Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе

1.Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны
2. Тұрмыстық мердігерлік шартының субъектілері мен объектілері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі Қазақстанда шарттық құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын
кең ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуде. Ептеп болса да маңыздылығы бар
барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға
өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Азаматтық құқыққа бұрыннан белгілі екі не көпжақты мәміленің түрі –
шарт – қазіргі кезде мүлде өзге сипатқа ие болды, мемлекеттік меншікті
жекешелендіргенде, жылжымайтын мүліктің ипотекасында, мемлекеттік
тапсырыстар алғанда, банкроттықта қолданыс тауып ұдайы дамып келеді. Сатып
алу-сату (кәсіпорындарды, жерді, жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану
құқығы сияқты мүліктік құқықтарды сатып алу-сату және т.б.), кепілге салу
(ипотека, жер учаскесін, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығын
кепілге салу, т.б.) сияқты міндеттемелер едәуір өзгеріске ұшырады.
Шарттардың жаңа түрлері шығуда (рента, факторинг, франчайзинг,
форфейтинг, сенімгерлікпен басқару, т.б.). Бұл процесс жалғасуда. Шарттық
қатынастардың өтпелі кезеңде экономиканы құқықтық реттеудің ең бір тиімді
де сенімді аспабы болатындығы сөзсіз. Қазіргі адамзат үшін ең маңызды болып
табылатын мәселе – күн сайын күрделіленіп отырған процесстер әлеуметтік
болмыс жағдайында болсын, нарықтық қатынастар саласында болсын, шарттық
қатынастарды құқықтық реттеу проблемасы болып отыр. Ендеше құқықтық реформа
қадамдарының алғашқы көріністерінің бірі шарттық қатынастарды құқықтық
реттеудiң нарықтық экономикаға ықпалы ұшан-теңіз екен. Осыған байланысты
жеке және заңды тұлғалардың сондай-ақ уәкілетті лауазымды адамдармен
жасалатын шарттардың ерекше маңызы бар. Еліміздің нарықтық қатынастарға
көшуі, кәсіпкерліктің еркін енуі азаматтық құқықтық мәмілелердің көптеп
жасалуына әкелді. Азаматтық айналымда көптеп жасалынатын әртүрлі
мәмілелердің бірі ауызша жасалынса, енді бірі жай жазбаша түрде жасалынады.
Осылармен қатар заң жүзінде кейбір мәмілелер міндетті түрде нотариалдық
куәландырылып, өз формасын сақтамаса жарамсыздыққа әкеп соғады.
Солардың ішінде Мердігерлік шарттар біркелкі сипат ұстанады. Бұл
жағдайда Мердігерлік бойынша қатынастарды реттеудің алдыңғы тәртібіне
қандай да бір өзгертулер және қосымшалар еңгізетін жаңа заң оны әрекетке
еңгізуден соң туындайтын сол құқықтарға және міндеттерге қолданылады.

1.Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны,
субъектілері мен объектілері

Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды
реттейді. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып
иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік
шарты бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады.
Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және
т.б. қызмет көрсетуі осы сипатта болады. Тұрмыстық мердігерлік қатынасында
бөлшектеп сатып алу-сату шартына секілді бір тарабы болып тұтынушы
қатысады.
Тұрмыстық мердігерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР "Тұтынушылардың
құқығын қорғау туралы" заңы қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік
қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектен №97 баға және
антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
комитетінің Қаулысымен бекілілген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету
Ережесімен реттеледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен
бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда болатын арнайы
мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы
қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол шекте
қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар
Азаматтық Кодекстің өзінде де бар.
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушы мердігер тапсырысшының мердігерліксы бойынша, тапсырысшының
тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған
белгілі-бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың
нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл
шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады. Тұрмыстық мердігерлік
шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актілерінде немесе шартта,
оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де
стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты
мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын
өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.
Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе бекітілген
нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мекен-жайы;
тапсырысшының тегі және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс
қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі,
аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізген
тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы мен тұтынушының
материалдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы және саны (қанша
материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілген
заттың зауыттық нөмірі және өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық
ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда
жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны
шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік
айғақтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.
Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердігерлік шартының міндетті
талабы (елеулі жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегі
нормаларға сәйкес жасалатын мердігерлік шартында да сияқты елеулі
жағдайларға нысана (орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау
мерзімдері туралы жағдайлар жатады.
Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Және
жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы
мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе
мердігердің эскизі бойынша немесе үлгілері бойынша қабылданады. Оның
қолымен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы
бір уақытылы мердігермен келісу нәтижесінде үлгілерден және (немесе) жұмыс
орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкін. Бұндай ауытқулар
тұтынушының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және оның мүлкіне,
қоршаған ортаға зиян келмеуі тиіс.
Тапсырыс рәсімделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын
шектейтін болса, ол Қазақ ҚСР-ң "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы"
Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледі. Тұрмыстық мердігерлік шартында
жұмыстың бағасы тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ ол мердігер
жариялаған прейскурантта көрсетілгеннен жоғары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 644-бабына сәйкес
мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға дейін тапсырысшыға
ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы, жұмыстың
бағасы мен оған төленетін ақы туралы, қажетті және сенімді ақпарат беруге,
сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа
қатысты басқа да мәліметтерді хабарлап отыруға міндетті. Егер жұмыстың
сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердігер оны орындайтын
нақты тұлғаны көрсетуге тиіс.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін жұмысты орындайтын
кәсіпорынның қызметі туралы маңдайшасы, заңды мекен жайы мен атауы, жұмыс
істеу режимі көрсетілген маңдайшасы болуы керек. Жеке кәсіпкер өзінің
тіркелген органы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметтің міндетті
талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысы сертификатталғаны
туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат оның түрлері, ерекшеліктері,
бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсіпорынның тұрақты мекен-жайынан тыс,
мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктілерде, орынға барып жұмыс
істейтін бригадалармен қызмет көрсету жүргізген кезде де ұсынылуға тиіс.
Тапсырысты қабылдау жүргізілетін кәсіпорынның бөлмесінде тұтынушыға
керекті ақпарат көзге көрінетін жерде орналасуға тиіс. Оның тізімі
Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесінің 5-
пунктінде берілген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрін орындауға лицензия,
тұтынушыға ұсынылатын мердігердің және өзге бұйымдардың (фурнитураның)
үлгілері, типтік шарттардың түбіртектердің, жетондардың, қолхаттардың,
талондар және мердігер тапсырысты қабылдағанын және тұтынушы жұмыс үшін
төлегенін растайтын өзге де құжаттардың үлгілері көрсетілуі тиіс.
Тапсырысшының тұтынушы ретіндегі құқықтары оған оның құқықтары, шарт
жағдайлары, орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық ақпарат
берумен қатар мердігерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтерді
қосуына тыйым салу арқылы да қамтамасыз етіледі. Бір жұмысты орындау өзіге
жұмыстар орындалуының міндеттілігіне әкелмеуі керек.
Тапсырысшы өзіне жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта
шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшін
мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл міндет
мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға
дсйін орындалса ғана болып келеді. Тапсырысшы мердігердің мәлімдеме жасау
сәтіне дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті. Ал негізінен
тапсырысшының әрқашан шартты бір жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын
тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді.
Мердігердің негізгі міндеті шарт талаптарына және міндетті талап
етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбір жағдайларда жұмыс
мердігердің материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар
сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге
міндетті.
Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс.
Тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеудің жалпы
ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен
және жұмысты орындауға кірісу уақытымен анықталынады. Егер тұрмыстық
мердігерлік шартында жұмысты бөліп-бөліп орындау қарастырылса, онда шартта
әр орындалатын бөліктің мерзімдері көрсетілуі тиіс. Жедел қызмет көрсету
нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргізілуі мүмкін.
Егер тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша жұмыс тапсырысшының
материалынан орындалатын болса, түбіртекте немесе шарт жасасу кезінде
мердігер тапсырысшыға беретін өзге де құжатта материалдың дәл атауы көлемі
(саны), сипаты және тараптардың келісімі бойынша белгіленетін бағасы
көрсетілуге тиіс. Түбіртектегі немесе сол сияқты өзге де құжаттағы
материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейін
сотта дау айтуы мүмкін. Мердігер тапсырысшының берген материалдарының дұрыс
пайдаланылуы мен сақталуына жауап береді. Мердігер тапсырысшы берген
материалдардың жарамсыз және сапасыз екендігін ескертуі тиіс. Сонымен бірге
орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына, беріктігіне қауіп туғызатын
мән-жайларды тапсырысшыға ескертуге тиіс.
Тапсырысшы берген материалды мердігер біршама немесе толығынан жоғалтып
алса, (бүлдіріп алса) онда ол сол материалды түрі мен сапасы сондай болып
келетін өзге материалмен ауыстыруы тиіс. Сонымен бірге тұтынушы шеккен
шығындар да өтелуге тиіс болады. Материалдың жекелеп бұзылуы мердігер оған
материалдардың бүлінуіне әкелуі мүмкін материалдардың айрықша қасиеттері
жағдайында мердігер тұтынушының еркі бойынша ұзатпай шартты жаңартып және
қысқа мерзімде сондай материалдан затты дайындауға міндетті.
Тапсырысшыға мердігер материалдардың олардың бүлінуіне әкелуі мүмкін
айырықша қасиеттері туралы ескертсе, онда мердігер материалдың біршама
немесе толық бүлінуіне (жойылуына) байланысты жауапкершіліктен босатылады
(яғни тапсырысшы өз нұсқауын берді деген сөз және осы нұсқауды орындау зиян
себебі болды). Ал мердігердің материалдық айрықша қасиеттері туралы
білмегені оны жауапкершіліктен босатпайды.[1]
Мердігер, егер төтенше және бой бермейтін (дүлей) күш жағдайлары орын
алса, осының себебінен материалдардың бүлінуі, жұмыстың тиісінше
орындалмағаны үшін жауапкершілікті көтермейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шарты жайында
Мердігерлік шартының түсінігі
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Шарт жасасудың кезеңдері
Тұрмыстық мердігерлік шарты
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шарты
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Мердігерлік шарты жайлы
Пәндер