Үндістан экономикасы


ЖОСПАР:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:Мемлекеттің құрылысыҮндістан экономикасыХалқы
Үндістан мәдениетінің қалыптасуы
3. Қорытынды.
Кіріспе.
Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы - Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бенгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15000 км-дей, теңіздік жағалауы 5500 км-ден асады. Үндістанның солтүстік-батысында Пакистанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3282, 59 мың км 2 . Халқы 606 млн-нан астам (1975) . Астанасы - Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976) . Штаттар дистрикттерге (окруктарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.
2. Негізгі бөлім:
Мемлекеттің құрылысы.
Үндістан азаматтық демократиялық республикасының қазіргі конституциясы 1950 жылы 26 қаңтарда күшіне енеді. Мемлекет басшысы - президент, ол 5 жылға сайланады. Призидент кең праволы: премьер-министрді, оның ұсынысы бойынша үкіметтің және Жоғарғы сот мүшелерін тағайындайды; парламенттің Халық палатасын таратуға, парламент сессиясы аралығында төтенше указдар қабылдауға, төтенше жағдай жариялауға т. б. праволы, қарулы күштерінің бас қолбасшысы да сол.
Үндістанның заң шығаратын жоғарғы үкімет органы - парламент, оның құрамына призидент және екі палаталы: Халық палатасы мен Штаттар советі енеді. Совет құрамының 1 / 3 -і 2 жылда бір рет жаңартылып отырады. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы берілген. Үндістанның үкіметі - министірлік Советі, оның Халық палатасын сайлағанда жеңген партияның фракцыясы құрады. Штаттарда үкімет билігі 5 жылға тағайындалатың губернатор қолында. Сот жүйесіне: конституциялық бақылау органы - жоғарғы сотпен штаттық, округтық және төменгі соттар жатады.
Экономикасы.
Ауыл шаруашылығы. Аграрлық реформа үнді ауылында түбегейлі өзгерістерге әлі қол жеткізе қойған жоқ. Әлі де шағын, өте шағын шаруашылықтарын үлесі басым. Ауыл шаруашылығында механикаландыру қарқыны төмен.
Өнеркәсібі. Жалпы ұлттық табыстағы өнеркәсіптің үлесі 20 - 25 %. Мұнай, химия, алюминий, машина жасау өнеркәсібінің көпшілік салалары шындығында жаңадан жасалды, қара металл өндіру күрт артты. Ауыр өнеркәсіп салаларының өнімі жалпы өнеркәсіп өндірісінің шамамен жартысына тең. Үндістанның минерал және энергетика ресурстары едәуір. Елдегі өндірілетін көмірдің ¾ - іне жуығы Дамодар көмір басейнінің үлесіне тиеді.
Машина жасау мен металл өндіру зор табыстарға жетті. Машина жасаудың ірі орталықтары: Бомбей, Калькутта, Мадрас, Бенгалуру, Ранчи, Дургапур. Үндістанда машина өндірісінің басты өнімдері (1973-1974ж) : автомобиль 99, 88 мың, велосипед 2581 мың, темір жол вагондары 12, 2 мың, трактор 24, 2 мың, электромоторлар 3, 2 млн, трансформаторлар 12, 4 млн квт, радиоқабылдағыш 1966 мың.
Халқы.
40 жыл ішінде Үндістан тұрғындарының саны 350 млн-нан 850 млн-ға жетті. Қытайдан кейінгі 2-ші орын алады. Мұның өзіденсаулық сақтау жүйесіндегі оң өзгерістердің өлім-жетімді азайтуының нәтижесі болды. Халықтың шапшан көбейюі ұлттың экономикаға қосымша қиындықтар жүктеп отыр. Осыған байланысты Үндістан үкіметі тууды шектеуді көздеген ауқымды бағдарламаны жүзеге асырады. Алайда, үнді ғылымдарының есептеуінше, халық санының тұрақтануын тек алдағы ғасырдың ортасына таман ғана күтуге болады.
Үлдістан - дүние жүзіндегі ең көп ұлтты ел. Онда әр түрлі тілдік топтарға жататын көптеген халықтар тұрады. Хиндустандықтар, бенгалдар, бихарлар, пенджабтықтар ондаған миллиондап саналады. Діни құрамы да өте кұрделі, дегенлен халықтың 80 пайызына жуығы индуизм дінін ұстанады. Әсіресе ауылдық жерлерде қалдықтары бар касталық теңсіздік осы индуизммен байланысты. Этностық және діни құрамның ала-құлалығы ұлтшылдық, сепаратизм мен экстремизм үшін негіз болып келеді.
Британия отарының Үндістан және Пәкістан болып екі мемлекетке бөлінуі индуизмді ұстанатындардың Пәкістаннан Үндістанға, мұсылмандардың Үндістаннан жаппай қоныс аударуына әкеліп соқты.
Халықтың орналасуында көп енрағарлықтар бар. Гималай жоталары өңірінде оның тығыздығы не бары 2-4 адам балса, Үнді-Ганг ойпатында ол 5000 адамға жуық. Ал халықнеғұрлым тығыз болса, табиғатқа соғұрлым көп салмақ түседі, жасыл желек егістікке айналып жыртылады, тау бектеулері игеріледі, томарлар құрғатылады. Экономика жағы нашарлайды. Үндістан - урбандалуы аз ел (халықтың 30%-ынан азы қалалардан тұрады) . Ең ірі қалалар теңіз жағалауында орналасқан - Калькутта, Мадрас, Бомбей.
Елде жұмыссыздар бірталай, халықтың едәуір бөлігі кедейшілікте өмір кешеді. Аграрлық артық қоныстану проблемасы асқынған күйде.
4. Үндістан мәдениетінің қалыптасуы
Белгілі бір жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында құдайды мойындаудың мәні жойылады.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. Х1Х ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХғ. Р. Тагор, тіпті мемлекет қайреткері Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстиырады. Бұл күйде Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғарады.
«Санкхья» материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағда йында өмір сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің ең жарлығы басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше, материя мен рухты, яғни «соқыр» мен «ақсақтың» бастарын біріктірсе, олардың бойындағы кемшіліктер мүлде жойылады, сөйтіп бұл дүниеде жаңа құбылыстар пайда болды, адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіреттер жазылған, ал одан арылу үшін оған руханилылық материалдықтан бөлінуі шарт. Бұл- өмірге келу мен өлімдер тізбегінің торынан шығып, нағыз бостандық пен әділеттілікке жету жолы. Осы бір орайда, иогтардың ерекше рухани жағдайға жетудің көптеген әдістерін жасағандығын айта кеткен жөн. Оған өзін-өзі шектеу (аскетизм) және қалыпты жағдайдан мүлде басқаша көңіл күйде болу және т. б. жатады, Үнді поэзиясының тамаша туындысы «Махабхараттада» санкхья ілімі мен иог тәжірибелерін өзара байланыстырып, біріктіру қажеттігі атап көрсетіледі. Иогта психикалық белсенділікті шектеп, басу тәсілдері мен кез келген ақыл-ой қызметін тоқтату әдістерін қолдануға ерекше назар аударады. Демек, иогтардың шынайыдарындылық қасиеттері мен құдіріттен басым түсу қабілеттерінің сыры осы бір жағдайларға да байланысты болып келеді.
«Ньяя» логика заңдарына сүйенеді, оны ұғынып-білу - адамның жан дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соңғы жүйесі - вайшешикаға жақын болып келеді.
«Вашешика» адам өміріне пайдалы шындықтың алты түрін көрсетеді (субстанция, сапалылық, іс-қимыл (карма) жалпылық, ерекшелік мәнділік) . Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан тұрады және ол мәңгілік болып саналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан тұрғанымен, оның басты қозғаушы күші карма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып саналады.
Брахманизмге о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне байланысты. Ендеше, бұл дүниеде күнәкар болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер - жыртқыш аңдарға, ет ұрлаушылар - қаршығаға, астық ұрлаушылар - сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер - ит пен есекке, ал маскүнемдікке салынған немесе ұрлық жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға айналады. Брахмандарды сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін-өзі ұстай білуі, мейірімді бола білу және т. б. қасиеттер қоғамның әрбір мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады.
Б. з. б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты - Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бұл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.
Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы - Махавира болды. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде - аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бұл өмірдің барлық рахатынан бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен - сакудагерлер болады.
Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән - салтанатты өмірге бойұрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қанағаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқаратарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген «рухани тіршілігі таза адам бұл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі - сауық - сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бұл адамның рухына қарама - қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екішісі - ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бұл өмір де мәнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ ұстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл ой өрісін кеңітетін дұрыс жолға түсулері қажет». Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шындық ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.
Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу - азап, қартаю - азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу - азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу - азап, көздеген мақсатына жете алмау - азап. Ал осы аталған азаптардан құтылудың басты жолы - сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу.
Будда ілімі адам бойындағы ізгілік адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: « Бұл дүниеде өшпеншілікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдылықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».
Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырады. Олар: зұлымдылықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пн қайырымдылыққа даңғыл жол ашу адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау.
Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: «Сендер бұ ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы бакрлық касталардың осы діннің туы астында бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер». Шындығында да, будда дінін әлемнің көптеген халықтары мен қоғамның түрлі топтары шын ықыластарымен қабылдады. Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, Үндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Моңғолия мен Комбоджада кеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.
Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келеді. Оның біріншісі - махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы - хинаяна Цейлонда қалыптасты. Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңірген Нагарджуна болды. Будда дінінің бұл саласында Будда құдай дәрежесіне жеткізіліп, оған құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері Буддамен байланыстырылады. Мұндай жағдай, бір жағынан, брахманизмге білдірілген үлкен құрмет болатын, сөйтіп буддизм үнді халқының бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі дінддерімен одан әрі жақындаса түсті.
Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм мен даосизмнің өзара ұштасуының нәтижесінде дзэн-буддизм ағымы пайда болды. Сыртқы дүниені менсінбеушілік, жеке бастың мәселелеріне аса назар аудару, интуитвизм бұл ағымның басты белгілері болып табылады.
Дзэн-буддизм кейіннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-самурайлардың ықпалымен бұл ілімде әскери өнерге айрықша мән беріліп, ол адамның жан-жақты жетілуінің тез жүзеге асырылатын төте жолы деп тұжырымдалды. ХХ ғасырдың ортасына қарай дзэн-буддизм Батыс Еуропа елдеріне де тарап, өзінің өміршендігін байқата бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz