Кәсіби қарым - қатынас мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

  1. Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары
  2. Білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттар.
  3. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.
  4. Қазіргі білімдендірудің жаһандандыру мәселесінде алатын орны мен ролі.
  5. Қазіргі таңдағы ҚР білім беру саясаты.
  6. Педагогикалық әрекеттің мәні мен құрылымы
  7. Білім берудің жаңа парадигмасы. Жоғары білім беру модернизациялаудың негізгі бағыттары.
  8. Педагогикалық диагностиканың қызметі мәні түрлері.
  9. Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде
  10. Әлемдік білім берудегі интеграциялық процестер. Білімді түсінігі.
  11. Педагогикалық жобалау және құрастыру.
  12. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары болашақ маман тұлғасының әлеуметтену процесі
  13. Әлемдік білім берудегі интеграциялық процестер. Білімді түсінігі.
  14. Педагогикалық іс-әрекетті классификалау әдістері. Педагогикалық іс-әрекет құрылымының міндеті
  15. Кураторлық жұмыс
  16. Білім саласын гуманизациялау және гуманитаризациялау.
  17. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар
  18. Білімдендіру технологиялары
  19. ҚР білім беру гуманитарлық тұжырымдамасы. ҚР -ғы жоғары білім берудің гендерлік аспектілері.
  20. Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі
  21. Жоғары мектептегі педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мен бақылау
  22. Университеттік білім берудің дамуының негізгі принциптері. Универсиеттік білім берудің жаңа парадигмасы.
  23. Тілдің қызметі және мәдениеті. Вербалды коммуникация, вербалды емес коммуникация.
  24. Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру
  25. Педагогика әдіснамасы. Педагогиканың негізгі категориялары.
  26. Педагогикалық коммуникативті біліктілік: мәні және ерекшеліктері жоғары оқу орындағы оқу-тәрбие процесіндегі субъектілердің өзара коммуникативтік іс-әрекеті.
  27. ЖОО білім беру процесінде педагогикалық ситуацияларды моделдеу технологиясы
  28. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі
  29. Педагогикалық қатынастың студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы ролі.
  30. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Ұйымдастыру технологиясы.
  31. Білім беру сферасы педагогика ғылымының объектісі ретінде.
  32. Кәсіптік зерттеу мәдениеті педагогтың өзін-өзі шығармашылық дамытуының негізі
  33. Әлемдік білім беру аймағына кіріктірілу
  34. Педагогика ғылымының жүйесі.
  35. Педагогикадағы зерттеудің теориялық әдістері: тарихи салыстырмалы талдау, жәйдан нақтыға өту, үлгілендіру, абстрактілеу.
  36. Жоғары мектептегі тәрбие процесінің мәні, қозғаушы күші, негізгі заңдылықтары.
  37. Педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтары.
  38. Кәсіби оқыту процессінің мәні
  39. ЖМП басқа ғылымдармен байланысы.
  40. Педагогика ғылымының атқаратын қызметі: сипаттау, түсіндіру, болжау, қайта білімдендіру.
  41. Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың атқаратын қызметі және негізгі категориялары.
  42. Жоғары мектептегі педагогикалық зерттеу әдістері
  43. Педагогика ғылымының дамуының қазіргі тенденциялары. Гуманистік педагогика. Негізгі гуманистік теориялар (Дж. Дьюи, Т. Олпорт, А. Маслоу, К. Роджерс және т. б. )
  44. Жоғары мектептегі оқыту процесінің логикасы және кезеңдері.
  45. Тұлға әлеуметтенуінің мәні және негізгі факторлары.
  46. Біртұтас білім беру процессі педагогикалық жүйе ретінде.
  47. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері.
  48. . Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы.
  49. Жоғары мектептегі білім беру процестерінің ерекшеліктері, оның негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші.
  50. Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің әдіснамалық негіздері
  51. Саяси-мәдениеттік тәрбие.
  52. Жоғары мектеп педагогикасының даму перспективалары және тенденциялары.
  53. Жеке тұлғаны дамыта оқыту теориясы. Серіктестік педагогикасы
  54. Инновациялық білім беру жүйесі.
  55. Жоғары мектеп педагогикасының дамуына қазақстандық ғалым педагогтардың қосқан үлесі.
  56. Білім беру мазмұны
  57. Кәсіби қарым-қатынас мәдениеті.
  58. Жоғары мектеп педагогикасының пәні
  59. Жоғары кәсіби білімнің Мемлекеттік білім стандарты және оның қызметтері.
  60. . Білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттар
  61. Жоғары білімнің мақсаты мен міндеттері
  62. Білім беруді ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен түрлері
  63. ЖМ оқытушысының педагогикалық шеберлігі .
  64. Нәтижеге бағытталған білім беру: түпкілікті мәдени база - кәсіби біліктілік, әдіснамалық мәдениеті.
  65. Оқытуды ұйымдастыру түрлері: дәріс және семинар сабақтары, лабораториялық, практикалық жұмыстар.
  66. Жоғары мектепте рухани-адамгершілік тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негізі
  67. Қоғамдағы адам тәлімінің құндылықтар жүйесі мен ізгілікті тәрбие түрлерінің дамуы мен қалыптасуы.
  68. Жоғары мектептегі білім беру барысында белсенді әдістер мен оқыту түрлерін пайдаланудың концептуалдық негізі.
  69. Дәріс - жоғары мектепте оқытудың негізгі түрі .
  70. Кәсіби біліктілік ұғымына түсінік. Кәсіби біліктіліктің түрлері.
  71. Мәселелік оқытуды ұйымдастыру. Танымдық іс-әрекет және мәселелік жағдаят. Мәселелік жағдайды тудыру әдіс-тәсілдері.
  72. Педагогикалық үрдісті басқару .
  73. Әдіснамалық мәдениет. Әдіснамалық білім қайта қалыптастыру іс-әрекетінің тәжірибесі және теориялық құралы ретінде.
  74. Инновациялық оқыту түрлері мен әдістері: ой арқылы шабуылға шығу, кейс-стади, жобалау әдісі, "swot -анализ", "матрица идеясы"
  75. Зерттеу тақырыбының ғылыми аппараты

Дәрістің қысқаша мазмұны

Кіріспе.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдар шеңберінде болып жатқан білім беру жүйесіндегі реформаларға, әсіресе жоғарғы мектепке қатысты реформалардың нәтижесіне елдің болашағы тәуелді. Бүгінгі күнде біз қазақстандық білім беру жүйесінің модернизациялануы сияқты күрделі процестің қатысушысы болып отырмыз. Яғни, Жоғарғы Тектепті дамытудың прогрессивті моделінг енгізу, оның дамуының бағаналы жолдарын табу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы тұрғыда, жоғарғы білімнің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін әлеуметтік мәдени фактордың мәні орасан зор.

Жахандану процесі әлемді өз қағидаларымен қамтып жатқанда, әрбір дамушы, экономикасы толық тұрақтамаған елдер (Қазақстан осындай елдер қатарында) өз мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтап қалуға, оны ұрпақтан ұрпаққа беруге мұқтаж. Осы жердегі біздің мақсат жоғарғы білімнің қалыптасуына әсер етпей қоймайтын әлеуметтік мәдени факторлардың дұрыс жолды таңдап, ұлттық мүдде мақсаттарды көздей отырып әрбір жаңалықты тек керегінше қабылдау.

Қазіргі таңдағы ҚР-ғы білім берудіңу стратегиясы. Мақсаты және міндеттері. Жоғары білімнің Ұлттық үлгісінің бағыттары.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшінң атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму Жоспарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама білім беру саласындағы Мемелекеттік саясаттың Стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды, әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруға, құрылымымен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

Осы Бағдарламаны әзірлеу жаңа әкономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда казақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапасын арттыруға, Стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттігінен туындады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі №448 Жарлығымен бекітілген «Білімң Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - «Білімң бағдарламасы) іске асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленді.

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса торырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының ролі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерісттер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете торырып әсерін тигізеді.

Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында ілгері пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысуы үшін ақпартатты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен маөмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оұитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.

ДӘРІС САБАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1 БӨЛІМ. ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1 МОДУЛЬ. ЖАҢА ЭТАПТАҒЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕП

1 дәріс Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары, білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттар. 1 сағат

Мақсаты: магистранттарға қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы мен оның негізгі бағыттары, білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттармен таныстыру

Жоспары:

1. Жоғары білім беру және педагогогиканың алатын орны

2. Білім берудің парадигмалары және нормативтік құжаттары

3. Білім берудің даму тенденциялары. Әлемдік білім беру кеңістігі.

Негізгі ұғымдар: білім беру, парадигма, даму тенденциялары, әлемдік білім кеңістігі, жаһандану, білім беру стандарты т. б.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Жоғары білім беру және педагогогиканың алатын орны

Біз неге педагогиканы оқимыз?

Біріншіден қазіргі қоғамда нағыз кәсіби маман деп өмір бойы өзіндік ілім алуға қабілетті, яғни өзін-өзі оқыта алатын, өзін-өзі білімдендіре алатын адамды айтамыз.

Екіншіден магистратурада оқу барысында болашақ ЖМ, колледж оқытушылары даярланады, сондықтанда олардың жоғары кәсіби-педагогикалық мәдениеті қалыптастырылуы тиіс.

Үшіншіден, «адам-адамң жүйесінде қызмет ететін адамдардың барлығы педагогикалық, тіпті ағартушылық функцияны атқарады. (Отбасынан бастап, барлық қызметтте: заңгер, экономист, техник, медик, журналист, саясаттанушы, психолог т. б. )

Төртіншіден, әлеуметтік-экономикалық қоғам дамуының қозғаушы күшінің бірі де білім болып отыр, тіпті қарапайым тұрғыдан қоғамның дамуын қадағалау үшін еліміздің, шетелдің білім беру жүйесі туралы мағлұматымыз болуы тиіс.

Бесіншіден, «педагогикаң ғылымы өзіндік ауқымды, бай тәжірибе жинақтаған, ол қазіргі ғылыми білім мен адам мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, оны білу үшін алғашқы педагогикалық білімді игеру керек.

Алтыншыдан, сапалы білім алу барысында қоятын талаптарды білу үшін, әркім білім беру жүйесін толық түсінуі тиіс.

Білім берудің парадигмалары және нормативтік құжаттары

"Парадигма"- (латын сөзі, ол "үлгі" деген мағынаны білдіреді) - білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылады. Ұғым Бергман атты ғалымның атымен байланысты болғанымен, негізінен оны американың физигі және философы Т. Кунн зерттеген. Оның айтуынша парадигма ғылым өлшеуіші. Яғни білім беру парадигмасы дегеніміз білім алушыларды мәдени, табиғатқа сай әдіснамалық тұрғыдан негізделген эталон құрылымы бойынша білім стандартына сәйкес жоғары адамгершілікке тәрбиелеу. Бүгінде білім берудің бірнеше парадигмалары қолданылады, олардың ішіндегі ең көп тарағаны негізгі бесеуі болып табылады. Олар мыналар:

  1. Дәстүрлі-консервативтік ( білімдік парадигма) .
  2. Феноменологиялық (гуманистік парадигма) .
  3. Рационалистік парадигма (бихевилристік, мінез-құлықтық) .
  4. Технократиялық.
  5. Эзотериялық парадигма.

Әрбір парадигманың алдында тұрған міндет- жастарды қандай етіп тәрбиелейміз және не үшін, өмір сүрудегі мақсат не т. с. с. Бүгінгі әлемдік білім беру процесінде В. А. Пилиповский салыстырмалы сипатын енгізген білім берудің парадигмалық моделі қолданылады. Парадигмалардың әржақтылығы білім беру мен мәдениет мақсатына қойылатын әртүрлі ыңғайлармен түсіндіріледі.

1-ыңғай. Құндылық (аксиологиялық) . Мұнда мәдениет адамзат өмірінің мәні ретінде қабылданады. Мәдениеттің өркендеуі мәдениеттің жетістігі ретінде түсіндіріледі.

2-ыңғай. Іс-әрекеттік. Мұнда мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды жасау бойынша әрекеттер тәсілін апробациялау ретінде қарастырылады.

3-ыңғай. Жеке тұлғалық. Мәдениет нақтылы бір тұлға бойынан ғана табылады деп түсіндіріледі. Парадигмалар оқытушы мен оқушының арасындағы өзара педагогикалық әрекеттің сипаты мен мақсаты бойынша анықталады.

  1. Білімдік дәстүрлі парадигма. Білімдік парадигманың негізгі мақсаты білім беру болып табылады.
  2. Бихевиористикалық парадигманың негізгі мақсаты керісінше білім берудің мазмұны емес, білімді меңгерудегі әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшелігінде болып табылады. Мұнда баланы білімді етіп тәрбиелеп шығарудан гөрі, оны өзі өмір сүретін қоғамға бейімдеп қалыптастыру аса маңызды. Мектептің мақсаты - оқушыларды қоғамның әлеуметтік талаптары мен нормаларына сәйкес келетін мінез-құлыққа бейімдеу. Мұнда негізгі түсінік: "Мектеп - бұл, фабрика, ал оқушылар - шикізат" деп қарастырылады.
  3. Гуманистік парадигманың (феноменологиялық) негізгі мақсаты білім алушыны өмірдің субьектісі әрі өзін-өзі дамытуды қажет ететін еркін және рухани тұлғасы ретінде қарастыруы болып табылады.
  4. Технократиялық парадигманың негізгі мақсаты - тәжірибелерді жетілдіруге қажетті нақтылы ғылыми білімдерді меңгеру мен ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыру болып табылады. "Білім -күш", сондықтан адамзат құндылығы оның танымдық мүмкіндіктері арқылы айқындалады деп түсіндіріледі.

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Стандарт бойынша магистрант қандай білім, білік, дағдыны игеруі тиіс:

  • қазіргі білімдендіру технологияларын қолдана отырып, жаңа білімді меңгеруді үйренуі және өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуді;
  • жғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерін білуі және оны практикада қолдана білуді;
  • апараттық және білімдендіру технологияларын қолдана отырып, курс аяқталғаннан кейін де өзіндік оқып, білім жинақтауды;
  • мәдени ойлауды, көпшілік алдында сөйлеуді, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс, қисынды құрастыра білуді және т. б.

Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.

Тұжырымда ҚР Конституциясына, "Білім туралы" ҚР Заңына, "Қазақстан - 2030" стратегиясына, "Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясына", "Білім" Мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзлік крнференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер білім министрлерінің және білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтыр туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөніндегі кеңестің конференциясының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде белгілейді және мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әлі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім берудің басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

Білім берудің даму тенденциялары. Әлемдік білім беру кеңістігі.

ХХ ғ. екінші жартысында білім беру жүйесі де тығырыққа тірелді, сондықтанда ірі реформаларға ұшырады. 1968 жылы Ф. Кумбстың «Кризис образованияң :системный анализ. -М. :Политиздат, 1991. -287 с. Оның ойынша білім беру төрт мәселеге байланысты тығырыққа тірелген:

  1. Адамдардың білім алуға сұранысының жоғарылауы;
  2. Қаржы жетіспеушілігінен, білім жүйесі жаңа сұраныстарды қанағаттандыра алмауы;
  3. Білім беру жүйесінің инерттілігі;
  4. Қоғамның өзінің инерттілігі.

Бұл себептер батыста білім беруді реформалауға алып келді.

Біздің ойымызша, білім берудің тығырыққа тірелуі көптеген мәселені қамтиды: әлеуметтік, экономикалық, саяси және т. б. Мысалға техниканың қарқынды дамуы- ғылыми білім көлемінің ауқымданғанын көрсетеді, ал оны азғандай аралықта ұрпаққа беріп үлгермеудеміз. Мұндай кешеуілдеу адамдардың жаңа нәрсеге бейімделуіне қиындық туғызып, физикалық, психологиялық ауыртпалыққа алып кеп соғуда. Ақпараттың, білімнің өсуі, техниканың дамуын жеделдетті.

Н. Н. Пахомов бұл тығырықты үш мәселемен байланыстырады:

1. Әлеует пен білім беру арасындағы сәйкессіздік, яғни әлеуметтендіру мәселесі (жастардың жаңа қоғамға бейімделуі) ;

2. Білім беру мен мәдениет арасындағы сәйкессіздік (мектеп білім береді, құндылық пен әдеп нормаларын үйретпейді, (школа учит знаниям, а не ценностям и нормам) ) ;

3. Білім берудің ғылымнан артта қалуы.

Н. Н. Пахомов «ХХ ғасырда тарихи- мәдени мұраның түрлері ауысты. М. Хайдегердің айтуынша бұрын адамдар тарихқа енген болса, қазір олар болашақты божау арқылы өздері оны тарихқа ендіруде. ң

2тақырып. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім. 1 сағат

Мақсаты: магистранттарға Қазақстан Республикасындағы жоғары білім тарихы мен дамуы туралы түсінік беру.

Жоспары:

1. Қазіргі қоғамдағы жоғары білім берудің орны мен атақаратын ролі.

2. Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау. ЖМ-гі оқытушының кәсіби дамуындағы үздіксіз білім берудің өзектілігі.

Негізгі ұғымдар: еңбек рыногі, инновациялық білім, статус, модернизация, реформа, үздіксіз білім т. б.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Қазіргі қоғамдағы жоғары білім берудің орны мен атақаратын ролі.

Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлерінен тұрады.

Соның ішінде жоғары білім беру.

Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу-орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.

Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Міндеттері:

  • іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
  • білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;
  • жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындары дамытуға объективті жағдайлар жасау;
  • жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;
  • студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлей және енгізу.

Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау. ЖМ-гі оқытушының кәсіби дамуындағы үздіксіз білім берудің өзектілігі.

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- докторантура. Бұл модель АҚШ университтетерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамассыз етеді.

Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың білікітілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар.

Қазақстандағы Жоғары мектеп әлемдік тәжірибелермен мемлекеттік практикаға сүйене отырып өзінің жаңару потенциалын дүниежүзілік тәжірибе позициясына сай қалыптастыруы керек. Сонымен қатар, әлемдік алдыңғы қатарлы Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Қытай және ТМД қатарындағы елдердің жоғарғы оқу орнындағы тәжірибесіне сүйеніп оқытуға және маман даярлауға аса көңіл бөлуі қажет болып отыр.

Ойлаудың жаңа тұрпаты және қағидалары алға шығуда. Біз бүгінгі күннің ойлау бейнесіне сай келетін біртұтас педагогикалық процесті құрудың және мамандарды дайындаудың жаңа моделін ұсынамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
ҚР кітапханашылары жаңа жағдайда мәселелері, даму жолдары
Педагогтың қарым-қатынастық мәдениеті
Педагогикалық қарым - қатынастағы сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнер
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
Қазіргі жағдайдағы педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің құрастырушы компоненттері. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын эткалық нормалар
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz