Халықаралық валюталық жүйенің экономикалық мәні және қызметтері
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I-бөлім. Халықаралық валюталық жүйенің экономикалық мәні және қызметтері

... ... ... ... ...5
1. Халықаралық валютаның қажеттігі (экономикалық рөлі) және даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Валюталық бағам және төлем балансы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
II-бөлім. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және даму барысы

... ... ... ... ... ..17
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік валюта жүйесіндегі орны мен валюталық
қатынастардың даму беталысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Қазақстанның валютасы теңге: оның тарихы мен келешегі

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ...27
Қолданылған әдебиеттер

... ... .29
Кіріспе
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi
сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және
мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi
даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап
ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк
ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық
рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық
валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Жалпы валюта, валюта жүйесі экономикада ерекше бір орынға ие. Себебі
валюта дегеннің өзі - сөзбе сөз аударғанда құн деген мағынаны білдіреді,
елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айрысу
айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. Әр
мемлекеттің өзін тәуелсіз мемлекет ретінде айқындайтын территория, тіл,
әнұрын, жалау, ту секілді белгілер болады. Сол сияқты валюта да мемлекет
белгіренің бір құралы болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы
елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар , халықаралық
экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық
валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң
экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта
өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Сондықтан біз курстық жұмыстың тақырыбын “Халықаралық валюта жүйесi
және валюта курсы” деп алдық.
Жұмыс екi бөлiмнен тұрады: бiрiншi бөлiмде жалпы халықаралық
валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның пайда болу себептерi
мен негiзiн құраушы элементтерiне, сондай-ақ оның эволюциясының негiзгi
қозғаушы күштерi туралы айтылды.
Сәйкесiнше, “алтын стандарты” жүйесiнен бастап Бреттон – Вудалық
валюталық жүйеге дейiнгi барлық кезеңдер қарастырылады. Ары қарай
халықаралық валюта-несие қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдерi,
ұлттық валюталардың айырбастау қабiлетi, валюта бағамы және оның ұлттық
экономикаға әсерi, сонымен қатар халықаралық және аймақтық валюта-несие,
қаржы ұйымдары туралы кеңiнен баяндалды.
Бұл курстық жұмысты жазудағы негiзгi мақсаттарымыз бен мiндеттерiміз
мыналар:
• халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының
себептерiн талдау;
• халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау;
• халықаралық валюталық жүйенiң эволюциясын зерттеу, оның әр түрлi
кезеңдегi ерекшелiктерi;
• халықаралық валюталық жүйенiң , сондай-ақ аймақтық валюталық жүйенiң
негiзгi ерекшелiктерiн бағалау;
• Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi
жағдайы қарастырылды.
Қазақстанда валюталық жүйенің дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдарды
атап кеткен жөн: Байгісиев Майдан-Әли Халықаралық валюта қатынастары
және валюталық құқық, Бертаева Күляш Жазықбаевна Валюталық нарық және
валюталық операциялар, Мадиярова Диана Макаевна Сыртқы экономикалық
саясат және экономикалық қауіпсіздік. Осы ғалымдардың еңбектерінде
халықаралық валюта жайлы, валюта құрылымы, оған байланысты жүргізілетін
саясат, дамыған және дамушы елдердегі валюталық жүйе, валюталық нарықтың
жалпы сипаттамасы туралы, сонымен қатар валюталық операциялар мен төлем
техникалары толығымен баяндалған. Олар елдің экономикалық саясатының
дамуында валютаның рөлін атап кеткен.
Ендi осы аталып кеткен мәселелерге кеңiнен тоқталайық.

1.1 Халықаралық валютаның қажеттігі (экономикалық рөлі) және даму
кезеңдері
Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi ,
оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары
арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдiк еңбек
бөлiнiсiн интенсивтендiру халықаралық нарықтың құрылуына себепшi
болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген
салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы
жағдайларын жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық
байланыстардың кеңеюiне әсер еттi. ( 2)
Әлемдiк шаруашылық байланысы өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң
өзара қарым - қатынастардың тереңдеуi және осы елдердiң экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың өндiрiс пен әлемдiк
айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына үлкен әсер еттi.
Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және
несие иегi жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы
өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк
нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем
құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында,
әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының
бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше
айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие
– қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан
қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiредi .
Валюталық қатынастардың жекеленген элементтерi ерте Грецияда және
ертедегi Римдегi вексель түрiнде пайда болған. Келесi даму кезеңiне
Лиондағы және батыс европа елдерiнiң басқада сауда орталықтарында
орта ғасырлық вексель жәрмеңкерлерi жатады . Мұнда аудармалы вексел
бойынша есеп айырусылар жүргiзiлген. Феодолизм қарсаңында және
өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланыста банктер арқылы
халық аралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi. ( 3 )
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк
экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң
шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық
байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен
экономика, дипломация мен комерция, өнеркәсiптiк сауда мен өндiрiс
бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарым – қатынастардың
ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi. ( 1 )
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк
нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай
капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше .
Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және
қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң
сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым
деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта
түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң
арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi.
Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен
валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Ваюталық жүйе ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық
келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру
және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. ұлттық валюталық жүйе;
2. дүниежүзлiк валюталық жүйе;
3. аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе. Тарихта ұлттық
валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын
, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және
оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтығын
бiлдiредi .
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты .
Дүниежүзлiк валюталық жүйе 19-ғасырдың ортасына қарай құрылған .
Дүниежүзлк валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз
ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқықтардың
нормалар кешенiн құрайды .
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк
валюталық жүйе тереңдiгiнен құрылады . Мысалы , европалық валюталық
жүйе – бұл европалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта
аймағында ұйымдастырылуы – эконномикалық формасындағы катынастырды
бiлдiредi. ( 4 )
Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар
мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны
келесi суреттен көре аламыз.
Ұлттық және дүниежүхлiк валюталық жүйенiң негiзгi элементтерi
Ұлттық валюталық жүйе Дүние жүзлiк валюталық жүйе
1.Ұлттық валюта. Резервтк валюталар , халықаралық
есептесу валюталық бiрлiктер .
2. Ұлттық валютаның алмастырылу Валюталрдың өзара алмастырылуы
шарты .
3. Ұлттық валюта паритетi. Валюталық паритеттiң ортақ режимi
4. Ұлттық валюта бағамының режимi Валюталық бағамдар режимiнiң
регламентациясы.
5. Валюталық шектеудiң , валюталық Валюталық шектеудi мемлекет аралық
бақылаудың болуы немесе болмауы . реттеу
6. Елдiң халықаралық валюталық Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi
өтiмдiлiгiн реттеу. мемлекет аралық реттеу.
7. Халықаралық несиелiк айналыс Халықаралық несилiк айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеу.құрылыстарды пайдаланудың
ережелерiнiң бiртұтастығы
8. Елдiң халықаралық есеп Халықаралық есеп айырысудың
айырысуларын регламенттеу. негiзгi формаларының бiр
тұтастығы
9. Ұлттық валюталық рынок пен Дүниежүзлiк валюталық рыноктар
алтын рыногiнiң режимi. мен алтын рыноктарының режимi.
10. Елдiң валюталық қатынастарын Мемлекет аралық валюталық реттеудi
басқаратын және реттейтiн үлттық жүзеге асыратын халықаралық
ұйымдар. ұйымдар.
Экономикалықадағы төлем балансында көрiнетiн өзгерiстер түбiнде келiп
валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтiк бiлдiрмей,
белсендi түрде экономикадағы процестерге әсер етедi. Мемлекеттiк валюта
нарығын реттеу саясаты оның экономика процестерiне қатынасуының әр түрлi
дәрежесiмен сипатталады.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне
байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың
негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның
құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық
қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi
жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн
жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен
жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы
шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен
өзара байланыс сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен
аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе
құрылады.
Дүниежүзлiк валюталар жүйесінiң мынандай эволюциялары белгiлi:
1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi. (1867 ж)
3. Генуэз валюталық жүйесi. (1922 ж)
4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.(1944 ж)
5. Ямайка валюталық жүйесi.(1976-78 жж)
6. Еуропалық валюталық жүйесi.(1979 ж)
1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты
ерекшелiктерi келесiдей:
• циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық және
ақша несиесiмен байланысты болды;
• құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк
стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
• ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ–ның Бреттон–Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық
конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық,
несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi
бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi. ( 4 )
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон – Вудс валюталық жүйенiң
дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ - ға мүше елдердiң
Кинготондағы келiсiмi ХВҚ – дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып,
төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
• Алтын – девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
• Елдерге кез келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық
берiлдi.
СДР-дiң қызмет етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:
1. эмиссиялау және басу;
2. қамтамасыз ету;
3. бағамды анықтау әдiсi;
4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн
ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму
себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас
орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық
тұрақсыздығы жатады . Еуропалық экономикалық қоғамдастық – бұл Батыс
еуропа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын
бiлдiредi , ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия,
Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасында жасалған
келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет
етедi.
Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен
ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және
шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ
болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.
Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына
жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
• Еувропалық кеңес;
• Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
• ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
• Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және
министiрлер кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты – құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.
Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ –
тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет
етедi.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Евро қолма – қолсыз төлемдер
үшiн мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық
одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен
бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.
Бiрiншiден, Еуро – алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген;
екiншiден, ЕҚ – қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын
қоры құралған. ( 4 )
2. Валюталық бағам және төлем балансы
Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесiнiң маңызды элементiнiң бiрi
валюта бағамы болып табылады. Себебi халықаралық экономикалық қатынастар
дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Валюта бағамының өлшемi төмендегi жағдайлар үшiн қажет:
• Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық сауда
барысында өзара айырбастау, капиталдар мен несиелердiң қозғалысын
реттеу үшiн, экспорттаушы шетелдiк валютадағы түсiмiн ұлттық
валютаға айырбастауда, импорттаушы шетелден сатып алған тауар
бағасын өтеу үшiн шетелдiк валютаны алу кезiнде, валюталармен
өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен;
• Дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық
немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң
құндық көрсеткiштерiн салыстыру негiзiнде;
• Банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы есеп-шоттарын
уақытылы қайта бағалап отыруына байланысты.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң
басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық
валюталарын салыстыру, оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда
болатын объективтi құнды қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы
валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға
байланысты өзгередi.
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң
қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен
бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесе шетелдiк валюталарға шаққандағы
құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының
әрекетiн бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталық бағамның өзiне
тән қызмет етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер
етедi. Басқа факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны
неғұрлым жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғырлым төмендейдi.
Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабiлетiнiң және валюта бағамының
төмендеуiне апарып соқтырады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуелдiлiгi
әсiресе тауарлардың, қызметтердiң және капиталдардың халықаралық
айырбасының көлемi үлкен елдерге жоғары болады.
2. Төлем базасының жай күйi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта
бағамының жоғарылауына ықпал етiп, шетелдiк борышқорлар жағынан оған
деген сұраныс күшейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта
бағамының төмендеу беталысына себепшi болып, өздерiнiң сыртқы
мiндеттемелерiн өтеу үшiн борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
3. Әр алуан елдердiң процент мөлшерлемесiнiң айырмашылығы. Пайыз
мөлшерлемесiнiң елдегi өзгерiсi басқаша тепе-тең жағдайда
халықаралық, ең алдымен қысқа мерзiмдi капиталдардың қозғалысына әсер
етедi. Пайыз мөлшерлемесiнiң жоғарылауы шетел капиталының құйылуын
ынталандырса, оның төмендеуi капиталдардың шекарының арғы жағына
ауысуы дем бередi.
4. Валюталық рыноктағы және алып - сатарлық валюта операцияларының
қызметi. Егер қандай да бiр валюта бағамының төмендеу беталысы
байқалса, онда фирмалар мен банктер оны әлсiзденген валютаның қалпын
нашарлататын мейлiнше тұрақты валюталарға күнi бұрын сатып жiбередi.
Экономикалық саясаттағы өзгерiстердi , бағамдық арақатынастардың
ауытқуының валюталық рыноктарын тез сезiнедi;
5. Белгiлi бiр валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесi;
6. Валютаның бағамдық арақатынасына төлемдердi жеделдету немесе кiдiрiс
те әсер етедi.
7. Ұлттық және дүниежүзiлiк нарықтарда сенiм дәрежесi. Ол елдегi
экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бiрге валюта
бағамға ықпал ететiн жоғарыдағы қарастырылған факторлармен
айқындалады. ( 8 )
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп
қарастыруға болады;
Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк
бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және
инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi,
дүниежүзлiк нарықтағы тепе - теңдiк;
Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден
қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi
дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның
базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң
ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын
сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК-ның
жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-
да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi .
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытарын
анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi,
техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық
операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз
жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел
валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе
сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив
арқылы анықталады.
Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және
мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi
жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша
жүзеге асады. Мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны айырбастау
алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағымы бойынша
жүзеге асады .
Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын
ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам
қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық операциялар
бойынша.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және
экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар. Оған
жататын орташа бағамдар сатушы және сатып алушы бағамдарының
арифметикалық ортасы. Шын мәнiнде айтсақ, мұндай бағам жоқ, бiрақ
оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.
Батыста көптеген валюталық бағымдардың индекстерi тараған.
Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке
ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен
анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағымдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу
үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық
қоржындар болады.
Көбiнесе валюталық бағымдардың индекстерi таурлардың бәсекелестiк
қабiлеттiктерiне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң бағымдарына әсер
ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда балансына әсер етуiн бағалау
үшiн қолданылады. Сондыктан осы индекстердiң валюталық қоржындарының
құрылымы осы елдiң импорты мен экспортын бөлудi сақтандыру және
осы елмен саудада негiзгi сауда әрiптерiнiң үлес салмағын
көрсетедi.
Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және
нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған. Нақты валюта
бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi бағаларындағы
өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының индекссiн бiлдiредi.
Нақты тиiмдi валюта бағамның индексi аталған топқа жататын
елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының
өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi. ( 1 )
Егер Қазақстанның валюталық бағамына келетін болсақ, Ұлттык валютаны
енгізу Ұлттық Банкке экономикалық ақша-несиелік және валюталык саясатты
дербес жүргізуге мүмкіндік жасады. Енгізілген тұстан теңге құбылмалы
айырбас бағамының түзімінде қолданыла бастады.
Осы оқиғалардан соң ілезде Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы
құрылды. Жаңа қаржы институты валюта бағамын түзілдіру мен реттеу үшін
керек болды. Биржалык сауда-саттык алдымен аптасында 2 рет, сонан соң 3 рет
және ары карай 1995 жылдан бастап кунделікті жүргізілді.
АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 1994 жылы 8,6 есе кеміді. Бұл
бірқатар себептердің салдарынан болды. Ең алдымен 1994 жылы инфляция
шығандап 1158,3 пайызга жетті. Өзара есепке жазу сәтсіз жүргізілді. Теңге
бағамына 12,6 пайызға жеткен өндірістің құлдырауы да тepic әcepiн тигізді.
Импорттык тауарларга қанағаттанғысыз сұраныстың көлемі едәуір боп қалды.
Ал, сыртқы сауданы ырықтандыру импорт көлемдерінің өcyiн және оның
экспорттан асуын тудырды. Сөйтіп бұл шетел валютасына сұраныстың артуына,
демек доллар бағамының өcyiнe ықпал етті Осы мезгілде кәсіпорындардың
өкілетті банктер арқылы қазакстандық Банкаралык Валюта Биржасынадагы (ҚБВБ)
тауарлардың жұмыстардың, ісметтердін экспортынан түскен пайданың 50 пайызын
міндетті түрде сатуын енгзуге тура келді. Бұл валюта-ныцңтycyiн кебейтті
және ұлттық валюта бағамын белгілі бip тұрақтандыруға келтірді.
1995 жыл республикадағы толыққанды валюта нарықнамасын түзілдіруде
бетбұрыс кезек болды. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 60,3
пайызды, ал долларға қатысындағы құнсыздануы 17,9%-ды құрады.
Ұлттык вaлютaғa деген өскелең сенім, сауда-саттық теңгер1ім сальдосынын
жақ-сартылуы, көшіп келушшер трансферттерінің кемуі, сондай-ақ жаңа
табыстық қаржы құралдарының іске қосылуы қолма-қол және қолма-қолсыз
валютаға дүрлікпелік сұранысты жоқ қылуға жәрдемдесті. Нәтижесінде валюта
рыногында тұрақтанудың aлғaшқы белгілері байқала бастады. Біртіндеп
валюталық түсімнің міндетті сатып алуы 50-ден 30 пайызғаa кемітілді, сонан
соң мүлдем алынып тасталды. Өз кезегінде, бұл жеткілікті түрде өтімділі
және көлемдері бойынша едәyip банкаралық валюта нарықнамасының қалыптасуына
қол жеткіздірді.
Ұлттық Банктің теңгенің айырбас бағамын түзілдіруге қатысуы ҚБВБ-на
шабуылдармен шектелді. Олар валюта рыногындағы жағдаяттың қыска мерзімдік
өзгертулердің нәтижесінде бағам тербелісін жою үшіш жүргізілді. Жоғары
тиімділігін көрсеткен реттелетін құбылмалы бағам саясаты асқын инфляцияны
ауыздықтауға мүмкіндік берді. Мұндай түзімде тұрақтандыруға, сонан кейін
экономиканың өркендеуіне қол жеткізілді. 1996 жылы Ұлттык Банк реттелетін
өзінің валюталық саясатын жүргізуді жалғастырды.
Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының бip мезгілдегі құлдырау кезінде
инфляция тежелді. Ұлттық валютаға деген сенім артты. Ал, Қаржы
министрлігінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері және Ұлттык Банк
ноталары секілді қаржылық құралдарды енгізу нәтижелері қолма-қол және қолма-
қолсыз шетел валютасына елеулі сұранысты әжептәуір азайтуға мүмкіндік
жасады. Долларға қатысты атаулы айырбас бағамының төмендеуі 15,4%-ды
құрады.
Соңғы кездері ішкі валюталық нарықта теңгенің өсу тенденциясы байқалды.
Теңгенің доллар бағамының өсуіне қарамастан, евро мен рубльдің бағаларының
әлсіреуі 2006 жылдың наурыз айында байқалды. Бірыңғай евроның ресми курсы
154,41 теңгеден 156,14-ке дейін көтерілді. Жылдың басында болған курсқа
қарағанда рубльдің де бағасы өсті. Бірақ аз уақытта долардың көтерілуі, бұл
валюталарды әлсіретті: 1евро =154.54, 1 рубль =4.62. Ал жылдың басында
евроның ресми валюталық курсы 158.54 теңге болған. Евроның көтерілуінің
басты себебі Европалық ОрталықБанктің базистік пунктарының 0.25%-дан 2.5%-
ға көтеруінен.
Мұнан былайғы теңгенің долларға шаққандағы бағасы Ұлттық Банктің
саясатынан белгілі болады. Әзірше банктың долларды қолдап тұрғанымен,
теңгенің тез өсуіне қатты бөгет болып тұрған жоқ.
Теңгенің өсуі әзірше қара алтынға деген бағаның өте жоғары болу
себебінен.
Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртiптемесiн валюталық бағамды
реттеудiң маңызды құралы болып саналады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық
көрсеткiштер жүйесiнде маңызды орын алады, себебi ол ұлттық табысты
елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық
өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен
мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бiр мемлекеттiң басқа
мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен мiндеттемелерiнiң және
түсiмдерi мен төлемдерiнiң арақатынасы.
Халықаралық есеп айырысу баланстарының негiзгi түрлерi мыналар
1. төлем балансы;
2. есеп айырысу балансы;
3. халықаралық қарыз баланысы;
Төлем балансы дегеніміз - белгiлi бiр уақыт аралығында
мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен
соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем
балансы болады.
Бiр күндiк төлем балансы статистикалық көрсеткiш ретiнде
жарияланбаса, ол белгiлi бiр датаға орындалуға тиiс төлемдер мен
түсiмдердiң арақатынасындағы өзгерiстердi көрсетедi белгiлi бiр
мерзiмнiң төлем балансы осы уақыт аралығында өзгерiстердi көрсетдi.
Белгiлi-бiр мерзiмнiң төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен
түсiмдердiң арақатынасын көрсетiп, мемлекеттiң халықаралық экономикалық
қатынастарындағы өзгерiстерiн және елдiң экономикасының жағдайын
бiлуге көмектеседi.
Егер валюталық түсiм төлемнен артық болса, онда төлем балансы
активтi, ал егер төлем түсiмнен төмен болса, онда төлем балансы
пассивтi деп аталады.
Төлем балансымен есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары төмендегiей:
• төлем балансына тек iс жүзiнде жүргiзiлген түсiмдермен төлемдер
кiредi;
• есеп айырысу бағасына елдiң шетелге қойған талаптары мен
мiндеттемелерi кiредi;
• есеп айырысу балансында барлық алынған және берiлген несиелер
көрсетiледi, оның iшiнде төлем балансына, кiрмейтiн өтелменген
несиелерде көрсетiледi, оның iшiнде төлем балансына кiрмейтiн
өтелмеген несиелерде көрсетiледi;
• төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы-активтiк
немесе пасивтiк бiр бiрiне сәйкес келмейдi, әдетте олар қарама-қарсы
болады, себебi несие берушiлердiң есеп айырысу баланстары акивтiк
болады, ал төлем баланысы әлсiн-әлсiн, әсiресе ағымдағы операциялар
бойынша пассивтiк болады;
• төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кiргiзiледi, ал
есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетiн тауар
айналымының төленбеген бөлiгiн қамтиды.
Сөйтiп, төлем және есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары көбiнесе халықаралық қатынастарының дамуымен
айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтейiк.
Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем
балансы негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.
Төлем балансының құрылымы
1) “Ағымдағы операциялар балансы”
1. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz