Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық құқықтық мәртебесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.

Реферат

Пәні: Халықаралық жария құқығы.
тақырыбы: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

Актау-2004

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Негізгі бөлім.
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. ТМД-ның органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Әскери-саяси бірлестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Сыртқы шекараны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5. ТМД және адам құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6. Беларусь және Ресей одағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Кеңес Одағы таратылғаннан кейін
пайда болды. Бұл достастықты ұйымдастыруға 11 мемлекет, яғни,
Азербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғыстан,
Өзбекстан, Молдаван, Тәжікістан, Түркменстан және Украина өз
үлестерін қосты, сондай-ақ, Грузия мемлекеті де достастыққа мүше
болды.
Жоғарыда аталып өткендей, менің рефератым Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы тақырыбына арналады. Бұл жөнінде талқылай отырып,оны
алты сұраққа бөліп қарастырғанды жөн көрдім.
Бірінші бөлімде: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық
құқықтық мәртебесі жайлы, яғни, достастықтың құрылуы, оған
мемлекеттің үлес қосуы, жарғысының қабылдануы, сондай-ақ, қабылданған
келісімдер жөнінде, құжаттары, құқықтық базасы, ТМД-ның мақсаттары
мен принциптері, достастықтың саяси, экономикалық, гуманитарлық,
мәдени және басқа саласындағы бірлестігі жөнінде қарастырдым.
Екінші бөлімде: ТМД-ның органдары, олардың құрылуы, достастықтың
жоғарғы органы, атқарушы билік органдары, кеңес отырысы, қорғаныс
министрлігінің кеңесі, ішкі істер министрлігінің кеңесі, құқық
қорғау органдары, прокуратура, яғни, олардың сыртқы саяси қызметі,
халықаралық ұйымдардағы қызметі жайлы талқыладым.
Үшінші бөлімде: Әскери-саяси бірлестік, онда халықаралық
қауіпсіздік аймағы, қарусыздану және қару -жарақты бақылау, әскери
күшті құру, достастықтың қауіпсіздігін сақтау, әскери бақылау
тобының көмегімен және ұйымдастырушылық күштің бейбітшілікті
қолдауымен келісілген саясат жүргізілетіндігі туралы жаздым.
Төртінші бөлімде: Сыртқы шекараны қорғау, яғни, достастық
шекараның құқықтық мәртебесі, шекара қорғанысы, достастық аумағында
шекара тиіспеушілігі, олардың ашықтығы, сыртқы шекара тұтастығы,
шекара қауіпсіздігі туралыанықтадым.
Бесінші бөлімде: ТМД және адам құқығы, Кеңес Одағы тарағаннан
кейінгі адам құқығы мәселелері, адам құқығы және негізгі
бостандықтары, олардың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтары, бұл құқығының сақталуы, реттелуі және жүзеге
асырылуы, сондай-ақ, қашқындар мен мәжбүрлі түрде жер аударылған
адамдардың құқықтық жағдайлары жөнінде атап өттім.
Алтыншы бөлімде: Беларусь және Ресей Одағы, достастық
аумағындағы Ресей мен Беларусь ынтымақтастығы жайлы, екі мемлекет
президентінің Ресей мен Беларусь қоғамдастығын құру жөніндегі
декларация қабылдаған шарттары, жасаған келісімдері, мемлекеттер
одағын құру жолында алдарына қойған мақсаттары, бірлескен қызметтері
жайлы көрсеттім.
Осы бағытта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жайлы жан –жақты
талқылай отырып, қарастыра келе, барынша толық мәлімет беруге
тырыстым.

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық құқықтық мәртебесі.
1991 жылдың аяғында Кеңес Одағы өз болмысын тоқтатты.
Халықаралық қоғамдастықта жаңа ұйым-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
пайда болды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын ұйымдастырушы болып
11 мемлекет танылады: Азербайжан, Армения, Беларусь, Ресей,
Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Молдаван, Тәжікістан, Түркменістан,
Үкраина.1993 жылы Грузия мемлекеті де Достастыққа мүше болды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ұйымдастырушы актілері болып,
үш құжат танылады: 1998 жылы 8-ші желтоқсандағы оның құрылуы
жөніндегі келісім, 1991 жылы 21- ші желтоқсандағы Хаттама және
Декларация.
1993 жылы 22-ші қаңтарда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
жарғысы қабылданды.Оған: Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей,
Қырғыстан, Тәжікістан,және Өзбекстан, яғни, осы жеті мемлекеттің
өкілдері қол қойды.1993 жылы 15-ші сәуірде Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының жарғысын Ресей Федерациясы ратифициялады.
Жарғы, Тәелсіз Иеилекеттер Достастығының құқықтық базасы
ретінде, ынтымақтастықтың және оның бірігуін нығайтуға бағытталған.
Заңгерлердің ТМД жөнінде пікірлері бірдей емес. Біреулері
достастықтың минималды құқықтық формасы конфедерация ретінде шығуы
мүмкін деп санайды. Екіншілері ТМД-бұл халықаралық ұйым деп
есептейді. Үшіншілері Достастық бір мезгілде әрі конфедерация әрі
халықаралық ұйым болып табылады дейді. Ал төртіншілері тіпті ТМД-ны
аморфтық білім ретінде қарастырады.
ТМД-ның ұйымдастырушы құжаттары және жарғысы,тәжірибелік әрекетте
достастықтың халықаралық ұйым болып табылатынына қорытынды жасауға
мүмкіндік береді. Ол суверинитетті мемлекеттің, халықаралық шартқа
қол қою жолымен қалыптасқан, оның заңды базасы болып халықаралық
құқық танылады. ТМД ұйымдастырушы құжаттағы анықталған мақсатты
көздейді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына БҰҰ-ның бақылау мәртебесі
көрсетілген. Қазіргі кезде Достастықтың негізгі айналыспайтыны-өз
атынан халықаралық шарттарға қорытынды жасау. Бірақ уақыттың өтуімен
ТМД-ның халықаралық ұйымдарға қатысты осы функциалармен айналысуына
сенім бар.
ТМД-ның мақсаттары мен принциптері, оның ұйымдастырылған
қүжаттары мен жарғысында анықталған. Достастық саяси, экономикалық,
гуманитарлық, мәдени және басқа саладағы бірлестікті жүзеге асыру
үшін қалыптыстарған. Халықаралық құқықтың жалпы танылған
принциптеріне сәйкес, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз ету, бірлестік пен халықаралық бейбітшілікті және
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттер арасындағы даулар мен
қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу, қару-жарақтардың және әскери
шығындардың қысқартылуына тиімді шаралар жасау, ядролық және басқа
да қару түрлерін жаппай құрту, жалпы және толық қарусыздануды
жүзеге асыру – ТМД жарғысының негізгі мақсаты болып табылады.
ТМД мемлекеттері жалпы экономикалық кеңістікте мемлекеттің жан-
жақты дамуы үшін өздерінің алдарына тапсырмалар қойды. Бұл
тапсырманың тиімді шешімі ретінде мемлекет достастығы 1993 жылы
қыркүйекте Экономикалық одақ құру жөнінде келісім шарт қабылдады.
ТМД құрудың маңызды мақсаты, жалпы танылған принциптерге,
халықаралық нормаларына және ОБСЕ құжаттарына сәйкес, адамдардың
негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
Достастық құрудың бір мақсаты ретінде, өзара құқықтық жәрдем және
құқықтық қатынас бірлестігінің басқа да салалары көрсетілген.
ТМД және оның қатысушылары мақсатқа жету үшін, келесі
принциптерді анықтайды: Мемлекеттің суверенитеттік теңдігі,
егемендікті сыйлау, күшті немесе күшпен қорқытуды қолданбау, мемлкет
территориясының бір тұтастығы, мемлекеттік шекара беріктігі,
дауларды бейбітшілік жолдармен шешу, бір-бірінің ішкі және сыртқы
істеріне араласпау, адамдардың құқықтары мен негізі бостандықтарын
қамтамасыз ету, мемлекет аралық бірлестік, достастық құжаттары
бойынша өзіне қабылдаған міндеттерді адал орындау.

2. ТМД-ның органдары.

Достастықтың жоғарғы органы болып, Мемлекеттер басшылығының
Кеңесі танылады.Ол мемлекеттің ортақ мүдделері саласындағы қызметіне
байланысты негізгі мәселелерді талқылаумен шешеді. Жылына екі рет
Кеңестің отырысы өткізіледі. Мүше мемлекеттердің бірінің бастамасы
бойынша кезектен тыс отырыс шақырылуы мүмкін.
Үкімет басшылығының кеңесі, ТМД елдерінің атқарушы билік
органдарының экономикалық , әлеуметтік ортақ мүдделерінің және басқа
саласындағы ынтымағын үйлестіруге арналған. Кеңес отырысын жылына
төрт рет өткізеді. Мемлекет басшыларының кеңесі және Үкімет
басшыларының кеңесінің шешімдері коненсус арқылы қабылданады.
Мемлекет басшыларының кеңесі және Үкімет басшыларының кеңесі
біріккен отырыстар өткізе алады.Әрбір кеңес тұрақты не уақытша
негізде жұмысшы және көмекші органдар құра алады. Мемлекеттер
басшылары және Үкімет басшылары кеңес отырысына сәйкес, кезекпен,
тәртіппен төрағалық етеді.
1993 жылы желтоқсанда ТМД органдарына төраға қызметі
ұйымдастырылды. Бес жыл көлемінде достастықтың барлық мемлекеттерінің
шешімімен, оны Ресей иеленеді.
Сыртқы істер Министрлік кеңесі мүше мемлекеттерді сыртқы саяси
қызметін, олардың халықаралық ұйымдардағы қызметін үйлестіріп, ортақ
мүддені білдіретін әлемдік саясат мәселелері бойынша кеңесулер
өткізіп тұрады. Кеңес 1993 жылғы жағдай негізінде әрекеи етеді.
Сыртқы істер министрлігінің кеңесімен әлемдік шығармашылық әрекет
бойынша тұрақты комиссия құрылған. Достастықтың тұрақты әрекет
ететін атқарушы және үйлестірушіорганы болып, үйлестіруші-кеңестік
комитет танылады. 1994 жылдан онда экономикалық одақ комиссиясы
жұмыс істейді. Мемлекет басшылары кеңесімен тағайындалған комитет
үйлестірушісінен және ТМД мүшелерінің әрбір мемлекетінен, екі
тұрақты өкілетті өкілден құрылады. Комитет, достастықтың барлық
қызметіне байланысты ұсыныстар жасақтап енгізеді, экономикалық
қатынастардың нақты бағыттары бойынша келісімдердің жүзеге асырылуына
мүмкіндік туғызып, достастықтың барлық органдарының жұмысына қолдау
жасайды.
Достастықтың барлық органдарының жұмысын ұйымдастыру, техникалық
жағдайлармен қамтамасыз ету үшін, үйлестіруші-кеңестік комитеттің
жанынан хатшылық құрылған. Оны комитет үйлестірушісі басқарады.
Хатшылық және комитет Минск қаласында орналасқан. Сонымен қатар
қорғаныс министрліктер кеңесі, шекара әскерлері басшылығының кеңесі
достастық шеңберінде жұмыс жасайды. Қорғаныс министрліктер кеңесі
әскери құрылыс және әскери саяси сұрақтар бойынша мемлекет
басшылығының кеңестік органы болып табылады. Ал мемлекеттер
достастығының ішкі шекара күзеті және оның тұрақты жағдайларының
қамтамасыз етілуі жөніндегі сұрақтар бойынша, мемлекеттер
басшылығының кеңестік органы болып, шекара әскерлері басшылығының
кеңесі танылады.
Қылмыспен күрес қызметін үйлестіру мақсатында, ішкі істер
министрлігінің кеңесі құрылған. Сондай-ақ, басқада құқық қорғау
органдары және прокуратура қызмет етеді.
Экономикалық міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін ТМД
жарғысымен экономикалық сот құру қарастырылған. Экономикалық
міндеттерді жүзеге асыру барысында пайда болатын дауларды шешу,
оның қарауына барілген. Сондай-ақ, ол достастық актілерінің
келісімімен экономикалық сұрақтар бойынша жағдайларды талқылауға
құқылы. Экономикалық сот 1995 жылдан тәжірибелік әрекетін бастады.
Сондай-ақ, ТМД-ның кеңестік органдары болып, адам құқығы
бойынша комиссия танылады. Ол достастық шеңберінде ТМД мемлекетімен
өздеріне алынған адам құқығы бойынша міндеттерінің орындалуын
бақылау үшін құрылған.
1995 жылы достастық органдарының құрамына Парламент аралық
ассамблея кірді. Олар парламент аралық кеңестер және өте маңызды
заңдық актілер жасайды. Онда бірнеше актілерге сәйкес, сондай-ақ,
азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық кодекстер жасалған. Бұл
парламент аралық ассамблея, қатысушы мемлекеттердің парламенттік
делегациясынан тұрады. Парламент делегациясының басшылары ассамблея
кеңесін құрайды. Олар өз құрамынан кеңес төрағасын сайлайды. Жылына
екі реттен сирек емес, шақырылатын Парламенттік ассамблеяның
сессиясында, парламенттік делегацияның басшылары кезектесіп төрағалық
етеді. Парламент аралық ассамблеяға қатысушы мемлекеттің әртүрлі
саладағы мәселелерінің ынтымағын талқылау және бұл мәселелер бойынша
мемлекет басшылығының кеңесіне не үкімет басшылығының кеңесіне, ТМД-
ның басқа органдарына кепіл кеңестер жолдайды. Қатысу мемлекеттердің
заңдарын жақсарту, яғни, заңи актілердің тектік нұсқасын жасау
жолымен Парламент аралық ассамблеяның қызметіндегі аса мақсатты
бағыт болып саналыды. Парламент аралық ассамблеяның орналасқан жері
Санк-Петербург қаласы болып табылады.

3. Әскери-саяси бірлестік.

ТМД жарғысында, халықаралық қауіпсіздік аймағындағы мемлекет
мүшелері, қарусыздану және қару-жарақты бақылау, әскери күшті құру
және достастықтың қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ, әскери бақылау
тобының көмегімен және ұйымдық күштің бейбітшілікті қолдауымен
келісілген саясат жүргізілетіндігі жазылған. ТМД мемлекеттің әскери
жолымен бірнеше екі жақты және көп жақты шарттар және келісімдер
жазылған. Маңызды шарттың бірі болып, 1992 жылғы 15 мамырдағы
ұйымдық қауіпсіздігі жөніндегі шарт танылады. Онда тоғыз мемлекет
қатысады: Азербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан,
Қырғыстан, Ресей, Тәжікістан және Өзбекістан.
Мемлекет қатысушылары шартқа сәйкес, әскери одаққа немесе
қандай да бір мемлекет тобына қатысуға, сондай-ақ, басқа мемлекет
қатысушыларына қарсы бағытталған әрекетке кірмеуге міндеттенеді. Олар
халықаралық қауіпсіздікке байланысты барлық маңызды сұрақтар бойынша
бір-бірімен кеңесуге міндетті.
Егер мемлекет қатысушыларының бірі, әлде қандай мемлекет немесе
мемлекет тобы агрессияға тап болса, онда бұл барлық мемлекет
қатысушыларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
ТМД - ның қалыптасуы мен даму проблемалары
Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы
Әскери қызметшілер және әскери қызмет
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы туралы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы туралы
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Пәндер