Жұмыстың тақырыбы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы

Диплом (бітіру) жұмысы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ АУДАРМА САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Орындаған:

4 курс студенті

Ғылыми жетекші:

ф. ғ. к., доцент М. Қ. Әбілқақов

(қолы, күні)

Норма бақылаушы:

ф. ғ. к., доцент Е. С. Адаева

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі,

ф. ғ. д., профессор Ж. Д. Дәдебаев

(қолы, күні)

АЛМАТЫ, 2010

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы. ХХ ғасырдың басндағы қазақ жазушыларының аударма саласына қосқан үлесі.

Жұмыстың көлемі. 62 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер саны. 66

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан құралған негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Жұмыстың мақсаты. ХХ ғасырдың басындағы әдебиет пен аударма саласы бүгінгі күнге дейін зерттелу үстінде десек те, нақты аудармашылық өнердің дамуы туралы деректер аз болып, оларды жүйелеу мүмкін болмай отыр. Сондықтан да, бітіру жұмысының мақсаты - қазақ көркем аудармасының ХХ ғасырдың басында эволюциясын насихаттау, сол процестің негізгі өлшемдерін анықтау, аударма тұжырымдамалары мен принциптерінің өзгеруін қарастыру.

Жұмыстың мазмұны. Кіріспе бөлімде жалпы аударматану ғылымының ХХ ғасыр басындағы ахуалы туралы сөз қозғалса, негізгі бөлімде, яғни І-ІІ тарауларында, қарастырылып отырған мәселелер, сондай-ақ, қазақ аударматану ғылымының дамуы мен өзіндік ерешеліктері туралы айтылады.

«ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі» атты бірінші тарауда аударматану ғылымына қатысты ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының баспада шыққан құнды мақалалары мен ой­пікірлері келтіріледі. «ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушыларының аудармашылық шеберлігі» атты екінші тарауда Ә. Бөкейхановтың аудармасындағы Л. Н. Толстойдың «Қажы­Мұрат» повесі, А. Байтұрсынов пен С. Көбеев тәржімалаған И. А. Крылов мысалдары, М. Дәулетбаевтың аудармасымен шыққан У. Шекспирдің драмалық шығармалары, сондай­ақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ж. Аймауытов және басқа да қаламгерлердің А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов сынды әдебиет алыптары шығармаларының аудармалары қарастырылады.

Жұмыста қолданылған әдістер. Жұмысты орындау барысында қарастырылып отырған кезеңдегі аудармашылар туралы нақты деректер және олардың аударма туралы өзіндік тұжырымдары жинақталып, аударматану ғылымының ХХ ғасырдың басындағы негізгі мәселелеріне шолу жасалды. Сондай­ақ, сол кезеңдегі қаламгерлер қаламынан шыққан аудармалардың негізгі кемшіліктері мен жетістіктеріне көңіл бөлініп, салыстырмалы түрде талдау жасалынды.

ГЛОССАРИЙ

Аударма - бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу, сондай-ақ, осы іс-әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды. Тақырыбы, мазмұны, стильдік белгілері дайын мәтіннің екінші тілде функционалды теңбе-тең баламасы жасалуға тиіс.

Еркін аударма - бұл тәсіл түпнұсқаның тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі аудармашының өзіне тиімділігін көруден тұрады. Мұнда автор сөзінің лингвистикалық тұрғыда дәлдігі болмаса да, оның ойы мен идеясына, стиліне нұқсан келмейді.

Сөзбе­сөз аударма - түпнұсқаның алғашқы мәнін түсінбей, автор сөзі, тыныс белгілері, оның бар болмысы деп түсінетін аудармашылардың қаламынан туындайды.

Поэтика - (грекше - поэтикалық өнер), көркем шығарманың құрылымдық түрі және де бұл түрлердің жаңа мазмұндау ықпалымен тарихи заңдардағы өзгеруі туралы ғылым.

Стиль - жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы. Көркемдік стиль жазушының өмірлік тәжірибесі негізінде, оның суреткерлік талантының табиғатына сәйкес қалыптасып дамиды.

Алаш қозғалысы - ХХ ғасырдың басында империялық биліктің тым күшті болғандығына қарсы құрылған қазақ зиялыларының қозғалысы. Қазақ ұлты тарихында ерекше орны бар құбылыс, бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын дүниетанымдық тарихтың өзегі. Алаш қазақ халқын бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.

Көркем аударма - көркем әдебиет жанрын басқа тілде баяндайтын аударма түрі. Әлемді мәдени түрде меңгерудің көркемдік құралы.

Эквивалент (балама) - басқа мағынасымен тілдік қызметі жағынан сәйкес келетін немесе басқа сөз сөйлеу бірлігінің сол қызметін орындауға бейім сөз сөйлеу бірлігі.

Адекватты аударма - екі тілді жетік білетін аудармашылар қолданатын тәсілдердің ішіндегі ең қиын түрі. Адекватты аударма жасау үшін, түпнұсқаның жан-жүрегін, ішкі сырын, авторды сарқа түсіну қажеттілігі сияқты талаптардың орындалуы қажет.

Авторлық аударма - автордың өз шығармасын басқа тілге аудару тәсілі, автордың басқа тілде жазу мәнерін қалыптастырумен бірге стилін өзгертуге, шығармаға жаңа ұстаныммен қарауға дағдыландырады.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

І. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі . . . 8

ІІ. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушыларының аудармашылық шеберлігі . . . 32

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зар заман әдебиеті мен Алаш ұранды әдебиеттің сабақтастығы
Байланыс желілері және коммутация жүйелері
Қорғау және бағалау
МДҰ әдістемелік кабинет
Паразитологиялық тексеру әдістері
Теориялық зерттеудің бағыты және әдістері
Беттердің рет саны
Мәтін - диплом жұмысының күрделі әрі маңызды бөлігі
Жұмыстың құндылығы
Ғылыми жұмыста мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдаудағы қателіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz