Топырақты қорғау жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе
Топырақ – жер мен ел байлығы
2.Негізгі бөлім
А) Топырақ түзуге бағдарланған аймақтар
ә) Қазақстан топырағы және оның экологиясы
3.Қорытынды
Топырақты қорғау жолдары

Топырақты қорғау

Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың шаршы км. Жер қорымыздың көлемі
өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді
дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ дегадрацияға ұшырап, құнарсыздану,
шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика
жерінің 180 млн.га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га
жазық жерлер, 185 млн.га жайылым және 34 млн.га таулы аймақтар алып жатыр.
Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн.га жері жарамсыз
жерлерге ұшырап, оның 30 млн. Га топырақ эрозиясы, 60 млн. га тұздану, 10
млн. га химиялық және радиактивті заттармен ластанған.
Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, байланыс, елді мекендер алып
жатыр.
Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай
дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30% жоғалтты.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай – газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000
га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн. га, тозған
жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ
полигондарының игілігіне 1,4 млн. га жер бұйырған. Оның үстіне Каспий
теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 млн. га жерін су
басады деп болжам жасалуда.
Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда
жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтармен ластану, ауыр
металдардың жинақталуы, радиактивті элементтердің және ракета – ғарыштық
қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған.
Кейбір аймақта топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс,
Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейндерінің азаюы, Арал теңізінің
тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда
Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн. га жер шөлейттеніп кеткен
және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сеуксеуіл орманы біржола жойылу
үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың
химиялық улы заттармен және радионуклеидпен ластануы жылдам жүруде.
Балқаш – Алакөл және Шу – Мойынқұм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне
Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп
зардаптар әкелді. Су деңгейінің 1,5 – 2,0 метрге төмендеуі Іле атырабы
бойынша топырақтың құрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол береді.
Әсіресе, Іле – Балқаш бассейні жер жаннаты аталған Жетісу өңіріне
экологиялық апатты да ала келді. Іле бойындағы ит тұмсығы өтпейтін тоғай,
тораңғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты мен каньондары
тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар құлазыған сары далаға, шөлге айналып
бара жатыр. Ендігі жерде Іле суының 10 -15 процентін Қытай халық
республикасының алуы бұл өңірдің табиғатын тұл етері анық.
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы
нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.
Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл,
шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын
төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және
шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың
агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды
тыңайтқыштар беру, гербицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі,
шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын
төмендетті. Мәселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. тонна минералдық және
33,2 млн. тонна органикалық тыңайтқыш берілсе, бұл көрсеткіштер 1998-2001
жылдары 16 мың тоннаға қысқарған. Топырактану институтының мәліметі бойынша
Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мұның
өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклеидтермен ластануы барлық
аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен
орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс - өндірістік қалдықтарды сақтау
және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде
химиялық қалдықтар 2,3 млрд. тонна жетсе, ал 529 объектіде радиактивті
қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптен шығарылған химиялық заттар Шығыс
Қазақстан бойынша жылына 5 млн. тоннаға жетіп отырғаны тіркелген.
Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғалжар,
Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым
жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор,
бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған.
Өскемен, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорғасынның мөлшері 100
РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ –ға жеткен.
Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы
геохимиялық ауытқуларға және уытты заттармен ластануға ұшыраған. Семей
өңірнің радиактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған
154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың тонна улы зат қоршаған ортаға
шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100
РЗШ, кобальт 50 РЗШ, никель 50 РЗШ т.б. ауыр металдардың шекті мөлшерінің
тіркелегені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролық қарулар сыналған
жерлердің көлемі Ақтөбе облысында – 4207,5; Атырау – 1635,3; Шығыс
Қазақстан – 11,1; Жамбыл – 2576,1; Жезқаған – 4900; Батыс Қазақстан –
1558,8; Орталық Қазақстан – 19,6; Маңғыстау – 21,4; Павлодар – 717,0;
Оңтүстік Қазақстан – 8,1; Семей – 941,2 мың га жерлерді қамтыған. Осы
жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бұрынғы Кеңес үкіметі соғыс ведмостволары
503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның шұрайлы жерінің 20 млн. га жарамсыз
етті. Батыс Қазақстан аймағында 19660-1979 жылдар аралығында 24 ядролық
қару сыналған, олар Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстанда – 4 және
Атырауда – 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1
мың га жерді алып жатыр. Зерттеулер нәтижелері бойынша Нарын, Азғыр
құмдарында радиоактивті элементтер: кадмий – 80-120, стронций -150,
қорғасын- 80 және нитрат -8,8 есе шекті мөлшерден көбейіп кеткен.
Үстірт платасында 1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған.Осы
жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік және жан-жануарлар дүниесіне
бұрын-соңды болмаған залалдар келді.
Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау облысының
Тайсойған, Балқаш көлі маңында Ташкент – 4 және Байқоңыр ғарыш
айлағында орналасқан.Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил
жанармайы мен және ракета қоқыстарымен ластанған.Гептил өте улы зат
болғандықтан адамдардың өкпе – тыныс жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп,
бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған.
Топырақ – жердің жақсы қопсытылған, өлі табиғат пен тірі организмдердің
межесінде жатқан құнарлы қабаты. Академик В.И.Вернадскийдің айтуынша,
топырақ әрі тірі, әрі өлі денеден құралады.Жалпы жер көлеміне қарағанда,
топырақ - өте жұқа қабат. Мысалы, Жер шарын футбол добындай деп есептесек,
ондағы топырақ қабаты сақал қыратын қауіпсіз ұстараның қалыңдығынан он есе
жұқа екен. Соған қарамастан, жер бетіндегі барлық тіршіліктің, оның ішінде
адам өмірінің негізгі арқауы – топырақ. Бірақ ол туралы дұрыс түсінік,
ғылым кешеуілдеп дамыды. Топырақтану деген ғылымның бар екенін оның немен
шұғылданатынын біле бермейтіндер әлі де баршылық. Себебі, топырақтану
ғылымы – жас ғылым. Топырақ туралы түсінік тек XIX ғасырдың 80 жылдары
орыстың дарынды оқымыстысы В.В. Докучаевтің жемісті еңбектерінің арқасында
қалыптасып, дамыды. Сондықтан да топырақтану ғылымын орыс ғылымы деп
дұрыс айтады. Бұған оның Орыс қара топырағы деген еңбегі зор үлес қосты.

Докучаев топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Былайша
айтқанда, топырақ өмір бақи бір қалыпта өзгермей тұратын зат емес,
керісінше, ол табиғи жағдайға, уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Оның
пайда болуының, дамуының өзінше заңдары бар. Докучаевтің анықтамасы
бойынша, топырақтың пайда болуына, дамуына, өзгеруіне әсер ететін негізгі
факторлар – ауа райы, тау жыныстары, төменгі және жоғары сатыдағы
өсімдіктер мен жәндіктер, жер бедері және аймақтың геологиялық жасы. Осы
факторлардың көп жылдар бойы үздіксіз әсерлері нәтижесінде құнарсыз тау
жыныстарынан құнарлы топырақ пайда болады. Ал адамзат игерген жерлерде
топырақтың дамып, өзгеруіне қоғамның өндіргіш күштері үлкен әсер етеді.
Өсімдіктер құнарлы топырақсыз өспейді. Топырақта өсімдікке қажетті
қоректік заттар, яғни биофильді заттар жиналады. Ал үлкен геологиялық
айналым арқылы әлемдік мұхиттарда жиналатын көп элементтер өсімдіктердің
арқасында топырақ құрамына жиналды, демек үлкен геологиялық айналымнан кіші
биологиялық айналымға көшеді. Сондықтан топырақта сан түрлі өсімдіктер
өсіп, жан – жануарларға қорек болады. Сөйтіп, табиғаттың ең жоғары туындысы
– адамзат қоғамы өсімдіктерді де жануарларды да өз мұқтажына пайдаланылады.
Расында, топырақ – жер бетіндегі өмірдің негізі, асыраушы анасы.
Топырақпен өзіміз тыныс алатын ауа құрамымен ішетін су құрамдары да тығыз
байланысты. Осымен бірге топырақтың халық шаруашылығының басқа да
салаларында атқаратын рөлі үлкен.
Топырақ өлі табиғат пен тірі табиғат межесінде пайда болғандықтан,
топырақтану ғылымы геология және биолгия ғылымдарына да жат емес. Тіпті
соңғы кезге дейін топырақтануды ғылымның қай саласына, биоллгия немесе
геология ғылымына жатқызу жөнінде ғалымдар бір пікірге келе алмады.
Топырақ – табиғат көркінің айнасы. Бұл сөзде көп мән бар. Топырақтың тік
қазылған пішініне қарап, сол жердегі ауа райының, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің тағы басқа табиғат құбылыстарының тек қазіргі емес, өткен
дәуірлерде қандай болғанын айта аламыз. Сонымен, топырақ жай жатқан өлі
дене емес, жаратылыстың ерекше тарихи әрі табиғи денесі, оның пайда болу
жер бетінетаралу заңдылықтары мен қасиеттері бар. Оны топырақтану ғылымы
зерттейді.
Табиғатта топырақтың түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Топырақ тау
жыныстарының ұзақ геологиялық мерзім ішінде әр түрлі жолдармен үгілуі мен
мүжілуінің нәтижесінде түзіледі. Топырақ түзуші жыныстар ілкі әуелде
қатайған тау жыныстары болғанмен, оның үстіңгі қабаты табиғат күштерінің
көп жылғы үздіксіз әсер етуінен бірте –бірте қирап, бұзылып, қопсыған
жыныстарға айналады. Бұл табиғат күштерінің ішінде температураның, судың,
желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздердың әсері ерекше. Үгілудің негізгі үш
түрі бар: олар физикалық, химиялық және биологиялық үгілулер.
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор. Шынында, климатқа, яғни
ауадан түсетін ылғал мөлшеріне, ауа температурасының ыстық-суығына қарай,
үсіксіз уақытың қысқа немесе ұзақтығына т.б. жағдайларға қарай әр жерде әр
түрлі өсімдік, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың
әрекетінен әр жерде әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл
топырағы түзілсе, тундрада тундраға сәйкес құнарлы аз жас топырақтар
түзіледі, ал ауа райы жақсы, ауадан түсетін ылғал мен күн сәулесі
жеткілікті аймақтарда құнары мол қара топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде
шөл топырағы түзілсе, тундрада тундраға сәйкес құнары аз жас топырақтар
түзіледі, ал ауа райы жақсы, ауадан түсетін ылғал мен күн сәулесі
жеткілікті ацмақтарда құнары мол қара топырақтар түзіледі.
Топырақ түзуге, оның құнарлығына жер бедерінің тигізетін әсері өте
үлкен.Жер бедерінің әр түрлілігіне қарай,ылғал мен қоректік заттар түрліше
болып келеді.Тегіс жерлерге ауадан түскен ылғал жақсы сіңеді, ал жер беті
тегіс еме баткейлі, дөңесті жерлерге ылғал дұрыс сіңбей, ойпатты жерлерге
су жиналады. Жер бедерінің топырақ түзудегі тағы бір әсері - әр түрлі
беткейлерге күн сәулесінің әр түрлі мөлшерде түсуі. Мысалы таулы алқаптарда
терістік беткейлерге күн сәулесі аз, оңтүстік беткейлерге мол түседі. Бұл
жағдайлар әр түрлі жер бедерлерінде әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Топырақ туралы мәлміет
Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары
Танаптарда табиғат қорғау жүйесі
Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары
Топырақты қорғау жайлы
Топырақ эрозиясы және оның алдын алу
Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар
Пәндер