Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің түсінігі мен оның мәні. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің анықтамасы, пайда болу себептері және түрлері . . . 5
  2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі . . . 7Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек . . . 19Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер . . . 26

Қорытынды . . . 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Сондықтан да олардың мақсаты мен міндеттерін қарастыру қажет. Осыған байланысты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелердің өзекті міндеттерін мен мақсаттарын қарастырайық.

Курстық жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ, олар мынадай:

  • Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме бойынша: кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту, қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету;
  • Ұзақ мерзімді кредиторлық борыштар бойынша: жабдықтаушылардан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кәсіпорынның өз қаражаты жетпеген жағдайда жалгерлік арқылы белгілі бір ғимарат пен басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету және де т. б.

Кейінге қалдырылан салықтық міндеттемелерге келетін болсақ, салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2001 жылғы 12 маусымда №209-II Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы салық заңы - мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне қарап есептеу әдісі бойынша құралады.

Төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.

Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3100 "салықтар бойынша міндеттемелер" бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 3110 "Төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы", 3120 "Жеке тұлғалардың табыс салығы", 3130 "Қосымша құн салығы", 3140 "Акциздер", 3150 "Әлеуметтік салық", 3160 "Жер салығы", 3170 "Тасымалдау құралдарының салығы", 3180 "Мүліктік салық", 3190 "Өзге де салықтар" шоттары кіреді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 "Төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы" деген пассивтік шотында жүреді.

Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 4310 "Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян саясатында қаралған және есеп стандарттарында қарастырылған қағида бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.

Бұл арада мынаны ескерген және салық (жедел) есебінде жиынтық жылдың табыстан ( негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, жөндеу, пайыздар және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі құнының, сондай-ақ ақша құнсыздауына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік қызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалар жөненінде хабарлама қалыптасады, бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті затқа тұлғалардан алынатын табыс салықтың сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтар болады.

Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды.

Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілердің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі - ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.

1. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің түсінігі мен оның мәні.

1. 1. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің анықтамасы, пайда болу себептері және түрлері.

Міндеттеме - бұл анықталған іс бойынша орындаудың міндеттері немесе қарызы. Ол - алдыңғы мерзімде пайда болған субъектілердің берешегі. Оны өтеу кезінде экономикалық табыстарды алып келетін ресурстардың мекемдеп кетуіне алып келеді. Жалпы міндеттемелер ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Соның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелерді қарастырайық.

Ұзақ мерзімді міндеттеме - бұл займ алушының балансының нақты датасынан бір жылдан астам төлем мерзімі бар міндеттеме. Ұзақ мерзімді міндеттемелер арасына ұзақ мемерзімді несиелерді, мерзімі ұзартылған салықтарды, ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті қарастырады. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің көбеюі кәсіпорын үшін қауіпті, себебі міндеттемелер бойынша пайыздарды төлеу шығындарының үлес салмағы өседі. Қарыздық келісімдер іс-әрекеттерді және ұйымдардың қаржылық құрамын шектейді. Міндеттемелердің орындалмау тәуекелін азайту мақсатында шектеулер дивидендтердің максималдық мөлшерін табыстардың белгіленген деңгейін сақтау талабында және өтімділікті кіргізеді. Инвестордың позициясы бойынша несиелендіру - бұл инвестицияларды орналастырудың ең үмітті тәсілі, себебі несие берушілер қарыздық төлемдердің заңды орындалуының ең жоғарғы қауіпсіздігі қолданылады және активтер құқықтарын алады, егер қарыз алушының ұйымы жойылса.

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің пайда болу себептеріне келесілерді кіргіземіз:

  • Тартылған капиталды алу кейбір компаниялар үшін оңай;
  • Тартылған қаражаттардың толық құны жаңа акциялардың қаржыландыруынан төмен;
  • Кейбір субъектілер тартылған қаражаттардың үлкен үлес салмағына қарамастан, осы қаражаттарға пайда түсіреді және пайданың мөлшері пайыздық төлемдерден артық болады.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалау және өлшеу кезінде келесі принциптерді есепке алу қажет:

  1. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді қарызға алынған тауарлар мен қызметтердің әділетті нарықтық құн боцынша тіркеу;
  2. Пайыздардың өз мерзімінде төленуі міндеттемелерді шығару датасындағы нарықтық пайыздық қойылымына негізделу;
  3. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің баланс датасындағы қалдық құны - бұл эмиссия негізіндегі нарықтық пайыздық қойылымына дейін дисконтталған қолма-қол қалған төлемдердің нақты құны. Пайыздық қойылым міндеттемелердің негізінде өзгермейді.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер ұзақ мерзімді болып сыныпталған ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға болады. Қазақстан өзінің ұзақ мерзімді және орта мерзімді міндеттерін нақты айқындап алды. Мұның нақты іс-әрекет жоспары бар, оны жүзеге асыру үшін көп және қажырлы жұмыс істеп қана қоймай, қоғамның жұмылуын, халықтың ынтымағын, тұрақтылық пен тыныштықты сақтай білуіміз керек. Мен Қазақстанның өз азаматтары үшін өмірдің жоғары стандарттарын құру жолымен тиімді дамып келе жатқан елдер қатарына шын мәнінде кіреді және әлемдік қоғамдастыққа тең құқықты негізде интеграцияланады деп үміттенем.

Жалпы міндеттемелер өтеу мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді.

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің келесідей түрлері бар:

  1. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер. Міндетеменің бұл түрі келесілерді кіріктіреді:
  • ұзақ мерзімді банктік қарыздар
  • ұзақ мерзімді алынған қарыздар
  • өзге де ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
  1. Ұзақ мерзімді кредитордық берешек. Міндетеменің бұл түрі келесілерді кіріктіреді:
  • жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек
  • еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мезімді кредиторлық берешек
  • қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мезімді кредиторлық берешек
  • филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мезімді кредиторлық берешек
  • жалдау бойынша ұзақ мезімді кредиторлық берешек
  • төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар
  • өзге де ұзақ мезімді кредиторлық берешек
  1. Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері. Ол келесілерді кіріктіреді:

- ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер

- заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

- қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мезімді бағалау міндеттемесі

- өзге де ұзақ мезімді бағалау міндеттемелері

  1. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер. Міндеттеменің бұл түрі келесілерді қарастырады:

- корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер, мұнда салық салынатын уақытша айырмаға байланысты болашақ кезеңдерге төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады.

  1. Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер. Міндеттеменің бұл түрі келесілерден тұрады:

- алынған ұзақ мерзімді аванстар

- алдағы кезеңдердің кірістері

- өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.

  1. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есебі

"Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер" ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған және шоттардың келесі топтарды қамтиды:

4010 "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар" , бір жылдан асатын мерзіммен банктік ұйымдардан алынған қарыздар көрсетіледі; қарыз ресми мәртебесі бар банктерге, мерзім, төлеу және қайтару шарттарын қарастыратын коммерциялық келісім шарт негізінде кредитті төлеу қабілеті бар ұйымдарға беріледі.

Банк - қарызы бұл банктің клиентке соманы белгілі бір мерзімге сыйақы төлеумен ұсынуы және бөлісуі. Банктің қарыз түрлері:

  • Қысқа мерзімді - бір жылға дейін, бірақ екі жылдан көп болмауы керек;
  • Орташа мерзімді - бір жылдан үш жылға дейін;
  • Ұзақ мерзімді - үш жылдан жоғары.

Орташа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар өндірістік және кәсіпорынның әлеуметтік даму мақсаттарына пайдаланылады.

Кредиттеудің негізгі түрлері:

  • Аванстық - дайындаушы ұйымдарға беріледі;
  • Бланктік - қаржылық тұрақты субъектіге, сенімді төлеушіге толық сеніп беріледі;
  • Консорпциумдық - бірлестірілген кредит - бір қарыз алушының екі немесе одан да көп банкілеріне аса ірі мақсатты бағдарламаны кредиттеу үшін беріледі;
  • Ипотекалық - мүлік кепілдігімен берілетін ұзақ мерзімді несие;
  • Овердрафт - нәтижесінде дебеттік сальдо пайда болатын банктегі клиент шотынан қаражатты есептеп шығарып тастау арқылы жүзеге асырылатын қысқа мерзімді кредитеу түрі;
  • Кредиттік желі - міндеттемесі заңмен рәсімделген банктің "Қарыз алушыға" өзінің алғашқы талап етуі бойынша немесе ең аз деңгейдегі нақты төлем шегінде кредиттік кезең ішінде беру;
  • Тұтыну мақсатына арналған кредит - кредитке алынатын тауарлармен, басқа да жеке қажеттіліктерге (шаруашылық құруға, мал-құс өсіруге және т. б. ) берілетін несие;
  • Стенд-бай - халықаралық валюта қорының елдерге ұсынатын несиесі.

Банктің қарыз есебі 4010 "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар" шотында жүзеге асады.

№ р/с
Шаруашылық операциялар мазмұны
Дебет
Кредит
№ р/с: 1
Шаруашылық операциялар мазмұны: Банк мекемелерінен кредитті алуда есеп айырысу шотына есепке жатқызу
Дебет: 1040 "Карт-шоттардағы ақша қаражаты", 1050 "Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты"
Кредит: 4010 "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар"
№ р/с: 2
Шаруашылық операциялар мазмұны: Банктің кредит есебінен алынған тауарлы-материалдық қор (жұмыс, қызмет) үшін төлеу
Дебет: 4110 "Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек"
Кредит: 4010 "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар"
№ р/с: 3
Шаруашылық операциялар мазмұны: Аккредитивке чек кітапшасына есепке алынған қаражат
Дебет: 1050 "Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты"
Кредит: 4010 "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар"
№ р/с: 4
Шаруашылық операциялар мазмұны: Банк кредиті үшін есептелген пайыз
Дебет: 7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар"
Кредит: 4160 "Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар"
№ р/с: 5
Шаруашылық операциялар мазмұны: Пайыздарды төлеу
Дебет: 4160 "Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар"
Кредит: 1040 "Карт-шоттардағы ақша қаражаты", 1050 "Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты"
№ р/с: 6
Шаруашылық операциялар мазмұны: Мерзімі ұзартылған кредит
Дебет: 4010 "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар"
Кредит: 1040 "Карт-шоттардағы ақша қаражаты", 1050 "Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты"
№ р/с: 7
Шаруашылық операциялар мазмұны: Кредитті қайтару
Дебет: 4010 "Ұзақ мерзімді банктік қарыздар"
Кредит: 1040 "Карт-шоттардағы ақша қаражаты", 1050 "Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты"

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісім-шарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

Инкасалық өкім - заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкасалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

Инкасалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне "жартылай төленді" деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешіммен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, кері жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тиым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен төленуге тиіс.

· Есептік операциялар :

  • клирингтік жүйелер мен ірі төлемдер жүйесін пайдаланумен теңге түріндегі төлемдер;
  • бірінші топтық батыс және ресейлік банктердің желісі арқылы шетел валютасы түріндегі төлемдер;
  • банктер-корреспондеттер желісі арқылы тездетілген облыс аралық есептер;

Кассалық операциялар мен инкассация:

- шоттардағы қалдықтар шегінде теңге және шетел валюталарымен ақшалай беру;

  • банк кассасына сол күні шотқа тіркеумен ақшалай қаражатты қабылдау;
  • тәуліктердің кез-келген ыңғайлы уақытында және демалыс күндері ақшалай қаражаттың инкссациясы;

Құжатты инкассо - есептер бөлімі:

  • төлем немесе акцепт үшін импорттық істер бойынша құжаттарды беру;
  • экспорттық істер бойынша инкассалық кепілдемелерді пішімдеу және құжаттарды қабылдау;
  • инкассо тратт;
  • құжаттарды индоссирлеу;

Чектермен операциялар:

  • MasterCard, American Express, CITICORP, VISA жолдық чектерін сатып алу;
  • CHASE Manhattan Bank коммерциялық чектерін сату;
  • инкассо коммерциялық, жолдық атаулыларға чектерді қабылдау;

Аккредитивпен операциялар - есептер бөлімі:

  • аккредитивті ашу;
  • аккредитивті визалау, дәлелдеу;
  • экспорттық аккредитивтер бойынша негоциация және акцепт тратт;
  • трансферабельді аккредитивті аудару;
  • аккредитивтермен операцияларды өткізу бойынша консультациялар;

∙ Конверсионды операцияларды өткізу:

  • теңге үшін валютаны сатып алу/ сату;
  • «валюта-валюта» конверсионды операциялар;
  • күнбе-күн конверсионды операцияларды жылдамдатып өткізу;

∙ Көп бөлімшелі компанияларға қызмет көрсету, Қазақстан аймақтарында клиент бөлімшелерінің шоттарының күйі туралы ақпаратты оперативті беру;

∙ Компьютерлік-модемді байланысты пайдаланумен «Банк-клиент» жүйесі бойынша «электрондық» қызмет көрсету:

  • банкке теңге түрінде төлемдік тапсырыстар мен шетел валютасы түрінде сұраныстарды беру;
  • валютаны конвертацияға өтініштерді банкке беру;
  • экспорттық істер бойынша инкассалық тапсырыстарды пішімдеу және құжаттарды қабылдау;
  • Ұлттық Банк, Қазақстандық Фондық Биржадан және Мәскеулік Банкаралық Валюталық Биржадан курстар банкісінен алу;
  • Жеке өтініш бойынша ақпаратты алу;

∙ Заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау;

∙ Теңге және қатты валюталарда шектеусіз жоғарғы тиімділікті жобаларды несиелендіру департаменті және бөлімшелер мен басқармалар;

∙ Құнды қағаздармен операциялар - қазыналық департамент уақытша бос ақша қаражаттарын орнатуды келесіде жүзеге асырады:

  • МҚМ ( мемлекеттік қысқа мерзімді МФ қазыналық міндеттер) ;
  • ҰЖО ( ұлттық жинағыш МФ облигациялар) ;

∙ Пластикалық карточкалармен операциялар - банктік карточкалардың дамуын басқару:

  • CIRRUS / MAESTRO дебеттік теңгелік карточкаларын беру және қызмет көрсету;
  • MasterCard, American Express, Visa халықаралық несиелік картоякаларын беру;

Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

∙ егерде төлуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;

∙ сатушы белгісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Кепілденген чек - чек берушінің банктік шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.
  • Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек.
  • Қамтамасыз етілген чек - банкке алдын ала салған депозитпен қаматамасыз етілген чек.
  • Қамтамасыз етілмеген чек - депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.

Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы бір банкке, өзара жасалған келісім-шарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Чектер қолма-олсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін ІІ деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чекті кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша өтінішін жазады.

Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде 10 күнді құрайды.

Вексель - қолма-қолсыз есеп айырысу бір құралына жатады. Оның атқаратын басты қызметі - төлем құралы болу. Есеп айырысу барысында пайдаланылатын вексельдің түрлері: жай және аудармалы болып келеді. "Вексель сөзі" ағылшынша "bill of exchange" - міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне «Қазақстан Республикасының вексель айналысы туралы» (28. 04. 97) заңында мынадай түсініктемелер берілген:

Жай вексель (соло) - вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) - вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (транссатқа) вексель берушінің (транссанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.

Жай және аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.

Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500, 1000, және 5000 АҚШ долларындағы "астық" вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берген. Сол клиенттердің ішінде атап айтсақ астық сатумен айналысатын "Астық" АК 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

Аккредитивтік есеп айырысу формасы жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жадайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив - ол жөнелтілген тауар үшін тауар-көлік құжаттарын арнайы қалдырылған қаражат есебінен төлеу немесе аккредитивті ұстаушыға белгілі бір мекемеге жүктейтін тапсырма. Егерде аккредитивті ашатын банк клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шоттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде "Аккредитив" жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

  • өтелген және өтелмеген;
  • қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Өтелген (қаражат аударылған) - бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс- әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві.

Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.

Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісім-шарт негізінде, сондай-ақ банк арадағы корреспонденттік қарым-қатынас жағдайына байланысты ашады. Ал енді, өтелмеген аккредитив бойынша есеп айырысу ерекшеліктерін қарастырып кетейік.

Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.

Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің өмірімен өзгертілуі немесе күшін жою мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер түсінігі, мәні мен мазмұны
Кәсіпорындардың қаржылық міндеттемелері
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу
Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
Ілгерімелі қаржылық есеп
1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Алтынвалюта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz