Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арақатынасы туралы доктрина
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Халықаралық және мемлекеттің ішкі құқықтарының
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..5
2. Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арақатынасы туралы
доктрина ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...11
3. Халықаралық және мемлекеттің ішкі құқықтарының өзара ықпалы және
әрекеттестігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..17
4. Халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқықтар арақатынасы
жөніндегі мәселенің Қазақстан Республикасының конституциялық
актілерінде қалыптасу проблемасы ... ... ... 24
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған
әдебитетер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...34
Кіріспе
Халықаралық құқық пен ішкі-мемлекеттік құқық арақатынасы жөніндегі
мәселе халықаралық құқық теориясының ең күрделі мәселелерінің бірі болып
табылады. Кеңес Одағы кезінде бұл проблема заңдарда, соның ішінде
Конституцияларда да, бекітілмейтін еді. Алайда, тоталитарлық режимнің
күйреуінен кейін халықаралық саяси жағдай күрт езгеріске ұшырады. 1990
жылдан бастап КСРО құрамына кірген мемлекеттер өздерінің тәуелсіз зандарын
қабылдай бастағаны белгілі. Солардың қатарында Қазақстан Республикасында 25
қазақ 1990 жылы мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қабылдады. Бұл
актінің тарихи маңызы барлығымызға мәлім. Оның маңыздылығын биіктететін
жайттардың бірі - осы құжаттың халықаралық құқықпен байланысын белгілейтін
ереже екені сөзсіз. Декларацияның кіріспе бөлімінде Қазақстанның
конституциялық заңдары тарихында алғашқы рет 1948 жылғы Адам құқықтарының
Жалпылай Декларациясының мемлекет тарапынан ресми танылуы жөнінде айтылды.
Мұны халықаралық құқықтың ішкі зандар алдындағы басымдығын жалпы тану
жолындағы бірінші қадам деп білу керек. Яғни, аталған ереже ішкімемлекеттік
актіні халықаралық құқықтың бір саласындағы болса да нормаларымен
байланысқа түсірді. Бұл үлкен жетістік еді. Осы бағыттағы келесі қадам 16
желтоқсан 1991 жылы қабылданған мемлекеттік тәуелсіздік жөніндегі актіде
тек Адам құқықтарының Жалпылай Декларациясында ғана емес, сонымен қатар
халықаралық құқықтың басқа да жалпы танылған нормаларында бекітілген
тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының басымдығы танылды. Мұны 1990 жылғы
мемлекеттік егемендік туралы Декларация бастаған халықаралық құқықтың
басымдығын тану үрдісінің логикалық жалғасы деп білуге болады.
Халықаралық және мемлекеттің ішкі құқықтарының арақатынасы,
әрекеттестік проблемасы бүгінгі күні халықаралық жария құқықтағы ең бір
маңызды және күрделі проблемаларының бірі болып табылады.
Осы тұрғыда алғанда менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты ол
халықаралық құқық пен ішкі құқық арақатынасының проблемаларын құқықтық-
теориялық тұрғыдан игеру мақсатында осы тақарыпқа қатысты қазіргі құқық
доктринамен танысу болып табылады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған бұл тақырып
қазіргі күнде айрықша өзекті сипатқа ие, себебі, қазіргі таңда Қазақстан
Республикасы өз заңнамаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге
ұмтылыс жасауда және де құқықтық демократиялық мемлекет ретінде халықаралық
қауымдастықпен ықпалдасуды алдына мақсат етіп қойып отыр.

арақатынасы
Халықаралық құқық халықаралық жүйенің шегінде қызмет атқарады, өйткені
халықаралық және мемлекеттің ішкі құқықтарының арақатынасы мен
ерекеттестігі халықаралық жүйе мен ішкі мемлекеттік жүйенің арақатынасы мен
әрекеттестігінің жеке бір түрі ретінде сипатталады.
Өз нысаны бойынша халықаралық қарым-қатынастар - бұл мемлекеттер
арасындағы қатынастар және де мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың және
соңғысының өз арасындағы немесе мемлекетаралық сипаттағы емес қатынасы деп
аламыз.
Яғни, одан туындайтын мәселе, қоғамдық қатынастар мемлекетпен
байланысына қатысты ішкі мемлекеттік, мемлекетаралық және мемлекеттік емес
сипаттағы халықаралық қатынастар болып бөлінеді.
Жоғарыда айтылған барлық қоғамдық қатынастар құқықтық реттеуді қажет
етеді, бірақ та мемлекетаралық қатынастар халықаралық құқықпен, ал ішкі
мемлекеттік және мемлекеттік сипатқа ие болмайтын халықаралық қоғамдық
қатынастар ішкі заңнамамен реттелгенімен, қатынастарды зерттеу барысында
халықаралық құқық пен ішкі мемлекеттік құқықтардың белсенді қарқынды
араласуын байқауға болады.
Мемлекет халықаралық жүйеге арнайы сыртқы саяси немесе өзге де
органдар арқылы осы жүйенің басқа элементтерімен байланыста болады
(халықаралықжүйенің шегінде).
Бұл мемлекеттің сыртқы іс-әрекеттері әрқашан да белгілі бір ішкі
акцияларды талап етеді және де мемлекет ішіндегі салада өз көрінісін
табады. Өйткені сыртқы әрекеттер халықаралық құқықтың реттеуіне түседі, ал
онымен байланысты мемлекетаралық акциялар ішкі құқықпен реттеледі,
тиісінше, бұл құқықтық жүйелердің өзара әрекеттестігі пайда болады, олардың
үйлесімділігі қажет. Мысалы, халықаралық шарттарды жасау барысындағы мем-
лекеттер еркінің келісімге келу процесі ең алдымен халықаралық құқық
нормаларымен реттелген болса, онда аталған еріктердің құрастырылу процесі
көбіне көп ішкі құқықтың көмегімен жүзеге асырылады. Алайда, халықаралық
құқық нормаларын құрастыруға және оларды жүзеге асыруға бағытталған
мемлекеттің қызметі, арнайы органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан
жүзеге асырылатынына қарамастан, халықаралық құқық нормалары жекелеген
органдар мен лауазымды адамдарға емес, тұтастай алғандағы мемлекетке міндет
жүктейді. Егер халықаралық құқық тұтастай мемлекетке міндет жүктейтін
болса, онда мемлекеттің халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз
етуге қандай органның немесе лауазымды адамның жауапты екенін үлттық құқық
анықтайды.
Өркениетті өзара байланысты әлемде, мәні бойынша ішкі мемлекеттік
сүрақгары халықаралық қатынастардың күй-жайьша елеулі әсерін тигізеді,
Мысалы, экологиялық мәселелерді халықаралық деңгейде шешу, егер мемлекет
өзінің ішкі қатынастарында қоршаған орта саласындағы белгілі бір
стандарттарды сақтағанда ғана тиімді болуы мүмкін.
Қоғамдық катынастардың түрлі жүйелерінің арасында тығыз байланыс орын
алады, яғни сәйкес құқықтық жүйе-лердің өзара әрекеттестігінің түрткісі
болып табылатын халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтардың реттеу
пәндерінің арасында.
Тараптары жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар болып табылатын билікті
емес сипаттағы халықаралық қатынастар, әдетте тікелей халықаралық құқық
нормаларымен реттелуге жатпайды.
Бір мезгілде, бұл қатынастарды тек қана ұлттық-құқықтық реттеу
бірқатар қиыншылықтарды тудырады, өйткені олар көбіне белгілі бір
мемлекеттің ерекше юрисдикциясына жатпайды және соның негізінде әр түрлі
мемлекеттердің кұқық нормаларының арасында шиеленістер пайда болады. Бұл
шиеленістерді шешу ұлттық-құқықтық нормалардың өзара әрекеттесуіне әкеліп
қана қоймайды (халықаралық жеке кұқықтық "байла-ныстар", сілтемелер т.б.
арқылы), сонымен қатар биліктік емес сипаттаіы халықаралық қатынастарды
реттеу жөніндегі мемлекетаралық қатынастарды және нормаларды тудырады.
Айта кетер жағдай, бұл аталған барлық жағдайларда халықаралық және
мемлекет ішіндегі құқықтың өзара әрекеттесуі — заңды қажетті өзара
әрекеттестік.
Кейбір салаларда халықаралық және мемлекеттің ішкі құқықтарының реттеу
объектілері сөйкес келуі мүмкін. Оған мысал ретінде — дипломатиялық және
консулдық қатынастарды айтып өтуге болады.
Дипломатиялық жене консулдық өкілдіктер мен олардың персоналдарының
құқықтық жағдайы, тек халықаралық нормалармен ғана реттеліп қоймай, сонымен
қоса ішкі зандармен де реттеліп отырады.
Ішкі заңдар, көбінесе халықаралық құқық нормаларының көшірмесі,
көрінісі сияқты болып келеді, бірақ та кейбір қатынастардың шешілуі
ережелерін өзі де белгілей алады жөне осы құқық институттарын халықаралық
құқық жеткен деңгейге дейін жеткізуге күш салып отырады. Мұндай ішкі құқық
пен халықаралық құқықтық реттеу объектілерінің бір-біріне ұқсауы және
сәйкес келуі аз кездесетін ерекше жағдай деуге негіз бар.
Халықаралық құқықтың реттеу объектісінің қарапайым кездесіп отыратын
түрі болып саналатын-халықаралық билікаралық қатынастарға байланысты
болғандықтан, мұнда ұқсастықтар пайда болып отырады.
Осындай ұқсастықтардың бірі ретінде мемлекеттің өз аумағына жатпайтын
кеңістіктегі басымдылығын айтып өтуге болады. Мысалы, халықаралық құқық
бойынша мемлекет өзінің аумақтық суларының енін анықтау барысында түзеу
және бастапқы сызықтар тәсілін қолдана алады, ал мемлекеттің ішкі заңы
бойынша, осы төсілдің (жағалауды ескере отырып) қалай қолданылатыны
анықталады.
Мемлекеттердің егемендік теңдігіі қағидатына сәйкес әр мемлекет өзінің
құқық жүйесін дербес анықгайды және соған сөйкес халықаралық құқықпен өзара
әрекеттесу ерекшелігін шешеді және өз негізінде бұл қағида бойынша мемлекет
өзіне алған міндеттемелерді адал әрі толығымен орындап отыруы керек
мемлекеттің өзіне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидатына сәйкес,
өзінің егемендік құқығын жүзеге асыру, өз заңдарын шығару және әкімшілік
ережелерді белгілеуде мемлекет халықаралық міндеттемелермен үйлестіріліп
сәйкестендіреді.
Халықаралық құқыққа сәйкес халықаралық міндеттемелер мен ішкі
зандардың арасында сәйкессіздік пайда болса, онда мемлекет өз
міндеттемесінің орындалмауының сылтауы ретінде ішкі зандарға сілтеме жасай
алмайды.
Халықаралық міндеттемелерді қабылдау саласындағы мемлекеттік
органдардың кұзыретін анықтайтын конституциялық нормаларды дөрекі бұзу ғана
— шарттан тұтастай дерлік бас тартуға негіз болып табылады. Басқа
нормаларға қарама-қайшы келу ондай негіз бола алмайды.
Бұл ережелерде ерте кезден табылған құқық өз көрінісін тапты, оған
сәйкес халықаралық құқық мемлекетке міндеттеме жүктейді, ал олардың ел
ішінде жүзеге асырылу тәртібі, егер өзгеше жағдай халықаралық құқықтық
нормада ескерілген болмаса, ұлттық құқықпен анықгалады.
Халықаралық құқық институтының қарарында былай делінген:
"...негізінде, халықаралық құқықтық деңгейде қолданылуы үшін қажетті жолдар
мен құралдарды әрбір мемлекеттің құқықтық жүйесі анықтайды". Сонымен қоса,
ұлттық деңгейде жүзеге асырылуға жататын нормалар сан-ының өсуімен жаңа
жағдайлар пайда болуда.
Мысалы, адам құқығы туралы, қылмыстың кейбір түрлері туралы
халықаралық нормаларды жүзеге асыру, тиісті заңдарды шығармайынша мүмкін
болмайды. Осындай нормаларды қабылдау нәтижесінде мемлекет тиісті заңдарды
шығаруға міндеттеме алады. Оларға қарама-қайшы келетін заңды шығару
қарсылыққа негіз болады, тіптен мүдделері тікелей қорғалған басқа
мемлекттер тарапынан қарсы шаралардың қолданылуына алып келеді. Латвияның
азаматтық туралы заңды кдбылдауына орай жасалған, Ресей Мемлекеттік
Думасының 1994 ж. 6 шілдедегі мәлімдемесі оның нақты мысалы бола алады.
Жалпы алғанда, мемлекет өзінің құқықтық жүйесін халықаралық
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететіндей түрде қарастыруы қажет.
Мемлекеттерде адам құқығын және құқықтың үстемдігін құрметтеуге негізделген
демократиялық басқару нысаны белгіленген күнде ғана бейбітшілік пен
халықаралық құқықтық тәртіп сенімді қамтамасыз етілуі мүмкін. Халықаралық
өмірдегі демократия мен заңдылық мемлекет ішіндегі демократия мен
заңдылықсыз орын алуы мүмкін емес.
Халықаралық және ұлттық кұқықгың өзара әрекеттестігінің ерекше
жағдайлары бар. Оларға ең алдымен интеграциялық кұқықтық жүйелер жатады.
Олардың ішіндегі ең дамығаны Еуропалық Одақ болып табылады. Оның негізін
құрайтын халыкдралық шарттар ерекше кұқықгық жүйені құрайды. Күшіне
енгеннен соң, әрине бекіту нәтижесінде, олар қатысушы мемлекеттердің
құқықтық жүйелерінің бір бөлігіне айналады және ұлттық құқық алдында
басымдылыққа ие болады.
Келесі жағдай бейбіт шарттар болуы мүмкін. 1947 ж. бейбіт шарттар
агрессия үшін мемлекеттің жауапкершілігін, демократияға қарсы заңнаманы
жойып, демократиялық құрылымдарды жаңарту үшін қажет заңнаманы қабылдауды
міндеттеді.
Айтылып өткендей, халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтардың өзара
өрекеттесуі, бір-біріне ықпал ету түрінде көрініс алады жөне бұл жерде
мемлекет ішіндегі құқықтың ықпалы бастапқы болып табылады. Мұндай
бастапқылықты тану мемлекет ішіндегі құқықтың халықаралықтан басымдығын
білдірмейді. Бұл бастапқылық мынадан шығады, яғни халықаралық нормаларды
кұрастыру процесінде мемлекет өзінің ұлттық құқықтық қағидаттарын және
номаларын негізге алады және өдетте конституциялық нормаларда бекітілген
өзінің әлеуметтік жене саяси кұрылымының негіздеріне карама-қайшы келетін
халықаралық нормаларды құрастырмайды.
Мемлекет ішіндегі құқық халықаралық кұқыққа екі сипатты ықпал етеді.
1. Біріншіден, ұлттық құқық нормалары мазмұнының халықаралық құқық
нормаларының мазмүнына ықпалы. Мүндай ықпалды материалды деп атауға болады.
2. Екіншіден, халықаралық құқық нормаларын құрастыру төртібіне қатысты
мемлекет ішіндегі құқық нормаларының (халықаралық шарттарды жасау)
алдыңғысының нақтылығына мүдделі.
Ұлттық құқықтың халықаралық кұқықтың ықпал етудің бұл аспектісі,
халықаралық құқық нормасын құрастыру процесіне қарасты нормалармен
байланысты болғандықган. Оны іс жүргізушілік ықпал деп атауға болады.
Ұлттық құқық нормаларының құрастырылуына және дамуына ең алдымен
мемлекеттің сыртқы саясатының қағидаттары, сонымен қатар мемлекеттің сыртқы
саяси мін-деттерін жүзеге асыруға байланысты өр түрлі сұрақтарды реттейтін
ішкі құқықтың нормалары ықпал етеді. Дипломатиялық артықшылықгар мен
иммунитеттерге, халықаралық шарттардың жасалу төртібіне, мемлекеттің жөне
оның меншігінің иммунитетіне қатысты мелекеттің ішкі зандары халықаралық
құқыққа ықпал етті және әлі күнге дейін ықпалын тигізіп келеді.
Адамның азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік жөне мәдени
құқықтар саласындағы алға дамыған заңнама көп жағдайларда адам құқығын
қорғау саласындағы тиісті шарттарды жасау барысында мысал бола алады.

қазіргі доктрина

зандылықсыз орын алуы мүмкін емес.
Халықаралық және ұлттық құқықтың өзара әрекеттестігінің ерекше
жағдайлары бар. Оларға ең алдымен интеграциялық құқықтық жүйелер жатады.

құрайтын халықаралық шарттар ерекше құқықтық жүйені құрайды. Күшіне

жойып, демократиялық құрылымдарды жаңарту үшін кажет заңнаманы қабылдауды

әрекеттесуі, бір-біріне ықпал ету түрінде көрініс алады және бұл жерде

бастапқылықгы тану мемлекет ішіндегі құқықтың халықаралықтан басымдығын

құрастыру процесінде мемлекет өзінің ұлттық кұқықтық қағидаттарын және
номаларын негізге алады және әдетте конституциялық нормаларда бекітілген
өзінің әлеуметтік және саяси кұрылымының негіздеріне қарама-қайшы келетін
халықаралық нормаларды кұрастырмайды.
Мемлекет ішіндегі құқық халықаралық құқыққа екі сипатты ықпал етеді.

нормаларының мазмұнына ықпалы. Мұндай ықпалды материалды деп атауға болады.
2. Екіншіден, халықаралық құқық нормаларын құрастыру тәртібіне қатысты

алдыңғысының нақтылығына ықпалы.
Ұлттық құқықтың халықаралық құқыққа ықпал етудің бұл аспектісі,

байланысты болғандықтан. Оны іс жүргізушілік ықпал деп атауға болады.

саяси міндеттерін жүзеге асыруға байланысты әр түрлі сұрақгарды реттейтін
ішкі құқықтың нормалары ықпал етеді.
Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге, халықаралық шарттардың
жасалу төртібіне, мемлекеттің және оның меншігінің иммунитетіне қатысты
мелекеттің ішкі зандары халықаралық құқыққа ықпал етті және әлі күнге дейін
ықпалын тигізіп келеді.
Адамның азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени

Халықаралық және мемлекеттің ішкі (ұлттық) құқықтары арақатынасы
жайындағы мәселеде ғылым негізгі үш бағытты құрастырып шығарды: бір
дуалистік жене екі монистік.
Бастапқы кезде халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа әсері болмады. Бұл
мәселеге XIX ғасырдың аяғында ғана көңіл бөліне бастады. Г.Гегельдің
көзқарасына сәйкес, бірқатар неміс заңгерлері ұлттық құқықтың басымдылық
атын құрастырады (примат), ал ол Германияның дүние жүзін бөлу жөніндегі
саясатына сай келеді.
Ал А.Цорн халыкаралық құқықты "мемлекеттің сыртқы қүқығы" деп атауды
ұсынды. Бұл тұжырым нигилистік сипатга, сондықган да халықаралық күқықтын
заңды тұрғыда жоққа шығарьш отыр.
Мысалы, А.Я. Вышинский "ұлттық құқықтың теориясын" дәлелдегісі келді.
Монистік тұжырымдаманың мәні — оның атауынан да көрініп отыр, яғни ол
тұжырымдама бойынша халықаралық құқықта мемлекеттің ішкі құқығы да біртұтас
құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі дейді.
Осы тұжырымдаманы қолдаушылардың бірі ішкі мемлекеттің құқығы
басымдылыққа ие болу керек деп ойласа, екіншілері халықаралық құқықтың
басым болуы қажет деген ойды айтады.
Ішкі құқықтың басымдылығы теориясын жақтаушылар халықаралық құқықты әр
мемлекеттің сыртқы құқықтарының жинағы деп келді.
XIX ғасырдың соңында дуализм тұжырымдамасы құрастырылды. Осы
тұжырымдамаға сөйкес халықаралық құқық та, ұлттық кұқық та өз алдына дербес
салаларды реттейді және бір-бірінен басымдылығы жоқ. Доктринада дуализм
концепциясы қолдау тапты.
Оны жақтаушылар қазіргі уақытқа дейін халықаралық құқық пен ұлттық
құқық формальды түрде бір-біріне қайшы болмайды деген ойды ұстануда.
Дуализмнің тұжырымдамалары XX ғасырдың ортасында пайда бола бастады. Оның
бір тармағы ретінде нормативизм бағытын айтуға болады, оның өкілі Г.Кельзен
(АҚШ), Кунц, Фердросс сияқты ғалымдар болды. Екінші бағыт солидаризм
бағыты, ол бағыт нормативизм бағытымен ұштасып, халықаралық құқықты ұлттық
қүқыктан жоғары қояды (француз
Ж.Ссель). Дуализмнің мәні мынада, яғни халықаралық және ұлттық құқық
әр түрлі екі құқықтық тәртіп ретінде қарастырылады. Алайда, бұл
дуалистердің халыкаралық құқықтың мемлект ішіндегі құқықпен байланысын
көрмей, олардың тәуелсіздігін абсолюттендіріп отырғандығын білдірмейді.
Олар халықаралық құқық өзінің мақсаттарын орындай алу үшін ұдайы ішкі
құқыққа жүгінуі керектігін, олай болмаған күнде оның көптеген қатынастарда
күшсіз болып қалатындығын мойындайды (Трипель, Анцилотты және т.б.). Болгар
заңгері П.Радойнов реалистік дуализм түжырымдамасын ұсынды, оған сәйкес
коллизиялар түптеп келгенде халықаралық құқықтың үлесіне шешіледі дегенге
негізделу керек, өйткені басқадай көзқарас оны мүлдем теріске шығаруды
білдірер еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Австрия заңгері Г.Кельзен
халықаралық құқықтың басымдылық түжырымдамасынын негізін құрастырды, оған
сәйкес ол өзге құқықтық тәртіптермен шектелмеген жоғары құқықтық тәртіп
ретінде көрініс алады және өзі ұлтгық құқықтың қызмет ету аясын анықтайды.
Аталған түжырымдама монистік болып табылады, өйткені халықаралық құқықтың
мемлект ішіндегіден басымдығын білдіреді.
Бұл жүйеде ұлттыық құқық нормаларының жарамдылығы халықаралық кұқықтың
нормаларымен анытгалады. И.Кунц (АҚШ), А.Федросс (Австрия) сияқты
құқықтанушы ғалымдар да нормативизм теориясын қолдаушылар қатарына жатады.
Халықаралық және мемлекет ішіндегі қүқықгың өзара қатынасы туралы
қарастырылып отырған тұжырымдамалар кездейсоқ пайда болған жоқ. Олар
белгілі бір авторлардың жекелеген көзқарастарын ғана білдірмейді, сонымен
бірге қандай да болмасын мемлекеттердің нақты мүдделерін де көрсетеді. Бұл
жерден жалпы үрдісті де аңғаруға болады: халықаралық құқықтың басымдығын
жақтаушылар мықгы державалардың мүдделерін білдірді, себебі аталмыш
мемлекеттер ұзақ уақыт бойы халықаралық құқықтың дамуына әсер етуі
арқасында белгілі бір тұрғыда халықаралық заң шығарушылар болып табылды.
Оларға алдымен АҚШ және елеулі дәрежеде Ұлыбритания, Франция заңгерлері
жатады.
Екі монистік теорияны да егеменді мемлекеттердің тіршілік етуінің
объективті нақтылығына сәйкес келмейді деп бағалай отырып, тығыз байланыс
процесінде белгілі бір кұқық жүйесінің артықшылық мәнінің болуы мүмкіндігін
де теріске шығармау қажет.
Егер мемлекет ішіндегі құқық нормаларының халықаралық құқыққа әсерін
бастапқы деп қарастырар болсақ, өйткені халықаралық құқық нормасын
қарастыруға қатысушы әрбір мемлекеттің халықаралық кұқықтық көзарасына
өзінің ішкі құқығы септігін тигізеді, онда ол өмір сүріп отырған
нормалардың өзара әрекеттесу кезінде халықаралық құқық нормаларының басым
мәнінің болуы қағидасын мойындаудан бас тарта алмайды.
Бүл қағидат 1969 ж. Халықаралық келісім-шарт құқығы туралы Вена
конвенциясында нақты көрініс тапты, оған сәйкес келісім-шарттың қатысушысы
"шартты орындаудан бас тарту негізі ретінде өзінің ішкі құқығының
ережелеріне сілтеме жасай алмайды".
Халықаралық кұқық нормаларының сақталуына өзара тығыз байланысты және
көп жағынан қарағанда біртұтас әлемнің тағдыры тәуелді болып отырған
жағдайда, аталмыш қағидатты сақтау қазіргі дәуірде де зор мәнге ие болып
отыр. Бүгінгі танда халыкдралық құқық нормаларының басымдылығы әр түрлі екі
жүйенің өмір сүріп тұрған нормаларының өзара ықпал ету процесінде
бейбітшілікті, мемлекеттер арасындағы өзара тиімді жәе бірқалыпты
қызметтестікті қамтамасыз етудің, адам құқықтары мен бостандықтарын
сақтаудың құқықтық кепілі ретінде көрініс алып отыр.
Қазіргі кездегі көптеген авторлардың пікірінше, бейбітшілікті сақтау
үшін халықаралық қауымдастық халықаралық құқықтың басымдығын тану керек,
басқасын айтпағанда оның жазылымдарының ұлттық құқық нормаларымен үйлеспеуі
орын алған жағдайда. Ескере кетер мәселе — халықаралық құқықтың үлттық
құқықтан басымдылығы халықаралық құқықтың тиімді қызмет етуінің қажетті
шарты болып табылады. Мемлекет ішіндегі құқық халықаралық құқыққа сәйкес
болуы керек, ал егер қарама-қайшылық пайда болса халықаралық құқықтың
нормалары үстемділікке ие болуы керек. Өйткені, халықаралық құқық бұл
мемлекеттерге мәжбүрленіп берілген нәрсе емес. Бүл еріктерді үйлестірудің
нәтижесі, ұжымдық даналық пен жалпы адамзаттық құндылықгардың көрінісі.
Халықаралық құқықтың ішкі құқықтан басымдылығы — жалпы адамзаттық
құндылықтардың және мүдделердің өзге құндылықтар мен мүдделерден
жоғарылығы.

әрекеттестігі мәселесі
Ұлттық құқық халықаралық құқықпен әрекеттесу мәселелерін шешуге
үнемелі көңіл бөледі. Сонымен қатар халықаралық міндеттемелерді жүзеге
асыру әдістерін ұлттық деңгейде анықтау мемлекеттің құзіретіне жататындығын
мойындайды. Өзара әрекеттестіктің негіздері конституцияық құқықпен
анықталады. Бұл құқықты және оның қолдану тәжірибесін саралау мынаны
анықтайды, яғни ұлттық құқықтың әрекет ету тетігінің халықаралық
қатынастарды реттеуге жарамсыздығы тәрізді, халықаралық құқық та қоғам
ішіндегі қарм-қатынастарды реттеуге жарамсыз болып табылады. Сондықтан да
"халықаралық құқық нормаларының тікелей іс-әрекеті" деген түсінік елдің
құқықтық жүйесінде шартты сипатқа ие болады және бұл нор-малардағы ережелер
ұлттық құқық тарапынан тиісті заңды күш берілгеннен кейін ғана тікелей
қолданып жатады дегенді білдіреді.
Кейбір мемлекеттердің конституциялары, мысалы, Францияның
конституциясы халықаралық құқықтың басымдылығын және тікелей іс-әрекет
етуін таныды деген ойлар айтылады. Ал шын мәнінде конституциялар оны тек
бекітті, яғни бұл сұрақты ұлттық құқықта шешті. Халықаралық құқық, тіпті
адам құқығы саласында тек қана мемлекетаралық қарым-қатынастарды
реттейтіндігін БҰҰ-ның Жарғысы да құптайды. Онда адам құқықтарын сыйлауды
көтермелеудегі халықаралық қызметтестік туралы айтылған.
Сонымен, жеке және занды тұлғалар қатысатын қарым-қатынастарды реттей
алу үшін халықаралық құқық белгіленген тәртіппен тиісті елдің құқықтық
жүйесіне енуі қажет. Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық
нормаларынан жаңартылуын ескере отырып, бұл процесті әдетте трансформация
деп атайды. Іс жүзінде норма жаңартылмайды, ол өзінің мәртебесін сақтап
қалады. Ал оның мазмұнына, ережесіне ұлттық құқық нормасының мәртебесі
беріледі. Шын мәнінде, әңгіме ұлттық қүқықтың көмегімен халықаралық
норманың имплементациялануы туралы болып отыр. Сонымен "трансформация"
термині шартты болып табылады. Трансформация жалпы және жеке болуы мүмкін.
Жалпысында — өзі қабылдаған халықаралық құқық нормаларының барлығының
немесе тек белгілі бір түрлерінің елдің құқығының бір бөлігі болып
табылатынын мемлекет бекітеді. Жекеде — әрбір жағдайда арнайы актіні
қолдана отырып, халықаралық норманы елдің құқығына енгізу кажет. Кейбір
елдерде, мысалы, Ұлыбританияда, әдеттегі халықаралық кұқыққа қатысты жалпы
трансформация қолданылады, ал шарттарға — жеке трансформация қолданылады.
Трансформация тікелей және жанамалы болуы мүмкін.
Біріншісінде — бекіту актісінің немесе шартты қабылдаудың өзге түріне
сәйкес шарттың ережелері ұлттық құқықта ұқсас ережелерді тудырады. Көп
жағдайда бұл инкорпорация, яғни қосу деп аталады. Жанамада — шарт негізінде
шарттың мазмұнын белгілі бір дәрежеде сипаттайтын ұлттық нормативті акт
қабылданады.
Халықаралық нормаларды импелентациялаудың ерекше түрі болып сілтеме
жасау табылады. Мемлекет өз құқығына, тараптары жеке және заңды тұлға болып
табылатын қоғамдық катынастарды реттеу үшін, халықаралық шарттың не
дәстүрдің қолданылуын санкциялайтын және халыкаралық кұқыққа сілтеме
жасайтын нормалар енгізеді. Көптеген заңдарда былай делінген, яғни оның
қайсыбір ережелері белгілі бір шартқа сәйкес қолданылатын болады немесе
белгіленген жағдайларда қандай да бір шартты қолдану кажет. Халықаралық
құқыққа сілтеме жасау нысаны бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы,
бірқатар мемлекеттердің конституциялары (Ресей, АҚШ, Испания) халықаралық
құқықты ел құқығының бөлігі ретінде жариялайды. Қазақстан Республикасының
Конституциясында былай делінген, яғни "халықаралық құықтың жалпыға танылған
қағидалары және нормалары және Кдзақстан Республикасы халықаралық шарттары
оның құқықтық жүйесіне құрамдас бөлігі болып табылады. Егер Қазақстан
Республикасы халықаралық шарттарында зандарда қарастырылғаннан өз-геше
ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарт ережелері қолданьлады".
АҚШ Конституциясының 6-бабында былай дейді: "Құрама Штаттармен
жасалған немесе жасалынатын шарттар, елдің жоғарғы заңы болып табылады".
Испания Конституциясының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz