Авторефераттың диссертация мазмұнына сәйкестігі


Төлешова Ұлмекен Болатқызының 13. 00. 01-жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін ұсынылған “Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық” тақырыбындағы диссертация жұмысына ресми оппонентінің
ПІКІРІ
1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практиканың және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы.
Қоғам дамуының бүгінгі күнгі өзгерістері жоғарғы оқу орындарында маман даярлау мәселесіне ерекше көңіл аударуды талап етуде. Диссертант Төлешова Ұлмекен Болатқызының тақырыбы осы орайдан алғанда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Автор мектеп пен университет арасындағы байланысқа тоқталып, сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың кәсіп таңдауға деген қызығушылықтарын тудыру мәселесін зерттеген.
Бүгінгі заман талабына сай білім беру мазмұнында оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда университет пен мектеп арасында сабақтастық орнату мәселесінің өзектілігі ешбір дау тудырмайды. Зерттеу жұмысы оқушылар бойында қалыптасқан танымдық қызығушылықтарды ескере келе, жоғары оқу орындарында педагогикалық процесс барысында оларды жетілдіру, болашақ маманның кәсіби қызығушылығын, мамандығына деген сүйіспеншілігін арттырып, кәсіби шеберлігін ұштауға көмектеседі.
2. Диссертацияларға қойылатын (Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 9, 10 тармағында және ғылыми қызметкерлердің тиісті мамандықтарының төлқұжаттарында) талап деңгейіндегі ғылыми нәтижелері.
Зерттеуші Ұ. Б. Төлешованың зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелері төмендегідей:
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселелері теориялық тұрғыда зерттелінген;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда әлемдік және отандық ғалымдарымыздың ғылыми еңбектері жүйелі түрде сараланған;
- зерттеу нәтижесінде сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының қосымша мазмұндары мектептің оқу-тәрбие процесінде салыстырмалы түрде зерделенген;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың жолдары мен әдістері көрсетілген.
3. Ізденушінің диссертацияда тұжырымдалған әрбір нәтижесінің, тұжырымдары мен қортындыларының негізделу және шынайылық дәрежесіне келер болсақ, оларды жалпы оң деп бағалауға толық негізіміз бар.
Өйткені біріншіден, автор танымдық қызығушылықты сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырып, оның алғышарттарын анықтай алған. Сондықтан да нәтиже салыстырмалы түрде жаңа болып табылады.
Екінші нәтиже де салыстырмалы жаңа, себебі сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда ғылыми еңбектерді жүйелі түрде пайдаланып, жаңаша көзқараспен келелі ой-пікірлер берген.
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы танымдық қызығушылықты дамытудың тиімді жобасы мен әдістемесін көрсету арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға пайдалану үшін “Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру” тақырыбында арнайы курс бағдарламасын жасап, оны пайдалану әдістемесін ұсынған. Бұл әрине, ізденушінің үлкен жетістігі.
Сондықтан, үшінші нәтиже де жаңа болып табылады.
Төртінші нәтиже де жаңа болып есептеледі. Өйткені, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың жолдары мен әдістері диссертацияда кеңінен көрсетіледі. Эксперименттік зерттеу нәтижелері мен әдістемелік құралдары ғылым үшін жаңалық деп айтуымызға толық болады.
4. Ізденушінің диссертациясында тұжырымдалған әрбір ғылыми нәтижесі (қағидасы) мен қорытындысының жаңалық дәрежесі.
- Автор педагогикалық, психологиялық және философиялық
еңбектерге А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурья, Л. В. Занков, А. В. Петровский, Т. И. Шамова, Т. Н. Щукина, Ж. И. Намазбаева, Т. С. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, А. А. Бейсенбаева, Н. К. Ахметова, К. Қ. Құнантаева т. б. ғылыми талдау жасап, өз проблемасына сай жүйелеп қорытқан. Сонымен қатар, зерттеу міндеттеріне сай келетін әдіс-тәсілдер қолданылып, зерттеудегі алынған нәтижелерімен дәлелденілген.
5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігінің бағалануы.
Диссертацияда ізденушінің қол жеткізген нәтижелері ішкі бірлікпен сәйкестігі байқалады. Осы негізде Ұ. Болатованың педагогикалық теория мен іс-тәжірибені ұштастырғаны байқалады. Зерттеу жұмысының нәтижелерінде ғылыми-теориялық болжамы дұрыс зерделенген.
6. Ізденушінің алған нәтижелерінің тиісті өзекті мәселені, теориялық немесе қолданбалы міндетті шешуге бағытталғандығы.
Жоғары оқу орындарында, мектепте оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда олардың білімін, танымдық ерекшеліктерін, рухани құндылық қасиеттерін білім алудың келесі буынында ұштастыруда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен тұжырымдар және әдістемелік қосымшалар жасалынған.
7. Диссертацияның негізгі қағидасының, нәтижесінің, тұжырымдары мен қорытындыларының жариялануының жеткілікті толықтығына растама.
Зерттеудің негізгі мазмұны, қағидалары, нәтижелері мен тұжырымдары және қорытындылары автордың жарық көрген он үш еңбегінде толықтай қамтылған. (Оның ішінде ЖАК тізімінде баяндалғандар) .
8. Авторефераттың диссертация мазмұнына сәйкестігі.
Диссертацияның мазмұнына “Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық” тақырыбы бойынша жазылған автореферат сай келеді.
9. Диссертацияның мазмұнындағы және ресімделуіндегі кемшіліктер де кездеседі:
9. 1 Сабақтастық проблемасын көтерген ғылыми еңбектерде, оқулықтарда көптеп кездесетін белгілі анықтамалар мен қағидаларды қайталап көрсете берудің біздіңше, қажеті жоқ еді. Сондықтан кей жерлерде зерттеу орыс тілді оқулықтардан аудармаға көбірек ұқсап кеткен. (Мысалы, дүниетанымдық құрылымдар, түрткінің түрлері т. б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz