Иньекциялық есірткі тұтыну және ИЕТ арасында АҚТҚ таралуының себепшілері


ҚР Білім және Ғылым Министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Инженерлі - Экономикалық факультет
Қолданбалы информатика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы Тұрғындардың жұқпалы аурумен ауруындағы статистикалық экономикалық ақпараттық жүйесі
Жетекші : Э. ғ. д, профессор
Биярова А. Ө.
Орындағандар: Қарақұлов С
Шерханов М
Топ: 401
Мамандығы: ЭАЖ
2006 жыл
Жоспар
Кіріспе
- ҚР азаматтарының денсаулығының әл-ауқаты
1. 1 Жұқпалы аурулар және олардың актуальды түрлері.
1. 2 Тұрғындардың жұқпалы ауруының статистикасы.
- ЭАЖ-ның арналу бағыты және тұрғызылу мақсаты
2. 1 Прогаммалық жабдықталуы. STATEX программасы
2. 2 Есептің берілуі Концептуалдық схема.
2. 3 Ақпараттық база.
2. 4 Есепті шешу алгоритмін сипаттау
Қорытынды
Әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Халық денсаулығының жай-күйі қоғамның әлеуметтік бағдарлылығының, мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілік дәрежесін сипаттайтын әлеуметтік кепілдіктерінің интегралды көрсеткіші болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттік қалыптасуы кезеңінде елеулі экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтік салада, соның ішінде кеңес уақытында құрылған және негізінен жұмыстың сандық көрсеткіштеріне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсіз жүйесінен тұратын денсаулық сақтау жүйесінде елеулі оңтайландыру жүргізді.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуір экономикалық өсуге қол жеткізді, осының нәтижесінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулі өсті (соңғы үш жылда екі рет), сондай-ақ олардың одан әрі дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтік бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрі де саланың дамуына елеулі түрде көңіл бөлуге ниеттенеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) дерегі бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-і ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екендігіне қарамастан, мемлекеттің қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі күш-жігері экономикалық және әлеуметтік прогреске қарай өсе түсуге тиіс.
Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерін, жұмыс берушілерді тарту және денсаулық сақтау саласында іс-шаралар жүргізуді сектораралық үйлестіруді күшейту маңызды.
Бүгінгі таңда саланы дамытып отырған негізгі бағдарламалық құжаттар оларды әзірлеу сәтіндегі талаптарына барабар болған, алайда қазіргі уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерістер қарқынынан кейін қалып отыр. Осы құжаттарда белгіленген жекелеген іс-шаралар түпкілікті нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның ішінде қаржыландыру жүйесін өзгерту үнемі дәйекті сипатқа ие бола бермейді. Бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі қоғамды, мемлекетті және саланың өзін толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.
Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етеді. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесін, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек беруді ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілікті оңтайландыруды жетілдіруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен сатып алуды міндетті түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерістер жүргізу қажеттігі көрсетілген.
Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейінгі Даму стратегиясын, Президенттің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.
Өткен жылы елде АҚТҚ инфекциясына қарсы іс-қимыл жүйесін дамытуда рөлін атқарған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 ақпандағы № 193 каулысымен бекітілген 1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндсгі шаралар жоспарының қолданылу мерзімі аяқталды. Індет ахуалының нашарлауы, індет процесінің сипатын айқындайтын бірқатар жаңа факторлардың пайда болуы, оны жаңаша түсінудің туындауы індетке қарсы іс-қимылдың бағыттарын, осы қызметке қатысушылар шеңберін және алдағы бесжылдыққа арналған тиісті ресурстық қамтамасыз етуді айқындайтын құжат жасауды талап етті.
1999 жылы БҰҰ/ЖҚТБ Біріктірілген Бағдарламасы БҰҰ-ның мүше елдеріне басшылық ретінде ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуына қарсы іс-әрекет жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға жаңа стратегиялық көзқарас әзірледі және ұсынды. Бұл көзқараста:
- індеттің қозғаушы факторларын анықтап, ахуалға талдау жүргізу,
- жауап іс-шаралардың тиімділігік олардың ахуалға сай болуын сыни олардың сатылылығын айқыңдауды;
- талдауды жүзеге асыру, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтауды;
- ресурстарды қайта бөліп, осы уақыт бөлігінде АҚТҚ инфекциясыньщ таралуы оларға тікелей байланысты басым бағыттар бойынша араласу жоспарын жасау көзделеді.
Осы стратегиялық Бағдарламаны жасау кезінде ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуы проблемасы денсаулық сақтау секторы проблемаларының шеңберінен әлдеқайда кең және барлық әлеуметтік секторларға қатысты екенін түсіну негіз болып табылды. ¥сынылып отырған АҚТҚ инфекциясына қарсы іс-әрекет бағдарламасы көптеген секторлардың күш-жігерін АҚТҚ-ның таралуына карсы іс-әрекет жолына жұмсаудың бағыттарын айқындайды. Ол тек техникалық мәселелерді ғана емес, сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстанда ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуында шектеулі маңызы бар факторларды қамтымайды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасын-да азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамыр-дағы, "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 казандағы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының және "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың түжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысының ережелеріне негізделді. Бағдарламада 2001 жылғы 4 мамырдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша Орталық Азия декларациясындағы және 2001 жылғы 27 маусымдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының ЖҚТБ/АҚТҚ саласындағы міндеттемелері жөніндегі декларациясының ережелері, соның ішінде АҚТҚ бар адамдарға ден қоюдың негізгі шарасы ретінде алдын алу бөлігінде күтімді қамтамасыз ету, қолдау мен емдеудің, адам құқықтарын сақтау, осалдығын азайту жөніндегі шараларды іске асыру ескерілген. Жасалуы кезінде халықаралық донорлардьң ресурстарын жұмылдыру қажеттілігі назарға алынды.
1. ҚР азаматтарының денсаулығының әл-ауқаты
Қазақстан Республикасы - жалпы көлемі 2, 7 миллион шаршы километр, экономикалық белсенді 7 миллион адамды қоса алғанда, халқының орташа жылдық мөлшері 14, 9 миллион адам Орта Азия мемлекеті. Адами даму туралы ұлттық есепке сәйкес (2001 ж. ) ел әлемде Адами даму индексі бойынша 73 орын алып, жан басына шаққандағы ЖІӨ жылына 1126 АҚШ долларын құрап, ересек халқының сауаттылығы 99, 5% (20-24 жасқа дейінгі адамдардың 86, 8%-ының орта білімі бар) және өмір сүру ұзақтығының керсеткіші 66 жыл құрайтын орташа дамыған елге жатады. Өндіріс көлемі 1990 жылғы деңгейінің 2/3-нен аспайды. 2000 жылы жұмыссыздық деңгейі 12, 8% құрады, халықтың 31, 8%-ы айына 4007 теңге болып белгіленген (28 АҚШ долларына жуық) ең төменгі күнкөрістен аз табысы болды.
Ауғанстаннан Ресей мен Шығыс Еуропа елдеріне героинді заңсыз тасымалдаудың жолы болып табылатын Қазақстанның географиялық жағдайы және күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуал ел халқының есірткі саудасы мен инъекциялық есірткілерді тұтыну, сондай-ақ жыныстық қызмет көрсету саласына, яғни АҚТҚ-ның таралуымен байланысты қызметке тартылуы ықтималдығының жоғары болуына алғышарт жасайды.
ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуы туралы деректер
1987 жылы алғашқы оқиғасы тіркелген сәттен бастап Қазақстан Республикасында 2001 жылғы 1 маусымда АҚТҚ инфекциясы анықталған адамдардың саны 1799 құрады. АҚТҚ инфекциясы анықталған адамдардың 37-де ЖҚТБ клиникасы дамыды және олардың 31 -і қазіргі уақытта қайтыс болды. АҚТҚ алғаш рет идентификациялануының көрсеткіші 2000 жылы 1 тексерілген адамға 35 адамды құрады. 2001 жылдың алғашқы бес айында АҚТҚ инфекциясының таралуы 1 тексерілген адамға 99 адамды құрады, мұның өзі 2000 жыл-ғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 5 есе жоғары. Бүл ретте, АҚТҚ-ның елде таралуы туралы қолда бар мәліметтер іріктеп алу жөнінде де, қатысу жөнінде де таңдамалы түрде алынған талдауға негізделген, сондықтан, салыстырмалы сипатта. Аталған өзгерістер тексеру үшін таңдап алынған жеке адамдар топтарының және тексерілгендер қатарына енбеген топтардың, тексеруге қатысқанымен, оларға қатысуға қамтылмағандардың топтарының айырмашылық белгілері едәуір болуына байланысты жүруде.
ЖҚТБ-ның алдын алу және онымен күрес жүргізу жөніндегі респуб-ликалық орталықтың бағалауына сәйкес індет солардың арасында шоғырланған есірткіге тәуелді және мінез-құлқы қауіпті басқа да топтар өкілдері - адамдардың шынайы санының 10% -нан аспайтын мөлшерін ғана тексеруге қол жеткізілді. Яғни, Қазақстанда АҚТҚ инфекциясының шынайы таралуы тіркелгенінен әлдеқайда жоғары екенін топшылауға болады.
Қазақстанда АҚТҚ инфекциясының географиялық таралуында елеулі айырмашылық бар. АҚТҚ бар адамдардың жартысынан астамы Қарағанды облысында шоғырланған. Алайда, соңғы кезде Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында мұндай жәйт көбірек тіркеле бастады (2001 жылдың бірінші тоқсанында 2000 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда АҚТҚ бары жаңадан анықталған адамдардың саны оларда тиісінше 0-ден 93-ке және 1-ден 38-ге дейін өзгерді) .
1. 1 Жұқпалы аурулар және олардың актуальды түрлері.
АҚТҚ-ның таралу жолдары, мінез-құлқы қатерлі әртүрлі топтардың үлесі
АҚТҚ анықталған жағдайлардың 85%-да қоздырғыш есірткі инъекцияларымен берілген АҚТҚ инфекциясының жыныстық қатынаспен таралуының үлесіне тағы да 7% тиеді. 7% -да инфекцияның таралуы жолын анықтаудың сәті түспеді. Сөйтіп, зерттелген жағдай-лардың құрылымын ескерсек, күні бүгінге дейін елде АҚТҚ инфекциясы таралуының 90%-нан астамы инъекциялық есірткі тұтынудың қауіпсіздігі мен жыныстық қатынастардың қаншалықты қауіпсіз болуына байланысты. Осы түжырым, ең алдымен АҚТҚ таралуының мүмкіндігін болдырмайтын немесе тым болмаса, азайтатын мінез-құлықтың неғүрлым қауіпсіз нысандарын қамтамасыз ететін алдын алу басымдықтарын айқындайды.
АҚТҚ таралуының құрылымын ескере отырып, нысаналы түрде алдын алу үшін араласуда АҚТҚ жұғуы тұрғысынан алғанда, мінез-құлықтың қауіпті нысандарын жүргізетін халық топтары неғұрлым қызықты болып табылады.
Иньекциялық есірткі тұтынушылар (ИЕТ) АҚТҚ жұғуының салыс-тырмалы түрде неғұрлым қатерлі тобы (СҚ) болып табылады. Халықтың осы тобындағы АҚТҚ таралу көрсеткіші 2000 жылдың аяғында 10 000 адамға 425-ті қүрады. Кейбір елді мекендерде, атап айтқанда, Қарағанды облысының Теміртау қаласында сенім пункттерінің клиенттері арасында жүргізілген эпидемиологиялық қадағалау мәліметтері бойынша ИЕТ арасында АҚТҚ таралуы 2000 жылы 26% құрады. Есірткі тұтынбайтын халық өкілдерінің жалпы жиынтығымен салыстырғанда осы қауымдастық өкілдері үшін АҚТҚ жұғуының салыстырмалы қатері 500 есеге жуық жоғары. 15-23 жастағы жасөспірімдер мен жастар арасында АҚТҚ-ның таралуы 10 000 адамға 1, 8 құрады. 18-23 жастағы жастар арасында АҚТҚ жұғуының салыстырмалы қатері жастардан тыс халық арасындағы жұғуы қатерінен 2, 5 есе асып түседі. Елде 2000 жылғы тамыз-қараша айлары ішінде тексерілген жыныстық қатынаспен коммерциялық түрде айналысатын 1476 әйелдің ішінен біреуінің ғана АҚТҚ-сы оң нәтиже берді.
Ұсынылып отырған мәліметтер Қазақстан Республикасында індет бастапқы кезеңінен инфекция, негізінен ИЕТ арасында таралатын оның шоғырлануы кезеңіне көшуі байқалатынын айғақтайды.
Иньекциялық есірткі тұтыну және ИЕТ арасында АҚТҚ таралуының себепшілері
Республиканың есірткі қызметі тіркеген ИЕТ саны 2000 жылдың аяғында 26 000 адамнан астамды қүрады. Бірақ, сарапшылардың бағалауына сәйкес ИЕТ-тің жалпы саны Қазақстанда 250 000-ға жуықтап келеді. Атап айтқанда, Алматы қаласында ИЕТ саны 12 мың1 деп анықталды, Астана және Павлодар қалаларының әрқайсысында 8 мың, Петропавл, Тараз және Өскемен қалаларының әрқайсысында - 6-6, 5 мың, Тсміртау қаласында - 8 мың, Шымкснт қаласында - 20 мың. Бұл ретте есірткі қызметі тіркеген инъекциялык нашақорлық жағдайлары жылдан-жылға өсуде (1996 жылғы 100 000 ересек адам мен жасөспірім 90-нан 2000 жылғы 250-ге дсйін), мұның бәрі жалпы халық арасында накты саныныд сөзсіз өскеыін көрссгеді.
Инъекция үшін барлық жерде пайдаланылатын басымдықты есірткі героин болып табылады. Қолдан жасалатын апиын шикізаты препараттарын инъекциялық енгізу онша таралмаған. Героин мен апиын шикізатын тұтынудың қатынасы Алматы қаласында 9:1 болса, Теміртау қаласында 6:4. ИЕТ-ке сұрау салу мәліметтері бойынша осы топта белгілі бір дәрежеде жер-жерлерде қолданылатын мынадай тәжірибелер:
- Есірткі шгьекциясы үшін ортақ инсні пайдалану, соның ішіндс бір компанияда бІр инені қолдануды енгізу; мұндай тәжірибспі аракідік болса да, ИЕТ-тің 60%-ы қолданады;
- қайта пайдаланылатын инслердІң санынан есірткілсрдің срітінділсрін жинау;
- ссірткіні дайындау процесіндс адам канын пайдалану АҚТҚ жұғуының көзқарасы тұрғысынан алғанда, қауіпті болып табылады.
Астана, Павлодар, Тараз қалаларындагы негізгі ақпарат берушілермен сұхбаттардьң нәтижесінде, іс жүзінде бір де бір есірткі тұтынушы оларды кайтадан қолдану кезінде пайдаланылған инелерді тиімді тазалауды қамтамасыз ете алмайтыны анықталды. Есірткі енгізудің казіргі тәжірибелерін ескере отырьш, таяудағы 2-3 жыл ішінде Астана, Павлодар, Петропавл, Өскемен және Тараз қалаларында ИЕТ-тің өз инфекциясы ошақтары пайда болған жағдайда инъекция аркылы 18 мыңға жуық адамға АҚТҚ жұғуы жөнінде болжам жасалды.
БРИФ агенттігі 1998-2000 жылдары орындаған сенім пункттерінің клиенттері арасында Теміртау қаласында (1997 ж. ) 5ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөніндегі орталықтар есірткі қызметі ұйымдарында есепте тұратын нашақорлар арасында (2000 ж. ) жүргізілген есірткі тұтынушыларға әлеуметтік сауал салулардың көптеген мәліметтері инъекциялық есірткіні қолдану кезінде АҚТҚ-ны болдырмаудың жолдары туралы ИЕТ-тің өте аз білетінін айғақтады. Мысалы, есірткі диспансерлсрінде есепте тұратын ИЕТ-тің 7%-ы ортақ инені пайдалану кезінде АҚТҚ жұғатыны туралы тұжырымға мүлде келіспеді (740 адамға сұрау салынды) . ИЕТ-тің 11%-ы ғана инъекциялық құралдарды тиімді тазалау туралы дұрыс түсінігі бар.
ИЕТ-тің басым көпшілігі ретсіз жыныстық қатынасқа түседі. Мысалы, Павлодар және Тараз қалаларында сұрау салынған ИЕТ-тің 65%-ы соңғы үш ай ішінде кездейсоқ танысқан бірнеше немесе одан да көп адаммен жыныстық катынасқа түскен. Бұл ретте ИЕТ-тің презервативті пайдалану деңгейі 20%-дан аспаған. ИЕТ-тің 20%-ға жуығы жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың белгілерін өздерінде байқаған. Соның өзінде, сауал салулардың көрсеткеніндей, олардың жартысынан азы ғана тері-венерологиялық қызметтер ұйымдарынан медициналық көмек алуға дайын. Теміртау қаласында ЖЖБИ белгілері бар, ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөніндегі орталығы тері-венерологиялық диспансерлеріне жолдамамен жіберген 120 ИЕТ-тің ішінен 60-ы ғана осы ұйымға барған. 2000 жылы Шымкент қаласьнда жүргізілген ИЕТ-ке сұрау салу АҚТҚ жыныстық трансмиссиясының алдын алу саласындағы хабардарлығы мейлінше төмен екенін айғақтады. Сұрау салынған 80 адамның бір де біреуі АҚТҚ инфекдиясының алдын алу үшін презервативті пайдалану мәселесіне толық жауап бере алмады.
Өзінің мүліктік жағдайы бойынша ИЕТ-тің көпшілігі халықтың кедей жіктеріне жатады, мұның өзі олардың қызметтерге, соның ішінде медициналық ақпаратқа қол жетімділігін шектейді.
2000 жылы Қазакстанның 5 аймағында (Астанада, Павлодарда, Петропавлда, Таразда және Өскеменде) орындалған ахуалды бағалауға
сәйкес ИЕТ-тің 90%-ы есірткі қолдануды жалғастыру ниетінде, тек; әрбір оныншысы ғана тиісті тиімді медициналық жәрдем берілген жағ-, дайда оны қолдануды тоқтатуға дайын.
Коммерциялық жыныстық қатынас және халықтың жыныстық мінез-құлқы қауіпті топтарында АҚТҚ таралуының себепшілері
ИЕТ қауымдастығында АҚТҚ инфекциясы өсуіне қарай АҚТҚ-ның жыныстық жолмен таралуы неғұрлым артады. АҚТҚ-ны осылай таратуда коммерциялық жыныстық катынас қызметкерлері (КЖҚҚ) рөлі, сөзсіз арта түседі. Қазақстан Республикасы Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының бағалауы бойынша көше кезетін КЖҚҚ-иың жалпы саны 2000-ға жуықты құрайды. Жедел бағалау мәліметтері бойынша жаз кезінде Алматыда жұмыс істейтін КЖҚҚ-ның жалпы саны 2000-ға жуық адамды құрайды. Орташа есеппен жылына орташа 240 -қа жуық жұмыс күнінде көшедегі КЖҚҚ клиенттерінің саны күніне 1 -3 адам. Өзгеше айтқанда, жыл бойы Алматы қаласында КЖҚҚ 1 миллионнан астам жыныстық қатынасқа түседі. Шымкент қаласында 1999 жылдың қысында КЖҚҚ-ның саны 2000-ға жуық адамды құрады, соның ішінде 2509 көшеде жұмыс істеді. Астана каласында 2001 жылдың ақпанында бір мезгілде күніне 60010-ге жуық КЖҚҚ жұмыс істеді.
Көшедегі КЖҚҚ, әдетте, клиенттері белгілейтін жерлерде жыныстық қатынасқа түседі, мұның өзі, әйелдердің жағдайды, соның ішінде қауіпсіз жыныстық қатынас шарттарының сақталуын бақылауға алу мүмкіндігін төмендетеді. Қылмыстық топтардың өкілдері, жыныстық ауытқулары бар, алкогольдік немесе нашақорлық масаңдығы салдарынан өзін өзі билей алмайтын адамдар көшедегі КЖҚҚ-ның клиенттері болуы жиі кездеседі. Көшедегі КЖҚҚ клиенттері тарапынан зорлық көрсетілуіне жиі ұшырайды. Көшедегі КЖҚҚ өздерінің материалдық жағдайы бойынша халықтың ең кедей жігіне жатады, мұның өзі ақпарат пен медициналық қызмет алу мүмкіндігін шектейді.
2000 жылы Алматы қаласында 70 КЖҚҚ-ға жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде олардың 27-де (39% ) сифилис анықталды, мұның өзі қауіпті жыныстық мінез-құлық практикасын көрсетеді. Алматы қаласы көшелеріндегі сұрау салынған КЖҚҚ-ның 2% инъекциялық есірткі тұтынатындары туралы хабарлады (барлығы 100 адамға сұрау салынды) . Негізгі ақпарат берушілердің мәліметтері бойынша КЖҚҚ-ның арасында инъекциялық есірткі тұтыну 30%-ға жеткен. Әйел жынысты КЖҚҚ-ның көпшілігі есірткі сатып алуға қаражат табу мақсатында жыныстық қызмет көрсетеді. 2000 жылы КЖҚҚ-ның алдын алу және күресу жөніндегі республикалық орталық Қазақстанның әртүрлі қалаларында орындалған КЖҚҚ-ға сұрау салудың нәтижссіне сәйкес сұрау салынғандардың 44, 5%-ы ғана презервативтерді тұрақты пайдаланған. КЖҚҚ-ның ЖҚТБ/АҚТҚ мен ЖЖБИ туралы хабардарлығы жеткіліксіз. Алматы қаласында жүргізілген әйел жынысты КЖҚҚ-ға сұрау салу кезінде олардың бір де бірі ЖҚТБ/АҚТҚ мен ЖЖБИ-дің алдын алуды жеке басындағы басымдықтардың бестігіне енгізбеген КЖҚҚ-ның бірен-сараны ғана ЖЖБИ нышандары байқалған жағдайда ғана тері-венерологиялық диспансерге барады, мұның өзін олар медициналық қызмет көрсету шарттарының қолайсыздығымен түсіндіреді.
Әйелдермен бірге еркектердің де коммерциялық жыныстық қаты-настары орын алуда. 1999 жылы Алматыда әйелдермен бірге еркектерге де жыныстық қызмет көрсетуді ұсынатын еркектердің саны мыңға жуық адамды құрады. Еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, жалпы алғанда, халықтың мінез-қүлқы қауіпті топтардың бірі болып табылады. Алматы қаласында жүргізілген 100 ЕЖЕ-ге сұрау салу, олардың 35%-ы есірткіні немесе басқа да психоактивті құралдарды тұтынатынын көрсетті. Сұрау салынғандардың 52%-да соңғы 12 ай ішінде ЖЖБИ не сифилис, гонорея немесе урогениталдық хламидиоздың нышандары байқалған. Бұл ретте, сұрау салынғандардың 21 жастан жасы төмендердің 70%-ы және 21 жастан ересектердің 53%-ы кездейсоқ әріптестермен жыныстық қатынас жасау кезінде презервативті пайдаланбайды немесе тұрақты пайдаланбайды. Алайда, ЖЖБИ кезіндегі мемлекеттік медициналық қызмет көрсетудің шарттары сұрау салынғандардың көпшілігі үшін қолайсыз. Осы себептен олар көлеңе кедегі сектордың қызметіне жүгінеді немесе өз бетінше емделеді, мүның өзі ЖЖБИ-ден сауығу мүмкіндігін төмендетеді және АҚТҚ жүғуы қатерін арттырады. ЕЖЕ-нің АҚТҚ жыныстық трансмиссиясының профилактика жолдары туралы білім деңгейі шектеулі. Соның салдарынан, 70%-ы ғана алдын алуды презервативпен байланыстырады.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар ИЕТ пен КЖҚҚ мінез-қүлық қатерінің деңгейі бойынша халықтың айрықша топтарына жатады. Алматы және Шымкент қалаларында ИЕТ-ке арналған сенім пункттеріне жасырын келушілердің арасында жүргізілген сүрау салу пенитенциарлық мекемелердегі адамдардың 30%-ға дейіні не бір шаралар қолданылғанымен, есірткіге қол жеткізетін нашақорлар екенін айғақтады. Бүл ретте, иньекциялық қүралдар тазаланбайды және әбден жарамсызданғанға дейін пайдаланылады. 2001 жылы Қаз 99/02 жобасы шеңберінде Қарағанды облысының пенитенциарлық мекемелерінде жүргізілген эпидемиологиялық кадағалаудың нәтижесі сотталғандардың арасында (400-ден астам адам тексерілді, қадамдық іріктеу) Сгепатитінің қоздырғышын 42% жүқтырғанын көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz