Тұлғаның өмірлік сценариі ретінде қазақ ертегілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ СТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Орындаушы:

«050503 -Психология»

4 курс студенті

(қолы, күні)

Ғылыми жетекші:

пс. магистрі, аға оқытушы М. А. Қуаналиева

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді

«» 2009 ж.

Психология және әлеуметтік

педагогика пәндер кафедрасының

меңгерушісі, профессор Р. Б. Каримова

(қолы, күні)

Алматы, 2009

Реферат

Магистерлік диссертация көлемі:

Қолданған әдебиеттер саны:

Кесте саны: 2

Сүрет саны: 4

Қоданылған негізгі ұғымдар: “сценарий” ұғымы, транзактілі талдау, эго-күйлер, ертегілер психологиясы, ертегілер функциясы.

Жұмыстың мақсаты: қазақ ертегілерінде сценаридің алатын орнын анықтау.

Пәні: қазақ ертегілерінің негізіндегі тұлғаның өмірлік сценариінің алатын орны.

Объектісі: қазақ ертегілердегі тұлғаның өмірлік сценариі.

Міндеттері:

- Тақырып бойынша ғылыми әдебиетерге талдау жасау;

- Ертегілерге («Қоңыр мерген», «Патшаның үш қызы») транзактілі және психологиялық талдау жасау;

- Эмпирикалық зерттеу жүргізу.

Болжамдары:

Н1: қазақ ертегілерінің негізіндегі сценариларда Э. Берн бойынша Ата-ана позициясы басым.

Н0: қазақ ертегілерінің негізіндегі сценариларда Э. Берн бойынша Ата-ана позициясы басым емес.

Әдәстемелер: контент талдау.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Тұлғаның өмірлік сценариін теориялық зерттеу . . . 5

1. 1 Шетел және кеңес психологиясында “сценарий” мәселесін

теориялық талдау . . . 5

1. 2 Тұлғаның өмірлік сценариі ретінде қазақ ертегілері . . . 12

1 бөлім бойынша тұжырым . . . 18

2 Қазақ ертегілерінің зерттеудегі психологиялық ерекшеліктер . . . 19

2. 1 Әлем ертегілерінің психологиялық теориялары . . . 19

2. 1. 1 Ертегілердің функциялары . . . 23

2. 2 Қазақ ертегілердің психологиялық ерекшеліктері . . . 26

2 бөлім бойынша тұжырым . . . 33

3 Э. Берн трансактілік талдау концепциясы негізінде қазақ ертегілердің психологиялық құрлымын эмпирикалық зерттеу . . . 34

3. 1 Э. Берннің транзактілі талдау концепциясы . . . 34

3. 2 «Қоңыр мерген» ертегінің транзактілі талдауы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Кіріспе

“Қазақ ертегілеріндегі тұлғаның өмірлік сценариінде алатын орны” атты магистерлік жұмысымызда Берннің обзорлы-теоретикалық теорияның талдауы, оның ішінде “сценарий” ұғымының қайнар көзі мен табиғаты терең қарастырылады, сценарий ретінде қазақ ертегілер алынып, олардың теориясы сипатталынып транзатілі талдау жасалынады.

Жұмыстың мақсаты: қазақ ертегілеріндегі тұлғаның өмірлік сценариінде алатын орнын анықтау.

Берілген тақырыптың өзектілігі біздің ойымызша психологиялық қоғамның тұлғаның өмірлік сценариі ретінде ертегілердің психологиясына толық көңіл бөлмеуі.

Қазіргі уақытқа дейін филологияда, фольклористикада, педагогикада және де басқа ғылымдарда ертегі халық қазынасы, “әр ел мәдениетінің айнасы ретінде”, тәрбиелеу құралы деп қарастырылса, ал психология ұжымдық бейсананың көрінісі (Юнг), алдын ала (психологиялық) дайындалу құралы (К. П. Эстесс) деп түсінген. Бірақ біз өз кезегімізде еңгізер жаңалығымыз - ол өмірлік сценарий ретінде қазақ ертегілерді талқылаймыз.

Зерттеу міндеттері:

1 Тақырып бойынша ғылыми әдебиетерге талдау жасау;

2 Ертегілерге («Қоңыр мерген», «Патшаның үш қызы») транзактілі және психологиялық талдау жасау.

  1. Эмпирикалық зерттеу жүргізу.

Зерттеу объектісі: қазақ ертегілердегі тұлғаның өмірлік сценариі.

Зерттеу пәні: қазақ ертегілерінің негізіндегі тұлғаның өмірлік сценариінің алатын орны.

Зерттеу болжамы:

Н1: қазақ ертегілерінің негізіндегі сценариларда Э. Берн бойынша Ата-ана позициясы басым.

Н0: қазақ ертегілерінің негізіндегі сценариларда Э. Берн бойынша Ата-ана позициясы басым емес.

Тұлғаның қалыптасуы - мазмұны және құрлымы бойынша күрделі процесс. Адамның рухани құндылығының қалыптасуында эффективті механизм ретінде баланы мәдениет әлеміне еңгіздіретін субмәдениетінде маңызды роль атқаратын ертек табылады [1] . Өз кезегінде көп функционалды - ол баланы өзін түсінуге, серіктестіктен өзін қуанышты сезінуге, өзінің уникалдылығын көрсетуге көмектеседі. Ол баланы индивидуалды және ұжымдық творчествосының субъектісіне қаратқызады: ертегідегі бар аламзатық потенциалын байытады.

Ертегі ол мінез-құлықтын мотивін өзгертетін мықты детерминанта ғана емес, ол адамзат қоғамын біріктіретін әлеуметтік күші ретінде «келусішілік зонасы» болады [2] .

1 БӨЛІМ

ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРЛІК СЦЕНАРИІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

1. 1 Шетел және кеңес психологиясында «сценарий» мәселесін теориялық талдау

Бұл бөлімде Э. Берннің транзактілі теориясының негізгі бір компоненті ретінде «сценарий» ұымының анықтамасын, қайнар көзін және табиғатын ашамыз. Бұл ұғымның түп мәнін ашу үшін шетелдік және отандық психологияда ұқсас немесе жақын теорияларды қарастырамыз. Олар: А. Адлердің өмір стиль теориясы және К. А. Абульханова-Славскаяның өмірлік стратегиясы.

Эрик Берн (Эрик Леонард Бернштейн) 1910 жылы Монреаль қаласында дүние келген. Медициналық колледжге түсіп 1935 жылы дәрігер болып шықты. Кейін американдық азаматтықты қабылдап Берн фамилиясын алды.

Эрик Берн өзінің бір неше еңбектерімен танымал, әсіресе «Иры, в которые ирают люди. Люди, которые играют в игры». Бұл еңбектің екінші бөлігі басқаша «Адам тағдырының психологиясы» деп аталады және біздің жұмысымыздың негізі еңбектерінің бірі.

Берн бойынша әр адамның тағдыры қоршаған әлемге деген өзінің ақыл-ой қатынасымен ойлауымен анықталады және өз өмірін өзі жоспарлайды. Әр адам балалық шағында, жиірек бейсаналы тұрғыда болашақ өмірі туралы ойлайды, өмірлік сценариін кино көргендей ойша қарастырып шығады [3] .

Сценарий - ол ата-ананың әсері негізінде балалық шақта қалыптасатын, біртіндеп жүзеге асатын өмірлік жоспар. Бұл психологиялық импульс үлкен күшпен адамды өзінің қарсыласуында еркін таңдауына қарамай өз тағдырына итермелейді.

Берн барлық адамдардың мінез-құлықтарын белгілі формула бойынша жүрмейді, керісінше тұлға ретінде шынайы адам рационалды және алдын ала белгілі үлгі бойынша әрекеттесіп, назарына басқа адамның әрекеттерін, пікірлерін тындайды. Ал формула бойынша жүретін адамдардың шынайы емес тұлға деп атап, адамзаттың көбісі солардан тұрады деген.

Сценаридің алғашқы және ең архаикалық түрі - ол қоршаған орта баланың санасында әлі толық қалыптаспаған кезіндегі алғашқы «протокол». Өсе келе бала сценариін қайта өңдейді. Оған қалыпты жағдайда жануарлар туралы аңыздар және сиқырлы ертегілер бар үлгі бойынша жүреді деген Берннің ойы Юнг және Фрейдтің идеяларына негізделеген. Фрейд көп деген өмір сүру аспектілерін Эдип мифтің драмасымен сәйкестендірген. Сценарлық талдау Эдип - ол экспозициясы, кульминациясы және финалы бар, сценалармен актілерге шынайлықта жүзеге асып отырған драма.

Кейбір ғалымдар - Фрейдтің ізбасарлары Эдипті - реакциялардың талдауы ғана емес, ол драма деп есептесе, басқа психологтар ең маңызды мифтер және сиқырлы ертегілер бір фундаменталды сюжеттен шығып бүкіл әлемнің көп деген адамдардың фантазияларында немесе шынайы өмірлерінде іске асады деген пікірді ұстанады. Ең байырғы сценарлық психоаналитиктер Ежелгі Үндістанда болған. Олардың болжамдары, өмірді түсіндіруі астрологиялық идеяларға негізделген. Бұл жерде Берн (3-4 ғғ. шамасында) «панчатантраны» (үндістанның біс кітаптық санскрит әдебиеті) айтып кеткен еді [4] .

Ян Стюарт және Вэнн Джойнс Берннің айтып кеткен өмірлік сценарий құрлымына келесіні қосады. Дуниеге келеселысымен адам өз өмірінің сценариін жаза бастайды, 4 жасқа таман мазмұнның негізгі моменттері анықталады, 7 жасқа дейін маңызды бөлшектерін еңгізіп, 7-12 жас аралығында жетіледі. Өмірлік сценарий (Life script) жастық шақта қайта қарастырылынады, ал ересек жаста әдетте өмірлік сценариді ұғынбайды және де өмірлік сценаримен мінез-құлық стратегия ұғымы синоним болып табылады.

Транзактілі талдаудың негізгі ұғымы бола отырып өмірлік сценарий психотерапиялық іс-әрекетте өте маңызды. Адамдар санадан тыс өз бастарына мәселені қайтып тауып алатындығын анықтау үшін сценариға талдау жасайды. Әр бір тарихи оқиға сияқты өмірлік сценарида басы, ортасы және соңы болады. Онда кейіпкер, жауыз және басқада персонаждар, негізгі тақырып және бөлек сюжеттер бар. Өмірлік сценарий комедиялық немесе трагедиялық; қызықты және қызықсыз; жанды тебірентетін немесе ұятқа ұшырататын деп бөлінеді.

Өмірлік сценаридің анықталынуы және табиғаты

Алғаш рет сценарий теориясы жоғарда айтылып кеткендей Эрик Бернмен және оның әріптестері әсіресе Клод Стайнермен 60-шы жылдардың ортасында жасалған. Содан бері көп деген авторлар оған өздерінің оригиналды ойларын еңгізген [5] .

«Принципы группового лечения» атты еңбегінде Берн сценариді «бейсаналы өмірілік жоспар» деп анықтаған [6] . Кейін «Что вы говорите после того как сказали «здраствуйте» деген кітабында толық анықтама беріп кеткен: «Өмірлік жоспар балалық шақта құрылып, ата-аналармен мақұлданады, оқиғалармен ақталынып және жол таңдауда шыңына жетеді». Сценариді түсіну үшін жоғарғы анықтамалардың бөлшектерін талдау қажет.

Сценарий - бұл өмір жоспары. Балалық әсерлер ересек адамның мінез-құлық патерндарына үлкен әсер тигізеді деген ой транзактілі таладауда ғана емес басқада психологияның бағыттарында орталық идея болып табылады. Транзактілі талдауда сценарий теориясының негізгі ерекшелігі - ол өмірге деген негізгі көз қарастарды қалыптастыру емес, ол өз өмірінің негізгі жоспарын құру. Теорияға сәйкес бұл жоспар нақты белгіленген басы, ортасы және соңы бар драма формасы ретінде құрастырылады.

Сценаридің финалы болады. Сценарий теориясының басқа басты ерекшелігі ол - өмірлік жоспар «таңдалынған альтернативада кульминацияға жетеді». Сценаридің бастапқы сценадан бастап соңғы сценаға алып келуге жасалынған.

Адам сценарий туралы өзі шешім қабылдайды. Берн сценариді «балалық шақта құрылған өмірлік жоспары» деп анықтаған еді. Демек, бұл баланың өзі қабылдаған шешімі. Әрине сценариді таңдау шешімге ересек адамдар немесе қоршаған орта әсер еткені мен бала оны өзі қабылдайды. Оның дәлелі - ол әр түрлі балалар бірдей ортада тәрбиеленгені мен жоспарлары әр түрлі. Бұл жерде Берн екі ағайынды туралы мысал келтіреді: екі ағайынды балаларға анасы «екеуінде «жындыханаға» түсесіндер» деген. Соңында біреуі психиатрлық емханада созылмалы ауруға шалдықса, екіншісі психиатр болады.

Шешім қабылдау сөздіктегі түсініктен қарағанда шамасымен басқа. Өз сценариі туралы шешімді бала ойламай қабылдайды Ең алғашқы шешімдер, сезімдер нәтижесінде және әлі сөйлей алмайтын деңгейдеқабылданады.

Сценарий ата - аналармен нығайтылынады. Ата-аналар баланы белгілі шешім қабылдауға мәжбүр ете алмасада, дегенімен олар оған үлкен әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап ата-ана белгі жібереді соның негізінде бала өзі, басқа дадамдар және өмір туралы түсініктеріқалыптаса бастайды.

Сценарий санадан тыс. Ересек жаста түс және фантазиялар арқылы балалық шақты еске түсіре аламыз. Сол арқылы сценариді біле отыра адам өз әрекеттерінің мағынасын түсінеді.

Сценарий «ақтау» мақсатында шынайлықты өзгерту. Өз қажеттілігін жүзеге асыруда, бомысқа кедергі ретінде әр қауіпті мұқият қарастыруда шынайлық өзгереді.

Сценаридің қайнар көзі. Сценарий келесі екі негіздерден қалыптасады:

  1. Баланың өміріне қауіпті әлемде аман қалу үшін сценарлық шешімдер ең жақсы стратегия б. т.
  2. Сценарлық шешімдер баланың эмоциясына сәйкес және оны шынайлықты тексеру амалы ретінде қабылданады.

Дұшпандық әлемді сезіну. Нәресте үшін әлемді дәу ададарғана мекендейді. Күтпеген кездеқатты дауыстын шығуы бала үшін оның өміріне қауып ретінде сигнал болу мүмкін. Еш бір сөз немесе ойланбай-ақ баланың анасы немесе әкесі кетіп қалса, ол өзінің өліп қалатындығын біледі. Егерде ол аш немесе тоңса, ал анасы қасына келмесе, онда да мүмкін бала ол өлімге апаратын жол деп түсінеді немесе өлімнен басқада қорқынышты сезімдерді білдіреді.

Мүмкін бала екі немесе үш жасында інісі не қарындасы туылса, ол одан өліп қалмайтынын түсінгенімен, жана туылған нәресте ана махаббатын алып алама деген қорқыныш болады.

Сценаридің қалыптасу кезіндегі уақытта бала үнемі басыңқы жағдайда болады. Бала үшін бұл күш өмір немесе өліммен, кейін өз қажетіліктерін қанағаттандыру немесе қанағаттандырылмау мүмкіншілігімен байланысты болады. Осындай жағдайларға орай бала тірі қалу мақсатымен және өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін стратегияны таңдайды. Бұл жерде өзіміз көріп тұрғанда Берн стратегия ұғымын анықтамайды, бірақ сценарий ұғыммен синоним ретінде айтын кетеді жәнеде сценарий ұғыммен өмілік курс (course) немесе бағыт ұғымдардың арасында айырмашылықты жүргізген. Сценарий жоғарыда айтылып кеткендей ол адамның болашаққа деген құрылған жоспары, ал өмілік баы - шынайы болып жатқан дәл осы кездегі жағдай. Өмірлік бағыт өз ара байланысты 4 фактордың негізінде құрылады - ол тұқым құалаушылық, сыртқы жағдайлар, сценарий, автономдық шешімдер.

Сценарий қалыптасуындағы екнші маңызды негізді Стэнн Вуллэмс шынайлықты және эмоцияларды алғашқы тексеруі деп бөледі. Баланың ойлауы және эмоцияларыда ересек адамда сияқты болмайды және де сценарлық шешімдер баланың ойлауы мен сезімдер ерекшеліктеріне сәйкес қабылданады.

Сценаридің мағынасын ашу үшін Ян Стюарт және Вэнн Джойнс бірнеше жаттығу тізімін ұсынған. Олар - кейіпкер, ертек немесе басня, түс, бөлмедегі зат, өмірге ойын немесе сахнадағы пьеса ретінде қарау [7] .

Сценаридің мазмұны «не» және процессі «қалай» жүреді. Бір адамның сценарий мазмұны екінші адамның сценариіна ұқсамайды. Мазмұны бойынша сценарий үш топқа бөлінеді: жеңімпаз, жеңілген және жеңімпаз емес.

Жеңімпаздың сценарий. Берн жеңімпазды «алдына қойған мақсатқа жеткен» деп анықтады және «оның нәтижесінде өмірін өзгертеді» деп Роберт Гулдинг осқан еді. Жеңіс ретінде алдына қойылған мақсат оңай және еркін түрде ету деп түсініледі.

Жеңілгеннің сценарий. Жеңілгенадам ол «қойылған мақсатқа жетпеген адам». Сценаридің таргедиялық финалына байланысты жеңілгендерді үш дәрежеге жіктеуге болаы. Бірнеше дәрежедегі жеңілген адамның сценариі ол аса маңызды емес сәтсіздіктер. Мысалы жұмыста қайталанатын ұрыстар ұзақ емес депрессия немесе институтқа тұсер кездегі сәтсіздік. Екінші дәрежедегі жеңілген адам жағымсыз сезімдерді бастан кешеді. Ол жұмыстан шығарым тастауы, қатты ауырып емханаға жату немесе ұлгере алмау үшін университеттен шығарып тастау. Сценаридің үшінші дәрежесі өлімге, күрделі ауруға немесе сотталынып кетуге алып келеді.

Жеңімпаз еместің ценариі . Жеңімпаз емест сценариі бар адам «алтын ортада» болады. Күннен күнге өз жүгін арқалап кішкене жеңіліп және кішкене ұтылып жүреді. Ондай адам ешқашан тәуекелге бармайды. Сондықтан бұл сценариді қарапайым деп атайды. Жұмыста жеңіпаз еместер бастықта болмайды, жұмыстан да оны шығарып тастамайды да. «Ол соңына дейін жұмыс істеп, сыйлйққа сағатын алып, тыныш қана зейнетке шығады».

Дегенімен де бұл жіктеудің шегі де бар, мүмкін сәтті бір финал бір адам үшін ұтысты болса, екінші адамға дәл сол финал керісінше болу мүмкін.

Сценарий балалық шақтағы шешілмеген негізгі сұрақтын сиқырлы шешімі болып табылады: махаббат пен ардақтауға қалай жетуге болады?

Өмірлік сценариді таладу барысында Я. Стюарт және В. Джойнс сценарлық процестің алты негзгі паттерндарын бөліп шығарады: «әлі жоқ» (пока не), «кейін» (после), «ешқашан», «әрдайым», «дерлік» (всегда) және ашық соңы.

Транзактілі талдау мазмұнын ашу үшін Берннің бір қатар ізбасарларының еңбектері қарастырылған. Олардың ішінде Клод Штайнер, Томас Харрис, Мэри гулдинг, Ян Стюарт және Вэн Джойнс. Ресейлік психологияда транзактілі талдау В. В. Макаровтің еңбегінде ұсынылған.

Бүкіл Берннің классикалық транзактілі талдауы үлкен бес топқа бөлуге болады: экзистенциалды позицияларды талдау, құрылымдық талдау, өзара әрекеттесуді талдау, психологиялық ойындарды талдау және өмірлік сценарилерді талдау.

1. Тіркелген экзистенционалды позицияларды талдау

Әр адамда негізгі, өмірлік нұсқауы, тіркелген өмірлік позициясы бар. Ол өзі, басқалар, қоршаған орта туралы негізгі түсініктер. Өмірлік позиция ұғымдары: (life position) Мен ОК - Сен ОК (тұтас тұлға), Мен ОК емес - Сен ОК (өзінді бағаламау), Мен ОК - Сен ОК емес (басқаларға басымдылық ету), Мен ОК емес - Сен ОК емес (өмірден түңілу) . Кейін бұл идеяны Т. Харрис дамытты [8] . Бұл позицияның біреусін таңдай отырып, бала бүкіл сценариді соған ыңғайластырады.

2. Құрлымдық талдау

Транзактілі талдауда адамда үш эго-күй болады немесе Мен-күйлер:

- Ата-ана;

- Ересек;

- Бала.

Осы эго - күйлерді біз кейінрек қарастырармыз.

3. Өзара әрекеттесулерді талдау

Қоғамға тәуелсіз индивидуум өз уақытын екі жолмен ұйымдасу мүмкін: іс-әрекет және қиял жолымен. Дәстүрлер, уақытты өткізу, ойындар, жақындық және осының бәріне негіз бола алатын іс-әрекет.

4. Ұғынылмаған өмірлік жоспарлардың немесе өмірлік сценарилерді талдау

Ұғынылмаған өмірлік жоспарлар өмірлік сценарилер деп аталынды. Сценаридің формуласы: сценарлық тиым салулар қосу сценарлық жазулар және шешімдер. Жазулар (предписания) балаға не істеу керек екендігін айтады, тиым салулар - не істеуге болмайды туралы. Жазуларды орындау марапатталынады, тиым салулар жазаланады. Бұл «мінез-құлықтын отбасылық бағдарламаның модификациясы» өз балаларын ата-аналарға бақылауға көмектеседі.

Тиым салулар + жазулар → Шешімдер = Сценарий

(не істеуге болмайды) (не істеу керек) (бала 4 позициялардың (6 бәреуін)

біреуін таңдайды)

Сценариға қарап бала ойнайтын ойындарды таңдайды

Тейби Кейлер минисценариларды ұсынды:

1. Директива (Мен + егер) ешқандай сезім жоқ.

2. Стопор (Мен - Сен +)

3. Пәле жабу (Мен + Сен -)

4. Үмітті жоғалту (Мен - Сен -)

Осылайша Эрик Берннің өмірлік сценарий ұғымы және оның із басарларының қосқан үлестерін толықтай қарастырып шықтық. Әрине Берннің психологиялық практикаға қосқан үлесі зор - едәуір транзактілі таладу бағытын қалыптастырған. Ары қарай бұл бағыттын негізгі бір ұғымдарының бірі өмірлік сценариді шетел психологияда (А. Адлер) және отандық психологияда (К. А. Абульханова-Славская) ұқсас немесе жақын теорияларды қарастырайық.

Альфред Адлер Берн сияқты З. Фрейдтің шәкірті болған, кейін әр қайсысы Фрейдтің психоанализінан бас тартып жеке бағыттарын қалыптастырған. . Дегенімен олардың еңбектерінде психоанализ идеялары байқалады [9] .

А. Адлер толық емес комплексі, компенсация идеяларымен танымал. Сонымен қатар индивидуалды стиль ұғымын еңгізен еді, сондықтан оның теориясы индивидуалды теория деп аталады.

Алғашқы вариантта өмірдің стилі ол «өмірлік жоспар» немесе «жетекші бейне» деп түсіндірген [10] . Кейін Адлердің динамикалық теорияның ерекше компоненті болды. Адлер бойынша өмірдің стилі өзіне қырлардың уникалды бірігуі, мінез-құлқы және әдеттер тәсілін еңгізе отырып индивидуумның қайталанбас бейнесін анықтайды. Өмірдің стилін дұрыс түсіну үшін толық емес комплексі және компенсация ұғымын қарастыруымыз қажет.

Балалық шақта әр адам өзін толық дамыған деп санамайды, сондықтан өзінің кемшіліктерін компенсациялауға тырысады. Мысалы: нашар координациясы бар бала өзінің компенсаторлық күшін керемет атлетикалық қасиетін жасауға жұмсайды. Оның мінез-құлығы, өзінің физикалық кемшіліктерін ұғынуға бағытталып оның өмірінің стиліне айналады. Немесе керемет спортшы бола алмайтынын түсінген бойжеткен ғылымның кандидаты болуды армандайды. Бүкіл уақытын кітапханада өткізуге тырысады және де көп деген әрекеттері отырылынып жасалынады, ткөп ойлануға, талдауға, қортындылауға тура келеді. Сонымен, өмірдің стилі толық емес сезімін жеңуге бағытталуына, тырысуға негізделеді.

Адлер бойынша өмірдің стилі 4, 5 жаста нығайып, тұтастай өзгермеуге дерлік. Әрине адамдар өзінің индивидуалды өмір стилінің көрсетуге жаңа тәсілдерін іздейді, бірақ ол ерте балалық шақта салынып қойған құрылымды дамыту. Өмір стилін қалыптасуға болашақта мінез-құлықтын басты желісі болып қала береді. Адлер әр түрлі өмірлік стилдерін қалыптастыратын компенсация түрлерін бөліп шығарған:

  1. Толық емес сезімін сәтті компенсациясы нәтижесінде, басым болу ұмтылысы әдлеуметтік қызығушылықпен сяйкес келеді.
  2. Компенсациядан үстем ол бір қырды немесе қабілтті даму нәтижесінде өмірге бі жақты бейімделу б. т.
  3. Ауруға шалдығу. Адам ауру симптомдардың арқасында өзінің сәтсіздігін ақтайды [10] .

Демек Адлер мен Берннің теориялары биологиялық детерминизмге ие екендігін көріп тұрмыз. Өмірлік стиль сценарий сияқты - ол жоспар. Сол жоспар адамның «идеяларын» болашақта жүзеге асуына итермелейді [11] .

Енді бұл мәселе отандық психологияда қалайша дамығанын қарастырайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ертегілерінің тұлғаның өмірлік сценариінде алатын орны
Э.Берннің сценарий ұғымының отандық және шетел психологиясында теориялық талдауы
Қазақ әдебиеті сабақтарында ертегі жанрын оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабағында халық педагогикасының қолданылуы
Сөйлеу техникасы
Мұғалім мен оқушының конструктивті емес өзара әрекеті
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін ертегі оқу барысында қалыптастыру
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz