Халықаралық транспорттық операциялар және халықаралық жол жүрулер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Халықаралық транспорттық операциялар және халықаралық жол жүрулер

Кiрiспе

1 бөлiм. Халықаралық транспорттық операциялардың жалпы мiнездемесi
1.1. Халықаралық транспорттың түрлерi
1.2. Тасымалдау қызметі нарығындағы баға қалыптасуының ерекшеліктері

2 бөлiм. Қазақстанның тасымалдау нарығында алатын орны
2.1. ҚР транспорт саясаты
2.2. Транспорт дамытуда алға қойылған мақсаттар

Қорытынды

Қолданылған әдебиет

Кiрiспе

Әлемдiк экономиканың ХХ ғасырда экономикалық тез өсуi, интеграциялық
процестер, көптеген саяси себептер транспорттағы күштi прогресстiң, жүктер
ағынының тез өсуiне себепкер болды. Дегенмен, транспорт экономиканың да,
геосаясаттың да маңызды факторы болып табылатынын көрсеттi.
Транспорт жалпы алғанда әлемдiк экономикада және жеке елдердiң
халықшаруашылығында инфрақұрылымдық рөл атқарады. Халықаралық экономикалық
байланыстың материалдық-техникалық базасы болып табылатынын да атап кету
керек. Сонымен қатар, геосаясаттағы транспорттың ең маңызды мәнi
анықталады. Мемлекеттiк өкiметтiң нақты бiр кеңiстiкте шын орнауы немесе
қолдауы транспорттың адекватты жұмысынсыз мүмкiн емес. Яғни оның дамуының
қаншалықты ұзақтығын болжағанда осы салада мемлекеттiң белсендi саясатының
шарасыздығын есепке алу қажет.
Планетамыздың халқының шапшаң өсуi, өнеркәсiптiк прогресс, экономикалық
интеграция транспорттық құралдар санының тез өсуiнiң, олардың тасымалдау
мүмкiндiктерiн, жүк тасу көлемiнiң өсуiн алдын-ала болжауға әкеп соғады.
ХХ ғасырда болып өткен транспорттағы радикалдық өзгерiстер әлi
аяқталған жоқ. Соңғы онжылдықта сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да
терең өзгерiстердi күтуге болады. Одан басқа транспорттың рөлiне және
мәнiне деген көзқарас өзгередi, яғни бұл салаға қатысты теориялық жағдайлар
қайта қаралады деп айтуға негiз бар.
Әлемдiк экономиканы ғаламдандыру транспорттың дамуына тiкелей де,
мемлекет саясаты арқылы да әсерiн тигiзедi және транспорттық
инфрақұрылымның рөлi iрi державалар мен трансұлттық корпорация басшылығымен
мойындалып отыр.
Халықаралық транспорт – бiр елдiң резиденттiнiң екiншi елдiң
резидентiне көрсететiн транспорттық қызметтiң (теңiз, құбыр арқылы, әуе,
жер, өзен және космостық) барлық түрлерi.
Сондықтан осы курстық жұмыста келесi сұрақтарды қарастыруға ұсынамыз:
- Транспорттық операциялардың жалпы сипаты мен түрi қандай;
- Транспорт саласынының алдында қандай мәселелер тұр;
- Тарифтік саясаттың ерекшеліктері қандай;
- Қазақстан Республикасының транспорт саласынының жағдайы қандай;

1 бөлiм. Халықаралық транспорттық операциялардың жалпы мiнездемесi

Әдетте Халықаралық саудада тауарды жеткiзу процесi келесi
операциялардан құралады:
- ең алдымен тауарды А iшкi өндiрiс пунктiсiнен сататын мемлекеттiң Б
шекаралық пунктiсiне (портқа) жеткiзу;
- келесi Б пункттан сатып алатын мемлекеттiң С шекаралық пунктiсiне
халықаралық транзиттiк немесе теңiздiк жеткiзу;
- сонымен, С пунктiсiнен сатып алынған тауарды Г iшкi тұтыну пукнтiсiне
жеткiзу.
Тауарды жеткiзу процесiнiң схемасы

шекара шекара



А Б
В Г
--- ---
--- ---
----------------------- ----------------------------------- --------------
-----------------
--- ---
--- ---




Сатушы мемлекеттiң Халықаралық транзиттiк Сатып алушы
мемлекеттiң
шекарасы немесе тенiз учаскесi шекарасы

Транспорттық операциялар дегенiмiз А--Б, Б--В, В--Г учаскелерiнде жүк
тасымалдауды қамтамасыз ету деп түсiндiрiледi. Бұл операциялар жүкиеленушi
мен жүктасымалдаушы арасындағы келiсiм бойынша iске асады. Сонымен бiрге,
келiсiмде жүктасымалдаушы қолданатын транспорт түрiн таңдалуы қажет. Сонда
көмекке келетiн транспорттық организациялар, олар тек қана транспортты
пайдалануға ғана бермейдi, бiрақ транспорттық құралдарды берiп, iс-
шараларды жүктасымалдаушымен келiсiм арқылы iске асырады.
Егер сатушы мемлекет пен сатып алушы мемлекет арасында сыртқысаудалық
тауар тасымалдау транспорттық операциялары орын алса, бұл операциялар
халықаралық деп саналады. Жүк жiберетiндер мен алатындардың және
жүктасымалдаушы арасында пайда болатын құқықтық қатынас халықаралық
мiнездеме алады.
Халықаралық траспорттық операциялар жасағанда, жүктасымалдаушылар
жүкиеленушiлерге транспорттық қызмет көрсетедi, ол қызмет те ерекше тауар
деп саналады. Халықаралық транспорттық қызмет халықаралық транспорттық
нарықтарда сатылады және сатып алынады. Транспорттық қызметтiң бағасы және
басқа да пайдалануға беретiн келiсiм-шарттары - бiр жағдайда, қызығушы
жақтардың келiсiм сөздерiнiң негiзгi тақырыбы, ендi бiр жағдайда
жүктасымалдаушылардың өзiмен бағаланады.
Мемлекет арасындағы келiсiм бойынша жолаушы тасымалдау халықаралық
транспорттық операцияларға жатады. Халықаралық қатынаста жолаушы тасымалдау
қызметi тиiстi халықаралық нарықтарда сатылады және сатып алынады.
Туристiк агенттiктер және осындай басқа да компаниялар өте маңызды рөл
атқарады, себебi олар ауа, теңiз, өзен, темiр жол және жол жүру
кәсiпорындарымен тығыз байланыс жасайды.
Сонымен, жолаушы және жүк тасымалдау қызметi сату-сатып алу тақырыбы әр
түрлi халықаралық транспорттық нарықтарда жүредi. Халықаралық экономикалық
байланыстағы мемлекеттер өзiнiң тауарларын сату және сатып алу, экспорт
және импорт операцияларын жүктасымалдаушы, транспорттық, туристiк және
басқа да ұйымдар жүзеге асырады.

1.1. Халықаралық транспорттың түрлерi

Темiр жол транспорты.
Темiр жолдар неше түрлi ресурстарды (тас көмiр, кен, құм,
ауылшаруашылық және орман өнiмдерi) вагондармен алыс жерлерге тасымалдауда
ең рентабельдi тиiмдi транспорт түрi. Жақында темiр жолдар клиенттiң
спецификалық мiнездемесiне қарай өзiнiң қызмет түрлерiн ұлғайта бастады.
Тауарлардың жеке категорияларын тиiмдi жүк өңдеуден өткiзуге арналған жаңа
техникалық жабдықтар жасалынды. Жол бойында жаңа қызметтер көрсетiледi.
Мысалы, жол бойында тасымалдап жатқан жүктi өзгертулер енгiзiлген жағдайда,
керi адреспен қайта жiберiледi.
Су транспорты
Арзан және тез бұзылмайтын тауарларды, мысалы бидай, құм, көмiр, мұнай,
метметаллдық кендердi су транспортымен тасымалдаудың бағасы арзанға түседi.
Басқаша айтқанда, су транспорты ең жай жылжымалы және табиғат құбылыстарына
тәуелдi.
Автокөлiк транспорты
Жүктi автокөлiк үнемi өзiнiң тасымалдауда үлесiн қосып отырады. Бұл
тасымалдаудың түрi маршруттары мен жол жүрудiң графигi өте икемдi.
Жүктасымалдаушылар "есiктен есiкке" жүктi жеткiзе алады, жүктi жiберушiнi
керексiз тасымалдаулардан құтқарады. Грузовиктер – қымбат тауарларды алыс
емес қашықтықта тасымалдауда рентабельдi тиiмдi транспорт түрi. Көп
жағдайда автотранспорттық тарифтер темiр жол тарифтерiмен салыстырылып
қойылады, бiрақ грузовиктер темiр жолға қарағанда оперативтiк қызмет
көрсете алады.
Құбыр жолдар транспорты.
Құбыр жолдар – мұнай, тас көмiр және химиялық өнiмдердi пайда болған
жерден нарыққа тасымалдайтын спецификалық құрал. Мұнай өнiмдерiнiң мұнай
құбырларымен траспортировкасы темiр жол немесе су траспортировкасына
қарағанда арзан шығындарға түсiредi. Құбырлардың көбiсiн иеленушi өзiнiң
өнiмдерiн тасымалдау үшiн қолданады.
Ауа транспорты
Бұл транспорттың түрi үлкен мәнге ие болып келедi. Бiрақ жүктi
авиатасымалдаудың тарифтерi темiр жол және автокөлiк тасымалдаудан
әлдеқайда қымбатқа шығады. Ауа транспортировкасы қажет жағдайларда, мысалы
жылдамдықпен тез жету үшiн немесе алыс орналасқан нарықтарға жету үшiн,
идеалды түрде келедi. Ауамен жеткiзiлетiн тауарлардың iшiнде тез бұзылатын
тауарлар (балықтар, гүлдер) және кiшiгiрiм жоғары бағалы заттар (приборлар,
зергерлiк бұйымдар және т.б.) орнын табуда. Авиациялық транспорты қолдану
тауарлық қордың қажеттi деңгейiн төмендетуге мүмкiндiк беретiнiн,
складттардың санны азайтуға болатынын, жүктi орау шығынын төмендететiнiн
фирмалардың көзi жетуде.

1.2. Тасымалдау қызметі нарығындағы баға қалыптасуының ерекшеліктері
Көлік жұмысын оңтайлы ұйымдастыру мен пайдалылығының басты шартының
бірі – тасымалдау қызметі бағасын сауатты, сапалы және жоспарды түрде
қалыптастыру, ал саланың ішінде – бәсекелік кеңістікті құруға, мемлекеттің
таразыландырған баж саясатын жүргізуге мүмкіндік болмайтын ішкі салада сол
жұмысты тереңдете түсу керек.
Бұл жағдайда баға қалыптасуының жалпы тенденциялары мен әдіснамалық
негіздері, сонымен қатар тасымалдау қызметтері нарығындағы нақты жағдай да
қарастырылады. Көлік саласындағы темір жолдың ерекше орын алатынын ескеріп,
басты назарды темір жол проблемаларына аудардық.
Көліктегі тариф – орналасу орнынан көшіру қызметінің ақысы. Ол тарифтің
көлік түрлері іс-әрекетінің рөлін зор деп санауға болады. Неге десе,
тарифтік деңгейіне пайдалы тәуелді, сондықтан қаржылық тұрақтылық пен
бәсекелестік күрестегі жеңімпаздық та тәуелді. Нарқы экономикасында сұраныс
пен ұсыныста тәуелді қалыптасатын еркін тарифтермен қатар бекітілген
тарифтер де болады. Соңғылары көбінесе табиғи монополияларға қолданылады.
Ал еркін тарифтер болса, олар сұраныс пен ұсыныстың қарсы тұруының
нәтижесі. Сұраныс көшіруге қажетті көлемімен белгіленеді. Ал басқа жақтан
алса, сұраныс ұлттық өндіріс масштабына, клиентураның табысы мен төлемдік
икемділігіне, қолданатын тарифтер деңгейіне тәуелді болады. Төлемдік
сұраныс тұтынушылар жағдайын сипаттайды.
Ұсыныстың сұраныстан өзгешелігі - өндірушеліре жағдайын сипаттайды,
олардың сұраныстан алатын әсерінің көрінісі. Ол әсер тарифтер деңгейі,
өндірісті ұлғайтуға әлде өндірістің бұрынғы көлемінде сақталуына керекті
ресурстар бағасы, іске енгізілген капиталдан түсетін пайда мөлшері сияқты
т.б. да факторларға қарап белгіленеді. Кез келген көлік мекемесі, кәдімгі
фирмалардай, шығыны мен пайдасын есептеп қосып, өзінің бағасын шығаруға
тырысады. Баға өзгермеген жағдайда, шығын неғұрлым аз болса, пайда соғұрлым
жоғары. Ал баға болса, тасымалдаудың жалпы көлеміндегі таңдалған көлік
түрінің әлде бөлек фирманың үлесіне және бәсекелестік нарықтың түріне
тәуелді.
Ең көп шығынданатын көлік түріндегі біркелкі кәсіпорындар тобындағы
орташа шығынды алу қажет. Олай болмаса, еі көп шығындалатын көлік түрі
пайдасыз қалып жұмыс істей алмайды. Нарықтық жүйеде тариф қалыптасуында
ондай жағдай болмайды, өйткені қоғам сұранысы барлық көлік түріне ортақ
болады. Сондықтан ең көп шығынданатын көлік түрі де, басқаларынан азырақ
болса да, пайдаға ие болады. Қалғандары орташа деңгейлік пайдадан көбірек
пайда алады.
Бұндай тұрғыдан қарастыру, ауыл шаруашылығындағыдай, көлікте де
шектеушілік факторы орын алғанына байланысты. Ол салада құнарлы және орта
құнарлы жек шектеулі болса, бұл салада – көліктік полигон мен аз шығынды
және орташа шығынды жолдардың шектеулігі себеп болады. Бұндай жағдайда,
ауыл шаруашылығындай, көлікте де баға қалыптасу негізіне осы принципті
қалау керек. Неге десе, осы принципті ұстағанда ғана (ауыл шаруашылығының
дүние жүзілік тәжірибесіне сүйенсек, игеруге келетін барлық жерлерді
пайдалануға болады) пайдалануға келетін жолдың бірін іске тартуға мүмкіндік
туады.
Көлік кәсіпорындарының басқарушылары баяғыдан-ақ өндірістік шығыдарын
азайтуды жұмысының маңызды мәселесі деп санайды. Қаржылық жағдайды оңалту
үшін өндіріс шығынын азайту керек болып, басқарушылардың бірі амалсыздан
тауар мен қызмет көрсету өндірісіндегі шығынмен айналысуға мәжбүр болды.
Қазіргі заманда, бәсеке ашықтан-ашық жүргізілуде, кәсіпорындар бәсекелік
жарыста жаңа әдістер мен тәсілдер қолдана отырып күресуде. Енді
басқарушылардың алдындағы мәселе тек өндіріс шығындарымен шектелмейді.
Бүгінгі таңда пайданы көбейтуде тек ғана өндіріс шығынын азайтумен шектеу
де, басқа көлік түрлерімен қатал бәсекелесу де өте қауіпті.
Нарық экономикасындағы басқа көлік түрлерімен бәсекелесу жағдайында
көліктің басты мәселесі – ең кемінде, жүк пен жолаушылар тасымалдау көлемін
сақтап қалу немесе мүмкіндігі келсе, сол көлемді көбейту, өсіру. Бұл ереже,
мәселен темір жол үшін, ең маңызды боп саналады, себебі – ең ірі монополист
бола тұра, басқа көлікпен салыстырса, тасымалдау көлемі азайған жағдайда ең
көп зиян шегеді. Қазіргі уақыттағы темір жол көлігі тасымалдайтын жүк
көлемі күрт төмендеуіне себеп болған өндіріс көлемінің жалпы төмендеуі және
темір жолмен тасымалдауды ынталандырмайтын темір жолдағы тарифтік саясаттың
салдары.
Тарифтік саясатты жетілдірудің негізгі бағыттарын жүк тасымалы
мысалында келтірейік. Онда басқа көлік түрлерінің бәсекелік ықпал-әсеріне
қарай жүк тасымалын екі топқа бөлуге болады:
1) бұл тасымалдауды атқарғанда темір жол басқа көлік түрлерімен
бәсекеге түсетін тасымал;
2) тек қана темір жол атқара алатын тасымал. Көбінесе бұған жүкті
едәуір қашықтыққа, үзбей, көп көлемде тасымалдауды жатқызады.
Осындай бөлуге сәйкес, тарифті құраудың да екі тәсілі бар. Бәсекелестік
жағдайында көлік түрлері арасында тасымалдауды бөліп, үлестіру мәселесін
шешу, тұтынушы жағынан қарағанда, оларды тиімді қолдану үшін әрқайсысында
жұмыс істейтін кеңістікті бөліп берумен атқарылады. Анықтап айтқанда, жүкті
қақпадан қақпаға дейін әр түрлі көлікпен тасымалдауға жұмсайтын шығындар
тасымалдау процесінің операциялары бойынша максималды (ең толық түрде)
есептелуі қажет, олардың ішінде жүк жеткізу мерзімін өзгертуге байланысты,
жүктің сақталыну дәрежесіне қарай, т.б. көрсеткіштер де есептелінеді. Ал
бәсекеде жүк тасымалдаудың өзіндік құны коммерциялық құпия екенін ескерсе,
онда темір жол көлігімен бәсекелескен басқа көлік түрлеріндегі шығындарды
ондағы темір жол басқа көлік түрлерімен қосылып, аралас тасымалдауға
қатысқанда да қолданылады.
Әрине көліктің басқа түрлерінен тасымалдау жұмысын өзіне тартып алу
үшін темір жол таңдаған бағыттарында өткізуші, тасушы және өңдеуші
қуаттарының артық, бос тұрған резервтері болуы керек. Сондықтан темір жол
тарифін санап шығару үшін, бұл жағдайда, тасымалдау операциялары бойынша
санап шығарған жұмыс көлемінен тәуелді шығындары есептелген өзіндік құнды
қолдануға болады. Онда тарифтің деңгейі темір жолдағы минималды рентабельді
деңгейімен шектеледі. Жоғарғы деңгейі бәсекелес көлік түрінде қолданылатын
тариф деңгейімен шектеледі. Жоғарғы деңгейі бәсекелес көлік түрінде
қолданылатын тариф деңгейімен шектеледі. Осыған орай, бәсеке жағдайында
темір жолдағы жүк тарифтерінде салынған максималды рентабельдік деңгейін
орталықтан шектемесе де болады, себебі:
А) ондай шектеу ең басында-ақ жасалған;
Б) орталықтан жоғары рентабельдікке шектеу жасағанның өзі темір жол
тасымалының өзіндік құнын әлсіретуге ынталандырады (рентабельдікті
төмендету үшін пайда көлемін азайту керек және өзіндік құн өссе, пайда
пайызы тұрақты болса да, жалпы құн өсіп, пайданын абсолюттік мөлешрі өседі,
ақырында темір жол көлігі жұмысының тиімділіг төмендейді).
Жүк бағасын есептеп, тарифті тағайындаудың нақты әдістері әр түрлі
болады. Олардың бірі – тасымалдау ақысы мен жүк бағасының арақатынасына
қарай (яғни тауардың ақырғы бағасындағы көлік ақысының үлесіне қарай) тариф
деңгейін белгілеу. Егер тасымалдау тарифінің орташа жүк бағасына қатынасын
негіз санаса, ондай әдіс темір жол табысының белгіленген сомасын тасылған
жүктер бағаларына пропорционалды бөліп үлестірудің сипатын алады.
Тасымалдаулар рентабельдігінің айырмашылығы тым алшақ болғанда
тасымалдау құрамындағы болар-болмас өзгерістер темір жолдың табысы мен
пайдасына едәуір ықпал етуі мүмкін болуының қаупі бар.
Жүк бағасын есептеп тағайындаудың екінші тәсілі – табысты емес, пайданы
ғана үлестіру. Бұл жағдайда, бірінші тәсілмен салыстырса, қымбат жүктерді
тасымалдау ақысы төмен болып, ал арзан тауарлардың жол ақысы керісінше
жоғарылайды. Барлық жүктің тасымалдануы рентабельді бола бастайды. Бірақ аз
бөлігі болса да, әжептәуір бөлігін алып тұрады.
Қазіргі уақытта жолаушыларды тасымалдау тарифтерінің деңгейі ол
тасымалдарының зиян шегусіз атқарылуын қамтамасыз ете алмайды. Зиян шегуден
құтылу үшін көлікке мемлекет қаржылық көмек-қолдау жасауы керек, ең алдымен
әлеуметтік маңыздылығы зор келетін қала маңайындағы атқарылатын
тасымалдауға болысқан жөн. Темір жол шығынының ақталмаған бөлігінің
бірталай сомасын қызметкерлері жұмысқа, қала төңірегінде саяжай-бағына бару
үшін қала маңайында тасымалдаушы пойызбен жүретін кәсіпорындар өтеуі әбден
мүмкін.
Ұзақ қашықтыққа жолаушы тасымалдау тарифін реттеу жүргізгенде көлік
түрлері арасындағы бәсеке мүмкіндігін ескеруден бастау керек. Ұзақ
қашықтыққа жолаушы тасымалдауда жолаушылар ағымы біресе тасып, біресе
тартылып қалуына байланысты, жылдың маусымдарына қарай, тарифке өзгерту
жасап, тасымалдаудың сұранысын реттеуге болады (синхромаркетинг шаралары).
Көліктегі баға қалыптасуының әдістемесінде тариф индекстеріне ерекше
мән беріледі. Тарифтердің жалпы деңгейі өзгеруінің индексі үш компонент
бойынша белгіленеді: жалақы, амортизация және басқа шығындар.
Дамыған елдердегі темір жолда индекс тасымалдаудың шарттық құны
болжаммен өзгергеннің шекті мөлшері ретінде қызмет атқарады. Инфляция
күшейе түскенде, темір жолда индексацяимен қатар тариятердің деңгейін
тікелей, баланстық әдіспен өзгерту қажет болуы мүмкін, бірақ тоқсанына бір
реттен асырмай, дұрысы- жарты жылда бір мәрте өткізсе болады. Индексацияның
маңыздылығы – оның әдістемесі күшті негізделген болса, тасымалдаудағы
экономикалық зиян ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Ұлттық төлем балансы және оның ерекшеліктеріне талдау
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ
Жолаушылар тасымалданатын маршруттың сипаттамасы
Өнеркәсіптік тауарладың жіктелуі
Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің құрылымы
Транспорттық саяхаттар мен транспорттық құралдарды классификациялау
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын ұйымдастыру
PowerPoint 2000
Ғарыштық туризм
Тау шаңғысы мен сноуборд
Пәндер