Шешім қабылдаудың жаңа түрі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министрлігі

Тұранң Университеті

Жалпы теориялық пәндерң кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: ТМД-дағы ортақ экономикалық қауымдастықтарң

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ТМД-дағы ортақ экономикалық қауымдастық түрлері ... ... .5

2. Қазақстан Республикасының ортақ халықаралық қауымдастықтағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

3. Қазақстан Республикасының қауымдастықтағы даму
тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 1

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Кіріспе

Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып
құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен
шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар:
қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе
Батыстың шикізат көзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық
Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік
аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің
халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік
– экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ
Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар.
Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық
кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық
байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы
отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық
мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен
орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру
жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын
қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік
қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және
ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет
ретінде әлемге әйгілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде
өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар
арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді
белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен
ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы
желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері
жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.
Жұмыстың өзектілігі оның ғылыми-теориялық негізі де дәлелдейді. Қазіргі
кезеңде отандық дипламатия қызметінің даму шеңберінде алдыңғы кезекте оның
практикалық аспектісі орын алады. Дипламатиялық сферада жұмыс істейтін
адамдар үшін, Қазақстанның ТМД елдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-
техникалық және басқа да байланыстарын ұйымдастыруда тиімді тұсиарын
пайымдауы қажеттіліктерін анықтауда көмек ретінде ғылыми зерттеулердің
қажет екендігі белгілі.
Тақырыптың өзектілігін негіздейтін тағы бір факт, қазіргі кезде
Қазақстанның ТМД-ның басқа елдермен белсенді қарым-қатынасы және жасалып
жатқан екі жақты, көпжақты келісімдер.

1. ТМД-дағы ортақ экономикалық қауымдастық түрлері

XXІ ғасыр адамзат тарихындағы ең дүбірге толы кезеңі. Әрине, сол
дүбірлі оқиғалардың бірі де Кеңес Одағының социалистік лагерінің ыдырауы.
Әлемдік қауымдастықтың қатары жаңа тәуелсіз мемлекеттер қатарымен толыға
түсті. Бұрынғы Одақтас мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерінің аясында
экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтармен бірде жеңіп, бірде жеңіліп
дамып келеді. Қазіргі таңда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси
егемендіктерінің халықаралық саяси стадиясының орнығуы аяқталды деп айтуға
болады, тек бұл ғана емес қаржы-валюта, әлеуметтік-экономикалық жүйелері де
құрылып бітті. Жаңа құрылған мемлекеттер арасындағы қатынастар үзілуге шақ
қалды. Көп жылдар бойы орныққан экономикалық байланыстар да әлсірей
бастады, ал бұл болса өз кезегінде әрбір жаңа мемлекеттердің экономикасына
кері әсерін тигізді.
Осылайша бұрынғы КСРО территориясында жаңа интеграциялық топтар пайда
бола бастады: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Кедендік Одақ, Орталық
Азиялық Кеңес, ГУУАМ т.б
Орталық Азия мемлекеттерін аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас
Экономикалық Кеңістік құру туралы (БЭК) шартқа 1994 жылы 30 сәуірде қол
қоюмен нақты жүзеге асты. Қатысушылары Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан
(1998 жылы 26 наурыздан бастап Тәжікстан шарттың толық құқықты қатысушысына
айналды).
Шартты дамыту тұрғысында 1994 жылы шілдеде президенттердің шешімімен
Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары - Премьер-министр
кеңесі, Сыртқы Істер Министрінің кеңесі, Қорғаныс Министрлер кеңесі және
олардың тұрақты қызмет істейтін жұмыс органы - Атқару комитеті құрылды.
Атқарушы комитетке координациялық-кеңестік, болжау-сараптау, ақпараттық
қызмет және Мемлекетаралық Кеңес пен оның институттарының шешімдерінің
орындалуын бақылау, қадағалау жүктелді. Әрбір мемлекет Мемлекетаралық
Кеңесте бір дауысқа ие. Шешім - жалпының келісімімен-консенсус арқылы
жүзеге асады. Премьер – министр , Сыртқы Істер Министрлерінің кеңесі,
Қауіпсіздік Министрінің кеңесінің мәжілісін жарты жылда, бір реттен кем
болмауы тиіс.
Сөз болып отырған уақытта Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін
құру туралы келісімдерге қол қойылды, оның капитала қатысушы мемлекеттердің
үлестік жарналарынан қалыптасады. Сонымен бірге Орталық Азия елдеріндегі
экономикалық реформалар деңгейіндегі елеулі айырмашылық, Орталық Азия
Одағының біршама оқшаулығы осы ұйымның шеңберіндегі жұмыстың жаңа
нысандарын қажет етті. Сондықтан Мемлекетаралық Кеңестің мәжілісінде (1998
жылы 17-18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы – Орталық Азиялық
Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді. Мемлекетаралық кеңес 1996 жылы
тамызында Ресейді байқаушы ретінде қабылдады, 1999 жылы шілдесінде тап
осындай мәртебені Грузия, Түркия және Украина алды.
6 қаңтар 1995 жылы Ресей Федерациясы мен Беларусия Республикасы, кейін
20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Кедендік Одақ туралы келісімге қол
қойды. Іс жүзінде, үш мемлекет ұйымдық түрде, көптен бері ойлаған
нәрселерін бекітті, бірақ мұны Достастықтың барлық 12 мемлекеті жүзеге
асырмады. Бұл қадам экономикалық интеграцияны тереңдетудегі келесі қадамды
білдіреді. Бұл одаққа 1996 жылы наурызда Кеден Одағына Қырғызстан
Республикасы қосылды. 1996 жылы 26 ақпанда Тәжікстан Республикасы оның
толық құқықты мүшесі болды.
Кеден Одағының құрудағы басты мақсат болып мыналар жарияланды:
• Шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін экономикалық
қарым–қатынасына теріс әсерін тигізетін кедергілерді ысыру жолымен
мемлекеттердің әлеуметтік–экономикалық прогресін қамтамасыз ету;
• Тұрақты экономикалық дамуды, еркін тауар айналымын және шынайы
бәсекелестікті қамтамасыз ету;
• Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау;
• Кеден Одағына мүше–мемлекеттердің әлемдік рынокқа белсенді шығуына
жағдай жасау;
Кеден Одағы мынадай қағидаларға негізделетін экономикалық бірлестік
ретінде:
а) Кеден Одағына мүше–мемлекеттердің біртұтас кедендік территориясының
болуы;
б) Бірыңғайландырылған заң шығару және рыноктық шаруашылығына
негізделген, біртипті экономикалық механизмін реттеудің болуы;
Кеден Одағында атқарушы органдар ретінде төрт мемлекеттің
интеграциясын басқарудың бірлескен органдары – Мемлекетаралық Кеңес пен
Интеграциялық Комитет құрылды. Парламентаралық комитет алдына біртұтас
экономикалық кеңістіктегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірегей
заңнаманы әзірлеу міндеті қойылды.
Жылдамдығы әртүрлі интеграция үрдісіне тиісті серпін беруге ұмтыла
отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан
Республикасының және Ресей Федерациясының Президенттері 1996 жылы 29
наурызда экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету
туралы шартқа қол қойды. Оның басты мақсаты – тауарлардың, көрсетілген
қызметтің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына, шаруашылық
жүргізуші субьектілердің тікелей байланыстарын нығайтуға, ортақ ақпараттың,
білім беру және гуманитарлық кеңістікті құруға қажетті алғышарттар болып
табылады.
Интеграциялық ынтымақтастық одан әрі 1996 жылы 2 сәуірдегі Беларусь
пен Ресейдің қауымдастық құру туралы келісіммен тереңдей түсті. Бұл -
келісім жалпы транспорттық және біріккен энергетика жүйесінде қысқа
мерзімде іс-шаралар жасау; ақша–кредиттік және бюджет жүйелеріндегі
бірыңғайлық, жалпы валютаны енгізуге алғы-шарттар жасау, әлеуметтік
жағдайларды бірыңғайлау т.с.с. шарттарды қарастырады. 1997 жылы 2 сәуірде
Ресей мен Беларусь арасында Одақтық келісімге қол қойылады, ал бұл өз
кезегінде осы мемлекеттер арасындағы интеграцияның жан жақты тереңдеуіне
алып келеді.
1998 жылы сәуірде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей
Президенттері саяси шешім қабылдады, осы шешім аталған елдердің
интеграциялық бірлестігіне Тәжікстанның кіруіне жол ашты. “Төрттік” кеңеюі
оның тиімділігі туралы, демек, осы интеграциялық ұйымның тартымдылығы
туралы куәландыратын процесс еді. Кіші аймақтық бірлестіктің ТМД шеңберінде
жұмыс істеуі, егер олар о баста оқшаулықты мақсат тұтпаса, интеграцияға
теріс ықпал ететін тенденцияларды туғызбайды, қайта керісінше Достастықтың
бүкіл жүйесінің тұтастығын нығайтады.
Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда
Астанадағы саммитттің барысында Еуразилық Экономикалық Қоғамдастықты құру
туралы мәлімдемеге және шартқа қол қойды. Бұл жаңа халықаралық бірлестік
және ол Кеден Одағымен Достастықтағы басқа мемлекеттер мен бірлестіктерден
ұйымдық құқықтық айырмашылығы бар. Белгілі, дәл механизмнің, бұрынғы
міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру. 2000 жылы 10 қарашадағы жаңа құжат
– Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықты құру туралы келісім (ЕурАзЭқ)
жарияланған мақсаттарды жүзеге асыруды қарастыруды, Қауымдастыққа мүше
мемлекеттердің экономикалық интеграциясына және жақындасуына негізделген
халықаралық ұйым альянс ретінде құрылады. Қауымдастықтың ақтық мақсаты
мемлекеттердің экономикалық дамуы, халықтардың өмір сүру деңгейінің өсу
қарқынын жылдамдату және тұрақты даму;
Жаңа ұйымның анық көрсетілген халықаралық статусы ЕурАзЭқ халықаралық
құқықтық субъектік статусы бар ұйым, ал Кеден Одағы болса өзіндік
халықаралық ұйым болған емес. ЕурАзЭқ Қауымдастық мемлекеттердің мүдделерін
қорғап және өкілдік ете отырып, Қауымдастықты халықтардың сауда рыноктарына
шығуға, 3 мемлекеттен, олардың бірлестіктерімен, ДСҰ қосқанда өзара тиімді
келісімдер жасауға жағдай жасайды.
Алдыңғылардан да жақсы, интеграциялық формула. Қоғамдастықта әрбір
мемлекет, интеграцияның барлық басқару органдарындағы жұмыстарға қатысады.
Шешімдер барлық мемлекеттермен қабылданады. Келісімдер қатысушылардың ішкі
мемлекеттік процедуралар жасағаннан кейін ғана өз күшіне енеді. Мұндай шарт
біртұтас әдістер, жақтардың халық акт-ды толықтай жүзеге асыруға жол береді
және шешімдер ЕурАзЭқ-ң барлық мүшелерге міндетті
Шешім қабылдаудың жаңа түрі. ЕурАзЭқ-ң құрылу туралы келісім бойынша
жағдайдағы орган – Мемлекетаралық Кеңес – барлық шешімдерді консенсус
арқылы қабылдайды. Оның құзыретіне интеграцияның стратегиясы, оны
дамытудағы бағыттары мен перспективалары мәселелері жатқызылады. Аталған
Кеңестің құрамына мемлекеттер және үкіметтер басшылары кіреді. Дауыс беру
саны оның экономикалық потенциалына сәйкестендірілген: Ресей – 40%,
Белорусь және Қазақстан - 20%, Қырғызстан және Тәжікстан - 10%. Осылайша
Ресейдің интеграциялық үрдістегі маңызы есептеледі. Сонымен қатар ол өзінің
басқа әріптесіне өз айтқанын жүктей алмайды. Қоғамның басқа мүшелерінің
қолдауына арқа сүйеуі керек. Осы схема бойынша Қоғамға қатысушы
мемлекеттердің үлесін жарналары;
Шешімдерді орындауды бақылаудың жаңа жүйесінің құрылуы. Қауымдастығы
келісімдер мен шешімдерді орындауды бақылау, бақылау органдардың өз
құзыреттерінің шеңберінде ғана жүзеге асырылады;
Заң шығарудың бірыңғайлылығы мен жақындасуындағы жаңа әдістер.
Мүшелікке деген жоғары талаптар. Мүшелік өз міндеттерін орындамаған
жағдайда Мемлекетаралық Кеңестік шешімімен тоқтатыла алады. Осындай істі
жалғастыратын жағдайда Қоғамдастықтан шығарылып тасталады. Бұл жағдайда
қоғамдастықтың бюджетін қаржыландыруына байланысты міндеттемелерді
орындамағанда да осындай шаралар қарастырылған.
Интеграциялық комитет (ИК) – Қоғамдастықтың тұрақты жұмыс істейтін
органы, оның құрамына үкіметтер басшыларының орынбасалары енеді.
Қоғамдастықтың ағымды жұмысын қатысушы мемлекеттердің басшылары тағайындап,
Тараптардың Қоғамдастықтың жанындағы тұрақты өкілдерінің комиссиясы
қамтамасыз етеді.
Мемлекетаралық Кеңес пен ИК қызметін ұйымдастыру тұрғысынан
қамтамасыз ету. Бас хатшы басқаратын ИК хатшылығына жүктеледі.
Қоғамдастықтың жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасын – Бас хатшысын – ИК-ның
ұсынысы бойынша Мемелекетаралық Кеңес ұйымдарға тағайындалады.
2001 жылы 21 ақпанда Алматыда интеграциялық комитет Белорусия,
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның интеграциялық комитетінің мәжілісі
болды. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін реттейтін негізгі
құжаттарды дайындау жобасы туралы мәселе қарастырылады.
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа алып келген құжаттарды сараптай
келе, оқиғаның мынадай өрісін көре аламыз: 1. Экономикалық Одақ құру туралы
келісім ТМД-ң 11 мемлекеті, ассоциациялық мүшесі Украина. 2. Еркін сауда
зонасын құру туралы келісім – 1994. ТМД-ң 12 мемлекеті. 3. Кеден Одағы
туралы келісім – 1995. Беларусь, Қазақстан, Ресей. 4. Экономикалық және
гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы келісім - 29 наурыз
1996 жылы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей. 5. Кеден Одағы туралы
және Біртұтас Экономикалық Кеңістік туралы келісім – 26 ақпан 1999.
Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 6. Еуразиялық
Экономикалық Қауымдастықты құру туралы келісім – 10 қараша 2000 жылы
Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 7. ЕурАзЭқ-ң құқықтық
нормативті құжаттары 31 мамыр 2001 Минск. Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан,
Ресей, Тәжікстан.
ЕурАзЭқ-тің берілуі экономикалық форумы 2003 ж. 19-20 ақпан аралықтарында
Москвада өтті. Бұл форумның өтуі өте маңызды. Өйткені бұл форум ЕурАзЭқ
тоқтап қалмай дамып келе жатқанын көрсетеді және бірнеше ұсыныстар,
шешімдер қабылданды
Посткеңестік кеңістік мемлекеттерінің – Грузия, Украина, Әзірбайжан
және Молдова (ГУАМ) – саяси-консультативті форумы 1997 жылы 10 қарашада
Страсбургта өтті. Бұл мемлекеттердің президенттері Еуропалық Кеңестің
саммитінің шеңберінде кездесті. Төртеудіңң тобы ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінде
флангтік келісімдер бойынша Келісім шартты талқылау барысында құрылды.
Страсбургта қабылданған Декларация бұл топтың елдерінің саяси
жақындасу мен тәжірибелік ынтымақтастығының деңгейін, посткеңестік
кеңістіктегі процестерге қатысты маңызды халықаралық мәселелер бойынша
олардың позицияларының сәйкестігін бекітті. Кейінірек, 1999 жылы 24
сәуірінде, НАТО-ның мүше-мемлекеттер мен әріптестер-мемлекеттерінің
Вашингтондік саммит кезінде бұл топқа Өзбекстан қосылды. Мемлекеттердің
кеңейтілген бірігуі ГУУАМ деген атқа ие болды.
Жаңадан құрылған ұйымның мақсаттары мен міндеттерін анықтауда Украина,
Грузия, Молдова және Азербайжан делегацияларының басшыларының 1998 жылы
қарашада Вашингтонда ДВҚ мен Дүниежүзілік банктың жыл сайынғы мәжілісінде
өткен кездесу маңызды рөлге ие болды. ГУУАМ-ның алдыда тұрған қызметтерінде
басқы назар көбінесе транскавказдың тасымалдау жолын дамыту мәселесіне
аударылды. Оны тек аймақтық интеграцияның маңызды механизмі ретінде ғана
қарастырып қоймай, сонымен қатар топтың елдерінің сенім шараларын,
экономикалық және саяси егемендігін нығайту факторы ретінде де қарастыру
керек делінді. Каспийдің мұнай көздерін өңдеу сұрақтарының шешімі және
құбырлар желісін құрылуы ерекше мәнге ие болды. Дәл осы байланыста
тасымалдау жолдарының қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтар туады.
ГУУАМ өзін-өзі ТМД мен кез келген басқа ұйымдарға қарсы қоймауға
ұмтылатын координациялық орган болып табылады. Жаңа альянстың мұндай жылдам
қарқынмен қалыптасуы Украина, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан және Молдованың
экономикалық және саяси мүдделерінің ортақ болуымен тығыз байланысты. Бұл
мемлекеттер каспийлік мұнайды тасымалдаудың мүмкін болар бағыттарын
іздеумен, Ұлы Жібек Жолының қайта өрлеуінің ғаламдық жобасын, Евразиялық
тасымалдау жолын құруды жүзеге асырумен байланысты.
ГУУАМ-ды құру инициативасы Балтық – Қаратеңіз альянсының идеясымен
байланысты. Бұл жоба сондай-ақ барлық қатысушы-мемлекеттер тарапынан жүзеге
асырылатын қаратеңіздік ынтымақтастық туралы Келісімнің құраушыларының бірі
болып табылады. Украина Орталық–Европалық инициатива елдерінің тобына
кіретін ТМД мүшелерінен жалғыз болғандықтан, оған жаңа құрылған ГУУАМ-да
бұл өте үлкен геосаяси кеңістікте Евразиялық көпір рөлі де жүктеледі. Бұған
Украинаны бақылаушы ретінде экономикалық ынтымақтастықтың Орталық Азиялық
жүйесіне қабылдау фактісі де әсер етеді.
ГУУАМ – бұл бір-біріне қайшы болмайтын саяси және экономикалық
бағыттарға ие посткеңестік кеңістіктің тең құқылы және өзара тиімді
кооперация құрылымын құру идеясын айқын түрде қолдайды. Егер бұған
Украинаның Польшамен және Балтық елдерімен ынтымақтастығының артуын,
сонымен қатар 1997 жылы мамырда Балтық-Қаратеңіздік альянстың құрылуын
(Украина, Польша, Латвия, Эстония, Литва) қоссақ, онда посткеңестік
кеңістіктегі интеграциялық процестердің даму тенденциялары айқын көріне
бастайды.
ГУУАМ мемлекеттері АҚШ және Батыс мемлекеттерімен тығыз байланысқан.
Олардың мақсаттары Каспий жағалауы аймағынан энергоресурстарды
тасымалдаудың жаңа жолдарын құрау, экономикалық және әскери саладағы
ынтымақтастықты нығайту.
ГУУАМ шеңберінде қарым қатынастың маңызды бағытының бірі аймақтағы
қауіпсіздікті және тұрақтылықты сақтау. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру
субаймақтық қауіпсіздік жүйесін құруды талап етеді. Бұл осы аймақтағы
барлық мемлекеттердің мүддесін ескеретін ынтымақтастықтың бастамасы болады.
ГУУАМ шеңберінде әскери ынтымақтастықтың неге керек. Өйткені осы
мемлекеттердің әр бірі іштен туылған қақтығыстармен соқтығысып отыр. Осы
қауіпсіздік жүйесіндегі мәселелердің ұқсастығы мемлекеттердің бір-біріне
тартылуына оң әсер береді.
Қауіпсіздік және бейбітшілікті қолдау барысында ГУУАМ мемлекеттері осы
бағытта күш-жігерді біріктіруге деген талпыныстары байқалады.
Өзінің дамуындағы аз уақытта ГУУАМ түрлі кезеңнен өтті, ол дамудан
дағдарысқа дейін жетті.
Көптеген сараптамашылардың пікірінше қазіргі кезең дағдарыс кезеңі.
Бұл мынадай факторлар нәтижесінде болуы мүмкін:
• ЕурАзЭқ шеңберіндегі интеграциялық үрдістердің күшеюі;
• ГУУАМ мүше-мемлекеттеріне қарсы ресей саясатының қаталдануы;
• ГУУАМ транспорттық коридоры Азия – Кавказ - Еуропа жобасына ұқсас
варианттың болуы;
• ГУУАМ мемлекеттеріне Батыстың қызығушылығының азаюы.
2000 жылы маусымда Ялтада мемлекет басыларының саммитінде ұйымның
институтционалды құрылымы туралы қадамдар жасалды. Қол қойылған Жарғыға
байланысты ГУУАМ бірлестігі әлеуметтік – экономикалық дамуға, аймақтық
қауіпсіздік мәселелерін шешуге халықаралық қылмыс және наркобизнес
мәселелерінде ұйым шеңберіндегі әріптестік. Ұйым экономикалық мәселелерді
шешуге, әсіресе энергетикалық және транспорттық мәселелерге бағытталған.
Бірлестіктің жоғарғы органы мемлекет басыларының саммиті, атқарушы орган –
ГУУАМ-ның сыртқы істер министрлерінің мәжілісі. Бұлар бір жылда екі рет
өтетін болады. жұмысшы орган ретінде сыртқы істер министрі тағайындайтын
ұлттық координатор комитеті.
Қазіргі таңда ГУУАМ-ға байланысты қатынас екі ұштылау. Бес мемлекеттің
біреуі де ТМД-дан шығу қажеттілігін сезінбейді. Егемен мемлекеттердің
екіжақты және көпжақты негізде ынтымақтастық туралы келісімге қол қою құқы
ГУУАМ-ды ұйым деп санауымызға негіз береді. Сондықтан біз ГУУАМ
мемлекеттерінің іс-әрекетін ТМД-дан шығу немесе Ресейге қарсы деп
ойлауымызға еш негіз жоқ. Бұл жан-жақты және аймақ ішілік интеграцияның бір
түрі.

2. Қазақстан Республикасының ортақ халықаралық қауымдастықтағы орны

Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістің, әлеуметтік өмірдің
интернационализациялануы мен интеграцияланушы мемлекеттердің ұлттық,
мемлекеттік қауіпсіздігін нығайтуға деген қажеттіліктің салдарынан туған
халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа ағым. Бұл тақырыптың, Орталық
Азиядағы интеграциялық үрдіске кіретін әрбір мемлекеттің дамуында
тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе жағдай жасауында да өз
өзектілігін атап көрсетуге болады.
Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына Қазақстан – 2030ң жолдауында:
Ұлттық мүдделерді қорғауды. Сондай-ақ таяудағы және алыс
перспективалардағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық
қаруымыз – интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның
және Өзбекстанның арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайтуға қарсы тұру
емес, басқа мемлекеттің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем
болуы тиісң - деп атап көрсетті.
Орталық Азиялық интеграциялық үрдістің ерекшелігі жаңа тәуелсіз
мемлекеттің тарихының, мәдениетінің, әлеуметтік-саяси, экономикалық
негіздердің ұқсастығында. Бұл аймақтағы этнотерриторялдық жүйенің
күрделілігі кейбір халықаралық немесе аймақтық қақтығыстың ошағына айналуы
мүмкін және осы мәселелерді шешуде интеграциялық үрдістің тереңдігі басқа
қажетті әдістермен қатар ол да шешуші роль атқаруы мүмкін.
Орталық Азиядағы су ресурстары мемлекеттер арасында теңдей бөлінбеген.
Ірі-ірі деген өзендердің басы, ортасы, аяғы әр түрлі мемлекеттерде
орналасқан. Тәуелсіздікті алғаннан кейін бірінші жылдардың өзінде-ақ бұл
мәселе өз өткірлігін аңғартқан болатын. Осы аймақтағы ең ірі гидрологиялық
жағдайлардың бірі Арал болып табылады. Әрине бұл мәселелерді интеграциялық
құрылым шеңберінде бірге отырып шешкен шешім ең дұрысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару шешімі
Қабылданған шешімді орындаудағы ұйымның функциясы туралы ақпарат
ҰЙЫМДАҒЫ БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІ
Басқару шешімдерін қабылдау теориясы
Басқару шешімдері
Ұйымдағы тиімді басқару шешімін қабылдау процесінің мысалын келтіру
Көкшетау Минералды су акционерлік қоғамының қызметін қаржылық – экономикалық тұрғыдан талдау
Басқарушылық шешім қабылдау
Кәсіптік біліміді басқару теориясы
Басқару шешімінің мәні, қасиеті және ролі
Пәндер