Қалдықтарды игеру
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І. бөлім ҚАЗАҚСТАН СУ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Экологиялық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану ... ... ... ... ... .6
1.3 Адамға қанша су
қажет? ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ.бөлім СУДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЗАҢДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ
2.1Жерасты суларын ұтымды пайдалану және оны заңдастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Суды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың
түсінігі мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
Қолданылған
сайттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .19
Кіріспе
Еліміздің су қоры үлттық байлық болып табылады. Оны қорғау мемлекеттің
және жалпы халықтың мін-деті. Сондықтан, су қоры есепке алынып, саны, са-
ласы қадағаланып, су қорғау жәнө тиімді паиг шану шаралары жоспарланып
отырады. Қазіргі кезде бар-лық су қорының кадастрлары жасалған. онда эзен-
дегі судың бір жылдық (орташа) ағып өтетін мелшері, көлдегі, мүздықтағы
және жөр астындағы судын жал-пы қоры, сапасы есепке алынған.
Республикамызда үлкенді-кішілі 2174 өзен бар. Жалпы өзендер мен
бұлақтарды қоса есептегенде олардың саны 85 мыңға жетеді. Мүның ішінде
Ертіс. Сырдария, Жайық, Есіл өзендерінің әрқаЙсысының үзындығы 1 мың км-ден
асады. Барлық өзендерден жылына 102 млрд. текше м (м3) су ағып өтеді.
Алайда ірі өзендердің көпшілігі Республикамыздың шекара-сына жақын
аймақтарда орналасқан да, бастауын басқа елдерден алады. Жеріміздің басым
бөлігі өзен сулары тапшы шөлейтті аймақта. Орталық далалық өзендердің
деңгейі қар суымен қалыптасады, олар ылғал аз жылдары таязданады немесе
қүрғап ;ала-ды. Тау өзендері мүздықтардан басталады. Со, дық-тан су деңгейі
жыл маусымына қарай және әр жылда едөуір өзгеріп отырады.
Қазақстанда жер асты суларының барланған қоры 45 млрд. текше метр.
Одан жылына 750 млн. І3 су алынып пайдаланылады. Болашақта пайдалануға бо-
латын су қоры шамамен 53 текше км деп есептеледКөлдердегі түщы су қоры 57
текше км, ал ащы суды қоса есептегенде 190 куб. км. Арал, Каспий
теңіздерінен басқа 48 мыңнан астам көл бар. Су бетінің (акватория) аумағы
45 мың шаршы ш. Оның ішінде аумағы 1 км2 аспайтын шағын көлдер жалпы
санының 94%-ті, ал аумағының 10%-і. Аумағы 100 км2-ден асатын көлдер 21 -
жалпы ауданы 27 мың шаршы км. Республика территориясында көлдердің
орналасуы да біркелкі емес.
Алтай, Сәуір, Жоңғар, Теріскей, Күңгей, Ілө Ала-тауларында 2700-дей
мәңгі мүздықтар бар. Олардың жалпы су қоры 95 текше км. Жылына олар 2 текше
км су береді.
Судың ағысын маусымдық реттеп отыратын су тоспаларындағы су қоры 48
текше км. Тоспапардың жалпы саны 180-нен астам.
Жылдық атмосфералық жауын-шашын суының кеп жылдық орташа жылдық шамасы
662 км3.
Су қорын пайдалану-түтыну және пайдалану тү-рінде болуы мүмкін. Су
пайдаланғанда ол су көзінен бөлініп алынбайды. Мысалы, су балық өсіру, су
та-сымалы, энергия өндіру, климат түзеу, демалыс, са-уықтыру ушін
пайдаланылады. Өнеркәсіпте, егін-шіліісте коммуналдық шаруашылықта, ауыз
суға су түтынылады, су көзінен бөлініп алынады. Бірақ осы ерекшеліктеріне
қарамастан, аталған екі үғым кең қолданыста, тең мағынада қолданыла береді.
Біздің кітабымызда да осындай түрмыстық қолданысқа жол берілген. Арнайы
бөлшектеп көрсету көпшілік жағдай-да су пайдалану, яғни түтыну деп айтамыз.
І.бөлім
ҚАЗАҚСТАН СУ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Экологиялық саясат
Мемлекеттiң экологиялық саясаты өндiрiстi экологияландыруға
бағытталған[1].
Қоршаған ортаны қорғау шешiлу нәтижесi экономиканың барлық салаларына,
сондай-ақ мемлекеттiң саяси және әлеуметтiк жағдайына ықпал ететiн,
стратегиялық мiндет болып табылады. Әлеуметтiк-экономикалық қайта
өзгерістердiң күллi жетiстiгi қоршаған ортаны қорғау және табиғатты орынды
пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатқа тiкелей байланысты.
Республикада қоршаған ортаның жағдайы қанағаттанғысыз болып отыр әрi
ауаның, топырақтың және судың ластануы халық денсаулығына керi әсер
тигiзуде. Бұл факторларды өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың және
ластанған ағын сулардың шоғырлана жиналуы едәуiр күшейте түсуде.
Елде ескiрген технологиялардың болуы ластайтын заттарды қоршаған
ортаға тастаудың жақын арада азаймайтынын болжауға негiз болады.
Экономика салаларын қалпына келтiру мен дамыту ластанған заттарды
қоршаған ортаға шығару мен тастау көлемiн бiр деңгейде ұстап тұрған кезде
жүзеге асырылуы тиiс. Сондықтан өнеркәсiптi дамыту, қала құрылысы және
басқа да ауқымды кез келген салалық бағдарламаны әзiрлеу кезiнде, оның
қоршаған ортаға әсерiн бағалау мәселелерi қаралуы тиiс. Осылайша, қоршаған
ортаны басқару жүйесiн жетiлдiретiн экономиканы экологияландыру жүзеге
асырылуы тиiс.
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның барабар қажетiне орай,
табиғатты пайдалану процесiн реттеу үшiн, өндiрiстiң өсуi кезiнде
қалдықтарды шығару, тастау және жиналу деңгейiн тұрақтандыру қажет әрi
қарай осы шарттарды сақтай отырып, қоршаған орта объектiлерiн қалпына
келтiру жөнiндегi нақты шараларды дәйектi түрде жүзеге асыру қажет. Бұл
қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес
келтiрудi сөзсiз талап етедi.
Экономика мен экологияның ортақ мүдделерiн барынша жақындата түсу үшiн
экспорттық саясатты өзгерту, жоғарғы технологиялық өндiрiстердi дамыту,
табиғи ресурстарды мейлiнше аз пайдаланатын, қоршаған ортаға мейлiнше аз
залал келтiретiн өндiрiстердi құру қажет.
Экологиялық қауiпсiздiк проблемаларын кешендi түрде шешу үшiн қоршаған
ортаны нормадан артық, ластайтын кәсiпорындар үшiн міндетті экологиялық
аудиттi енгiзе отырып халықаралық стандарттардың ИСО сериясы 14000 және ИСО
сериясы 9000 "Сапа менеджментiнiң жүйесiн" практикаға енгiзу қажет.
Қоршаған ортаны басқару жүйесi ИСО сериясы 14000 пайдалану табиғатты
қорғау заңнамасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды
ынталандыруға, өнеркәсiп кәсiпорындарының экологиялық мiндеттемелерiн
орындауға, нәтижесiнде импорт пен экспорт өнiмдерi бойынша көптеген
проблемаларды шешуге байланысты ДСҰ-ға кiруге ықпал етедi.
Жоғары технологиялы өнiмдерге, тауарларға, қызмет көрсетулерге
бағытталған экономикалық даму қоршаған ортаға салмақтың аз түсуiн
қамтамасыз етедi.
Барлық экономикалық iс-әрекетте табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану
принципi болуы тиiс. Қалдықсыз технологияларды мемлекет марапаттауы тиiс.
Әуе бассейнi. Республика қалалары әуе бассейнiнiң тым ластануы
ластаушылардың металлургия, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi
кәсiпорындарының, автомобиль және темiр жол көлiгiнiң зиянды заттарды
шығаруынан, сондай-ақ қоспаларды сейiлтетiн қолайсыз климаттық жағдайлардан
туындап отыр.
Республика қалалары әуе бассейнiнiң ластануына автомобиль көлiктерiн
пайдаланудың да үлесi аз емес.
Қоршаған табиғи ортаға керi антропогендiк әсердi болдырмау әрi оның
күшiн жою, адамның қалыпты өміp cүpуi ортасын жасау үшiн бiрiншi кезекте,
елдегi экологиялық жағдайды шынайы, нақты және уақтылы бағалау қажет.
Осындай жағдайда ғана табиғи орта сапасын реттеу жөнiнде негiзделген
шешiмдердi қабылдау мүмкiн болады.
Ғаламдық әлеуметтiк сипаттағы қауiпсiздiк проблемалары мұнай өңдеу
салаларында барынша айқын көрiндi. Адамзат баласы 1999 жылдың басында 90
млрд. тоннаға дейiн мұнай жақты. Бұл ретте мұнай өңдеу өнеркәсiбi өндiрiсте
жаңартылмайтын шикiзат көздерiн пайдаланатынын, ол Жердiң биосферасын
қосымша күн сәулесiнен қорғаушы озон қабатының ыдырауына, булану әсерiнiң
күшеюiне, Жердiң атмосфера қабатын қосымша қыздыруға әкеп соғатынын атап
өту керек.
Мұндай проблемаларды шешу бiрiншi кезекте шикiзатты үнемдi пайдалануға
әкелетiн барынша қайта өңдеудi талап етедi. Қазақстан Республикасы Киото
Хаттамасын бекiткен жағдайда, бу газдарының шығарындысына белгiленген
квоталарды сату мүмкiндiгiне елге жол ашу бүгiнгi күнi нақты шындық деуге
болады.
Су ресурстары. Республикадағы барлық су объектiлерiнiң сапалық жағдайы
қанағаттанарлықсыз. Су объектiлерiне өндiрiстiң мұнай-химия, машина жасау
салалары мен түстi металлургия кәсiпорындарынан шығарылған шайынды сулармен
бiрге негiзгi ластанулар құйылады.
Қазақстанда бар ресурстарға және елдiң транзиттiк әлеуетiне көршi
елдердiң өткiр мұқтажын ескере отырып, трансшекаралық суларды пайдалану
проблемаларының кешендi ымыралы шешiмiн iздестiру қажет.
Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан аумағынан құйылатын өзен сулары бiздiң
елдiң аумағына ластанып келедi. Осы елдердiң бiрде-бiрi Су ресурстарының
трансшекаралық ластануы жөнiндегi конвенцияға қосылмаған. Осы елдермен екi
жақты шарттарда бұл мәселелер жеткiлiксiз көрсетiлген, оған бiрлескен
мониторинг және трансшекаралық су ресурстарының ластануын болдырмау
жөнiндегi ереженi қосу қажет.
Қайтарылатын сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың көзi
болып табылады, оларды кәдеге жарату мен тазарту шешiмiн тапқан жоқ.
Қайтарылатын сулардың көлемi - 4,0 шаршы км-дi құрайды, су қоймаларына
қайтарылатыны - 2,0 шаршы км-ден аспайды, қалған ағындар тарала ағады
немесе жоғалады.
Су ресурстарын қорғау және тиiмдi пайдалану үшiн:
шетелдiк және отандық озық технологияларды, пайдалану ластанған
суларды тазарту, сулардың тартылуын, қоқыстануы мен ластануын болдырмау
жөнiндегi тәжiрибенi пайдалану;
қолдағы шаруашылық күшiн, кадрларды, жобалау және ғылыми әзiрлемелердi
пайдалану;
суға аса мұқтаж өңiрлерде суды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамыту
қарқыны мен көлемiн шектеу;
суды сақтау технологиясын, суды пайдаланудың айналымды және тұйық
жүйесiн жаппай енгiзу;
өнеркәсiптегi өнiм бiрлiгiне келетiн үлестiк су тұтынуды азайту
шараларын жүзеге асыру;
суды пайдалану аясында суды пайдаланудың шығынын азайту; су
шаруашылығы жүйесiн суды өлшеу және суды реттеудiң қазiргi құралдарымен
жабдықтау;
сулар мен сарқындыларды қатаң нормалау және кейiннен сарқындыларды
нормалаудан жоюға көшетiн оларды пайдалану көрсеткiштерiн әзiрлеу қажет.
Жаңа кәсiпорындарды салуды су объектiлерiне ластайтын заттар шығарындысын
мүлдем болдырмау арқылы жүзеге асыруы тиiс.
Қалдықтарды игеру. Ел өңiрлерiндегi табиғи ресурстар аса тиiмсiз
пайдаланылуда.
Өндiрiстiң және тұтынудың қалдықтары, оның iшiнде қауiптi және
радиоактивтi қалдықтарды игерудiң жүйесi жасалмаған, тұрмыстағы қалдықтарды
жинау, сақтау, кәдеге жарату мен қайта өңдеу жүйесiнiң жетiлмеуi табиғи
ортаның ластануына әкеледi.
Осыған байланысты қалдықтар өндiрiсi мен оларды пайдалану мониторингiн
жүзеге асыру, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды көмудiң әсерiн бағалау
қажет.
Ресурс-энергия сақтау технологиясын белсендi түрде енгiзу, қалдықтарды
қайта өңдеу және пайдалану жөнiндегi қызметтi ынталандыру қажет.
Өнiмдi пайдалану кезеңiн экологиялық сертификаттау және төлемдердi
жетiлдiру бағдарламаларын түзу мен iске асыру қажет.
Шикiзат пен қалдықтарды кешендi пайдаланудың тұйық технологиялық
циклін жасауда бәсекеге қабiлеттi өнiмдi өндiруге, бағалы компоненттердi
кәдеге жаратуға әрi онымен бiр мезгiлде қоршаған ортаға түсетiн салмақты
азайтуға мүмкiндiк бередi.
1.2 Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесі.[2]
1.1. Шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды сулар, егер, олар
жобалау құжаттамасымен көзделмеген жағдайда, оларды тасымалдау және
белгіленген нормативтерге дейін тазарту жүйесімен тазарту имараттарын
жобалау, салу және қайта жөндеу.
1.2. Барлық түрлердегі айналымды және ағынсыз сумен жабдықтау жүйесін
енгізу және қайта жөндеу.
1.3. Ағынды суларды тазартудың әдістерін әзірлеумен әрі сұйық
қалдықтар мен кубтық қалдықтарды ұқсатумен байланысты тәжірибелік
қондырғылар мен цехтарды салу.
1.4. Ағынды сулардың жинақтаушыларын қайта жөндеу және жою әрі олардың
қоршаған ортаға әсер етуі салдарларын жоюға бағытталған іс-шараларды
жүргізу.
1.5. Тазартудың механикалық, биологиялық және физикалық-химиялық
әдістерін, ағынды суларды қосымша тазалаудың имараттарын, ағынды суларды
қабылдағыштар мен шығарушыларды көздейтін тазартқыш имараттарды қайта
жөндеу және жаңғырту.
1.6. Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының ағындылары мен қалдықтарын
жинақтаушыларының (шламжинақтаушыларын, тұндырғыштарды, буландырушыларды
және т.б) және коммуналдық жеке меншік кәсіпорнының жинақтаушылары
орналасқан ауданда бақылау ұңғымаларының желілерін ұйымдастыру.
1.7. Ағынды сулар төгінділерінің сапасын, құрамын және көлемін
бақылаудың автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу, ағынды және табиғи
сулардың ластануына бақылау жөніндегі зертханаларды сатып алу және
жарақтандыру.
1.8. Сүзгі алаңдарының, ағынды суларды жинақтаушылардың, шламқоймасын
және басқаларының дренаждық жүйесін салу және қалпына келтіру.
1.9. Жер асты және жер үсті суларды қорғау, олардың ластануының,
тозуының, су басуының, жағаның бұзылуының алдын алу және жою, оның ішінде:
- су объектілеріне және жердің рельефіне апатты төгінділердің алдын
алуға бағытталған;
- су қорғау жолақтары мен аймақтарының аумағында жүзеге асырылатын;
- өзен арналарын немесе су қоймасы тазарту кезінде және су
объектілерінің бұдан әрі лайлануының және ластануының алдын алу жөніндегі
шаралар қабылдау;
- радионуклидтерден тұратын қайтарымды ағынды суларды жинаудың, жоюдың
және залалсыздандырудың алдын алу кезінде;
- техникалық сумен жабдықтау үшін оларды пайдалану мақсатында
кәсіпорынның аумағынан бұрылатын жаңбыр және ақпа сулармен бірге өндірістік
ағынды суларды тазарту кезінде;
- суғаруға жарамды тазартылған ағынды суларды пайдалану кезінде;
- қолайлы гидрологиялық режимді және санитарлық-экологиялық жай-күйді,
жырақұрау мен басқа да теріс әсер етулерді қалпына келтіру және қолдау
кезінде;
- су үнемдейтін технологияларды енгізу жөніндегі іс-шараларды орындау.
1.10. Ағынды суларды шоғырландыру және кәдеге жарату үшін имараттарды
(сүзу алаңдары, булану алаңдары және т.б) салу және қайта жөндеу.
1.11. Өзендер мен көлдердің экологиялық тепе-теңдігін қолдау және
сулылығын арттыру үшін суды санитарлық-экологиялық жіберулер.
1.12. Каспий теңізінің су басқан ұңғымалары бойынша іс-шараларды
әзірлеу және орындау.
1.13. Су сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.
1.14. Тарихи ластануларды және су ресурстарының ластану көздерін жою.
1.15. Су тұтынуды және бұрылған лас суларды сапасын нормалау
(коммунальдық меншіктегі кәсіпорындар).
1.16. Өздігінен ағатын ұңғымалардың крандық-реттелетін режимін жою
немесе көшіру.
1.17. Ағынды суларды аналитикалық бақылау аспаптарын, егер, олар
жобалық құжаттамамен сатып алынбаған жағдайда сатып алу және енгізу.
1.3 Адамға қанша су қажет?
Су ресурстарының шектеулілігі кейбір аймақтар мен қалалардың су
тапшылығын сезінуіне әкелді. Бұл сабақ оқушыларға өз жанұясының мысалында
тұрмысына суды үнемдеу мүмкіндігін және оның экономикалық тиіміділігін
қарауға мүмкіндік береді.
Судың жалпы дүниежүзілік қоры мол, бірақ оның көп бөлігі (97() суы
ащы мұхиттар үлесіне келеді, ол ішуге де, ауылшаруашылық дақылдарын суаруға
да, өндірістік мақсаттарда пайдалануға жарамсыз. Судың тек қана 3( - ын
адам өзінің шаруашылық әрекетіне пайдалана алады. Әрбір жыл сайын суды
тұтыну артып келеді. Соңғы жылдары тұрмыс қажетінің өзіне ғана бір адамға
400 л жуық (40 шелек) су қажет, ал 100 жыл бұрын бір-ақ шелек жеткілікті
еді. Қазір көптеген елдерде су тапшылығы байқалады. Бұл проблеманы шешуге
бола ма?
Анықтамалық материал:
Адамға бір тәулікте келетіні:
- қол жууға 6-8 л;
- тіс тазалауға – 6-8 л;
- унитаз шаюға (бір рет жібергенде) – 15 л;
- душқа (1 минут) – 15-20 л;
- кір жууға – 130-150 л (бір ретке);
- ванна қабылдауға – 150 л;
Егер тіс тазалау кезінде кранды жапсаңыз, 4 л су үнемдейсіз, егер
күніне 2 рет тіс тазалаңыз 8 л суды үнемдейсіз. Ойлап көріңдер, 4 адамнан
тұратын отбасының әрбір мүшесі тіс тазалағанда кранды жабатын болса, бір
жылда қанша су үнемдейді. Егер адам тәулігіне 1,6 л суды тұтынатын болса,
бұл үнемделген су қанша адамды қамтамасыз етер еді.
2015 жылы әрбір адамға тұтынуға жарамды сутек 30 литрден келеді. Бұл
жеткілікті болар ма еді?
- Егер ішуге және жуынуға қажетті су мөлшері жетіспесе, өзіңізді қалай
сезінер едіңіз?
- Қалай ойлайсыз, болашақта тұтынуға қажетті су мөлшері шындығында
әрқайсысыңызға байланысты бола ма?
- 2015 жылы дүниежүзілік ауыз су қорының азаюын болдырмау үшін
әрқайсысымыз не істеуіміз қажет?
ІІ.бөлім
СУДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЗАҢДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Жерасты суларын ұтымды пайдалану және оны заңдастыру
жолдары
Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса арнайы
ұңғылар орнату арқылы жерасты сулары да пайдаланылады. Біздің елімізде де,
шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендер жерасты сулары арқылы
қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан,
Пакстан, Америка, Австралия,Қазақстан) жерасты суларын пайдалану
нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы
дамыған елдерге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі
жоқ, жердің өзі суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгіш болып табылады.
Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің
көпшілігі құрғақшылыққа жататыны жағынан көзге түседі. Дегенмен, оның
ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика территориясында түрлі
мақсаттарға сай ашылып, зерттелінген 633 жерасты су қоры бар, олардың
пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертыс өзенінің Обь
өзеніне құяр жеріндегі су көлемімен пара-пар.
Осындай табиғи байлықтың иесі болған еліміздің алдында оны үлкен
жауапкершілікпен орынды және тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені
республиканың Солтүстік Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі
бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған жерасты су қорларын халық
шаруашылығының қажетіне игеру өте төменгі қарқанда орындалуда, кейінгі
жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін
зерттеліп дайындалған көптеген жерасты су көздері 10-15 жылдар бойы
игерілмей келеді. Бұл деген жерасты суларының қорын пайдаланбай жатып қайта
қарап бекіту керек деген сөз.
Республикамызда тау-кен өндірістері мен шикізат өндеу саласының
дамуына байланысты қоршаған табиғи ортаға зиянды салмақ өсе түсуде, оның
ішінде жерасты суларының сапасына нақтылы кауіп төне бастады. Ақтөбе-Алға,
Павлодар-Екібастұз, Қарағанды-Теміртау, Жамбыл-Қаратау, Өскемен-Лениногор-
Зыряновск сияқты үлкен аймақтық-өндірістік кешендердің маңында табиғатқа
зиянды ошақтар орын тепті. Республикамызда 710-ға жуық қатерлі ошақтар
барлығы анықталған олардың басым көпшілігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан
облыстарында орналасқан 70 елді мекеннің су мүқтаждығына пайдаланылатын 113
жерасты су кенінің 41 су қабылдағышының тазалылығына кауып төнгендігі
анықталып отыр.
Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің мыңайында зиянды
қалдықтармен ластану қауыпы бола тұрса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы
ГОСТ "Ішетін су" талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ ластандыру
процессі жалғаса берсе, бұл сулардың сапасы төмендігі, шектелу
нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары
мүмкін.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің
тазалығынын сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған техниқалық және
санитарлық шаралды іске асыру керек.
Бұл үшін:
• су тазартқыш станцияларында өңдеу технологиясын жақсарту,
• суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу және пайдаланудан кейінге
ағазуды дамыту,
• су пайдаланудағы нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ішер суды (тұщы
суды) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.
Қазіргі кезенде халықты сумен қамтамасыз ету ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz