Валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсері


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
1 Валюталық реттеудің мәні мен экономикалық мәні.
1. 1 Валюталық нарық ұғымы мен оның түрлері . . . 5
1. 2 Валюталық реттеу механизмi . . . 12
2. Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу . . . 17
2. 1 Валюталық реттеудiң мақсаты және әдiстерi . . . 17
2. 2 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеуді
жетілдіру жолдары . . . 26
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
Кіріспе
Валюталық реттеу - валюталық құндылықтармен мәмiлеге отыру тәртiбiмен есептердi регламинттеуге бағытталған мемслекеттiң қызметi. Егер валюталық реттеу көмегiмен мемлекет бақылауына валюталық операцияларды, шетел заңды және жеке тұлғаларға кредиттер мен қарыз берiлдi, валютаны әкелу әкету шетелге аударуды, сол арқылы валюталық тұрақтылығы мен төлем балансының тепе-теңдiгiн қолдауға тырысады.
Дағдарыс құбылыстарының тереңдеуiмен валюталық реттеу сферасының кеңею тенденциясы байқалады. Көптеген елдерде шетелге валютаның шығаруға лимиттер бекiтiлген, шетел заңды тұлғаларының кредит беруге рұқсатын арнайы жүйесi енгiзiлген.
Қазақстан Республикасы көбiне нормативтi болып табылатын яғни халықаралық валюталық келiсiмге отыру мен нормативтi актiлердi шығару арқылы жүзеге асырылады. Көптеген елдер өз елiнiң спартерлерiн олардың тапқан соммаларын шетел валютасын өткiзуге немесе белгiлi бiр банкте оны депонерлеуге мәжбiрлейдi. Батыс Европа мемлекеттерiнiң валюталық заң шығару органдары ұлттық валюталық нарықтар регламентациясын бекiтедi. Бұл елдердiң банктерi шетел қарыз алушыларына ұлттық валютада ұзақ мерзiмдi немесе орташа мерзiмдi валюта қаражатын беруге арнайы рұқсат алуы тиiс. Көп елдерде валюталық заң шығару валюталық шоттар режимiн бекiтудi, валюта әкетуге лемиттердi қарастырады.
Валюталық реттеудiң қажеттiлiгi елдер мен банктердiң валюталық тәуекелдердi азайтуға ұмтылуында. 1996 ж. қаңтарда Банктiк бақылау бойынша Базель комитетi әр валюта бойынша бөлек валюталық тәуекел және валютамен алтын бойынша аралас портфельдегi валюталық тәуекелдi есептеудiң жаңа методикасын жасады.
Валюталық шектеулер - бұл резиденттер мен бейрезиденттердiң валютамен басқа валюталық және басқа да валюталық құндылықтармен операцияларын заңды және әкiмшiлiк тиiм салу, шек қою және регламенттау. Валюталық шектеулер - валюталық саясат формаларының бiрi. Олар елдiң валюталық заңымен бекiтiледi, мемлекет аралық реттеудiң объектiсi.
Шетел валютасындағы құнды қағаздар мен валютасымен операциялар ағымдық валюталық операциялармен капитал қозғалысымен байлансты валюталық операциялар болып бөлiнедi.
Ағымдық валюталық операцияларға келесiлер жатады.
- Қазақстан Республикасына және елден тавар, қызмет, жұмыс, экспорт пен импортты бойынша төлемдi дер кезiнде есеп айырысу үшiн және 180 күннен аспайтын мерзiмде импорт экспорт операцияларын несиелеу мен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн шетел валюталарын тасымалдау.
- 180 күннен аспайтын мерзiмде қаржы несиелеу алу мен беру.
- Қазақстан Республикасына және елден капитал қозғалысымен байланысты салымдар, инвестициялар несиелер мен басқа операциялар бойынша проценттердi, дивиденттердi және басқа табыстарды тасымалдау.
- Қазақстан Республикасының және елден жалақы, зейнетақы, алимент, мұраны т. б. қоса алғанда, сауда емес сипатындағы тасымалдар.
Капитал қозғалысына байланысы мен валюталық операциялар келесiде.
- Тiкелей инвестициялар, яғни табыс табумен кәсiпорынды басқаруға қатысуға құқық алу мақсатында кәсiпорын жарғылық қорына салыңдар.
- Портфельдiк инвестициялар, яғни құнды қағаз алу.
- Жылжымайтын мүлiкке жататын ғимараттар, құрылыстарға, жермен оның қайнауын қоса алғанда осыларға меншiк құқының төлеуге тасымалдар.
- 180 күннен асатам мерзiмге тауарлар, қызметтер мен жұмыстар экспорт пен импорттың бойынша төлемдi кейiн төлеуге рұқсат беру мен алу.
- 180 күннен астам мерзiмге қаржы несиелерiн беру мен алу.
- Күнделiктi болып табылмайтын барлық валюталық операциялар.
Кеңес одағы құрамындағы елдер егемендік алған уақыттан бастап ұлттық валютаны енгізу және ұлттық ақша бірлігін құру кезеңінен өтті. Кейбір республикалар үшін бұл кезеңінен қиындықтарға алып келсе, ал кейбір елдер үшін бұл аса қиындық тұғызбады. Реформаның бастапқы шарттары бірдей болғанымен, ақырғы нәтижесі түрлі болды. Бұрыңғы кеңес елдерінің ұлттық валюталары өзінің ішкі және сыртқы тұрақтылық деңгейімен ерекшелінді. Бұл ең алдымен ақша-несие саясатын жүргізуге және мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталық банктің ролі мен валюталық артықшылыққа байланысты болды. Қазақстандық ұлттық валютаның егемендік алуына он төрт жылдам астам уақыт өтті. Бұл үлкен мерзім емес, бірақ нағыз Қазақстан үшін оның тарихи маңызын объективті түрде бағалау үшін жеткілікті мерзім.
Валюталық нарық әрқашанда қарама-қайшы келетін ойлар мен экономикалық қызмет қатысушыларының: мемлекеттік органдардың экспортерлердің импортерлердің, банктер, шет ел инвесторларының, халықтың және т. б. түрлі мақсаттарының сәйкес келуі қиын болатын қиылыста болады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің жүргізетін саясатына әр түрлі сындардың тағылуына мән аудару қиын емес.
Валюталық реттеу валютасы іште конвертацияланатын елдердің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның тактикалық мақсаты - жүргізілінетін валюталық операцияларға қойылатын шектеулерді болдырмау болып табылады.
1 Валюталық реттеудің мәні мен экономикалық мәні.
- Валюталық нарық ұғымы мен оның түрлері.
Валюталық нарық көпшіліктің пікіріне сүйенсек, дүние жүзіндегі ең ескі, ірі және кең тараған қаржы нарығы болып табылады. Валюталық нарық, ол- бір елдің валютасы мен екінші елдің валютасын белгілі бір номиналдық бағам бойынша айырбастау жұмыстары жүргізілетін айрықша нарық. “Валюталық бағам” термині қолданылғанда екі ел валютасына қатысты бағаны немесе бір елдің ақша бірлігінің көрсеткіші болып табылатын келесі бір елдің валютасын айқындайтын номиналдық валюталық бағам туралы cөз болып отырғаны белгілі.
Шетел валютасының құны ұлттық ақша бірлігінде өссе, ол ұлттық валютаның құнсыздануы деген сөз, және де керісінше, шетел валютасының құны ұлттық ақша бірлігіңде төмендесе, ол- ұлттық валюта құнының өсуі.
Валюталық нарықта сатылатын ақша активтерінің басым бөлігі бір-бірімен сауда жүргізетін ірі банктерден қайтарып алынатын депозит түріне ие. Тек нарықтың мардымсыз бөлігі ғана нақты ақша айырбасына ие. Жекелеген жағдайларда банкаралық валюталық нарықта валюталық бағамның негізгі котировкалары жүзеге асырылады.
Еліміздің ішіндегі ақша ағымының қозғалысына қызмет ететін ұлттық валюталық нарықтар тауарлардың, қызмет көрсету мен капиталдың халықаралық қозғалысымен байланысты валюталық операциялар мен есептіліктер жүргізілетін дүниежүзілік валюталық нарыққа теңелген. Дүйсенбіден жұмаға дейін тәулік бойы қызмет ететін дүниежүзілік валюталық нарық телефон, компьютер желісі, телеграф, телекс секілді қазіргі заманғы коммуникация құралдарының көмегімен барлық ұлттық валюталық нарықтарды байланыстырып тұрады.
Валюталық нарық операциялардың кең ауқымдылығымен және олардың ұзақ мерзімді аралықтарда жүзеге асырылатындығымен ерекшелінеді.
Валюталық нарықта орталық және коммерциялық банктер, валюталық биржалар, брокерлік агенттіктер, қаржы институттары мен халықаралық корпорациялар қатысады. Валюталық нарықтың негізгі қатысушылары - өз портфельдерін, шетел активтерінің есебінен толтырып қана қоймай, сонымен қатар экспортер, импортер ретіңде сыртқы нарыққа шығатын фирмалардың атынан валюталық істерін жүргізетін коммерциялық банктер болып табылады. Әр елдің қызмет көрсету мен тауарларды экспортқа шығару, импорттау бойынша валюталык жұмыстары ұлттық валюта құнын анықтаудың негізін құрайды.
Өз елінен тыс жерлерде жүрген саяхатшылар, шетел экономикасына капитал салатын жеке инвесторлар секілді валюталық нарықтың жекелеген қатысушылары банктер мен банктік емес қаржы институттарының қызметін пайдаланады.
Банктер шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс арасында делдалдық қызметтер атқарады. Банктің валюталық бөлімінің негізгі жұмысы клиенттерге, активтері мен капиталдарын бір валютадан екінші валютаға ауыстыруды қамтамасыз ету. Бұл конверсия “ақшалай шарт жасау” немесе “мерзімге шарт жасау” түрінде болуы мүмкін. Банктің бұл саладағы іс-әрекеті дүние жүзілік нарықтық орталықтарда бәсекелестік валюта құнының бір жүйелі диапазонын жасау тенденциясынан сырт қала алмайды.
Егер, бір мезгілде бір қаржы орталығында нарықтық баға орташа бағадан тым алшақ кетсе, тұрақтылық осы жағдайдан пайда көру процесін атқаратын арбитраж арқылы орнатылады. Демек, валюталық бизнес ақша жүйесіңде маңызды реттеуші ретінде қызмет атқарады.
Әдетте, жалпы ұлттық маңызы бар ірі банктердің, соңдай-ақ, жергілікті бизнестің халыкаралық есептілікте қызмет ететін бірқатар жергілікті банктердің білікті диллерлері жұмыс істейтін валюталық бөлімдері болады. Ал, тек өз клиенттерінің нұсқаулықтарын орындап, өз есебінен бизнеспен айналысатын банктер валюталық маманның қызметіне мұқтаж емес. Бұл жағдайда мұндай банктерге жалпы істің мән-жайын білетін қызметкері болса жетіп жатыр. Өйткені олардың міндеті, клиент пен басқа банктің арасындағы делдалдыққа және клиенттің нұсқаулықтарын кәсіби деңгейде орындауға ғана әкеп соғады.
Валюталық нарыққа, сондай-ақ, ішкі сауда операцияларын жүзеге асыратын фирмалар қатысады. Олар, шетелдік валютаға сұраныс және ұсыныс жасайды, сондай-ақ, бос валюталық калдықтарды қысқа мерзімді депозиттерге берумен айналысады. Бұл жағдайда, мұндай ұйымдар валюталық нарықпен тікелей жұмыс істей алмайды. Сондықтан конверсиялық депозиттік операцияларды коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырады.
Валюталық нарық ең алдымен, экспортты-импортты операциялардың есептік және валюталы-несиелік қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді, соңдай-ақ, ұлттық экономикадан тысқары капиталды инвестициялаумен байланысты валюталық операцияларды атқарады.
Бұдан басқа валюталық нарық валюталарды қауіптен сақтандыру мүмкіңдіктерін ұсынады. Мұндай сақтандыру кезінде экономикалық агенттер, капиталға теріс әсерін тигізуі мүмкін болатын валюталық бағамның құбылуымен байланысты қауіпті азайту мақсатында шетел валютасымен таза міндеттерден құтылуға тырысады, яғни осы валютадағы активтер мен пассивтер арасындағы балансты орнатуға тырысады.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, валюталық нарық валюталық алып-сатарлықтарды жүзеге асыру, яғни валютаның болашақтағы бағасына әсер етуге мүмкіндік береді. Шетел валютасындағы алып-сатарлық операциялардың жалпы ережесі - ұлттық және шетел валюталарындағы депозиттер бойынша пайыздық бағам айырмашылығының жоғарғы шегінен валютаның құны қаншалықты құлдырауымен байланысты болуында. Дегенмен, алып-сатарлық операциялар валюталық бағамдағы мүмкін өзгерістерді нарық қатысушылары әділ болжай білген жағдайда ғана пайда әкеледі.
Валюталық нарықтардың ең ірісінің бірі - спот нарығы немесе валютаны жедел жеткізу (екі жұмыс қүнінің ішінде) нарығы болып табылады. Экономикалық агенттер сондай-ақ валюталық жедел қызметін қолдана алады. Жедел валюталық шарттарға форвардты, фьючерсті шарттар, валюталық опциондар жатады.
Форвардты секілді фьючерсті шарттар да болашақта белгіленген бір құны келісілген валюталық бағам бойынша белгілі мөлшердегі валютаны айырбастаудағы екі тарап арасындағы келісім-шартты білдіреді. Екі шартта орындалуға міндетті. Олардың арасындағы айырмашылық - форвардты шарт биржадан тыс жасалса, фьючерсті - валюта құнын ашық дауыспен ұсыну арқылы белгілі ережелерді сақтау барысында тек қана валюталық биржаларда алынады және сатылады. Іс-жүзінде көбінесе фьючерсті шарт валютаны нақты берумен аяқталмайды, ал форвардты шарт кезінде оқиғалардың 95%-да міндеттер орындалады.
Жедел валюталық бағам келісім-шарт пен сыйақының немесе дисконттың жасалу кезіндегі спот бағамынан сол кездегі пайыздық мөлшерлемемен байланысты құралады. Жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар валюта форвардты нарықта дисконтпен валютаға қарағанда төмен пайыздық мөлшерлемемен сатылады және керісінше.
Валютамен және валюталық деривативтермен (негізінде акция, облигация, валюта секілді жай қаржылық құралдар жатқан қаржылық құралдармен) сауда жасау барлық жерде жүргізіледі, әсіресе, дүниежүзілік қаржылық орталықтарда. Валюта айырбастаудағы операциялардың барлық түрлерін қарастырсақ, бірінші орында Лондон тұр. Ал, валюта айырбастаудағы ең кең тараған фьючерстермен сауда жасау операциясы бойынша бірінші орын Чикагоға тиесілі .
Халықаралық тәжірбиеде пайыздық мөлшерлемедегі-айырмашылықтармен қатар, Лондон нарығындағы банкаралық депозиттер пайызы, яғни ЛИБОР мөлшерлемесі қолданылады. Форвардты валюталық бағам мен спот бағамының арасындағы айырмашылық мына формула бойынша шығарылады:
Еs * (iВ - іА) *t/100*360
мұндағы: Еs - спот бағамы;
iВ, iА - шетелдік және ұлттық валютадағы пайыз мөлшерлемесі;
t - Форвард мерзімі (құнмен) .
Халықаралық несиелеу сондай-ақ, импорт шетел валютасына сұраныс және ұлттық валютаға ұсыныс туғыза алатынын айта кетуіміз керек. Экспорт шетел валютасына ұсыныс және шетелде сол елдің валютасына сұраныс туғыза алады. Осылайша экспорт елге импортқа төлеуге қажетті шетел валютасын “табуға” мүмкіндік береді.
Жедел валюталық нарық валюталық қауіптен сақтандырумен қатар, валютамен спекуляция жасауға мүмкіндік береді. Сол немесе басқа валютаның бағамы валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсерімен анықталады. Бағамы тг / долл
Сызба № 1
Валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсері.
Долларға деген сұраныс қисығы теріс ауытқулар көрсетуде. Доллар бағамы өскен сайын импортерлер тарапынан долларға деген сұраныс төмендеуде. Өйткені, американдық тауарлар қазақстандықтар үшін қымбатқа түседі. Доллардың ұсыныс қисығы оң ауытқулар көрсетуде. Доллар бағамы өскен сайын, қазақстандық тауарларға деген сұраныс та өсуде. Өйткені, олар шетелдіктерге арзан түсіп тұр, ММ және ЕЕ қисықтары екі елдегі сұраныстардың тұрақты көлемі мен баға деңгейі үшін құралатынын айта кетуіміз керек. Валюталық бағамның екі қарама-қарсы жүйесі бар - валюталық бағамның еркін жүру жүйесі және белгіленген жүйесі. Бірқалыпты валюталық бағам бірқатар факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін. Осылайша, елдің тауарына ішкі әлемнің сұранысының өсуі осы елдің валютасына деген сұранысты да айтарлықтай өсіреді. Сонымен қатар, елдің валюта бағамының деңгейімен шетел валютасынан сұраныстар көбеюші еді (қисық ЕЕ бұл жағдайда оң жаққа орналасады) . Нетижесінде елдің валютасының құны көтеріледі. Отандық тауарлардан асып, шетелдік тауарларды тұтынуға көшу валюта бағамының деңгейінде шетел валютасының көтерілуіне әкеледі (қисық ММ бұл жағдайда оң жаққа орналасады) . Ал, бұл ұлттық валютаның құнсыздануына әкеледі. Валюта бағамының белгіленген жүйесінде валюта деңгейінің өзгермеуін Орталық банк өз міндетіне алады. Валюта бағамының шығынының орнын Орталық банк толықтырып отырады. Ол банк долларды ұлттық валютаға айырбастау арқылы валюталық интервенция жүргізеді. Егер, Орталық банк белгіленген валюта бағамын ұзақ мерзім ішінде қолдануға қажетті резервтері жеткіліксіз болған жағдайында, ол ерте ме, кеш пе, ұлттық валюта кұнының өсуін (ревальвация) және құлдырауын (девальвация) ресми түрде жариялайды. Валюталық резервтердің төмен деңгейі Орталық банк үшін үлкен мәселені туындатады. Бұл жағдай алып-сатарларға белгілі болса, осы валюталық нарықта қалыптасқан тұрақсыз жағдайды пайдаланып, олар ұлттық валютаны шетел валютасына тез арада айырбастай бастайды. Ондағы мақсаттары - девальвация туындаған жағдайда өзіне тиімді валюталық бағаммен ауыстыру. Ұлттық валютаға деген осындай алып-сатарлық шабуылдардың қорытындысында Орталық банк өзінің қорындағы шетел валютасының резервтерін бірден жоғалтып алуы мүмкін, сондықтан да, Орталық банк мұндай жағдайларда өзінің валюталық резервін (қорын) сақтауы қажет. Ол алдын-ала валютаның құнын түсіріп, алып-сатарлық шабуылдың алдын-алуы немесе икемді валюталық нарық жүйесіне өтуі қажет.
Валюталық сұраныстың оралымдылығы мен ұсынымдар - сұраныс көлемі арақатынасындағы өзгерістер және валюта бағамының пайыздық өзгерісіндегі валюталық ұсыныстар. Тәжірибе жүзінде жеңілдікті мөлшерлеу үшін әдетте, арналық жеңілдікті қолданады. Мұнда, валюта бағамы мен көлеміндегі орташа көрсеткіштердің аралығындағы нәтиженің өзгерісін көрсетеді.
Бір мемлекеттің валютасына сұраныстары, оның өзге мемлекетке деген ұсынысы болып табылады. Импортқа және шетелдік активтерге сұраныс арқылы анықталатын кез-келген елдегі валютаға деген сұраныстың параметрін білу - оның ұсынысының параметрін анықтауға жеткілікті. Ұлттық экспортқа деген өзге елдердің сұраныстарының оралымдылығы және ұлттық сұраныстың шетелдік импортқа деген сұранысы маңызды параметр болып табылады. Бұл бізге, нарықтық құнсызданудың немесе алдын-ала жоспарланған девальвацияның нәтижесінде ұлттық валютаның құнының құлдырауы сауда балансын жақсартуға мүмкіндік бере ме, әлде жоқ па осы жайында ой таразылауға жағдай туғызады.
Бұл феноменге бірден үш экономисттің назары ауды -Альфред Маршалл, Абба Лернен және Дж-Робинсон. Олардың жорамалдары келесідейі:
- Сауда балансы экспортпен импорттың жай айырымын құрайды да, капиталдың халықаралық қозғалысы шеткерілейді. Сондықтан шетел валютасына ағымдағы сұраныс пен ұсыныс тек импортқа сұранныс және экспорттан түсетін кіріспен анықталады.
- Резиденттің шетел тауарының сұранысына, сондай-ақ олардың экспортқа шығаратын тауарға ұсынысы ұлттық валюта аркылы белгіленетін құнына байланысты. Резидент еместердің экспортқа шығаратын тауарға ұсынысы және оның импортқа сұранысы тек шетел валютасының құнына тәуелді.
- Шетел валютасына ұсыныс шексіз оралымды деп саналады: Әрбір валюталық құнның өзгерісі валюталық ұсыныстың айтарлықтай өсуіне немесе төмендеуіне әкеледі - ұсыныстың графигі көлденең сызықты болып келеді.
Бастапқы сауда балансының құны нөлге тең деп саналады, яғни экономика тепе - теңдік жағдайында тұр.
Осы жорамалдарды қадағалау барысында ұлттық валютаның құнсыздануы сауда балансын жақсартуға мүмкіндік береді. Егер Маршал-Лерненді ұстанатын болсақ, ұлттық экспорттары импорт және шетел сұраныстары ұлттық сұраныстың оралымдылық мағынасының абсалютті шамасы бірліктен жоғары болса, ұлттық валютаның құнсыздануы сауда балансының жақсаруына мүмкіндік туғызады:
Гх=Ріm (2)
Мұндағы: Гх - экспортағы сұраныстың оралымдығы.
Ріm - импорттағы сұраныстың оралымдығы.
Егер экспорттың оралымдығы бірден артық болса, онда бұл девальвация шетел валютасындағы кірістерді өзгеріссіз қалдырады деген сөз. Осы арқылы екінші және үшінші жорамалдарды жояды. Аналогиялық жол бойынша импорттық оралымдылығы бірліктен артық болса, немесе экспорттың да, импорттың да оралымдылығы 0, 5 артық болса, бәрібір девальвация сауда балансының жақсаруына әкеледі. Елдегі экспорт пен импорттың оралымдылық соммасы бірліктен аз болған жағдайда, девальвация сауда балансының жағдайын төмендетеді.
Маршал-Лерненнің шарты валюталық нарықтағы тұрақтылық шарты болып табылады. Валюталық нарық мынадай жағдайда тұрақты болып табылады: егер, сұраныс пен ұсынысқа оларды тербелу жағдайымен тепе-теңдік деңгейіне әкелетін ортаға тартқыш күштер әсер етсе. Сұраныс пен ұсынысқа тербелу жағдайында дисбалансты тереңдететін ортадан тепкіш күштер әсер еткен жағдайда, валюталық нарық тұрақсыз болып саналады.
Ұлттық валютаның нағыз құны төмендесе, валюталық нарықтағы тұрақтылыққа карамастан, сауда балансы уақытша нашарлауы мүмкін.
Менің көзқарасым бойынша, Қазақстанның валюталық нарығы ұлттық экономикадағы бір қарқынмен дамып жатқан сала деп қарастыруға болады. Ол теңге енбей тұрып, яғни бұрыңғы СССР, кейінгі ТМД елдерінің рубльдік топқа біріккен тұсында қалыптасып, дами бастады. Ішкі саудадағы мемлекеттік монополияның шеткерілеуі, арнайы тіркеусіз ішкі экономикада қызмет жургізуге, заңды тұлғаларға мүмкіндік берілуі, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға белгілі бір банктердің қатысуынсыз валюталық операциялар жургізуге шек қойылмауы 1992 жылы бас кезіндегі валюталық нарықтың дамуына қарқын берді. Қазақстан Республикасында ұйымдасқан ішкі валюталық нарықтың жұмыс істеуі 1993 жылы басталды. Бұл кезеңде республикадағы валюталық биржада алғашқы саудалап сату жүргізіле бастаған.
Жеке валютасы ретінде өзге мемлекеттің ақша бірлігін қолдануы Қазақстанның валюталық нарығының тарлығын танытты, сондықтан теңгенің енгізілуі қаржылық нарықтағы аталмыш сектордың дамуына жаңа қарқын бергендей болды. Қазақстандағы негізгі валюталық операциялар Алматыда жүргізіледі, ең маңыздысы Қазақстандық қор биржасында Қазақстандағы валюталық нарықтың инфрақұрылымының дамуы белгілі бір деңгейге көтерілді. Ішкі валюталық нарық өзіне үш сегментті қосады:
- Біршіден, ұйымдасқан биржалық нарық:
- Екшіден, биржадан тыс банкаралық валюталық нарық:
- Үшіншіден, қолма-қол шетел валюталық нарық.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz