Оны тапсыз күрес деп атайтын



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тәуелсіз буржуазиялық АҚШ мемлекетінің қалыптасуы

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Тәуелсіздік үшін
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...4
2. Конфедерацияның
баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3. АҚШ-тың 1787 жылғы
Конституциясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..13
3 принцип тепе теңдік
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...18
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..19

Кіріспе

Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауындағы алғашқы ағылшын
колониясының негізі XVII ғасырда қаланды. Одан кейін тағы 12 колония
құрылды. Колонистер индейцтердің жерлерін жаулап алып, оларды жазықсыз
өлтіріп, материктің түпкіріне ығыстырды. Колонияларда өз отандарынан күштеп
әкетілген африкандық құлдардың еңбегі пайдаланылды. Құлдық көбінесе
оңтүстікте мақта, темекі өсірілетін колонияларда кеңінен тарады. Солтүстік
колонияларда керісінше фермерлік шаруашылық, мануфактура дами бастады.
Оңтүстікте ағылшын аристократтарының ұрлықтары құл иеленуші плантаторлар
үстемдік етті. Олардың көбісі Америкаға ағылшын революциясы кезінде көшті.
Солтүстікте көпестер, мануфактуристер басқарды, ал халықтың негізгі бөлігін
шаруалар мен қолөнершілер құрады. XVIIІ ғасырдың 70-жылдары колониялардың
халқының саны 3,5 млн-ға, 500 мың құлдарды қосқанда жетті. Сонымен, қазіргі
біз білетін, дамыған елдердің алдында келе жатқан АҚШ-тың тарихы осылайша
басталды. Сондықтан менің осы курстық жұмысымның мақсаты АҚШ-тың
қалыптасуын, дамуын, Конституциясының, декларациясының қабылдануларын
зерттеу болып табылады.

1. Тәуелсіздік үшін күрес

XVII-XVIIІ ғасырларда Атлант мұхитының жағалауында дәлірек айтқанда
солтүстік Америкада, 13 ағылшын колониялары құрылады. Соның ішінде Нью-
Йорк, Пенсильвания, Канектикут, Масачусетс, Виргиния т.б. Патшалық
грамоталар әртүрлі уақытта шығаралып, бізге білгілі болғандай ішкі
саясаттағы автономия, бірақ айта кететін бір жәйт, олар патша қол астында
болды, ол бұл деген сөз Англияның толық құқықты азаматтары деген сөз. Бұны
айта кеткен жөн, себебі бұл Англия отарына қарсы күрестің басталуының
түрткісі деп түсінуіміз керек.
Сонымен қатар, бізге белгілі болып отырғандай қоныс аударушылар
өздерімен бірге Америкаға ағылшынның ескі бостандық құқығын алып келді.
Олар әртүрлі идеяларды жасап, оқшауланған жерде өздері заң шығара бастайды.
Сол кезде "Мамыр гүлі" атты Америкаға аттанған кеменің өзінде-ақ
эмигранттар бірінші рет колонистер бірігіп заң шығару келісімін жасайды
(1620ж).
Ең басты шарттардың бірі дін бостандығы, "ар-ұят бостандығы", сонымен
қатар қару ұстау және соттау, өз еркімен қарулы отрядтар жасақтау, салық
салуға қатысты, сонымен қатар келушілер өздерімен бірге алқалылар сотын
және де ағылшын "жалпы құқығын" алып келді.
Ағылшын революциясының әртүрлі уақытында әртүрлі колониялар
эмиграцияға жол іздеді. Сонымен дворяндар Потоман өзенінің оңтүстігінде
орналасып, ал шаруалар солтүстікке қоныс шекті. Осыған сәйкес оңтүстікте
ірі плантациялар пайда болды, ал солтүстігінде қолөнер, сауда- саттық,
кәсіпкерлік дамыды.
Солтүстікте өзін-өзі басқару органдары өз бастамасын алды. Қала және
ауыл өкілеттіктері колония парламентін құрады. Олар губернаторды сайлады,
ал оңтүстігінде (Венгрия) монархия нанымдары орын алды, губернаторлар
патшамен тағайындалды, екі палата өмір сүрді, ағылшын шіркеуі үстемдік
етті.
Колонияларды біріктіру идеясы XVIIІ ғасырда пайда болды. Бірінші жоба
1748 жылы Франклинмен құрастырылды. Ағылшын үкіметі бұл жобаны қабылдамады.
Олар Америка колонияларының біріккенін тиімді көрді, себебі бақаруға және
пайдалануға тиімді болды. Колониялар әртүрлі экономикалық қиындықтарды
көруге мәжбүр болды.
"Бірде-бір шеге колонияларда жасалып шыңдайды" ,-деген ағылшын
үкіметінің мүшесі Чатом. Сондай-ақ колониялар өз тауарларын тек Англияға
жіберуге, сонымен қатар керек шаруаларды тек Англиядан әкелуге құқықты
болды. Бұл іс-әрекетке риза болмаушылықтан басталған әрекеттер, соңында
ашық оппозицияға айналды. Сонымен қатар колонистер бұл әрекетке құқық
бұзушылықпен қатар, әр салықтың колониялар келісімімен жасалу керектігін
жария етеді. Сонымен қатар Ағылшын мемлекеті отарларға тауар өткізетін
нарық және шикізат көздері ретінде қарады. Олар жаңадан пайда болып келе
жатқан Америка буржуазиясының мүдделеріне мейлінше қысым жасады. Америка
тұрғындарына құл сатумен айналысуға рұқсат етілген жоқ, тауарларды
тасымалдаумен тек ағылшындар айналыса алатын болды, өкімдер шығарылмады.
Георг – ІІІ фермерлерге Аллеган тауларының арғы жағына шығуға тыйым
салды.
Колонистер армия жасақтай білді, талантты қолбасшы тапты, ол
(Д.Вашингтон) қаржы жағын қарастырды, қалғанын жеңіске құштарлық және
Англияның бұл жағдайды дұрыс бағаламауында болды.
Америка колониялары мен Англия арасындағы соғыс революционерлік
сипатта болды. Бұл соғыс тек бір жақтың бір жаққа қарсы соғыс болмады. Бұл
соғыс буржуазиялық-демократиялық революция сипатында болды және
федерализмнің ескі шарттарын жойды.
Революцияның басты қозғаушы күші фермерлер, қолөнершілер, жұмысшылар
болды. Революция басқарылуы көпестер мен фабрикаттар қолында болды.
Америка төңкерісінің көп ерекшеліктері болды. Оны тапсыз күрес деп
атайтын. Бұл көтеріліс Америка халқының бостандығы үшін жүргізілген күрес.
Ал революцияға қатысқан адамдар лоялистер тори және патриоттар деген еккі
топқа бөлінген еді. Лоялистер – корольді жақтаушы топтар болатын.
Патриоттар – ескі отарлық режимді бейнелейтін жеңілдікке ие сословие
өкілдерінің дұшпандары және де метрополиялық саясатқа қарсы шыққандар.
Негізінен патриоттарға қолөнершілер мен ұсақ тауар иелері мен фермерлер,
орта қала тұрғындары, ал торилерге губернаторлар, сот қызметкерлері, кеден
қызметкерлері, отарлау әкімшілігі, жер ақсүйектері жататын.
60-70 жылдардағы оқиға азаттық қозғалысымен және америкалық
революцияның өзгеруімен тығыз байланысты. Осы жылдары революциялық күш
топтасты, сондай-ақ тәуелсіздік үшін күрестің әдістері мен ұйымдастыру
тәжірибесі құрылды. Тәуелсіздік үшін күрес негізінде келесі төрт мәселе
шешуге тиісті еді. Құлдықты жою, Аллеган тауарларының жанындағы жерлерге
қоныс аудару, өнеркәсіп пен сауданың бостандығын алу және отарлық
әкімшіліктік тәуелсіздігін қорғау.
Ал енді осы Виргиния Ассамблеясына тоқталар болсақ, мұнда Генри
сөзінен кейін заң шығарушылар қарсы шығып, осы заңға оппозиция құрастырды.
Масачусетс ұсынысы бойынша 1765 жылы қазанның 7 жұлдызында құрлықаралық
Конгресс шақырылды. Америкадағы Британ отарларының құқығы мен шағымы
жөнінде декларация қабылдаған осы Конгресс. Халық салық жинаушылардың
үйлерін өртеп, олардын салық алмау жөнінде ант алды. 1776 жылы Англия
парламенті салықты өзгертті. 1767 жылы жазда Англияның парламенті Таушенд
заңдары деп аталған үш заң қабылдады. Ағылшын отарларының наразылығын
туғызған осы заңдардың мазмұны Таушенд заңдарын қабылдағаннан кейін ағылшын
мен американдықтардың қатынасы бірден нашарлады да, 1771 жылы бұл заңдар
өзгертілді.
Америка халықтарының талаптарын былай бөлуге болады: біріншіден,
ағылшын жеңіл өнеркәсіп заттары отарларға әкелу үшін қызметкерлер мен сот
баж салығын жинайтын. Бұл заң провинциялардың ассамблеясының тексеруімен
отарлау әкімшілігінің аппаратына көп мүмкіндік туғызды. Америка колониялық
басқармасын құру жөнінде талап білдіртті, ол барлық сауданың заңдарын
қадағалау үшін, қамтамасыз ету үшін керек болды. 1765 жылғы пәтер актісі
мойындалмай, Нью-Йорк провинциалдық ассамблеясының ісі тоқтатылған еді.
1773 жылы 16 желтоқсанда Бойон қаласының халқы ағылшын кемесі арқылы
келген шайды теңізге батырып жіберді. Англия Бостон портын жауып, оны
бүлікшілік жағдайында деп мәлімдеді. Бостон жеке Масачусетс отарларымен
қарым-қатынасқа тыйым салды. Порттардың блокадасына ерегісіп, Конгресс
бүкіл сауда туралы ағылшын заңдарын жойып, король қызметкерлерінің меншігін
тәркілеуге ұшыратқан еді.
Ал енді Тәуелсіздік Декларациясына келіп тоқталар болсақ, ол
штаттардың ерекше құжаты. Тәуелсіздік Декларациясы штаттардағы заң шығару
процесін реттеді. Және қабылданған конституциялық актілерді де реттеді. Осы
кезде штаттардың бірігуі анық болды, бірақ бұл процесс әр уақыта тиянақты
жүрген жоқ. Кейбір штаттар тәуелсіздік нәтижесінде алған бостандығын
жоғалтқысы келмеді. Соңында компромистер нәтижесінде осы жобаны қалады, оны
1774 жылы Конгресс бекітті. Осы құжат ең бірінші конституциялық құжат болып
есептелді. Штаттар мәңгілік одаққа кірді, ол "Америка құрама штаттары" деп
аталды. әр штат өз тәуелсіздігін сақтады. Штаттар өз мойнына бір-біріне
көмек және басқа штаттардың ісіне араласпайтын болды. Барлық азаматтар
сауда-саттық жасап, елден шығуға рұқсат етілді. "Бір штат сотының шығарған
үкімдерін басқа штаттарда ескеруі керек", - болды. Әр штат өз бетінше алым-
салық жинауды жүзеге асырды.
Ендігі жерде Декларацияның өзіне тоқталар болсақ: ол үш бөлімнен
тұрады. Біріншіден, Декларацияға ағылшын королінің қателері мен қиянаты
туралы айтылса, екінші бөлімде адамның табиғи бостандықтары мен құқықтары
туралы, ал үшінші бөлімінде АҚШ дербестігі мен тәуелсіздігі туралы тұжырым
жасайды. Адам баласының пікірімен санаспаушылық оны бөлінуге итермелейді,
себептерін түсіндіруге міндеттейді.
Сондай-ақ бұл Декларация Европаға үлкен әсерін тигізеді. Бұл халық
көтерілісінің заңды үкіметке қарсы манифесі болып табылады. Бұл Декларация
Англия королінің зиян келтірулерін көрсетіп, жапа шеккен халық көтерліске
шығып, құқықтарын жариялайды. Осыдан келе Декларация саяси тәуелсіздіктің
жойылғанын және де Ұлыбритания үстемдігінің жойылғандығын жариялайды.
Жоғарыда айтылғандай, Декларацияның қабылдануы жөніндегі хабар
қуанышпен қарсы алынады. Яғни салюттер атылып, қоңыраулар соғылып, халықтың
көңіл-күйін көтереді.
1776 жылғы 4 шілдеде АҚШ-тың мемлекеттік мейрам күні. ғарапайым
түсінктегі нысандағы декларация Американың халқының демократиясы мен
бостандығын білдіреді. Оны салют атылғанда, қоңырау соғылғанда оқу дәстүрге
айналған.

2. Конфедерацияның баптары

1774 жылы соғыс басталып 13 штат әскерлері бірікті, олар конфедерация
құрды. Конфедерация баптарын жасау үшін 1777 жылы комитет құрылды
(конфедерация баптарын құру үшін) 1781 жылы жоққа заң қабылданып, күшіне
енді. Осы штаттардың алдына қойған мақсатына байланысты жасалды.
1781 жылғы конфедерацияның баптары – АҚШ-тың бірінші конституциясы
болып саналады. 13 штат мемлекетаралық одақ құрды. Әрбір штат егемендігін
сақтады, ол тәуелсіздікті, басқа да өкімет билігін сақтады, өздерінің
парламенті, өкіметі, конституциясы болды.
Конфедерация баптары бойынша әр-бір штат өзінің билігі үшін,
тәуелсіздігі үшін сот жүйесін сақтады. Конфедерациялық одақ өзінің алдына
сыртқы саяси міндеттер қойды. Бұл декларацияға қарсы бүкіл ресурстарды,
әскерлерді біріктірді. Конфедерация баптарының мазмұнына қарағанда
халықаралық келісім шарттың бір түрі болды. Конфедерация баптары бойынша
басқаруды жүзеге асыру үшін конфедерациялық конгресс құрылды, оған
штаттардан тағайындалған делегаттар кірді. Ең азы 2 делегат (халқы аз
штаттан), ең үлкені 7 адам (халқы көп штаттан) кірді.
Делегат санына қарамастан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары
Тәуелсіздік үшін күрес
Америка төңкерісі
Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы соғыс, оның салдары
Талдау құралдарының әдістемелік және теориялық құрамында әлеуметтік стратификация
Қазақстанда әлеуметтік қорғау мәселесін жүзеге асырудағы мемлекеттің рөлі
Тәуелсіздік үшін соғыс
К.Маркстың әлеуметтік құрылым туралы көзқарасы
Алғашқы қауымдық құрылыстағы дене шынықтыру
Гусшілер қозғалысы еуропа реформациясының жаршысы
Пәндер