Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы
Бітіру жұмысы
Жаһандану жағдайындағы Қытайдың сыртқы саясаты
Орындаған 4-курс студенті д
т. ғ. д., профессор
Ғылыми жетекші Қожахметов К. Қ. .
т. ғ. к., доцент
Норма бақылаушы Ауган М. А.
Кафедра меңгерушісінің т. ғ. д., профессор
рұқсатымен қорғауға жіберілді Макашева К. Н.
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. Реформалар және ашықтылық саясатынан бергі ҚХР сыртқы саясатының эволюциясы
1. 1 ҚКП ОК 11-кезектегі ІІІ Пленумы және оның сыртқы саяси идеологияға әсері 9
1. 2 Халықаралық істерде ҚХР-ның тәуелсіз және дербес жолға өтуі 14
1. 3 Қазіргі таңдағы Қытайдың сыртқы саяси стратегиясы 20
ІІ ТАРАУ. Қытай сыртқы саясатының бағыттары
2. 1 Қытай-американ қатынастарының қазіргі күйі мен даму болашағы 28
2. 2 ХХІ ғасырда конструктивті стратегиялық өзара әрекеттестікті құруға бағытталған Қытай-Ресей қатынастары 33
2. 3 Ізгі достық пен шынайы серіктестік сипатындағы Қытай-Қазақстан қатынастары 39
ІІІ ТАРАУ. « Қырғи-қабақ соғысынан» кейінгі Қытай сыртқы саясатының ерекшеліктері
3. 1 ШЫҰ аясындағы Қытайдың сыртқы саясаты 46
3. 2 Қытайдың энергетикалық мәселесінің сыртқы саясатына әсері 50
3. 3 Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы Қытайдың саясаты 56
ҚОРЫТЫНДЫ 61
СІЛТЕМЕЛЕР 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қытайдың әлемдік экономика мен жаһандық саясаттағы орны реформалар мен ашықтылық саясатына көшкен кезден бастап түбегейлі өзгерді. Өткен ғасырдың 80-жылдарында ҚХР терең ойластырылған реформалардың арқасында жаңа алпауыт ел ретінде танылуға басты үміткерге айналды. Осының нәтижесінде Қытай бүгінгі таңда жаһандық саясат алаңындағы негізгі күш орталықтарының бірі болып табылады. Алпауыт ел дәрежесіне екпіндеп жақындаған Қытай Халық Республикасы өзін қандай сипатта көретіндігінен, сыртқы әлемге, әсіресе екі ірі мемлекет АҚШ пен Ресейге қатысты қандай саясат ұстанатындығынан ХХІ ғасырдың қалыптасып жатқан әлемдік тәртіптің сұлбасы байланысты болып отыр.
Қазіргі таңда Қытай бейбіт сыртқы саяси бағытын ұстана отырып, халықаралық қатынастар жүйесінің көпқырлы болуын қолдап, аймақтық ынтымақтастықта барынша қатысып, жаңа халықаралық саяси және экономикалық тәртіптің орнатылуын қалайды [1] . Үстіміздегі ғасырдың алғашқы жылдары Қытай Халық Республикасы әлемде орын алып отырған жаңа саяси жағдайға икемді сыртқы саясатты жүзеге асыруда. Халықаралық қатынастар шеңберінде шешілетін маңызды мәселелер бойынша Қытай дербес саясатты ұстанып, бір де бір мемлекеттің жағына шығудан, одақтың немесе коалицияның құрамына кіруден немесе белгілі бір мемлекетке бағытталған одақтастық орнатудан сақтанып келеді. Бірақ соған қарамастан Қытай аймақтық және халықаралық қатынастарда шешуші рөлдердің бірін атқарып, өзінің пікірімен санасуды қалады. АҚШ-ның бұрынғы мемлекеттік хатшысы, президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша арнайы кеңесшісі, әрі осы саланың белгілі мамандарының бірі Г. Киссинджер Қытайдың қуаттылығы туралы сөз қозғай отырып, «барлық ұлы және қуаты зор мемлекеттердің арасында Қытай алға жылжудың ең жоғарғы деңгейінде. АҚШ қуаттылыққа әлдеқашан жеткен, Еуропаға берік тұтастыққа жету үшін әлі де еңбектену керек, Ресей - сүрініп келе жатқан алып, ал Жапония бай, бірақ әлі де жасық. Қытай болса, экономикасының 10%-ға жуық жылдық даму деңгейін сақтап, өте күшті ұлттық тұтастық сезіміне және одан да мықты әскери күшке ие бола отырып, ұлы державалар арасында әлдеқайда жоғары өсімді көрсетуде», деп баға береді [2] .
Қытайдың қарқынды экономикалық дамуы салдарынан елдің ішінде демографиялық, энергетикалық, экологиялық мәселелердің ушығуы, жаһандану үрдісінің кең етек жаюы жағдайында ҚХР сыртқы саяси бағдары аталған жағдайларға икемді қылып уақтылы түзетіліп отырылуын талап етеді. Сондықтан «қырғи-қабақ соғысы» аяқталғаннан кейін әлі қалыптаспаған халықаралық қатынастар жүйесі жағдайында Қытайдың сыртқы саяси бағытының болашақ өзгерістері алаңдаушылық тудырады, сонымен қатар Қытай мемлекетінің ауқымды аумақтық, демографиялық, экономикалық масштабын ескеретін болсақ, оның сыртқы әлемге қатысты ұстанатын сыртқы саясатының мәнін айқындау зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін аңғартады.
Қытай біздің ұлы көршіміз болуымен қатар, тығыз саяси және экономикалық байланыстардың орнығуына байланысты оның сыртқы саясатының бізге де қатысты астарын ұғыну маңызды мәселе болып табылады. Сол елде орын алып жатқан үрдістер мен оның басшылығы қабылдайтын стратегиялық міндеттері біздің жас мемлекетіміздің қызметінің барлық салаларына қатысты болғандықтан, еліміздің ұлттық қауіпсіздік және даму мәселелері осындай алпауыт елмен өзара қатынастарымызды тиімді жоспарлауда оның халықаралық сахнада орны мен сыртқы саяси бағытының тұрақтылығын ескеру қажет. Осыған байланысты көрсетілген мәселелердің кешенін зерттеу тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Бітіру жұмысының мақсаты. Қазіргі таңда жаһандану үрдісінің әлемде кең етек жаюына байланысты ҚХР-ның сыртқы саяси принциптері мен стратегияларын кешенді түрде талдау.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер алға қойылады:
- Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатында 1980 - жж. басында орын алған терең өзгерістердің себептері мен мақсаттарын және қазіргі Қытай басшыларының төртінші буынының сыртқы саяси тұжырымдамаларын ашып көрсету;
- ҚХР мен АҚШ, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық, саяси, экономикалық байланыстарының даму барысы мен болашақтағы даму бағыттарын анықтау;
- Қырғи-қабақ соғысы аяқталған кезден бастап бүгінгі күнге дейінгі өзгеріп отырған халықаралық ахуалдың өзгерістері, әсіресе жаһанданудың тереңдеуі жағдайындағы Қытайдың жүргізіп отырған саясатының мәнін ашу;
- Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мысалында көпжақты дипломатиядағы орнын айқындау;
Бітіру жұмысының нысаны «Қырғи-қабақ соғысы» аяқталғаннан кейінгі жаһандану үрдісінің өмірдің барлық салаларында кең орын алуы жағдайындағы Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары.
Бітіру жұмысының пәні. ХХ ғасырдың 80 жж. басындағы Қытайдың сыртқы саясатындағы терең өзгерістер, ҚХР-ның сыртқы саяси бағытын айқындайтын негізгі орган Қытай Коммунистік Партиясының сыртқы саяси тұжырымдамалары, теориялары, орын алып отырған халықаралық ахуалға қатысты берген бағалары, Ресеймен, Америка Құрама Штаттарымен және Қазақстанмен дипломатиялық, саяси, экономикалық қатынастары.
Бітіру жұмысының мерзімдік шегі. Зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелердің мерзімдік шегі Қытай Халық Республикасының реформалар мен ашықтылық саясатына көшуіне байланысты жаһандану үрдісіне тартыла бастаған кезден бастап, яғни 1978 жылы желтоқсанда өткен ҚКП ОК 11-шақырылымның ІІІ Пленумнан бүгінгі күнге дейінгі мезгілді қамтиды.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Зерттеу тақырыбына қатысты деректер қытай, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған құжаттық деректерден тұрады. Деректердің бірінші тобын Қытай Халық Республикасының Конституциясы, Ресей Федерациясының сыртқы саяси тұжырымдамасы [3-4] сияқты нормативтік-құқықтық актілер құрайды. Деректердің екінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олардың арасында Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттары, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарға қатысты құжаттар мен материалдар жиынтығы, мемлекетаралық үкімет басшыларының қол қойған ресми келісімдері, декларациялар қамтиды [5-11] . Мұндай құжаттар екі ел арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға деректілік құндылығы жоғары материалдар болып табылады.
Деректердің үшінші тобы мемлекет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, лауазымды тұлғалардың жасаған баяндамалары, ресми сапар барысында сөйлеген сөздері, ашық мәлімдемелері және тілшілерге берген сұхбаттары құрайды. Цзян Цзэминь, Ху Цзиньтао, Вэнь Цзябао, Нұрсұлтан Назарбаев және басқа саяси қайраткерлердің еңбектері жатады [12-21] . Бұл материалдар ҚХР, АҚШ, ҚР ресми сайттарында жарияланған және арнайы жинақтар болып баспа бетіне шыққан. Деректердің төртінші тобын статистикалық мәліметтер құрайды [22-25] . Статистикалық мәліметтерді пайдалану экономикалық, өндірістік, әлеуметтік көрсеткіштері арқылы мәселелерді терең зерттеуге өз септігін тигізді. Деректердің бесінші тобына ҚКП съездерінің материалдары сияқты ресми құжаттар кіреді [26-29] . Ол құжаттардан сыртқы саясатқа, халықаралық ахуалға қатысты мәліметтер алынды. Деректердің алтыншы тобына қазақ, орыс тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты жарияланған түрлі ақпарат материалдарын жатқызамыз. Олардың қатарында отандық «Дипломатия жаршысы», «Қоғам және дәуір», «Континент», «ҚазҰУ Хабаршысы» (Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы) журналдарында; ресейлік «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Азия и Африка сегодня», «США и Канада», «Международная жизнь» сияқты ғылыми журналдар және қытайлық «Жэньминь жибао» газетінің орысша нұсқасы бар.
Аталған деректер бітіру жұмысының тақырыбына қатысты қойылған тың деректер мәселені жан-жақты қарастырып, талдауға мүмкіндік туғызды. Қолданылған деректер тақырыпты кешенді зерттеуге, мақсаты мен міндеттерін ашуға толық мүмкіндік береді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Қытай Халық Республикасының сыртқы саяси бағдары мәселесіне арналған әдебиеттерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа шетелдік авторлардың еңбектерін жатқызуға болады. Қытайдың сыртқы саясаты мәселесін зерттеп жүрген Ли Син, Чжоу Ихуан, Чжао Чжэнь, Суечэн Лю, Чжан Байцзя, Ли Цзинцзэ, Чжао Хуашэн, Гао Шуцин сияқты зерттеушілерін атауға болады. Чжан Байцзя реформаларды жүзеге асыру мен сыртқы байланыстарды белсенді кеңейту тұсында Қытайдың сыртқы саясатын қарастырған [30] . ҚХР-ның құрылуынан бастап қазіргі кезеңге дейін Қытай сыртқы саясатының даму барысын Чжоу Ихуан жете қарастырған [31] . Гао Шуцин жаһандану жағдайындағы Қытайдың сыртқы саясатының негізгі қырларын ашып көрсетті [32] . Ли Цзинцзэ Қытай мен Ресейдің стратегиялық әріптестер деңгейінде қатынастарын терең зерттеген [33] . Чжао Хуашэн Қытайдың Орталық Азия елдеріне қатысты саясаты жайлы сөз қозғайды [34] .
Американ мемлекеттік қайраткерлері Зб. Бжезинскийдің еңбегінде Қытайдың әлемде ролінің артуына қатысты құнды мәліметтер бар [35] . Ағылшын зерттеушісі А. Голдстейн еңбегінде Қытайдың сыртқы саясатында стратегиялық әріптестік қатынастарға көшу себебін түсіндіреді [36] .
Екінші топқа кеңестік-ресейлік авторлар еңбектері жатады. Синологияда ұзақ мерзімді тәжірибесі мен дәстүрі бар ресейлік зерттеушілерінің еңбектері айрықша орын алады. Бітіру жұмысының тақырыбы бойынша зерттеу бағыттарын мен мәселелерді қарастыруға тәсілді айқындауға М. Л. Титаренко, Е. П. Бажанов, А. В. Торкунов, С. Л. Тихвинский, А. Д. Воскресенский, А. В. Меликсетов және т. б. авторлардың еңбектері көмектесті. Мәселен Е. П. Бажанов ҚХР-ның пайда болуынан 80 жж. аяғына дейін Қытайдың сыртқы саясатының даму барысын қарастырды [37] . Қытайдың сыртқы саясатындағы өзгерістердің мәнін А. В. Торкуновтың редакциясымен дайындалған ұжымдық еңбектің мәні зор [38] . Белгілі ресейлік ғалым Ю. М. Галеновичтің еңбектерінде [39-40] ҚХР-ның сыртқы саяси ұстанымдарына шолу жасауға, оның өткен мен қазіргі кезеңдегі тарихи оқиғаларына, екіжақты және үшжақты қатынастарға ғылыми тұрғыдан тұжырымдар жасауға тырысқан. Автордың Қытайдың сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастар мәселесіне арналған бұл зерттеу шығармалары қазіргі кезеңдегі тарихи зерттеулер талабына сай, жаңаша тұрғыдан жазылғанымен ерекшеленеді.
Қытайдың қазіргі сыртқы саяси жағдайын ресейлік ғалымдар В. В. Михеев, Я. М. Бергер., Л. Делюсин, О. Остроухов, Г. И. Чуфрин, О. Б. Рахманин және т. б. ғалымдар зерттеген. Ресей мен Қытай қатынастарын И. А. Рогачев, М. В. Маргелов, В. Я. Портяков, А. Г. Ларин сияқты ғалымдар қарастырады. Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестер деңгейіндегі қатынастарын егжей тегжейлі В. Я. Портяков қарастырады [41] .
Зерттеліп отырған мәселеге қатысты Қ. К. Тоқаев, Қ. Е. Байзақова, А. А. Орман сияқты отандық зерттеушілердің еңбектерінде мәліметтер құнды болып табылады. Қ. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының дипломатиясына қатысты еңбектерінде біздің еліміздің сыртқы саяси бағдарын таңдауда Қытай Халық Республикасының орнын көрсетті [42] . Сонымен қатар ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының және әлемдік экономика мен саясат институтының ұжымы дайындаған бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын және ұжымдық еңбектерін ерекше атап өтсе болады. Олардың ішінде М. Т. Лаумуллин, К. Л. Сыроежкин, Л. М. Музапарова, М. С. Ашимбаев, А. С. Каукенова сынды зерттеушілер бар. Мәселен Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатының және әлем елдерімен өзара ынтымақтастық мәселелерінің маңызды тетіктерін ғана емес, Қытайдың экономикалық, энергетикалық мәселелерін талдауға А. С. Каукенованың редакциясындағы ұжымдық үлкен пайдасын тигізді [43-44] . М. С. Ашимбаевтың редакциясымен жарыққа шыққан ұжымдық еңбекте Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары терең қарастырылған [45] .
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі пәнаралық қағидалар мен саяси құбылыстарды тану әдістерінің жиынтығы болып табылады. Солардың бірі салыстырмалы тарихи талдау әдісі арқылы оқиғалар мен үрдістерді дамуы бойынша қарастырып, алуан түрлі деректер көзін зерттеп, оларды саралауға мүмкіншілік береді. Жүйелік тәсілдің мүмкіндіктерін екіжақты қатынастарды қарастырғанда пайдаландым. Құрылымдық-функционалдық тәсілді «қырғи-қабақ соғысы» аяқталғаннан кейінгі қалыптасып жатқан халықаралық қатынастардың жүйесі жағдайында Қытайдың орнын көрсетуде қолдандым. Күнделікті баспасөз беттеріндегі материалдар негізінде Қытайдың жекелеген елдермен қарым-қатынасының орнауы, дамуы және екі жақтағы қатынастардағы келеңсіз жағдайлар тудыратын факторларды анықтап, мәнін ашуда бақылау және қадағалау әдісін барынша пайдаландым.
Қорғалуға ұсынылатын тұжырымдамалар:
- ҚКП ОК 11-шақырылымының ІІІ Пленумының Қытайдың сыртқы және ішкі саясатының түбегейлі өзгеруіне алғышарт жасады. ҚКП-ның ХІІ съезінде бейбіт және дербес сыртқы саяси бағытқа көшу ұйғарымы бүгінгі таңда өзінің өміршеңдігін көрсетуде.
- Американ-Қытай қатынастары халықаралық қатынастардың жүйесінде алғашқы орынға шығады. Соңғы жылдары АҚШ пен ҚХР-ның экономикалық өзара тәуелділігінің көрінісі әсіресе қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы тұсында белең алуда. Сондықтан АҚШ мен ҚХР текетіреске барудың ешқандай мәні жоқ екендігін түсінеді.
- Қытай мен Ресей стратегиялық әріптестер деңгейінде қатынастарын дамыта отырып, олардың халықаралық қатынастар жүйесінде орын алып отырған көптеген мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас болып отыр және мүдделері бір арнада тоғысып отыр.
- ҚХР-ның соңғы 18 жылдың ішіндегі Қазақстан Республикасына қатысты қолданған сыртқы саясатының өзіндік ерекшеліктері бар. Оған ең алдымен Қазақстан Республикасының халықаралық аренада жеке субъект ретінде танылуы, оның геосаяси және геоэкономикалық мағынада тиімді орналасқан жағдайы үлкен әсерін тигізді. Сондықтан Қазақстан Республикасымен ұзақ мерзімге бағытталған тұрақты байланыстарды орнату, өзара тиімді ынтымақтастықты қолдау және дамыту Қытай Халық Республикасының түпкілікті ұлттық мүдделеріне сай келеді.
- Қытай көпқырлы әлемнің жақтаушысы бола отырып, өзінің бастамасы бойынша құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде Қытайдың дипломатиясындағы жаңа бағыт болып табылатын көпжақты дипломатияға қатысу ролінің артқандығы байқалады.
- Реформалар жолына түскен кезден бастап ҚХР экономикасының қарқынды дамуының нәтижесінде жылдан-жылға энергоқорларға деген сұранысының өсуіне байланысты энергетикалық фактор Қытайдың сыртқы саясатында стратегиялық маңызды бағыттарының біріне айналды.
- Әлемдік қаржы дағдарысы тұсында ҚХР экономикасының жоғарғы өсу қарқыны сақталуы Қытай үкіметі қабылдаған дағдарысты еңсеруге бағытталған іс-шаралар кешенінің жемісті болуының нәтижесі
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. Реформалар және ашықтылық саясатынан бергі ҚХР сыртқы саясатының эволюциясы
1. 1 ҚКП ОК 11-кезектегі ІІІ Пленумы және оның сыртқы саяси идеологияға әсері
1976 жылдың соңына қарай Қытай Халық Республикасы терең әлеуметтік-саяси және экономикалық дағдарыс жағдайында болды. Дағдарыстың себебі Мао Цзэдун мен оның жақтастарының жүргізген милитаристік ұлыдержавалық бағыты, «үлкен секіріс» саясаты, маоистік «мәдени революция» болды [46, с. 26] . Қытайлық мерзімді басылымдарында 1966-1976 жж. елді артқа тастаған, халық шаруашылығын күйреу шегіне дейін жеткізген «жоғалтылған онжылдық» деп есептелді [47, с. 163] .
Елдің экономикасы құлдырау жағдайына жетіп, миллиондаған халық кедейшілік күйін кешті. Алауыздық пен бейберекеттік саяси салада да орын алды. Мәдени революциядан мұра болып қалған әлеуметтік утопизм мен саяси экстремизм кеңінен таралды. Халықтың көпшілігінде, әсіресе жастар арасында социализм идеяларына, компартия мен оның басшылығына сенім дағдарысы орын алды. Осындай жағдайда партияның алдында елді саяси, әлеуметтік- экономикалық жағынан тұрақтандыру, халықтық шаруашылықты қалпына келтіру міндеті тұрды. Бұл міндетті шешу барысында алғашқыда Дэн Сяопин мен ҚКП ОК басқа қайраткерлерінің басшылығымен 1975 ж ғасырдың аяғына дейін «төрт модернизацияны» (ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, қорғаныс саласында, ғылым мен техникада) жүзеге асыру көзделді. Бұл жоспарларға сәйкес, негізгі назар ауыл шаруашылығын жаппай механизациялау жолымен көтеру қарастырылды. Бұл жоспарлардың кемшіліктеріне қарамастан, олар жалпы экономикалық құрылысты партия мен елдің негізгі міндеті ретінде айқындады.
Мао Цзэдунның қазасынан кейін (1976 ж. 9 қыркүйек) ҚКП ОК Төрағасы және ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері болып билікке Хуа Гофэн келеді. Ол Мао Цзэдун бағытының жақтаушысы болды. Маоистік басшылықты қайта құрудың қажеттілігі партиялық және мемлекеттік аппаратта басым болуға ұмтылған топтардың күресімен сипатталды. Дэн Сяопин басқарған маоистік-прагматикалық топ 1977 ж. маусымда ҚКП ОК оныншы кезектегі III Пленумда ақталып, Дэн Сяопин бұрынғы барлық лауазымдарын қайта иеленді: ҚКП ОК Төрағасының орынбасары, Әскери кеңестің төрағасының орынбасары, ҚҰАА бас штабының қолбасшысы, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьерінің орынбасары. ҚКП ОК Төрағасы Хуа Гофэн болғанымен, 70 жж. соңында Дэн Сяопин партия мен елдің көшбасшысына айналады [48, с. 166 ] .
ҚКП XI съезі (1977 ж. тамыз) «мәдени революцияның» аяқталғанын жариялағанымен, съездің құжаттарында «мәдени революция» кезіндегі көптеген саяси-идеялық нұсқаулар сақталып қалды. Бұл өз кезегінде модернизация бағытына кедергі жасады. Шындыққа жанаспайтын көнерген теориялық, саяси және экономикалық нұсқауларын қайта қарастыру қиын іс болды және оның үстіне көп уақыт талап етті. 1977 жылдың күзінде зиялы қауымның берген бағасы қарастырыла бастады. Оған сәйкес ғылым мен техниканың модернизациясы төрт модернизацияның кілті болды. Пікірталастар нәтижесінде партияның экономикалық саясатын қайта қарастыру мен түзеу мәселесі қозғалып, ҚКП ОК 11-кезектегі III Пленумында шешім қабылдауға жағдайды дайындау қарастырылады [48, с. 37] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz