытудың мақсаты-міндеті тұрады. Адам іс-әрекетіндегі ойынның құрылым кезеңдері:
1) мақсат қою;
2) жоспарлау;
3) мақсатты жүзеге асыру;
4) адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді.
Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық практиканы игеруге бағытталған қандай бір жағдайдағы әрекет түрі. Көптеген ойындар төмендегідей түрлерімен ерекшелендіреді:
1) еркін дамыйтын әрекет;
2) шығармашылық әрекет;
3) тікелей немесе жанама ережелер.
Ойынның дидактикалық процесте атқаратын көптеген функциялары бар. Олар:
1. Әлеуметтену функциясы
2. Ұлтаралық араласушылық функциясы
3. Ойында өзін-өзі ұстай білу функциясы
4. Коммуникативті функциясы
5. Диагностикақ функциясы
6. Терапевтік функциясы
7. Өңдеу функциясы
8. Сауықтықтыру функциясы [9]
1. 2 Ойын технологиясының негіздеріОйын-бұл іс-әрекеттін бірі оны пайдалану кезінде оқу міндеттері қойылады. Ептілік пен дағды, білімнің жоғары сатыға қамтамасыз ету шешімі, оқу жағдайы немесе мұғалімнің құрастырған жағдайы белгілі мәселе қою арқылы оқу тапсырмаларында түсіндіріледі.
Ойын- іс-әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген пікірлері өзгереді және тұрақталады, оларға керекті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді.
Ойын дегеніміз -мұғалім іс-әрекетіжағынан, бақылау мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен құрылатын қызмет түрі.
Ойын оқыту мен тәрбиелеудің ежелгі педагогикалық құралдарының бірі ретінде қазіргі кезде ерекше өркендеу кезеңін бастан кешуде. Қазіргі уақытта ойынға деген қызығушылықтың артуына не себеп болды? Бұл бір жағынан, педагогикалық теория мен практиканың дамуына, проблемалық білімнің таралуына, екінші жағынан, әр түрлі белсенді жеке тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне байланысты.
Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста оқушының жеңіске деген құштарлығы, активтілігпайда болады. Жарыс элементтері көңіл-күй жағдайын арттырады, оқушының өзіндік бағалау әрекетінжақсартады. Оқушы жарыста өз жауабының нәтижесін сыныптастарының нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткішін көтеруге талпынады. [7]
Ойын оқу үрдісінің жеке бағыт алу негізі болып табылады. Ойынның атқаратын міндеттеріне тоұталсақ:
- психологиялық; эмоциялық дәрежесінің мүмкіншілігін арттырады және шаршағанды басады, сергітеді.
- психотерапиялық; оқушының өзіне және басқаға деген қарым-қатынасы өзгереді, психологиялық көңіл-күйі, қатынас тәсілдерін өзгертуге көмектеседі.
- технологиялық; тиімді ойлау өрісінен біртіндеп шығаруға рұқсат ете отырып қиал өрісіне шынайы әрекетті қайта енгізу.
Оқушы ойын кезінде өзін қауіпсіз, жайлы және дамуына қажетті психологиялық еркіндікті сезінеді
Ойын технологиясының мүмкіндіктерін талдау кезінде жалпы көрсеткіштерге бөлуге болады: танымдық әрекетке белсенді қатысуға деген оқушы ұмтылысы; әрекет субьектісі ретінде өзінің жеке қайталанбас тұлға, өте сиректігін жете түсіну; оның әрекетті түрлерін тандау мүмкіндіктерін қабылдау. [10]
Ойын технологияларының негізгі белгілері: ойын үлгісінің бар болуы, ойын қойылымдары, рольдік ойындар, альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері, жобаланған нәтижелердің бар болуы, бағалау критерилерін әзірлеу, сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы болып табылады. Ойынды топтастырудың әр түрлі ыңғайы бар: өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай; ойын процесінің мінезіне қарай; ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т. б. ойындар қолданылады.
Педагогикалық үдеріс мінезіне қарай ойынды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
3. Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық
4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т. б
Сабақта дидактикалық тапсырмалар көмегімен ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс. [12]
Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді) . Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.
Бақылау ойыны - бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.
Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
-шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру [10]
Ойын технологиясының оқытудың кезеңдері:
1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтап, алынған ақпаратты талдау, содан соң ойын топтарын құру, рөлдерді бөліп алу
2. Баяндалған дайын обектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынасты, форматтық баяндалған объектіні оқып біле алу
3. Топ жобаларын бағалау: ұсынылған жобаларды талқылау
4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы іс-әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.
Ойын техникасының негізнде ойындар бірнеше топқа бөлінеді, ал айырмашылық процесс ережелерінің құрылысына негізделген. Біріншісі - қатаң белгіленген ережелермен ойындар, екіншісі - ойын барысында белгіленген ережелермен, үшіншісі - еркін ойнаумен. Дайын қатаң ережелері бар ойындар негізінен пәндік, спорттық, интеллектуалдық, құрылыс, музыка т. б. Тегін ойындар көп шығармашылық түрлерін көрсетеді: өнер, театр, үйлену тойы, мамандықтағы ойындар және т. б. Көптеген типтік бөлімдер бар:
- Сюжеттік
- Іскерлік
- Рөлдік
- Тақырыптық
- Еліктеу ойындары
- Драмалық ойындар
Әрбір ойын түрлерінң ерекшелігі қосымша факторларға байланысты. Оларды нысандарсыз және объектісіз жасауға болады, компьютер, көше, бөлме бардегі ойындар. Түгендеу материалдарының болуы, орналасқан жері - мұның бәрі ойынның әрі қарай жүруіне әсер етеді, және бұл ұпайларды тәлімгер ескеруі керек.
Оқытудың ойын технологиялары ұзақ уақыт бойы білім беру және ата-ана мақсатында ақпарат берудің тиімді әдісі ретінде қолданылды. Бұл аға буыннан жас ұрпаққа біліммен бөлісудің дәстүрлі әдісі. Интерактивті ретінде ол халық ағарту ісінде қолданылды. Мектепке дейінгі және мектепке дейінгі мекемелерде жиі кездесетін жағдайлар - бұл әдістерді қолдану. [12]
Қазіргі заманғы мектеп дамуда, ал мұғалімдер оқу процесін жандандыруға және қарқындатуға басымдық береді. Ойындар тек жеке жағдайларда қолданылады. Сабақтың тақырыбын немесе бөлімін, тәуелсіз технология ретінде және үлкен процестің бөлігі ретінде игеруде жиі қолданылады. Кейде қорытынды жалпылау сабағында материалды бекіту ретінде қолданылады.
Технологияны сабақтан тыс жұмыстардың әдістерінің бірі ретінде қолдану ең танымал. Оқушыларға әсер етуді арттыру үшін ойын тақырыптары жасалды. Белгілі бір жағдайға тап болған балалар оқу процесіне және белгілі бір тақырыпқа үлкен қызығушылық танытады.
Педагогика ғылымында ойын феномені тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың тәсілі ретінде қарастырылады, педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қазіргі ұрпақтың ойын әрекетін оңтайландырудың формалары мен әдістері зерттеледі.
Педагогикадағы ойын жағдайы баланың интерактивті оқытуының маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Бұл жүйе тек мектептегі балаларға ғана емес, сонымен қатар орта мектептерге де қолданылады. Уақыт өте келе ол білім беру қызметінен қоғамдық пайдалы және кәсібике айналады. Бұл баланың дамуы мен қалыптасу процесінде із қалдырады, бұл сізге қосымша ақпаратты жинауға және есте сақтауға мүмкіндік береді.
Оқыту әдісін оқытудың басқа бағыттарымен үйлестіру мұғалімге қиын болуы мүмкін. Тиімділік ойын технологиясында қаншалықты маңызды факторлардың бірігетіндігінде. Онда іс-әрекет бостандығы және жауапкершілікті нақты бөлу, қиын сәттер мен көңіл көтеру, шындық пен мистика, эмоциялар мен рационалды ойлау бар.
Педагогикадағы ойын технологиялары балаға жеке қызығушылық танытып, командада жұмыс істей білуге, сол арқылы өзін жауапкершілікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің міндеттерінің бірі - мотивацияны дамыту. Ойын барысында бала өзінің алдына қойған мақсатымен қозғалады, яғни кез-келген жағдайда ол ойын барысында ұсынылған материалды есінде сақтайды, өйткені оған өзі керек. [18]
Ойындарды дұрыс таңдау арқылы сіз баланың қалыпты дамуы мен әлеуметтенуіне жағдай жасай аламыз.
1. 3 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындарҚазіргі таңда қоғамымыздың дамуында жан-жақты, сауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсаты жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту үрдісінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына пайдасын тигізетін ойынның алатын орны маңызды. Ойынның көмегімен баланы білім алуға, оқуға ынталандыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін нығайта түсуді, әрі пысықтауды көздеп отыр. Бұл ойындардың сабақ кезіндегі жұмысты түрлендіре түседі, олардың пәнге ынтасын оятып, ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде маңызды орын алады. [16]
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде белгілі бір заңдылықпен қолдану қажеттілігін дәлелдейді
1. Ойын-саяхат. Олар ертегілер секілді болып келеді. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелеп көрсетеді, бірақ олар ерекше түрде ашып қолданылады. Қарапайым жұмбақтар көмегімен, қиындық - жеңіл жолмен, қажеттілер- қызықты жолмен беріледі.
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізінде заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір мәселені болжауға негізделеді.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді . . . ?», «Мен не істер едім, егер . . . » деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындамауды талап етеді.
4. Ойын-жұмбақ. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Мұғалімнің оқушымен, оқушының қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады. [9]
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнынына сәйкес жасалған. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу процесінде кеңінен қолдануға болады.
Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесек те болады:
«Ойын» сөзіне түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі әрекеттің бірі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- ойын-сауық
- коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
- диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)
- коррекциялық (өзін-өзі түзету)
- әлеуметтендіру[16]
Әлі де ойынның адам дамуындағы, қалыптасуына, тәрбиесіне қажетті функциялары зерттеліп жатыр.
Ойын - адам танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы оқушылар өмірден көптеген ақпарат алып, білімін тереңдетеді.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет секілді. . Ол міндетті түрде топтық әрекет. Ойынның қағидалары ойыншылардың қисынды ойлауының дамуы, бір-біріне деген құрметінің қажеттіліктерімен байланысуы әр ойыншының жеке іс-әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты қағидасы жеңіс болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіншігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz