Банктің қарыз түрлері


Мазмұны
Кіріспе
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі
Қорытынды. .
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Сондықтан да олардың мақсаты мен міндеттерін қарастыру қажет. Осыған байланысты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелердің өзекті міндеттерін мен мақсаттарын қарастырайық.
Курстық жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ, олар мынадай:
- Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме бойынша: кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту, қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету;
- Ұзақ мерзімді кредиторлық борыштар бойынша: жабдықтаушылардан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кәсіпорынның өз қаражаты жетпеген жағдайда жалгерлік арқылы белгілі бір ғимарат пен басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету және де т. б.
Кейінге қалдырылан салықтық міндеттемелерге келетін болсақ, салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2001 жылғы 12 маусымда №209-II Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы салық заңы - мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне қарап есептеу әдісі бойынша құралады.
Төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3100 "салықтар бойынша міндеттемелер" бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 3110 "Төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы", 3120 "Жеке тұлғалардың табыс салығы", 3130 "Қосымша құн салығы", 3140 "Акциздер", 3150 "Әлеуметтік салық", 3160 "Жер салығы", 3170 "Тасымалдау құралдарының салығы", 3180 "Мүліктік салық", 3190 "Өзге де салықтар" шоттары кіреді.
Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 "Төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы" деген пассивтік шотында жүреді.
Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 4310 "Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.
1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі
"Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер" ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарды қамтиды:
4010 "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар" , бір жылдан асатын мерзіммен банктік ұйымдардан алынған қарыздар көрсетіледі; қарыз ресми мәртебесі бар банктерге, мерзім, төлеу және қайтару шарттарын қарастыратын коммерциялық келісім шарт негізінде кредитті төлеу қабілеті бар ұйымдарға беріледі.
Банк - қарызы бұл банктің клиентке соманы белгілі бір мерзімге сыйақы төлеумен ұсынуы және бөлісуі. Банктің қарыз түрлері:
- Қысқа мерзімді - бір жылға дейін, бірақ екі жылдан көп болмауы керек;
- Орташа мерзімді - бір жылдан үш жылға дейін;
- Ұзақ мерзімді - үш жылдан жоғары.
Орташа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар өндірістік және кәсіпорынның әлеуметтік даму мақсаттарына пайдаланылады.
Кредиттеудің негізгі түрлері:
- Аванстық - дайындаушы ұйымдарға беріледі;
- Бланктік - қаржылық тұрақты субъектіге, сенімді төлеушіге толық сеніп беріледі;
- Консорпциумдық - бірлестірілген кредит - бір қарыз алушының екі немесе одан да көп банкілеріне аса ірі мақсатты бағдарламаны кредиттеу үшін беріледі;
- Ипотекалық - мүлік кепілдігімен берілетін ұзақ мерзімді несие;
- Овердрафт - нәтижесінде дебеттік сальдо пайда болатын банктегі клиент шотынан қаражатты есептеп шығарып тастау арқылы жүзеге асырылатын қысқа мерзімді кредитеу түрі;
- Кредиттік желі - міндеттемесі заңмен рәсімделген банктің "Қарыз алушыға" өзінің алғашқы талап етуі бойынша немесе ең аз деңгейдегі нақты төлем шегінде кредиттік кезең ішінде беру;
- Тұтыну мақсатына арналған кредит - кредитке алынатын тауарлармен, басқа да жеке қажеттіліктерге (шаруашылық құруға, мал-құс өсіруге және т. б. ) берілетін несие;
- Стенд-бай - халықаралық валюта қорының елдерге ұсынатын несиесі.
Банктің қарыз есебі 4010 "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар" шотында жүзеге асады.
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісім-шарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.
Инкасалық өкім - заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.
Инкасалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.
Инкасалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.
Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне "жартылай төленді" деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешіммен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, кері жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тиым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен төленуге тиіс.
· Есептік операциялар :
- клирингтік жүйелер мен ірі төлемдер жүйесін пайдаланумен теңге түріндегі төлемдер;
- бірінші топтық батыс және ресейлік банктердің желісі арқылы шетел валютасы түріндегі төлемдер;
- банктер-корреспондеттер желісі арқылы тездетілген облыс аралық есептер;
∙ Кассалық операциялар мен инкассация:
- шоттардағы қалдықтар шегінде теңге және шетел валюталарымен ақшалай беру;
- банк кассасына сол күні шотқа тіркеумен ақшалай қаражатты қабылдау;
- тәуліктердің кез-келген ыңғайлы уақытында және демалыс күндері ақшалай қаражаттың инкссациясы;
∙ Құжатты инкассо - есептер бөлімі:
- төлем немесе акцепт үшін импорттық істер бойынша құжаттарды беру;
- экспорттық істер бойынша инкассалық кепілдемелерді пішімдеу және құжаттарды қабылдау;
- инкассо тратт;
- құжаттарды индоссирлеу;
∙ Чектермен операциялар:
- MasterCard, American Express, CITICORP, VISA жолдық чектерін сатып алу;
- CHASE Manhattan Bank коммерциялық чектерін сату;
- инкассо коммерциялық, жолдық атаулыларға чектерді қабылдау;
∙ Аккредитивпен операциялар - есептер бөлімі:
- аккредитивті ашу;
- аккредитивті визалау, дәлелдеу;
- экспорттық аккредитивтер бойынша негоциация және акцепт тратт;
- трансферабельді аккредитивті аудару;
- аккредитивтермен операцияларды өткізу бойынша консультациялар;
∙ Конверсионды операцияларды өткізу:
- теңге үшін валютаны сатып алу/ сату;
- «валюта-валюта» конверсионды операциялар;
- күнбе-күн конверсионды операцияларды жылдамдатып өткізу;
∙ Көп бөлімшелі компанияларға қызмет көрсету, Қазақстан аймақтарында клиент бөлімшелерінің шоттарының күйі туралы ақпаратты оперативті беру;
∙ Компьютерлік-модемді байланысты пайдаланумен «Банк-клиент» жүйесі бойынша «электрондық» қызмет көрсету:
- банкке теңге түрінде төлемдік тапсырыстар мен шетел валютасы түрінде сұраныстарды беру;
- валютаны конвертацияға өтініштерді банкке беру;
- экспорттық істер бойынша инкассалық тапсырыстарды пішімдеу және құжаттарды қабылдау;
- Ұлттық Банк, Қазақстандық Фондық Биржадан және Мәскеулік Банкаралық Валюталық Биржадан курстар банкісінен алу;
- Жеке өтініш бойынша ақпаратты алу;
∙ Заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау;
∙ Теңге және қатты валюталарда шектеусіз жоғарғы тиімділікті жобаларды несиелендіру департаменті және бөлімшелер мен басқармалар;
∙ Құнды қағаздармен операциялар - қазыналық департамент уақытша бос ақша қаражаттарын орнатуды келесіде жүзеге асырады:
- МҚМ ( мемлекеттік қысқа мерзімді МФ қазыналық міндеттер) ;
- ҰЖО ( ұлттық жинағыш МФ облигациялар) ;
∙ Пластикалық карточкалармен операциялар - банктік карточкалардың дамуын басқару:
- CIRRUS / MAESTRO дебеттік теңгелік карточкаларын беру және қызмет көрсету;
- MasterCard, American Express, Visa халықаралық несиелік картоякаларын беру;
Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
∙ егерде төлуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
∙ сатушы белгісіз болған жағдайда.
Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.
Аталған ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- Кепілденген чек - чек берушінің банктік шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.
- Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек.
- Қамтамасыз етілген чек - банкке алдын ала салған депозитпен қаматамасыз етілген чек.
- Қамтамасыз етілмеген чек - депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.
Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы бір банкке, өзара жасалған келісім-шарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.
Чектер қолма-олсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін ІІ деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чекті кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша өтінішін жазады.
Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде 10 күнді құрайды.
Вексель - қолма-қолсыз есеп айырысу бір құралына жатады. Оның атқаратын басты қызметі - төлем құралы болу. Есеп айырысу барысында пайдаланылатын вексельдің түрлері: жай және аудармалы болып келеді. "Вексель сөзі" ағылшынша "bill of exchange" - міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне «Қазақстан Республикасының вексель айналысы туралы» (28. 04. 97) заңында мынадай түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) - вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) - вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (транссатқа) вексель берушінің (транссанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Жай және аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады. Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500, 1000, және 5000 АҚШ долларындағы "астық" вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берген. Сол клиенттердің ішінде атап айтсақ астық сатумен айналысатын "Астық" АК 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Аккредитивтік есеп айырысу формасы жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жадайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.
Аккредитив - ол жөнелтілген тауар үшін тауар-көлік құжаттарын арнайы қалдырылған қаражат есебінен төлеу немесе аккредитивті ұстаушыға белгілі бір мекемеге жүктейтін тапсырма. Егерде аккредитивті ашатын банк клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шоттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде "Аккредитив" жеке баланстық шоты ашылады.
Аккредитивтің мынадай түрлері болады:
- өтелген және өтелмеген;
- қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Өтелген (қаражат аударылған) - бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс- әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві.
Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.
Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісім-шарт негізінде, сондай-ақ банк арадағы корреспонденттік қарым-қатынас жағдайына байланысты ашады. Ал енді, өтелмеген аккредитив бойынша есеп айырысу ерекшеліктерін қарастырып кетейік.
Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.
Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің өмірімен өзгертілуі немесе күшін жою мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.
Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады.
Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады: өнім жөнелтілгеннен кейін барып төлем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімімен жүзеге асырылады, яғни оған аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісім-шарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға құқық беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен ашылады, егерде төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса. Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымнан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді. 4020 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар» , бір жылдан асатын мерзіммен банктік емес ұйымдардан алынған қарыздар есепке алынады. Банктен тыс мекемелерден қарыз алу - "қарыз беруші" жақ "қарыз алушы" жаққа белгілі бір кезеңде қайтару шартымен ақша немесе материалдық қорды келісім-шарт бойынша қарызға береді.
Банктен тыс мекемелерден берілетін қарыз мыналар бойынша айрықшаланады:
- өтемақылық - шетелдік валюта қарызына айырбастау;
- тіркелген уақыт кезеңінде тіркелген пайыз.
Берілген ұзақ мерзімді несиені есепке алу үшін 4020 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар» деген шотын пайдаланылады. Бұл пассивті шотта еліміздің ішіндегі және шетелдегі қарыз берушілердің мәліметтері жинақталады.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің бас шоттар тізбегінде төлемдер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін, берілген және алынған кепілдемелердің қозғалысы мен қолда барын, есепке алу үшін баланстан тыс екі шотын: 008 "Алынған міндеттемелерді қамту мен төлемдер" және 009 "Берілген міндеттемелерді қамту мен төлемдер" деген шоттарын пайдаланады. Міндеттемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үщінщі тұлғаның кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полисі және т. б. болады. Кепілдеменің және кепілге салудың мәнін қарастырайық. Кепілдеме кепілгер-кәсіпорыннан несие берушіге борышкерден алынуға тиісті соманың уақытында төленуін қамтамасыз еиу үшін беріледі. Кепілдемені банктер, кәсіпорындар және мекемелер бере алады. Кепілдеменің мәні: борышкер кәсіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімінде төлей алмаған жағдайда банктер, кәсіпорындар және ұйымдар несиені төлеуді өз мойындарына алады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсіл ретінде кепілдеме кәсіпорындардың қазіргі қндірістік және коммерциялық қызметтерінде аталған жағдай кеңінен қолданылып жүр.
Депозит нарығы.
Өткен жылдың 11 ай мерзімінде резиденттердің депозиттерінің көлемі бір ширекке өсіп 761, 1 млрд. теңге құрады. Сонымен қатар, халықтың салымдары заңды тұлғалардың депозиттеріне қарағанда едәуір артық болды. Жыл бойы долларландыру көлемінің аса маңызды түрде азаюы байқалып, оны теңгенің АҚШ долларына щаққанда нығаюын білдіреді. Ұлттық валютада салынатын депозиттер саны 65, 6% артып, ал шетел валютамен салынатын депозиттер 0, 2%-ға азайды. Нәтижесінде резиденттердің теңгемен салатын депозиттердің жалпы меншік көлемі 40, 0-ден 52, 6%-ға өсті. Банктердің депозиттер бойынша динамикасы бірте-бірте азайды. Қараша айында 2006 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда, жеке тұлғалардың жедел теңгелік депозиттер бойынша сыйақы мөлщерлемесі 11-ден 10% кеміп, банктік емес заңды тұлғалардың тепозиттері 5, 4-тен 3, 0%-ға азайды.
Сақтандыру нарығы.
2006 жылдың наурыз айына қалыптасқан жағдай бойынша 33 сақтандыру, оның ішінде 4 шетел қатысуымен және 1 өмірді сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиялары бар.
2006 жылғы ақпан айында сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 4, 8%-ға кеміп ( өткен жылдық осы кезеңмен салыстырғанда 37, 3% артты) және 21, 8 млрд. теңгені құрады, сақтандыру резервтері 7, 5% кеміп, және 10, 9 млрд. теңгені құрады, жиынтық меншік капитал 6, 9 млрд, теңгеге жетіп, оның өсуі 4, 3% құрады.
Кредиторлардың талабын қанағаттандыру үшін кепілдік келісім-шарттық рәсімдеуін реттеуші ретінде Қазақстан Республикасының
№254-30 1998 жылы маусым айында шыққан "Кепілдік мүліктің қазғалысын тіркеу туралы" заңы негізгі құжат болып табылады.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінще өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады.
Қазақстан банктерінің портфелі мынадай:
Экономикалық реформа прцесінде қаржы нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфлициясымен қосарланатын қарама-қайшылықтарға кезігеді.
4030 "Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер" , мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзгеқаржылық міндеттемеле есепке алынады.
4031 "Облигациялар"
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz