Сенімхаттың мерзімі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Сенімхатты куәләндіру.РЕФЕРАТ

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім:
1.
Сенімхат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 4
2. Сенімхаттың
куәландырылуы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6
3. Сенімхаттың
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Сенімхаттың
тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..11
5. Сенімхат - өкілдің өкілеттігін ресімдейтін құжат

ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..15
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе

өкілдік (representation ағыл. сөзінен) – бір адамның (өкілдің) басқа
адамның өкілдік берушінің атынан оған құқықтар мен міндеттемелер жасап
әрекет етуін айтады. Өкіл өкілдік беруші тұлғаның атынан әртүрлі мәмілелер
жасайды.
Өкілдер арқылы басқа да көптеген заңдық әрекеттер жасалады мысалы,
талапарыз ұсыну, жалақыны, посылканы алу және т.б.). Өкілдің атынан тек
қана өзі жасауға тиісті әрекеттер жасалынбайды. Оларға мынадай сипаттағы
әрекеттер жатады: өсиетті ресімдеу, бала асырап алу және т.т
Өкілдің өкілеттігі сенімхатқа, заңға, әкімшілік актіге негізделеді.
Өкіл болушы азаматтар ақыл есі бүтін өз ісіне толық жауап бере алатын
адамдар болуы шарт. Заңды тұлғалардың жарғылық міндеттеріне қайшы келмейтін
болса олар да өкіл бола алады.

Міне осындай қызықты тақырыпты мен өзімнің жұмысыма арқау етіп алдым.
Өкілдік институты біздің тәуелсіз Қазақстанда кеңінен тараған, өйткені бір
ғана Алматының өзінде 200-ге астам нотариат кеңселері бар. Ал осы
кеңселердің ең көп қолданатын құжаты осы сенімхаттар жазып оны куәландыру
екенін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Өкілдік институтына арналған
баптар Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 5-тарауын қамтып жатыр (163-171
баптар).

Осы жұмысты жазуда мен заңгер ғалымдарымыз Ғ. Төлеуғалиевтің және Ғ.А.
Жайлиннің еңбектеріне арқа сүйедім.

Негізігі бөлім

1. Сенімхат

Сенімхат — белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен кұқын екінші бір
тұлғаға берілгенін жазбаша растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты
бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу
мақсатында беріледі.
Сенiмхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы,
стипендия, зейнетақы алу үшін, ақшалай сондай-ақ, заттай
корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт
құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып
жатқан жағдайларда беріледі.
Сенімхат куәлігін жеке тұлғаның ауызша арызы негізінде мекеме басшысы
бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және сенімхат алушы адамдардың
жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз
жеткізуге тиіс.
Ұйым жетекшісі сенімхат берушіге сенімхат алушының өз өкілетгігін
сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екендігін және сенімхат
берушi жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдыруға құқы бар
екендігін ескертуі қажет.
Сенімхат 1 дана болып дайындалады. Сенімхат мазмұнына мыналар кіреді:
□ құжат аты;
□ жазылған жері мен уақыты;
□ сенімхат берушінің және сенімхат алушының фамилиясы, аты-жөні, мекен-
жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін.
□ ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын жазба;
Құжат аты мен негізгi мәтін жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес
жазылады.
Сенімхат А4 форматты қағазға қолмен жазылады я болмаса жазба машинкасы
арқылы да компьютерлік жолмен де теріледі. Мәтінде түзетілген, өшірілген я
қосымша жазылған сөздер болмауы керек. Мұндайлар болған жағдайда олардың
әрқайсысына түсініктеме жазылып ("өшірілген сөз оқылмайды", "түзетілгені
дұрыс" сияқты), оған сенімхат беруші де, сенімхат алушы да өз қолдарын
қоюлары қажет.
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай;
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл;
Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі
көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз
күшінде болады. Сенiмхаттардағы жарамдылық мерзімі әрқашан жазбаша жазылуы
керек.
Сенімхатқа қол құжаттың түпнұсқа екенін куәландырушы адамның қатысуымен
ғана қойылады. Құжат мәтінін сенімхат алушыға куәландырушы тұлға немесе
сенімхат беруші адам дауыстап оқып беруге тиіс.
Құжат дайыңдалғаннан кейін, сенімхат беруші тұлғаның қолына беріледі, я
оның өтініші бойынша сенімхат алушыға берiледі я жіберіледі.
Ұйым басшысы мынадай жағдайларда сенімхатты куәландырмайды:
□ егер сенімхат өз атынан емес туысқанының я басқа бір адамның атынан
берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына емес туысқанының, я басқа бір
адамның атына берілсе;
□ егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға қайшы келсе;
□ егер сенiмхаттағы даталар жазбаша жазылмаса.

2. Сенімхаттың куәландырылуы

1. Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші
адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-
тің 167-бабының 1-тармағы).
Сенімхатты пайдалану кезінде "уәкілдік" және "өкілетті" деген
терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші
атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік өкілдік беруші үшін өкілдің
жасауға құқылы әрекеттерінің шеңбері болып табылады.
Заң жағынан қарағанда сенімхат беру — біржақты мәміле, яғни бұл
өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет
және жеткілікті, соңдықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді.
Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен
куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен
куәландырылады (АК-тің 167-бабының 2-тармағы).
2. Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін
мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер заң кұжаттарында өзгеше
белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс.
3. АК-ның 167-бабының 3-тармағына сәйкес, Нотариат куәландырған
сенімхаттарға:
1) госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінде
емделіп жатқан әскери қызметшілердің және өзге де адамдардың осы
госпиталъдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінің
бастықтары, медицина бөлімі жөніндегі орынбасарлары, аға және көзекші
дәрігерлері куәландырған сенімхаттар;
2) мемлекеттік нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет
жасайтын органдары жоқ әскери бөлімдер, құрамалар, мекемелер және әскери-
оку орыңдары орналасқан мекендердегі осы бөлімдердің, құрамалардың,
мекемелердің, оқу орындарының командирлері (бастықтары) кәуландырған ескери
қызметшілердің сенімхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің,
олардың отбасы мүшелері мен әскери қызметшілер отбасы мүшелерінің
сенімхаттары;
3) бас бостандығынан айыру орындарыңдағы адамдардың бас бостандығынан
айыру орындарының бастықтары куәландырған сенімхаттары;
4) халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі көмелетке толған әрекет
қабілеттілігі бар азаматтардың осы мекеменің немесе тиісті халықты
әлеуметтік қорғау органдарының басшысы куәландырған сенімхаттары
теңестіріледі.
Бірқатар жағдайларда сенімхатты оның нотариаттық түрін сақтамастан
куәлаңдыруға да жол беріледі. Атап айтқанда, мұңдай жағдайлар АК-ның 167-
бабының 4-тармағында аталған — хат-хабар, жалақы және өзге де ақша
қаражатын алуға берілетін сенімхатты жергілікті басқару органдары, сенім
білдіруші оқитын ұйым және т.с.с. куәлаңдыруы мүмкін. Заң осыңдай
сенімхатта болатын өкілеттікгердің толық тізбесін көрсетеді.
4. Хат-хабар, соның ішінде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және
азаматтар мен заңды тұлғалардан өзге де төлемдер алуға сенімхатгы сенім
білдіруші тұратын аумақтың жергілікті басқару органдары, ол жұмыс істейтін
немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол
емделіп жатқан тұракты емдеу мекемесінің әкімшілігі, сондай-ақ әскери
қызметшілерге сенімхат берілгенде тиісті әскери бөлімдердің командованиесі
куәландыруы мүмкін. Құжат жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырған кезде
телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлері арқылы жіберілетін
сенімхатты байланыс органдары куәландырады.
5. Үшінші жақтар сенім білдірілген адамға сенім білдіруші факсимилелік
және өзге де байланыстар бойынша, ресми байланыс органдарының қатысуынсыз
жолдаған өздеріне қатысты әрекеттер жасау үшін берілген сенімхатты түпнұсқа
деп санауға құқылы.
6. Заңды түлға атынан сенімхат оның басшысы немесе бүған оның құрылтай
құжаттарымен уәкілдік берілген өзге де адамның қолы қойылып беріледі және
сол үйымның мөрімен бекітіледі.
7. Ақша және басқа бағалы мүлікті алуға немесе беруге мемлекетгік
органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берілетін
сенімхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтері де қол қоюға тиіс.
8. Банкіде операциялар жасауға берілетін сенімхатты және сауда
саласында мәміле жасауға берілетін сенімхатты беру тәртібі мен нысаны
арнайы ережелермен белгіленуі мүмкін.

3. Сенімхаттың мерзімі

Сенімхаттың мерзімі. Сенімхат мерзімді мәміле, яғни шекті қолданылу
мерзімі бар мәміле болып саналады. Сенімхаттың қолданылу мерзімі, әдетте,
сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Мұнда заң сенімхат берілетін ең
ұзақ шекті мерзімді үш жыл деп нақты керсеткен. Егер сенімхатта неғұрлым
ұзақ мерзім көрсетілсе, ол тұтас алғанда, сенімхаттың жарамдылығына ықпал
етпегенімен, оның қолданылуын сенімхат берілген кезден бастап үш жыл
мерзіммен шектейді.
Сенімхат мерзімді мәмілеге жатқанымен, оның мәтінінде қолданылу
мерзімінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етпейді, өйткені заңда, атап айтқанда,
АК-ның 168-бабында осы жағдайды толықтыратын нормалар көзделген, олардың
мазмұны мынаған саяды: егер сенімхатта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе,
онда мұндай сенімхат толтырылған күнінен бастап бір жыл мерзімге берілген
деп есептеледі.
Сенімхаттың берілген күні міндетті түрде көрсетілуі тиіс және ол
сенімхаттың жарамдылығы үшін маңызды болады. Сенімхаттың берілу күнінің
көрсетілмеуі оны жарамсыз етеді. Сенімхаттың шекті қолданылу мерзімінің
керсетілуі оның берілген күнін көрсету міндетін алмастырмайды және оның
орнын толтыра алмайды. Бұл талаптың қарапайымдығына қарамастан, іс жүзінде
берілген күні көрсетілмеген сенімхаттар берілетін және осыған байланысты
кейін олар жарамсыз деп танылатын жағдайлар жиі көздеседі.

168-бап. Сенімхат мерзімі
1. Сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта
не-ғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі
көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
2. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болады[1].
Азаматтық кодекс сенімхаттың әрекет ету шегін белгілеген. Сенімхат үш
жылға беріледі. Бірақ, егер қолдану мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен
бастап бір жыл бойы жарамды болады. Сөйтіп сенімхатта мерзімнің болмауы
өзінің заңдық күшін жоюға алып келмейді. Дегенмен, сенімхат мерзіміне
байланысты мынаны айтуға болады, егер сенімхаттың берілген мерзімі болмауы
сенімхатты жарамсыз деп тануға алып келеді (абсолютті міндетті талап).
Бірақ шетелдерде берілген сенімхаттарға бұл талап орындалмайды. Егер мұндай
сенімхат берілген болса және ол нотариуспен куәландырылса онда ол оны
тоқтатқанға дейін қызмет етеді.
Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі
куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу
мерзімінен аспауы керек (АК-тің 169-бабының 3-тармағы).
Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның
мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат —
әр кезде де мерзімді құжат. Азаматтық кодекстің 168-бабына сәйкес сенімхат
үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ
мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе
берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың
берілген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.
Өкілдің алған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенімхат нысаны, мерзімі және ауысуы
Сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы
Сенімхат және оның түрлері
Сенімхат
Өкілдің өкілеттілігі және оның туындау негіздері
Азаматтық құқықтағы өкілдік
Бас сенімхат - белгілі бір тұлғаға толықтай құқық беретін құжат
Өкілдіктің ұғымы мен маңызы. Сенімхат
Азаматтық құқығының негіздері
Азаматтық құқықтықта сенімхат
Пәндер