Дипломатиялық құқық тарихы
Мазмұны:
Кiрiспе
1. Дипломатиялық құқық
2. Консульдық құқық
Қосымша мәліметтер
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Көптеген оқулықтарда дипломатиялық құқық консульдық құқықпен
бірге қарастырылып, дипломатиялық және консульдық құқық деген
бір тақырыппен беріліп жатады. Әрине, екеуінің арасында ұқсастықтар жоқ
емес. Елші де, консул да - әріптестер, бір ведомствоның - сыртқы
істер министрлігінің қарамағында жұмыс істейді. Екеуі де белгілі бір
жеңілдіктер мен иммунитеттерге ие және мемлекеттік сыртқы қатынастағы
шетелдік органдарда жұмыс істейді. Елші - саяси тұлға болып,
тіркелген мемлекеттің кез-келген түкпірінде өз елінің атынан
әрекет ете алатын болса, консулдың қызмет аумағы біршама шектеулі,
яғни, ол жіберілген елдің барлық аумағында емес, бір ғана консулдық
округ ауқымында ғана әрекет ете алады. Мұнымен қоса, егер елші жалпы
саяси міндеттері атқарса, консул экономикалық қызметті және құқықтық
қамтамасыз ету міндетін атқара алады. Осы айтқандарды саралай келе,
мәнжазба жұмысымызда дипломатиялық құқық пен консульдық құқықты
жеке-жеке қарастырып көрейік.
Дипломатиялық құқық
Дипломатиялық құқық деген түсінікті сыртқы саясат және
дипломатия деген ұғымдарсыз түсіндіру қиындау. Халықаралық
өмірде бұл екі түсінік тең мәнді ұғым ретінде қолданылады. Ал,
шын мәнінде олардың да бір-бірінен айырмашылығы бар.
Сыртқы саясат дегеніміз - мемлекеттің сыртқы аренадағы өз
мүддесін қорғау жөніндегі саналы бағыт-бағдары десек, дипломатия
дегеніміз - қызметі келіссөздер жүргізуге, шарттар мен конвенциялардың
мәтіндерін әзірлеуге және оларды қол қоюға дайындауға, мемлекеттің
сырттағы заңды құқығы мен мүддесін бейбіт жолдармен қорғауға
негізделген сыртқы қатынас органдарының көмегімен мемлекеттің сыртқы
саясатын жүзеге асырудың құралы.
Халықаралық бұқаралық құқықтық саласы ретінде дипломатиялық
құқық мемлекеттің дипломатияның көмегімен сыртқы саясатты жүзеге асыру
барысында пайда болады. Ал, халықаралық құқық, оның ішінде
дипломатиялық құқық өз кезектерінде сыртқы саясат пен дипломатияның
жүзеге асырылу барысында әсерін тигізбей қоймайды.
Яғни, дипломатиялық құқық дегеніміз - дипломатиялық
өкілдіктерді, дипломаттарды тағайындау мен олардың қызметі мен
жеңілдік-иммунитеттерін ұйымдастыру ретіне байланысты құқықтық
қағдидалар мен нормалардың жиынтығы.
Халықаралық қатынастарда екіжақты және көпжақты дипломатия деген
ұғым бар. Мұндай дипломатия қызметінің нәтижесінде екіжақты және
көпжақты шарттар мен конвенциялар жасалады. Бұл халықаралық-құқықтық
актілер - мелекеттік қатынас пен дипломатиялық қатынастардың түрлі
жақтарын үйлестіреді. Басқаша айтқанда, дипломаттар басқа да
салалардың қызметін ғана үйлестіріп қоймайды, сонымен бірге, өз
қызметі саласын да реттейді.
Дипломатиялық құқықтардың бастау көзіне тоқталар болсақ, олар -
елшілердің дербес құқықтығы туралы, елшілік қызметін атқару барысында
оларға жан-жақты көмек көрсету туралы елшілік әдет-ғұрыптар болып
табылады. Кейіннен бұл ғұрыптар мемлекеттердің екіжақты шарттары мен
көпжақты актілеріне енгізілді. Мұндай тәжірибелер Ежелгі Грекияда,
Ежелгі Римде, Месопатамияда, Үндістанда, кейіннен феодалды Еуропада
болған.
Ал, Қазақстан мен Орталық Азия аймағы елдерінің дипломатиялық
тарихына келер болсақ, бұл аймақта қоналғы (шетелдік елшілер мен
оған ілесіп жүрген адамдарға түнеуге ұлықсат беру құқығы), улуфа
(елшілік керуенінің ат-көліктері үшін жем алу құқығы, алафа
(қабылдаушы мемлекеттердің қалаында немесе елордасында елшінің ат-
көлігін азық-түлікпен қамтамасыз ету құқығы) сияқты әдет-ғұрыптар
болған.
Мемлекеттердің дипломатиялық қызметін үйлестіретін негізгі
халықаралық-құқықтық акті - 1961 жылы қабылданған Дипломатиялық
қатынастар туралы Вена конвенциясы болып табылады. Конвенцияға қатысушы
мемлекеттердің атап көрсетуінше, көне дәуірден бері барлық елдердің
халықтары дипломатиялық агенттердің мәртебесін мойындап келген.
Олардың сенімінше, дипломатиялық қатынастар туралы халықаралық
конверцияға қол қою мемлекеттердің арасындағы достастық қарым-қатынасты
дамытуға қолдау көрсетеді. Аталмыш конвенцияда дипломатиялық пұрсат
пен иммунитетті жекелеген адамдардың пайдасы үшін емес,
мемлекеттің атынан әрекет ететін дипломатиялық өкілдіктердің
қызметін тиімді атқарылуын қамтамасыз ету үшін беріледі.
Қазақстан аталмыш конвенцияға 1993 жылы қосылды.
Дипломатиялық құқықтық бастау көзіне сонымен бірге, 1975
жылы қол қойылған Универсальды мазмұндағы халықаралық ұйымдар мен
олардың мемлекеттік өкілдіктері туралы Вена конвенциясы, 1973 жылы
қол қойылған Халықаралық қорғауға, оның ішінде дипломатиялық агенттік
қорғауына ие тұлғаларға қарсы қылмыстарды болдырмау туралы
конвенция бар.
Дипломатиялық құқықтағы мемлекеттердің сыртқы қатынас органдары
бір мемлекеттің өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сыртқы
байланысын жүзеге асыратын, халықаралық қатынастағы осы мемлекеттік
құқығын және мүддесін қорғайтын мемлекеттік орган ретінде анықталады.
Сыртқы қарым-қатынас органдары ішкімемлекеттік және сыртқы
мемлекеттік органдар болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік органдарға ел
парламентін, Ел басын, үкіметті,сыртқы істер ведомствосын, сыртқы
экономикалық байланыс ұйымын және т.б. органдары жатқызуға болса,
шетелдік органдардың өзін тұрақты және уақытқа органдарға
жіктеуге болады.
Тұрақты органдар - шетелдерде өз мемлекетінің мүддесі үшін
тұрақты жұмыс істейтін органды айтсақ, уақытша органға - түрлі
делегацияларды, мемлекеттік немесе басқа да салтанаттардағы
жекелеген арнайы өкілдері айтуға болады. Кейбір шараларға арнайы
өкіл жіберілмеген жағдайда, сол елде тұрақты жұмыс істейтін
елшіні сол шараға төтенше елші ретінде қатысуға уәкілднйді.
Сыртқы қарым-қатынас шетелдік органдары мазмұны мен қызметі
жағынан дипломатиялық органдар деп те айтылады. Оларға елшіліктер,
миссиялар, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да үкіметаралық
ұйымдардың жанындағы өкілдіктер жатады. Бұл тұрақты органдар саяси
мазмұндағы қызметтері атқарады және дипломатиялық өкілдіктің барлық
құқығына ие болда алады.
Бұлардан консулдықтың айырмашылығы, ол дипломатиялық орган болып
табылмайды. Консулдықтардың халықаралық құқықтық мәртебесі
дипломатиялық өкілдіктердің халықаралық-құқықтық мәртебесі жақын,
бірақ сәйкес емес.
Консулдық құқық
Консульдық құқық - консульдық өкілдіктердің қызметін
ұйымдастырудың, консулдарды тағайындау және олардың шақыртып алудың,
олардың пұрсаттары мен иммунитеттерін анықтайтын құқықтық
нормалардың жиынтығы.
Консульдық құқық орта ғасырда сауда мен теңіз саясаты дамуының
әсерінен қалыптаса бастады. Консульдық мекемелер туралы алғашқы
мәліметтер шетелдік саудагерлердің қатысуындағы аймақтық сауда
кемелерімен байланысты айтылады. Бұл кемелер - консулдық деп
аталып, ал, ссаудагерлердің өздерін - консулдар деп атаған. 11-12
ғасырларда консулдар институты консулдық факториялар ретінде құрылса,
енді консулдық қызметке шетелдік саудагерлер қатарынан ғана емес,
арнайы адам тағайындала алатын болды. Еуропадағы алғашқы бас
консулдық 1267 жылы құрылды.
Консулдардың өз қызметін атқаруға аймақтық өкіметтердің рұқсат
керек болған. Олар өз келісімдерін растайтын құжаттар беретін.
Шығыста – бұл құжаттарды торат деп атаса, Батыста - булла, диплом,
т.б. еп атаған.
Консулдық құқықтық бастау көзіне тоқталар болсақ, 20-сыншы ғасырға
дейін консулдық құқық қарапайым болған, яғни, әдеттегі нормаларға
сай болған. ХХ ғасыр консулдық құқығының ерекшелігі сол, ол
конвенциялық құқыққа айналған. Оған дәлел 1911 жылы қол қойылған
Консульдық қызметтер туралы Каракасс конвенциясы мен 1328 жылы қол
қойылған Консулдық шенеуніктер туралы аймақтық конвенциясы және
1963 жылы қол қойылған Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы .
осы аталған құжаттардың барлығы консулдық құқықтың бастау көзі
болып табылады. Келісімшарттық бастау көздерге сонымен бірге,
екіжақты консулдық конвенциялар да жатады. Екіжақты консулдық
шартқа Қазақстан Қытаймен, Моңғолиямен және басқа да елдермен отырған.
Сыртқы істер министрлігі мен консулдық қызметке жеке тоқталар
болсақ, әр елдегі консулдық қызметті консулдық бөлім немесе
сыртқы істер министрлігінің консулдық басқармасы атқарады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық
қызметін ведомствоның ірі бөлімшесі болып табылады және
Қазақстанның консулдық қызметін, шетелдердегі Қазақстанның консулдық
мекемелерін басқарып, олардың күнделікті қызметіне тәжірибелік
көмек көрсетеді және олардың қызметінің құқықтық негіздемесін
қамтамасыз етеді.
Консулдық басқарманың басты қызметі Қазақстанның шет елдермен
консулдық қатынасын кеңейту және Қазақстан Республикасының шетелдегі
құқығы мен мүддесінің консулдық қорғалуын қамтамасыз ету болып
табылады.
http:www.kazakh.rukazakhembassy веб-сайтына сүйенсек,
Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктерінің тізімі мынау:
Дипломатиялық құқық тарихы
Дипломатиялық қызмет негізінен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге
асыру негізінде орын алады. Дипламатиялық қызмет сыртқы саясатқа қарағанда
тар ұғым болып табылады. Өтйкені, дипломтиялық қызмет тек сыртқы қатынас
органдарымен жүзеге асырылады.
Халық аралық құқық субьектілерінің дипломатиялық қызметі тікелей
келіссөздерден, халықаралық келісімдер мен шарттар жасаудан, диломтиялық
хат алмасудан қаралады.
Халықаралық құқық субьектілері арасындағы қатынастар дами келе,
нормалар пайда болады. Мемлекеттер пайда болады. Содан соң мемлекетаралық
қатынастар дамып, өзара елшімен алмасу сияқты әдеттер пайда болды.
Б.з.д. алғашқы мыңжылдықтағы Ману заңдарына сәйкес Ежелгі Индиядағы
елшілердің міндеттері мен жағдайы (статусы) қарастырылған. Ману заңы
бойынша дипломатиялық өнер соғыс болдырмаудан және бейбітшілікті күшейтуден
түрады.Бейбітшілікпен соғыстың болу болмауы елшілікке байланысты. Елшіге
қол көтерген өлген. Өйкені, ол құдаймен қорғалды.
Ежелгі Грецияда сыртқы қатынастардың дамуы, сыртқы қатынасты жүзеге
асыратын уәкілетті тұлғалар пайда болды: Вестниктер (ангелос, керлогос)
тағы сондай старейшиндер (прейбейс), оларды арнайы грамотамен
марапаттаған.
Ежелгі Римде сыртқы қатынас органдары құрылады – фециалдар. Елшлікте
сенаттың арнайы Қаулыларымен тағайындалады. Дипломатиялық практикада Римде
елшілер (legati caducretors) ораторлар (oratores) және вестниктер (nuntil).
Кейін грамотасы ретінде, елші жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие болу
үшін алтын сақина (перстень) киген. Сәйкесінше елшілер сенат алдында
жауапты болды. Тіпті, қатынасы жақсы және жаман мемлекеттер өкілдеріне
достық, қастық қарым-қатынас әр түрлі болды.
Императорлық кезеңде ерекше сыртқы қатынас органы (аппараты)
құрылады. Енді, елшілер императормен тағайындалды. Рим тарихын зерттеген
Филипсонның ойынша Римде ғимараттар иммунитетке ие болмайды.
Феодалдық кезеңдерде халықаралық қатынастар бір типтес (яғни өз
аймағында ғана) болды. Бұл кезеңдегі дипломатиялық қызметтің ерекшелігі
тұрақты елшіліктердің және иммунитеке ие кварталдардың пайда болуында. Олар
қалалық кварталда мемлекетпен перисдикатциядан шығарылды. Жергілікті
басқаруы әлсіз мемлекеттерде , сондай-ақ көтерілістер жиі орын алатын
елдерде көрініс тапты (Римде, Мадритте, Лиссабонда, Генуяда, Венецияда).
Бірақ, 18-ші ғасырдың алғашқы жартысында қалалық кварталдардың
артықшылығынан бас тартты (Бүкіл Батыс Европа бас тартты)
19-шы ғасырдың 70-ші жылдарында дипломатиялық өкілдік ғимаратын
баспана ретінде қолдануға тыйым салынды. Бұл Испанияда бірнеше мерзім
сақталды.
Осы кезден бастап дипломатиялық өкілдітің қылмыстық, азаматтық және
әкімшілік юрисдикциядан толық босату бекітілді.
Феодализм кезеңі дипломатиялық құқығының ерекшеліктері капитализмде
де сақталды
Ендігі кезекте халықаралық ұйымдардың, комиссиялардың , халықаралық
ассамблеялардың құрылуы және дамуымен дипломаттардың лауазымды тұлға
ретінде жаңа категориясы пайда болды. Олардың құқықтық жағдайы анықталды.
19-шы ғасырдың басына таман жеке және иммунитет сұрақтары кең көлемде
қамтылды , сондай-ақ өкілдік басшыларының рангтары аталды. (7 наурыз 1915 ж
Вена протоколы мен 21 қараша 1918ж Асхен протоколы).
Айта кететін бір жайт, дипломатиялық құқық елшілік құқық елшілік
құқық ретінде дамыды, яғни елшілердің құқықтық мәртебесін реттейтін
нормалар ретінде . Содан шығатыны, 19-ң басында ғана елшілік құқықтық
дипломатиялық құқық негізін қалап, мемлекеттер аралығындағы қатынастарды
кең көлемде реттейтін нормалар жиынтығы орнықтырылды.Елшілік құқығы
дамуымен бірге дипломаиялық қызмет дамыды.
Бұрын (18-ға дейін –18-ң басына) сыртқы қатынастың барлығы кньяздар,
корольдар, императорлар қолында болғандықтан , дипломатиялық қызмет болған
жоқ.
Билеушілер керек кезінде елшілерді соғыста әріптес болуға немесе
бейбітшілікке келу сияқты істерге арнайы жіберіп отырды. Ал консульдық
құқық болған жоқ. Ол 18-ші ғасырдың аяғына таман құрыла бастады. Шет
елдерде консульдықты жергілікті көпестер, саудагерлер басқарды. Ал жіберуші
мемлекеттте арнайы басқаратын башылар тағайындалды.
Осыған паралельді түрде корольдың, феодальдың жеке концеляриясында,
сонан соң жеке арнайы орган пайда болды.
Капитализмнің қарқынды дамуы халықаралық қатнастардың реттелуін қажет
етті. Бұл тұрақты консульдық және дипломатиялық өкілдіктердің пайда болуына
әкелді, сыртқы істер ведомствосы құрылды, яғни сыртқы қатынас органдары
бекітілді.
Консульдік қызмет саудамен, сауданы қолдаумен айналысты мұнда
саудагерлер, көпестер қызмет етті. Дипломатияық қызмет тек саяси
сұрақтармен мысалы монархтардың, мемлекеттердің арасындағы маңызды
мәселелерді шешеді. Сословиеге бөлінгендіктен бір қызмет түрінен екіншісіне
өтуге рұқсат етілмеді. Консулдық қызмет қаржы, саудамен байланысты.
Сонымен, ХІХ ғасыр ортасы мен аяғына жақын, бұл қатынастарды реттеуде
заңдар мен ережелер пайда болды.
Жалпы, сыртқы қатынасқа түсу құқықығы бірнеше компаненттерден: елшілік
құқығы; халықаралық құқықтық нормалар құру құқығы; келісім-шарт жасау
құқығы; хат жолдау және т.б. Әрбір қазақ және Ортаазиялық мемлекет ішкі
мелекеттік және шетелдік сыртқы қатынас органдары бар.
Қазақ хандығы басшысы (хан, әмір, бек және т.б.) халықаралық субьектісі
болып табылған өз мемлекетнің атынан халықаралық қатынастарға шығады. Олар
әрине ішкі мемлекеттік сыртқы қатынас органы қызметін атқарды.
Кез келген мемлекет басшысы (хан, әмір, бек және т.б.) өз мелекетіне
халықаралық қатынатарда өкілдік етті:соғыс және бейбітшілік міәселелерін
шешті, халықаралық келісім-шарттар жасасты; шетелдерге елшілерді жіберіпе
отырды, басқа мемлекеттің елшіліктерін қабылдады.
Қвзақ ханының сыртқы саяси құзыретінің көлемі оның ішкі саяси күшіне
байланысты болды. Бірақ орталықтанған мемлекет болуының жағдайларын
туғызуға мүмкіндік болмады.
Бірақ оған қарамастан, хандар өз міндеттірен жеткілікті орындады.
Ханда тұрақты әскер болған емес. Агрессияға төтеп беру үшін тайпалардан
адам жинаған. Бұл оның басқа мемлекеттерге қарсы әскер жасақтау міндетіне
жатқызылды.
Қазақ ханына кең көлемді сыртқы саяси құқықтар берілді: дипломатиялық
байланыс орнатты, елшілерді жіберді, қабылдады, келісімге қол қойды. Бұл
мәселелерді принципиалды түрде хан өз бетімен жүзеге асыра алмады. Олар
ақсақалдар кеңесімен шешілді.
Хан тікелей келіссөздер жүргізген, келісім-шарттың орындалуын
қамтамасыз ету мақсатында өз туысқандарын аманат ретінде жіберді (Мысалы,
ХҮІ ғасырда Тәуекел хан, ХҮІІ ғасырда Жәңгір хан). Сұлтандар қазақ
жүздерінде ықпалы бар саяси күш иелері болды. Ол жүздердің сыртқы саяси
қызметінде белсенді араласты. Шетелге жіберілген елшілік басшы болды,
аманат ретінде жіберді. Сұлтандар чингизидтерден шыққан. Сәйкесінше, хандық
таққа тек сұлтандар келуі мүмкін еді.Олар моңғол империясы әдет-ғұрпы
сақталған кез келген жүзге хан бола алатын өзбек және қазақ хандықтарына
тиесілі болды. Кіші хандық кеңес, сұлтан, батыр, билер, ақсақалдардан
құралды. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының мәселелерін шешкен. Сыртқы
саяси сипаттағы маңызды сұрақтар үлкен кеңес талқылауына берілген.
Қазақ жүздерінде ақсақалдар кеңесі ханмен бірге өте маңызды
мәселелерді шешкен. Сонымен қатар хан, ақсақалдар кеңесі рұқсатынсыз ешбір
ішкі және сыртқы саясат сұрағын шеше алмаған.
1731 жылы 10 қарашада ақсақалдар кеңесінде ханның олардың келісімінсіз
еш әркет ете алмайтындығын атап көрсетті. Әбілхайыр ханың ақсақалдар кеңесі
рұқсатынсыз Ресей қол астына кіруді шешуіне өте қатты қобалжыды. Әйтседе
ақсақалдар кеңесі келісімін беріп қол қойған екен. Бөгенбай батыр, Есет,
Әбілхаыр ант қабылдан қол қойды.
Ақсақалдар кеңесі нақты саяси шешімдер шығаруы мүмкін: мысалы, 1728
жылы жоңғар феодалдарына қарсы жорыққа шығу шешімі. Аманат ауыстыру
Тәуекелдің сыртқа шығуын азайту; тұтқындалғандармен алмасу;
Хандық істерін баксқаруда үлкен мәнге ие болға съездер, немесе басқаша
айтқанда халық жиналысы. Ол : сұлтан, би , ақсақал, батырлардан құралған.
Олар Жеті Жарғы негізінде жиналады. Белгілі бір жерде күзде маңызды
мәслелер шешуге жиналады.
Қазақстанда ХҮ және ХІХ ғғ аралығында арнайы сыртқы қатынас органы
болмаған.
Ханың көмекшілері төленгіттер болды. Олар сыртқы саясат қызметінің
кейбіреулерін орындады. Бірақ, хандық құрамына кіргізілмеді.
Дипломатиялық миссиялардың мынадай нысаны бар: 1) бір мемлекет
миссиясы бірнеше мемлекеттің атынан өкілдік етеді;2) өз атынан өкілдік
етеді.
Дипломатиылық және консулдық нормалардың әртүрлі келісімшартар мен
келісімдерге болуы, белгілі бір тұтас тұрғыда пайдалануға қиындық туғызады.
Мемлекеттер, жеке тұлғалар, қоғамдық және ғылыми ұғымдар соңғы жүз жыл
ішінде дипломатиялық кодификациялауға қатысты. Бұл кодификациялау
дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге бағытталған болатын.
1868 ж. Швейцарлық И.К.Блюнги жасаған халықаралық құқық
кодификациясында (проект) елшілік құқығы мен дипломатиялық иммунитеттер мен
артықшылықтар көрсетілген.
Халықаралық құқық институты дипломатиялық құқық туралы мәселені Гамбург
(1889 ж.) Женева (1862 ж.) Кембридж (1895 ж.) сессияларында талқылады.
1929 ж. Институт дипломатиялық имумнитеттер туралы резолюция, 1950 ж.
дипломатиялық баспана туралы резолюця қабылдады.
1932 ж. Гарвард университетімен дипломатиялық иммунитеттер мен
артықшалықтар туралы конвенциясының проектісі жасалады.
Ресми кодификацияның алғашқы қадамдар ретінде Вена (1815) және Аахен
(1818) конгресстер дипломат класстарын бекіту туралы шешім айтуға болады.
1928 ж. ҮІ америкааралық конференцияда дипломатиялық шенеуніктер
туралы, дипломатиялық баспана туралы конвенциялар қабылданды.
1925-27 жж Ұлттар Лигасының дипломатиялық құқық нормаларын
коификациялау шаралары сәтсіздікке ұшырады.
1949 жылы БҰҰ Комиссиясы өзінің бірінші сессиясында зерттеу объектісі
ретінде дипломатиялық қатынастар мен иммунитетерді атады.
1957 жылы проект жасалып, бас хатшы арқылы БҰҰ мүшелеріне ескертпе
білдіруге таратылды.
1958 жылы 16 мамырда 20 мемлекет өз ескертпелерін білдірді. Кейіннен
конвенция қабылдауға АҚШ ғана қарсылық білдірді.
Наурыз айында 1961 жылы Венада дипломатиялық қатынастар туралы
конвенциясы қабылдады.Ол преамбуладан және 53 баптан құралды.
Үлкен кемшілігі тек БҰҰ –на мүшелігінде ғана АҚШ Чехославакия мен
Польша конвенцияның ашық, универсальді болуына қарсы болды. Әлемдік
бейбітшілікке зиян келді.
Қорытындылай келе, дипломатиялық құқықтың тарихи қалыптасуы сан алуан
ерекшеліктері болу кезеңінен өтіп, жеке дара сала ретінде қалыптасты деп
айтуға болады.
Қытай мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас
Қытай мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан
бүгінгі күнге дейін екі мемлекет арасында қабылданған бірлескен
декларацияларда анық көрсетілген. Бүгінде олардың саны төртеу: 1)1993 жылы
18 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы достық қарым-қатынастардың негізі туралы бірлескен декларация;
2)1995 жылы 11 қыркүйекте қабылданған Қазақстан Республикасы мен Қытай
Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту
және тереңдету туралы бірлескен декларация; 3) 1996 жылы 5 шілдеде
қабылданған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының
бірлескен декларациясы; 4) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық
Республикасы арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты
одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация.
1995 жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қытайға екінші ресми сапары кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы мен
Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі
дамыту және тереңдету турылы бірлескен декларацияда тараптар саяси
қатынастар саласы бойынша екі ел арасындағы қатынастарды сапалы деңгейге
көтеруге бекем бел байлап, мынадай шешімге келді: “Бейбіт қатар өмір
сүрудің бес принципін негізге ала отырып, екі ел арасындағы ұзақ мерзімді
тату көршілік пен достықтың өзара қатынастардың батыл және ұдайы сақтау мен
дамыту, өзара түсіністік пен сенімді нығайту, әр түрлі деңгейлерде үдемелі
және жан-жақты диалогты қолдау, жалпы қабылданған халықаралық құқық
нормаларының негізінде риясыздық, тілектестік, өзара мүдделерді ескеру
рухында туындаған проблемаларды шешу; өз аумағындағы кез-келген ұйымның
және күштердің екінші Тарапқа қарсы бағытталған сепаратистік қызметіне жол
бермей, ұлттық сепаратизмнің қандай түріне болса да қарсы шығу”. Сонымен
қатар тараптар халықаралық қатынастар саласында да мынадай уағдаластыққа
қол жеткізді: ”Барлық елдер, мейлі үлкен немесе кіші, күшті немесе әлсіз,
бай немесе кедей болмасын тең құқықты ынтымақтастықты жүргізуін,
халықаралық істерде кемсітушіліксіз қатысуын жақтау, гегемонизм мен күш
саясатына қарсы іс-қимыл жүргізу”.
Орталық Азия мемлекеттерінің Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдермен көп
қырлы байланыстарын дамытуға жәрдемдесу, сол арқылы Азия-Тынық мұхит
аймағындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ісіне үлес қосу. Осы айқындаманы
негізге ала отырып, Қытай жағы Қазақстанның президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру туралы
бастамасын белсенді түрде қолдайды, Азия-Тынық мұхит аймағындағы барлық
елдермен бірге шынайы қауіпсіздік пен тең құқықты ынтымақтастыққа тиімді
жолдарды іздестіруге әзір.
Екі мемлекет, үкімет басшыларының, саяси, әскери ведомстволары
басшыларының өзара сапарлары Орталық Азия мен Қытай арасындағы саяси,
әскери, қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықтың іргетасын қалады. 1993-
2000 жылдар аралығында Қытайда Қазақстанның қорғаныс министрлері
С.Нұрмағанбетов, А.Қасымов, Бас штаб бастығы Б.Ертаев, С.Тоқпақбаев,
әділет, ішкі істер, білім, транспорт және комуникациялар министрліктерінің,
Бас прокуратураның делегациялары барып қайтты. Қазақстан мен Қытайдың
қорғаныс ведомстволары арасындағы делегациялар алмасу жұмысы қалыпқа
келтірілді. 1995 жылдың наурыз айында және 1996 жылдың мамыр айында
Қазақстанға Қытай Халық Азаттық Армиясы Бас штабының бастығы мен оның
орынбасары бастаған делегациялардың, 1997 жылы Қытай Қорғаныс министрінің
сапарлары болды.
1992 жылы Қазақстан мен Қытай арасында шекара мәселесі туралы
консультациялар басталады. Сол жылдың ақпан айындағы Қазақстан премьер-
министрі С.Терещенконың Қытайға сапары кезінде ҚХР-дың ресми адамдары
шекара сызығының белгіленуі туралы әртүрлі пікірлердің пайда болуына
байланысты жан-жақты өркениетті консультациялар жүргізуді бастау туралы
ұсыныс жасады.
Қазақстан-Қытай шекара мәселесін шешудегі алғашқы нақты қадам ретінде
Қытай премьер-министрі Ли Пэннің 1994 жылдың сәуір айындағы Қазақстанға
сапарында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісім-шартты
атауға болады. Бұл келісім 1995 жылдың 11 қыркүйегінде күшіне енді. Аталмыш
келісім бойынша “тараптар бүгінгі қазақстан-қытай шекарасы туралы келісім
негізінде, халықаралық құқықтың жалпыға ортақ ережелеріне сәйкес, тең
дәрежедегі консультациялар, өзара түсіністік пен өзара ыңғайға көну
рухында, сонымен бірге шекара мәселелері туралы келіссөздер барысында қол
жеткізген уағдаластықтар негізінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тарихтан
қалған шекара мәселелерін одан әрі тиімді түрде шешуге және екі мемлекет
арасындағы шекара сызығын анықтап, белгілеуге келісті”. 1994 жылы шекара
сызығының бірнеше учаскелері бойынша толық уағдаластыққа қол
жеткізілмегендіктен, келісімнің 3-ші бабы келіссөздерді әрі қарай
жалғастыру қажеттігін атап көрсетті: “Уағдаласушы тараптар Қазақстан мен
Қытай арасындағы он бесінші шекара нүктесінен он алтыншы шекара нүктесіне
дейін, қырық сегізінші шекара нүктесінен қырық тоғызыншы шекара нүктесіне
дейінгі мемлекеттік шекара ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz