Халықаралық құқық субъектісі
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Халықаралық құқық субъектілерінiң
ұғымы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
2. Жеке тұлғалар халықаралық құқықтың
айрықша
субъектiсi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. 9
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
Кіріспе
Құқық субъектілік мәселелері халықаралық құқық ғылымында әрқашан
іргелі орын алып келеді. Себебі бұл мәселе халықаралық құқық субъектілері
арасындағы қатынастарды реттейді, ал субъектілер шеңбері халықаралық
өмірдің маңызды құбылыстарына байланысты өзгеріске ұшырап отыратыны
белгілі.
Халықаралық құқық субъектілік кез келген тәуелсіз мемлекетке тән және
өзінің шығу тегі мен сипатына қарай алғашқы және негізгі болып табылады. Ол
мезгіл жағынан да, кеңістіктен де, құқықтық реттеудің пәнінен де
шектелмейді. Құқық субъектілік халықаралық құқықтық қатынастарға қатысудың
жалпы алғышарты болады, ал мемлекеттер құқықтық мәртебені өзара айқындайды,
құқықтар мен міндеттерді нақтылайды. Қазақстан Республикасы әлемдік
қауымдастыққа кірген соң, өзінің халықаралық құқық субъектілігін дамытып
және жүзеге асыра отырып, оның нақты мүшесінің бірі болуы қажет еді.
Қазақстан Республикасы ашық еуроазиялық мемлекет және басқа мемлекеттермен
өзара тиімді негіздерде ынтымақтасуға дайын. Мүдделерді өзара ескеру, өзара
түсіністік, ынтымақтасудың мақсатқа сай болуы, әріптесінің ішкі істеріне
қол сұқпау біздің сыртқы саясатымыздың мазмұны болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан қол жеткізген екі тарапты және көптарапты
халықаралық шарттарды іс жүзінде жүзеге асыруда. Халықаралық келісімдер
халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына негізделген даму
міндеттерін ескере отырып, ынтымақтастықтың түрлі салаларын нығайтуға
арналған.
Мен өзімнің жұмысымда халықаралық құқық субъектілерінің түсінігі мен
олардың жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін сондай-ақ
халықаралық құқықтағы тану институты қатысты мәселлерді қарастырмақпын.
1. Халықаралық құқық субъектілерінің ұғымы және түрлері
Субъективті заңдық құқықтары мен міндеттері бар халықаралық құқық
қатынасы қатынасушылары халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады.
Олар халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға, басқа субъектілермен
заңдық әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті және тәуелсіз болады.
Халықаралық құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: алғашқы және туынды.
Алғашқы топқа тәуелсіздігі бар мемлекеттер: өз тәуелсіздіктері үшін
күресуші халықтар мен ұлттар кіреді. Соңғылары өзінің мемлекеттік құрылысын
өзі шешу құқығын жүзеге асырады. Субъектінің бұл екі тобы алғашқы топқа
жалпы белгілері, яғни тәуелсіздігі арқылы біріккен. Екінші топқа
халықаралық ұйымдар мен мемлекет тәріздес құрылымдар кіреді. Жеке тұлғалар
халықаралық құқық субъектілерінің ерекше тобын құрайды. Халықаралық құқық
субъектілік кез келген тәуелсіз мемлекетке тән және өзінін шығу тегі мен
сипатына қарай алғашқы және негізгі болып табылады. Ол мезгіл жағынан да,
кеңістіктен де, құқықтық реттеудін пәнінен де шектелмейді. Құқық
субъектілік халықаралық құқықтық қатынастарға қатысудың жалпы алғышарты
болады, ал мемлекеттер құқықтық мәртебені өзара айқындайды, құқықтар мен
міндеттерді нақтылайды. Қазақстан Республикасы ашық еуроазиялық мемлекет
және басқа мемлекеттермен өзара тиімді негіздерде ынтымақтасуға дайын.
Мүдделерді өзара ескеру, өзара түсіністік, ынтымақтасудың мақсатқа сай
болуы, әріптесінің ішкі істеріне қол сұқпау біздің сыртқы саясатымыздың
мазмұны болады[1].
Халықаралық құқық субъектілерінің төмендегідей түрлері бар:
жеке тұлғалар, яғни олардың қатарына азаматтар мен азаматтығы жоқ
адамдар, заңды тұлғаларға, яғни оларға мемлекеттік және жеке меншік
заңды тұлғалар, ғылыми зерттеу және тағыда басқа ұйымдар, Мемлекет және өз
бостандықтары үшін күресуші ұлттар мен халқтар, халықаралық үкмет аралық
ұйымдар, мемлекетке ұқсас құрылымдар т.б.
Енді халықаралық құқық субъектілерінің осы жоғарыда аталған
жекелеген егізгі түрлерінің құқықтық статусының ерекшеліктеріне тоқтатылып
өтелік.
Мемлекеттер — халықаралық құқықтың негізгі субъектілері. Қазақстан
Республикасы - халықаралық құқық субъектісі. Халықаралық құқық субъектісі
ретіндегі мемлекеттер үшін ерекше саяси-заңдық сипат, өз аумағындағы
үстемдігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі тән. Мемлекет өз
тәуелсіздігінің күші бойынша құқық субъектілікке ipso-facto-ға ие, яғни
өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде ие болады. Мемлекеттердің әрекет
қабілеттігі оның халықаралық шарттық тәжірибелерге қатысуынан,
дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату нәтижесінен, халықаралық
ұйымдарға мүше болу мәселелерінен көрінеді. Мемлекеттің халықаралық құқық
субъектісі ретінде танылуы халықаралық жүйенің өзгешелігін құрайды.
Мемлекет, бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің бір бөлігі болса, екінші
жағынан, одан тыс та дами береді. Мысалы, XX ғ. 60-жылдарының басында
Албания халықаралық ұйымдардың құрамынан шығып, басқа мемлекеттермен
дипломатиялық және елшілік қатынастардың бәрін тоқтатып, дербес дамуға бел
байлағанды. Дегенмен, халықаралық құқықтың даму тарихында мемлекеттердің өз
ішкі мүмкіндіктерін түгелдей тауысқан кездері сияқты мысалдар да аз емес.
Осындай тарихи кезеңнен Албания да өтті, ол бүгінгі таңда халықаралық
құқықтың тең құқылы субъектісінің бірі.
Халықаралық ұйымдар. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасындағы
немесе халықаралық ұйымдардың арасындағы шарттардын құқығы туралы 1986 ж.
Вена Конвенциясының 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық
құқықтың субъектілері болып табылады. Оларды негізгі субъектілер болып
табылатын мемлекеттер әр түрлі ауқымдағы ынтымақтастық үшін құрады.
Сондықтан да қарастырып отырған субъект туынды топқа жатқызылады.
Халықаралық ұйымдар санының өсуі және халықаралық қауымдастықта маңызды
мәселелерді шешудегі рөлінің артуы оларды нормативтік тұрғыдан бекіту
қажеттігін туғызады.
Әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдардың қатынасындағы мемлекеттердін
өкілдіктері туралы 1975 ж. Вена Конвенциясы, мемлекеттер мен халықаралық
ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқықтары туралы
1986 ж. Вена конвенциясы.
Біз Е. А. Шибаеваның "халықаралық ұйымдар алғашқы кезде құқық
субъектілік қасиетке ие болмаған, бұл ұйымдардың, халықаралық құқықтың
және халықаралық қатынастардың дамуынын белгілі бір сатыларында пайда
болады..." деген көзқарасымен келісеміз[2].
Халықаралық ұйымдардың тәуелсіздігі жоқ, олар мемлекетке тәуелді, яғни
халықаралық ұйымдардың өмір сүруі үшін мемлекеттер ерік білдіруі керек.
Сөйтіп, қүрылтайшы мемлекеттер халықаралық ұйымдарға құқық субъектілікті
береді. Халықаралық ұйымдарда құқық субъектілік XX ғасырдың 20-жылдарында
ғана пайда болды. Ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі құрылтай
актісінде (жарғысында) бекітіледі. Егер мұндай жағдай жарғыда нақтырақ
көрсетілмесе, онда жобаланған құзырет тұжырымдамасы қолданылады[3]. Мысалы,
халықаралық Соттың консультациялық қорытындысы 1949 ж. БҰҰ-ны халықаралық
құқықтың туынды субъектісі ретінде таныды.
Қазіргі кезең жағдайында халықаралық ұйымдар рөлінің өскеніне
байланысты өзінің құқықтық табиғаты бойынша ұйымдар халықаралық құқықтың
субъектілері болып табылады. Олардың құқық қабілеттілігінің көлемі -
субъектілік құрамы, қызмет келемі, реттеу пәніне байланысты әр түрлі.
Мемлекетаралық, бүкіләлемдік және әмбебап ұйым - БҰҰ-ның қазіргі кезеңнің
маңызды ұйымы екендігіне талас жоқ. Халықаралық құқықтың негізгі субъектісі
ретінде мемлекет құзыретінің көлемі қандай да бір халықаралық ұйым
құрамындағы мемлекеттің құзіретінен әлдеқайда кең болатынын атап өткен жөн.
Мемлекет тәрізді құрылымдар.
Халықаралық құқықтың тарихы арнайы шарттар арқылы ерекше саяси-
аумақтық құрылымдардың мәртебесін айқындап берді. Оларға "еркін қалалар",
Батыс Берлин мен қазіргі кезде Ватикан жатқызылып жүр.
"Еркін қалалар". 1815 ж. Вена трактатына сәйкес, мұндай қалаларға 1846
ж. дейін өмір сүрген Краков қаласы, 1919 ж. Версаль бейбітшілік шарты
бойынша - Данциг (1920-1939) қаласы жатқызылды, сондай-ақ "Триест бос
аумағын" құруға талпыныстар жасалды, бірақ олар жүзеге аспады. Кейінірек,
осы аумақ Италия мен Югославияның құрамына кірді.
Батыс Берлин мәртебесі 1971 ж. төрт тарапты келісіммен реттеледі, ол
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасында болды. Мұндай мемлекет тәрізді
құрылымның болуы ГДР мен ФРГ-нің өмір сүруімен байланыстырылып
түсіндіріледі. Жоғарыда аталған 1971 ж. Келісімнің ережелеріне сәйкес,
Батыс Берлин дербес саяси біртұтастықты көрсетеді. Германия біріккен соң
халықаралық құқықтың аталмыш субъектісі таратылды. Ватикан. Халықаралық
актілерде Ватикан "әулие тақ"деп аталады. Халықаралық құқық субъектісі
Ватиканның ерекше мәртебесі 1984 ж. Италиямен жасасқан келісім арқылы
белгіленген. Ватикан халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, ол
көптеген мемлекеттермен сыртқы байланыс орнатқан. Оны қала-мемлекет деп
атайды. Ватикан БҰҰ мүшесі емес, өйткені Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына
мемлекеттер ғана кіреді, дегенмен бұл әмбебап ұйымда оның тұрақты
бақылаушылары бар. Халықаралық құқықтың аталмыш субъектісі көптеген
халықаралық конференцияларға қатысады, көптарапты конвенциялардың
қатысушысы, католиктік елдерде тұрақты дипломатиялық өкілдіктер құрады.
Өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар. Халықаралық
құқықтың дербес субъектілерінің бір түрі болып өз тәуелсіздіктері үшін
күресуші халықтар мен ұлттар танылады.
Бұл бастапқы субьектінің болуы халықаралық құқықтың негізгі
қағидалары - халықтардың теңдігі мен өз тағдырын өзі шешу қағидаларының
мазмұнына байланысты, мұндай қағиданың генезисі әлем халықтарының ұлт-
азаттық күресімен айқындалады. БҰҰ Жарғысы халықтардың өз тағдырларын өзі
шешу құқығын халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған нормасы деп таныды (1-
баптың 2-тармағы, 55-бап). Кейінірек, өз тағдырын өзі шешу құқығы
тәуелсіздікті беру туралы мәселелерде, бірқатар халықаралық-құқыктық
құжаттарда нақтылана түсті, Мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен
ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың-қағидалары туралы
Декларацияда, БҰҰ-ның 1970 ж. 24 қарашадағы Жарғысына сәйкес, "Жарғыда
бекітілген халықтардың тең құқықтығы мен өз тағдырын өзі шешу қағидаларының
күші бойынша барлық халықтардың өзінің саяси мәртебесін басқалардың қол
сұғуынсыз айқындауына және экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын...
жүзеге асыруға күқығы бар" деп жарияланғаа Халықтардың теңқұқылық және өз
тағдырын өзі шешу қағидалары оларға саяси тәуелсіздік беру жолымен іске
асады. Оған күрестің барлық құралдарын, ұлт-азаттық күресті қоса алғанда
қол жеткізілуі мүмкін. Азат етілген мемлекеттегі тәуелсіздік алған халықтың
өзінің саяси мәртебесін өзгертуге құқығы бар. Қарастырып отырған қағида
осы заманғы жағдайда, халықтарға басқанын қол сұғуынсыз, еркін дербес күйде
өзінің саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік дамуын айқындауға мүмкіндік
береді.
2. Жеке тұлғалар халықаралық құқықтың айрықша субъектiсi
Халықаралық шарттарға сәйкес жеке тұлғаға берілетін құқықтар көлемінің
халықаралық және аймақтық деңгейінің кеңеюіне байланысты ол халықаралық
құқық субъектісінің бірі болды. Көпке дейін халықаралық-құқықтық
әдебиеттерде индивидтің құқық субъектілігі жоққа шығарылып келді. Ал
халықаралық құқық бойынша ғылыми әдебиеттерде индивидтің халықаралық құқық
субъектілігі жоққа шығарылды (мысалы, А. П. Мовчан С. В. Черниченконың
еңбектерінде)[4]. XX ғ. 80-жылдарының аяғында индивидтің халықаралық құқық
субьектілігінің жеке элементтерін мойындайтын отандық еңбектер алғаш рет
жариялана бастады. Батыстық заңгерлер индивидтің халықаралық құқық
субъектілік теориясын аз-кем мойындайтын. Қоғамның халықаралық өміріндегі
объективті өзгерістер осы заманғы халықаралық құқықтағы адамның құқық
субъектілігі жөніндегі мәселеден "тыйым салуды" алып тастады.
Индивидтер халықаралық құқықтың шектелген құқық субъектілігі бар
субъектісі екенін айтып өткен жөн, өйткені оның халықаралық құқықтың
нормалары мен қағидаларын құруға қатысу құқығы жоқ. Алайда халықаралық-
құқықтық нормаларды қолданудың тиімділігі индивидтің құқықтары мен
міндеттерінің көлемін кеңейтуде. Халықаралық қатынастарда жеке тұлғаның
рөлі де ұлғаюда. Мұнда, біз "индивид" және "жеке тұлға" ұғымдарын теңдей
қолданатынымызды айтып өтсек, себебі жеке тұлға - бұл әлеуметтік маңызды
белгілерінің тұрақты жүйесі бар индивид болса; индивид - бұл жеке адам,
жеке өмір сүретін тірі тіршілік.
Халықаралық құқық нормалары халықаралық құқықтың негізгі субъектілері
болатын мемлекеттердің арасындағы өзара қатынастарды реттеуге бағытталған,
ол индивидтердің орындауына бағытталған мұнан басқа, жеке тұлғаның құқықтық
жағдайына әсер ете отырып, аталған құқықтық нормалар мемлекетті
индивидтерге белгілі бір мәртебені қамтамасыз етуге міндеттейді. Қазіргі
жағдайларда индивидтің халықаралық органдарға жолдану мүмкіндігі жоқ екені
талас тудырмайды, кейбір жағдайларды ескермегенде. Халықаралык құқық
индивидтердің құқықтарын бұзған жағдайларды қарастыру іс-жосығын
айқындайды. Онымен адам құқықтары жөніндегі Комитет, нәсілдік
кемсітушілікті жою жөніндегі Комитет, азаптауға қарсы Комитет және еркін
қамауға алу бойынша жұмыс тобы айналысады.
Индивидтер құқықтарының орындалуын бақылау мақсатында БҰҰ шеңберінде
қосымша институттар құрылуда. Мысалы, 1996 ж. 20 жел-тоқсанындағы Бас
Ассамблеяның 48141 қарарына сәйкес, адамның барлық құқықтарын қолдау және
қорғау бойынша Жоғарғы Комиссар қызметі құрылды. Бірінші Жоғарғы Комиссар
жұмысына 1994 ж. 5 сәуірінде кірісті. 1997 ж. оның отставкаға шығуына
байланысты Мери Робинсон жаңа Жоғарғы Комиссар болып тағайындалды. БҰҰ-ның
бұл лауазымды тұлғасына адам құқықтары жөніндегі қызметтің негізгі
жауапкершілігі жүктелген. Жоғарғы Комиссардың өкілеттігі адамның барлық
құқықтарын қорғаудан және оны тиімді жүзеге асыруды қолдаудан тұрады.
Индивидтің халықаралық құқық субъектілігін үзілді-кесілді жоққа шығару
қазіргі кезде ескірді деуге болады. Халықаралық қатынастарды ізгілендіру
адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ісіндегі жеке тұлғаның
белсенді рөлін мойындайды.
Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда индивидтердің халықаралық
құқық субъектілерінің көлемі кеңеюде[5].
Бейбітшілікті жақтайтын кез келген мемлекеттің адам құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуі басым орында болатыны талас тудырмас.
Халықаралық құқықта мемлекеттің халқына өзінің азаматтарын, шетел
азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды жатқызады. Халықтың осы
топтарының заңдарда бекітілу дәрежесіне қарай адам құқықтарын қорғау туралы
ұлттық стандарттардың халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес
келетініне қарай халықаралық құқықсубьектіліктің нақтылы жайын да айтуға
болады.
Біздің республикамызда адам құқықтарын қорғау жөнінде әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz