Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

І. бөлім СУ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

1. Су қорын қорғау және тиімді пайдаланудың негізгі
Бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Ауыз
су ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..6

ІІ. бөлім ҚАЖЕТТІ СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗДЕРІ

2.1 Су қорларын эканомикалық
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.2 Ренталық бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..16

ҚОЛДАНЫЛҒАН САЙТТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1 8

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28-тамыздағы
№931 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай
жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығына, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 7-қазандағы № 1096 Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық министрлігінің кейбір мәселелері қаулысына сәйкес, Қазақстан
Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су
ресурстары жөніндегі комитетінің қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігіне беруге, сондай-ақ, 1993 жылдың 31 наурызында
қабылданған Қазақстан Республикасының Су Кодексына сәйкес су ресурстарын
пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды мемлекеттік табиғат қорғау, су
ресурстарын басқару органдары, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары,
оған уәкілетті басқа да арнайы органдар өз құзірет шеңберінде жүзеге
асырады.
Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың
және суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі мемлекеттік
инспекторлардың мақсаттары, функциялары және құқықтары Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылдың 29 сәуіріндегі № 600
қаулысымен бекітілген Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік
бақыдау туралы Ережесімен анықталған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзулар
туралы Кодексына (561 бап) сәйкес су ресурстары жөніндегі өкілетті
органдар суды пайдалану мен қорғау саласындағы әкімшілік құқықбұзу істерін
қарауға құқықты.
Жоғарыда аталғандарға байланысты және су ресурстарын пайдалану
мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттік
инспекторлардың әрекетін рәсімдеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде 2002 жылғы 18-қаңтардағы №1726 тіркелген Қазақстан
Республикасының су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті
органдарының лауазымды тұлғаларымен су ресурстарын пайдалану мен қорғауға
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың нұсқауын Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті қайта тіркеуден
өткізуі қажет.

І. бөлім
СУ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
1.1 Су қорын қорғау және тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары

Өндіргіш күштердің дамуының қазіргі кезеңінде су қорын қорғау,
сарқылтпай тиімді пайдалану оны лас-тамау, қорамдық өндірістің тиімділігін
арттырудың ең маңызды жақтарының бірі. Су қоры үлттық байлық болып
табылады. Сондықтан қатаң есепке алынады. Елімізде сандық және сапалық
сипаттарын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Суды пайдалану қар-қыны
артуымен байланысты олардың сапапық өзге-рістері зерттеліп, қорғау
шаралары, жер бетіндегі, жер астындағы суларды ластамау шаралары белгі-
леніп жүзеге асырылуда.
Су қорын тиімді пайдапану үшін су шаруашылық кешендерін үдайы үздіксіз
жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне: сумен жабдықтау, суды
бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, қүрғату, балық
шаруашылығы, ағаш тасымалдау, ден-саулық сақтау, туризм және т.б. жатады.
Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шарапары масштабы және техникалық
шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды
талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:
1. Озық технологиялар қолдану арқылы су түты-нуды шуғыл азайтатын,
лас суларды төгуді қысқар-татын айналмалы және тұйық су жүйелерін
пай-далану.
2. Ластанған ақаба суларды тазарту шаралары, оларды ауыл шаруашылық
және техникалық мақсат-тарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу
және т.б.
3. Су көздерінің санитарлық тазалығын қоргау, арттыру, арнаулы
биологиялық өңцеулердөн өткізу.
4. Суға зиянды әсөрлерді азайту, шектеу шаралары. Су жағасына
орналасқан өндірістерді азайту, оларды тәртіпке келтіру.
Бұл шараларды тікелей су пайдаланушылар мен сумен қамтамасыз етушілер
жүргізуі мүмкін. Олар жергілікті, аймақтық, республикалық, мемлекетара-лық,
тіпті халықаралық болуы мұмкін. Соған қарап әр түрлі деңгейде су қорғау
бағдарламалары жасалып жүзеге асырылады.
Бұл шаралардың барлығы суды сарқылтпай, сапа-сын нашарлатпай
пайдалануға жеткізетін қалыпты деңгейдегі су жүйесін қалыптастыруға
бағытталады. Су пайдаланудың нормалық жағдайын қалыптастыру қоғамдық
өндірістің әлеуметгік-экономикалық тиімді-лігін арттыруға әкеп соғады.
Су қорғау шараларының әлеуметтік маңыздылығы халықтың қажетін сапалы
сумен қамтамасыз өту және су пайдалануға байланысты қолайлы жағдайлар, жан
рахатын туғызу. Су пайдаланушылардың осындай қа-лыпты жағдайын біртіндеп
қалыптастыру үшін мүмкін-діктерді ескеріп, экономикалық механизмдерді пайда-
лану керек. Былайша айтқанда, белгілі мерзімге сәй-кес оған сай келетін
экономикалық тұрғыдан дәлелді жүзеге асыруға болатын шаралар жеке су
бассейн-дері, олардың қүрамдас бөліктері бойынша анықталып, жүзеге асырып
отыруы керек.
Айта кететін жағдай, шаруашылық әрекеттеріиің су ресурстарына әсері
артқан сайын суға байланысты технологияларға көзқарас, оларды бағалау
өзгеріп отырады. Бұл тұрғыдан ең озық технология "сусыз" суды аз
қолданатын, су көздерін ластамайтын технология болады. Өнеркәсіпте су
үнемдеу мүмкіндіктері өте зор. Мысалы, қара металлургияда, химия
өнеркәсібінде су пайдалаиуды ондаған есе азайтатыи технологиялар қолданыла
бастады. Целлюлоза қағаз өнеркәсібінде лас суды төгуді тоқтататын
технология өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерін күрт жақсартады.
Су көп қолданылатын өндіріс салаларында судьі үнемдеудің тағы бір
болашағы зор бағыты - сал-қындату процестерінде судың орнына ауаны
пайдалану. Мұндай жағдайда таза суды қолдану, ластанған суды төгу азаюмен
қатар, өндіріс шығындары кемиді. Суды тиімді пайдаланудың келесі маңызды
бағыт&І - айналымды су жүйесін қолдану. Ондай жүйе қазір мұнай-химия,
қара және тұсті метаплургия кәсіпо-рындарында қолданылады. Соңғы
мәліметтер бой-ыиша елімізде өнеркәсіпте пайдаланылған судыИ 61%-і
айналымды қолданылады. Айналымды су жүйе--сінде таза су ысыраптың орнын
толтыруға ғана алынады. Сонымен қатар техникалық сумен жабдықтаудә әлі
күнге дейін үнемсіз ашық және кезекті су жүйв' лері қолданылып келеді.
Болашақта нағыз үнемді -• түйық су жұйесі қолданылуы тиіс. Оның айналымды
су жүйесінен артықшылығы - мұнда су ысырабы болмайды және таза
сумеи үнемі толықтырылып отырмайды.
Айналымды су жүйесі ашық және кезекті жүйелерге қарағанда техникалық
су тұтынуды 20-30 рет азайтады, бірақ лас су төгуді, таза сумен АПЫҚ-тыруды
мүлдем тоқтатпайды. Бұл тұрғыдан ек тиім-дісі тұйық су жүйесі. Ол су
үнемдеумен қатар іасқасу қорғау экологиялық мәселелерін шешөді. Әсіресе
суға тапшы аймақтарда өнеркәсілте түйық су жүйесі қолданылуы тиіс. Туйық су
жүйесін қолданудың біраз техникалық, технологиялық қиындықтары бар екенін
айта кеткен жөн және едәуір қаржы жұмсауды талап етеді. Сондықтан
экономикалық тиімділігі болғанда және техникалық тургыдан қолдану мүмкін
болғанда ғана өндіріске енгізіледі.
Суды ең көп пайдаланушы ауыл шаруашылығы болып табылады. Халық
шаруашылығында пайдалан-ған барлық судың 70-75%-іне дейін ауыл шаруа-
шылығының үлесіне тиеді. Суармалы егіншілікте суды дүрыс пайдаланбағанда су
айналымының табиғи про-цесі бүзылады және судың сапасы нашарлайды:
түздылығы артады, тыңайтқыштар, пестицидтер ара-ласады. Сондықтан суды
қорғау, үнемдеу шаралары қолданылады. Ең бірінші кезекте, суғару жүйелерін
жетілдіру, суғарудың озық үлгілерін қолдану. Тамшы-латып суғару су
үнемдеуге мүмкіндік береді. Судың ысырабын азайту арқылы пайдаланатын суды
үнем-деудің мол мүмкіншілігі бар. Мысалы, Т.С. Хачатуров та келтірілген
мәліметтер бойынша егістікті суғар-ғанда судың 8-9%-і ғана өсімдіктің
қоректенуіне кетеді екен.
Қазіргі суғару жүйелерінің пайдапы коэффициөнттері 0,5-0,7-ден
аспайды. Судың көп бөлігі канал-дарда, арықтарда жоғалтылады, буланады.
Суды су көзінен алғаннан бастап түтынушыға жеткізгенге дейін оның 62%-і
ысырап болады екен.
Ақаба суларды тазартып егіншілікте қайта пайда-лану да біраз су
үнемдеуге мүмкіншілік береді. Бірақ, оның қазіргі деңгейі өлі мардымсыз.
Коммуналдық шаруашылықта да су үнемдеудің өте көп мүмкіншіпіктері
пайдаланылмай келеді. Мұнда ауыз судан басқасын қайтарымды сумөн ауыс-тыру,
судың ысырабына жол бермеу, түтынуға берілген суды есептеп, бақылап отыру
шаралары жү-зеге асырылуы тиіс.
Су қорын тиімді пайдаланудың маңызды бағыт-тарының бірі - су қорын
ластамау. Өндірістің, ком-муналдық шаруашылықтъің ақаба сулары тазартудан
өткеннен кейін ғана табиги су қорына қосылуы тиіс. Ластанган суды тазалау
өте қымбатқа түсетін шара. Тазалау қондырғыларының қүны негізгі өндіріс
қоры қүнының 6-15%-іне жетеді. Соның өзінде су 90-95% органикалық
қосындылардан тазартылады, ал түздар ерітіндісінен іс жүзінде
тазартылмайды. Мұндай жағдайларда судың түздылығын қалыпты жағдайға жеткізу
үшін бірнеше есе көп таза сумөн араластыруға тура келеді. Сондықтан ақаба
суды тазарту әдісін әлі жетілдіру қажет. Қазіргі кезде механикалық, физика-
химиялық, биологиялық тазар-ту әдістері қолданылады. Биохимиялық тазарту
өді-сінің болашағы зор. Сатылап тазарту арқылы суды тазарту дәрежесін
арттыруға болады.
Суды қорғау, үнемдеу, тазарту шаралары кешенді жүргізілгеңде нәтижелі
болады. Мұндай жағдайда тек қана су үнемделіп немесе оның тазалығы қорғалып
қана қоймай. суды пайдапанудың халыққа қолайлы-лығы, оның денсаулығына
пайдалылығы арттырыла-ды. Жоғарыда айтқанымыздай, суды қорғау, тазарту,
үнемдеу, тиімді пайдалану шаралары аса көп қаржы талап етеді. Бірақ су
қорының ластануынан ысырап болуынан келетін шығындарды есептейтін болсақ,
суды қорғау шараларының тиімді екенін байқаймыз жөне судың ластануынан
болған зиянды жоюдан оның алдын алып болдырмау шаралары анағүрлым тиімді
болады. Сондықтан су қорының нашарлауын күтпей, су қорғау шараларын
пәрменді жүргізуге тиіс-піз. Суды қорғау шараларының көпшілігі судьі баға-
лау, жүмсалатын шығындарды есептеу, тиімділігін анықтау сияқты экономикалық
есептеулерге байланысты.

1.2 Ауыз су
Ауыз су бағдарламасының шараларын жүзеге асыруға инвестициялардың
жалпы көлемі 2,8 млрд.теңге мөлшерінде айқындалған, бұл қаражат тиісті
жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын
қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады[1].
Бағдарламаның шараларын жүзеге асыруға республикалық және жергілікті
бюджеттердің, сыртқы заемдар мен гранттардың қаражатын басқа да су
құбырларын пайдаланатын ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, әртүрлі
бюджеттен тыс көздер тартылатын болады.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже.
2005 жылға дейінгі кезеңде Бағдарлама сумен жабдықтау жағдайының, су
сапасының – ауыз сумен жабдықтау көздерінің одан әрі нашарлауын тоқтатуды,
суды пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етуді және тұрғындардың денсаулығын
сақтау мен жақсарту мақсатымен саланы сауықтырудың жоспарлы міндетін
бастауды көздейді.
Бағдарламаның шараларымен 295 ауылдық елді мекеннің 816,5 мың жуық
адам және саны 150,7 мың адамнан асатын қала тұрғындары қамтылған.
Сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін құру, жұмыс істеп тұрғандарын қайта
жаңарту және қайта ұйымдастыру, саланы ресурстық және нормативтік құқықтық
қамтамасыз ету, халыққа ауыз су беру жөніндегі қызметтердің рыногін
қалыптастыру және Бағдарламада көзделген бірқатар басқа да шаралар:
- тұрғындарды сапалы ауыз суды пайдалану қолайлығын ұлғайтуға, бұл
тұтастай алғанда, қамтамасыз етілу деңгейін 65%-ға арттырады;
- орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінің суларын пайдаланатын
тұрғындардың үлесін арттыруға, тұтастай алғанда облыс бойынша 45-
50%-ға, ал жекелеген аймақтар бойынша 60%-ға және одан да
көбейтуге;
- ауыз су сапасының санитарлық ережелері мен стандарт нормаларының
талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету арқылы су көздері мен
сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыруға;
- ішуге жарамды жергілікті жер асты суларын мейлінше тартуға;
- сапасы бактериалды ластану негізінде сипатталған
орталықтандырылмаған жер үсті су көздеріндегі суды ішу мақсатында
пайдалануды жою;
- тұрғындар арасында тез дамитын ішек-қарын инфекциялары тобы,
бауырдың қабынуы А вирус бойынша берілетін су факторын 70-80%-ға
төмендетуге, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығын қамтамасыз етуі;
- қосымша 1,5 мыңға жуық жұмыс орындарын құру;
- сумен қамтамасыз ету көздеріне қолайсыз экологиялық ықпал етудің
мүмкіндігін болдырмауға;
- жекелеген аймақтар мен өзен алаптары бойынша ауыз судың сапасына
жедел мониторинг жүйелерін құру;
- құрылыста, ауыз суды тазалау және дайындау жүйелерінде жаңа
технологияларды енгізу, сондай-ақ бірқатар жағдайларда сумен
жабдықтау көздерін баламалы көздерге ауыстыру жолымен берілетін
судың бір текше метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер өмір сүрудің
қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық
жағдайларын туғызады, нәтижесінде, облыс тұрғындарының денсаулығына және
рухани салауаттығына оң ықпал етеді.

ІІ. бөлім
ҚАЖЕТТІ СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗДЕРІ
2.1 Су қорларын эканомикалық бағалау

Су ресурстарын экономикалық бағалау: су түты-нушы өндіріс күштерін
тиімді орналастыру; суды қор-ғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық
ын-таландыру және оны үлттық байлық қүрамында есеп-теу үшін қажет болады.
Көз келген табиғи ресурстар оның тұтыну қүнды-лығына сәйкес
бағаланады. Түтыну қүндылығын баға-лау үшін оның түтыну қажетін өтейтін
сапалық қасие-тін, халық шаруашылығына қажеттігін білуіміз керек. Жалпы
алғашқы мәліметтерге сүйеніп нақты табиғат ресурстарын пайдалану шамасының
шегі анықтала-ды. Пайдаланудың шамасы халық шаруашылығына қажеттілігі
бойынша анықталады. Табиғат ресурста-рын пайдалану тиімділігін анықтау үшін
оның табиғи қасиеттерін, экономикалық жағдаиларының керсет-кіштерін таңдау
қажет. Ол үшін ең алғаш табиғат ресурстарын игеруге байланысты қоғамдық
қажетті шығындарды белгілеу қажет болады. Ең жоғары деңгейдегі қоғамдық
қажетті шығындар шеткі шығын деп қабылданады.
Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы
қолданылады. Су ресурстары кеп-шілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған
бай-ланысты су тапшылығы нөмесе жеткілікті болуы оның территориялық
орналасуына байланысты. Сондықтан шеткі шығын шамасын ауданның, аймақтың су
бас-сейндері бойынша белгілеу керек.
Суға шеткі шығын шамасын оптималдық су ша-руашылық баланстар негізінде
анықтайды. Барлық экстенсивтік және интенсивтік шараларды ескере отырып, су
пайдаланудың барлық балама мүмкінші-лікгері қарастырылады. Экстөнсивтік
шаралар пайда-ланылатын су көлемін арттырумен, баланстық кіріс жағын
кебейтумен байланысты. Айта кету керек, 104қазіргі кезде экстенсивтік
шаралардың мұмкіндігі шектеулі, өйткені игерілмеген су көзі қалған жоқ деп
айтуға болады. Интенсивтік шаралар су үнемдеумен, оның ысырабын азайтумен,
сусыз немесе суды аз түтынатын технологияларды игерумөн, суды тазартып
қайтарымды пайдаланумөн тікелей байланысты, ЯРНИ баланстың шығыс жағын
азайту. Бүл түрғыдан интен-сивтік шаралардың мүмкіндігі көп.
Су ресурстары өзен-су жүиесінде қалыптасады. Бүл жүйеге өзендермен,
өзен асты суларымөн қоса барлық су шаруашылық зерзаттарын (су қоймаларын,
қүдықтарды, каналдарды, т.б.) қамтитын су бөлуді, реттеуді жүзеге асыратын
су бассейні жатады. Бүл жүйеде су ресурсы пайдалану талабына сапасы мен
саны сәйкес келтірілгенде жүйенің өніміне айналады. Өнімге қойылатын
талаптарда судың сауықтыру, та-биғат түзеуші қасиөттері де қарастырылады.
Өзен суы жүйесінің пайдалануға болатын ресурсы деп оның белгіленген
қажетгілікті өтейтін орташа жылдық көлемін түсінеміэ. Су шаруашылық
баланстар түзегенде су шаруашылық нысаны салынатын жарма-лар анықталады.
Жармалар өздеріне сай су айырық-тарымен бірге езен бассейнінің ішіндегі
бөлекше су шаруашылық аудандарын қүрайды. Осыған байла-нысты шеткі шығын
шамасы да сараланады. Өзара каналдар арқылы жалғасқан су аудандарындағы шет-
кі ШЫРЫН айырмашылығы, ысырабын қоса есепте-генде, су тасымалдау шығынына
тең болады.
Өзен бассейнінде дербес су шаруашылық баланс-тары бар бірнеше су
айырықтар немесе су шаруа-шылық аудандары болуы мүмкін. Олардың әрқай-
сысындары шеткі шығын бір-біріне төуелсіз дербес айқындалады. Өзеннің
теменгі сағасындағы шеткі шығын оның бас жағына қарағанда төмендеу болады.
Суды басқа аудандардан әкелетін су шаруашылық аудандарында шеткі шығын
шамасы (33) су тасы малдаушы құрылым шығыны мек (Иг) алынатын суға
шығындарды (О„-3,} пайдаланылатын су ресурстары-ның көлеміне (Ор)
қатынасымен анықталады. мұнда: З^, 33 - су әкелетін және су алынатын
аудандарда суға шеткі ШЫРЫН; Ор = О„+О - су ысырабы қоса есептелген
тасымалданатын су көлемі. Іс жүзінде кейде тасымалданатын су көлемі пай-
даланылатын көлеміне тең болады (О = Ол). Мундай жағдайда шеткі шығын су
алынатын аудандағы шама бойынша ысырап пен тасымал шығынын ескеріп
анықталады.
1мұнда К- су тасымалдау пайдалы коэффициенті.
Су шаруашылығын аудандастыру жумысын жүргіз-генде су шаруашылық
аудандарын өте бөлшектеуден сақ болу керек, тек едәуір территорияға әсер
ететін аса ірі су зерзаттарының бассейн бөлімшелерін бөліп қарастырған
абзал.
Су шаруашылық баланстарын түзегенде судын сапасында ескерген жөн.
Өйткені судың сапасын сақтау, жақсарту су қорғау шараларына едеуір қаржы
бөлуді талап етеді. Сондықтан шеткі шығын шама-сында судың сапасын белгілі
деңгейге жеткізу шы-ғындарының шегі болып табылатын шығындар қоса есептелуі
тиіс. Шеткі шығын шамасын белгілегенде бүл принципті үстану өте маңызды.
Өйткені ол жер-гілікті су ресурстарын үнемдеуге сай келеді. Соны-мен, шеткі
шығын қүрамында су көздерінде суды пайдапануға даярлау, сапасын талапқа
сәйкестен-діру, шеткі шығындарын есептеу әрқылы суды дәлірек бағалауға
болады.
Су пайдалануды интенсивтендіру жағдайында, су ысырабын азайтуға баса
назар аударылып отыр-ғанда, осы бағытта жол берілетін шығындарды ай-қындау
аса маңызды. Су ысырабын болдырмауга жумсалатын ең жоғары шығын суға шеткі
шығын шамасына тең болады, ейткені су түтынушыға жет-кізілген судың үнемі
шеткі шығынға тең болатын тиім әкеледі және сондай мөлшерге сәйкес су
тұтынымын улғайтады. Сол сияқты сусыз технология қолдаи-ғанда үнемделген су
басқа тұтынушыларға сондай тиім әкеледі.
Су унемдеу шараларын мысалмен қарастырайық. Ең тиімдісін таңдау ушін
су үнемдеудің төрт варианты бар делік:

12-кесте
Көрсеткіштер І II III IV
Суды үнемдеуге жұмсалатын тікелей 4,2 5.0 8,5 10.0
шыгындар, тиынм3
Жоғары ауданда суға шеткі шығын, тиынм3 9,5 9,5 9,5 9,5
Төменгі ауданда суға шеткі шыгын, тиынм36,0 6,0 6,0 6.0

Есептеулер (С + ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалада азаматтық бастаманы дамыту
Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007 - 2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Солтүстiк Қазақстан облыстық кешендiк бағдарлама
Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
«Достық» станциясы арқылы халықаралық көлік қызметінің болашақтағы даму жолдары
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңі
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Пәндер